Қиял туралы жалпы түсінік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
Қиял туралы жалпы түсінік . . . 6
Қиялдың түрлері . . . 8
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары . . . 10
Қорытынды . . . 12
Әдебиеттер тізімі . . . 13
КІРІСПЕ
Біз бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалдарды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кәітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, АВстралия, Индия т. б. ) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады »
Адамның өмір тәжирибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғұрлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады.
Қиял туралы жалпы түсінік
Біз бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалдарды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кәітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, АВстралия, Индия т. б. ) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады »
Адамның өмір тәжирибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғұрлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады.
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: « . . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиялғана өзіндік сақталатын сезімдік заттарды моделдеріне алады» Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
- әр адамның ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
- қиял мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншкетің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
- қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер - су қоршауына байланысты да көрініп отырады. « Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М. Жұмабаев, - меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малмен бірге өрін, сарысайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
- қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесіндеалатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшеліктері болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
- адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт:
... жалғасысаналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көребілу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер . Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным түсінігіәртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, творчестволық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекеттерінің құрылымы, өмір салтының қалыптасуы мұнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің болатындығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламыз, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазанікі секілді, қасы арыстандікі, самайы - әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты» . Осы бейненің осы шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгертіп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайды өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, - өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен . . . өзі ақылды болыпты . . . Оның бір ғана кемшілігі - шылым тартады екен . . . Патшанаң баласы шылымнан көкірек баласы ауру шал ешбір қолқанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған . . . ». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: - Мен енді шылым тартпаймын . . . - деді» . . .
Қиялдың адам қажетінеасуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерг қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде орыс ғалымы Қ. Э. Циалковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.
Қиялдың түрлері
Қиял актив, пассив болыпекіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов боды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттерден біздің бұрын қабылданған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға симайтын образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет етеді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигналдардың әсертетпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, оның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Семенов осындай тустерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Бұндай образдарды А. С. Пушкин «Евгений Онегинде» Татьянаның түсі арқылы тамаша көрсетіп берген.
Ұйқы кезіндегі ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі - адамнң ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген - көргендері. істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып - жабылуы да әсеретіп тоырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің жұмысына бар жайсыздық түссе, бұл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, ұйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ туссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді: өзін қуған біреуден қашады, бұған ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне суйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірге ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен оқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттардың бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың тусі, - деп жазды И. П. Павлов, - бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмойиялық түрде жандануы». Түс көруді ұйқыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де туып тоырады. Адам алдына ешбірмақсат қоймаса, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо да Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі - ырықсыз қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталады. Бұл - қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчестволық әрекімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталынады. Актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үш түрге бөлінеді.
Суреттеп жазғанда немесе сызғанға қарападамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды.
Қайта жасау қиялы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема чызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы - көркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, МұхтарӘуезовтің «Абай» романын қиялы бай адам оқитын болса, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғалар оның көз алдында елестеп, галереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл - қайта жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін естігендей болады. Өзін романның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.
Көркемсуреттеулур адамда қиялдың бірнеше түрлерінің қатарынан жұмыс істеуін қажет етеді.
Эксперименттік зерттеулердің бірінде географиялық картамен жұмыс істеу оқушылардың ой белсенділігіне, түрлі объектілердің арасындағы ұқсастықтар, айырмашылықтарды әздей түсуге, түрлі кеңістіктен бағыт-бағдар іздестіруге себепші болатындығы, сөйтіп қайта жасау қиялы адам психикасын активтендіре түсетіндігі анықталған.
Творчестволық қиял деп- өзіндік жаңа образдар жасау арқылы ірекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушының, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп тұрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорланғаннан, қолдан жасалғаннан келмейді», дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер -Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бұл - творчестволық қиялы эте бай адамның қолынан келетін қасиет. Ақын - жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардыі мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл-күйін «сезіп», қоян-қолтық аралсын жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға ұқсататындығы соншалық, өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.
Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жұмыстар істей білуге қабілеттік адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мұны дұрыс көре білген.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп -тегіс жұмыр келсін айналаса.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұл өлеңінде Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындалар бере алатын нағыз майталман ақындардың психоллогиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.
Ғалым үшін де творчестволық қиял аса қажет. Творчестволық қиял ғалымның творчестволық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жұмысын ұйымдастырылғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жұмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғылымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді ету білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік-нағыз ғылымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулеті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».
Творчестволық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бұл түрі, әсіресе, мұғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.
Актив қиялдың ерекше
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz