Абайдың ақындық танымы ( түсіну, пайымдау, аудару)


Дәдебаев Ж. Абайдың ақындық танымы ( түсіну, пайымдау, аудару) ... ... .3
Жаксылыков А.Ж. Поэтика и эстетика Абая ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ісімақова А. Қазіргі Абайтанудағы тәуелсіздік идеясының зерттелуі ... ... ..
Пірәлиева Г. Абайдың Қиясбайы .қазақ әдебиеттануында ... ... ... ... ... ... ...
Түсіпова А.К. Лингво . культурологический аспект в переводческой
рецепции перевода реалий Абая «Слова Назидания» на английский язык..
Үмбетаев М. Абай өлеңдерінің өміршеңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Аитова Н.Н. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің танымдық құрылымы ... ... ... ...
Болатова Гульжан. Перевод слов.реалии как актуальная проблема (на
материале романа.эпопеи М.О. Ауэзова "Путь Абая") ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әбдікова Қ. Абай мұрасы және Ж.Аймауытовтың тұлға концепциясы ... ... .
Дәуренбекова Л Т. Әлімқұловтың көркем аударма теориясына қатысты
басты қағидалары
Абайдың қазақ поэзиясының жарық жұлдызы екендігі туралы ойда үлкен мән бар. Абай - әлемдік ақындық өнердің алып бәйтерегі. Абайдың поэзиясы да, қара сөздері де қазақ әдеби тілінің көркемдік-эстетикалық байлығын, қазақтың адамгершілік, әлеуметтік, философиялық ойларының салаларын толық қамтумен бірге оларды дамытып, жаңа биікке көтерді. Абайдың сөз өнеріндегі классикалық өрнегі, философиялық ойлары ұлттық ойлау деңгейіне көтерілген ойлы қазақтың бәрінің де жанына жақын, жүрегіне ыстық. Сондықтан да ол ақын әрі ойшыл ретінде қазақ сөз өнерінің аспанында ғана айшықты емес, әлем әдебиетінің биік көгінде жарқыраған шоқ жұлдыздар тобында да ерекше нұрлы және сәулетті. Әйтсе де әлем әдебиетінің білгірлерінің еңбектерінде Абайдың ақындық өнері мен азаматтық тұлғасы, адамгершілік ұстанымдары мен философиялық қағидалары өз деңгейінде бағалана бермейді. Оның бірден-бір себебі – Абай шығармаларын басқа тілдерге аударудың қиындығы. Абайдың өлең сөздегі қайталанбас өнерін, әр шығармасындағы тас бұлақтың суындай бірөңкей келісіммен жарасқан сұлулықтың ішкі нұры мен сыртқы жарығын басқа тілде өз деңгейінде лайықты беру қиын. Аудармада ақынның шығармаларында философиялық категория деңгейінде пайымдалған және көркем өрілген мәнді ойлардың, мазмұн мен мағынының тереңдігін жеткізу де оңай емес. Абай шығармалары аудармаларының көркемдік-эстетикалық әсерін түпнұсқаның көркемдік-эстетикалық әсеріне саймасай жеткізудің жолы мен жобасын да ешкім көрсете алмайды.
Абайдың А.С.Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аударған үлгілері, әсіресе, «Евгений Онегиндегі» Татьянаның хаттары, И.В.Гетенің «Жолаушының түнгі әні» Абайдың өз шығармалары секілді айналасы жұп-жұмыр, тегіс келіп, ой мен сезімді қатар баурайды, тыныштық рахатына бөлейді. Мазмұнда не пішінде бұл қалай дерлік бір де бір артық ия кем түсіп жатқан ештеңе табылмайды. Ойдың байлығы, сезімнің шынайылығы, сөздің суреттілігі, көңілдің балбыраған күйі – бәрі де келісті. «Wanderer’s Nachtlied» - «Ночная песнь странника» - «Қараңғы түнде тау қалғып» жүйесінде үш түрлі халықтың үш түрлі дәуірде жасаған үш ұлы ақыны бірін бірі қапысыз түсінеді, бірінен бірі асып түсетін ақындық үлгі көрсетеді. Гете - Лермонтов - Абай арасындағы мұндай үндестіктің сыртқы сәні мен ішкі нәрі жайында біраз пікірлер айтылды. Солардың ішінде Т.Әлімқұловтың [1], Г.Бельгердің [2], Т.Шапайдың [3] талдаулары ғылыми мәнімен де, эмоциялық байлығымен де, эстетикалық әрімен де дара һәм сара. Ал енді Абайдың шығармаларының орыс тіліндегі аудармалары хақында бұлай айтуға болмайды: сөз де, ой да қарапайым, тіпті көп тұстарда қарабайыр; сөз бен ойдың суреттілігі, мазмұн мен пішіннің келісімі түпнұсқадағы деңгейінен әлдеқайда төмен.
1. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – Алматы: ҚМКӘБ, 1974 – 365 б.
2. Көркем аударманың кейбір мәселелері.- Алматы: ҚазМем көркем өдебиет баспасы, 1957.
3. Әлімқұлов Т. Адам тағдырыньщ аудармасы //Қазақ әдебиеті. 1960,15 шілде.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 97 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




Жанғара ДӘДЕБАЕВ, Абай иститутының директоры

АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ ТАНЫМЫ
( түсіну, пайымдау,
аудару)

Абайдың қазақ поэзиясының жарық жұлдызы екендігі туралы ойда үлкен
мән бар. Абай - әлемдік ақындық өнердің алып бәйтерегі. Абайдың поэзиясы
да, қара сөздері де қазақ әдеби тілінің көркемдік-эстетикалық байлығын,
қазақтың адамгершілік, әлеуметтік, философиялық ойларының салаларын толық
қамтумен бірге оларды дамытып, жаңа биікке көтерді. Абайдың сөз өнеріндегі
классикалық өрнегі, философиялық ойлары ұлттық ойлау деңгейіне көтерілген
ойлы қазақтың бәрінің де жанына жақын, жүрегіне ыстық. Сондықтан да ол ақын
әрі ойшыл ретінде қазақ сөз өнерінің аспанында ғана айшықты емес, әлем
әдебиетінің биік көгінде жарқыраған шоқ жұлдыздар тобында да ерекше нұрлы
және сәулетті. Әйтсе де әлем әдебиетінің білгірлерінің еңбектерінде Абайдың
ақындық өнері мен азаматтық тұлғасы, адамгершілік ұстанымдары мен
философиялық қағидалары өз деңгейінде бағалана бермейді. Оның бірден-бір
себебі – Абай шығармаларын басқа тілдерге аударудың қиындығы. Абайдың өлең
сөздегі қайталанбас өнерін, әр шығармасындағы тас бұлақтың суындай бірөңкей
келісіммен жарасқан сұлулықтың ішкі нұры мен сыртқы жарығын басқа тілде өз
деңгейінде лайықты беру қиын. Аудармада ақынның шығармаларында философиялық
категория деңгейінде пайымдалған және көркем өрілген мәнді ойлардың, мазмұн
мен мағынының тереңдігін жеткізу де оңай емес. Абай шығармалары
аудармаларының көркемдік-эстетикалық әсерін түпнұсқаның көркемдік-
эстетикалық әсеріне саймасай жеткізудің жолы мен жобасын да ешкім көрсете
алмайды.
Абайдың А.С.Пушкин шығармаларының қазақ тіліне аударған
үлгілері, әсіресе, Евгений Онегиндегі Татьянаның хаттары, И.В.Гетенің
Жолаушының түнгі әні Абайдың өз шығармалары секілді айналасы жұп-жұмыр,
тегіс келіп, ой мен сезімді қатар баурайды, тыныштық рахатына бөлейді.
Мазмұнда не пішінде бұл қалай дерлік бір де бір артық ия кем түсіп жатқан
ештеңе табылмайды. Ойдың байлығы, сезімнің шынайылығы, сөздің суреттілігі,
көңілдің балбыраған күйі – бәрі де келісті. Wanderer’s Nachtlied -
Ночная песнь странника - Қараңғы түнде тау қалғып жүйесінде үш түрлі
халықтың үш түрлі дәуірде жасаған үш ұлы ақыны бірін бірі қапысыз түсінеді,
бірінен бірі асып түсетін ақындық үлгі көрсетеді. Гете - Лермонтов - Абай
арасындағы мұндай үндестіктің сыртқы сәні мен ішкі нәрі жайында біраз
пікірлер айтылды. Солардың ішінде Т.Әлімқұловтың [1], Г.Бельгердің [2],
Т.Шапайдың [3] талдаулары ғылыми мәнімен де, эмоциялық байлығымен де,
эстетикалық әрімен де дара һәм сара. Ал енді Абайдың шығармаларының орыс
тіліндегі аудармалары хақында бұлай айтуға болмайды: сөз де, ой да
қарапайым, тіпті көп тұстарда қарабайыр; сөз бен ойдың суреттілігі, мазмұн
мен пішіннің келісімі түпнұсқадағы деңгейінен әлдеқайда төмен.
А.С.Пушкиннің қазақ тіліне Абай аударған шығармаларының эстетикалық
әсерімен салыстырғанда, Абай шығармаларының орыс тіліндегі аудармаларының
эстетикалық әсері әлсіз, әлжуаз. Эстетикалық талғамы А.С.Пушкиннің,
М.Ю.Лермонтовтың мінсіз ақындығы негізінде қалыптасқан оқырманның Абайдың
аудармаларын да сол талғаммен таразылайтынында сөз болмаса керек. Осындай
жағдайда орыс тілді оқырманның Абайдың орыс тіліне аударылған шығармаларын
қабылдауға эстетикалық сұранысын ояту мен қалыптастырудың маңызы зор. Бұл
орайда ойдағыдай табысқа жете алмай келе жатқанымыз айтпасақ та түсінікті.
Қазіргі заманда Абайды қазақ, орыс, сондай-ақ бұларға қоса ағылшын (немесе
басқа шет тілдері) тілдерінде бірдей оқып, түсіне білетін оқырмандар тобы
қалыптасты. Олар Абайды асыл нұсқада да, осы тілдерде салыстырып та оқи
алады. Абай шығармаларының түпнұсұасы мен аудармаларының оқырмандарға әсері
дегенде, тек бір тілді оқырмандардың ғана емес, көптілді оқырмандардың да
эстетикалық қабылдау ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ал Абай
шығармаларының қазақ оқырмандарына әсері мен Абай шығармаларының орыс
тіліндегі аудармасының орыс тілді және екі тілге бірдей жетік оқырмандарына
әсерін салыстырғанда, орыс тіліндегі аударма оқырмандарының Абай туралы
түсінігі түпнұсқа оқырмандарының ұғымындағы Абайдың шаңына ілесе алмайды
десек, артық емес. Абайдың үш тілге бірдей оқырмандарының түсіну, пайымдау
деңгейі негізінде түйінделетін ойлар да ақын шығармалары аудармаларының
деңгейін жоғары белгілей алмайды. Абайдың сөзі – бүгінде қазақ халқы түгел
таңырқаған сөз. Абайдың орыс немесе басқа тілге аударылған сөзі орыс немесе
басқа тілді оқырманды дәл осылай таңырқата алғандай жетістікке қалай жетуге
болады?
Абай – қазақтың бас ақыны. Оның шығармаларында қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігі, салт-санасы, дүиетанымы, ойлау ерекшелігі, күйіну және сүйіну
сипаты, сөйлеу мәдениеті мейлінше терең көрініс тапқан. Сондықтан Абайды
орыс тіліне аударамын деген жанның орыс ақыны немесе орыс тілді ақын ғана
болуы жеткіліксіз. Ол алдымен Абай деңгейіндегі ақын болуы шарт.
Арғын, Найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды
Тобықтының езіне...[4, 63] –

деген жолдарда ой да анық, сөз де сара. Бөтен не бұрма сөз кездеспейді.
Сөздің, тармақтың, жалпы шумақтың астарында қосымша немесе қосалқы мағына
да жоқ. Соған қарамастан, осы төрт тармақты аудару аудармашыға оңайға
түспеген:
Аргын, Найман всегда внимает
мне,
Для них всегда я – всадник на
коне.
А тобыктинцы, старая родня,
Смеются надо мною в
стороне...[5, 59].
Аудармашы – М.Дудин. Белгілі ақын. Аудармаға келетін болсақ,
онда Абай өлеңінің төрт жолының бірінің де мағынасы дұрыс берілмеген.
Түпнұсқаның әр тармағы жеті буынды, іштей екі бунақтан тұрады. Аудармада
бұл өлшемдер сақталмаған. Буын сандары көбейтілген. Соған орай әр
тармақтағы сөздердің тобы да, түпнұсқамен салыстырғанда, артып, өсіп
кеткен. Артық сөзге, артық ойға орын берілген. Жолма-жол кері аударғанда,
бұдан мынадай шумақ шығады:
Арғын, Найман әрқашан мені тыңдайды,
Олар үшін әрқашан мен – атты
кісімін.
Ал тобықтылар, ескі туысқандарым,
Мені сыртымнан күлкі етеді.
Абайдың бүгінгі дүйім қазақ таңырқап оқып, тамашалап тыңдайтын
сөзінің орыс тіліне аударылғандағы мазмұны мен мағынасы осылай болып
шыққан. Мұнда да едәуір мәліметтер бар. Оқырман аударманың осы мазмұнынан
да ақынның жайы туралы біршама хабар алады. Алайда бұдан ақын өлеңіндегі
поэтикалық мазмұнды, поэтикалық құндылықты табу қиын. Әрқашан тыңдау
(всегда внимает мне) мен таңырқаған сөзіме арасында жер мен көктей
айырмашылық бар. Әрқашан мен - атты кісімін (всегда я – всадник на
коне) секілді бөтен сөздердің тұтас бір тармағын аудармашы өз жанынан
қосқан. Аударманың кейінгі екі тармағында түпнұсқадағы кейінгі екі
тармақтың мазмұны да, мағынасы да өрескел бұрмаланған. Егерде аудармашының
мұндай еркіндігі Абай шығармасының мазмұнын, ақынның айтып отырған ойын
бұрмаламай, толық жеткізген жағдайда, тіпті түр мен түсте, ырғақ пен
ұйқаста кемістік, кемшілік болған күннің өзінде, оған ықылас қойып қарауға
болар еді. Өкінішке қарай, аудармада ақын өлеңінің осы төрт жолындағы
қарапайым мазмұнның өзі ашылмай қалған.
Абайдың ақындық даналығы, алдымен, оның шығармасының мағынасының
түпсіз тереңдігінде, идеялық құндылығы мен өмір құбылыстарын тану мен
бағалаудағы кемелдігінде. Ақынның философиялық ойларына тірек болған
ұғымдар жүйесінің мазмұны мен мәнінің кемелдігі мен тереңдігінде кінарат
жоқ. Оларды даралап, әрқайсысын жеке, жүйеден тыс алып қарауға болмайды.
Өйткені автордың философиялық ойларының негізін түзетін тірек ұғымдар бір-
бірімен тығыз байланысты, бір шығармада түйінделген тұжырымнан келесі
шығарманың мағыналық болмысына жалғасады. Ақынды танудың кілті осы ұғымдар
жүйесінің мазмұны мен мәнін дұрыс түсініп, дұрыс пайымдауда. Олай болса,
Абайды аударғанда, лингвистикалық әдістеме өлшемдерінің талаптарын орындау
жеткіліксіз, турасын айтқанда, Абай шығармаларын сөзбе-сөз, жолма-жол
аударуға жол жоқ деп білуіміз керек. Бұл жерде түпнұсқа туындының тақырыбы
мен идеясының тұтастығына айрықша назар аударуға тура келеді. Аудармашының
сөз бен сөйлемді емес, Абай шығармаларында көрініс тапқан тақырып пен
идеядағы, мән мен мағынадағы осындай құндылықтарды аударуы шарт. Мән мен
мағынадағы осы түпсіз тереңдікті түр мен түстегі керемет келісіммен еркін
өріп шығарған аудармашыны қанша ардақтасақ та болар еді. Алайда
аудармашының жоғарыдағыдай еркіндігінен мұндай ықыласқа лайықты дерлік
қасиет табу қиын. Сондықтан аудармашының мұнысы шығармашылық еркіндік емес,
еркінсу болып шыққан. Өмірде еркінсудің түрлері әрқандай: біреу еркеліктен
еркінсиді; біреу еріккеннен еркінсиді; біреу желіккеннен еркінсиді...
Өнерде де еркінсу нышандары болады. Ал аударма өнерінде шығармашылық
еркіндікке орын болғанмен, еркінсуге жол жоқ. Көретұғын көз болса, бұл
секілді еркінсуден туған бұрмалаулардың, Абайдың өзі айтқандай, бірі
құрау, бірі жамау екенін көрмеу мүмкін емес. Мұндай нәтижелерге,
негізінде, аудармашының түпнұсқа тілін білмеуі, автордың ойын дұрыс
түсінбеуі, ақынның өзі суреттеп отырған өмір құбылыстарына берген бағасын
лайықты пайымдай алмауы себепкер болады.
Тілге тиек болып отырған шумақтың кейінгі екі жолын Г.Бельгер жолма-жол
былай аударады:
Для ничтожных тобыктинцев
Напрасной тратой они стали [6, 89].
Алғашқы тармақ тұтас тобықтыны түкке тұрғысыз етеді. Абай ондай ой
айтпайды. Ақын тұтас тобықтыны ез санамайды, тұтас тобықты туралы емес,
тобықтының езіне ғана қатысты сөйлейді. Тобықтының езі мен тұтас
тобықты екі түрлі құбылыстар қатарына жатады. Олардың бір-біріне қатысы
жалқының жалпыға, бөлшектің бүтінге қатысымен парапар. Абай бүтіннің
бөлшегі туралы айтса, Г.Бельгер бөлшек туралы емес, бүтіннің өзі туралы
пікір ұсынады. Бұлардың орнын алмастыру бөлшектің мазмұнын бүтінге
көшіруге, ал бүтіннің пішінін бөлшекке көшіруге алып келеді. Г.Бельгер
бөлшектің орнына бүтінді қолдану арқылы осындай нәтижеге қол жеткізеді. Бұл
аудармашының қолайсыз, орынсыз жасаған шешімі болды.
Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма? [4, 178] –
деген жолдарда ақынның дәстүрлі дүниетанымының маңызды, концептуалды қыры
көрініс тапқан. Автор ойын қалың жұртқа ұғымды, түсінікті баяндайды. Ал
оның концептуалды тереңдігі оқырманның түсіну, пайымдау және бағалау
қабілетінің өрісіне қарай анықталмақ. Бірінші тармақта бейнелі айтылған,
қолдан ажарланған нәрсе жоқ. Болмыстағы құбылыстар еш боямасыз, әсірелеусіз
сипатталған. Екінші жолда сөзбен салынған сурет, образ бар. Бірақ ол да
өмірдің өзіндегідей шынайы. Ақын қазақ тілінің ұлттық дара ерекшеліктерінен
туындайтын көркемдік кестенің әсем әшекейінсіз-ақ кемел ой, келісті сурет
жасайды. Ю.Нейман осы жолдарды былай аударған:
Когда умру, не стану ль я землей?
Язык мой дерзкий - девушкой немой? [5, 180].
Бірінші тармақ мазмұн-мағына жағынан түпнұсқаға біршама жақын келетін
сияқты. Оның үстіне өлген адамның тәні қара жерден орын табады да, ақырында
топыраққа айналып, жер болады. Дәстүрлі дүниетанымда осындай ақиқат жарығы
бар. Осы тұрғыдан келгенде, аудармашының өлген кезімде мен жер болмаймын
ба? деуі бастапқы шындықтың өзі болмаса да, онымен ұштасып жатыр. Алайда
ақын поэтикалық ойының түйінін өліммен түймейді. Өлеңнің бастапқы төрт
тармағының әрбірінде өмір мен өлім сипаттары шендестіріліп, әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері дараланады. Соған орай Абай өлеңінің бастапқы төрт
тармағын түгел немесе осы бір тармағын қазақ оқырмандарының түпнұсқадан
оқып, қабылдауы ерекше сыр сазымен әрленеді. Ойын сұраулы сазбен жеткізе
отырып, ақын өзіне белгілі, анық та айқын шындықты тура, тіке айтудан
тартынғандай күйін сездіреді. Енді сол оқырман мына аударманы оқығанда,
одан әлгіндей сыр сазының алыс сарынын да таба алмайтыны анық. Екінші
жағынан, ақын орнының қара жер, сыз болуының уақытын көрсетіп отырған жоқ,
шартын көрсетіп отыр (өлсем). Мұнда терең мән бар. Өлеңнің мәні мен
мағынасы, автордың ақындық тұрғысы үшін тармақты түзген тірек сөздердің
мәні мен мағыналық байланыстарындағы келісім мен жарасымды қамтамасыз етуде
шарттылық реңктің атқаратын қызметі зор. Аудармада адам орнының қара жер,
сыз болуының шарты ашылмай қалады да, уақыты көрсетіледі (когда умру).
Осы тармақты орыс тіліне аударудың басқа, бұдан гөрі орыс әдеби тілінің бай
мүмкіншіліктерін еркін пайдалану нәтижесі дерлік келісті үлгісін жасауға да
болар еді. Ондай үлгі өрнектерін М.Дудиннің аудармасынан да, Е.Курдаковтың
аудармасынан да кездестіру қиын. Ю.Кузнецовтың талабы да талайсыз болып
шыққан. М.Дудин Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма жолын И мой язык
насмешкой злой [6, 311] түрінде аударады. Әрине, М.Дудиннің ызалы
күлкісі (насмешкой злой) Абайдың бір ұялшақ қызының табанына төсеуге
татымайды. Қазақ аудармашылары да бұлардан алыстап кете алмайды. Ю.Кузнецов
бұл тармақты мүлде тұқыртып аударады:
Когда я умру, то с землей смешается прах [7, 148].
Тармақ құрылымы, жүйесі жағынан орыс тіліңнің жалпы заңдылықтарының
талаптарына жауап береді деп айту қиын. Тармақта көрініс тапқан екі ой
себеп-салдарлық қатынаста байланысып тұрғанға ұқсайды. Шындығында олай
емес. Әсіресе екінші ойды бастап тұрған онда (то) есімдігі орнын таппай
тұрғаны көзге ұрады. Дегенмен түпнұсқаның мазмұны алдыңғы аудармалар
деңгейінде ашылмады деу орынсыз. Оның үстіне өлеңнің ағылшын тіліне
аударылуында Ю.Кузнецовтың осы аудармасы негізге алынған. Өлеңнің бірінші
жолы онда мына үлгіде аударылған:
When I die, will not the damp earth become my resting
place? [7, 262].
Түпнұсқадағы сұраулы мағына Ю.Кузнецовтың аудармасында жойылып кететін
болса, ағылшын тіліндегі аудармада қайтадан орнына келеді. Енді осы жолды
орыс тіліне сөзбе-сөз кері аударғанда, мынадай болады (сөзбе-сөз кері
аударғандар А.Түсіпова мен М.Қожақанова):
Когда я умру, не сырая ли земля покроет мой прах?
Француз тіліндегі аудармасында (аударушы К.Висанти) бұл жолдың
сұраулы сазы түсіп қалады:
Mort, la terre humide et lourde me couvrira [8, 167].
Тармақты сөзбе-сөз кері аударғанда, мынадай мағына туады (сөзбе-сөз
кері аударған Ш.Мақатаева):
Смерть, земля сырая и тяжелая меня покроет.
Кері аударма сипатына қарағанда, тармақтың орыс және француз
тілдеріндегі аудармасынан ағылшын тіліндегі аудармасы түпнұсқаға әлдеқайда
жақын. Аудармашы Ричард МакКейн Абайдың ақындық дүниетанымын лайықты
деңгейде тани алған. Бұған, әрине, Абай шығармаларын ағылшын тіліне аудару
ісінің бастаушысы һәм қолдаушысы болып жүрген Роллан Сейсенбаевтың және
оның шығармашылық айналасының сіңірген еңбегі үлкен деп білуіміз керек.
Ю.Нейман екінші тармаққа келгенде, бірінші тармақты аударғанда
жеткен деңгейінен төмен түседі. Түпнұсқадағы өткір тіл, бір ұялшақ қыз
секілді тірек ұғымдардың жолы да, жөні де ерекше. Қатар тұрған екі ұғымның
да маңызы жоғары. Көрініс тапқан жағдай аясында екеуі де табиғи әдемі
қасиетімен айшықталады. Өткір тілдің бір ұялшақ қыз болуының өзінде бөлуге,
жаруға келмейтін құнды поэтикалық тұтастық бар. Ал түпнұсқадағы ұялшақ
қыздың аудармада мылқау қыз болып шығуы ақынның эстетикалық көзқарасына
тән жарықты - көлеңкеге, күнді түнге айналдырғандай әсер қалдырады. Егер
мылқау қыз поэтикалық әрі мен эстетикалық нәрі жағынан бір ұялшақ
қыздан жақсы, әдемі, әсем болса, ақын асыл ойын жеткізу үшін соның өзін-ақ
пайдаланған болар еді. Ақын бір ұялшақ қызды сөз танымағандықтын таңдап
отырған жоқ. Әр өлеңін іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынан өрген, өмір
құбылыстарын шығармашылық пайымдау мен жинақтауда ақындық кемелдіктің
классикалық үлгісін қалаптастырған ақын бұл жерде де көркемдік шеберліктің
шырайын ашатын үздік таңдау жасаған. Ақынға біткен өткір тілдің күндердің
күнінде бір ұялшақ қыз болуында оқырман үшін алды үміт, арты өкінішті,
өткінші өмірде жүрекке жылы тиетін, жанды жұбататын, көңілге басу айтатын
көп қатпарлы эмоциялық мазмұн бар. Жалпы, ұялшақ қыз сөзінің Абай
заманында жалпыға түсінікті әдемі ұғымы болған. Сондықтан да ақын үшін
мынадай жағдайда таңдап тапқан сөзінің тілге жеңіл, жүрекке жылы,
эмоциялық мазмұнының таза, әдемі болуы аса маңызды. Аударма ақын ұстанымына
тән мұндай талаптар үдесінен шыға алмаған.
Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек өлеңінде Абайдың ақындық
дүниетанымының басты құрамдас бірліктері ұғым деңгейінде сараланған,
олардың өзара қатынасы, тұтастық сипаты көрініс тапқан. Өлеңнің идеясы осы
ұғымдар жүйесі арқылы ашылады. Сондықтан өлеңді тануда, талдау мен
бағалауда ондағы ұғымдардың әрқайсысының мәні мен мәнісін, мазмұны мен
мағынасын дәл түсініп, тура ұғудың маңызы үлкен. Екіншіден, осы ұғымдардың
өзара бір-бірімен байланыстарын, сабақтастығын, тұтастығын тануда да мәніс
бар. Өлеңнің бірінші жолы ақылдың сипаты туралы.
Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек [4, 128],-
дегенде, ақынның ойы да, сөзі де нақты. Артық сөз, көмескі немесе жасырын
ой жоқ. Ақылдың сипаты да айқын: зерек ақыл. Сонымен біргі суық мұз
түріндегі метафоралық образ арқылы ақылдың әуелден суық болмысының жайы
айтылады. Ақылға қатысты бар сипаттама осы. Тармақтағы өзекті ойды
білдіретін тірек сөздердің қатары мынадай болып шығады: ақыл; зерек; суық
мұз. Кейінгі екі ұғым ақылдың айрықша қасиеттерін білдіреді. Бұл қатарды
анықтау, оны түзген сөздердің мағынасы мен мәнін, арақатынасын пайымдау
және сақтау аудармашы үшін ауадай қажет. Олай болмаған жағдайда,
түпнұсқаның мағынасы бұзылады, ақынның айтып отырған ойының мәні жойылады.
Аудармашы, ақын Е.Курдаковтың аударуында бұл тармақ мына үлгіде берілген:
Холодный ум - нерастопимый лед [5, 65].
Тармақ жолма-жол, сөзбе-сөз аударылған. Кері аудару арқылы
түпнұсқадағы тірек сөздерді, ол сөздер білдіретін ұғымдарды іздер болсақ,
мыналар табылады: ақыл; суық; ерімес мұз. Түпнұсқадағы тірек сөздердің
қатары, жөні бұзылған. Соған байланысты ақын өлеңіндегі маңызды ұғымдар
тұтастығы жойылған. Ақылдың айрықша сипатын білдіретін зерек (ақыл
зерек) ұғымы ғайып болып, оның орнын суық ұғымы басқан. Сөйтіп,
аудармада ақылдың айрықша белгісін білдіретін екі ұғымның бірі (зерек)
жойылады да, екіншісі (суық) екі рет қайталанады: бірінде эпитет түрінде
(холодный), екінші жолы метафоралық тәсіл арқылы (нерастопимый лед). Ал
енді аудармашының осы тармағын қазақ тіліне кері аударсақ, мынадай болады:
Суық ақыл - ерімес мұз.
Орыс оқырмандарына жететін мағына осы. Сонда Абай айтып отырған ақыл туралы
оқырман ойында мынадай түсінік тууы негізді: ерімес мұздай болып қатқан
суық ақыл. Абайды қазақ тілінде оқып, түсінетіндер үшін аудармада орны
толмай тұрған ойдың да, қиюы қашқан құрылымдық жүйенің де жөнсіздігі көзге
ұрып тұрады. А.Штейнбергтің аудармасында бұл тармақ басқа үлгіде беріледі:
Острый разум чист, словно пласт ледяной [9, 76].
А.Штейнбергтің аудармасында да түпнұсқаның негізгі мәні мен мазмұны
ойдағыдай деңгейде ашылмаған. Аудармашының зерек ақылды мұз қатпары
секілді таза (немесе мұздай таза) деуі ақынның ойын анық, тура жеткізе
алмаған. Ақылдың айрықша белгілері қатарында таза (чист) ұғымын Абай
қолданбаған. Е.Курдаков Абай сипаттап отырған ақылдың зеректігін алып
тастап, оның орнына суықтығын екінші рет қайталаса, А.Штейнберг ақылдың
суықтығын көзден тыс қалдырып, тазалығы туралы сипатты жанынан қосады.
Ақылға қатысты суық сөзі көркемдік бейнелеу құралы қызметін ғана
атқармайды. Ақын танымында бұл сөздің терең философиялық-гуманистік астары
бар [10, 249-250]. Ақын ойының мұндай астарын алып тастау - аудармашының
білместігінің белгісі. Соның салдарынан аудармашылар түпнұсқаның мағыналық,
мазмұндық өзегін түзген ұғымдардың жөні мен жүйесін, мәнін ойсыратып бұзуға
дейін барады. Егерде аудармашылардың ойдан қосулары мен қысқартулары,
өзгертулері түпнұсқа тілі мен аударма тілінің ұлттық ерекшеліктерімен,
көркемдік заңдылықтарымен, аударма қағидаларымен сабақтасып жатса, онда
оларды талдау мен саралау ғылыми маңызды қорытындыларға негіз болар еді. Ал
мынадай тәжірибені аудармашының стратегиялық тұрғысынан туған сындарлы
шығармашылық шешімінің нәтижесі деуге болмайды.
Өлеңнің бірінші тармағы ақыл жайында болғанда, екінші тармағы
жүректің қызметі туралы:
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек [4, 128];
Екінші тармақтағы жүрек хақындағы ойлар бірінші тармақта сипатталған
ақылға ешқандай қатыссыз. Екі тармақтағы екі түрлі ұғым жайындағы ойлар
өзара тең дәрежеде, салаласа байланысқан, олардың арасында бірінің
басыңқы, екіншісінің бағыныңқы қалпын білдіретін мағыналық қатынас жоқ.
Ақын өлеңінің екі тармағының осы мағыналық және құрылымдық дербестігі
аудармада сақталмайды:
Его лишь сердце страстное проймет (Е.Курдаков) [5, 65].
В непослушливом сердце – кипучий зной (А.Штейнберг)
[9, 76].
Түпнұсқада кісінің тұла бойын ыстық жүректің жылытатыны, жүректің
қызметі кісінің тұла бойын жылыту екендігі туралы ой ұсынылған. Тармақтың
мағыналық негізін түзетін тірек сөздер қатары мынадай: жүрек; тұла бойды;
жылытқан. Бұл қатардың мазмұны анық, қызметі айқын. Дараланған осы
ұғымдардың түпнұсқадағы және аудармадағы мағыналарын салыстырып саралаған
жағдайда, ақын ұсынып отырған қордалы ойдың аудармашыларға да, аудармаға да
жетпегені белгілі болады. Аудармада (Е.Курдаков) жүрек тұла бойды
жылытпайды, жүрек ерімес мұз-суық ақылды жылытады. Сөйтіп, өлеңнің екі
жолының түпнұсқадағы салаласа байланысқан дербестігі жойылады, соған орай
екі тармақтағы өз алдына дербес және толық тұрған екі ой бірдей бұзылады.
А.Штейнбергте жүректің қызметі (тұла бойды жылытқан) мүлде көрсетілмейді,
Абай ыстық жүрек туралы айтса, аудармашы жүгенсіз (непослушливом)
жүректегі қайнаған аптап (кипучий зной) туралы айтады. Абайдың ақындық
дүниетанымында әр ұғымның өз орны бар. Оларды өзгерту, бірінің мәнін
екіншісіне беру ақынның философиялық көзқарасын ғана емес, ақындық
ұстанымын да бұрмалауға әкеліп соғады.
Абайдың ақындық дүниетанымында ақыл да, жүрек те кісі бойындағы тең
дәрежелі, бір-біріне тәуелсіз, дербес қызметі бар қуат көздері. Абайдың
философиялық көзқарасының өзегін өретін пікірлер мен тұжырымдар жүйесінде
ақыл мен жүрек хақындағы ойлардың орны бөлек. Оларды басқаша, бұрып,
бұрмалап түсіндіру ақынның ойлау жүйесіне, танымына, көзқарасына, даналық
тұлғасына көлеңке түсірумен пара-пар болмақ. Өлеңнің келесі екі тармағының
аудармасында осындай олқылықтар бар:
Но только терпеливой воли власть
Соединить и ум, и сердца страсть [5, 65].
Мұның түпнұсқадағы қалпы мынадай:
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек [4, 128].
Ақын ойының тірегі - қайрат. Қайрат сөзінің денотативтік мәні
түсінікті. Оған тән сигнификативтік мән қатарында тоқтаулылық пен талапты
шыдамдылық туралы мәлімет ұсынылады. Онда прагматикалық мәніс те бар.
Қайрат сөзінің мазмұны осылай анықталады. Берілген екі жолда көрініс
тапқан ұғымдарды мына тірек сөздер білдіреді: қайрат; тоқтаулылық;
шыдамдылық. Соңғы екеуі алғашқы ұғымның қасиеттерін білдіреді. Ақын ойының
маңызы осында. Аудармада қайрат туралы ойдың маңызы бұзылған, түпнұсқа мен
аударма арасынан прагматикалық, денотативтік, сигнификативтік, синтаксистік
сәйкестік іздеп табу қиын. Оның үстіне аудармашы ақыл мен жүректі де осы
жерге алып келіп, асыл нұсқаның мағыналық және құрылымдық тұтастығын тас-
талқан қылады. Абай өлеңінің алдыңғы шумағында ақыл, жүрек, қайраттың
әрқайсысы дербес сипатталады, келесі шумағының бастапқы тармағында осы үш
құбылыс (ақыл, қайрат, жүрек) қатар аталып, осы үш қасиеттің тұтастығы,
бірлігі негізінде толық адам туралы пікір түйінделеді. Бұл пікір ақынның
басқа өлеңдері мен қара сөздерінде дамытылып, толық адам туралы концепцияға
ұласады. Сондықтан ақынның ақыл, жүрек, қайрат және толық адам туралы
ойлары мен ұғымдары түпнұсқаның өзекті, біртұтас мағыналық және құрылымдық
жүйесінің басты бірліктері қатарына жатады.
Әсемпаз болма әр неге өлеңі адамның ақын ұғымындағы қадірлі,
қасиетті сипаттарын баян етеді [11, 161]. Онда қайрат пен ақыл, олардың
сипаттары анық айтылып, жүректің өзі аталмай, сипаттары ғана көрсетіледі:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың жалын, артың мұз,
Барар едің қай жаққа? [4, 205].
Қайрат пен ақылдың аты да, заты да нақты, анық сипатталған. Қашқанға
да, қуғанға да жол табатын қасиет осы екеуіне тән. Ақын қашқан мен
қуған туралы жалқы ұғымға жалпының мазмұнын ұялатады. Абайдың тұрғысында
қашқан мен қуған заманның ағымындағы, қоғамның болмысындағы барша
қозғалыстардың түп негізінің табиғатын танытатын ұғымдар деңгейінде қызмет
атқарады. Бұл жерде шектес құбылыстардың бірінің сипаттарын екіншісіне
ауыстыру секілді көркемдік тәсіл қызметі де қылаң береді. Көшпенді тіршілік
жағдайында аңшылық пен мал шаруашылығы шегіндегі бірден-бір басты қозғалыс
қашу мен қуу арқылы көрініс табады. Ал бұл екеуі түз тағыларының жан
сақтауының, тіршілік етуінің алғышарты, амалы мен құралы қызметін атқарады.
Жалпы түз тағылары тіршілігінің қалпына тән басты заңдылықты осы екі сөздің
төркіні беретін түсінікпен түйіндеуге болады: қашқанда құтылу; қуғанда
жету. Бұлай болмайынша жан сақтау, тіршілік ету мүмкін емес. Түз
тағыларының тіршілігіне тән осы заңдылықты ақын өз заманының қоғамынан да
көргендей болады. Осылайша қуған мен қашқан Абай заманының басты
заңдылықтарының сипатын білдіретін жалпы ұғымдармен ұштасады. Қайрат пен
ақыл осы тұрпатты заманның қай сынынан да жол таппақ. Қайрат пен ақылдың
адам өміріндегі маңызы осындай. Қайрат пен ақылдың адам өміріндегі, қоғам
тіршілігіндегі маңызын даралап көрсете отырып, ақын бұл екеуінің қызметіне
мән беретін басқа екі қасиеттің жарығын түсіреді: әділет, шапқат. Бұл
екеуінсіз қашқан құтылмайды, қуған жетпейді. Бұл екеуінің шығатын жерін
ақын ашып көрсетпесе де түсінікті: екеуі де жүректен шығады. Өлеңнің орыс
тіліндегі аудармаларында ақын ойының мұндай оралымдары көмескі. Ақынның
Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас өлеңінде ақыл мен жүректің
сыпаттары басқа бір қырынан ашылады. Соның бір көрінісі екінші шумақтың
әуелгі екі тармағында былай баяндалады:
Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі [4, 306].
Ақынның жүрек пен ақыл сыпаттары туралы ұғымдар жүйесін тереңірек білу
үшін осы жолдарға назар аудару артық емес. Бірінші тармақтағы достық,
қастық, бар қызық және екінші тармақтағы ар, ұят - бәрі жүректің
сыпаттарын білдіреді. Ар мен ұят жоқ жерде достық та, қызық та болмайды. Ар
мен ұят адамды достыққа бастайды, қастыққа жібермейді. Қызықтың қызуына
өлшем салатын да солар. Ақын жүректің осы екі аяулы сыпатына күзетші қояды.
Ол күзетшінің аты - ақыл. Ақын танымында осы ұғымдар мен түсініктердің
қатары мен жүйесінің маңызы зор. Ю.Нейманның аударуында бұл қатар мен жүйе
орыс тілінде мына түрде беріледі:
Дружить, кипеть - у сердца много дел!
А честь и совесть - разума удел [5, 67].
Ю.Нейманның аудармасының бірінші тармағының мағынасын кері аударып
айтатын болсақ, жүректің ісі көп: қайнайды, достасады болып шығады. Осы
жүректің ісінің көптігін білдіре ме? Жоқ, білдірмейді. Түпнұсқада жүректің
ісінің көптігі туралы ой бар ма? Ондай ой жоқ. Сонда аудармашы нені
аударған? Бұл сұраққа жауап іздеу оңай болғанмен, оған лайықты жауап табу
қиын. Түпнұсқада ақынның дүниетанымына тән ерекшеліктерді білдіретін
ұғымдар мен түсініктердің қатары мен жүйесі аудармада бұзылған. Ақынның
тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, айналасы тептегіс жұмыр келген ойының ит
тартқан терідей жұлым-жұлымы шыққан. М.Дудиннің аудармасы бұдан асып түседі
[5, 68]. Онда Абай ойының сілемі де сақталмаған.
Ақынның Жүректе қайрат болмаса өлеңінің өзегіндегі түйінді ойдың
желісі де ақыл мен қайраттың арақатынасына негізделеді. Өлеңнің бірінші
шумағында бұл қатынастың мәнісі мына қалыпта ашылған:
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйқтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек [4, 154].
М.Дудин осы шумақты былай аударады:
Пока твой ум не подчинился воле,
Разбуженной божественным лучом,
Ты в жизни, не разгаданной дотоле,
Быть тварью неразумной обречен [5, 155].
М.Дудин өзі осылай деп жазса, оған мән бермеуге де болар еді. М.Дудин
мұны жазған оның өзі емес, мұны жазған қазақтың Абайы екендігін, өзінің
Абайды орыс тіліне аударғанын айтады. Абай жүректе қайрат болмаса десе,
аудармашы оның аудармасы ретінде ақылың қайратыңа бағынбаса
(бағынбайынша) деген ойды ұсынады. Мұны Абай айтқан емес. Абайдың
шығармашылық мұрасында мұндай ойдың елесі жоқ. Абайдың ақындық
дүниетанымына, философиялық көзқарасына баққанда, ақылды қайратқа
бағындыруға болмайды. Ақын дүниетанымында ақылды қайратқа бағындырудың
зұлымдыққа алып келетіні туралы ұстаным барын М.Мырзахметов нақты талдаулар
мен бағалаулар негізінде анық және жеткілікті түрде дәлелді айтады [10,
249]. Қайраттың қаруы көп, күші мол, пайдасы да мол, залалы да мол [12,
153]. Ақылға келсек, оның қыры көп, жақсының да, жаманның да сүйенгені -
сол. Сондықтан Абай ақыл мен қайратты бір-біріне билету туралы ойдан аулақ.
Ақын ақыл, қайрат, жүрек үшеуінің басын қосып, билікті жүрекке беруді
игілікті іс деп біледі [12, 153]. Осы ұстанымына орай Ақын ақылға сәуле
қонбаса десе, аудармашы оның аудармасын тәңірі сәулесімен оянған қайрат
демекші болады. Аудармашы ақылды қайратпен ауыстырады, ақылға қонуға
тиіс сәулені қайратқа теліп шатасады. Нәтижесінде түпнұсқада көрініс тапқан
ұғымдардың әрқайсысының жекелеген қырлары да, тұтас болмысы да бұрмаланады.
Көркем аударманың теориясы мен тәжірибесінде түпнұсқаның белгілі
бірліктерінің трансформациялануының жолдары, амалдары алуан түрлі.
Қысқарту, өзгерту, алмастыру, толықтыру, ойдан қосу - аудармашының
шығармашылық ізденістерінде бұлардың атқаратын қызметі айрықша маңызды.
Сонымен қатар мына жайды ескеру керек: түпнұсқа жүйесіндегі бірліктердің
бәрін бірдей қысқартып, өзгертіп, толықтырып, ойдан қосып аударуға
болмайды. Әсіресе автордың өзі суреттеп отырған шындық құбылыстар туралы
айтқан түйінді ойын, концептуалды тұжырымы мен бағасын білдіретін ұғымдарды
саралауға, даралауға, нақтылауға, дамытуға, байытуға шек қойылмағанмен,
оларды қысқартуға, өзгертуге, алмастыруға болмайды
Әдеби шығарма негізіндегі ұғымдар мен түсініктерді түсінудің өз
қиыншылықтары болады. Оның үстіне әр үғым мен әр түсініктің көлемі мен
мазмұнын әр адам өз деңгейіне сай өзінше пайымдайды. Оларды дүрыс түсініп,
лайықты пайымдау кісінің қабілеті мен біліктілігіне байланысты. Ю.Найда
адам баласы бойындағы мұндай қабілет пен біліктіліктің мынадай деңгейлерін
көрсетеді: а) өмірлік тәжірибесі мен сөз байлығы шектеулі жас балалардың
деңгейі; ә) білімі таяз, шала сауатты адамдардың деңгейі; б) сауатты
сөйлеп, дұрыс түсіне алатын білімі орта адамдардың деңгейі; в) өз мамандығы
аясында білікті адамдардың деңгейі [13, 115]. Ю.Найда белгілі бір ұғымдар
мен түсініктердің көлемі мен мазмұнын түсіну, қабылдаудағы адамдарға тән
жалпы деңгейлер туралы айтып отыр. Әдеби шығарма негізіндегі ұғымдар мен
түсініктердің көлемі мен мазмұнын пайымдаудың жөні бөлек. Бұл жерде жалпы
қабілет емес, кәсіби шығармашылық қабілет деңгейі туралы ойлануға тура
келеді. Әдеби шығарма аудармашысының түпнұсқа туындының негізіндегі ұғымдар
мен түсініктерді қабылдауы мен түсінуінің, пайымдауының деңгейі
шығармашылық табиғатымен дараланады. Жоғарыдағы аудармаларда ақыл, қайрат,
жүрек туралы ұғымдар мен түсініктердің көлемі мен мазмұнын пайымдаудың
деңгейі Ю.Найда ұсынған деңгейлердің үшіншісіне (б) жетеқабыл сыңайлы болып
көрінеді.
Абай шығармаларындағы ақыл, қайрат, жүрек секілді өзара сабақтасқан,
тұтасқан ойлар мен ұғымдарды аударғанда, олардың әрқайсысының мағынасы мен
мазмұнының мәні мен көлемін, құрылым жүйесін, басқа ұғымдармен байланысын
дәл анықтап алудың маңызы үлкен. Олардың арасына бөтен сөз немесе бөгде ой
қосуға, бірінің қызметін екіншісіне телуге немесе олардың бірінің өңін
өзгертуге ия бірін алып тастауға болмайды.
Абайдың өлеңдерін аудармашылар қандай жағдайда аударды – оны бүгінде
анықтауға мүмкіндік жоқ. Біздіңше, аудармашылар Абайдың тілін де, ойын да,
шығармашылық ұстанымын да түсінбеген, түсінуге мүмкіншіліктері болмаған.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын, мазмұны мен мағынасын, ақынның айтып
отырған, айтпақшы болған ойларын жете зерделеп білмейінше, оны басқа тілге
аударуға талаптану бекер тер төгумен бірдей. Бұл жерде аудармашыға
қойылатын талаптардың ен бір төменгі, қарабайыр деңгейіне ғана сілтеме
жасадық. Абайдың жоғарыда тілге тиек болған шығармаларын орыс тіліне
аударған аудармашылар аударма жасар алдында қаншалықты дайындық жұмыстарын
жүргізгенін аударма сапасына қарап анықтау қиын емес.
Абайдың көркемдік бейнелеу құралдырының жүйесіне тән ерекшеліктердің
аудармада лайықты көрініс табуы аса күрделі мәселе екенінде дау жоқ. Бірақ
бұл бағытта қол жеткен нәтижелердің түпнұсқаға саймасайлығы, оның деңгейі
талабы мен талғамы бар оқырманды да, Абайды екі тілде бірдей оқып,
түсінетін қарапайым оқырманды да сүйсінте алмайды, сүйіндірмейді. Ақынның
Күлембайға (Болыс болдым мінеки) өлеңінің мазмұн жүйесін, образ табиғатын
түсіну қиын емес. Болыстың бар ісі оқырманның көз алдында суретке, қимылға
айналып, елестеп тұрып алады. Өлеңде көрініс тапқан шындық құбылыстарды
көру, көзге елестету, түсіну осынша оңай болғанына қарамастан, оны басқа
тілге аудару мейлінше қиын. Оның басты себебі ақынның көркемдік бейнелеу
құралдырының айрықша табиғатында. Өлеңдегі белгілі бір істің, қимылдың,
оқиғаның орындалу амалын білдіретін мына сөздерге көңіл бөліп көрейік: а)
шығындап, тығындап, мығымдап, шыбындап, қырындап, суылдап, жымыңдап; ә)
лепілдеп, дікілдеп; дүпілдеп; өкімдеп; күпілдеп; б) далпылдап, жалпылдап,
барқылдап, бартылдап, шаңқылдап, алқылдап, тарқылдап, қарқылдап, аңқылдап,
жарқылдап, шартылдап, тарпылдап... Осылардың бәрінде дерлік еліктеуіш-
бейнелеуіш сөздерден жасалған көркемдік бейнелеу құралдарының қызметі
ерекше айшықты. Олардың осы қызметін басқа тілде өз деңгейінде түсінуге,
саймасай баламаларын табуға бүгінге дейін ешбір аудармашының қабілеті
жеткен емес. Түйеде қом, атта жал, Қалмады елге тығындап деген екі тармақ
деңгейінде аяқталған ой қарапайым, тұрмыстық сипатта баяндалған. Соған
қарамастан оны басқа тілге аударудың өз қиындығы бар. Түйені суреттен ғана
көрген, оның қазақтың тұрмыс-тіршілігіндегі орнын білмейтін аудармашы
түйенің өркеші мен қомы туралы түсініктен мүлдем мақұрым екендігіне таң
қалуға болмайды. Аудармашының мұндай дәрменсіз халі оның аудармашылық
қабілетінің төмендігінен тумайды, түпнұсқа туындыда көрініс тапқан өмір
құбылыстары туралы білімінің, түсінігінің саяздығынан туады. Аудармашының
біліміндегі, түсінігіндегі, түсінуіндегі бұл секілді олқылықтардың орнын
толтыру ізденісті, еңбекті, уақытты талап етеді. Мұндай талаптың үдесінен
шығу аудармашы үшін оңай емес. Аудармашылар бұл қиындық алдында да
дәрменсіз екендігін көрсетті. Қайбір жүректі деген аудармашылар түйенің
қомы дегенді түйенің өркеші деп аударып, түйенің қомы мен өркеші
арасында адасты. Ендігі тұста осы айтылған жайлардың шешімін іздегенде,
Абайдың: Адасқанның алды жөн, арты соқпақ,- деген даналық сөзі ойға
оралады.
Абай келістірген сырты күміс, іші алтын сөз жақсысын тану,
пайымдау, бағалау қолына қалам ұстаған әдебиеттанушылардың бәрінің қолынан
келе бермейтіні түсінікті. Ал оны қайбір аудармашылардың тануы мен
пайымдауының, байқауы мен бағалауының деңгейі сын көтермейді десек, артық
айтқан болмаймыз. Абайдың шығармаларының көркемдік-эстетикалық жаратылысын,
сырты күміс, іші алтын бітімін тану қазақ әдебиеттанушыларының өзінен
терең білімді, үлкен дайындықты талап етеді. Қазақ әдебиеттануында Абайдың
ақындық даналығын зерттеу мен зерделеудің өз тарихы бар. Бұл бағытта
жасалған жұмыстар аз емес. Абайтану ғылымының өзі жеке сала болып
қалыптасты. Алайда Абайдың ақындық өнерінің шегі мен шетіне жету қандай
қиын болса, абайтануда да шет пен шек болуы мүмкін емес. Абайтану – үнемі
даму, кемелдену үстіндегі ғылым. Абайдың шығармашылық мұрасын, даналық
тағылымын зерттеу мен зерделеу осындай көп қырлы, көп деңгейлі, күрделі
құбылыс болғанда, оны аудармашылардың тану деңгейіне қойылатын талаптар да
үлкен екені даусыз. Сондықтан Абайды, алдымен, тану қиын, сонан кейін
аудару қиын. Біздіңше, Абай секілді ұлт әдебиетінің дана тұлғасының
шығармаларын басқа тілге аударуға бел буған аудармашының Абайды тану
деңгейін анықтайтын бастапқы көрсеткіштер мынадай болу керек: ақындық
талант; терең білім; мол тәжірибе; көркемдік шеберлік; биік парасат пен
зерттеушілік зерде; суреткерлік нәзік талғам; жауапкершілік; екі тілге
бірдей жүйріктік; Абайды аударуға деген шығармашылық құлшыныс пен
құштарлық. Абайдың шығармаларында көрініс тапқан шындық құбылыстарды,
ақынның оларды көркемдік пайымдаудағы шеберлік сырларын, тереңдік
иірімдерін танудың әдепкі шарттарын осындай үлгіде белгілеу орынды. Осы
талаптар мен шарттарға лайықты аудармашы ғана Абайдың ақындық даралығы мен
даналығын біршама дұрыс тани алуы мүмкін. Аудармашы осы талаптардың
біреуіне жауап бере алмаса, онда ол түпнұсқаға сай аударма жасай алмақ
емес. Аталған талаптардың бәріне бірдей жауап бере алатын аудармашы ғана
шынайы көркем аударма жасай алуы мүмкін. Бірақ ондай аудармашыны жер
жүзінен жарық күнде қолына шам алып жүріп іздеген кісінің де табуы қиын.
Біздің пайымдауларымыз аударманың көркемдік, эстетикалық деңгейі
жайында болған жоқ. Түпнұсқаның көркемдік жүйесіндегі ұлттық бояуы қанық,
ұлттық мазмұны бай құбылыстардың аударылуы жайына да көңіл бөлмедік. Біздің
айтпағымыз түпнұсқаның мазмұнындағы тірек ұғымдардың аудармада көрініс табу
деңгейіне ғана қатысты. Бұл бағытта да аудармашы алдында үлкен міндеттер
тұрады. Бірақ ол міндеттерді ақылы мен еңбегіне, біліміне сенген аудармашы
ойдағыдай орындап шығатынында күмән жоқ. Солай дегенмен аудармашылардың
бәрі бірдей ақылы мен еңбегіне, біліміне емес, бөтен біреу жасаған жолма-
жол аудармаға немесе тек қана талантына сүйенгендей болуы өкінішті.
Түпнұсқа мазмұнының мәні мен мағынасын ұстап тұрған тірек ұғымдарды дұрыс,
толық қамтымаған аударма автордың шығармашылық даралығын, идеялық тұрғысын,
эстетикалық ұстанымын, ақындық дүниетанымын лайықты жеткізе алмаған, тіпті
бұрмалаған аударма болып табылады. Абайдың жоғарыда сөз болған өлеңдерінің
өзегіндегі іргелі ұғымдар мен түсініктердің орыс тіліне аударылу деңгейі
осындай пікір түюге алып келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. Зерттеулер мен мақалалар. - Алматы,1978.
2. Бельгер Г. Ода переводу. Литературно-критические статьи, исследования,
эссе о проблемах художественного перевода. - Алматы, 2005.
3. Шапай Т. Шын жүрек – бір жүрек. – Алматы, 2000.
4. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - І
том. - Алматы, 1977.
5. Абай. Свою судьбу от мира не таю... Избранное Составитель Герольд
Белгер. – Алматы, 1995.
6. Абай. Тридцать семь стихотворений Сост. и пер. М.Адибаев. – Алматы,
2006.
7. Абай. Қарасөз. Книга слов. Book of Words. – Алматы, 2009.
8. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Өлең - сөздің патшасы. Таңдамалы өлеңдері.
Қазақ және француз тілдерінде Құрастырған Ғ.Мұқанов. - Алматы, 1995.
9. Кунанбаев А. Избранное. Пер. с каз. Сост. М.Магауина, вступит. статья
М.Ауэзова, послесл. М.Каратаева. – М., 1981.
10. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану пробдемалары. - Алматы,
1982.
11. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - ХХ том. Монография,
мақалалар. - Алматы, 1985.
12. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - ІІ
том. - Алматы, 1977.
13. Найда Ю. К науке переводить Вопросы теории перевода в зарубежной
лингвистике. – М., 1978. – С.115-118.

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры

Поэтика и эстетика Абая
(продолжение)
Основоположник новой казахской литературы Абай Кунанбаев не занимался
специально вопросами востоковедения, как Ч.Валиханов, не открывал школ и не
посвящал основное свое время профессиональной педагогической деятельности,
как И.Алтынсарин, однако именно ему было суждено оказать наибольшее влияние
на формирование казахского национального менталитета, развитие духовности
и культуры в конце 19 века, а также в последующие десятилетия. Это было
связано как с универсальными особенностями его личности, масштабом и
глубиной его дарования, так и с тем, что поэт находился в основном русле
движений, определявших своеобразие культурогенеза народа, а именно – в
столбовом нерве национальной эстетики - эволюции новой словесности и
музыки. Поэтическое слово, мелос – это сердце и душа казахской национальной
культуры. Поэт большой силы дарования мог оказывать огромное влияние на
сознание своего народа. Историей было суждено именно Абаю сконцентрировать
в своем сознании художественно–эстетический опыт народа, остроту
нравственного чувства, интуицию, энциклопедический интеллект. Однако именно
глубина и обостренность нравственного чувства выделили его из среды других
поэтов и сделали его выразителем народного мнения и интересов. Его душа
оказалась способной вместить национальный дух и расправить крылья осознания
единства национального бытия в пространстве–времени истории и в синхронии
современного существования, выразить это ощущение, боль и сострадание с
огромной силой дарования. Народный писатель, профессор З.Кабдолов очень
точно выразил эту особенность таланта Абая Кунанбаева: Қысқасы, Абай –
бiздiң рухани әкемiз.[1] В другом труде ученый дает более расширенную
трактовку этого тезиса: Айталық, Абайға дейiн немесе Абайдан кейiн ақын
болмап па? Абай қандай құдiрет–қасиетiмен ақындардың ақыны бола алады? Гәп
осы арада жатыр.
Бұл тұста Белинскийге бiр соғып кету шарт. Белинский Пушкиннiң
ұлылығын ұлт ақыны болғандығын–да деп түйген ғой. Ал ұлт ақыны болу оның
шығармаларындағы жекелеген ұлттық сипаттарда, бояуларда, өрнектерде ғана
жатпайды. Ұлт ақыны болу сол ұлттық сөзi ғана емес, өзiне айналу. Бұл
керемет нәрсе!
Абайдың кереметтiгi де сондай: қазақтың сөзiне, сөзi арқылы өзiне
айналуында деп бiлу керек.[2]
С течением времени значение личности Абая в национальной культуре
только возрастает, все более выявляются масштаб его вклада в духовное
развитие своего народа, роль и место его творчества в истории казахской
литературы. Духовные, нравственно–этические искания Абая, отразившиеся в
его творчестве, сегодня в годы реформ и перестройки приобретают особое
значение. В творческой биографии великого поэта как бы психологически
спрессовались века программы развития народного духа, его сущностные
гуманистические факторы и критерии эстетики.
Рост индивидуального начала в литературе исторически совпадает с
духовным ростом народа, развитием его самосознания. Взаимосвязь этих двух
явлений в литературном процессе 19 века очень заметна. Именно с Абая
Кунанбаева и Шангерея Бокеева в казахской литературе начинается
полнокровное развитие индивидуального начала. В то же время именно Абай
наиболее полно и глубоко выразил индивидуальный ищущий дух казахского
народа. Впервые в степной поэзии оформляется подлинное интравертное я,
глубинными параметрами отличающееся от экстравертного я околофольклорного
жырау, чье сознание было растворено в коллективном ощущении мы.
Психологический, нравственно зрелый микрокосм как центр индивидуального
самосознания наиболее выпукло проступает, прежде всего, в поэзии Абая.
Поскольку становление самосознания, нравственные духовные поиски чаще всего
взаимосвязаны, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Абайдың ақындық дүниетанымы (түсіну, пайымдау, бағалау)
Абайдың ақындық кітапханасы
Абайдың ақындық мектебі
Абайдың ақындық өнері
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы
"абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы."
Абайдың ақындық сыны
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Яссауидiң сопылық танымы
Әл-Фарабидің теориялық танымы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь