Электрондық кесте құралдары және олардың мәліметтерді өңдеуі



1.Кіріспе
Электрондық кесте құралдары және олардың мәліметтерді өңдеуі.
2.Негізгі бөлім
2.1.Windows жүйесіндегі Excel программасы. Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар.
2.2. Excel электрондық кестесінің негізі ұғымдары.
2.3. Excel менюімен жұмыс атқару.
2.4. Excel.дің графикалық мүмкіндіктері,диаграмма тұрғызу.
2.5.Функция.Excel.де функция графиктерін тұрғызу
3.Қорытынды
Кестелік құрылымда құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық тәжірибелер жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүм- кіндігінің көп жақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылуынан көрінеді.
«Электрондық кесте» терминімәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланы- лады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр-түрлі есептеулер жүргізу;
2. Түрлі-түсті факторларды құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу;
3. Тиімді ету мәселелерін шешу;
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу;
5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов
Жаңа информациялық технологиялар:
«Информатикадан 30 сабақ»

2. О.Камардинов
«Информатика» (оқу құралы)

Жоспар
1.Кіріспе
Электрондық кесте құралдары және олардың мәліметтерді өңдеуі.
2.Негізгі бөлім
2.1.Windows жүйесіндегі Excel программасы. Excel программасы
туралы жалпы мағлұматтар.
2.2. Excel электрондық кестесінің негізі ұғымдары.
2.3. Excel менюімен жұмыс атқару.
2.4. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері,диаграмма тұрғызу.
2.5.Функция.Excel-де функция графиктерін тұрғызу
3.Қорытынды

Кіріспе

Кестелік құрылымда құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең тараған
құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық
мәліметтермен жұмыс істеуге негізделген. Excel жай ғана программа
емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді
жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің
негізінде түрлі-түсті диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын
даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық тәжірибелер жүргізуді
қамтамасыз ете алады. Excel мүм- кіндігінің көп жақтылығы тек
экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында
да кеңінен қолданылуынан көрінеді.
Электрондық кесте терминімәтін түрінде берілген мәліметтерді
компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланы-
лады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр-түрлі есептеулер
жүргізу;
2. Түрлі-түсті факторларды құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу;
3. Тиімді ету мәселелерін шешу;
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын
таңдап алу;
5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы, олардың мәліметтерді өңдеу
тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
EXCEL электрондық кестесінің негізгі ұғымдары.
Excel даярлайтын құжат жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы
жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің
құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір
парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады.
Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны
тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын өзгертуге болады.
Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты
латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға
дейін баған саның қамти алады. Бағандар А-дан Z-әріптерінің
комбинация-ларымен белгіленеді, ал жолдар бірден бастап 65536-ға
дейін нөмірленеді.
Бағандар мен жолдар қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық
кестені мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір
ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуімен тұратын адресі болады.
Әрқашан да ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және
жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін
атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен
экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және басқа да
іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше
ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік төртбұрыш
қалыпты болады.
Мәліметтер типі.
Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана
енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
-сан;
-формула;
-мәтін.
Енгізілген мәліметтің сан немесе формула екенің оның алғашқы
символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың бірінщісі сан
болса, онда сандық типке жатқызылады. Егер бірінші теңдік белгісі
болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе
’ болса, мәтін деп қабылдайды.
Мәліметтерді енгізу.
Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізген мәліметтерді
енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына
келтіру үшін Esc пернесін басамыз.
EXCEL менюімен жұмыс атқару.
Меню жүйесін екпінділеу WinWord п рограммасындағыдай стандартты
тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол
сәтте менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады.
Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter
пернесін басқанда, сол таңдап алған менюдің іщкі командалары
ашылады, оларды пернелермен ауыстырады, ал командамен таңдау үшін
Enter пернесін басу керек. Менюден шығу үшін Esc пернесін басады.

EXCEL менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте
ыңғайлы, қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған
қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді
тәсілмен менюдің ішкі командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады
да, жалаушалар орнатылады.
MS-WORD редакторындағыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке
сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір
істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.
Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары:
-жол нөмірі;
-баған әрпі;
-ұяшық, ұяшық көрсеткіші, ағымдағы ұяшық;
-блок.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу.
Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап
секілді парақтардан тұрады. Экранда тек бір парақ-кітаптың ең
үстінгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде
кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді.
Тышқан курсоры- мен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін
таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.
Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы объекті-
лермен бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
-бағанды белгілеу;
-бірнеше бағананы ерекшелеу;
-жолды ерекшелеу;
-бірнеше жолды ерекшелеу;
-жұмыс парағын толық ерекшелеу.

EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері.
Диаграммалар даярлау.
Excel-дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары
мен бағаналарын информацияны толық көрнекті түрде кескіндей алатын
графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.
Диаграммалар - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы
түрі. Ол берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан
гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір
ұяшық- та тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel-де 14 түрлі
екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.
Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін диаграмма шебері деген
функцияны пайдаланған жөн. Excel-дің бұл функциясы бес сұхбат
терезесі арқылы диаграмма (график) тұрғызуға және оны жұмыс парағына
салып шығуға керекті мәліметтерді сұрап алады.
Стандартты аспаптар тақтасындағы Диаграмма шебері батырмасын бассақ,
Excel диаграмма кестенің қай манында орналасу керектігін сұрайды.
1-қадам
Мұнда Excel диаграмма шеберінің 5-тен 1-қадам деген сұхбат
терезе- сін шығарады. Осы терезе арқылы диаграмма болып тұрғызылатын
мәліметтер орналасқан ұяшықтар ерекшеленеді. Егер ерекшеленген
блокты терезе жауып тұрса, оны белгілі тәсіл бойынша басқа орынға
жылжытамыз.
2-қадам
Келесі сұхбат терезесіндегі Excel тұрғыза алатын диаграмма
түрлерінің ішінен тек біреуін таңдап алуымыз керек. Гистограмма
деген диаграмма түрін тышқанды шерту арқылы таңдап алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурухананың тіркеу орнының автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Семей каласынын диагностикалык орталығынын АЖО жасау
«Мектеп информатикасына арналған электрондық дидактикалық материалдар құру»
Негізгі программалық құрылғылар
Қолданбалы бағдарлама
Электрондық оқулықтың ортақ архитектурасы
Электрондық оқулыққа жүйелік талап
Ақпарат базасынның сипаттамасы
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Электрондық оқулық құру
Пәндер