Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік құрылымы



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Газет мақалалары тақырыптарын зерттеудің теориялық негіздері
1.1 Газет мақала тақырыптары, олардың зерттелуі
1.2 Газет тақырыптарын зерттеудің аспектілері
1.3 Газет мәтінінің тақырыбы және сөйлеу әрекеті
1.4 Газет мәтіні тақырыптарының қызметі
Газет тақырыптарының құрылымдық.мағыналық сипаты
2.1 «Жеке сөз» типті тақырыптар
2.2 «Түйдекті тіркес» типті тақырыптар
2.3 «Сөз тіркес» типті тақырыптар
2.3.1 «Қиыса байланысқан сөз тіркес» типті тақырыптар
2.3.2 «Матаса байланысқан сөз тіркес» типті тақырыптар
2.3.3 «Меңгеріле байланысқан сөз тіркес» типті тақырыптар
2.3.4 «Қабыса байланысқан сөз тіркесі» типті тақырыптар
2.4 «Сөйлем» типті тақырыптар
2.4.1 «Есімді сөйлем» типті тақырыптар
2.4.2 «Етістікті сөйлем» типті тақырыптар
2.4.3 «Хабарлы сөйлем» типті тақырыптар
2.4.4 «Сұраулы сөйлем» типті тақырыптар
2.4.5 «Бұйрықты сөйлем» типті тақырыптар
2.4.6 «Лепті сөйлем» типті тақырыптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс қазақ газеті бетіндегі тақырыптардың ерекшеліктерін зерттеуге арналады. Бұқаралық ақпарат кұралының кұрамдас бөлігі болып табылатын газет беттеріндегі тақырыптар әдеби тілдің функционалдық түрінің бірі ретінде арнайы зерттеу нысаны бола алатыны сөзсіз. Тіл білімінде соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының тілін ғылыми тұрғыда қарастыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, мерзімді басылымдар тілі тіл білімінің әртүрлі деңгейлерінің нысаны болып, жан-жақты зерттелуде.
Зерттеудің өзектілігі. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен байланысты қазіргі кезде адамдар тығыз ақпараттық кеңістікте өмір сүруде. Бұқаралық ақпарат кұралдарының, соның ішінде радио, теледидар мен интернеттің дамуына қарамастан, қазіргі қоғам өмірінде газеттің алар орны ерекше. Әрбір оқырман газет бетін ашқанда, ең алдымен, мәтін тақырыптарымен танысатыны анық. Қазіргі таңда лингвистика ғылымының даму деңгейі бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі өзегі – газет мақалалары тақырыптары құбылысына тілдік тұрғыдан талдау жасап, теориялық негізде баға беруге мүмкіндік береді. Ерекше тілдік бірлік болып табылатын газет мақалалары тақырыптарының қолданылу ерекшеліктері, құрылымдық сипаты қазақ тіл білімінде зерттеу нысаны болған емес.
Жалпы тіл білімінде тақырыптар арнайы ерекше тілдік бірлік ретінде жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарынан бері зерттеле бастады. Бұл зерттеу еңбектерде тақырыптардың номинациялық құрамы, олардың сөз таптарына қатысы, грамматикалық тұлғалары, экспрессияның берілу тәсілдері, синтаксистік ерекшеліктері, функционалдық типологиясы мен семантикасына жасалған талдаулар қарастырылған.
Соңғы кездегі газет басылымдарының молаюына байланысты олардағы тақырыптардың да аясы кеңейген, сонымен бірге коммуникацияға негізделген газет мақалалары тақырыптарының құрылымдық сипаты да сан алуан.
Тақырыптардың құрылымдық, семантикалық зерттелуі қазақ тіл біліміндегі алғашқы зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны – ерекше тілдік бірлік болып табылатын газет беттеріндегі тақырыптар.
Зерттеу пәні – газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік ерекшеліктері, соның ішінде «жеке сөз», «түйдекті тіркес» және «сөз тіркесі» типті (байланысу формалары мен тәсілдері), «сөйлем» типті тақырыптардың құрылымдық өзгешеліктері.
Зерттеудің мақсаты – баспасөз бетіндегі мақала тақырыптарына құрылымдық, семантикалық, функционалды тұрғыдан талдау жасау.
Алға қойған мақсаттардан төмендегідей зерттеу міндеттері туындайды:
- газет беттеріндегі тақырыптардың зерттелуіне шолу жасау;
1 Бахарев Н.Е. Структурно-функциональное развитие заголовков (на материале из газет-журналов за 1903-1907, 1935-1939, 1965 годов): автореф. дис. канд. филол.наук: 10.02.01. – Алматы, 1971. – 25 с.
2 Ихсангалиева Г.К. Функционально-прагматический анализ заголовков: автореф. дис. канд. филол. наук: 10.02.19. – Алматы, 2000. – 26 с.
3 Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтіндерінің прагматикалық функциясы (қазақ тілінде шығатын газет материалдары бойынша): филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2000. – 153 б.
4 Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде): филол. д-ры ғыл. дис. – Алматы, 2007. – 345 б.
5 Қожабекова Р.Т. Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялық ерекшеліктері: филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. – Алматы, 2002. – 140 б.
6 Галкина-Федорук Е.М Об экспрессивности и эмоциональности в языке // Стати по языкознанию: Сб.ст. – М., 1958. – С. 343-345.
7 Лазарева Э.А. Заглавие художественного текста. – Свердловск, 1989. – 261с.
8 Белошапкова В.А. Выражение побуждения к совместному действию // Русский язык за рубежом. – 1994. – №4. – С. 21-27.
9 Бенвенист Э. Общая лингвистика: Пер. с франц. – М.: Прогресс. – 1974. – 447 с.
10 Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі (Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі). – Алматы, 2004. – 235 б.
11 Сайрамбаев Т. Қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы: Мектеп, 1981. – 197 б.
12 Ермекова Т. Компоненттер құрылысының құрмалас сөйлемнің грамматикалық-семантикалық сипатына қатысы: филол. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 269 б.
13 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 110 б.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ

1 Газет мақалалары тақырыптарының функционалдық-прагматикалық аспектісі // Тілтаным. – 2008. – №4.
2 Газет мәтіндерінің синтаксистік құрылымы // ҚазҰУ хабаршы. Филология сериясы. – 2008. – №8.
3 Когнитивтік теориясының кейбір мәселелері туралы // Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы: халықаралық ғыл.-теор. конф. материалдары. – Алматы, 2008. – 50-52 бб.
4 Қазақ тілінің жоғары оқу орындарында қолдану аясы және бүгіні мен келешегі // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2009. – №5.
5 Газет бетіндегі тақырыптардыңдың берілуі // Түркі әлемі: Тіл. Қоғам. Мәдениет: халықаралық ғыл.-теор. конф. материалдары. – Алматы, 2009.
6 Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік ерекшеліктері // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №4 (120). – Алматы, 2009.
7 Газет мәтініндегі тақырыптардың синтаксисі // Ұлт тағылым. – 2009. – №1.
8 Газет мақалалары тақырыптары жасалу жолдарының синтаксисі // Қазақ тілі және мәдени кеңестік: республикалық ғыл.-теор. конф. материалдары. – Алматы, 2009.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 811.512.122'373.46
Қолжазба құқығында

АШИРОВА АНАР ТИШИБАЕВНА

Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік құрылымы

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы
кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: филология
ғылымдарының

докторы, профессор Т. Сайрамбаев

Ресми оппоненттер: филология
ғылымдарының

докторы, профессор Т. Ермекова

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент Ф. Жақсыбаева

Жетекші ұйым: А. Байтұрсынов
атындағы

Тіл білімі институты

Диссертация 2009 жылы 14 қазан күні сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі
тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14А.01.23 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде
қорғалады.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология
факультеті, 312-дәрісхана.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы 12 қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
А.Б. Салқынбай
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс қазақ газеті бетіндегі
тақырыптардың ерекшеліктерін зерттеуге арналады. Бұқаралық ақпарат
кұралының кұрамдас бөлігі болып табылатын газет беттеріндегі тақырыптар
әдеби тілдің функционалдық түрінің бірі ретінде арнайы зерттеу нысаны бола
алатыны сөзсіз. Тіл білімінде соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының
тілін ғылыми тұрғыда қарастыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе,
мерзімді басылымдар тілі тіл білімінің әртүрлі деңгейлерінің нысаны болып,
жан-жақты зерттелуде.
Зерттеудің өзектілігі. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен
байланысты қазіргі кезде адамдар тығыз ақпараттық кеңістікте өмір сүруде.
Бұқаралық ақпарат кұралдарының, соның ішінде радио, теледидар мен
интернеттің дамуына қарамастан, қазіргі қоғам өмірінде газеттің алар орны
ерекше. Әрбір оқырман газет бетін ашқанда, ең алдымен, мәтін тақырыптарымен
танысатыны анық. Қазіргі таңда лингвистика ғылымының даму деңгейі бұқаралық
ақпарат құралдарының негізгі өзегі – газет мақалалары тақырыптары
құбылысына тілдік тұрғыдан талдау жасап, теориялық негізде баға беруге
мүмкіндік береді. Ерекше тілдік бірлік болып табылатын газет мақалалары
тақырыптарының қолданылу ерекшеліктері, құрылымдық сипаты қазақ тіл
білімінде зерттеу нысаны болған емес.
Жалпы тіл білімінде тақырыптар арнайы ерекше тілдік бірлік ретінде
жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарынан бері зерттеле бастады. Бұл зерттеу
еңбектерде тақырыптардың номинациялық құрамы, олардың сөз таптарына қатысы,
грамматикалық тұлғалары, экспрессияның берілу тәсілдері, синтаксистік
ерекшеліктері, функционалдық типологиясы мен семантикасына жасалған
талдаулар қарастырылған.
Соңғы кездегі газет басылымдарының молаюына байланысты олардағы
тақырыптардың да аясы кеңейген, сонымен бірге коммуникацияға негізделген
газет мақалалары тақырыптарының құрылымдық сипаты да сан алуан.
Тақырыптардың құрылымдық, семантикалық зерттелуі қазақ тіл біліміндегі
алғашқы зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны – ерекше тілдік бірлік болып табылатын газет
беттеріндегі тақырыптар.
Зерттеу пәні – газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік
ерекшеліктері, соның ішінде жеке сөз, түйдекті тіркес және сөз
тіркесі типті (байланысу формалары мен тәсілдері), сөйлем типті
тақырыптардың құрылымдық өзгешеліктері.
Зерттеудің мақсаты – баспасөз бетіндегі мақала тақырыптарына
құрылымдық, семантикалық, функционалды тұрғыдан талдау жасау.
Алға қойған мақсаттардан төмендегідей зерттеу міндеттері туындайды:
- газет беттеріндегі тақырыптардың зерттелуіне шолу жасау;
- бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі өзегі болып табылатын баспасөз
бетіндегі тақырыптардың лингвистикалық табиғатын анықтау;
- газет мәтіні тақырыптарының сөйлеу әрекетімен арақатынасын анықтау;
- қазіргі газет мәтіні тақырыптарының негізгі қызметтерін саралау;
- баспасөз бетінде атау ретінде қолданыс тапқан жеке сөз, түйдекті
тіркес, сөз тіркестері, сөйлемдердің тақырыптану үрдісін ашып көрсету;
- тақырыптардың баспасөз бетіндегі қолданылу ерекшелігі мен
синтаксистік қызметін айқындау;
- газет атауына негіз болатын жеке сөз, түйдекті тіркес, сөз тіркесі,
жай сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық ерекшелігі негізінде газет
бетіндегі тақырыптардың семантикасына тигізетін ықпалын саралау.
Зерттеу әдістері – алға қойған мақсаттар мен міндеттер кешенді
зерттеуді талап етеді, соның негізінде туындаған сипаттамалы-синхрондық,
құрылымдық-семантикалық, лингвистикалық топтастыру, іріктеп алу тәсілдері
қолданылды.
Зерттеудің дереккөздері. Соңғы он жылда жарық көріп тұрған, қалың
оқырманға танымал газеттер Егемен Қазақстан, Ана тілі, Қазақ
әдебиеті, Жас Алаш, Жетісу, Алматы ақшамы, Айқын беттерінен
жинақталып алынған баспасөз бетіндегі жиі қолданылатын тақырыптар
пайдаланылды. Жиналған жалпы саны – бес мың, мысалдан диссертациялық
зерттеуді талдауға мыңнан аса тілдік бірлік алынды.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Қазақ тіл білімінің көрнекті
өкілдері А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев,
М. Балақаев, Қ. Есенов, Т. Қордабаев, М. Серғалиев, Р. Әмір,
Т. Сайрамбаев, т.б. ғалымдар еңбектеріндегі ғылыми-теориялық көзқарастар,
пайымдаулар мен қағидаттар негізге алынды. Тіл білімі теориясында бұқаралық
ақпарат құралдарының тілдік ерекшелігін және баспасөз бетіндегі мақала
тақырыптарын зерттеген ғалымдар еңбектері мен монографиялық зерттеулері:
Э.А. Лазарева, А.С. Попов, В.М. Ронгинский, сонымен қатар қазақ тіл
білімінде баспасөз тарихы және оның қалыптасу кезендерін, газет тілі және
оның ерекшеліктерін арнайы зерттеген Қазақ тіл білімі ғалымдары С.М. Исаев,
Б.А. Әбілқасымов, Б.Қ. Момынова, Н.В. Қарашева, Г.Қ. Ихсангалиева,
Ф.З. Жақсыбаева, Қ. Есенова және т.б. зерттеу еңбектері
жұмысымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының нәтижесінде
мынадай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:
– жалпы тіл білімі мен қазақ тіл біліміндегі газет мақалалары
тақырыптарына арналған еңбектерге талдау жасалды;
– газет тақырыбы құрылымындағы лебіздің ерекше сөйлеу актісіне
айналатыны анықталды;
– қазіргі газет мәтіні тақырыптарының әмбебап және факультативті
қызметтері сараланды;
– қазақ тіл білімінде алғаш рет баспасөз бетіндегі мақала тақырыптары
құрылымдық, мағыналық тұрғыдан анықталды;
– газет мәтіні тақырыптарының баспасөз бетіндегі қолданылу ерекшелігі
мен қызметі семантикалық, құрылымдық тұрғыдан талданды;
– газет атауына негіз болатын жеке сөз, түйдекті тіркес, сөз тіркесі,
жай сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық ерекшелігі негізінде газет
бетіндегі тақырыптардың семантикасына тигізетін ықпалы сараланды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазіргі қазақ тіліндегі газет
басылымдарындағы тақырыптардың қызметі мен құрылымдық ерекшеліктерін
анықтауға алынған тұжырымдар мен нәтижелер тақырыптардың тілдік табиғатын
жете тануға, қазақ баспасөз тілінің теориясына өзіндік деңгейде үлес
қосады. Осы орайда зерттеліп отырған газет мақалалары тақырыптары сөз
тіркесі саласында, байланысу түрлеріне, сөз тіркесі мен сөйлем құрылымына
арналған арнайы курс етіп өтуге де болады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Диссертацияның негізгі материалдары
мен теориялық тұжырымдары жоғарғы оқу орындарында морфология, синтаксис
салаларынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар
курстарында пайдалануға болады. Сонымен қатар журналистика тарихы мен
баспасөз тілінің ерекшеліктерінің аражігін ашуға септігізін тигізіп,
болашақ зерттеулерге жол ашады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– газет беттеріндегі синтаксистік жүйені қалыптастырған сөйлем
ерекшелігі, сөз тіркесінен қиысу, матасу, меңгеру, қабысу байланысу
формаларының ерекшелігі бар;
– баспасөз бетіндегі газет мақалаларының тақырыптары – жүйелі түрде
қолданылатын тілдік бірлік, олар бұқаралық ақпарат құралдарының құрамдас
бөлігі бола тұра, мақаланың мазмұнын ашатын, автордың көзқарасын
білдіретін, қоғамдық сана мен өзгерістерді бейнелейтін ерекше құбылыс;
– газет мақалаларының тақырыбы бағытындағы лебіз – бұл сөйлеу актісі,
өйткені ол автордың интенциясымен айқындалатын, қарым-қатынасқа негізделген
және оқырманға бағытталған қажетті коммуникациялық белгі болып табылады.
Сонымен, тақырып – бұл ерекше құрылым, онда лебіз сөйлеу актісі ретінде
қызмет етеді;
– тақырыптардың баспасөз бетінде қолданылу ерекшелігі бар. Бұл
синтаксистік құрылымдар дербес синтаксистік құрылым ретінде мәтінмен бір
тұтастықта жұмсалады, олардың өзіндік функционалдық мүмкіндіктері
қалыптасқан;
– газет мақалалары тақырыптарының түрлері мен типтері сан жағынан,
құрылым жағынан алғанда жазбаша және ауызша сөйлеудегі сөйлемдерден еш кем
түспейді және газет мақалалары тақырыптары қазақ тілінің синтаксистік
құрылымының сипатына сәйкес: жеке сөз, түйдекті тіркес, сөз тіркесі,
сөйлем типті тақырыптар деп бөлінді.
Жұмыстың сарапталуы мен талқылануы. Республикалық ғылыми басылымдар мен
ғылыми жинақтарда зерттеу жұмысы бойынша 8 мақала жарық көрді.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми тұжырымдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
қазақ филологиясы кафедрасында өткен лингвистикалық семинарда баяндалды
және диссертация 2009 жылдың 24 маусымында (№ 14 хаттама) өткен кафедра
мәжілісінде талқыланып, мақұлданды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссертация кіріспе, екі бөлім және
қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі газет мәтіндерінің тақырыптарының
қызметі, құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін анықтауға бағытталады.
Жұмыстың Газет мақалалары тақырыптарын зерттеудің теориялық
негіздері атты бірінші бөлімі 4 тараушадан тұрады.
1.1 Газет мақала тақырыптары, олардың зерттелуі
Баспасөз тілі бұқаралық ақпараттық мәліметті жеткізетін белгілі бір
өзіндік ерекшелігі бар бұқаралық ақпараттар құралы болып табылады. Газет
мәтініндегі тақырыптық желілердің дамуы экстралингвистикалық сипаттағы
факторлармен анықталады. Құрылымдық-мағыналық жағынан газет тақырыптарын
тақырыптың негізгі идеясымен, мәтіннің өн бойындағы ішкі компоненттерімен
өріле байланысқан тілдік құбылыс ретінде сипаттауға болады. Мақала
авторлары газет мәтінін жаза отырып, ең алдымен, оқырман
санасында бұрыннан бар, ескі мәліметтерді басшылыққа
алып, оны жаңа, соны ақпараттармен толықтырады.
Тақырыптардың ерекшеліктеріне орыс тіл білімі зерттеушілерінің қызығуы
1920-30 жылдары басталғаны байқалады. Бұл қызығушылық қоғамда болған
өзгерістермен байланыстырылады. Ал заман ағымы өте сезімтал мерзімді
басылым, соның ішінде газет тақырыптарында анық көрініс табады. Орыс тіл
біліміндегі алғашқы зерттеулер Г.О. Винокурдың Культура языка,
А.М. Семищевтің Язык революционной эпохи еңбектерінде байқала
бастады. Аталмыш еңбектер газет тақырыптарының орыс тіл білімінде жүйелі
зерттеле басталуына негіз болды. Ал кейінгі Б.И. Фоминыхтың Синтаксическая
структура заглавий, С.П. Суворовтың Особенности стиля английских
заголовков, З.Д. Блисковскийдің Название всегда важно атты зерттеу
мақалалары – газет тақырыптарын синхронды тұрғыдан зерделеуге арналған
еңбектер.
Газет тақырыптары ерекшеліктерін орыс тіл білімі ғалымдары зерттеуінің
бір түйінді көрінісі ретінде Н.Е. Бахаревтің диссертациясын [1] атауға
болады. Онда газет тақырыптарының құрылымдық және функционалды дамуының
мәселелері көтерілген. Ғалым өте үлкен уақыт аралығын, яғни ХХ ғасырдың
басынан бастап жетпісінші жылдарға дейінгі кезеңді бақылауға алған (1903-
1970 жж.). Автор осы уақыт кезеңдерін таңдап алуын жетпіс жыл аралығындағы
газет тақырыптары дамуының динамикасын нақты көрсетуге ұмтылуымен
түсіндірді.
Газет беттеріндегі тақырыптарда зерттеуші ғалымдар М.С. Стам,
И.С. Фоменко, А.Э. Лазерова, Л.А. Коробова, Д.И. Заславскийдің
еңбектерін атауға болады. Қазақ тіл білімінде баспасөз тілінің
ерекшеліктері мен газет тақырыптары жөніндегі зерттеулерге елеулі үлес
қосқан ғалымдар: С.М. Исаев, Б.А. Әбілқасымов, Н.В.
Қарашева, Ж.Б. Райымбекова, Б.К. Момынова, А.
Алдашеваның еңбектері газет тілін зерттеуге арналған құнды дүниелер болып
табылады.
Газет беттеріндегі тақырыптардың синтаксисі тақырыбы бұрын соңды
қазақ тіл білімінде қозғалмаған тың да өзекті тақырыптардың бірі. Тақырып
категориясын зерттеу тіл білімінде біраз уақыттан бері қарастырылып келеді.
Ең алғаш бұл мәселе әсіресе орыс тіл білімінде әр қырынан зерттелді.
Отандық ғылым саласында да тақырыпты зерттеу жаңаша лингвистикалық
зерттеулерге нысан болып отыр. Мысалы Г.К. Ихсангалиева газет пен теледидар
бағдарламаларының тақырыптарына функционалды-прагматикалық талдау жасаса
[2], Ф.З. Жақсыбаева [3], Қ. Есенова тақырыптардың прагматикасына [4], Р.Т.
Қожабекова баспасөз беттеріндегі тақырыптардың фразеологиялық
ерекшеліктеріне тоқталады [5].
1.2 Газет тақырыптарын зерттеудің аспектілері
Газет беттеріндегі тақырыптарға лингвисттердің көп көңіл бөлгені
белгілі. Қазіргі кезде жалпы тіл білімінде газет мәтінінің тақырыптары
құрылымдық, семантикалық, функционалдық және прагматикалық тұрғыдан
зерттеле бастады.
Газет беттеріндегі тақырыптарға құрылымдық тұрғыдан талдау жасау
дәстүрлі зерттеуге жатады. Тақырыптарды сөйлем қатарына жатқызу не
жатқызбау әлі шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады (предикативтілік,
модалділік, интонация жағынан тиянақтылығы, белгілі бір грамматикалық
құрылымының болуы). Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселеге әр түрлі көзқарастар
қалыптасқан. Е.М. Галкина-Федорук: ... все заглавия, как именного
характера, так и глагольного пишутся для того, чтобы сообщить людям
содержании. Следовательно, это единица коммуникации, поэтому нет оснований
именное название не считать за предложение деп тұжырымдайды, яғни ғалымның
пікірінше, есімді және етістікті сипаттағы тақырыптардың қызметі оқырманға
белгілі бір ақпаратты жеткізу болса, онда ол коммуникативтік бірлік болып
табылады. Сондықтан олар сөйлем деп танылуы тиіс [6, 126 б.].
Тақырыптардың синтаксистік модельдері бір сөзді-тақырып, сөз тіркесті-
тақырып және сөйлем-тақырып деп жіктеледі. Н.А. Кожина тақырыпты екі жақты
сипаты тұрғысынан қарастырады. Тақырыптың тема-ремалық сипаты тақырыпты
номинативті-предикативті бірлік ретінде анықтайды, ол белгілі бір орында
тұрып, бір мезгілде әрі атау болады, әрі лебіз, сөйленім ретінде мәтінді
мазмұндайды. Газет мәтінінің тақырыптары лебіз ретінде предикациясы бар
сөйлем құрылымына қарай ұмтылады, ал номинативті бірлік ретінде есімді
құрылымға ұмтылады.
Тақырыптардағы тұлға мен мазмұн арасындағы қарама-қайшылық оның
синтаксистік құрылымы мен семантикалық қызметіне байланысты туындайды.
Тақырыптың формалды құрылымында сыртқы қызметі басым болса, онда етістікті
конструкция жасалады, ал егер тақырыптардың құрылымында ішкі қызметі басым
келсе, онда есімді құрылым пайда болады.
Н.А. Кожинаның тұжырымдауынша, тақырып сөйлем емес. Тақырыптағы кез
келген тілдік бірлік номинативтік немесе предикаттық қызмет
атқаратындықтан, тақырып құрылымына қарай сөйлеммен омонимдес болып келеді.
Сол себепті етістікті тақырыптарда омонимдес етістікті сөйлемдермен
салыстырғанда коммуникативтілік басым болып келеді де, ал есімді
тақырыптарды омонимдес сөздермен, сөз тіркестерімен салыстырғанда
предикативтілік мән басым болып келеді.
Тақырыптарды прагматикалық қырынан карастыру үлкен қызығушылық тудырып
отыр. Прагматика автор әрекетін оқырманның коммуникативтік біліктілігін,
адресатқа сөйлеушінің ойы мен лебіз мағынасын салыстыруға жол ашатын
коммуникативтік компетенцияны қалыптастыруды басты компонент ретінде өзекті
мәселеге айналдырды. Осылайша, прагматика нақты коммуникация үрдісіндегі
таңбалар табиғатын зерттейді.
Л.А. Ноздринаның пікірінше, тақырыптың прагматикасы оқырманға мәтін
туралы біраз ақпарат бере отырып, оған (ментальды, эмоционалды деңгейде)
әсер етуге, мәтінді оқып шығуға қызығушылық тудырып, жаңа ақпаратты белгілі
бір арнадан күтуге бағыттауға негізделеді. Адресанттың коммуникативтік
мақсатын нәтижелі орындауы үшін ақпарат сипаты бойынша да, тілдік жағынан
да бағытты болуы керек. Басқаша айтқанда, ол көпшілік адресатқа түсінікті
болуға тиіс. Оның адресат пен адресанттың өзара коммуникативтік және сөйлеу
әрекеті өз мақсатына жете алмайды, ал бұл ақпаратты жоғалтуға әкеледі.
Қазақ тіл білімінде Қ. Есенова газет тақырыпшаларындағы прагматикалық
ерекшелігі туралы айта келіп, төмендегіше қорытынды жасайды: Сонымен,
әрбір автор өзіне тақырып таңдағанда атауыштық, ақпараттық қызметтермен
қатар оның прагматикалық әлеуетін қарастыруға барынша күш салады [3,
315 б.].
Э.А. Лазарева өзінің зерттеу жұмысында газет тақырыптары ерекшеліктерін
семантикалық бірліктер ретінде қарастырады. Бұл өлшем құрылымдық және
прагматикалық өлшемдермен қатар маңыздылыққа ие. Газеттің өзіндік
ерекшелікке ие болуы, оқырман үшін қызығушылық тудыруы, көбінесе, автордың
қазақ тіліндегі сөздік қор мен сөздік құрамдағы мүмкіндіктерді қалай
қолданатындығымен анықталады. Тақырыптарда бағалауыштық сөздер, ауыспалы
мағынадағы сөздер, стилистикалық реңкке ие лексикалық бірліктердің
қолданылуы орынды [7, 61 б.].
Е.В. Падучева тілдік мағына, негізінен, тілде ерекше айқындалған
эмоционалды және экспрессивті элементтермен байланысты адаммен, сөйлеу
жағдаятымен прагматикалық мәнге ие болады дейді.
Қазіргі газет тақырыптарындағы қарқындылық категориясының
әсері қарама-қайшылық принципі негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі қоғам
өмірінде қақтығыстар, қарама-қарсылықтар мен олардың қосылуынан тұрады.
Газет тақырыптары ұғымдық қарама-қайшылық тудыратын оппозициялық пікірлерге
толы. Қайталанатын, көшіріп алынған ақпараттың мәні төменгі тақырыптарға
қарағанда олар ұғымдық шиеленісуді күшейтуге бағытталады. Бұл жағдайда
тақырып, өзгеше формаға ие болып, бағалауыштық, экспрессивтік, жарнамалық
реңкке ие болады: газет материалдарын белгілі бір мақсатта қабылдауға
бағдарлай отырып, ақпарат береді.
Қазіргі газет тақырыптарының ерекше бағалауыштық сипатын атап өтпеуге
болмайды. Енді ол ақпаратқа, көркемділікке толы бола бастады. Ал газетті
оқырман тақырыптары бойынша қарап шығатыны – жалпыға белгілі дерек.
1.3 Газет мәтінінің тақырыбы және сөйлеу әрекеті
Тақырыпты ойлап тапқан журналист әрқашан сөйлеу әрекетінің бір формасын
таңдауы керек. Бүгінгі күні тіл – бұл ережелер жиынтығы емес, жеке тұлғалар
түрліше баға беретін таңдаулар жиынтығы екендігі белгілі. Бұл жағынан
алғанда сөйлеу актісі сөйлеудің жоспарлануымен байланысты. Дәл осы сөйлеу
актісі мәтінді шектей алмайды. Сөйлеу актісінің типтік міндеті оның осы
бағытта ойын жеткізудегі адресаттың санасы мен ойына әсер етуі болып
табылады. Мұның барлығы сөйлеу актілерінің түсініктілігін анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл сөйлеу актісі теориясында сәттілік шарты ұғымымен
байланысты. Алайда сөйлеу актілерінің теориясында сөз болған сәттілік
шарттары әртүрлі тілдесу жағдайларында бірдей түсіндірілмеуі де мүмкін,
сондықтан оларды өзгермейтін эталон ретінде қарастыруға болмайды.
Лингвистикалық әдебиеттерде айтылып жүрген синтаксис және
прагмалингвистика мәселелерінен үш терминді кездестіруге болады: сөйлем,
лебіз және сөйлеу актісі. В.А. Белошапкова сөйлемнің көпаспектілі құбылыс
екендігін және бір-біріне тәуелсіз, өзара байланысты жүйелер кешені
екендігін бірнеше рет айтып өткен болатын. Сөйлемді құрастырудың үш жағы
бар: құрылымдық, мағыналық және коммуникативтік. Осыған сүйене отырып, ол
коммуникативтік жағынан қарастырғанда, сөйлемді лебіз (высказывание) деп
атау керектігін айтады. Осыған байланысты лебіз ретінде сөйлем интонациялық
көрініске ие ауызша сөйлеудің жеке коммуникативтік бірлігі ретінде
қарастырылады [8, 705 б.].
Лебіз күрделі құрылым болып табылады. Газет мәтінінің тақырыптары
бағытында лебіз санадан тыс, түрлі дәрежеде оқырманның басылымды қабылдауын
алдын-ала анықтайды. Э. Бенвенист лебізді тілді қолданудың жеке актісі
ретінде қараған. Ол былай деп жазады: Лебіз жеке акті болып
табылғандықтан, оны тілге қатысты меншіктеу процесі ретінде қарауға болады.
Сөйлеуші тілдің формалды аппаратын меншіктеп алып арнайы көрсеткіштер
арқылы сөйлеушінің статусын көрсетеді. Лебіздің кез келген актісі біреуге
эксплицитті немесе имплицитті түрде бағытталған, ол әңгімелесушінің бар
екендігін көрсетеді [9, 121 б.].
Газет мәтінінің тақырыптары бағытындағы лебіз журналист немесе редактор
жасаған мақсатты түрдегі сөйлеу әрекетіне айналады. Ол әлеуметтік сөйлеу
әрекетінің нормативтік мәртебесіне ие болады және нақты белгілі жағдайда,
белгілі мағынада, белгілі мақсатта белгілі адресатқа қатысты субъекті
арқылы жүзеге асатын сөйлеу актісіне айналады. Газет беттеріндегі
тақырыптар бағытында лебіз қоғамдық-коммуникативтік құрылыммен сипатталған,
ақпараттың өзегін, фокусын құрайтын оқиғаға қатысушылардың әлеуметтік
сипатынан тұрады. Газет тақырыбын тілдесудің әлеуметтік-тарихи және мәдени
аясында жүзеге асатын коммуникативтік акт ретінде сөйлеу актісі деп атауға
болады.
Газет тақырыбы бағытындағы лебіз – бұл сөйлеу актісі, өйткені ол
автордың интенциясымен айқындалады. Газет тақырыбы мәтін мазмұнымен сәйкес
келе отырып, мәтіннің бөлігі ретінде белгілі бір ақпаратты, нақтылай
айтсақ, мәтін мазмұнын жеткізеді. Тақырып қарым-қатынасқа негізделген және
оқырманға бағытталған қажетті коммуникациялық белгі болып табылады.
Сонымен, тақырып – бұл ерекше құрылым, онда лебіз сөйлеу актісі ретінде
қызмет етеді.
Газет тақырыбы құрылымындағы лебіз ерекше сөйлеу актісіне айналады,
өйткені ол интонациялық жағынан аяқталған, белгілі бір мағыналық әрі
грамматикалық құрылымы бар, коммуникативтік жағдаятпен тікелей байланысты
прагматикалық мақсаттағы әлеуметтік-коммуникативтік бірлік, тілдік
коммуникацияның өнімі.
1.4 Газет мәтіні тақырыптарының қызметі
Газет тақырыптарының қызметі мәселесін тілшілер әртүрлі жолмен шешуге
тырысады. Кеңес үкіметі кезінде газет тақырыптарының тәрбиелік және
идеологиялық қызметіне баса назар аударылған болатын. Қазіргі зерттеушілер
кейінгі кезде қазақ тілінің өмір сүру және қызмет етуінің
экстралингвистикалық шарттарының өзгеруіне байланысты мұндай қызметтерді
айқындап көрсетпейді.
А.В. Швец еңбегінде газет тақырыптарының номинативтік, ақпараттық,
жарнамалық және сендіру қызметтерін көрсетеді. Мәселені шешудің басқа
жолдары да бар. Э.А. Лазарева газет тақырыптарының мынадай қызметтерін
көрсетеді: 1) графикалық-айқындау; 2) номинативтік; 3) ақпараттық;
4) интегративтік.
Графикалық-айқындау қызметі тілдік емес құралдар негізінде жүзеге
асырылады. Номинативтік қызметте тақырып мәтінді атай отырып, оның атауы
қызметін атқарады. Ақпараттық қызметте тақырып мақала мазмұнын жинақталған
күйінде береді. Интегративтік қызметте тақырып мәтін бір бүтін ретінде
таныту қызметін атқарады да, мәтінді өзінше біртұтастық ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Тақырыппен алғаш танысу кезінде мәтінді тұтасымен оқымай
тұрып, номинативтік қызмет жүзеге асырылады. Газет басылымдарындағы
кез келген тақырыптық құрылым хабарлама тақырыбын
қалыптастырады. Номинативтік қызметте тақырып мәтінді атай отырып, оның
атауы, таңбасы ретінде көрінеді. Тақырып кез келген жалқы
есімге ұқсас жеке нысанды (мәтінді) білдіреді. Кез
келген газет мәтінінің тақырыбы мәтіннің атау қызметін атқарады, бұл
тұрғыдан ол өзінің синтаксистік құрылымына тәуелсіз номинативтік қызмет
атқарады.
Номинативті қызметпен қатар мысал ретінде келтірілген тақырыптар
ақпараттық және жарнамалық қызмет атқарады.
Тақырып мәтін мазмұнымен тығыз байланысты болады. Тақырыптардың
ақпараттық қызметі оның осы ерекшелігінен анық байқалады. Олар тек мәтінді
атап қана қоймайды, сонымен қатар мақала, баспа, кітап туралы белгілі бір
мәліметтерді береді. Ақпараттық қызмет атқара отырып тақырып оқырманды
мәтінге тартады. Ғылыми әдебиеттерде ақпараттық қызметтің табиғатын ашу
үшін көптеген көзқарастар бар. Атап айтар болсақ, С.И. Костыгинаның
тұжырымдауынша, ақпараттық қызмет номинативтік қызметпен тығыз байланысты,
сол себепті екеуін бір тұтастықта ақпараттық-номинативтік қызмет деп
қарастыру орынды. Н.П. Пешкова ақпараттық қызметтің конституттық қызметпен
қиылысып жатқанына назар аударады. Ақпараттық қызметтер түгел хабарламаның
жинақталған нұсқасы ретінде көрінетіндіктен, мәтінде берілетін ақпаратты
лексикалық құралдар арқылы өзектендіріп, тақырыпты анық түрде жеткізіп
отыратындықтан газет тақырыбының маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Ғалымдар жоғарыда санамалап көрсеткен газет беттеріндегі тақырыптар
қызметінен басқа тағы бір қызметін көрсетеді, ол – жарнамалық. Мұндай кезде
тақырып тек мақала атын атап, мазмұнын ғана білдіріп қоймайды, сонымен
бірге арнайы тілдік бірліктермен оқырманды қызықтырады. Э.А. Лазарева
тақырып қызықтырып қана қоймай, әуестік пен таңданыс тудыратын – эмоцияға
толы болуы тиіс. Сонда тақырып жарнамалық қызмет атқарады. Жарнамалық
тақырып жеке тұлғаның психикалық дайындығын қалыптастырады, сөйтіп
оқырманды мақсатты түрде газет басылымына қарай назарын аудартады [7, 71
б.].
Газет тақырыптарының жарнамалық қызметін жүзеге асыруға сонымен қатар
экспрессивті лексикалық бірліктер мен ерекше синтаксистік құрылымдар да
қатыса алады. Көбінесе, журналистер айқайлап тұрған тақырыптарды
қолдануға тырысады. Мұндай құрылымдар оқырманға жағымды әсер қалдырады. Сол
себепті тақырып оқырманды өзіне түсіретін қармақ іспеттес көрінеді.
Айқайлап тұрған тақырыптардың ақпараттық мәні төмен немесе түсініксіз болып
келетінін оқырман саналы түрде қабылдай алмауы мүмкін. Олар оқырманның
қызығушылығын оятып, ол келесі өсекті оқуға талпынады. Баспашылар мұндай
типтегі тақырыптарды сары басылым қолданатын оқырманның назарын
аудартатын айла деп атайды. Мұндай тақырыптарды жиі қолдану газет
шығарушыларға қазіргі қазақ газеттерінің бағасын көтеруге жол ашады.
Тақырып бағалауыштық-экспрессивтік қызмет атқара отырып, газет
мәтінінің эмоционалды әсер ету мүмкіндігін қалыптастыруға қатыса алады.
Газет үшін оның маңыздылығы тақырыптың оқырманды автор ұсынып отырған
белгілі бір саяси тұжырымдарға сендіріп көз жеткізуімен анықталады.
Газет басылымы мәтінін оқып шыққаннан кейін оқырман басылым мәтіні мен
тақырыптың өзара арақатынасын анықтайды, егер мәтін мазмұнымен немесе
мәнерлі композициялық сөйлеу құрылымымен өзіне оқырман назарын аудартса,
онда ол басылымды есінде сақтап қалады. Тақырып мәтінді қабылдаудың барлық
кезеңдерінде: оқығанға дейін, оқып отырған кезде, мәтінді түгел оқып
біткеннен кейін де маңызды қызмет атқарады. Қабылдаудың әр түрлі
кезеңдерінде жоғарыда аталған қызметтердің біреуі алдыңғы қатарға шығуы
мүмкін.
Бірқатар авторлар, нақтырақ айтсақ, В.С. Мужев, Л.Д. Петрова,
Э.А. Лазаревалар нақты талдау жасай отырып, тақырыптың негізгі
мынандай қызметтерін көрсетеді:
1. Графикалық-айқындауыштық (әр түрлі графикалық құралдар арқылы
мәтінді айқындап көрсетеді).
2. Номинативтік (мәтінді атау қызметін атқарады).
3. Ақпараттық (сөйлеу нысаны туралы оқырманды хабардар етеді).
4. Жарнамалық (оқырманның қызығушылығын оятады). Жарнамалық қызметтің
түрлері ретінде назар аударту және қызығушылығын ояту қызметтерін атауға
болады.
5. Бағалауыштық-экспрессивтік немесе экспрессивтік-апеллятивтік
(автордың мәтін мазмұнына қатынасын көрсетіп, оқырманға белгілі бір
дәрежеде әсер етеді).
6. Интегративтік (мәтіннің бір бүтіндігін қамтамасыз етеді).
7. Композициялық (тарауларға бөлінген мәтін қабылдауды жеңілдетеді,
бөлімдер арасындағы байланысты ашады).
8. Болжау (алданған үміт нәтижелерінің пайда болуын болжайды).
9. Көрсетілген қызметтерден басқа тақырыптардың оқырман дүниетанымын
кеңейтуге арналған танымдық-ағартушылық қызметін атап көрсету орынды. Осы
қызмет негізінде оқырмандар мәдени жан-жақтылықтың белгілі бір деңгейіне
көтеріледі.
Жоғарыда келтірілген қызметтердің ішінде графикалық-айқындауыштық,
жарнамалық, бағалауыштық-экспрессивтік, интегративтік, композициялық
қызметтерді біріктіріп, құбылыстың табиғатын нақты әрі жарқын бейнелейтін
прагматикалық қызмет аясында қарастыру орынды. Егер қызметтердің әмбебап
және факультативті болып бөлінетінін ескерсек, онда жіктеме мынандай
сипатта көрініс табады: әмбебап қызметтер: номинативтік; ақпараттық;
прагматикалық; болжау; факультативті қызмет: танымдық-ағартушылық.
Газет тақырыптарының құрылымдық-мағыналық сипаты деп аталатын екінші
бөлімде газет мәтіндері тақырыптарының жасалу жолдары, құрылымдық сипаты
қарастырылды.
2.1 Жеке сөз типті тақырыптар
Жеке сөз типті тақырыптар газет бетіндегі басқа типті сөйлемдерге
қарағанда аз. Олар мәтінді атаудағы бірегей коммуникативті мақсаттағы жеке
сөздер болып табылады. Мұндай тақырыптардың мәні лебіздің коммуникативтік
мақсатында өзінің алға қойған міндеттерімен бірге логика-грамматикалық
деңгейде арта түседі. Мысалы: Бүркеншек (Ана тілі, 2007), Сөзтаным (Ана
тілі, 2006), Кереку (Ана тілі, 2005), Наршоқы (Ана тілі, 2007).
Жеке сөз типті тақырыптарда зат есімдердің жалқы түрі де, жалпы түрі
де қолданыла береді: Наршоқы (Ана тілі, 2007), Қаржаубай Омарұлы (Қазақ
әдебиеті, 2006), Әдебиет... (Қазақ әдебиеті, 2005) т.б.
Мұндай типті газет тақырыптарының мәні мақала атауынан кейін берілетін
түсіндірмеде ашылады. Алайда журналист аудиториямен мәтінді таныстырмас
бұрын, олармен тікелей коммуникативті байланысқа түсу үшін осындай шағын
мәтін берсе керек.
2.2 Түйдекті тіркес типті тақырыптар
Түйдекті тіркес терминін алғаш рет қолданған, тіл біліміне енгізген
профессор М. Балақаев болатын. Түйдекті тіркестің мынадай түрлерін
көрсетеді: күрделі етістіктер тобы: оқып жатып, оқып келе жатыр; есім мен
көмекші етістіктер: қонақ болды, мақұл көрді; қосарлы есімдер тобы: бірін-
бірі, өзімен-өзі, бау-бақша; күрделі есімдер тобы: біраздан кейін, қала
үстінде; тұрақты есімдер тобы: қабырғаңмен кеңес, таяқ жеу [10, 30-32 бб.].
Т. Сайрамбаевтың Қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері атты еңбегі
1981 жылы жарық көрді [11]. Еңбекте қазақ тіліндегі сөз тіркесінің
құрылысы, күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолдары, ерекшеліктері
қамтылған. Сондай-ақ сөз тіркесі құрамын толық мағыналы
сөздердің де, көмекші сөздердің де күрделендіре түсетіндігі айтылады.
Түйдекті тіркестер сөйлеу процесінде жасалады. Олар жеке сөз сияқты
сөзтіркесінің (сөйлемнің) құрылыс материалы болып табылады. Түйдекті
тіркестер жеке атау құрауға қабілетсіз. Газет беттеріндегі тақырыптар
түйдекті тіркестер жеке қолданысы аз, көбіне сөз тіркесі құрамында
жұмсалады.
Көмекші есім: Доллар дауыл алдында (Ана тілі). Тағы да Миттал туралы
(Айқын). Төлейтін салығыңыз 4378,99 теңге шамасында (Алматы ақшамы).
Көмекші етістік: Біз үшеу едік (Қазақ әдебиеті). Нарық нарға жүк емес
(Қазақ әдебиеті). Университет базар емес (Ана тілі). Ажар десе, Ажар
(Айқын).
Шылау сөздер: Бәрі де ел ертеңі үшін (Қазақ әдебиеті). Дәулеттің
жүлдесі үшін (Айқын).
2.3 Сөз тіркес типті тақырыптар
2.3.1 Қиыса байланысқан сөз тіркес типті тақырыптар
Газет бетіндегі тақырыптар үнемі бір сөзден бола алмайды. Ол өзінің
коммуникативтік, прагматикалық, ақпараттық қатынасына қарай, бір бүтін
сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де беріліп отырады. Жинастырған
тілдік деректерден байқағанымыз, қиыса байланысқан сөз тіркестері көптеп
кездеседі. Олардың жасалу жолдары, сыңарлары әртүрлі сөз таптарынан
жасалады. Қиыса байланысқан сөз тіркестерінің де сөздердің өзара тіркесу
қабілетіне қарай есімді және етістікті деп бөлінеді. Газет беттеріндегі
тақырыптарда есімді тіркестер мол. Оның себебі, біздің ойымызша, олардың
атаулық қызметімен байланысты болса, екіншіден, ақпараттық қызметіне
байланысты деп білеміз.
1. Етістікті қиыса байланысу: Алты сотық асырайды (Ана тілі, 2005),
Телеарналар түзелді (Ана тілі, 2005), Ассамблея ақсап қалды (Ана тілі,
2006). Берілген газет бетіндегі тақырыптардағы етістіктер өткен шақ
(түзелді, ақсап қалды) және ауыспалы өткен шақ (асырайды) тұлғасында тұр.
Жедел өткен шақ формасындағы қиыса байланысқан сөз тіркестерінде белгілі
бір істің жақын арада өткен нәтижесі айтылып тұр.
2. Есімді қиыса байланысу. Зат есімнен жасалады. Қиыса байланысқан сөз
тіркестерінің екінші сыңары зат есімдерден де келеді. Олар атау тұлғасында,
тәуелдік формасында және септік жалғауларында келе алады.
Атау тұлғасында: Астана – арена (Ана тілі, 2006).
Тәуелдік жалғаудың І жағында: Білім – тірегім (Ана тілі, 2006).
Тәуелдік жалғаудың үшінші жағында: Астана – елдің жүрегі (Ана тілі,
2007), Жаңа телеарна – ел тілегі (Ана тілі, 2006).
Жатыс септігінде: Сыр өнерпаздары Жетісу өңірінде (Ана тілі, 2005).
Сын есімнен жасалады: Араб әліпбиі тиімді (Ана тілі, 2007).
Сан есімнен жасалады: Жаңа аудан – 7564 (Ана тілі, 2007).
Есімдіктен жасалады: Біз кімбіз? (Қазақ әдебиеті, 2007).
Көмекші етістіктен жасалады: Оқулық жарнама емес (Ана тілі, 2007),
Тәңіршілдік дін емес (Ана тілі), Бетке айту – бет жыртысу емес (Ана тілі,
2008).
Газет беттеріндегі тақырыптық тақырыптар да қиыса байланысу формасында
жиі қолданылатыны айқындалды. Газет беттеріндегі тақырыптарда қиыса
байланысудағы бастауыш мүше көбіне зат есімдер, олар тәуелдік және көптік
формаларында кездеседі. Ал есімдіктер мен субстантивтенген басқа сөз
таптары аз.
2.3.2 Матаса байланысқан сөз тіркес типті тақырыптар
Газет бетіндегі матасу формасының бірінші сыңары көп түрлі емес.
Зат есім: Кейіпкердің қазасы (Әдебиет айдыны, 2008), Алаштың ардағы
(Қазақ әдебиеті, 2007), Алаштың асылдары (Қазақ әдебиеті, 2006).
Үстеу: Бүгінгінің көзі (Қазақ әдебиеті, 2006).
Газет бетіндегі тақырыптардан жалпы есімдер мен жалқы есімдерді
кездестіруге болады. Мысалы: Жалпы есімдер: Беттің әзілі (Жас Алаш, 2004)
Жалқы есімдер: Көкмойнақтың үйірі (Қазақ әдебиеті, 2004), Мыңаралдың
мақтанышы (Қазақ әдебиеті, 2003), т.б.
2.3.3 Меңгеріле байланысқан сөз тіркес типті тақырыптар
Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле байланысқан етістікті сөз
тіркестері белсенділік танытпайды, ал, меңгеріле байланысқан есімді сөз
тіркестерін кездестіруге болады.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесінің түрлері
Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле байланысқан есімді сөз
тіркестері көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің
меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың
күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі
кездеседі. Олар мынадай есімдер:
1. Зат есімдер. Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімдерді сөз
тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді. Бұл сөз тіркестерінде
бағыныңқы компонент барыс септік формасында меңгеріліп, зат пен заттың
арасындағы қатыстық байланысты білдіреді. Мысалы: Сыныққа сылтау (Қазақ
әдебиеті, 2003), АҚШ-тан Ақтөбеге (Жас Алаш, 2004) т.б.
2. Сын есімдер. Газет бетіндегі тақырыптарда сын есім сөз тіркесінің
басыңқы сыңарында кездеседі. Мысалы: Адамдарға сенгішпін (Жас Алаш, 2004),
Атымен жаңа (Жас Алаш, 2003) т.б.
3. Сан есімдер. Азияда бірінші (Жас Алаш, 2004) т.б.
Газет беттеріндегі тақырыптарда кездесетін меңгеріле байланысқан есімді
сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1. барыс
жалғаулы сөз тіркестері; 2. шығыс жалғаулы сөз тіркестері; 3. жатыс
жалғаулы сөз тіркестері.
Барыс жалғаулы сөз тіркестері: Демократияға қадам (Ана тілі, 2005),
Достыққа дәнекер (Ана тілі, 2005), Ұлылыққа тағзым (Қазақ әдебиеті, 2006).
Табыс жалғаулы сөз тіркестері: Бізде қонақта (Ана тілі, 2007).
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері: Ақ жолдан айнымай... (Ана тілі, 2005),
Америкадан тәуірміз (Ана тілі, 2005).
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің табыс, көмектес жалғаулы
түрі газет беттеріндегі тақырыптарда кездеспеді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Газет бетіндегі тақырыптарда меңгеріле байланысқан етістікті сөз
тіркестері көп кездеспейді. Ал біздің қолымыздағы тілдік
материалдардан көп кездестіргеніміз көмектес септігі болды. Дегенмен
де басқа септік жалғаулы тіркестер де бірен-саран ұшырасады. Мысалы:
Ақынмен кездесу (Қазақ әдебиеті, 2003), Қатармен танысу (Ана тілі, 2004),
Елордамен мақтанамын (Ана тілі, 2005), Шолуға шолу (Ана тілі, 2005), т.б.
2.3.4 Қабыса байланысқан сөз тіркесі типті тақырыптар
Газет бетіндегі тақырыптардан да қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі
мен етістікті сөз тіркесін көруге болады. Соның ішінде есімді сөз тіркесі
көп ұшырасады. Оның себебі, есім сөз таптарының атау беруге жақындығы.
Төменде біз қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерін бағыныңқы сыңары сөз
табына байланысты жіктедік.
Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері:
Зат есім. Бұлақ өлең (Қазақ әдебиеті, 2003), Сөз сойыл (Егемен
Қазақстан, 2004), Депутат дауысы (Егемен Қазақстан, 2004), т.б.
Сын есім. Қара пышақ (Қазақ әдебиеті, 2005), Қара бала (Жас Алаш,
2003), Дарақы маймыл (Қазақ әдебиеті, 2003), Кілең сұлу (Қазақ әдебиеті,
2003), т.б.
Қатыстық сын есімдер мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр
түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай
сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады.
Мысалы: Өрісті ізденістер (Қазақ әдебиеті, 204), Күн дидарлы Қазақстан (Ана
тілі, 2007).
Сан есімдер. Газет тақырыптарының бағыныңқы сыңары таза сан есімді
қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері кездеседі. Жалпы зат бар жерде
оның саны айқындалады. Сан есімдер де қаншалықты затқа қатысты
делінгенімен, олар кез келген зат есімдермен жапатармағай тіркесе бермейді.
Сан есімдер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары
қызметінде құрамы жағынан дара және күрделі түрі кездеседі, ондай кезде сан
есімдердің ішінде тек есептік және реттік сан есімдері ғана қолданылады.
- Есептік сан есім. Заттың нақты санын білдіреді: Екі кітап (Жас Алаш,
2004), Жеті сұрақ (Егемен Қазақстан, 2004);
- Реттік сан есім. Заттың саналу ретін білдіреді: Үшінші мәселе (Қазақ
әдебиеті, 2003), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газет мақала тақырыптарын зерттеу
Газет стилі ұғымын, жалпы сипаттамасын және оның функциясын қарастыру
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала
Газет тілі және прецедентті мәтін
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
Пәндер