Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Экономикалық теория кафедрасы
Диплом жұмысы
БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Орындаған:
4 курс студенті Сулейманкулова Г. Е.
Ғылыми жетекші:
э. ғ. к., доцент Даулиева Ғ. Р.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы:
Абдилова А. Ш.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі, Төлегенова М. С.
э. ғ. д., профессор (қолы, күні)
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Білім беру - әлеуметтік институт ретінде . . . 5
1. 2 Білім беру - адам дамуының маңызды факторы ретінде . . . 11
1. 3 Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығы . . . 16
2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Білім беру саласының заңнамалық негіздерін талдау . . . 21
2. 2 Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ғы сапа менеджментінің жүйесі . . . 28
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы . . . 33
3. 2 Білім берудегі инновациялар . . . 41
3. 3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беруді жаңашылдандыру стратегиясы . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады.
ХХІ ғасыр - жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың (ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т. б. ) бәсекеге қабілетілігімен анықталады.
Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт" атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, "ұлттық бәсекелестік қабілеттілік" бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен айқындалатындығы белгіленді. [1]
Бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы жүзеге асып, жаңару бағытындағы қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай
болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы - "осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру" деп көрсетілген болатын.
Ғылыми зерттелу деңгейі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П. Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-ғалымдар Я. Ә. Әубәкіровтың, Н. К. Мамыровтың, К. И. Нәрібаевтың, Ө. Қ. Шеденовтың, М. Д. Есқалиевтің, Т. С. Сарбасованың, С. К. Жұмабаевтің, Ғ. Р. Дәулиеваның, Л. А. Бимендиеваның және Ж. А. Тайжанованың еңбектерінде зерттелініп келеді.
Диплом жұмысының мақсатты: Диплом жұмысының мақсаты - білім беру жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну.
Диплом жұмысының міндеттері. Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- білім берудің теориялық тұрғыда әлеуметтік институт ретінде қарастыру;
- ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығын көрсету;
- білім беру саласының заңнамалық негіздерін талдау;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің білім берудегі инновациялардың дамуын бағалау;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың даму стратегиясын талдау.
Ғылыми методикалық базаның зерттелуі. Білім беру экономикасы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі қолданылады.
Зерттеу обьектісі: Білім берудегі ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы және оның бәсекелестігін арттырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мәселелері
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірнші бөлімінде білім беру мәні ашылып, адам дамуының маңызды факторы қарастырылып, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігн арттыру көрсетілген.
Екінші бөлімде білім берудің сапасын жаңашылдандыру, ЖОО-ғы оқу үрдісін арттыру мәселелері, сапа менеджмент жүйесінің басты түйін ретінде негіздеуге талпыныс жасап, осы мәселе ұсынылған. Үшінші бөлімде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің инновациялық даму стратегиясы талданып, статистикалық көрсеткіштер көрсетілген.
Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы бірінші кезекте оның адамдарының сапасына-адамдық капиталға байланысты екенін көрсетеді. Сол cебепті білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» деп өсиет қалдырған.
1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Білім беру - әлеуметтік институт ретінде
Жалпы білімнің жүйесі - қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші рол берілетін еді. Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты. [2]
Соңғы екі жүзжылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді.
Адам Смит білім негізін адам мінез-құлқын қалыптастырушы фактор ретінде алды. Ол білімді түрлі дарындарды дамытушы, сан алуан мамандықтарды өмірге әкелуші, сол мамандықтарға сәйкес тауар түрлерінің өсіміне әкеледі деп санады. Білім қоғамдық капиталдың қайнар көзі ретінде саналып, ал оқу, үйрену негізінде қорланған білім мен әдет - ұлттық байлық құрамына енеді.
Смит білім саласындағы маңызды орынды мемлекет алдындағы жеке секторларға беріп, білім сапасын жақсарту тиімді бәсекеде орын алатынын білдірді. Мемлекеттік оқу орындарының тиімді қызмет көрсетуімен қатар, жаңалықтар ашу деңгейін де сынға алды. Мемлекеттік және жеке оқу орындарына деген пікірінде біріншісінің тиімсіз қызмет етуі соңғысының қызметін қиындататынын ескертті. Дегенмен сол кездің өзінде Смит мемлекеттің білім өндірісіне анықталған шекте ықпал ету қажеттігін көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде еңбек бөлінісінің экстенсивті дамуындағы теріс әсерлердің нейтралдануына байланысты. Мемлекет еңбекке қабілетті адамдар арасында оқу үрдісін жылдамдатуды, яғни қарапайым халық ұйымдастыра алмайтын уақыт пен қажетті негіздерді қолына алуын атап көрсетті. Мемлекет арқасында бастауыш мектеп жүйесінің құрылымын құру мен азаматтар арасында білім алу үшін шығындарды бөлу іске асады. Бұл тек жұмыскерлер тобын біліммен қамтамасыз етуде айтылған пікірлер. А. Смиттің пікірінше мемлекет мектептерді ғимараттармен, сондай-ақ оқытушыларды жалақымен қамтамасыз етуге ықпал етсе, ата-аналар оқу орнының ағымдық шығындары мен олардың да оқытушылар еңбегіне ақы төлеуге қатысу мәселесін көтерді. Осылайша А. Смит шығындарды бөлуді білім беруден пайда көретін екі жаққа да тиімді жол деп осыны ұсынады. А. Смит білім беру жүйесіне сырттан келетін қосымша қаржы көздерін (қайырымдылық секілді) қарастырмаған. Жалпыға бірдей бастауыш білім идеясын көтермесе де, қосалқы бастауыш біліммен жаппай қарулану қажеттігін айтады. Өз ісін бастамашыларға, болмаса ұйымдарға жұмыс іздеп келушілердің дағдылары мен білімін тексеру жүйесін ұйымдастыруды ұсынады.
Джон Стюарт Милль білімді ұлттық, жекелік, әлеуметтік, моральдік, саяси және экономикалық дамудың маңызды факторы деп қарастырады. Білім алудан келетін пайда экономикалық терминдерде қолданылатын болғандықтан, білім үшін шығын капитал салумен теңестіріледі. Сол кездің өзінде білімнен келетін пайданың өндіруден артық, сол өндірудің көзі болатындығын түсіндіреді. “Жұмыскерлер меңгерген білім, бұл табиғи монополия” деп көрсетеді. Негізінде неғұрлым оқыған, білімді барынша меңгерген жұмыскерлердің жоғары жалақылы жұмыс орындарына жол табатыны жатыр. Осымен байланысты қоғамның барлық топтарына білім алуға тиімді жол ашу қажеттігін маңызды деп көрсетеді. Көрсетілген мәселенің шешімін білімнің қанағаттанарлық сапасы мен көлемінен іздеді. Іс-әрекетінің сапасы мемлекеттің қатысуымен бақылауда болатын көп емес ірі оқу орындарын құруды ұсынған Милль А. Смит секілді мемлекеттік оқу орындарының іс-әрекетіне қарсы болды. Дегенмен, мемлекеттік және жеке оқу орындарына мемлекеттік бақылаудың болуын талап етті. Бұл бақылау жеке тұлғаның еркіндігіне нұқсан келтіретін іргелі қағидаға қарсы келгенімен, білім жүйесі рыноктық механизмдер арқылы реттеле алмайтынын, яғни тұтынушы білім беру қызметтеріне төлем қабілетсіздігін, сондай-ақ ол қызметті бағалауға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауымен түсіндіреді. Сондай-ақ ол “білімсіз адам білім беру үрдісін бағалай алмайтындығын” атап көрсетті. Осымен байланысты Дж. С. Милль мемлекеттің білім жүйесіне әсерін нақтылап береді. Бірақ Дж. С. Милль білім беру қызметін тек мемлекеттің көрсетуіне қарсы болып, сол қызметтің тек бастапқы сатылары ғана емес, неғұрлым тереңдеген сайын тегін көрсетілуі тиіс, ал тегін бастауыш білім қызметін мемлекет тек аз қамтылған азаматтарға көрсетуі тиіс деген пікір айтады.
Жалпы автор білім беру жүйесін мемлекеттің қолдауы туралы политэкономия классиктерінің пікірін, білім беру жүйесін толықтай мемлекеттендіру туралы ұсыныс секілді түсінуге жатпайтынын айтады.
1832 жылдан бастап бастауыш мектептерді қолдау мақсатында мемлекеттен бөлінетін жыл сайынғы субсидияны енгізу экономисттер арасында тегін білім беру жүйесін құру секілді ойлар туғызды. Сол уақытта Дж. С. Миллдің білім беру жүйесіне жеке секторларды енгізу және сол салада бәсекелестікті дамыту туралы ашық пікір білдірді. Оқытушылардың еңбегін бағалау, олардың іс-әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болуын және бұл сонымен қатар мемлекеттік оқу орындарында қызмет еттіндерден тыс қалмауы тиіс екенін айтты.
Альфред Маршалл - ХІХғ аяғы - ХХ ғ. І жарты жылдығындағы танымал экономисттердің бірі - білім экономикасына байланысты коптеген пікірлердің иесі. Білімнің жеке тұлға үшін маңызын қарастыра отырып, қоғамда жалпы білім беру ісін дамытуға зор көмегін тигізді.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында техникалық білімге көп көңіл бөлінгеніне қарамастан, А. Маршалл білім беруді шектен тыс мамандандыруға қарсы болды. Себеп жұмыс берушілердің уақыт ағымына байланысты өзгерістерге бейімделу мүмкіндіктерінің төмендігінде еді. Ал қоғамдық білімнің маңызы жеке тұлғаның интелектуалдық мүмкіндіктерін шыңдап қана қоймай, жұмыс күшінің әлеуметтенуіне, жағымды мінез-құлқының қалыптасуына көмектесетінін айтты.
“Сауда және өндіріс” атты еңбегінде белгілі өндіріс ошақтарының экономикалық үрдісіндегі білімнің орны туралы айтады. Индустрияланудың жаңа талаптары жалпы моралдік, интелектуалдық біліктіліктерді, күрделі өндіргіш іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған, ал тек элиталы қоғамда өмір сүру маңызын жойғанын айтады.
Жұмыс күшін даярлауға, оларға арнайы білім беруді қоса алғанда, кететін шығынды тікелей өндірістік инвестициялаумен байланыстырмаса да, білім беру үрдісін қаржыландыруды сол салаға салынған ұзақ мерзімді инвестиция деп санады. А. Маршалл білімге деген қызығушылық түрлі құштар түрткілерден бастау алады, ол жерде ешқандай экономикалық мақсат алғашында көрінбейтіндігін айтады.
Классикалық политэкономияның интелектуалдық дәстүрін жаңартып, рыноктық тақырыпта білім экономикасын талқылаған америкалық экономист Милтон Фридман болды. Ол білім беру жүйесіне мемлекеттің қатысуын шектеу қажеттігін дәлелдеуге ұмтылды. Ол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлінің басыңқылығы білімді нақты ұлттандыруға әкелетінін айтты. АҚШ-та, өзінің “Капитализм және еркіндік” атты еңбегінде білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлі жалпы құндылықтарды жандандыратын құрал және жалпыға міндетті білімді дамыту үшін азаматтық құқықты іске асырушы ретінде көрінуі тиіс деп жазды. Сөз жеке тұлғаның өнімділігін жоғарлатуға байланысты арнайы білім беру жайында болса, онда мемлекет рөлінің қажетсіздігі байқалады. Егер жеке тұлға осындай арнайы білім негізінде әл-әуқатын жақсартса, ол осы жолда негізгі шығынды көтеруі тиіс. [3]
АҚШ-тағы мемлекет рөлінің мектеп деңгейіндегі әсерінен жоғары білімдегі ықпалы төмен болғандықтан, Фридман студенттерге ваучерлік көмекпен қаржылық қолдау көрсетуді ұсынады. Ваучерлік жүйе оқу орындарының арасында бәсекелестікті арттырады, мемлекеттен бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді пайдалануға әкеледі делінген. Бұл негіздер соңғы екі онжылдықта рыноктық бәсекеге және жоғары білімнің заңдастырылуына үлес қосып жүрген саясаткерлер мен оқымыстылардың зерттеу нысаны болып келеді.
Осындай салыстырмалы ой пікірлер нәтижесінде экономикалық қатынастардағы білім ролін экономикалық теорияның екі маңызды бағыты А. Смит (классикалық экономикалық теория) пен К. Маркс (өндіріс шығындарының теориясы) арқылы нақтыланды.
Карл Маркс берілген салада экономикалық қатынастарды бағалаудың тиімділігін жұмысшылардың біліміне шығынды өндірістік сипаттан бөлек қарастыра отырып, жұмысшылардың екі ірі тобын бөліп көрсетті: оқыған (күрделі квалификациялық еңбекке жарамды) және оқымаған (қарапайым, квалификацияланбаған) .
Соңында өндіріс шығындарының маркстік теориясы білімдегі экономикалық қатынасқа байланысты екі теориялық бағыттың негізі болды: білімді капитализмнің эволюциялық даму этапындағы мәселелермен теңестіре бағалаған кейнсиандық және жоспарлы топтық-ұйымдық теория концепциясын дамыту мақсатындағы кеңес экономикалық теориясы.
Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғы шарттары классикалық саяси экономиядан, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ ғасырда ғана рәсімделді. Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет “чикаголық мектептің” өкілдері, америкардық екі ғалым Т. Шульц пен Г. Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т. Шульц 1960-1961жж. “Білім капиталын жасау” және “Адам капиталына инвестициялар” мақалаларын жасады, мақалаларда жаңа теорияның негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Т. Щульцтің айтуынша, “егер білім өндіріске әсер етсе, мұның өзі экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал формасы”, ал білім капиталдың бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп айтамыз, өйткені, бұл форма адамның ажырамас бөлігіне айналады, оның капитал болып табылатын себебі, ол - болашақ табыстар немесе болашақ қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің де көзі.
Келесі американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г. Беккер бұл ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше “адам капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы ақпарат іздестіру арқылы қалыптасады”. Г. Беккер 1964 жылы “Адам капиталы: теориялық және эмпирикалық талдау” іргелі еңбегін шығарды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның “Білім революциясы” мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазды: “Білім - бүгінгі таңдағы жеке дара нақты капитал. Халық білімін дамыту - капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану - байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші”.
Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білім экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарастырылып келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның авторлары білім мен экономикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің бірқатар әдістемелерін әзірледі.
Адам капиталы теориясының құндылығын озық елдердің үкіметтері тез арада мойындады.
Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйеге өту кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге байланыстылығын бұзады.
Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік (баланссыздық) кеңес қоғамында да орын алды. Мұнда ол еңбек рыногының жоқтығымен, көбіне “қоймаға” жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды. [2]
Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалын өлшеу және математикалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында американдық мектептер түлектерінің арасында кең тараған функционалды сауатсыздық, бұрынғы КСРО жоғары оқу орындарында шын оқу емес, ал “дипломға кезекке тұру” және қазіргі Қазақстандағы көптеген жеке оқу орындарының кадрлар даярлаудың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты құбылыстар болды.
Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді тәсілдері осы уақыттқа дейін табылған жоқ.
Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторларының мәні: осы теория даму логикасы мен постиндустриалық өркениеттің іргелі әлеуметтік мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Жаңа үрдістер мен талаптарға адам дамуы тұжытымдамасының контексіндегі білімге арналған тәсіл жауап қайтарды.
Эдвин Дж. Долан адам капиталын “формальды оқу, білім беру немесе іс-тәжірибе арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал ” ретінде түсінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz