Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
КІРІСПЕ 3
1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
9
1.1 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің түсінігі және мәні 9
1.2 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің эволюциясы және негізгі даму кезеңдері
13
1.3 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің қайнар көздері 23
2 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
37
2.1 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің құрылымы 37
2.2 Халық билігі 43
2.3 Хан билігі 46
2.4 Сот билігі 57
2.5 Әскери билік 65
ҚОРЫТЫНДЫ
74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің табиғаты мен ерекшеліктері, дәстүрлі мемлекеттік биліктің түсінігі және мәні, дәстүрлі мемлекеттік эволюциясы және негізгі даму кезеңдері, дәстүрлі мемлекеттік биліктің қайнар көздері, дәстүрлі мемлекеттік биліктің құрылымы және жүйесі, халық билігі, хан билігі, сот билігі, әскери биліктің кейбір қырлары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан дамыған елу елдің қатарына көтерілуде мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміз құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекетті орнықтыратындығы конституциялық деңгейде белгіленген болатын. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттар мен міндеттері өте ауыр және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттарға еліміз гүлденген экономикалық дамуы бар, мәдени, саяси жағынан озық үлгілерді, тәжірибелерді негізге ала отырып, соны орынды жұмылдыра пайдалана білгенде ғана жете алады. Тәуелсіздігімізге ие болып, егенмен ел болғанымызды әлемге әйгілегелі бері рухани-мәдени өркендеуімізде оң өзгерістер бола бастады. Осы мезгілге дейін кешегі патшалық өкімет, кейінгі кеңестік жүйе әсерінен халқымыздың рухани-мәдени мұрасы солғын тартып, тіпті өшіп кетуге сәл-ақ қалған, ата-бабаларымыздың бар шындығын жариялауға мұрсат бермей, ондай қадамға барғандарды “ұлтшыл” деп айыптап, бас бостандығынан айырды. Ал егемендік алғалы, асыл мұраларымызбен қайта табысуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде қазақ халқы өзінің ұлттық алып тұлғаларының өмірі мен қызметіне қанығып, өздерін жаңаша сезіне бастады. Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің басты мақсаты атты өзінің жолдауында Қазақстанның дамуының басты бағыттары туралы былай дейді: “Қазақстан халқына арналған 2009 және 2010 жылдардағы Жолдауларымызда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек”. Міне бұл биіктерге қол жеткізу үшін біз қазіргі кезеңдегі экономикалық инфраструктураны дамытумен қатар, мәдени әл-ауқаты жоғары қоғамдық сананы да қалыптастыруға байланысты шараларды жүзеге асыруымыз керек. Әрине, бұл бағыт бойынша елімізде мәдени мұра бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мәдени мұра бағдарламасының аясында қазақтың өткен тарихындағы ақтаңдық беттердің барлығын орнына келтіріп, оның түпкілікті толық көрініс тапқан шын бейнесін жасау мүмкін емес. Соңғы кезде академик С. З. Зимановтың тікелей басшылығымен 10 томдық “Қазақтың ата заңдары” жарық көрді. Бұрын мұрағаттарда, сирек қолжазба қорларында, болмаса жеке адамдардың қолдарында шашырап жатқан құнды материалдарды жинап томдықтарға еңгізіп отыр. Бұл қазақ құқық жүйесін зерттеушілер үшін өте пайдалы жұмыс болып табылады. Мемлекеттік биліктің қазақ дәстүрлі қоғамында қандай орын алғандығы, қандай нысанда болғандығы толғандырады. Демек, зерттеудің негізі сол ойлар мен сұрақтардың өзінен-ақ туындайды.

1. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Құраст. Кенжалиев З.Ж., Дәулетова С.О., Андабеков Ш.А., Әділбаев М.К., Тоғжанов Е.Л. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 208 б.
2. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 192 б.
3. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихында және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.
4. Нұрпейісов Е.Қ., Котов А.К. Қазақстан мемлекетік: хандық биліктен президенттік республикаға дейін. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 96 б.
5. История Казахской ССР в 5-ти т-х. – Алматы: Ғылым, 1979. – Т. 2. – 424 с.
6. Қозыбаев Б. Қазақстан тарихы. Төрт томдық. – Алматы, 1996. – Т. 1. – 544 б.
7. Толстов С.П. Генезис феодализма в кочевых скотоводческих обществах. – Москва, 1934. – 215 с.
8. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – Алматы: Жалын, 1997. – 352 с.
9. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы: Білім, 1994. – 480 б.
10. Д’Андре Л. Материалы по казахскому обычному праву // Сост.: Культелеев Т.М., Масевич М.Г., Шакаев Г.Б. – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1948. – 350 с.
11. Белозеров А. Материалы по казахскому обычному праву // Сост.: Культелеев Т.М., Масевич М.Г., Шакаев Г.Б. – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1948. – 350 с.
12. Сартаев С.С., Өзбекұлы С. Политическая и правовая история Казахстана (документы и материалы конца XIX – начала XX вв.). – Алматы, 2000. – 485 б.
13. Тельман Э. Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата: Наука, 1989. – 144 с.
14. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 276 с.
15. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй золотой орды. Москва, 1966. – 233 с.
16. История государства и права Казахской ССР. – Алма-Ата: Мектеп, 1982. – Часть 1. – 182 с.
17. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы. – Алматы: Ғылым, 2000. – 176 б.
18. Культелеев Т.М., Уголовное обычное право казахов. – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1955. – 302 с.
19. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алма-Ата, 1975. – Т. 6. – 640 б.
20. Қуандықов Б.Ж. Қасымның қасқа жолынан “Есімге дейін” // Қазақтың ата заңдары. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. 4 т. – 139 б.
21. Зиманов С., Өсеров Н. “Жеті жарғы” жайлы. // Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата, 1989. – 283 б.
22. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. – Алматы: Санат, 1994. – 80 б.
23. Макиавелли Н. Князь / Итал. тілінен ауд. Роговин С.М. – Москва, 1910. – 560 с.
24. Бартольд В.В. Сочинения, в 9 томах. – Москва: Наука, 1966. – Т. 4. – 496 с.
25. Гродеков Н.И. Киргизы, кара-киргизы Сыр-Дарьинской области. – Ташкент: Типо-лит, 1889. – 398 с.
26. Телеуова Э.Т. Тауке (Тәуекел-Мұхаммед-Батыр хан) тұсындағы қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық ахуалы.:тарих. ғыл. канд. дисс.: 07.00.02. – Алматы, 1999. – 136 б.
27. Сейдімбек А. Тәуке хан реформалары жөнінде бірер сөз. – Алматы, 1993. – 361 б.
28. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей // Под. ред. Козыбаева М. К. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.
29. Кашанина Т. В. Происхождение государства и права. – Москва: Юрист, 1999. – 333 с.
30. Зиманов С.З. Қазақтың билер соты – бірегей сот жүйесі. – Алматы: Атамұра, 2008. – 216 б.
31. Әден С.Т. доцент, Котошева Ғ. Халық билігінің ғылыми принциптері және саясат // Ақиқат журналы. – 2010. - 7 шілде
32. Әділасан Ә.А. Көне сөздер құпиясын зерттеу. – Алматы, 1995. – 145 б.
33. Бартольд В.В. Халиф и султан. – Москва, 1912. – 324 с.
34. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XYIII и первой половины XIX веков. – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1960. – 296 с.
35. Бикенова А. Қазақ қоғамындағы хандар билігі // Заң газеті. – 2000. - 19 қаңтар
36. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 208 б.
37. Кенжахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: көпшілік оқырман қауымға арналған. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 80 б.
38. Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. – Ленинград, 1951. – 256 с.
39. Кареев Н. Происхождение современного народного-правового государства: Исторический очерк конституционных учреждений и учений до середины XIX в. – Санк-Петербург, 1908. – 254 с.
40. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. – Москва: Юрист, 1996. – 645 с.
41. Зиманов С.З. Қазақ даласында әділ соттың “Алтын ғасыры” болды ма? // Қазақтың ата заңдары. Он томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. – Т. 3. – 616 б.
42. Билер сөзі: Шешендік толғаулар, шешендік арнаулар // Құраст.: Кәкішев Т. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 160 б.
43. Төле би // Араб харпінен көшірген, құрастырған, алғы сөзін жазған – Сәрсенбі Дәуітов “Мұраттас” ғылыми зерттеу орталығы. – Алматы, 1999. – 96 б.
44. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины XIX века. – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1960. – 296 с.
45. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері). – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 296 б.
46. Өсерова А.Н. Қазақ әдет-ғұрып заң нормаларындағы тәлім-тәрбие тағылымдары: заң ғыл. канд. дисс.: 12.00.01. – Тараз, 2007. – 128 б.
47. Үш пайғамбар // Құраст. Нысаналы А. – Алматы: Дәуір, 1992. – 184 б.
48. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XY-XYII веков. – Москва: Наука, 1982. – 136 с.
49. Вяткин М.П. Батыр Срым. – Алматы: Санат, 1998. – 344 с.
50. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғ. 20-40 жылдарында. – Алматы: Санат, 1994. – 416 б.
51. Қайырханова Ф.К. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан // оқу құралы. – Семей, 2004. – 98 б.
52. Уәлиханов Ш. Ш. XVIII ғ. батырлары туралы тарихи мағлұматтар
53. Тасбулатов А., Аманжолов К. Военная история Казахстана: Очерки. – Алматы: Рауан, 1998. – 176 б.
54. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ
КАФЕДРАСЫ
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік
Орындаған 3 курс
күндізгі оқу бөлімнің студенті __________________ Турумбетов Е.А.
Ғылыми жетекші
з.ғ.к., доцент ______________________ Турсынкулова Д.А.
Норма бақылаушы
з.ғ.к., доцент ______________________ Ахатов
У.А.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
т.ғ.к., профессор _______________________ Нездемковский
В.В.
Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 9
1.1 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің түсінігі және мәні 9
1.2 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің эволюциясы және негізгі даму
кезеңдері 13
1.3 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің қайнар көздері 23
2 ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
ЖҮЙЕСІ 37
2.1 Дәстүрлі мемлекеттік биліктің құрылымы 37
2.2 Халық билігі 43
2.3 Хан билігі 46
2.4 Сот билігі 57
2.5 Әскери билік 65
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста дәстүрлі қазақ
қоғамындағы мемлекеттік биліктің табиғаты мен ерекшеліктері, дәстүрлі
мемлекеттік биліктің түсінігі және мәні, дәстүрлі мемлекеттік эволюциясы
және негізгі даму кезеңдері, дәстүрлі мемлекеттік биліктің қайнар көздері,
дәстүрлі мемлекеттік биліктің құрылымы және жүйесі, халық билігі, хан
билігі, сот билігі, әскери биліктің кейбір қырлары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан дамыған елу
елдің қатарына көтерілуде мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміз құқықтық,
демократиялық, зайырлы мемлекетті орнықтыратындығы конституциялық деңгейде
белгіленген болатын. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттар мен
міндеттері өте ауыр және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанның
алдында тұрған бұл мақсаттарға еліміз гүлденген экономикалық дамуы бар,
мәдени, саяси жағынан озық үлгілерді, тәжірибелерді негізге ала отырып,
соны орынды жұмылдыра пайдалана білгенде ғана жете алады. Тәуелсіздігімізге
ие болып, егенмен ел болғанымызды әлемге әйгілегелі бері рухани-мәдени
өркендеуімізде оң өзгерістер бола бастады. Осы мезгілге дейін кешегі
патшалық өкімет, кейінгі кеңестік жүйе әсерінен халқымыздың рухани-мәдени
мұрасы солғын тартып, тіпті өшіп кетуге сәл-ақ қалған, ата-бабаларымыздың
бар шындығын жариялауға мұрсат бермей, ондай қадамға барғандарды “ұлтшыл”
деп айыптап, бас бостандығынан айырды. Ал егемендік алғалы, асыл
мұраларымызбен қайта табысуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде қазақ халқы
өзінің ұлттық алып тұлғаларының өмірі мен қызметіне қанығып, өздерін жаңаша
сезіне бастады. Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылғы Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің басты мақсаты атты өзінің
жолдауында Қазақстанның дамуының басты бағыттары туралы былай дейді:
“Қазақстан халқына арналған 2009 және 2010 жылдардағы Жолдауларымызда мен
ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да
айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан
нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді
индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала
бермек”. Міне бұл биіктерге қол жеткізу үшін біз қазіргі кезеңдегі
экономикалық инфраструктураны дамытумен қатар, мәдени әл-ауқаты жоғары
қоғамдық сананы да қалыптастыруға байланысты шараларды жүзеге асыруымыз
керек. Әрине, бұл бағыт бойынша елімізде мәдени мұра бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Мәдени мұра бағдарламасының аясында қазақтың өткен тарихындағы
ақтаңдық беттердің барлығын орнына келтіріп, оның түпкілікті толық көрініс
тапқан шын бейнесін жасау мүмкін емес. Соңғы кезде академик С. З.
Зимановтың тікелей басшылығымен 10 томдық “Қазақтың ата заңдары” жарық
көрді. Бұрын мұрағаттарда, сирек қолжазба қорларында, болмаса жеке
адамдардың қолдарында шашырап жатқан құнды материалдарды жинап томдықтарға
еңгізіп отыр. Бұл қазақ құқық жүйесін зерттеушілер үшін өте пайдалы жұмыс
болып табылады. Мемлекеттік биліктің қазақ дәстүрлі қоғамында қандай орын
алғандығы, қандай нысанда болғандығы толғандырады. Демек, зерттеудің негізі
сол ойлар мен сұрақтардың өзінен-ақ туындайды.
Сондықтан да, осы құптайтын бастаманы негізге ала отырып, бұл бағыттағы
жұмыстарды тоқтатпай жалғастыра беру керек. Біздің ұсынып отырған дипломдық
жұмысымыз да, осы бағыттағы шаралардың бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихының өшпес белгілері болып табылатындығын айтып
кеттік. Ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекет, өзінің демократиялық белгілерін
жоймай, бүгінгі күнде дамыған, өркениетті қоғам құруға жол ашты. Бұл
белгілері дәстүрлі қазақ қоғамының барлық институттарында көрінеді.
Көшпелі қоғам мен отырықшы халықтың басын біріктіріп, екі түрлі
мәдениетте бір тұтастық орнату мемлекеттік билік өкілдерінің билігінсіз
жүзеге аспайтын мәселе. Яғни, ханның билігі, халықтың билігі, сот билігі
және әскери билік арқылы жүзеге асқан экономикасы мен мәдениеті тығыз
байланысты, үйлесімді қоғамда тепе-теңдіктің кепілі болған.
Еуразияның ортасында, жан-жағынан алып мәдениеттер мен халықтардың
арасында бой көтеріп, саяси аренадаөз орнын ұстап тұру оңай емес шаруа. Хан
өз елі атынан өзге елдермен тең қатынасқа түсуі, өз мүдделерін қорғау, сол
адамның беделінің жоғарлығын ашып көрсеткендей.
Әкімшілік тұрғыдан көптеген Батыс, Шығыс жүйелеріне қарағанда неғұрлым
демократиялы қоғамымызда хан билігі ашық жүргізілген. Ол өз қызметін жария
етіп, басқа мемлекеттік билік өкілдерімен ақылдасып, өз жеке мүддесін
ешқашан баспаған, тек елінің қамын ойлаған билеушіге үйренген қазақ халқы
өз қанына терең патриоттық сезімдерді ұялатты.
Биліктің дәстүрлі қазақ қоғамында тек қалыптасқан дәстүрлі қатынастарға
ғана емес, сонымен қатар, реттеуші құқықтық нормалардың да байланысты
болғандығын ескере кету керек. Әрине, көптеген ғалымдар дәстүрлі қазақ
мемлекеттілігіндегі әкімшілік құқықтық қатынастарды архаикалық түрге
жатқызуы мүмкін. Бірақ, олай болғанмен бұл қатынастар елде адам құқықтары
мен бостандықтарын басшылыққа алуына жол ашты. Бұндай нәтижеге жеткен өзге
елдер бар ма? Еуропада әрбір қоғамда мемлекеттіліктің дамуы мәжбүрлеу
механизмінің күшейтілуі арқылы жүзеге асса, қазақ дәстүрлі
мемлекеттілігінде керісінше бірлесу арқылы дамыған.
Мемлекеттік билік құрылымдарының құрылуы, оның ішінде хан билігі қазақ
жерінде “көшпелі монархияның” түсінігін қалыптастырды. Әлемдік мемлекеттану
ғылымында таралмаған бұл басқару нысаны, болашақ зерттеушілер үшін бастау
алаңы болмас.
Сонау Түрік қағанатынан бастап, Қазақ хандығының Ресейге қосылу сәтіне
дейін қазақ жерінде көшпелі және отырықшы мәдениеттің ұштасуы мен дамуы
көрінген. Сол жағдайда бір басқарушының билік жүргізуі, басқа ешбір жерде
көрінбеген ерекшеліктерді тудырады. Қазақ жеріндегі саяси билік өзге жерден
келген мәдениетті жұтып алып, өз ішінде жаңаша жүйе қалыптастырған.
Түрік қағанаты он тайпа одағы болып басқарылған жүйе орнатса, кейін бұл
тұтас мемлекетке айналған. Ал, ислам дінінің таралуы, қазақ жерінде алғаш
ислам дінін ресми қабылдаған Қарахан мемлекетінің келуімен сипатталады.
Бірақ, сонымен қатар, қазақ жеріндегі әрбір мемлекеттегі билік ең алдымен
сенім, парасаттылық, ар-намысқа негізделген. Мысалы: дамыған Түрік
қағанатында билік басшысына деген сенім, ол мемлекеттің дамуының кең өріс
алуына әсер етті. Сол даму сатыларында көрінген өзге мемлекеттер ішкі
тартыстар нәтижесінде жойылып жатты. Қарахан мемлекетіндегі жүйе Бағдад
халифаты мен Саманидтер мемлекетінен қатты ажыратылады. Тарихшылар айтуынша
Қарахан мемлекеті көшпелі шаруашылықты жүргізе берді. Сонымен қатар, қала
мәдениетін де дамытты. Ежелгі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері мен Түрік
қағанаты дәуіріндегі мемлекеттер, Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін өмір
сүрген көптеген мемлекеттер қазақ жерін мекендеген халықтардың мемлекеті
болды және оның тарихында өшпес із қалдырды.
Мемлекеттілікті зерттеуде, оның құқықтық және саяси ерекшеліктерін
басшылыққа алып отыру, мемлекеттің құқықтық теориясы мен тарих пәнін
түзейді. Ол биліктің ұйымдастыру, жүзеге асуы, қоғаммен байланысты
сұрақтарына жауап береді.
Жаңа мемлекет құрып келе жатқанда, қоғам мен мемлекеттің негізін
қалаушы қатынастардың зерттелуі ең өзекті мәселеге айналуда. Ұзақ, ешкімге
ұқсамас тарихымыз бар, елімізде мемлекеттің даму кезеңдерінің көптеген
көріністері бар. Олардың бір жолата жоғалып, қайта бой көтеруі, біздің елде
өркениеттіліктің қалыптасуына жол ашты.
Өзіне мәдениет, дін мен ділді ұштастырған қоғам, мемлекетсіз өмір сүре
алмайтындығын байқатты. Бұл әлемнің түпкір-түпкірінде мемлекеттік
құрылымдардың пайда болуына әкелді. Міне, сол мемлекеттердің
ерекшеліктерін, саяси-экономикалық және әлеуметтік өмірін зерттеу құқық
ғылымының басты мақсаттарының бірі.
Уақыт өте келе, бостандыққа үйренген халық мемлекеттік құрылымсыз,
өзіндік тіл, мәдениет, діннің дамуының мүмкін еместігін түсінгендей. Ал,
мемлекеттің қандай жүйе екендігін білеміз бе? Қазақ дәстүрлі қоғамында
мемлекеттілік қандай нысанда болды екен? Бұл сұрақтар осы жұмыстың қалаушы
негізін салады.
Еуропа мен Шығыс елдеріндегі қоғам мен мемлекеттің бір нысанына
байланысты, ол құрылымының жан-жақты зерттеуін қамтамасыз етті. Ал,
Қазақстанның қиын тарихы, бұл мәселені ғасырлар көлеңкеде қалуына себепші
болды.
Өзгеге ел зерттеушілерімен қарастырылған біздің дәстүрлі мемлекеттілік,
қазіргі мемлекет және құқық тарихымызда теріс ойлар қалыптасуына әсер етіп
жатыр. Мәселен, кеңес заманының өзінде, қазақ дәстүрлі қоғамына сан түрлі
пікірлер келтіріліп, оның дамыған тобы болғандығын көрсеткісі келгендей.
Көне Еуропа мен Шығыс мемлекеттерімен салыстыру жүргізу арқылы, өз
түсінігін араластыра келе біздің дәстүрлі қоғамымызға дұрыс емес анықтама
берген ғылымдарда көп болған.
Қазақ дәстүрлі мемлекеттілігін қарастыру үшін ең алдымен жалпы қазақтың
дәстүрлі мәдениеті, санасы мен тілін білу керек. Оны білмей теория құру
дұрыс жолға түспейді.
Бұл еңбекте қазақ дәстүрлі мемлекеттілігінде ең жоғарғы саяси билік
зерттелінеді. Ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік деген атпен
танымал. Тақырыптың өзі тарихи жолдағы құқықтық механизмнің қалыптасуы мен
дамуын қарастырды. Мемлекет болғандықтан, ол арнайы жүйеден тұрады, ол жүйе
қандай болғандығын бәріміз білгіміз келеді.
Мемлекеттік биліктің қазақ дәстүрлі қоғамында қандай орын алғандығы,
қандай нысанда болғандығы толғандырады. Демек, зерттеудің негізі сол ойлар
мен сұрақтардың өзінен-ақ туындайды. Жоғарғы билік қазақ қоғамында басқа
халықтардың жүйесіне ұқсады ма немесе ешкімге ұқсамаған жүйе болды ма?
Батыс авторлары қазақ дәстүрлі мемлекеттілігін формациялық критерийлер
арқылы сараптайды. Оның теріс болғандығын қәзіргі жас мемлекетіміздің
ғалымдары дәлелдеуде. Қазақ халқы өзінің құқықтық тарих сахнасынан
өшірілген немесе жоғалтылған рухани-мәдени құндылықтарын қайта жаңғырту
үстінде. Соның нәтижесінде қазақ халқы өзінің ұлттық тарихына, әдет-ғұрып,
салт-дәстүріне, елі, жері үшін жандарын пида еткен тұлғаларының өмірі мен
қызметіне жаңаша көзқараспен қарай бастады.
Қазақ тарихының жұлдыздары саналатын билер мен батырларымыз, хандарымыз
мемлекет билігіне қандай қатысы бар? Бұл тұлғалар қазақ мемлекеттілігінің
ірге тасын қалады.
Қазіргі кезде, судай қажетті демократияның негізгі белгілерінің қазақ
дәстүрлі қоғамында орын алғандығын айта кету керек. Ол белгілер мемлекеттік
биліктің жүйесінде де көрініс тапты. Жалпы, қазақ дәстүрлі қоғамында
ханның, бидің, батырлардың кім болғаны, олардың билігінің қандай саяси-
құқықтық нысанда болғаны, қазіргі кезеңмен салыстырғандағы бейнесі туралы
ойларды осы еңбекте ашуға тырысамыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақ қоғамындағы, қазақ әдет-ғұрып
құқығындағы мемлекеттік биліктің табиғаты мен ерекшеліктері туралы
зерттеулер, ой-пікірлер жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатыр. Қазақ әдет-
ғұрып құқығындағы мемлекеттік биліктің табиғаты мен ерекшеліктері, оның
бастаулары қазақ даласында өмір сүрген ғұн, үйсін, қаңлы дәуірлеріне барып
тіреледі. Оның болмысын зерттеуде Ресей мемлекетінің А. И. Левшин, Л.
Д’Андре, А. Белозеров, В. В. Бартольд, Н. Я. Бичурин, С. П. Толстов, Н. И.
Гродеков және т. б. секілді XIX ғасырда өмір сүрген озық ойлы зиялылылар
еңбектерінің берері көп. Сондай-ақ отандық белгілі заңгер ғалымдар С. З.
Зиманов, С. С. Сартаев, Т. М. Култелеев, Н. Өсерұлы, С. Өзбекұлы, З.
Кенжалиев, Б. Қуандықов, Т. И. Султанов, С. Созақбаев, Ғ. Маймақов және т.
б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ, өзге де
қоғамтану ғылымы саласының зерттеушілері Б. Қозыбаев, Ә. Әбіласан, Н.
Макиавелли, С. Кенжахметұлы, М. Мағауин және т. б. ғалымдардың ғылыми
еңбектеріне де сүйенді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей
мұрағатындағы сақталған деректер және осы мұрағаттағы белгілі ғалымдардың
еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар, бұл жұмысты жазу барысында Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек қорларындағы Қазақстан тарихына
байланысты қолжазбалар кеңінен сараланып пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі объектісін
XYII-XYIII ғасырлар аралығындағы қазақ хандығындағы саяси-құқықтық
қатынастар және қазақ әдет-ғұрып құқығындағы мемлекеттік биліктің табиғаты
және ерекшеліктері, эволюциясы және негізгі даму кезеңдері, қайнар көздері
құрайды.
Дипломдық жұмыстың пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі пәнін қазақ әдет-
ғұрып құқығындағы мемлекеттік биліктің тарихы, табиғаты, ерекшеліктері,
құрылымдары, оның алатын орны құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы
мемлекеттік биліктің мәні мен маңызын ашу, халық билігін, хан билігін, сот
билігін және әкери биліктің қалыптасқандығын нақты фактілермен дәлелдеу.
Осы мақсатқа жету мынандай міндеттерді шешу көзделді:
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің табиғаты және
ерекшеліктерін қарастыру;
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің мәні және түсінігін
беру;
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің эволюциясы және
негізгі даму кезеңдерін көрсету;
- мемлекеттік биліктің қайнар көздерін саралау;
- дәстүрлі мемлекеттік биліктің құрылымы және жүйесін, халық билігін,
хан билігін, сот билігін және әскери биліктің кейбір қырлары қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы. Дипломдық жұмыс
қоғамтану, әсіресе құқықтану ғылымында қолданылатын әдістерге негізделіп
жазылды. Бұл әдістерге тарихи-салыстыру, талдау, анализ бен синтез
тәсілдері пайдаланылды.
Дипломдық жұмысты жазуда белгілі заңгер ғалымдар С. З. Зиманов, С. С.
Сартаев, Т. М. Култелеев, Н. Өсерұлы, С. Өзбекұлы, З. Ж. Кенжалиев, Б. Ж.
Қуандықов, С. Созақбаев және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа
алынды.
Сондай-ақ өзге қоғамтану ғылымы саласының зерттеушілері М. Қозыбаев, Е.
Бекмаханов, М. Мағауин, Т. И. Султанов, А. Н. Бернштам, А. И. Левшин, М. П.
Вяткин және т.б. еңбектеріне де сүйендік.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы
мемлекеттік билік мәселелерін толық көлемде, құқықтық мәнінде қарастырылуы
тұңғыш қойылып, зерттеліп отыр. Оған дейін, хан институттарының тарихи,
саяси және өзге де нысандарда зерттелінгендігін білеміз. Ал, мемлекеттік
биліктің құқықтық маңызын ашып беру осы еңбектің негізгі мақсатына айналды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысы нәтижелерінің
нәтижелері қазақтың саяси – құқықтық тарихына жаңаша көзқарас
қалыптасыруға септігін тигізеді. Сол арқылы ол тарихи, рухани, мәдени
саладағы білімді арттыруға негіз бола алды. Елімізде жүргізіліп жатқан
құқықтық реформалардың тарихи – мәдени бет бейнесін айқындауға, заң сот
жүйелеріне өзгерістер енгізу барысында тарихи тәжірибені ескеруге ұйтқы
болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі
бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1. ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1. Дәстүрлі мемлекеттік биліктің түсінігі және мәні
Мемлекеттік билік және оны қоғам, адам игілігіне қызмет еткізу мәселесі
қай дәуірде болмасын күн тәртібінен түспеген. Мемлекеттік билік өзіндік
бітім болмысы бар жеке-дара құбылыс есебінде ішкі эгоистік импульстеріне
берілсе қоғамдық мүдделерден өзін бөлек ұстауға тырысады, тіптен, оларға
өзін қарсы қойып алуы мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік қоғамдық мүдде адами
ізгі мақсаттар және талап-тілектер деңгейімен шектеліп, рухани өмір
құндылықтары аясында арқандауы тиіс.
Билік, оның ішінде мемлекеттік билік, әрине, өте күрделі обьективті
құбылыс. Оның ішінде ізгілік, жасампаздық, адамдық қабатына шығып, тек осы
режимде пайдалану оңай жұмыс емес. Бұл бағытта атқарылар шаралар көп. Соның
бірі – мелекеттік биліктің ғылыми бейнесін жасау, оны ғылыми тұрғыдан
зерттеп-зерделеп, жүйелі түрде ой елегінен өткізу. Бітім-болмасы нақты да
айқын танылған құбылысты игеріп, пайдалану әлдеқайда оңай болары белгілі.
Көшпенді қазақ қоғамындағы билікке, оның ішінде мемлекеттік билікке
көзқарас өзінің дүниетанымдық мөлдірлігімен және пәктігімен ерекшеленетін.
Бұл көзқарастың негізінде те байлық іспеттес өткінші дүние, мәңгілік
емес деген ой-әуен жатты. Билік те, байлық та қолдың кірі деп есептейтін
сахара жұрты, олар адам басында мәңгі тұрмайды, уақытша ғана тұрақтайды.
“Байлық – бір жұттық” дейтін қазақ мақалдап. Оның ойлау үрдісі, бағалау
әдісі билікке, оның барлық салаларына да қатысты еді. Байлық пен билік
көшпенділерге баянсыз, алдамшы құбылыс болып елестейтін. Сондықтан билікке
қызығуды, оны өмірлік мақсат тұтыду ізіне түсіп қууды қоғамдық сана бос
әурешілік, жағымсыз іс-әрекет деп жақтырмаймын [1, 166 б.].
Себебі, билік қазақ қоғамында ешқашан да басты құндылықтар, асыл
мұраттар деп есептелген емес. Ең басты құндылықтар, айнымас асыл мұраттар
деп қазақ жұрты ар, ұят, намыс, имандылық, әділілеттілік қасиеттерін
атайды. Билікке ұмтыламын деп бойындағы адамгершілік қасиеттерден айырылып
қалма деп уағыздайтын ел даналығы.
Ал билікке қолы жеткен жан енді оның қадірін біліп, халық игілігі үшін
жұмсауы керек. Өйткені халық – биліктің негізгі және тірегі, оның қайнар
көзі. Сондықтан билік игілігі халыққа бағышталуы керек, соның жағдайын
жасауға, “көңілінен шығуға” арналуы керек. Ондай болмаған жағдайда биліктің
тұрақтап тұруы неғайбыл, оның өміршеңдігі күмәнды. “Халық қаһарланса ханды
да тақтан тайдырады” дейді қазақ. Көшпенділердегі ежелден келе жатқан
“ханды қылғындыру”, “хан көтеру”, “хан талапай” рәсім-дәстүрлері
мемлекеттік биліктің басты тұғыры халық екендігін көрсететін ұғымның
көрінісі.
Билікті және билік иелерін сыйлау керек, оларға қорқа, үрке қарауға
болмайды деген ой-әуен тән еді қазақ қоғамына. Себебі, билік елге қызмет
етеді, ал билік иесі – ел қызметшісі. Сондықтан оларды құрметтеп, мәпелеп
ұстау керек, қадірін біліп, қасиетінің парқына жету керек деп түйіндейтін
дала тұрғындары.
Қазақстан жағдайында мемлекеттік биліктің астарына үңілу дәстүрлі қазақ
қоғамындағы саяси билік ерекшеліктерін егжей-тегжейлі ескеруді талап етеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамы көшпелі өмір салтын мыңдаған жылдар бойы ұстанған
халық. Сондықтан, бұл қоғамдағы биліктаным табиғатын және құпиясын зерттеу
әлемдік қоғамтану ұшін берері көп талпыныс болары анық.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік мәселесі-әлі күнге дейін
ғылыми әдебиетте арнайы қойылып, жеке кеңес дәуірінде қалыптасқан
көшпелілер (бұратаналар) тарихына менсінбеушілік көзқарас еді. Әдістемелік
дәрменсіздік ірі жұтаңдық (таптық идеология), теректемелік тапшылық және
басқа да факторлар бұл жағдайды ушықтыра түсті.
Соңғы жылдары Қазақстанның әлеуметтік, саяси, құқықтық тарихына
арналған тың деректер, жаңа зерттеулер жариялануда. Республиканың жалпы
тарихына арналған еңбектерде де көпшілік қазақ қоғамындағы мемлекеттік
құрылымға арналған мәліметтер келтіріледі. Дегенмен, бұл зерттеулер
дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің толыққанды обьективті
сұлбасын жасаудағы алғашқы қадамдар, талпыныстар, бастамалар деп
бағаланғаны абзал.
Көшпелі (жартылай) өмір салты үстемдік құрған қазақ қоғамындағы
мемлекеттік өмір өте күрделі де нәзік құбылыс. Оның жеке-дара өмір арнасы
есебіндегі тұр-тұлғасы, бітімі, ішкі құрылымы, құндылықтары, қызмет ету
аясы, ерекшеліктері, құралдары, өзіне сай көзқарасты, зерттеу әдісін талап
етеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи күш факторы, қоғамдық бедел және саяси
(мемлекеттік) билік салалары өзара астасып жатты. Олардың аражігін
ажыратып, бір-бірімен байланысын, әсерін жайлау оңай жұмыс емес екендігі
анық. Тек, қоғам ғылымының оның ішінде заң ғылымының, соңғы кездері қол
жеткізген әлемдік дәрежедегі әдістемелік, теориялық деңгейдегі биіктерін
ұтымды пайдалана білу және қолдану ғана бұл бағыттағы ізденістердің сәтті
болуын қамтамасыз ете алады.
Бұл тақырыпты өз дәрежесінде игеру қоғамда қалыптасқан мемлекеттік
билік, саяси өмір шындықтарын бейнелейтін терминдерді, ұғым түсініктерді
анықтауды талап етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік билік ұғымының пайда болу,
(ел, отан, жер, заң т. б.) байланысын қарастыру да сұранып тұрған
қажеттілік.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің құқықтық жүйемен
байланысын зерттеу бұл тақырыпты тереңдете игеруге мүмкіндік береді.
Әсіресе, олардың бір-біріне “қорған” бола білу мүмкіншіліктері және осы
бағыттағы іс-әрекеттері, үлесімді қызмет атқару ерекшеліктері заң ғылымы
алдында тұрған көптеген сұрақтардың пердесін ашады.
Қазақ қоғамындағы мемлекеттік билік және жеке тұлға мәселесі де арнайы
қарауды қажет етеді. Себебі, қазақ қоғамында жеке тұлға (жеке адам) ең
басты құндылық болып есептелді, “малым жанымның, жаным арымның садағасы”
деп қазақ бекер айтпаған. Ар, жан иесі – адам. Адам – қоғамның басты
тірегі, тұлғасы. Адам болғанда – нақты, жеке адам. Оның өмірбаяны, туған-
өскен жері, туған-туысқандары, жекжат-жұрғаттары – бәрі-бәрі қоғамдық
есепте болады. Көшпелі қоғамда шежірелік сынақтың және сананың болғаны
құпия емес және ұланғайыр территориядағы адамдар саны аса көп те болмаған.
Оларды есепке (шежірелік) алып, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отыру қазақи
өмірдің ерекшеліктерінің бірі. Қазақи қоғам мүшелері байлықты, билікті
емес, ең бірінші бірін-бірі қадірлеген. Бір-бірінің жеткен жетістігі,
кемшілігі, таланты, талабы, іс-әрекеті, мінеки, қоғамның басты қызықтар
сауалдары осылар болды. Қоғамдағы мемлекеттік билік, әрине, бұл факторды
аттап өте алмады.
Оның үстіне мемлекеттік биліктің өзі жалпы абстрактілі ұғым емес, оның
иесімен тығыз байланыстырылатын, тіптен, ол екеуін (билік және оның иесі)
ажыратпайтын. Сондықтан, жалпы хан, би, батыр билігі ұғымдармен қатар,
қандай би билігі екендігі арнайы аталатын және жеке тұлғаның қасиеті мен
билік табиғаты, оның орындалу көлемі мен сипаты егіз деген түсінік қоғамда
үстем болатын.
Қазақ қоғамындағы мемлекет ұғымы отан, ел, жұрт, ұлт, жер ұғымдармен
егіз сыңарындай болып, еншісі бөлінбеген күйде араласып-құраласып, тонның
ішкі бауындай астасып жатады. Сол ұғымдардың құрамдас бір бөлігі, қабаты не
қыры болып келіп, ажырамаған, біртұтас, құйма күйде өмір сүрген. Сондықтан,
жер меншігі, территория, тіл мәселелері қаралғанкезде қазақи сана оны жеке-
дара мәселе деп емес, мемлекет жайлы, отан туралы мәселе талқыға түсіп
жатыр деп есептейді.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік билікке көзқарас белгілі бір
ерекшеліктермен айшықталатын. Оның негізінде жалпы билікке, оның ішінде
жеке адамның (ата-ананың, ауыл ақсақалының, ру басының, ел басшысының, т.
с. с.) билігіне деген көзқарас жатты. Билік ұғымы кең мағынада қамқорлықпен
(үлкеннің, әлдінің), парасаттылықпен, көргенділікпен, әділдікпен,
шешедікпен байланыстырылатын, бағыт-бағдар беру, жол көрсету ретінде
түсінілетін [2, 94 б.].
Зорлықпен күш көрсетіп, қиянатпен өктемдік жасау – билікке жат құбылыс
деп саналады. Екіншіден, билік ұғымы билік айту, билік құру мағынасында
қолданылады. Яғни, биліктің бұл мағынасы ақыл беру, кеңес беру, бірлесіп
ортақ шешімге келу жағдайларын қамтиды. Сонымен бірге бұл мағына сот
билігінің (қызметінің) дербестену, даралану болмысының көрінісі еді.
Мемлекеттік биліктің бұл саласының өз алдына жеке өмірін бейнелейді,
үшіншіден, ол билік орнату, билік жүргізу, билік қылу мағынасында
қолданылды. Бұлай ел басқару мүмкіндігіне ие болуы халыққа басшылық жасау,
ел басқару жағдайларына сай келеді. Төртіншіден, биліктің (билеу), (билеп-
төстеу), (билеп-жаншу) мағынасы болды. Бұл оның жағымсыз (көлеңкелі)
қатпары болатын. Күш (зорлық-зомбылық) көрсету, өктемдік оқиғалары осы
аталған мағынаға сай болатын.
Қазақи сана биліктің кең (бірінші), мағынасына жоғары баға береді. Осы
бағытты және деңгейді құптады, биліктің осылай іске асуына және қолдануына
дем беріп отырды, сол шеңберден шықпауына бақылау жасауға тырысты. Биліктің
кең мағынасындағы астарына оның екінші қатардағы, яғни сот билігін
бейнелейтін мағынасы жақын тұрды.
Қазақ қоғамындағы мемлекеттік биліктің мәні, мазмұны, сипаты, әсіресе,
оның пайда болуы мен қалыптасуы, соған сай ерекшеліктері әлі күнге дейін
ғылыми әдебиетте өз шешімін тапқан жоқ. Ал, көшпелі қоғамдағы мемлекеттік
биліктің ағымы, құрылымы, іске асу механизмі, оның материалдық болмысы
(әскері, органдары, алым-салық, лауызым иелері), нысандары (монархия,
халықтық демократия) жайлы мәселелер тіптен тыңнан игеруді талап етеді.
Мемлекет және тарих мамандары негізінен Қазақстандағы әдет құқығын
зерттеумен шұғылданып, оның мемлекеттік өмірін ой елегінен жүйелі түрде
өткізуді естен шығарып алды. Енді еліміз егемендік алған мына дәуірде
мемлекеттік болмысымыздың тарихын ғылыми тұрғыда зерттеу кезек күтірмес
мәселеге айналуда. Ғылыми әдебиетте көшпелі халықтардың мемлекеттілігі
жайлы мәселе арнайы қаралмайды. Олар формациялық ұстанымға негізделген
мемлекеттік дамудың нысандары аясында зерттеледі. Әрине, мұндай жалпы
мемлекеттік таным аясындай көзқарас көшпелі халықтардың мемлекеттік
өмірінің ерекшелігін жеріне жете айқындап бере алмайды. Сондықтан, бұл
қоғамдағы саяси (мемлекеттік) билік өз ерекшелігі бар күрделі құбылыс
есебінде қаралғаны абзал. Көшпелі қоғамдағы мемлекеттік биліктің негізгі
нысаны – монархия болғаны белгілі. Әдебиетте феодалдық монархияның бірнеше
түрлері аталды. Ерте феодалдық монархия, феодалдық бытыраңқылық дәуірдегі
монархия, сословиелік-өкілдік монархия, абсолютті монархия. Ал ежелгі шығыс
елдеріне байланысты (Египет, Вавилон, Индия, Қытай) монархияның шығыстық
деспотия түрін анықтайды. Көшпелі қоғамдағы монархияның өз ерекшелігі бар.
Өйткені, бұл қоғамды ру-тайпалардың жоғарғы мемлекеттік билік органына
бағыныштылығы әлсіз болды. Одан кейін бұл қоғамдарда әдет құқығы негізгі
реттеуші роль ойнады да, оның халыққа, көпшілікке салып, мәселе шешуге
арналған органдарының беделі жоғары болды. Қоғамда “тұлғалық” (личностный)
фактор өте жоғары орын алды. Жеке адамның табиғатын, талантын, тегін,
беделін сыйлау жақсы дамыды. Барлық дерлік әлеуметтік мәселелер жариялы
түрле ауыз-екі талқы негізінде шешіліп отырды. Сондықтан, биліктің қатпар-
қатпар иірімдері, әлеуметтік қабаттары монархияның (жеке биліктің,
мирасқорлық биліктің) өзіндік “көшпенділік” бейнесін сомдады.
Бұл тақырыпты зерттеудің болашағы мол. Мұны зерттеу өткен мемлекеттік
тарихымыздағы ғана емес, қазіргі және болашақ саяси болмысымыздың да
бетпердесін ашып, жаңа мыңжылдықта егеменді мемлекетіміздің тарихи
мүмкіндіктерін барынша мол пайдалануға жағдай жасайды [3, 16 б.].
Ерте заманнан бастап, адамзат қоғамының саяси-құқық дамуының әр түрлі
кезеңінде адам құқығын әділетті басқару және әділ сот қағидалары мен
принциптерін қалыптастыру, оны іске асыру адам, қоғам өмірі үшін маңызды
көкейтесі мәселелердің бірі екендігі баршаға аян.
Аталған негізгі мән-мазмұнын қарастырмас бұрын, бірнеше ғылыми құқықтық
әдебиеттерде тұжырымдалған адам құқығы түсінігіне мән беріп тоқтала кеткен
жөн болар деп ойлаймын.
Мәселен, жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында: “барлық адамдар
дүниеге келген табиғатында ерікті, құқықтық тұрғыдан тең, лайықты өмір
сүруге қақысы бар, олар ақыл-ой, ар-ождан иесі ретінде бір-бірімен
бауырластық қарым-қатынаста болуы керек” Осы құжаттың 3-бабында: әрбір
адамның өмір сүруіне, еркіндікке ұмтылуына, жеке басына қол сұғылмауына
кепілдік алуына құқығы деп тұжырымдалған. Сондай-ақ, үлкен заң
энциклопедиясында адам құқығы түсінігі, оның құқықтық мәртебесінің
мемлекетпен арадағы қарым-қатынаспен, кез-келген адамның қоғам өмірінің
экономикалық, саяси және мәдени саладағы алатын орнымен, оның адам
құқығының табиғи екендігі, одан айыру мүмкін еместігі сипатталады.
1. 2. Дәстүрлі мемлекеттік биліктің эволюциясы және негізгі даму
кезеңдері
Тәуелсіздік алғалы бері қазақтың дәстүрлі құқығын зерттеу жаңа жолға
түсті. Өз елінің тарихын білмеу, болашақта ол елді түсінбеу десек
қателеспейміз. Қазақ халқы, ежелгі халық екенін бәрі біледі, ал оның
өркениетінің жоғары дәрежеде болғандығы көптеген ғалымдардың қарсы
пікірлерін туғызады. Қазір Қазақстанда дәстүрлі құқықты зерттейтін үлкен
мектеп құрылуда, ол мектептің осы уақытқа дейінгі еңбегі де жоғары, мәселен
егер кеңес заманында қазақтың дәстүрлі құқығымен тек саусақпен санаулы
ғалымы болса, бүгінгі күні ол ғалымдар үлкен мектептің бастауы болуда.
Біздің ата-бабаларымыз қандай қоғамда өмір сүрді, мемлекеттілік туралы
ойларын білу үшін, арнайы құқықтық зерттеулердің болуы қажет. Тарихтан біз
қазақ жерінде мекендеген тайпаларды, олардың құрған мемлекеттері туралы
білеміз. Ал олардың саяси-құқықтық құрылымы, басқару нысаны мен түрлері,
мемлекеттік режимі туралы мәліметіміз аз.
Биліктің қазақ жеріндегі, жүзеге асу процессін бірнеше кезеңге
қарастыруға болады.
1. Далалық-көшпелі қауымның билік нысаны (бұл алғашқыда орталықтанбаған
жергілікті билігі бар, адамдар мен тайпалар арасындағы қатынас жалпы
тәуелділік емес, жекелей тәуелді сипатта дамыған далалықтардың табиғи
қауымдастығының потестарлық ұйымдастырылуы. Адамдардың үлкен тобын және
олардың мүдделерінің әр алуандылығын қамтымауы себепті билік қатынастарының
саяси сипатта болмауы)
2. Далалық мемлекетінің династиясы кезеңінде биліктің нысаны
3. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы кезеңіндегі биліктің нысаны
4. Қазақстанның конституциялық жолмен дамуы [4, 7-8 бб.].
Осы кезеңдердің ішінде біздің зерттеу үшін алғашқы үш кезең
қарастырылды. Далалық қауымның қазақ жерінде болғаны туралы әр түрлі
мағлұматтар бар, бір ғалымдар ең ежелгі мемлекеттер біздің жерде пайда
болған десе, басқа біреулері олай санамайды. Жалпы мемлекеттің пайда
болуына адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың әсер еткенін
білеміз. Қауым дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беріп алайық. Қауым –
дегеніміз ортақ мақсаттар мен мүдделерге негізделген немесе туыстық
байланыста болатын саналы адамдардың тобы. Әрине қауымсыз ешқандай
мемлекеттің де болуы мүмкін емес. Қазақ жерінде сол секілді алғашқы
қауымдардың пайда болған кездері ретінде, тарихшылар б. д. д. 8-7
мыңжылдықтарға жатқызады. Ол кезеңде билік тайпаның ортақ мүддесіне ғана
негізделген, ал адамдар арасындағы қатынастар үйреншікті нысанда болған.
Қорыта келгенде алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық билікпен тәртіп
нормалары сол кездегі адамдардың экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық
мәдени және рухани дамуына сәйкес болды [5, 26 б.].
Қазақ жерінде алғашқы мемлекеттік құрылым ретінде сақтардың мемлекеті
қарастырылады. Ол б. д. д. YIII ғас. пайда болған, Азияда сол кезде ең
мықты әскери одақтардың бірі болған, сақ мемлекеті көптеген грек және шығыс
тарихшыларының еңбектерінде көрсетілген. Олар байтақ дала мен тау
алқаптарын игеру дәуірінде, мал шаруашылығының сан алуан түрлерін жаппай
дамытып, жетекші салаға айналдырған және оны егіншілікпен ұштастырғандықтан
ол дәуірді сақтар уақытымен байланыстырады. Бұрынғы заман авторлары сақтар
туралы (олар әсте егіншілер емес, көшпелілер) деп жазған, ал олардың
тіршілігіне; (еркін кеңістікте, отпен судың молдығына қарай, бір жерден
екінші жерге көше береді) – деп анықтама берген. Шын мәнінде сақтар
шарушылығының түр-түрі табиғи жағдайда, қала орталықтары мен сауда
жолдарына алыс-жақындығына байланысты анықталып отырған. Олардың
шарушылығын көрсетуіміз бекер емес, ұлы ғалым А. Тоинби қоғам мен
мемлекеттің байланысын анықтау үшін сол жердегі және сол кезеңдегі
тұрғындардың айналысқан шаруашылығын білу керек, - деген. Оған толықтыру
ретінде қазіргі кезде далалы өркениет деген түсініктің қалыптасуын
келтіруге болады, ол өркениеттің дамуы және пайда болуы процессі басқа еш
қандай қоғамның пайда болуы, даму процесіне ұқсамайды.
Сақтар қоғамы қалай ұйымдастырылған еді деген сауал осы кезге дейін
ғалымдар таласын тудырумен келеді. Жазба деректерде өздерінің дәулетіне,
шұғылданатын іс-әрекеттеріне, рөліне қарай сақтар қоғамына адамдардың
қандай тобы кіргені туралы мәліметтер аз. Тек Рим тарихшысы Квинт Курций
Руф қана сақтарда тәңір егіншілерге соқа мен қамыт, жауынгерлерге сүнгі мен
оқ, абызға табақ сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды қайталап
айтады. Осыған сүйеніп, сақ қоғамында халықтын үш тобы болған деп болжам
жасай аламыз; олар жауынгерлер; абыздар жігі олардың танымал белгісі
құрбан табақ пен айырықша бас киім болған; қауымшыл сақтар, сегізаяқтар
жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі. Аты аталған осы жіктердің
әрқайсысының өзінетән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-
қызыл, абыздарға ақ, қауымшыларға сары мен көк түстер тандалып берілген [5,
28 б.].
Көсемдер мен патшалары сақ дәуірінде ерекше мәртебеге ие болған. Сақ
тайпаларының көсемдері әскери жігіттердің өкілдері болған Гректер оларды
“басилевс патша” деп атаған. Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі
садақ екен. Патша садағын баласына әрі мұрагеріне тапсырып отырған, сол
себепті де жауынгерлер мен патшалар зиратына садақ пен жебелерді бірге
қойған. Садақты мейлінше шебер ату патшаларға тән қадыр-қасиет болған.
Мерек-мейрам атаулының бәрінде де садақ атып, нысанға дәл тигізе білуде
сынап көру тегіннен тегін өткізілмеген, ежелгі дәстүр бойынша садақшылардың
ең мергені әлгідей мейрам кезінде елді билеу құқығын алған. Патша
жауынгерлер жігіне жатумен қатар ол тағы құдайлардың қалаулысы, көк пен
жердің арасындағы дәнкері, дүниенің кіндігі, жердегі бақ даулет көзі болған
[6, 31 б.]. Халық дәулеті оның дене күші мен рухани қуат жігеріне
байланысты болған. Ол халықтың барша жіктерінің бейнесі деп танылған.
Жалпы сақ мемлекетін алғашқы қауымдық құрылыстарын өткен құрылым
ретінде танимыз. Батыстың түсінігі бойынша барлық формациялық критерилер
бойынша нақты біреусіне де жатпайтын мемлекеттік құрылым десек
қателеспеймін. Неге? Салыстырмалы сараптама өткізейік!
Құл иеленушілік мемлекет. Бұл батыстық түсінік бойынша, қоғамның ең
алғашқы мемлекеттік-кластық ұйым болып бірігуі. Құл иеленушілік мемлекет
бұл билеуші таптың құл иелену қоғамдық-экономикалық формациясында саяси
билікті ұйымдастыру [7, 41 б.]. Жәй сөзбен айтқанда, құл иеленуші
мемлекеттің пайда болуы мақсаты құл иеленушілердің арқасында олардың
мүддесін қорғау. Ел билеушісі көбінесе әскери міндеттерді атқарып, басып
алған мемлекеттегі беделі сәйкес болған. Ал егер сақ мемлекетіне келетін
болсақ, олар көшпелі мал шаруашылығымен айналыса келе, құл иелену
формациясында қажеттілігі болған жоқ. Демек мемлекеттің пайда болуы
мақсаты өзгеше болды.
Келесі формация ретінде феодалдық типтегі мемлекет. Бұл Формацияда құл
иеленушілік мемлекет жойылып, жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуымен
сипатталады. Марксистің теория бойынша бұл бай, шонжарлардың өзінің
мүліктік материалдық мүддесін шаруалардан қорғау мақсатында пайда болды [7,
58 б.]. Мемлекет жоғарғы тапқа жерге құқық беріп, ол жерге деген құқықтарын
қоғаумен айналысады. Жоғарғы билік шаруаларға қатысты шексіз құқықтарға ие
болған, оларға тираниялық әрекеттер жүргізген. Және басшының құқықтары тек
ақсақалдар кеңесімен және жоғарғы таптың жиналысымен шектелген. Егер сақ
мемлекеттін салыстыратын болсақ, ол мемлекеттің ерекше уникалды болғандығын
түсіндіруге болады. Сақ мемлекетінде, көшпенді мал шаруашылығымен
айналысқан азаматтар бірдей құқықтарға ие бола келе, құл иеленбеген. Жер
мәселесіне келетін болсақ, жерге меншіктің болғаны немесе болмағаны нақты
дәлелденбеген, бірақ уақыт өткен сайын халықтың көбеюіне байланысты жерге
де сұраныстың өскені сөзсіз. Жермен қамтуы, шекаралас жатқан мемлекеттерден
тартып алуы жолымен жүзеге асқан. Мемлекеттік билік көшпелілердің жерге
құқықтарын қорғаумен айналысқан, бірақ феодалдық мемлекетте бұл құқықты сол
мемлекеттегі төмен таптардан қорғаса, сақ мемлекетінде бұл құқықтар
көршілес мемлекеттерден және теңдес адамдардан қорғаған.
Қазақ жерінде далалы өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан, Сақтардан
кейінгі үйсін, қаңлы және ғұндар мемлекеттері. Бұл мемлекеттер б. д. д. 3
мыңжылдық пен б. д. 3 мың ж. арасында өмір сүрген. Ежелгі тарихшылардың
жазбасына қарасақ “үйсіндер бақ егу мен жер жыртудан басқа мал
шаруашылығымен айналысады және бір орыннан екіншіге көшіп отырады”. Олардың
ел билеушісі Гуньмо деп аталынған. Үйсін мемлекеті қазақ жеріндегі ең мықты
әскери демократияның көрінісі болған. Олай деумездің себебі ел билеушісінің
нақты функцияларының болуы және мемлекеттік механизмдердің жетілуі [8, 69
б.]. Бичурин Н. Я. айтуы бойынша үйсін мемлекетінде Гуньмо көбінесе сыртқы
мәселелердің шешуімен айналысқан, ал ішкі мәселелер бай және дәулетті
тұлғалардың басымшылығымен шешілген. Қоғамдық құрылымы жағынан үйсін
мемлекеті, алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамы арасындағы өтпелі
кезең мемлекеті ретінде көрініс тапқан. Рулық аристократия өз қолында үлкен
жайылымдар мен мал басын ұстаған және биліктегі барлық қоғамдық қызметті
алған. Жазба деректерлерінде, үйсіндер басқа халықтармен бірге ғұндар
әскери одағына қарсы соғыс жүргізу нәтижесінде, гуньмоның билігі рулардың
ақсақалдары мен бектерінің шешімдеріне байланысты болған. Сонымен қатар
жерді тайпаларға бөлгеннен кейін, ол жерлерді толық басқару құқығынан
айырылды.
Үйсін қоғамында, әлеуметтік топтардың жіктелуі көрініс тапқан оларда
тайпа мен ру байлары, абыздар және қатардағы мал шаруалары болған. Жеке
меншік малға ғана емес, сонымен қатар жер мен суға таралған. Ру байлары
өздерінде құлдарды ұстаған, ол құлдар негізінен соғыс тұтқындарынан
құралған [8, 72 б.].
Мемлекетте қарулы халықтың авторитеті басым болған және соғыс
қимылдарында, көзге көрінген батырлары келесіде елдегі, жеке тайпалардың
бектері мен ақсақалдары атағына ие болған. Сот билігін тархандар атқарып,
ол мемлекет атынан үкім етілген.
Сол кезең де, Сыр бойында қаңлылар мемлекеті құрлық еткен. Ол
мемлекетте қоғамнын құрылымы жағынан, үйсін мемлекетіне ұқсас болған.
Билеушісі, хан деп аталған, ордасы Сыр бойындағы Битэн қаласы болған. Қаңлы
мемлекеті көршілес ғұн мемлекетінің алғашқы билеуші Чжичжи қытай
мемлекетімен жауласып қаңлылармен бірігеді, ал қаңлы билеушісі үйсін
мемлекетіне қарсы күресте Чжичжиге атты әскерді басқару құқығын береді.
Ақырында, қаңлылар мемлекетінде, ақсүйектер мен билеуші арасында тартыс
туады. Қаңлылар билігімен әдет-ғұрпын мойындамаған ғұндар қытай әскерімен
талқандалады [9, 36 б.].
Ғұндардың екінші рет бой көтеруі, б. з. 93 жылы болады олар бір қатар
тайпалар мен руларды бағындырып, Сыр бойын мекендеді. Ғұндар қоғамында
патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Тарихи
деректерлер бойынша, ғұндар 24 руға бөлінген, олардың басында ұрпақ
ұлықтары (ағамандар) тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы болған.
Деректер “ғұндардың жыл сайын үш рет Лунциде бас қосатын әдеті бар еді,
онда жылдың бірінші, бесінші және тоғызыншы айында сол күні тәңірі рухына
құрбандық шалған, осындай жиналыстарды ұрпақ ұлықтары мемлекет істері
жөнінде кең отырып кеңескен ат жарыс пен түйе қызықтап көңілдерін көтерген”
[10, 26 б.].
Жазба деректер сол сияқты ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы
мәлімет қалдырған. Мемлекет басшысы Шаньюй деп аталған, ол шексіз билеуші
болған, оған іле-шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.
Жазба деректер бойынша оларда шаньюйдің ұлдары мен туысқандары басқарған
және меншігінде жер мен су болған. Деректерлер бойынша олар қара халықты
қану құралы болған.
Сол дәуірдің ең мықты мемлекеттердің бірі, ғұндар секілді Еуропа
мемлекеттерін бағындырған елдердің бірі сарматтар мемлекеттілігі. Үйсін,
қаңлы мен ғұндар сияқты олардың мемлекеттік дамуы қай сатыда болғандығы
жөнінде зерттеулер жалғасуда. Тарихи деректер, әсіресе антикалық деректер
сармат мемлекетінің күшті дамыған, көшпелі өркениет бастаушыларының бірі
ретінде қарастырады. Сарматтарда мемлекет басшысы мирасқорлық жолымен емес,
елдегі ең мықты, тапқыр және соғыста күшімен көрінген ерлерінің арасынан
сайланған. Олар сол кезеңдегі Орта Азия жерінде мекендеген көптеген
мемлекеттер сияқты түрік тілінде сөйлеген.
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі, қазақ даласының саяси картасына
түрік мемлекетінің келуімен сипатталады. Олардың саяси аренаға келуі жуан-
жуандар мемлекетін қиратуы арқылы жүзеге асады. Бұл мемлекетті түрік
тайпасының Ашина әулеті басқарады. “Түрік” тұңғыш рет аталуы қытай
шежірелерінен кездеседі және ол 542 жылға жатады [10, 99 б.].
Түрік қағанаты шаруашылығы жағынан көшпелі және жартылай көшпелі әдісі
басыңқы және отырықшы-егіншілік түрі қоса жүргізілетін болған өркениет
ошағы ретінде қала мен дала бірдей рөл атқарған. Елдің халқы түріктер және
соғдылар, бірдей сауда-саттық, ол өнер, егіншілік және мал өсірумен
айналысқан.
Түрік қағанатын – қаған басқарған, ол мемлекеттегі жоғарғы ел
басқарушысы атағымен қоса, жоғарғы әскери қолбасшы қызметін атқарған.
Сонымен қатар қағанаттағы ішкі билік-жабығу, шад және елтебер лауазымдарына
берілген, олар қағанның әулетінен шыққан сенімді адамдарға ғана
тапсырылған. Басында тайпалар одағы ретінде қалыптасқан түрік қағанаты,
кейіннен тұтас мемлекетке айналады. Осыған сәйкес мемлекетте ел сөзі алғаш
рет пайдаланылады, бұл қоғамда алғаш демократиялық белгілердің көрінісі
деуге болады. Қаған Рулардың ақсақалдар кеңесімен сайланған және олармен
тақтан алынған. Елдегі сот билігін, бұйрықтар мен тархандар атқарған.
Кейбір тарихи шығармаларда қағанат тайпалары әлеуметтік жағынан ақсүйек
және бағынышты тайпалар болып бөлінген дейді. Бернштамның айтуы бойынша
түрік қағанатында, түрік тайпасына бағынышты тайпалар адамдарын жеке құлдар
ретінде таратпаған, бұл мемлекеттегі әлеуметтік қатынастардың дамығандығын
көрсетеді. Түрік қағанатымен жаңадан басып алынған елдерде, егер олар түрік
тектес тайпа болмаса, қаған өз туысқандары ішінен ол елге басшылық
жүргізетін бектерді тағайындаған. Қағанның қызмет етуі тек жиналған
салықтарға байланысты болған, салықтар басып алынған қалалар мен Ұлы Жібек
жолы торабымен жүріп өткен керуендерден жиналған. Еуропаның орта ғасыр
тарихшылары түріктерді әлемнің арамтамақтары деп атауының негізі бар болса
керек.
Қазақстан мен Орта Азия жерінде Батыс түрік қағанаты арабтарға қарсы
соғыс жүргізіп жатқан кезде, 704-756 жылдары, түргештер Жетісу мен шығыс
Қашқарияда билікке келеді. Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-елік қаған
болады. Үш-елік қаған елде ірі реформа жүргізумен танылады. Ол елді
түтіктіке бөледі және әрбір бөліністің өзінің әскери және сот органы
болған. Реформаға сәйкес мемлекет бұрынғыдағыдай тайпалық белгілері бойынша
емес, территориалдық қағида бойынша бөлінген. Түргеш мемлекеті 20 түтуктіке
бөлініп орталықтары ретінде ірі қалалар алынған. Ал жоғарғы билік қағанның
қолындақала берді. Бұл реформаның мақсаты арабтар мен қытай мемлекеттерінің
шапқыншылығының әлсіреген түрік елін бір билікке бағындыру. Өйткені, сол
кезеңдегі соғыстар өзімен бірге өз діні мен мәдениетін уағыздау түрінде
көрініс тапқан [10, 114 б.].
Бөліністердің басшылары ретінде қағанның жақын туыстары тағайындалған.
Түргештер мемлекеті түрік қағанаты тәрізді, елде түргештер мен соғдылар
және түрік тайпаларын біріктірген. Ол кезеңде Орта Азия мен Жетісу өңірі
стратегиялық жағынан өте тиімді аймақ болғандығы айқын.
Жалпы түргеш мемлекеті қазақ жеріндегі ұлы түрік қағанаты дәуірінің
соңғы кезенің құрайды. Түргештерден кейін бұл дала көптеген түрік тілдес
мемлекеттерге мұра ретінде қалдырылады.
Түргештер мемлекетінен кейін Жетісу өңіріне шығыс түріктерді құлатқан
ұйғыр және қарлұқ тайпалар одақтары келеді. Олар дамыған феодалды
мемлекеттер болады және қоғамнның даму ерекшелігіне өзінің үлкен үлесін
қосады. Араб және парсы деректеріне жүгінсек, 9-10 ғ. Қарлұқ бірлестігі
толып жатқан рулық-тайпалық топтардан құралады. Араб жағрафшысы әл-Марвази,
қарлұқ құрамында тоғыз тайпа бар дейді. Олар тек түрік тілдес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz