Үй құстарының кросстары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Үй құстарының кросстары (курстық жұмыс)

Мазмұны:

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Әдебиеттерге шолу . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 2 Жобалау бөлімі . . .
3: 12
Кіріспе . . .: 2. 1. Тауықтың кросстары . . .
3: 12
Кіріспе . . .: 2. 2 Күрке тауықтардың кросстары . . .
3: 19
Кіріспе . . .: 2. 3 Үйректер кросстары . . .
3: 21
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 24
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 27

Кіріспе

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұранысын жеңіл диеталық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің үдемелі, әрі жедел өзгеріп тез дамитын саласы болып табылады.

Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру және әр шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді қарастырады. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан-жақты көрсеткішлерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық прогрестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде тауықтың 100-ден астам, үйрек пен күрке тауықтың 20-ға жуық және қаздың 40 тұқымы бар деп есептелінеді. Қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайларында жабайы түрлері үйге үйретудің нәтижесінде құстың көптеген тұқымдары пайда болды. Тұқым өрбіту процесі қазіргі тұқымдар мен қажетті белгілері бар жаңа тұқым өсіру жолымен бүгінде одан әрі жағаса түсуде.

Тұқым туыстық қосақтауды қолданбастан өзін-өзі көбейтуге мүмкіндік беретіндей санға ие болуы тиіс. Жаңа тұқымды қалыптастыру процесінде олар тұқымдық топ стадиясынан өтеді. Тұқымдық топ құсы (әсіресе оны өсірудің алғашқы кезеңінде) кереғар тұқым қуалаушылыққа ие бола алмауы ықтимал.

Өнімділік бағыты, шаруашылыққа пайдалануы және конституциялық (дене құрылысы) белгілері бойынша тұқымдар топқа бірігеді.

Соңғы жылдардағы ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер өндірістік құс шаруашылғын дамытудың шешуші шарты селекция мәселелері, жоғары өнімді құс кросстарын құрып, өндіріске енгізу екендігін дәлелдеді.

Асыл тұқымдық шаруашылықтардың мәліметтері бойынша жұмыртқа бағытындағы кросстардың әр түрлі тізбегінің жұмыртқалағыштығы 275-290 дана, жұмырта салмағы 55-63 г деңгейінде.

Жұмыртқалағыштың бұл деңгейі пайданалып жүрген кросстардың генетикалық мүмкіндігінің өте жоғары екенін көрсетеді. Алайда құстарың өнімділігі неғұрлым жоғары болған сайын, келешекте селекциялық шектеуді қамтамасыз ету де соғұрлым қиынға түседі. Шетелдік және отандық зерттеулер бойынша жұмыртқа бағытындағы тауықтар үшін аралас генерациядағы селекцияның тиімділігі бір ұрпақтың жұмыртқалағыштығы бойынша 0, 5-тен 3 жұмыртқаға дейін және жұмыртқа салмағы 0, 3-0, 6 г құрайды.

Кей авторлардың пікірінше селекциялық прогресс қарқынының баяулауы алдыңғы генерациядағы іріктеудің жоғары қарқынымен жүргізілуіне және шектеулі тектік қорды пайдалануға байланысты.

Сондықтан жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде бастапқы популяцияның генетикалық өзгергіштігін көтерудің маңызы зор.

Соңғы кезде құс шаруашылығында түр аралық селекция тәсілі кең тараған. Мұнда генетикалық құбылмалылығы үлкен бастапқы түр шығарып, кейін оларды шағылыстыру арқылы гетерозистің тізбектік селекция тәсілімен салыстырғанда тиімділігінің жоғары екендігі байқалады.

Кейбір авторлар құс шаруашылығында гетерогенді популяция жасау тектік қорды сақтау және генетикалық дамудың ең тиімді жолдарының бірі деп есептейді.

Жұмыртқа бағытындағы құстар селекциясындағы басты міндет жұмыртқалаудың бастапқы кезеңіндегі жұмыртқа салмағын арттыру және жұмыртқа шығымын (57 г жоғары) 80 пайызға дейін көтері болып табылады. Құстың тірілей салмағы төмендегенде жұмыртқаның орташа салмағы 60-64 г деңгейінде болатынын атап көрсеткен жөн.

Қазіргі кросстардың барлығы жақсы, жоғары жұмыртқалағыштығымен (бір мекиенге 310-325 дана), жұмыртқаның орташа салмағымен (60 г және одан да жоғары) және негізгі сапалық көрсеткіштерінің тәуірлігімен ерекшеленеді. Шетелдік ең таңдаулы кросстардың ірі жұмыртқалар шығымы 79-91, 4 пайыз құрайды.

Торда күтіп-бағылған жұмыртқа бағытындағы тауықтар тізбектерін ірі жұмыртқа бергіштігі бойынша бағалау және іріктеу осы нышан бойынша жүргізілген селекцияның тиімділігін көрсетеді. Аралас генерациядағы селекция тиімділігі 0, 6 граммнан 3, 5 г аралығында.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде құстардың өнімділік қасиеттерін танытуы генотипке, құс тобының мөлшеріне, тор пішіні мен көлеміне т. б. факторларға байланысты деген тұжырым жасауға болады. Торда күтіп-бағылатын құстардың экономикалық тұрғыдан маңызы өнімділік белгілерін селекциялау арқылы жақсарту мүмкіндігі туралы дәлелдер бар.

Курстық жобаның мақсаты: үй құстарының кросстарымен, олардың өнімділік көрсеткіштерімен танысу.

Курстық жобаның құрылымы: кіріспе, әдебиеттерге шолу және 4 тараулы негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі бөлімінен тұрады. Жобада 4 сызба, 3 кесте, 2 сурет және 30 әдебиет қолданылды.

  1. Әдебиеттерге шолу

А. Қ. Тәжиева және И. В. Ильницкаялардың [1] мақаласында қазіргі уақытта үйрек шаруашылықтарының өнім беру негізін Қазақстанда шығарылған "Медеу" жоне “Арман” кросстары құрайды. Оларды әр түрлі бағу технологияларына жоғары бейімдігі, бұл құстың еліміздегі турлі өңірлерде кең таралуына оң ықпалын тигізді. 1айда оларға селекцияіық жұмыстар жүргізілгенмен, оның нәтежелігі іріктеу және сұрыптау жұмыстарында қолданылатын әдістер және әдістемелер деңгейіне байшнысты. Өне бойы жан-жақты іс-шаралар жасаудың нәтижесінде балапандар өсіруді дұрыс ұйымдастыру, азықтандыру және бағу, жағдайларын жасау және біркелкі топ құруға іріктеу арқылы үйректердің үшіші ұрпағының инкубациялық кроссында А-2 аналық тізбектің у ш микротізбектерінде әр түрлі іріктеу әдістерін қолданумен қатар, олардың инкубациялық шығымен көбейту үшін жұмыртқалардың салмағын ықшамдау.

Е. С. Біләлов, Ш. Ә. Әлпейісов және А. Ү. Рамазановтардың [2] жазуынша қазір құс шаруашылықтарының іс-әрекеттерін бағалаудың өлшемі болып жұмыртқа өнімділігі мен салмақ қосуы емес, олардың пайдалылығы мен экономикалық тиімділігі бойынша бағалайтын уақыт жетті. Осыған байланысты 2002-2003 жылдары “Бескөл құс фабрикасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Солтүстік Қазақстан жағдайының экономикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі жұмыртқа бағытындағы кросстармен зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Осы мақсатта біз аймақтағы құс шаруашылықтары үшін қаншалықты экономикалық тиімділігі барлығы жөнінде зор өндірістік қызығушылық туғызған жұмыртқалаштық, жұмыртқа салмағы, бір мекиеннен жылына алатын жалпы жұмыртқа салмағы, азықтық конверсия жөне сақталулығы тәрізді пайдаш шаруашылық қасиеттері бар “Ақ омбылық”, “Ақ хайсекс-R” және “Қоңыр хайсекс” жұмыртқалағыш кросстарының будандары зерттелуге таңдалып алынды.

Д. Қ. Ахматжановтың [3] зерттеулерінде соңгы кезде суда жүзетін құстар жеке меншік шаруа қожалықтарында өсіріле бастады. Елімізде өндірілетін құс етінің 47-50 пайызы осыларда өндіріледі. Алайда бұл са- ланы дамытуға арналған нақты нұсқаулардың жоқтығынан өнім өндіру деңгейі әлі де төмендеуге болады. Мәселен, құсты өсіріп- бағу тәсілдерін табиғи ортаға неғүрлым жақындатып, жеңіл кұрлымдарды, көк және сулы жайылымдарды, күннің жарығын пайдалануга байланысты нақты әдіс-төсілдер жоқтың қасы. Сондықтан баланандарды үйрек еті мен қауырсын-мамығын өндіруге арналған шектелген құрғақ және сулы серуендеу алаңы бар жеңіл қалқаны қолдану арқылы, өсіру тәсілін анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Тәжірибе Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының “Альбина” жеке шаруашылығында пекин үйректерінің “Арман” кросты балапандарына жасалды.

В. И. Ильницкая, Ш. К. Серікбаева және Қ. Г. Нұрсапиновалардың [4] мақаласында қазақстан ғалымдарының көп жылғы еңбегінің нәтижесі үйректің өнімділігі және бейімделу қасиеттері жоғары болып саналатын “Арман” кросы. Дегенмен бүл кростың жоғары көрсеткіштерін сақтау және онан әрі жетілдіру үшін көп жүмыс жасау керек.

Үйректердің шаруашылыққа өте қажетті белгілері - етінің тез жетілуі, жұмыртқа өнімділігі, сақталуы және қайта өндіруіне байланысты жинақталган тізбектеріне мақсатты селекция жасау тиімді болып табылады.

Қазіргі кезде ғалымдар пекин үйректерінің “Арман" кросының аталық-А1 және аналық-А2 екі тізбегімен селекциялық түқым асылдандыру жұмысын жүргізуде. Зерттеу жүмысы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының “Альбина" биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, қолда бар құстардың өнімділігін қолдау мақсатында қорды тиімді пайдалану үшін кұрамалық сслекция әдісі таңдап алынды. Құстармен жұмыс жасау барысында мынандай өнімділік көрсеткіштер ескеріледі: тірілей салмағы, жұмыртқалағыштығы, жұмыртқа салғыштық қарқыны, жұмыртқа салмағы, жұмыртқаның ұрықтануы, дені сау өсімтал құстың шығуы, үйрек балаландарының тірілей салмағы, өнімділік кезендегі құстардың сақталынуы, жемді пайдалануы.

Б. Т. Тулебаевтың [5] әдістемесінде құс шаруашылығы өнімдерін өндіру ауыл шаруашылығының басты салаларының бірі болып табылады делінген. Құс шаруашылығы пәні студенттердің нақты шаруашылық жағдайында технологиялық жобалау жұмыстарын әзірлеуі, өндіріске пайдалы нақты шешімдер мен ұсыныстар жасауы, олардың білімі мен тәжірибесін ұштастырып, болашақ мамандығын жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік береді.

И. И. Кочиш, М. Г. Петраш және С. Б. Смирнов [6] жазуынша ет-жұмыртқа бағытта құс шаруашылығының дамуын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету ғалымдардың елеулі мақсаты. Қазірдің өзінде осы мәселенің шешімін табу жолында ғалымдар жұмыла жұмыс жүргізуде. Авторлардың айтуынша бүгінгі күні құс шаруашылығына пайдаланып отырған құс тұқымдарының бәрі шет елден әкелінгендер, барлық құс тұқымдарының өнімділік қасиеттері шетелдік фирмалар үсыныстарына негізделіп, бағаланылып сатып алынған, осыған орай ғалымдар елімізге әкелінген барлық құс тұқымдарының өнімділік көрсеткіштерін салыстырып, зерттеп, тиімділігін немесе тиімсіздігін анықтауда.

В. И. Фисинин мен Г. А. Тардатьян [7] мәліметтерінше асылдандыру жүмысын тез дамыту мақсатымен тез өнім беретін құс кросстарының түп тізбектерінен тұқым өкелу жоспарланып, кейбір кәсіпкерлер өздері сатып алуы қажет. Құс кросстарының түп тізбектерін пайдаланып жүргізілген асылдандыру жүмысы 2-3 жылда өз нәтижесін бере бастайды және 5-6 жыл ішінде отандық кросс шығаруға мүмкіндік бар.

Л. Ю. Киселов пен В. Н. Фатеевтің [8] деректерінде түйеқүс өсірудің қиындығы - олардың бір еркегімен бір ұрғашысы өте сирек жұп- тасатынында деп жазылған.

Б. Р. Әкімбеков, М. Қ. Байбатшанов және Р. Қадыкен [9] деректерінде тауықтардың қазіргі заманғы кросстары жұмыртқа, ет, ет-жұмыртқа, сәндік және төбелескіш секілді түрлерге бөлінеді. Қазіргі таңда сәндік және төбелескіш тұқымдар мен кросстарды шектеп өсіреді. Жұмыртқалағыштың бұл деңгейі пайданалып жүрген кросстардың генетикалық мүмкіндігінің өте жоғары екенін көрсетеді. Алайда құстарың өнімділігі неғұрлым жоғары болған сайын, келешекте селекциялық шектеуді қамтамасыз ету де соғұрлым қиынға түседі. Шетелдік және отандық зерттеулер бойынша жұмыртқа бағытындағы тауықтар үшін аралас генерациядағы селекцияның тиімділігі бір ұрпақтың жұмыртқалағыштығы бойынша 0, 5-тен 3 жұмыртқаға дейін және жұмыртқа салмағы 0, 3-0, 6 г құрайды.

Ю. М. Степановтың [10] айтуынша инкубация процесінде биологиялық бақылау міндетті түрде жүргізіледі: инкубация кезінде овоскоптағы жұмыртқалар тексеріледі, өлшеу жолымен олардың құрғап кетуі анықталады, эмбриондардағы жанданған жұмыртқаларды ашып көреді, өлген ұрықтарға паталогоанатомиялық талдау жүргізіледі, инкубацияның нәтижелері талданып, тәуліктік балапандар бағаланады. Тауық жүмыртқалары инкубацияның 6, 11 және 19-күндері, үйректер мен күрке тауықтар жұмыртқалары 8, 19 және 25- күндері, ал қаз жұмыртқалары 9, 15 және 28- күндері овоскопта електен өткізіледі. Құрғақ жұмыртқалары бар қайықшаларды бақылау, таразылау арқылы анықталады.

Б. В. Рубанның [11] дерегінше инкубациялаудың алғашқы күндері жоғары температура (37-38°С) ұрықтың есімі мен дамуын жеделдетіп, белок пен сары уызды жақсы сіңіруіне, жүйелер мен органдардын тездете түзілуіне ықпал етеді.

Б. Ф. Бессаррбов, Э. И. Бондарев пен Т. А. Столияр [12] мәліметінше құсты жүмыртқа сапмагы бойынша сұрыптаудың ең қиыншылыгы, оның басқа шаруашылық керсеткіштерімен байланысты болуында. Мысалы, жұмыртқа салмағы мен жұмыртқалағыштық арасындағы корреляция теріс болады да, жұмыртқа салмағы мен балапан салмағы арасында оң корреляция болады.

Л. Ю. Киселевтың [13] деректерінше бөдене шаруашылығы құс шаруашылығының пайдалы, табысты бағыты болып табылады. Бір бөдене жүмыртқалаған кезден бастап бір жылда 300 жұмыртқа алуға болады. Жас шамасы 45-50 күн болғанда олар жыныстық жетілу шағына жетіп толыққанды жүмыртқа туады. Ересек бөденелер 120-140 г салмақ тартады. Тордағы күтімдегі әр құс жылына салмағы 10-12 г келетін 250-300 жұмыртқа табады. Балапандары тез өседі, оны екі айлығында етке сояды.

С. И. Боголюбскийдің [14] мәліметтеріне сүйенсек ферма жағдайыида мекиендер 2, 0-2, 5 жасында жұмыртқа сала бастайды, ал қораздары үш жылда жыныстық жағынан жетіледі. Түйеқұстардың өнімділік мерзімі наурыз айынан басталып, қыркүйек айына дейін созылады. Ұрғашы құстың бір мерзім ішіндегі жүмыртқалағыштығы 40 дана жұмыртқадан асады. Түйеқұс жұмыртқасы ақтүсті және сырты фарфорға ұксас. Оның салмағы 1100-1800 г тартады.

А. Б. Таңатаровтың [15] пікірінше қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы құсы ретінде негізінен африкалық түйеқұс нанду және эму өсіріледі. Осылардың ішінен ең пайдалысы африкалық түйеқұс. Олардың тірілей салмағы жоғары, жұмыртқалағыштығы көп, олардың салмағы нанду мен эмуге қарағанда өте жоғары. Бұл құстың жұмыртқалағыштығы жыл бойы 2 рет қайталанылады. Қабыршақтың аз болуы, инкубация кезінде биологиялық бақылау жүргізуді оңайлатады, ал эмудің кара-көкшіл түсі бұл істі қиындатады. Қолға үйрету арқылы бұл құстардың этологиясы (поведение) өзгереді. Агрессивтік қасиеті төмендеген, өміршеңдігі жоғарылатады, күтіп-бағушы құсханашылдарға, күнделікті рационға тез үйрене бастады, сол себептен азықтандыруға, күтіп-бағу процессі әртүрлі. Сондықтан өсіріп-бағу кезінде осыған көп көңіл бөлінуі қажет.

А. Б. Таңатаров, Ш. Ә. Әлпейісов пен С. Т. Дабжанованың [16] деректерінде жұмыртқа бағытындағы құстар селекциясындағы басты міндет жұмыртқалаудың бастапқы кезеңіндегі жұмыртқа салмағын арттыру және жұмыртқа шығымын (57 г жоғары) 80 пайызға дейін көтеру болып табылады. Құстың тірілей салмағы төмендегенде жұмыртқаның орташа салмағы 60-64 г деңгейде болатынын атап көрсеткен жөн.

Қазіргі кросстардың барлығы жақсы, жоғары жұмыртқалағыштығымен (бір мекиенге 310-325 дана), жұмыртқаның орташа салмағымен (60 г және одан да жоғары) және негізгі сапалық көрсеткіштерінің тәуірлігімен ерекшеленеді. Шетелдік ең таңдаулы кросстардың ірі жұмыртқалар шығымы 79-91, 4 пайыз құрайды.

И. А. Мымрин [17] айтуынша үйректердің бройлерлі балапандарын жеңіл лапас астында, шектелген қүрғақ алаңды жене су бетін қолдану арқылы өсіреді. Судың бетіне екінші аптадан шығарылған балапандар тез өсіп, су ішіндегі балдыр және ұсақ жәндіктерді қорек ететіндіктен, құрама жем шығыны азаяды. Сонымен қатар бұл төжірибе отырғызу тыгыздығын кебейтуге мүмкіндік беріп, құсханаларды өнімді пайдалану мерзімін ұзартады. Қарапайым брудер ретінде шойын темірден немесе кірпіштен жасалған пешті, болмаса сумен жылытатын орталық жүйені қолданады.

Н. П. Третьяков пен Б. Ф. Бессарабов [18] деректерінде Қолға үйретілген құстың қай түрін болсын, әдетте, олардан ет және жұмыртқа өндіру үшін өсіреді. Сондықтан селекция тәжірибесінде оларға баға беріп сұрыптағанда осы негізгі екі өнімдік қасиетіне мән беріледі. Нақтылы жағдайда бұл екеуінің қайсысын жоғары қою өсіріп отырған құстың өнім бағытына байланысты болады. Құстың еті де, жұмыртқасы да қоректік қасиеті өте жоғары сіңімді диетикалық тағам. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады.

П. Е. Божконың [19] пікірінше құс етінде 16 пайыздан (үйрек, қаз) 20 пайызға (тауық, күркетауық) дейін, ал жұмыртқаларында 13-14 пайыз құнды белок болады. Сонымен қатар жұмыртқа құрамына барлық дерлік алмастыруға келмейтін амин қышқылдары, 30-ға жуық минералды элементтер кіреді. Белок қорытылымы өте жоғары 97 пайызға жетеді. Жұмыртқа құрамындағы темір мен Д витамині сиыр сүтіндегіден де жоғары. Ал таза тығыз қабығы жұмыртқаларды ұзақ уақыт бұзбай сақтайды. Қаз майы дәрігерлік мақсатта қолданылып, бауыры диеталық тағам болып табылады.

Г. Б. Есімсеитова және Д. Қ. Ахметжанов [20] мақаласында жұмыртқалардың ұрықтанғандық деңгейі 2 топтағылардан 1-топта - 23%, 2- топта - 16% төмен болып шықты. Осы жағдайларға байланысты 2-топтағы жұмыртқалардың шығымдылық пайызы анағұрлым жоғары болды. Бұл жағдайда инкубатордың ішіндегі температураның орта есеппен 36, 5 ° С, ылғалдылықтың 25% деңгейінде болғаны жөн. Шығаруға арналған инкубатор ішіндегі температура 35° С, ал ылғалдылық 50% деңгейінде болуы тиіс.

А. Ә. Төреханов, Д. Қ. Ахметжанов және Г. Б. Есімсеитовалардың [21] жазуынша біздің жағдайда өсіруге қолайлы және болашағы үлкен африкалық қара түйеқұс, өйткені олар фермаларда бағуға дағдыламғап. Бұл құс біздің елде жаңадан ғана тарай бастағандықтан олар жөнінде мәліметтер аз. Сондықтан, бұл құстардың маңыздылығы Қа- зақстанның табиғи жағдайына қолайлы өсіріп-бағу, азықтандыру жөне асылдандыру технологиясын анықтауды талап етеді. Тәжірибелер африкалық қара түйеқұстардың екі жасына дейінгі өспірім балапандарына жүргізілді. Өспірімдер шеңбері 80x18 м болатын құсханада бағылды. Бұл құсхана бірнеше, әрқайсысынан сыртқы шеңбері 25x30 м болатын қоршауга шығуға мүмкіндігі бар бөлімшеге бөлінді. Түйеқұстың жүгіру қашықтығы 40 метрден кем болмайтыны белгілі.

Д. Қ. Ахметжанов пен Қ. А. Молдажановтың [22] пікірінше соңғы кезде фермерлер арасында түйекұс қожалықтарын құруға қызығушылық туа бастады. Бұл жағдай олардың өсімталдығымен және аталмыш өсімшелерінің өте жоғары бағалануымен байланысты. Сондықтан өзіміздің іскер азаматтар Дания, Бельгия, Нидерланд елдерінен түйекұстардың африкалық қара және австралиялық Эму түрлерін әкеліп, фермалар құрды. Сонымен, Алматы облысында "Айқанат кұстары' және “Фауна фермерлік қожалыгы”, ал Қостанай облысында “Қара батыр” түйекұс өсіретін арнайы шаруашылықтар ашылды. Бұлардағы түйекұстардың жалпы саны 700-ге жуық, оның ішінде 65 басы Эму түйеқұсы.

Б. М. Махатов, В. И. Абрикосова мен М. Х. Байбашановтардың мақаласында [23] бөдене жұмыртқасы - құнды нәрлі заттарга толы, оларды әртүрлі дертке қарсы емдік ретінде пайдаланады. Бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасынан азықтық құрамымен, құнды заттарымен анагұрлым жоғары, А витамині, никотин қышқылы, фосфор және мыс, кобальт және өзге де аминқышқылдары айтарлықтай басым болады. Бөдене жұмыртқаларының басқада қасиеттерін атауға болады: тауық жұмыртқасына қарағанда про- теиннің 10%-га, фосфордың 15%-ға, кальцидің-46%-ға, калийдің-5 есе; В1-витамині 2, 8 есе, В2-11%-ға артық болуы, қауыз салмағы 4, 9%- ға кем, аллергиялық реакция болдырмайды; өсуі мен дамуының жоғары қарқынды- лығы; инкубацияның ұзақтығы 15-18 тәулік, жыныстық жетілу жасы 35-45 тәулік құрайды, демек жылына 3-5 ұрпақ алуға мүмкіндік береді деген сөз; тауықтардың жұмыртқалауынан қалыспайтын жұмыртқалағыштыгы (жылына 250- 300 жұмыртқа) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қолда өсірілетін үй құстары
Құстардың санитарлық гигиенасы
Құстардың өсіп - жетілуі
Мал шаруашылығы негіздері
Жұмыртқа өндіру технологиясы
Құс өсіру шарттары
Нарықтық қатынастар жағдайында құс шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігін жоғарлату жолдары
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Құс өнімдерінің сапасын бақылау
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz