Ms-Dos операциялық жүйесі туралы


Кіріспе

MS-DOS - Microsoft фирмасы шығарған компьютерді қосқанда жүктелетін дискідегі операциялық жүйе болып табылады.

Оның IBMPC компьютерлеріне арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы Microsoft фирмасында жасалған. Ал MS-DOS -3. 3 нұсқасы 1987 жылы жасалды да, келесі 3-4 жылға стандарт болып саналды. Қазыргі кезде ең қуатты компьютерлерде оның 4. 0, 6. 2, 7. 0 нұсқасы қолданылады.

DOS көмегімен мыналар іске асады:

  • Компьютер мен оны пайдаланушы адам арасындағы сұхбат;
  • Компьютерді басқару;
  • Қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;

DOS операцялық жүйесі келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Енгізу-шығару (BIOS) базалық жүйесі, ол барлық кезде компьютердің жанында тұрады да енгізу-шығаруға байланысты операциядық жүйені ең қарапайым және әмбебап қызметтерін атқарады;
  2. Операциялық жүйені жүктеуіші - DOS-ты іске қосатын бағдарлама;
  3. IQ SYS және MS-DOS. SYS дискілік файлдары (атаулары) DOS нұсқасына байланысты өзгереді;
  4. DOS командалық процессоры - пайдаланушы кіргізген командаларды өңдейді және ол COMMAND. COM дискілік файлында орналасады;
  5. DOS сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде операциялық жүйемен бірге берілетін бағдарламалар;
  6. Қондырғылар драйверлері - DOS енгізу-шығару жүйесін толықтыратын орнайы бағдарламалар және де олар жаңа қондырғыларды күтіп-баптауды немесе стандарт емес пайдалануды қамтамассыз етеді.


FORMAT

Дискіні форматтау. Кез келген жаңа диск қолданардың алдында форматталуы тиіс, яғни ОС талаптарына сай арнаулы құрылым боынша оның беті белгіленуі (жолдарға, сектроларға бөлінуі) қажет. Егер дискінің бетінде дефектілі секторлар бар болса, онда FORMAT командасы ондай жолдарды пайдаланылмайтын етіп, дискінің іске жарамды бөлігін азайтады. Әдетте қатты дискі форматталмайды, өйткені ол заводта жасалған кезде форматталады да, сол күйі оның кейінгі жұмыс істеуін толық қамтамассыз ете алады.

DISCK COPY

Дискінің толық көшірмесін алу командасы. Команда параметрі ретінде 1-ші жинақтауыштағы (1-ші аргумент) мәліметі бар дискінің ішіндегі информациялар дәл сол күйінде 2-і жнақтауыштағы (2-ші аргумент) таза дискіге жолма-жол көшіріледі. Бұл команда дискідегі барлық файлдарды көшіргенде ыңғайлы.

MODE

MODE командасы мәлімет шығару құрылғыларының (принтердің) жұмыс параметрлерін өзгерту ісін атқарады.

Мысалы:

С:\> mode LPT 1: 132, 8 - қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын кішірейтеді және бір жолға 132 символды орналастырады.

С:\> mode LPT 1: 80, 6 - қағазға түсетін мәтін жолдарының ара қашықтығын үлкейтеді және бір жолға 80 символды орналастырады.

TREE

TREE командасы көрсетілген дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранға шығарады. Ал /F параметрі каталогтармен қоса олардың құрамындағы файлдарын да көрсетеді.

Мысалы:

С:\> tree - С дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;

С:\> tree а:- А дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;

С:\> tree/f - С дискінің бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын олардың ішіндегі файлдар тізімімен қоса қарап шығу.

ATTRIB

ATTRIB командасы - файлды кездейсоқ жоюдан немесе өзгертуден сақтауды тағайындау және қажет болмағанда алып тастау. Кездесоқ жоюдан сақтау атрибуты R параметрі арқылы беріледі. Параметрдің жанындағы “+” таңбасы сақтауды тағайындайды, “-” таңбасы сол тәртіпті алып тастайды.

Мысалы:

А:\> attrib_+r_program. txt - файлды сақтау режимін тағайындау;

С:\> attrib_+r_ а:proba1. txt - сақтау тәртібін алып тастау.

ASSIGN

ASSIGN командасымен дискілердің логикалық аттарын өзгертуге болады, яғни уақытша диск аттары алмастырылады.

ASSIGN А=С

Бұдан кейін А: дискісінің орнына С: дискісі қолданылады, жазылған командада А: дискісін көрсеткенмен ОС С: дискісін пайдаланады.

ASSIGN командасы осы команда арқылы бұрын өзгертілген дискілер аттарын алғашқы қалпына келтіреді.

Компьютер конфигурациясын баптау

Компьютер конфигурациясы (құрылғылардың құрамы мен құрылымы) оның құрамына кіретін барлық шеткері құрылғылардың жиынтығымен анықталады. Конфигурацияны баптау деп ОС - тің кейбір жұмыстық параметрлерін тағайындауды айтады. ОЖ жүктелгеннен кейін ол автоматты түрде бұрын “келісілген шарттар” бойынша осы параметрлердің мәндерін тағайындады. Әйтсе ды, әр бір пайдаланушы қажет болған жағдайда ол мәндерді өз қалауынша өзгерте алады.

Бұл мақсатта компьютерді пайдаланушы арнайы екі жүйелік файл даярлайды, олар:

  • конфигурациялықCONFIG. SYSфайлы;
  • автоматты түрде атқарылуAUTOEXEC. BATфайлы.

Бұл екеуі де ОС жазылған жүйелік дискінің түпкі каталогына орналастырылады. ЭЕМ жадына ОС жүктелгенде алдымен конфиигурациялық файлды, сонан соң автоматты түрде атқару файлын іске қосады.

Конфигурациялық файл компьютерге қосылған шеткері құрылғыларды сипаттап, олардың жұмысының параметрлерін өзгертіп, ОС-тің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

CONFIG. SYS конфигурация файлының кейбір командаларын қарастыралық:

  1. BREAKкомандасы пайдаланушы адам Ctrl+Break (Ctrl+Scrool Look) пернелер комбинациясын басқанда кез келген программа жұмысы тоқтайды.

BREAK=ON - жолы осы режимді қосады, ал

BREAK=OFF - жолы осы режимді алып тастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
DOS – дискiлiк операциялық жүйе
MS DOS операциялық жүйесі жайлы ақпарат
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Жүйелік жүктеуші және DOS аспапты құралдары
MS DOS-тың құрылымы мен жұмыс принциптері
Ms dos және norton commander
MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы жайлы
MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік
Каталогтың ішіндегі файлдың жазылуы
Windows 98
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz