АҚШ конституциялық құқығының негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1 тақырып

АҚШ конституциялық құқығының негіздері.

  1. 1787 жылғы АҚШ Конституциясына жалпы сипаттама, түзетулер мазмұны. Штаттар конституциялары.
  2. АҚШ қоғамдық құрылымының конституциялық негізі. Экономикалық жүйенің конституциялы-құқықтық бекітілуі. АҚШ саяси жүйесі: АҚШ партиялық жүйесі, кәсіпкерлік ұйымдар, қысым көрсетуші топтар, кәсіподақтар.
  3. Адам және азаматтың конституциялық мәртебесі.
  4. Сайлау құқығы және сайлау жүйесі. Көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесінің ерекшеліктері. Сайлау компанияларына сипаттама. Сайлауды қаржыландыру.
  5. АҚШ конституциясындағы билік бөлінісі. Тепе-теңдік және қарсы күштер жүйесі.
  6. АҚШ Конгресі: құрылымы, палаталардың ішкі ұйымдасуы, палаталар арасындағы өзара қарым-қатынас, палата және Конгрес комитеттері. Заң шығару процесі.
  7. Президент. Өкілеттіктер, анттар, мерзімінен қызметін ауыстыру тәртібі. Кабинет, атқарушы билік.
  8. Сот билігі жүйесі. АҚШ Жоғарғы Соты. Оның заңдылығы. Федералды соттық жүйенің басқа соттары. АҚШ-тағы конституциялық бақылауды жүзеге асыру.
  9. Американдық федерализм. Федерациялар мен шарттар арасындағы құзыретті шектеу. Федералды округ ережелері. Бағынышты территориялар.
  10. Штаттардың саяси-әкімшілік құрылымы. Штаттарды, муниципалыд құрылымда, өзге аумақтық бірліктерде көпшілік билікті ұйымдастыру.

АҚШ конституциялық құқықтарының негіздері

Америка Құрама Штаттары - Солтүстік Америкадағы мемлекет. АҚШ Конституциясы 1787 жылы қабылданған болатын. Бұл ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп тұрған буржуазиялық конституциялардың бірі, және бұл өте қатаң конституция. 200 жыл ішінде бұл конституцияға 26 түзетілу енгізілген, соның оны 1791 жылғы құқықтар туралы Билль түзетулері. Американдық теоретиктердің ойлары бойынша заңды түрде бекітілген конституциядан басқа, «тірі конституция» бар деп есептеледі.

Мемлекеттік құрылымы бойынша АҚШ федерация болып есептеледі. Мемлекет 50 штаттан және Колумбия округінен тұрады. Орталық биліктің мүддесіне келетін шарттар АҚШ конституциясында толығымен көрсетілген. Конституцияда көрсетілмеген мүдделердің барлығын штаттар өз беттерімен шеше алады, әр штаттың өзінің жеке конституциясы бар, әр штаттың өздерінің заң шығару органдары, билік атқаратын органдары және өздерінің сот жүйесі бар. Штаттың басында губернатор болады. Амеркиандық федерализмның дамуында екі бағыттардың шиеленісуін байқауға болады, бірінші ол орталық биліктің күшеюі, ал екншісі ол штаттардың билігінің күшеюі, бұл екі көрсеткіш бір-біріне қайшы келеді. Бірақ ХХ ғасырда орталық биліктің күшеюі қаттырақ біліне бастады.

Мемлекттік басқару формасы бойынша АҚШ президенттік республика болып саналады. Федералдық конституцияда биліктің бөліну принциптері көрсетілген: заң шығару билігі Конгресске, басқару билігі президентке, сот билігі Жоғарғы сотқа және басқа соттарға берілген.

Биліктің жоғарғы органы - Конгресс. Ол екі палатадан тұрады, өкілдер палатасы және Сенат. Өкілдер палатасына 435 мүше кіреді. Олар можиритарлық сайлау жүйесі бойынша сайланады. Мемлекеттің халқының мүддесін қорғайтын депутаттар екі жылдық мерзімге сайланады.

Сенат депуттаттары штаттар мүдделерін қорғайды, олар да сол можиритарлық жүйемен 6 жылдық мерзімге сайланады, және Сенат 2 жыл сайын 1/3 бөлігіне жаңартылып тұрады. Бұл жерде әр штаттан халық санына қарамастан 2 сенатор сайланады, сонымен Сенатта 100 сенатор болады. Өкілділер палатасының төрағасы спикер болады, ол депутаттар арасынан сайланады. Спикер парламентте көпшілік дауыына ие партиясының мүшесі болады. Конгресс жылына бір лет сессиға жиналады. Сонымен қатар президент төтенше сессияларды да шақыра алады. Жұмыстағы үзіліс мерзімін және сессияның аяқталуын конгресстің өзі белгілейді. Палаталар негізінен өздерінің жиналыстарын бір-бірінен жеке өткізеді. Бірақ Конгресстің негізгі жұмыстары жиналыстармен жасалмайды, орлардың негізгі жұмыстарын палаталарда құрылған әртүрлі комитеттер орындайды. Комитеттерде заң шығару жұмыстарының көп бөлігі өтеді. Қазіргі кезде Конгрессте 60-қа жуық комитеттер жұмыс істейді. Оның ішінде белгіленген сұрақтармен айналысатын тұрақты комитеттер бар, және бір мәселелерді шешу мақсатында арнайы құрылған комитеттер де бар. Конгресстің мүмкіндіктері конституцияда көрсетілген (8 бөлім 1 баб) . Конгресстің әртүрлі баждар, салықтар, алымдар қоюға құқығы бар, сонымен қатар Конгресс АҚШ қорғанысы мен әлеуметтік мәслелерімен айналысады. Әр палатаға өзіне тән құқықтар ғана берілген. Мысалы, өкілдер палатасы федералды азаматтық деңгейдегі жұмыскерлерге қарсы айыптар (импичмент) ашуы мүмкін, ал Сенат импичмент бойынша кінәлігі туралы шешім қабылдайды. Сенат президенттің жоғарғы лауазымды орындарға ұсынған адамдарды бекітеді, халықаралық келісімдерді растайды. Бірақ негізгі заң шығару бағыттарында палаталар бір-біріне тең келеді.

Конгресстің заң шығару жұмысы негізінен 3 сатыдан тұрады. Бірінші оқу, содан кейін сол заңды қарастыратын комитетті таңдау. Комитетте негізінен заң жобасының болашағы шешіледі, өйткені бұл жероде заң қайтарылуы мүмкін немесе өзгертілуі мүмкін. Екінші оқу, палаталарда биллді қарастыру, сол кезде депутаттар өзгертулер мен толықтырулар енгізулері мүмкін. Үшінші оқуда заң жобасы бойынша дауыс беру өтеді. Егер палаталардың біреуі биллді қабылдамаса, онда екі палаталардың өкілдерінен «келісім комитеті» құрылады, және ол ортақ ойды білодіруі керек. Биллді екі палатада да қабылдағаннан кейін ол президентке бекітілуге жіберіледі.

Президент

АҚШ Конституциясы бойынша тек туу бойынша АҚШ азаматы болған, жасы 35 жылдан асқан, АҚШ территориясында кем дегенде 14 жыл тұрған азамат қана АҚШ президенті бола алады. Сайлану кезіне ең кәрі президент Рональд Рейган болды, ол 68 жасында сайланды. Бір адам тек екі рет қана АҚШ президенті бола алады. Егер президенттің орнынан кеткеннен кейін немесе қайтыс болғанынан кейін, бір адам президенттің орнында 2 жыл немесе одан көп болса, онда ол да президенттікке бірлет қана сайлана алады.

АҚШ президенті вице-президентпен бірге 4 жылдық мерзімге тікелей емес 2 сатылық сайлау жүйесімен сайланады.

Сайлау компаниясында президент пен вице-президент бір-бірімен бавйланыста жұмыс істеп келеді.

Президент пен вице-президентке тікелей сайлаушылар коллегиясы дауыс береді. Конституция бойынша әр штаттың заң шығару жиналысы, конгресстегі өкілдер санына тең, штаттың өкілдері болатын сайлаушыларды тағайындадйды. Әр штат өзінің сайлаушыранын өзінің еркімен таңдайды және оларды таңдау әдістері қатаң түрде белгіленбеген, бірақ қалыптасқан дәстүр бойынша штаттар өздерінің сайлаушыларын халықтық сайлау арқылы таңдайды.

Сайлаушырадың дауыс беруі желтоқсан айының басында болады, және олардың кімге дауыс беретіні алдын ала білініп тұрады, бірақ сайлаушыларын өздерінің ойларын өзгертіп басқа кандидатқа дауыс берген кездер де аз емес.

Кейбір штаттардың заңдары бойынша сайлаушылар штаттың белгілеуі бойынша дауыс беруге міндетті. Сайлаушылар президент және вице-президентке жеке-жеке дауыс береді. Кандидат таңдалу үшін көпшілік дауысын жинау керек, ол қазір 538 дауыс. Егер кандидаттар көпшілік дауыстарына ие бола алмаса, онда кандидаттарды Өкілдер палатасы немесе АҚШ Конгессінің Сенаты ең көп дауыс жинаған кандидаттардың арасынан Конституцияда көрсетілген шарттар бойынша таңдап алады.

Президент заң шығру процессімен тығыз байланытса келеді. Конгресстегі барлық қабылданған биллдардың барлығы президентке жіберіледі. Содан кейін президент 10 күн ішінде сол заң жобасына қол қойып бекітуі керек немесе өзінің назарылықтарын көрсетіп заң жобасын қайтадан Конгресске қайтарып беруі керек. Конгесс президенттік ветодан екінші қаралымда 2/3 дауыс беру арқылы өтіп, президентсіз заңды қабылдауы мүмкін. Президент өзінің Конгресске жолдауларында белгілі бір түісндірулер мен анықтамалар беру арқылы заң шығару процесстеріне қатысады. Көпетеген заңдық актілерді президенттің өзі шығара бере алады, және олардың көбі Конгресстің шығарған заңдарына теңестіріледі. Заң шығару мен қатар президенттің бір маңызды функциясы, ол мемлекеттің маңызды лауазымды орындарына Сенаттың келісімі мен кеңесі негіздерінде адамдарды тағайындау. Сыртық саясатта да президенттің ролі жоғары. Президент үлкен сыртқы саяасат жүргізу аппараты басында тұрады, бұл президентке көптеген халықаралық сұрақтарды заң шығару билігі қатысуысыз шешуге мүмкіндік береді.

Президент ешқандай органдарға тәуелді емес, ол өз орнынан тек импичмент арқылы сатқындықта немесе басқа да ауыр қылмыстарда айыпталса ғана алынып тасталады. Сонымен қатар президент үкімет басшысы болып есептеледі. АҚШ-та премьер-министр деген лауазым жоқ. Министрлер кабинеті Сенат келісімі мен нұсқауы бойынша президент тағайындаған министрлерден құрылады. Миничтрлер кабинеті толығымен президентке бағынады, және олар кеңестік қызметтерді атқарады. Министрлер кабинеті компитенциясы туралы нақты бірдеңке айтуға болмайды, өйткені олардың қызметі туралы конституцияда ештеңе жазылмаған. Президент төрағалығымен өтетін кабинеттің отырыстарында мемлекеттің ең маңызды мәселелері туралы шешімдер қабылдананды. Мемлекетті басқаруда министрліктермен қатар Ұлттық қауіпсіздік кеңесі, Басқару және бюджет ведомствасы, Экономикалық саясат туралы кеңес және т. б. маңызды роль атқарады. Кабинет мүшелері Конгресс алдында жауап бермейді.

Негізгі сасяи партиялары Демократиялық және Республикалық.

АҚШ сот жүйесі

АҚШ-та федералды сот жүйесі және әр 50 штаттың, Колумбия округінің, төрт федералды территориялардың жүйесі параллельді жұмыс істейді. Федералды соттар федералды заңдарға қатысты істермен айналысады. Кейбір кездерде федералды және аймақтық соттардың функцйиялары қылмыстық және азаматтық істер бойынша бір-біріне сәйкес келеді, бұл өз кезегінде осылардың қызметтерін бөлудегі бір қиындықтарын туғызды. Кейбір кездерде жауапқа тартылатындар және айыптаушылар қай сот жүйесіне жағынуы туралы таңдау жасай алады. Содан кейі егер жүргізілген істің шешемі туралы жалобаны федералды сотта қайтадан қарастыруға болады, бірақ бұл кезде сол іс бойынша федералды заңдар болуы керек. Көптеген қылмыстық істер штаттық соттармен қарастырылады.

Федералды соттар жүйесіне Жоғарғы сот, апелляциялық соттар, округтық соттар және арнайы соттар кіреді. Барлық Федералды соттар жүйесін Жоғарғы сот басқарады. Конституцияда жалғыз көрсетілген ол - Жоғарғы сот. Жоғарығы сотта 9 судья болады, солардың біреуін президент төраға ретінде тағайындайды. Жоғарғы сот мүшелерін президент ұсынады, оларды Сенат бекітеді. Шешім қабылдауға қажетті Кворумды 6 сот мүшесі құрайды. Бірінші инстанцияда Жоғарғы сот штаттар арасындағы сұрақтарды шешеді, шетел елшілердің шағымдарын қарастырады, бірақ мұндай істер өте сирек кездеседі. Жоғарғы соттың негізгі жұмыстары төменгі соттардың шешімдері бойынша шағымдарды қарастыру, бірақ бұл кезде сол істер федералды заңдарға байланысты болуы керек. Конституцияға қайшы келетін, соттар шешімдерін, штаттар мен Конгресс заңдарын тоқтату да жоғарғы сот қызметіне кіреді. Сонымен қатар Жоғарғы сот заңдарды, құқықтарды талқалап, түсіндірумен айналысады. Жоғарғы сот істерді қарастыру туралы шешімдерді өздері қабылдайды, бірінші істердің маңыздылығы есепке алынады. Жылына мыңдай шағымдар бойынша тек 120-160 шешім қабылданады. Жоғарғы сотта шешім қабылдағанда әр судья өз пікірін білдіреді, содан кейін бас судья ортақ шешімді қабылдайды. Әр судьяның пікірі жариаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Құқықтық жүйе
Жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының және дербес деректерді қорғауды құқықтық реттеудің ерекшеліктері мен мәселелері
Конституциялық құқық негіздері жайлы
Шет елдердің конституциялық құқығы
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz