Құстардың экологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Құстардың экологиясы

Құстар - омыртқалы жануарлар ішіндегі жоғары сатыда дамығандардың бірі. Денесі қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Дамудың келесі сатысында құстардың ұшу қабілеті жетіле түсті. Бұл қасиет қанаттыларға дүние жүзіне кең таралуына мүмкіндік береді. Сөйтіп тіршілікке қолайлы құрлықты да, суды да, ауаны да жайлады. Құстарға маусымдық көшіп отыру тән сипат, олардың ішінде жыл құстары ерекше көзге түседі. Сол сияқты құстардың ішінде отырықшы және көшіп жүретіп де тобы бар. Құстың әр түрлі бірнеше түрлі биогеоценозда тіршілік етуі мүмкін. Әрине құстардың көптеген түрлері орманда тіршілік етеді. Олар сонда тіршілік ете жүріп өсімдік тектес, жануар тектес азықтарымен қоректенеді және олардың арасынан талғамай бәрін жей беретіні де болады. Олардың бірқатар түрлері жемді талғап жесе, ал екіншілерінің азыққа талғамы аз байқалады. Құстар ұяларын ағаш қуыстарына, ағаш бұтақтарына, жерге салады. Далалы жердің құстары - шалғынды, дала, шөл және шөлейт жерлерде - ұяны жерге салады. Таулы қыратты, жерлерде биік құздарға салады.

Құстарды қорғау. Құстардың адамның рухани өмірінде алатын орны зор. Адам құстарды клеткаларда ұстап өзіне жақындатуға тырысады. Отанын есте сақтау үшін басқа елде жүргенде өзімен бірге ала кетеді. Құстардың мәдени-эстетикалық маңызы зор.

Алайда адамдар ең алдымен кұстардың шаруашылық және практикалық маңызына мән береді. Құстар ауыл және орман шаруашылығы үшін зиянды жәндіктер мен кеміргіштерді жеп санын елеулі дәрежеде азайтушылар. Құстар адамға пайдалы азықты жеп, мұндайда олар зиянды болып шығады. Немесе олар қоректеніп жүріп, зиянды жәндіктерді құртады, онда құстар пайдалы болады. Насекомдармен азықтанатьшдар күніне 5-6 рет қарның толтырады, Мысалы, үлкен сары шымшық балапандарына күніне 350-390, қызыл құйрық торғай 220-540 рет, тоқылдақ 300 рет жем әкеледі. Әсіресе осы балапандарын коректендіру кезінде зиянды на-секомдармен қоректенетін қанаттылардың бау-бақша, егістік, орман ағаштарын зиянкестерден қорғаудағы ролі зор. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - тышқандар көбейген жылдары ақсары күніне 14 дана тышқан мен тоқалтісін, күйкентай - 9, жапалақ - 12 тышқанды қорек етеді. Мамандардың есебі бойынша, бір тышқан жылына 2 килограмға дейін дәнді құртатындығын еске алсақ, жыртқыш құстардың пайдалы екендігін өз-өзінен анық көрінеді. Насекомдармен қоректенуші қанаттыларды ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің маңына үйір ету маңызды міндет болып отыр. Зиянды насекомдармен күресу үшін құстарға ұя жасап ілу, арнайы тамактандыру алаңдарын жасау жұмыстарын жүргізу қажет. Әсіресе, ағаш діңгегінің қуыстарына ұялайтын шымшықтар, қаратамақ торғайлар, шыбынқаққыштар т. б. құстарды үйір ету керек.

Ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресте жыртқыш құстардың ролі зор. Бұрын жыртқыш құстарды аңшылық шаруашылықтың жауы деп, адамдардың бәсекелесі, олардың құстарын жеп шығынға ұшыратады деп құртып отырды. Кейін келе жыртқыш қүстардың биоценоздағы ролі айқындалып олардың зиянды кеміргіштердің санын реттеп отырғандығы белгілі болып, қорғауға алды. Атуға ұлықсат берілмеді. Жыртқыш құстарды қолда көбейтіп, содан кейін табиғатқа жіберу, саны азайып бара жатқан құстардың са-нын қалпына келтіруде жақсы нәтиже беруде. Жыртқыштар мен олардың құрбандары арасында өзара икемделу былай тұрсын, құрбандары жыртқыштарсыз күн көре алмайды, жыртқыштар олардың тіршілік етуі шарттарының бірі болып табылады.

Улы химикаттарды пайдалану (ДДТ, гексахлоран т. б. ) жыртқыш құстарға зиян келтіруде. Қоректік заттардың жоғарғы байланыс сатысында тұрған жыртқыш құстардың денесінде улы заттардың мөлшері өте көп мөлшерде болған. Ал концентрация мөлшері көп болған жағдайда олардың көбеюіне керісінше әсерін тигізген. Адамдардың тікелей немесе жанама әсерлері жыртқыш құстар тіршілігіне, олардың көптеген түрлері сиреуіне әкеліп соқты. Совет Одағының Қызыл кітабына жыртқыш құстардың 18 түрі, ал Қазақстаның Қызыл кітабына 43 түрі тіркелген, Адамдардың құстарды пайдаланған ең көне әдісі - аңшылық. Құс салып аңға шығу ел арасында кең тараған. Әсіре әуесқойшылық сұңқармен, қаршығамен, бүркіттермен. Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда, кейбір европалық жерлерде жыртқыш құстармен аң аулау күні бүгінге дейім маңызын жойған жоқ.

Құстардың әуесқой және спорттық аңшылардың объектілері ретінде де зор маңызы бар. Мұның өзі адамды сергітеді, еңбек қабілеттілігін арттырады, денсаулығын жақсартады. Кәсіпшілік маңызы бар құстар, көптеген елдердің экономикасында маңызды орын алады. Еркін аулаудың нәтижесінде, аңшылық өңірлердің азаюына байланысты қоршаған табиғи ортаның ластануы, улы химиялық заттарды пайдаланудың әсерінен аңшылық маңызы бар құстардық қоры жылдан-жылға азаюда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Зоология” курсының кіріспесі
Іле экологиясы
Экология ғылымының калыптасуы
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Барсакелмес қорығы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Қазақстанның табиғат жағдайы
Жалпы экология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz