Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері:
А) Араб-парсы сөздерінің қолданысы;
Б) Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздер.
ІІІ. Қорытынды.
Қазақ ұлтының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпелілер әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көрке оының мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат санасының дамуына үлес қосқан дара тұлға. Абай шығармашылығының дені-поэзия. Демек, ақын лексикасын сөз еткелі отырмыз. Жалпы ақын лексикасы-поэзия тілінің сөздік құрамын-негізгі үлкен екі тұрғыдан зерттеуге болады. Өлеңмен жазылған шығармада жеке сөздер мен сөз тіркестері белгілі бір көркемдеу міндетін атқарып тұрады: біреулері эпитет болып бір затты (нәрсені, адамды) анықтап, суреттеп, бейнелеп тұрса енді біреулері оны басқа нәрсеге теңеп тұрады. Сондай - ақ сөздер табиғатынан әсірелеу, ауыс мағынада жұмсалуы тағы басқалары сияқты поэтикалық сан алуан тәсілдерге қажетті материал болып келеді. Бұл-лексика топтарын көркемдеу қызметін атқаруына, яғни поэзия мүддесін өтеуіне қарай талдау болады. Бұл бір. Екінші тұрғыдан келсек, поэзия лексикасын лингвистикалық жағынан талдау бар, яғни жалпы белгілі бір тілдің лексикалық құрамы сияқты, белгілі бір ақын шығармаларының сөздік құрамын да сөздердің тілдік тегіне қарай (төл сөздер немесе өзге тілдерден енген кірме сөздер), актив-пассивтігіне қарай (архаизмдер, неологизмдер және сол кездегі актив сөздер), әлеуметтік-диалектілік құрамына қарай(жалпы халықтық сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер мен терминология, жаргондық сөздер) ажыратып бөлуге болады. Ал енді бұл жерде біздің тоқталатын мәселеміз- кірме сөздер. Жалпы Абай шығармаларындағы кірме сөздерді көптеген қазақ ғалымдары зерттеді. Бұл орайда көлемді еңбектердің бірі Р. Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі»(лексикасы мен грамматикасы) 1968 жылғы кітабында «Кірме сөздер» бөлімінде шартты түрде жасалған классификациясы төменде сөз болады. Сонымен қатар проф. Қ. Н. Жұмалиевтың «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» 1960 жылғы еңбегінде «Абай өлеңдеріндегі өзінің тура мағынасында қолданылатын сөздер» тарауындағы «Шет сөз» бөлімінде Абай шығармаларындағы кірме сөздер жайлы нақты көрсетілген. М. Әуезов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, Ш. Сарыбаев т. б. бірқатар зерттеушілер Абайдың әдеби шығармашылығына, оның қазақ тілі тарихындағы атқарған роліне арнаған жұмыстарында Абай тілінде орыс тілі элементтерінің бар екенін атап, кей жерлерде санна дейін көрсетіп кетеді.
Проф. Қ. Жұмалиев Абай өлеңдерінде кездесетін араб-парсы сөздерін үш топқа бөліп, бірі-қазақтың өз сөзі болып, «қол бала» болған сөздер, екіншісі-діни ғылыми атау, терминмен қазақ тілінде ол ұғымды берерлік сөз жоқтығынан қолданылған; үшіншісі-күлкі, сықақ үшін қолданылған сөздер деп бөледі. ал орыс тілінен қолданған сөздерінің негізгі принципы екі түрлі:
Бірінші: Абай орысша жеке сөздерді алады да, сол күйі қолданады, не оған қазақтың жалғау, жұрнағын қосып өзінің әуелгі мағынасының айналасында өлең сөйлемінің бір мүшесі етіп қолданады.
Екінші түрі-бір шумақ өлеңнің бір тармағы болып келетін және сол шумақтың мазмұнына байланысы сөз, сөйлемдер. Бұлар өте аз, екі, үш-ақ жерде кездеседі деп көрсетеді. Сондай -ақ Ж. Есеналиеваның «Абай тілі сөздігіндегі» араб, парсы сөздерінің берілуі және «Абай тіліндегі араб сөздерінің варианттары жайында» атты мақалалар қарастырылды.
Сөйтіп, Абай сөздігіндегі шығыс тілдері элементтері дегенде, араб пен парсы тілдерін көздейміз де, көп ретте ол екеуін бөлек қарамай, араб-парсы немесе шығыс тілдері деп атап отырамыз.
Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше тұрғыдан қарап талдауға болады, яғни оларды біз:
- жалпы халықтық тілге енген уақытына қарай;
- қамтитын тақырыбына қарай;
- қолданылатын әдебиет жанрына қарай;
- қолдану мақсатына қарай;
- фонетикалық-грамматикалық тұлғалануына қарай;
- жалпы халықтық және жазба әдеби тілге енуіне (сіңісуіне) қарай;
- лексика-грамматикалық сипатына қарай (жеке сөз, тіркес немесе сөйлем) талдаймыз.
Р. Сыздықова бұл классификацияны шартты түрде жасаған. Көрсетілген топтардың кейбіреуі (1, 2, 3, 5, 6) жалпы тілге қатысты болса, енді біреулері (2, 4, 7) жеке жазушы тілін зерттеуден туып отыр. Абай лексикасындағы араб-парсы қатары түгелімен неологизмдер емес екені аян. Олардың едәуір бөлігі қазақтың жалпы халықтық тіліне сіңісіп, қалыптасып, ертеден қолданып келе жатқандар.
Сөйтіп, қайткенде де, Абай лексикасындағы парсы-ирандық дұшпан, дос, кедей, дүние, баға, жан, сауда, саудагер, базар, пұл (бұл), таразы, дерт, шаруа, өнер, зиян тәрізді зат есімдер, арзан, майда, таза, зор тәрізді сын есімдер әбден сіңісіп қазақтың төл сөзі болып кеткендер. Олар жалпы халықтық нормадағы сөздер, яғни қазақтың кең- байтақ даласына тегіс тараған, барлық жерде түсінікті және көбінесе барлық жерде бірдей мағынада (мағынасы кейін екіге бөлінген пұл тәрізді бірен-сараңы болмаса) қолданып келе жатқан лексемалар. Оған дәлел-бұларды Абайға дейінгі ақын-жыраулар текстерінен де, кейбіреулері ХІХ ғасырда жырланғанына немесе жазылып алынғанына қарамастан, о бастағы негізін сақтаған ауыз әдебиет үлгілерінен де молынан кездестіреміз.
Сондай - ақ Абайға дейінгі қазақ тіліндегі араб қабатының бір сыпырасы жалпы халықтық тілге ертеректе еніп, қалыптасып, сіңісіп кеткендер. Олардың да өзін жалпылап екі топқа бөлуге болады: ислам дініне қатыстылары және дінге қатысыздары.
ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, орта тұсында жасаған қазақ ақын-жырауларының тілінен және ауыз әдебиеті үлгілерінен дінге қатысты бірқатар араб сөздерін табамыз. Мысалы, Бұхар жырауда: пұсырман, қыдыр, арсы-күрсі, қыбла, сәлде, ақырет, молда, алла, иман, мешіт т. б. Тақырыбы діннен мүлде қашық Махамбетте: фәни, құрбан, садаға, алла, ақы; оның үлгісін жалғастырушы Шерниязда: молда, дұға, әруақ, құрбан т. б. сөздерді кездестіреміз.
Аса ынталы мұсылмандар болмаса да, қазақтардың сөйлеу тәжірибесіне ислам дінінің әр алуан ритуалдарына (намаз, ораза, дұға, қайыр садақа, құрбан) қатысты сөздер, дін иелерінің аттары (молда, сопы, т. б. ) және басқалары ерте кезден бастап кіре бастағаны көрінеді. Ал дінге қатыссыз сөздерден көбінесе абстракт ұғым атаулары да Абайға дейінгі нұсқаларда едәуір бары байқалады. Дәулет, бақ, несібе, уәде т. б.
ХІХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысына дейінгі кезеңдерде қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін Абай өз шығармаларында өмірінде де, прозасында да актив пайдаланған.
Абай кейбір өлеңдерінде және “Қара сөздерінде” теология тақырыптарын әңгіме етеді. Соған орай ислам дініне қатысты сөздердің ең алдымен халық тіліне бұрыннан енгендерін қолданады. Бейіс, бенде, иман, ахирет, аят, молда тәрізді арабизм-фарсизмдерді Абай жалпы халықтық тілден алғаны хақ. Және бұларды тек дін жайын сөз еткен жерлерде емес, орайы келгенде өзге азаматтық тақырыптар ішінде де қолданады. Ислам діні атауларын бірер жерде басқа дінге қатысты ұғымдар үшін де қолданады. Мысалы, Абай қазақта жоқ орыс тілінен келген ұғым атауларын қазақшалап, немесе арабша-парсышалап беруге тырыспаған.
Абай тіліндегі жалпы халықтық қолданыстан алынған шығыс сөздерінің 2-3 белгісін көрсетуге тура келеді. Ең алдымен, қазақ тіліне Абайға дейін қалыптасып, орын тепкен араб-парсы түбірлері Абайдан бұрын да, Абайдың өзінде де қазақ тілі жұрнақтары арқылы жаңа сөздер жасайды. Мысалы, бұрыннан бар адалдық, арамдық, әділдік, адамдық, достық, дұшпандық тәрізді есімдер де, Абай текстерінде активтенген немесе жаңадан жасалған асықтық-ғашықтық, арлылық, мейірбандылық, рақымдылық, қапашылық, құдайшылық т. б. түбірі жоғарыда көрсетілген сіңісті түсінікті сөздер.
Тілге ертеректен енген шығыс сөздерінің грамматикалық және тұрақты тіркес жасау қабілетін Абай жақсы пайдаланады. Баға қылу («бағалау, жоғары көтеру»:Маманды рулы елге баға қылған-«Айман-Шолпан», 1957жыл), бәс кесу (Сексен байталға бәс кесіп-«Қыз Жібек», 1963жыл), пейілі тарылу, сәлемге келу, ары төгілу, шайтан сөзі, насихат сөз т. б. тәрізді тіркестер Бұхардан бастап ХІХ ғасыр ақындарында, фольклорлық үлгілерде актив қолданылған. Абай осылармен қатар араб-парсы сөздерін қатыстырып бірнеше жаңа фразеологиялық және грамматикалық тіркестер жасайды. Мысалы, ғашықтық жарасы (бұрынғы ғашық оты-ашық оты дегеннің үлгісімен), хаққа мүлгу, қалың қайрат табу, ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу тәрізді тіркестер жасап оларды өте жиі қолданады: Ғылым таппай мақтанба (І, 44) . Сол малды сарып қылып ғылым табу керек (ІІ, 168) . Бұл - «білімді болу, оқу»мағынасындағы тіркес. Бұрыннан қазақ тіліне сипатты ел бағу, бала бағу дегендердің қатарына Абай ғылым бағу, дін бағу, ғылым іздеу деген жаңа тіркестер қосады: Терең ой, терең ғылым іздемейді. (І, 67) Соңғы тіркес еркін грамматикалық тіркес, әр компонент өз мағынасын беріп тұрғанмен, ғылым сөзінің тіркесу аясын кеңітіп көрсететін фактілердің бірі.
Үшіншіден және ең негізгісі, қазақ лексикасына орныққан кейбір шығыс сөздері көп мағыналық сипатқа ие болады. Бұл белгі әсіресе Абайда күшті сезіледі. Абай бір алуан араб-парсы сөздеріне үстеме мағына немесе семантикалық реңк береді. Мысалы, қызмет сөзі-қазақ тілінде Абайға дейін-ақ 2-3 мағынаны білдіре бастаған сөз. Біреулерге ілтипат көрсетіп, белгілі бір міндет атқаруды қызмет, қызмет істеу, қызметінде болу, қызмет қылу тәрізді тіркестермен білдірген. Абайда қызмет сөзінің осы мағыналары да кеңінен қолданылған. Әбдірахманның әйелі Мағыштың аузына: Тым болмаса қызмет қып, өткізбедім қасымнан (І, 190) деген сөзді салғанда; қызымет сөзі «міндет»; «күту», «бағып-қағып» мағынасында келсе, я байларға қызмет қыл (І, 52) деген тәрізді жерлерде күн көріс үшін жұмыс істеу мағынасын береді. Бұл екеуімен қатар Абай қызымет сөзін үш мағынада пайдаланады: ол қызымет сөзінің «әскери және әкімшілік орын» деген ұғымы, орысша
« служба» мағынасы: Баламды медресеге біл деп бердім, Қызымет қылсын шен алсын деп бермедім (І, 25) дегенінде қызымет қылу - «патша үкіметінің әкімшілік органында жұмыс істеу» дегенді білдіреді.
Сондай- ақ өнер деген қалыптасқан арабизімді Абай бірнеше ұғымда жұмсайды. Өнер сөзі қазірде «искусство» мағынасында тұрақталған. Ал Абайда ең алдымен бұл сөз «кәсіп, профессия, қызымет» ұғымын береді: Оқудан шыға ұстады ата өнерін (І, 271) . Осының алдында : Кәсібін күннен-күнге тәңірі оңғарған (І, 270) деген жол бар. Бұл жердегі өнер - «кәсіп». Арабша харекет сөзі де осы екеуіне синоним болып келеді:Атаның харекетін ұстай алды (І, 271) . Хош қорықты елің, Қорқытқан сенің өнерің қайсы айтып бер(І, 91) дегеніндегі өнер - «іс-әрекет, қызмет». Қылып жүрген өнері харекеті-әрекет(І, 60) деген жолдардағы өнер, харекет, әрекет деген үш арабизім өте бір қызық келтірілген семонтикалық шоғыр. Үшеуі де бір- біріне синоним болып түседі, дәл осы жерде өнер мен харекет сөздері жалпы «кәсіп, іс-әрекет» дегенді, ал әрекет ваианты «жағымсыз іс-әрекет» дегенді білдіріп тұр. Бұл -Абайдың халық тіліне енген шығыс сөздерін көп мағыналы етіп қолдануының өте бір сипатты фактісі. Өнер сөзін «жалпы шеберлік», немесе «жалпы кәсіп» мағыналарында қолданған Абай «ремесло», яғни «белгілі бір қол шеберлігін кәсіп ету» деген ұғымды қолөнер деп айырып береді: Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі-қазақтың әулиесі сол (ІІ, 188) . Сірә, осы мағынадағы қазіргі қолөнер деген сөзіміздің түр төркіні Абай кезеңінен(мүмкін, тіпті Абайдың өзінен) алынған болса керек.
Сөйтіп, Абай өнер сөзінің де мағынасын көбейтеді және осы мағыналарда қолданылуының активтендіреді. Қызмет пен өнер сөздерінің қатарына харекет, амал сөздерін дет қосуға болады. Абай харекет арабизмін әрекет вариантынан бөліп алып, «еңбек, кәсіп, жұмыс» мағынасында жұмсайды. Амал сөзі Абай текстерінде «тәсіл» және «айла» деген екі жақын семантикаға ие. Сөйтіп тілге бұрыннан сінген шығыс сөздерінің үшінші белгісі полисемантизм болса, оның активтену тенденциясы Абайда күшті сезіледі.
Қазірде архаизмдер тобына кеткен бірқатар шығыс сөздері Абай тұсындағы халық тілінде актив элементтер болды. Олардың дені-ислам дініне қатысты аят, күпірлік, ахирет, пәни (жалған), құбыла, тағзым, сопы, имам, қазірет т. б. және діни ритуалдардың атаулары болып келеді. Солардың бірі-құдайдың бірнеше атауы: қазақтың исламға дейінгі жалпы түріктік тәңрі-сі бар ма, парсының құдай-ы, арабтың алла-сы, құдіреті-і, жаббар-ы расул-ы бар ма барлығы да бұл кезде актив сөздер. Абай да оларды жатсынбай синонимдік қатар түзеп пайдаланады. Бір жерінде: Тәңрі қосқан жар едің сен(ІІ, 85, салыстыр: халық тіліндегі құдай қосқан қосағым) деп келсе, екінші жерде: Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп(ІІ, 177) дейді. Үшінші жерде: Алла деген сөз жеңіл, аллаға ауыз жол емес (І, 124) деп арабша атауын жиі қолданады.
Сөйтіп, Абай лексикасындағы шығыс сөздерінің елеулі тобы тілде шеттігі сезілместей болып ертеректе еніп сіңіскен, қалыптасып орныққан лексемалар. Абай оларды шет көрмей жалпы халықтық қордан алып пайдаланған.
Тілге ену мерзімі жағынан қарағанда араб -парсы сөздерінің екінші тобы тағы бар. Олар ХІХ ғасырдың ішінде, әсіресе ІІ жартысында еніп қолданыла бастаған немесе бұрыннан бар болса да, осы кезеңде әр түрлі факторларға байланысты активтене бастаған сөздер. Әрине, бұларды осы кезеңдікі деп әзірге ешбір айна - қатесіз кесіп айту қиын, өйткені, бұл жұмыс, бір жағынан, ХІХ ғасырға дейінгі үлгілердің лексикасын түгел регистрацияға алып, анықтауға байланысты болса, екінші жағынан, бұл үлгілер көбінесе хатқа түспей, ауызша жеткендіктен, соңғы жеткізушілер өз тұсындағы нормаларды қосып жіберіп шатастыратыны және бар. Дегенмен, жеке әрбір сөзге таласпай, жалпы алғанда, өткен ғасырда актив қолданылған бір топ араб- парсы сөздерінің бары факт екенін батыл айта аламыз.
Оқу - ағарту, мәдениет саласындағы кейбір арабизм - фарсизмдердің активтене түскенін олардың ауыз әдебиеті үлгілері тіліне енгені де дәлелдейді. О бастағы негізгі нұсқасы (сюжеті т. б. ) сақталған мен, хатқа түскен кезеңінде үлкен « редакциялардан» өткен эпостық жырларға да хат, маслихат, кітап сияқты сөздер қосылған.
Абай заманында біраз араб - парсы сөздерінің жоғының еніп, барының активтене бастауына сол тұстаға кітаби тілдің жандануы да әсерін тигізгені сөзсіз. Кітаби тілде жырланған қисса - дастандар, біздіңше, біраз шығыс сөздерін сол кездегі ауызекі сөйлеу тіліне де, қазақ әдеби тіліне де енгізіп, орнықтырып кеткені сезіледі.
Абай тұсында активтене бастаған шығыс сөздерінің ішінде тек оқу мәдениетке қатысты сөздер емес, соңғы көрсетілген кітаби тілмен шығыс классиктері әдебиетінің еркін аудармалары арқылы ене бастаған өзге сөздер де орын алады. Жазба әдебиет түрлерінің арабша атаулары бейіт, қисса, намә деген сөзді Абай сирек болса да пайдаланған: Бұл жазған сұңғатым, Көңіл ашар бір наме (І, 168) . Сондай ақ діней ұғымдарға қатысты көпір, асы (Аллаға асы, бейіске қашқын болып - ІІ, 152) , сурет сөздері, діней ұғымдарға қатыссыз перзент, дүлдүл, шәрбат, кесапат, тағзым сөздері кездеседі. Бұлардың бір ерекшелігі - өте сирек қолданылғандығы.
Діней тақырыпта жырлайтын кітаби қиссалар арқылы халық тіліне кіре бастаған перзент, перизат, дүлдүл тәрізді сөздерді Абай қиссалардағыдай тура мағынасында емес, көбінесе ауыспалы мағынада жұмсайды. Бұл - принципті айырмашылық. Мысалы, «бала» мағынасы ресми - эпистолярлық стильде де, кітаби тілде де, көбінесе, перзент сөзімен берілген. Оның үстіне перзент сөзінде поэтикалық стиль элементінің сипаты да жоқ емес. Ал Абай оны «бала, ұл» ұғымында қолданбайды, перзент Абайда ауыспалы мағынада образ жасау үшін (Кавказдай құзда туған перзенттенмін - ІІ, 115) немесе: уа, жүрегімінің қуаты - перзентлерім (ІІ, 195) тәрізді ауыспалы мәндегі қаратпа ретінде қолданылған. Сол сияқты Абайдың перизаты да перінің қызы емес, кәдімгі Татьяна Ларина ! Бұл сөзді Онегин айтады: Ол перизат, ойла, өзің біл, Не болады болса қор (ІІ, 77)
ХІХ ғасырдағы қазақша діней әдебиетте кездесетін араб - парсы сөздерінің біразын Абай осылайша ауыспалы жаңа мағынада қолданады да, қалған басым көпшілігін тіліне әдейі жуытпайды. Өзі айтқандай «Әзірет Әлі, айдаһарсыз » жазған Абай діни қиссалардың тақырыбын да, стилін де, лексикасын да қабылдамағанын тілінен тануға болады.
Оның есесіне Абай бір алуан шығыс сөздерін жиі пайдаланып, оларды қазақ тіліне енгізу әрекетін жасаған. Мысалы, хикмет сөзін Абай 22 рет қолданыпты, бұл сөздің араб тілінде үш түрлі мағынасы бар:1) мудрость; 2) мудрое изречение, пословица; 3) знание медицины, врачевание. Бұл сөзді Абай бірінші мағынасын сақтап, өте жиі қолданған. Абайда хикмет контекске қарай түп тілдегідей «ақыл, даналық» дегенді білдіреді. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста зор (ІІ, 179) .
Бұл сөз өлеңдерінде де қолданылған: Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі (І, 132) .
Сол сияқты ғибрат, қанибет, сұқбат, пара («бөлік» мағынасында), әдді, еждиһат, серменде, ғайбат, ғафил, әзелде, дағуа сөздерін Абай жатсынбай қолдануға ұсынған лексемалар қатарына қосамыз. Оған бір - екі себеп бар. Біріншіден, бұл сөздер Абайда шығыс сөздері толы прозасында ғана емес, поэзия тілінде де қолданылған және бірнеше реттен әр түрлі шығармасында қайталап келеді. Екіншіден, бұл сөздердің кейбіреулерінен туынды тұлғалар жасайды : сұхбаттасу, сұхбаттастық, ғайыпты, ғаділдік, ғибраттану. Үшіншіден, кейбіреулері белгілі бір қазақ сөздерімен тіркесте қалыптасқан : сенімі жоқ серменде, бірдейлік дағуасы, ғафилдік көп өткізу т. т. Төртіншіден, бұлар Абайдан өзге авторларда да сирек болса да қолданыла бастаған. Ал бұл қасиеттер шет сөздің тілге ену фактісін танытатын белгілер. Мысалы, ғибрат (поучение, назидание, урок, смысл ) сөзін «үлгі, өнеге» мағынасында абай өте жиі пайдаланған. Бұл сөзді ара - тұра Абайдың тұстастары да қолдана бастаған.
Бұны, әрине, Абай, тектен -тек көңілі түсіп кетіп ала салмағаны байқалады. Сол, ғибрат сөзі жай «үлгі, өнеге» емес, осы күнгі «сабақ болу- сабақ алу (сделать себе урок) » мағынасы үшін алынған. Қазіргі сабақ болу-сабақ алу тіркестері калька жолымен кейінгі кезеңдерге (совет дәуірінде) пайда болған. Ал ғибрат, әдді, сұхбат тәрізді арабизмдер синонимдік қатар үшін стильдік мақсатпен алынған. Мысалы, ақылы бар кісіні Айбаттайды, даттайды (І, 59) дегенде соңғы екі сөз бір-біріне синоним.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz