Internet желісі жүйесі



Internet желісі
Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер
Интернетпен байланысу
WORLD WIDE WEB
Web жүйесімен қатынас құру
Почталық программа
Іздеу катало
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNETжалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар - кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен отыз миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр.
Internet желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society - Internet қоғамдастығы) президентінің жақында Internet желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті Internetбізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.

Internet желісі

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу
тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі
(қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNETжалпыға бірдей
информациялық ресурс тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге"
айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер
терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар - кейбір есептер
бойынша екі миллиондай компьютермен отыз миллионға жуық адамдар жұмыс істеп
жатыр.
Internet желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet
Society - Internet қоғамдастығы) президентінің жақында Internet желісін
пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда
таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті Internetбізге "даналық көзі" болып
көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.

Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар
басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып
саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді.
Желі нүктелерінің үлкен территорияда шашырап жатқандығына және олардың бір-
бірімен қосылу өрнектерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері
бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысты жылдам қайта құрылып қалыптағы
жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен Internet тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. Internet
көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен
компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде,
университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана
жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Internet - тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер
нақты ВВS тәрізді жұмыс істейді (дәлірек айтқанда, Интернет
компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар
алып, мәліметтер қоймасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін
пайдалануға мұрсат алады). Мұның өзі Интернет - ке қосылу деген - басқа
жерлерде тұрған 1000 - даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.
Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университет мәлімет
қоймаларындағы, жергілікті ресурстар көлеміндегі, кітапхана
каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін,
бейнелерді және т.б. цифрлық түрде айнала алатын барлық информацияны ала
аласыз.
Интернет информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы
арқылы оған жеңіл кіругк болады, ол үшін Интернет - тегі жүйенің нөмірін
теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен
байланысып, өзінізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз,
NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсетіндей, ЦРУ құпия
архивтерін де оқуынызға болады екен.
Интернет желісінін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет
компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес.
Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие
емес: бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние
жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай
пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін
ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және
де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап
отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернет - ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің
Бурабайға барып дем алғаңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзүге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді екен дейік.
Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек,
мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда
енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап
алатыныңызға сенгіміз келеді).
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен таңысқаңыз келе ме, жоқ
әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат
ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей
журналдарын оқуыңызға болады.
Интернет-тін бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып
беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
Интернет - пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер
әрбір компьютер Интернет - ке қосып бере алады.
Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- почталық байланыстар.
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін
қарастырайық.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей
ТСРІР желісіне қосылған (Transmission Control Protocol Internet Protocol
- тасымалдауды басқару протоколыинтержелі протоколы) түрде болады, бұл
Интернет - тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен
тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс
белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.
Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен
корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде маршрутизатор
орнатып, маршрутизаторды Интернет-ке қызмет ететін компьютермен (хост-
компьютер) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен
Интернет арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер -
компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шолу қажет емес, жалпы
желіге әрбір адам өз компьютерінен кіреді де, қалаған жеріне Интернет
арқылы мәлімет жібере алады да.

Қосылып тұратын тікелей байланыс көбінесе SLIP,CSLIP немесе РРР деп
аталады (Serial line Internet Protocol - тізбекті желі үшін Интернет
протоколы, Compessed Slip - тығыздалған Slip, Point - to - point Protocol -
"нүкте-нүкте" протоколы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек
кездеседі, бұл да ТСРІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға
негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын
байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбатттылығына қарай әр компьютерге
қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол
желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет
болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip пен
қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс
жоқ.
Почталық байланыс. Интернет - пен қосыла алатын бірнеше почталық
байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген
компьютерлер бірден Интернет - пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз
почтасын Интернет-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe
жүйесінде почта адрсі алдына Интернет деп жазып қойылады. Бұл ортада
әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін
пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік шлюхдар
(network gateways) деп аталады, олар Интернет желісімен шектеулі тәсілдер
арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі
тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да
UUCP деғен почта байланысы түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін
жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (бұл туралы келесі тақырыпта
айтылған)
Интернетпен байланысу

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде
екенін бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін проограмма, жұмысқа
керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Казнет
Интернет сипаттамасы
Есептеу желіліердің түрлері жайлы
Ауқымды желілер. Интернет
Байланыс түрлері
Желілердің мәні мен түрлері
Компьютерлік желілер. Желілер жөнінде жалпы түсініктер
VPN - Виртуалды жеке желілері
Желінің даму тарихы
Почталық байланыс
Пәндер