Афинының теңіз қуаты


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Афинының теңіз қуаты.

2. Партиялар күресі.

3. Эфиальт реформалары.

4. Перикл - афины демократиясының көсемі.

5. Афины демократиясының саяси құрылысы.

1 . Афинының теңіз қуаты. Грек-парсы соғыстары және 1-ші Афины теңіз одағының құрылуы кезінде Афинының теңіздегі қуаттылығы дами бастады. Барлық афины азаматтары өздерінің дүние-мүліктеріне қарай қандай жікке жататынына сәйкес белгілі әскери міндет атқара бастаған және саяси правоға ие болған. Солон реформасынан кейін афины кедейлері болып табылатын феттер афинының саяси құрылымының ең төменгі сатысынан орын алды. Ауыр қару-жарақтар алуға олардың қаржылары болмады, сондықтан көмекші отрядтарда қызмет атқаруға мәжбүр болды. Матростарға қымбат қару-жарақтың қажеті болмағандықтан, әскери-теңіз флоты дамыған кезде феттер құрылықтағы көмекші отрядтарда қызмет етумен бірге, кемелерде де қызмет атқара бастады. Ал флот 1-ші Афины теңіз одағының тірегіне айналғаннан кейін феттер өздерінің саяси жағдайы жөнінен бірте-бірте афины демосының өзге, неғұрлым ауқатты және ерекше пұрсатты жіктерге жататын зевгиттермен, ішінара тіпті атты әскерлермен де теңелді. Феттер б. э. дейінгі 5 ғасырда Афинының қуат-күшінің тірегі болды.

Грек-парсы соғыстарында афины демосынан құрылған афины армиясы жеңіске жетті. Сондықтан демостың грек-парсы соғыстары дәуірінің өзінде-ақ бедел алып, билікке ұмтылуы табиғи құбылыс еді. Сонымен бірге ол уақыттағы өндірістің ұйымдастырушылары да дәл осы демостар еді, олар қолөнермен және саудамен айналысты. Шаруашылық іс жүзінде демостың арқасында гүлденіп тұрды.

Селосы жерлерде б. э. дейінгі 5 ғасырда негізінен село демостың өкілдері - майда және орташа жер иеленушілер, өмір сүрді. Ірі жер иеліктері көп емес болды. Б. э. дейінгі 4 ғасырда ірі жер иеленушілік дамыды, бірақ ол аристократтардың үстемдігі негізінде емес, олигархияның дамуына байланысты туған еді.

Бірте-бірте өзінің жетекшілік позицияларын жоғалта бастаған афины аристократтары қарсыласуын тоқтатпады. Грек-парсы соғыстарының аяқ кезінде-ақ аристократиялық және демократиялық топтар арасында аяусыз саяси күрес жүрді, біз оларды, дәл емес болса да, партиялар деп атаймыз.

2. Партиялар күресі. Атақты қолбасшы Мильтиадтың баласы - талантты флот бастығы Кимон бастаған аристократтар партиясы әскери табыстар арқасында Афиныда ең жетекші роль атқаруға ұмтылды. Бірақ аристократтар партиясының күш-қуаты кеміген еді. Аристократтар ол уқытта сол кездегі өндірісте қандай да болмасын елеулі роль атқарудан қалған болатын, олардың жер иеліктері де азая берді.

Аристократтар мен оларға жақын бай азаматтар топтары ареопагқа сүйене отырып және Афины тұрғындарының демократиялық топтарының үлкен бөлігі соғыста жүргендігін пайдаланып, өз биліктерін уақытша күшейтіп алды. Бірақ әскери қимылдар аяқталып, жауынгерлер мен матростар үйлеріне қайта бастауымен бірге демостардың қалың топтарының белсенділігі де арта берді. Ареопагтың саяси функцияларын әлсіретуді демократиялық партия өзінің басты міндеті деп санады.

3. Эфиальт реформалары. Б. э. дейігі 462 жылы демократиялық партияның көсемі - Эфиальттің реформасы жүзеге асты. Ол ареопагты саяси мекеме ретінде жоюды көздеген еді. Бірақ бұл органның беделі тым жоғары болғандықтан Эфиальт ашық қимылға бара алмады. Ол ареопагтың кейбір мүшелері сот істері үшін пара алғандығын әшкерелейтін материалдар жинады (ареопаг ол кезде Афинының ең жоғарғы соты еді) . Ашылған фактілер ареопагтың беделін түсірді. Сондықтан Эфиальт енді келесі реформаны жүзегі асыруға мүмкіндік алды. Сол мезгілден бастап ареопаг саяси бақылаудан айырылып, алдын-ала ойластырған кісі өлтірушілік пен ең ардақты нәрсені аяққа басқаны үшін айыпталатын жағдайдан өзге ешқандай да сот ісін шеше алмайтын болды. Өзге істердің бәрі ант бергендер соты - гелиэйге жүктелді. Ареопаг өзінің бұрынғы маңызынан айырылды. Рас, Эфиальт осы реформаны жүзеге асырғаны үшін қазаға ұшыратылды. Оның қазасы - аристократтардың кек қайтаруы екендігіне күмән жоқ.

4. Перикл - афины демократиясының көсемі. Афины демократиялық партиясы мен афины демосы Эфиальттің қаза табуына қарамастан, ареопагты әлсіретіп, өздерінің саяси жағдайын нығайтып алды. Біреқ аристократиялық және демократиялық партиялар арасындағы күрес шиеленісе түсті.

Бұл кезде аристократиялық партияның көсемі - Мелесийдің баласы, тәжірибелі саяси қайраткер Фукидит (тарихшы емес), ал демократиялық партияның көсемі - Эфиальттің жолын қуушы Перикл болған еді. Бұл күресте демостың мүддесін қорғай отырып, Перикл бастаған демократиялық партия жеңіске жетті. Аристократтардың жетекшісі Фукидид Афиныдан қуылды.

Перикл де, сол кездегі өзге саяси қайраткерлер сияқты, аристократта тұқымынан шыққан еді. Оның шешесі белгілі Алкмеонидтер әулетіне жататын, осы әулеттің өкілі Клисфен көрнекті демократиялық қайраткер болған-ды. Перикл бала кезінен Афинының демократиялық жолмен дамуын жақтаушылардың арасында өсті. Ол тамаша білім алды. Өзін айбында да асқақ ұстай білгені үшін, ол “олимпиші” деген атақ алды. Оның бойы биік, түр-келбеті көрікті еді. Ол аса салқын қанды және ұстамды болды.

Периклдің айналасында философтардың, драматургтар мен жазушылардың, суретшілер мен архитекторлардың үйірмесі құрылды. Ол тек қана Афинының емес, сондай-ақ бүкіл Грецияның да мәдени орталығы еді. Бұл үйірмеде Периклдің әйелі, сол кездегі озық әйел, Милеттен шыққан Аспасия үлкен роль атқарды. Ол да Перикл сияқты, осы үйірменің ұйытқысы болды. Үйірмеге Периклдің бұрынғы мұғалімі философ Анаксагор, мүсінші Фидий, тарихшы Геродот және басқалары қатысты. Б. э. дейінгі 5 ғасырдағы Грецияның мәдениеті мен білімін дамытуда бұл үйірме үлкен роль атқарды.

Перикл құл иеленушілік демократия идеяларына мейлінше берілген еді. Ол афины демосының өмірін жақсартуға қамқорлық жасады және демостың мүддесі үшін саяси қызмет етуді өзінің өмірлік мақсаты деп білді. Бұл жөнінде ол Пелопоннес соғысында алғаш қаза тапқан жауынгерлерді жерлеуге үстінде сөйлеген сөзінде айтты. Бұл сөзді тарихшы Фукидид жазып қалдырды. Перикл афины демократиясына және б. э. дейінгі 5 ғасырда жасалған өнер шығармаларына үлкен мән берді. Оның: «Біз шығармаларды қысқа мерзім ішінде жазғанмен, олар ұзақ өмір сүреді», - деген сөздері әйгілі.

Периклді ертедегі адамдар эпидемия кезінде оба ауруынан өлді деп санаған, бірақ ол, шамасы бөртпе сүзектің ауыр формаларының бірінен қайтыс болғанға ұқсайды. Өлерінің алдында өзіне өміріңіздегі басты нәрсе не деп сынайсыз деп қойылған сұраққа ол. «Бірде-бір афины азаматы менің кінәмнан қара плащ киген жоқ», - деп жауап берген.

Перикл демостыңорта топтарына сүйенді және қала қорғандары мен Афиныны Пиреймен жалғастыратын қорғандарды салу және нығайту, афины храмдарын тұрғызу ісін ұйымдастыру арқылы, афины азаматтарының кедей топтарын жұмыспен қамтамасыз етуге ұмтылып отырды. Афины халық жиналысындағы көпшілікке берік сүйене отырып, ол билікті 15 жыл бойына өз қолында ұстады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Афинының мемлекеттік құрылысы
Эллинизм
Грек мәдениеті
Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы
Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII— VI ғ. )
Ежелгі Грекия өнері жайлы
Ежелгі Грекия
Алғашқыда Микены мәдениеті
Ежелгі дәуір мәдениеті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz