Excel бағдарламасы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
І. Кіріспе
- Excel программасы не үшін керек
- Excel-мен танысу
ІІ. Негізгі бөлім
- Excel программасындағы функциялар
- Excel - дің графикалық мүмкіндіктерімен танысу. Диограмма құру
- Электрондық кестемен деректер қоры ретінде жұмыс істеу
- Кестедегі мәліметтерді өзгертуден қорғау
- Кестені баспаға шығаруды үйрену
ІІІ Қорытынды
- Excel - дің жұмыс кітабы. Кестелер байланысы
Excel программасын өте күшті және калькулятормен қолдануда өте жеңілдеп санауға болады. Осындай өлшемде Excel - жекеменшік баспа, статистика, суретші -өте үлкен көлемді картатека және график.
Excel өте көп мөлшерде деректерді алып, оларды реттейді, анализдейді және тартымды, жинақталған түрде ұсынады. Excel есептерді қатесіз және қандай да болмасын кемшіліктерсіз шешеді. Және бұл программа ішінде жоғалып кете алмайтындай, шеберлікпен ұйымдастырылған.
Excel , адамға қарағанда, күрделі жұмыстарды өте жақсы орындайды. Және бізде өз деректерімізбен жұмыс істеуге көп уақыт қалып қана қоймай, сонымен қатар осы деректер бізе жұмыс істеуге ыңғайлы түрде ұсынылады. Деректердің осындай нақты түрде ұсынылуы осы деректердің артында тұрған мәселелерді өте жақсы түсінуге жағдай туғызады.
Excel - ді шақыру үшін Microsoft Excel деген жазуы бар суретшені екі рет шерту керек. Ол әдетте Windows - тің терезелер тобында орналасады.
Программа экраны программаны жұмысқа ыңғайлауға келтіру барысында өгеруі мүмкін. Жолдарды ең жоғарыдан бастап қарастырайық.
1 жол-терезені басқару батырмалары орналасқан тақырып жолы.
2 жол- Excel - дің меню жолы.
3 жол- стандартты саймандар тақтасы.
4 жол- пішімдеу саймандар тақтасы.
5 жол- түзету және енгізу жолы немесе формула жолы.
6 жолдан соңғы жолға дейін- электрондық кестенің жұмыс парағы.
Соңғы жол- жағдай жолы.
Соңғы жолдың сол жақ бұрышында Excel - дің режим индикаторы көрінеді. Егер Excel деректерді енгізуді күтіп тұрса Дайын режимінде болады, режим индикаторы “Готов” деген жазуды көрсетеді.
Excel - дің жатық менюі:
Файл
- Файлмен жұмыс істеу командалары;
Түзету - Құжатты түзету командалары;
Түр - Экранды өзгерту командалары;
Қою - Келесі объектілерді құжатқа қоюға қызмет етеді:
Бет нөмірлері, символдар, тақырып пен көрсеткіштер, файлдар, кадрлер, сурет, объект, деректер қоры;
Пішім - Символды, абзацты, кестені түрлі стильде пішімдеу командалары;
Сервис - Құжатты көркемдеп, қатесін тексеріп, макростар құрып, баспаға дайындайтын командалар;
Деректер - Кестелермен жұмыс істейтін командалар;
Терезе - Терезелермен жұмыс істейтін командалар;
Көмек - Excel - мен жұмыс істеу туралы анықтама.
Әр менюдің өз командалары бар. Командаларды көру үшін курсорды қажетті жерге апарып менюді шерту керек, сол кезде менюге сәкес командалардан тұратын тік меню шығады. Мысалы, Файл менюін шертсек экранда файлмен жұмыс істеу командаларынан тұратын тік меню пайда болады. Егер тік менюден тысқары жерді шертсек, менюден шығамыз, экраннан тік меню жоғалады.
Жолдар, бағаналар, ұяшықтар
Электрондық кестенің жұмыс тақтасы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол саны 16384 - тен, ал бағана саны 256 - дан аспауы керек. Электрондық кестеде жол нөммірленеді, бағаналар латын бас әріптері мен белгіленеді.
Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыстақтасының сол жағында жазылады.
Бағана әріптері электрондық кестеде саптарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының бастапқы жолында жазылады. Саптар келесі ретпен нөмірленеді: A- Z, одан соң AA- AZ, одан соң BA- BZ, одан соң CA-CZ т. с. с.
Ұяшық - кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта мәтін, сан, формула, деректекр жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады. Мысалы: В3 адресі В бағанасы мен 3- жол қиылысындағы ұяшықты білдіреді.
Ұяшық көрсеткіші - ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші жылтырауық төртбұрыш түрінде кескінделеді. Көрсеткішті пернелер арқылы да, тышқанмен де басқаруға болады.
Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді. Әдетте деректерді енгізу әрекеті және басқа да әрекеттер ағымдық ұяшыққа қатысты орындалады.
Сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрыш ауданды блок (аудан) деп атайды. Блок бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.
Блок адресі қарама- қарсы жақтан бұрыштарының координаттары арқылы белгіленеді. Мысалы: В13: С19, А12: D27 немесе D: F. Командалары орындалғанда немесе формуланы енгізуде блокпен орындау ыңғайлы әрі тиімді блоады. Ол үшін блок координаталарын көрсетіп немесе белгілеу қажет.
Жұмыс парағы және кітап
Excel - дегі электрпондық кесте 3 өлшемді құрылым болып табылады. Кесте кітап сияқты парақтардан (16) тұрады, экранда тек бетіндегі парақ қанана көрінеді. Парақтың төменгі жанында басқа парақтың белгішілері көрініп тұрады. Экранға астыңғы парақты шақыру үшін парақ белгішесін шерту керек, сонда ол парақ басқа парақтардың бетіне шығады.
Бағаналарды, жолдарды, блоктарды, кестені белгілеу
Тышқан арқылы белгілеу:
Бағана - бағана атауын - әріпті шертіңіз;
бірнеше бағаналар - тышқан пернесін шерткен соң жібермей басып тұрып тартыңыз;
жол - жол нөмірін түрту;
бірнеше жолдар - тышқан пернесін шерткен соң жібермей басып тұрып тартыңыз;
блок - болктың бастапқы ұяшығын шертіп, шерткен соң тышқан пернесін жібермей басып тұрып соңғы ұяшығына тартыңыз;
Блокты пернетақта арқылы белгілеу үшін Shift- пернесін басып тқрып, курсормен блокті белгілеу крек. Esc пернесін басу арқылы белгілеу режимінен шығуға болады.
Сыбайлас емес бірнеше блоктарды белгілеу үшін:
- Бірінші ұяшықты немесе сыбайлас ұяшықтар блогін белгілеу қалет;
- Ctrl пернесін жібермей басып тұрыңыз;
- Келесі ұяшықты немесе блокты белгілеңіз және т. б. ;
- Ctrl пернесін жіберіңіз;
Юелгілеуді алып тастау үшін жұмыс тақтасының кез-келген белгіленбеген жерді шерту керек. Әр жаңа белгілеу алдыңғы белгілеуді жояды.
Ұяшықтар мазмұны
Excel - де кесте ұяшықтарына енгізетін деректердің 3 түрі болады: мәтін, сан және формула.
Деректер енгізу үшін қажет ұяшыққа барып, деректерді теру (240 символға дейін) керек те, Enter пернесін немесе курсор қозғалтатын бағытауыш пернелердің біреуін басу керек. Excel бірінші символ әріп немесе “ ` ” апостраф болса - мәтін; цифр болса - сан; =(теңдік) белгісі болса формула немесе сан енгізіледі деп есептейді.
Енгізіліп жатқан деректер ұяшықта және формулалар жолында көрсетіледі. Деректер жадыға тек Enter пернесін немесе курсор қозғалту пернесін басқан соң соң ғана енгізіледі.
Мәтін енгізу
Мәтін деп кез келген символдар жиынтығын айтамыз. Егер мәтін цифрдан ббасталса, енгізуді “ ` ” символдан бастау қажет. Егер мәтн ұзындығы ұяшық енінен артық болса, экрандағы көрінісі оның орнын алады. Көрші ұяшыққа деректер енгізгенде бұрынғы мәтін қиылып қалады. Ұяшықтағы мәтін солжақ шетінен басталатынына мән беріңіз.
Сандарды ұяшыққа =, +, - таңбаларымен немесе таңбасыз енгізуге болады. Егер енгізілетін сандардың ұзындығы ұяшық енінен артық болса, Excel оны экспоненттік түрде көрсетеді немесе экранда сандар орнына белгілер ### қояды, бірақ жадыда сан толық сақталады. Сандардың экспоненттің түрі өте кішкене немесе өте үлкен сандарды көрсету үшін қолданылады. Мысалы: 501 саны 5, 01Е+08 түрінде көрсетіледі, ол 5, 01х10 8 беріледі. 0, 5 саны 5Е-9 түрінде көрінеді, ол 5х10 -9 санын береді. Бөлшек сандарды енгізу үшін нүкте немесе ондық үтір қолданылады.
Формулалар енгізу
Формула ретінде арифметикалық өрнектерді жазуға юолады. Ол арифметикалық амалдар мен функциялар арқылы біріктірілген сандардан немесе ұяшықтар сілтемелерінен тұрады. Формула “=” белгісінен басталады. Формула 240 символға дейін бола алдаы және онда бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+СҒ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 деп жазу керек. Бұл С1 ұяшығындағы санға Ғ5 ұяшығына сан қосылғанын білдіреді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта болады.
Бағаналар енін және жолдардың биіктігін өзгерту
Бұл әрекеттерді тышқан немесе меню арқылы орындауға болады. Тышқанды қолданғанда оның көрсеткішін жолдарды немесе бағаналарды бөлетін сызықтарға әкеліп қою керек. Көрсеткіш екі жақты қара түсті бағыттауышқа айналады. Сол кезде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жол немесе бағананы кеңейту керек.
Менюді қолданғанда жол немесе бағананы белгілеу қажет және Пішім, Жол, Өлшем немесе Пішім, Бағана, Өлшем командасын орындау керек.
Ұяшықтардың мазмұнын түзеу
Түзетуді деректерді ұяшыққа енгізу процесінде де одан кейін де орындауға болады. Егер енгізу кезінде қате жіберілсе Backspase пернесі арқылы өшіріп, қайта жазуға болады. Деректерді енгізіп болған соң түзету керек болса, көрсеткішті қажет ұяшыққа апарып, Ғ2 пернесін басу керек, сонда түзету режимі тағайындалады немесе формула жолында деректерді шерту керек. Одан соң деректерге қажет түзетулер енгізу керек. Түзетуді аяқтау үшін Enter немесе курсор қозғалту пернесін басу керек. Жаңа деректерді енгізген кезде, кестеде қайта есептеу автоматты түрде орындалады. Бұл электрондық кестекнің маңызды қасиетіболып табылады.
Жолдарға, бағаналарға, блоктарға қолданылатын амалдар
Амалдарды меню, алмасу буфері және тышқан арқылы орындауға болады.
Деректерді басқа жерге жылжытқанда НЕ жылжиды және қайда екенін көрсету қажет.
Жылжытуды орындау үшін:
- Ұяшық немесе блокты белгілеп алу қажет;
- Тышқан көрсеткішін деректер ауысатын ұяшық немесе блоктың жиегіне апару керек;
- Блок немесе ұяшықты жылжытатын орынға апару қажет.
Көшіргенде түп нұсқасы бұрынғы орнында қалады, ал көршілесі басқа орында пайда болады. Көшіру ауыстыру сияқты орындылады, айырмашылығы - Ctrl пернесін басып тұру керек.
Толтыру кезінде бастапқы ұяшық немесе блок бір әрекет орындағанда бірнеше рет қайталанады. Оңға немесе төмен толтыруға болады. Толтыру жылжыту сияқты орындылады, бірақ курсор ұяшығының немесе блоктың оң жақ төменгі бұрышында тұруы керек, курсор қара түсті “+” түріне айналады, ол толтыру белгісі деп аталады.
Егер тек деректерді ғана тазалау керек болса, онда ұяшық немесе блокты белгілеп, Del пернесін басса жеткілікті.
Ұяшықтар мен блоктарды енгізілген деректерден тазалау үшінкөрсеткішті ұяшыққа қойып немесе блокты белгілеу қажет, содан соң Түзету, Тазалау командасын орындау керек. Тазалау командасында нақты нені тазалау керек екні көрсетілу керек: деректер, безендіру, ескерту немесе бәрін.
Бағана, жол, блокты өшіру үшін өшіруге қажет эементті белгілеу керек, содан соң Түзету, Тазалау командасын қолдануға болады. Өшіргенде жол мен бағана, блоктар орны жабылып қалады.
Бүкіл жұмыс кестесін өшіру үшін Файл, жабу жабу командасын қолдану командасын қолдану керек; сұраққа жоқ деп жауап беріңіз.
Excel- Автотолтыру функциясы бар, ол арқылы типтес тізбектерді тез енгізуге болады. Егер өзгерту заңдылығы белгілі болса, Excel - де типті емес тізбектерді де автоматты түрде толтыруға болады.
Жұмыс кітабымен жұмыс істеу үшін Файл менюдің командалары қолданылады:
Сақтау - кейін қолдану үшін жұмыс кітабын дискіде сақтайды;
Сақтау ретінде - сақтау командасы сияқты, айырмашылығы - файл атын өзгертуге немесе басқа дискіге сақтауға мүмкіндік береді;
Жабу - құжатты эканнан өшіреді;
Құру - жаңа жұмыс кітабын құрады;
Ашу - жұмыс кітабын дискіден экранға әкеледі;
Құру, Ашу, Сақтау командалары Стандарттық саймандар тақтасының алғашқы үш батырмасында бекітілген, бұл әрекеттекрді орындау үшін сәйкес батырмаларды шертсе жеткілікті.
Excel - ден шығу үшін келесі әрекеттердің бәрін орындау керек:
- Файл, швғу командасын;
- Жүйелік менюде - Жабу командасын;
- Пернетақтадан - Alt+Ғ4 пернелерін басу керек.
Егер сіз жұмыс кітабын сақтамасаңыз, оны сақтау немесе сақтамай шығу ұсынылады.
Excel программасына математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функцияның ауқымды жиын ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өндей алады. Excel функциялары - программа жадына сақтап тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әр бір функция функцияның атымен оның аргументі арқылыөрнектеледі. Аргументтер дегеніміз - нәтиже алу үшін қолданатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәнін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.
Функцциялар есептеуді жеңілдету үшін қолданылады және келесі түрде болады: y=f(x), бұл жерде у- функция есептелуінің нәтижесі, х- аргумент, f- функция.
Ұяшық мазмұнындағы функция мысалы: =A5+sin(C7), , бұл жерде А5 ұяшық адресі; sin() - функция аты, дөнгелек жақшада аргументті көрсетіледі; С7- аргумент, бұл мысалда ол сілтеме, мәні сан болатын ұяшықты көрсетіп тұр.
Кейбір функциялар
SQRT(x) - х санынан квадрат түбір есептейді. Мысалы : SQRT(25) =5
SIN- х бұрыштың синусын радиан өлшемінде есептейді. Мысалы: sin(883) =0. 772646
MAX(тізім) - тізімдегі ең үлкен санға ие болады. Мысалы: (55, 39, 28, 50, 67, 43) =67
SUM(тізім) - тізімде көрсетілген сандардың қосындысын табады. Мыс Sum(А1:А300) А1:А300 аралығындағы ұяшықтарда орналасқан сандардың қосындысын есептейді.
Орысша аударылған версияларда функция аттары орысша берілуі мүмкін.
Жиі қолданылатын функциялар үшін саймандар тақтасында батырмалар бекітілген.
Функцияларды формулаларға қою үшін Функция шеберін қолдануға болады. Функция шеберін қою, Функция меню командасы немесе f x батырмасы арқылы шақыруға болады. Пайда болған сұхбаттық терезеде алдымен функцияны таңдап алып, содан кейін Қадам батырмасын шерту керек.
Екінші пайда болатын сұхбаттық терезеде таңдалған Функцияға аргумнт беруге болады.
Сандар
Ұяшықтардағы сандарды түрлі пішімде көрсетуге болады. Мысалы: 100 саны ақша қалпында - 100, 00р; 1%- пайыздық өрнекте; 1, 00Е+2- ғылыми пішімінде.
Сан пішімін тағайындау үшін пішімдеу тақтасындағы батырманы немесе пішім, ұяшықтар командасын қолдануға болады.
Команданы орындау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
- пішімдеуге қажет блок пен ұяшықты белгілеңіз;
- пішім, ұяшықтар, сан командасын таңдаңыз;
- сұхбаттық терезеден керек пішімді таңдаңыз,
Ұяшықтардағы сандардың пішімін өзгерткенде олардың тек көрсету тәсілдері өзгереді, ал өздері өзгермейді. Егер ұяшықта символдар түрінде көрінсе, тағайындалған пішімде санды көрсетуге бағана ені жеткіліксіз екенін білдіреді.
Баспаға шықпас бұрын оның қалай болатынын экраннан көруге болады. Ол үшін Файлды, көру меню командасын орындаңыз немесе стандарттық саймандар тақтасында көру батырмасын шерту керек. Алдын- ала көру режимі кестені экранға шығарады, бірақ онда қатені түзетуге болмайды. Қатесін түзеу үшін әдеттегі режимге көшу керек.
Көру режимінде де : парақ параметрлерін өзгерту, парақ жиегін тағайындау және бетке бөлу, баспаға шығаруды бастау сияқты пайдалы амалдар орындауға болады.
Алдын- ала көру қағаз бен уақытты үнемдеуге, өкінбеуге мүмкіндік береді.
Ұяшықтарды В3, А1:G9 т. с. с. белгілеуге болады. Бұндай адрестеу бойынша Excel орналасуды ағымдық ұяшыққа қатысты есептейді =B1+B2 формуласын В4 ұяшығына енгізде, Excel формуланы “3 қатар жоғары орналасқан ұяшықтың мазмұнын екі қатар жоғары орналасқан ұяшықтың мазмұнына қосу керек” деп талқылайды.
Егер =B1+B2 формуласын С4 ұяшфғына көшірсеңіз, Excel үш қатар жоғары орналасқан ұяшықтың мазмұнын екі қатар жоғары орналасқан ұяшықтың мазмұнына қосу керек деп талқылайды. Яғни С4 ұяшығындағы формула =С1+С2 болып есептеледі.
Егер формулаларды көшіргенде нақта бір ұяшық пен ауданғы сілтеме қолданғыңыз келсе, абсолюттік адрестеуді қолдану керек. Ол үшін жол нөмірі мен бағана аты алдында $ белгісін жазу керек. Мысалы: $В$4 немесе $С$2:$Ғ$48 және т. с. с.
Аралас адрестеу. $ белгісі керек жерінде ғана қойылады. Мысалы: В$4 немесе $С4. Көшірген кезде бір адресі өзгереді, біреуі өзгеріссіз қалады.
Бұл жерде Х0- х- бастапқы мәні, step- өзгеру қадамы, x, r- коэффицент (тұрақты) .
Бұл бөлім функцияны табелдеу есебінде міндетті емес, адрестеу тәсілін көрсету үшін жасанды енгізілген.
Мәтінді қаріппен безендіру
Кез- келген ұяшық пен блоктағы символдарды түрлі қаріппен безендіруге блоады. Ол үшін ұяшық немесе блокты белгілеп алу қажет, содан кейін пішімдеу саймандар тақтасының батырмаларын немесе пішім, ұяшықтар, Қаріп командасын қолдану қажет.
Тегістеу
Кез- келген ұяшықтың мазмұнын ортаға, оң немесе сол жақ шетіне тегістеуге, мәтінге қажет бағыт беруге болады.
Қажет бағыт беру үшін пішімдеу тақтасының батырмалары немесе пішім, ұяшықтар, тегістеу меню командасын қолдануға болады.
Фон (Рең)
Кез- келген ұяшық пен блок мазмұны қажет реңге ие бола алады. Рең беру үшін пішімдеу тақтасының батырмалары немесе пішім, ұяшықтар, Түр командасы қолданылады.
Excel- дің бір жақсы қабілеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диограммаларға айналдыра алады.
Диограммалар - деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы. Диограммалар өзінің көрнектілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, бұл жұмыс парағының әр ұяшығын мұқият қараудан жеңіл әрі түсінікті. Диограмма ұяшықтарда байқалмай қалған қатлерді көруге көмектеседі.
Excel- де 14 түрлі екі- үш өлшемді диограммалар бар. Диограмма мен графикті Диограмма шебері арқылы құрған жеңіл.
Excel- дің бұл функциясы 5 сұхбаттық терезе арқылы диограмма немесе графикті сызуға керекті барлық информацияны алуды және оны жұмыс парағына енгізуді мүмкін етеді.
1 - қадам
Осы жерде Excel диограмма шеберінің “5 қадамнан 1- ші” деген бірінші сұхбаттық терезесін шығарады. Осы терезенің көмегімен мазмұндарын диограмма түрінде көрсеткіңіз келген ұяшықтарды белгілеңіз. Егер белгілеген ауданды сұхбаттық терезе жауып тұрса, онда тақырыбына курсорды әкеліп, тышқан пернесін жібермей басып тұрып терезені жылжытыңыз.
Егер дұрыс таңдамасаңыз немесе керекті барлық ұяшықтар қамтымаса, осы жерде қайтадан таңдап, белгілеңіз.
2 - қадам
Келесі сұхбаттық терезеде Excel құра алатын диограммалардың түрлі типі көрсетілген. Солардың ішінен қандай диограма салатныңызды таңдап алыңз.
3- қадам
Үшінші диограмманың мазмұны сіз қандай диограмма түрін таңдағаныңызға байланысты. Алдыңғы қадамға гистограмма таңдалып алынғандықтан. Диограмма шеңберінің “5 қадамнан 3- ші ” деген терезе шығады.
4- қадам
Төртінші сұхбаттық терезеде, онда белгіленген деректерді қалай қолданутуралы Excel- дің болжамы көрсетіледі.
Бұл сұхбаттық терезеде деректердің аттары мен белгілері Аңыз деп аталады да, диограмманың оң жағанда жазылады.
Осы қадамда деректер қайда екенін көрсету керек: бағаналарда ма, жолдарда ма және аңыз үшін деректер қатарының атаулары жатқан интервалды көрсету керек. Аңыз диаграмманың оң жағында деректердің аттары мен белгілерін көрсетеді.
Егер алынған нәтиже сізді қанағаттандырмаса, онда қадам батырмасын басып, алдыңғы сұхбатқа қайта оралуға болады.
Мысалы, біздің диаграмма шебері деректер жолдар түрінде берілгенін дұрыс анықтады, ештеңе өзгертудің қажеті жоқ.
Аңыз үшін біздің кестеде ешқандай ат енгізілген жоқ, сол себептен белгі қасында программа қойылған деген атауы бар, аңыз мәтіні үшін бағана санын да өзгертудің қажеті.
5- қадам
бұл Excel - дің соңғы сүхбаттық терезесі. Бұнда деректердің аттары мен белгілерін аңыз мәтініне қосу керекпе соны көрсету қажет және х, у остері мен диаграмманың атын енгізу керек.
Сіздің жұмыс парағына ендірілген диаграмманы алдыңыз. Егер құрылған диаграмма сізге ұнамаса, оны түзетуге болады.
Деректерді диаграмма көрмейінше диаграмманың дұрыс, әрі көрнекі ететін өлшемдерін анықтау қиын болады.
Сол себептен көрнекі ету үшін немесе түзетуге ыңғайлы болу үшін енгізілген диаграмманың өлшемі мен прапорциясын жиі өзгертуге тура келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz