Абылайдың өмірі
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Абылайдың өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Кытай . Қазақ қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Абылайдын жорықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Абылай орыс жылнамаларында Сібірдің ханзадасы деп аталады. Ал шынында Абылай орта жүз қазақтарының XVIII ғасырда өмір сүрген ханы. Оның тегі кіші жүз сұлтандарының кенже буынан тарайды да, үшінші атадан барып Әбілмәмбет ханға қосылады. Онымен Абылай біздің қағаз бойынша Абылай сұлтан ханның немере інісі . 1739 жылы Орынборда Ресейге мәңгі бодан болатыны туралы ант берген. Атасы, онда аты Абылай, Түркістанның билеушісі болып тұрған. Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы да, құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра алмай, Түркістанды басып алған көрші билеушілердің бірінің қолынан қаза тапты. Қалтқысыз берілген бір қулының арқасында ғана он үш жасар ұлы Абылай аман қалды.
Адал төлеңгіт өз түлегін ертіп, қазақ даласына тартты. Ағайын туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп, Жақсылық руының бір байына малшы болады. Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды. XVIII ғасырдың алғашқы 10 жылдығы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар қазақ руларына жан-жақтан тарта бас салып, қырып-жойып, малын айдап, жанын байлап әкетіп, талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді.

Ж о с п а р :
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Абылайдың
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Кытай - Қазақ
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Абылайдын
жорықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
Абылай орыс жылнамаларында Сібірдің ханзадасы деп аталады. Ал шынында
Абылай орта жүз қазақтарының XVIII ғасырда өмір сүрген ханы. Оның тегі кіші
жүз сұлтандарының кенже буынан тарайды да, үшінші атадан барып Әбілмәмбет
ханға қосылады. Онымен Абылай (біздің қағаз бойынша Абылай сұлтан ханның
немере інісі .( 1739 жылы Орынборда Ресейге мәңгі бодан болатыны туралы ант
берген. Атасы, онда аты Абылай, Түркістанның билеушісі болып тұрған.
Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы да,
құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра
алмай, Түркістанды басып алған көрші билеушілердің бірінің қолынан қаза
тапты. Қалтқысыз берілген бір қулының арқасында ғана он үш жасар ұлы Абылай
аман қалды.
Адал төлеңгіт өз түлегін ертіп, қазақ даласына тартты. Ағайын
туғандары сыртқа тепкен жас Абылай қырға келіп, Жақсылық руының бір байына
малшы болады. Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен
табандылығы, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды. XVIII
ғасырдың алғашқы 10 жылдығы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең еді.
Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар қазақ руларына
жан-жақтан тарта бас салып, қырып-жойып, малын айдап, жанын байлап әкетіп,
талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр қыс, кесапат жұт
пен ашаршылық тәңірден түскен қыспақтай-ақ халықты сансыратып,
қайыршыландырып жіберді. Орынбордағы бір қазақ-рубасының өз жерлестерінің
қайғылы хәлін соңынан бір топ ұялас тазы қуған қоянның жағдайына теңегені
бар.
Әсіресе 1723 жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өшпестей боп
қалды. Қары қалың әрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар
қонтайшысы Қолдан-Серен қисапсыз қолмен қазақ қырына басып кіріп қазақтар
мен қырғыздарды бұрынғы шаруашылығымен шапқыншылығы үшін жаппай жазалауға
кірісті. Қайда барса да қаңқұйлы жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар
үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол жөнекей дүние-мүлкін, бала-шағасын,
кемпір-шалын, арық-тұрық малын, үй мүлкәмәнін шашып, түстікке барып қойып
кетті. Орта жүз-Самарқанның түбіне, кіші жүз Хиуа мен Бұқарға барып
паналайды. Ал қырғыздар Болардың адам аяғы баспаған құз-жарына жасырынып,
үрейі ұшқаны сонша, Гиссар алқабына дейін жетеді. Орта Азия құм белдерінен
шүйгім жайылым таба алмай, жаңа көршілерімен жауыққан қазақтар құдіретті
ресейдің шекарасына көз салып, олардан қолдау мен қолқабыс іздейді. Міне,
осындай екідай, үрейлі қанды-қисап кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады.
Өйткені ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп қатысып, соның
өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айырықша амал-айласымен көзге түскен еді.
Өнегелі ақыл кеңесі, сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден ақ көреген,
кемеңгнр деген атқа ие болады. Шынында да, қазақтар мұны ұлы істер атқаруы
үшін алланың өзі жіберген емшісі, аруақ иесі деп ұққанға дейін Абылай талай
күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті. Ол екі мәрте қолға түсіп,
бірінде-қырғыздарға, екіншісінде Қалдан-Серенге тұтқын болды. Оның
қалданнан құтылуы шын мәнінде керемет. Себебі ол ханның сүйікті ұлы Шарышты
жекпе-жекте өлтіріп, құдіретті қалмақтың қазақтардан табандап тұрып, талап
етуімен тұтқынға түскен ғой.
Қалай болған мен де, 1739 жылы біз оны Орта жүздің ең ықпалды, ең
күшті билеушісі деп таныдық. Орыс үкіметі де көбінесе Абылаймен және оның
інісі Сұлтанбекпен ғана байланыс жасап отырған. Өйткені қырға барып қайтқан
орыстардың айтуына қарағанда, ол тұста нағыз ханның ешқандай мәні де, бедем
де болмаған. Даламен жақсы таныс Тевкелев бұл сұлтанды қырғыз
билеушілерінің ішіндегі ең айлакері, әрі ең ықпалдысы дейді.
1759 жылы Абылай орыс сарайына өзінің туысын Жолбарыс сұлтанды
жіберіп, сый-сияпат сұрайды. Кейін оған өкілеттік қағаз жіберіп, жылына 300
сом жалақы тағайындалып, 200 пұт ұн беріп тұру белгіленеді. Осы екі арада
Отра Азияда Абылайдың мансап жолындағы ой-арманын жүзеге асыруына жағдай
жасайтын оқиғалар болған еді. Ол оның хлық алдындағы абырой-беделін тіпті
аспандатып жіберді. 1745 жылы қазақтарға әзірейілдей Қалдан-Серен дүние
салып, Жоңғарияда билікке таласқан дүрбелең басталды. Қалмақ тайпалары енді
Абылайдан көмек күтеді. Ескі кегі зығырданын қайнатып, жоңғарларға тісін
қайрап жүрген сұлтан олардың алтыбаған алауыз боп әлсіреуін пайдаланып,
бірде бір жағына, бірде екіншісіне ыршып шығып, ұрыс-керістің көрігін
қыздыра түседі.
Жоңғарияны тарихта теңдесі жоқ жылдамдықпен оп-оңай жаулап
алған император Цянь-Луннің жеңімпаз армиясының жоңғар жеріне келуі
Абылайдың саясатына үлкен ұқпал етеді. Жоңғария мен Кіші Бұқар аймағын оп-
оңай өзіне қаратуы және қытайлардың жауынгерлік рухын көтеріп, басқыншылық
құштарлығын арттыра түседі. Зайыры, император Цянь-Лун хань және таңь
әлеуметтерінің заманын қайта қайталағысы келгенге ұқсайды. 1756, 1758 және
1760 жылдары Қытай жасақтары Орта жүз қазақтарының жеріне ат ізін тастайды.
Қазақ билеушілері Кіші жүздің ханы Нұралы, Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен
Абылай Аспанасты империясымен келісімге келуге құлшынады. 1756 жылы Абылай
өзін Бөгдіханның вассалы деп мойындап, бекзада атағы мен жылпарақ алады. Ал
Нұралы Пекинге елшілік жібереді. Қоқан билеушісі Ердеке би - 1758 жылы,
кейін мұрагері Нұрбота би – көктің ұлына пенделігін мойындайды.
Осынау сырттай тәнтілікке қарамастан орта-азиялықтар аса абыржулы
еді. Күшті жоңғария құлап, кіші Бұқардың басып алуы адам айтқысыз үрей
туғызды. Оның үстіне діндер, мұсылмандар ақыр заман болар алдында жердің
жүзін қара Қытай қаптайды деген аңызға қатты сенетінді. 1762 жылы Орта
жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға 130 адамнан тұратын Қытай
елшілері келіп, императордың әмірі бойынша көктем туа Түркістан мен
Самарқандқа әскер шығатынын жариялап, алда болар жорық үшін көмекке кісі,
көліккі жылқы мен өгіз, сойымға қой сұрауы, бұрынғы бұрынғы ма, қазақтардың
үрейін тіпті ұшырып жіберді. Олар уақытша өзара іріңкезекті доғарып, одақ
құрып, оның басына қолбасшы етіп Нәдір-шахтың түменбасы, қандағар билеушісі
әрі дураки әулетінің негізін қалаушы Ахметті тағайындады. Абылай сырттай
одаққа кіретін сияқты көрінгенімен, шын мәнінде Қытай үкіметімен байланысын
үзбей, барған сайын онымен жақындаса түсті. Олар тіпті Пекинге аманат етіп
ұлы Әділді жіберді. Бірақ Бөгдіхан Абылайдың тәнтілігіне дән разы болып,
Әділді қолына өкілеттік қағаз беріп, көп сый-сияпатпен әкесіне қайта
аттандырады. Ал, Абылайдың өзі болса, Сайрамкөл жағасында Іле цзян-цзунымен
(генерал-губернаторымен( кездесіп, онымен сауда шартын жасастыю Шарт
бойынша Тарбағатай мен Іледе айырбас базары ашылып, онда қазақтар айдап
әкелген малына Қытай бұйымдарын айырбастап алып жүрді. Бөгдіханның мұндай
мейірімді, әсіресе тарту-таралғысы баққұмар, даңққұмар қазаққа ұнамай
қалған жоқ.
Қытайлармен байланыс бекіген сайын Абылай Ресеймен қарым-қатынастан
іргесін аулақ сала бастады. 1771 жылы хан сайлағанда да ол орыс шекарасына
барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп, ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл
дәрежеге лайықтап қойғанын, көктің ұлының және өкіметті қырға өз
қызметшісін арнайы жіберіп, Абылайға ант бергізіп хан атағының
белгілерін(қылыш, қамқа тон және бөрік( тапсырды. Ондағысы өздері бекітпей
тұрып, хан болу деген қазақтардың қаперіне де келмесін деген ішкі есеп.
Абылай өз балаларына ақыл айтқанда Қытаймен жақындаса түсуге кеңес беріп,
Ресеймен келісімді сақтау керек деп тапсырды. Оның ойынша, қытайлар хан
билігі үшін ешқашан қатерлі емес, ал, орыс үкіметі болса, жергілікті
билікке ең күшті бәсекелес. Оның үстіне заман ағымы қазақтардың Ресей
көмегіне мұқтаждығы аз емес екенін айқындай түсті. Абылайдың қырдағы билігі
тіптен нығайды. Ұлы жүзде әсіресе үйсін болыстары оның билігін мойындады.
Жоңғарларды Қытайлар жойып жіберді. Қазақтар ту-талапай еткен, әсіресе
Абылайдың өзі түбіне жеткен торғауыттар Ілеге әрең жетіп, Қытай
саятшыларының қитұрқы торына түсті. Пугачёв бүліншілігі титықтатып,
тағдырын енді үкімет қолына алған Жайық қазақтары өз бетімен басып кіре
алмас халге жетті. Қазақтардың ендігі жауы Түркістан, Созақ, Сайрам, Шу мен
Ташкенттің арасындағы және басқа қалалардың қазақ сұлтандарымен ауылын
аулақ салуға тырысқан қу қырғздар мен Орта Азия билеушілерінің бір бөлігі
ғана. Абылайға аян беріп отыратын әдеттес тыс аруаққа деген сенімі қазақ
халқына бұрын-соңды болмаған өжеттік дарытты.
1770 жылы Абылай шат асуынан да асып, Туро
өзенінің маңында қырғыздарға шабуыл жасады. Таулықтарды өкшелей қуып ол Шу
жағына дейін айдап салды. Шуға құятын Қызылсу мен Шамси өздерінің бойында
қырғыздар Абылайға қарсы одақтасып қан кеше жүріп айқасады. Бұл жайында
(Жайыл қырғыны( атты аңыз күні бүгінге дейін бар қырғыздардың қырылғаны
сонша, Сұлту руының Талқан деген атасынан тек қырық-ақ адам тірі қалады.
Сонан соң Абылай олжасын артынып-тартынып өзінің Сібір желісіне жақын
сүйікті қонысы Көкшетауға қайтып келеді. Алып келген тұтқындары тіпті көп,
қазір олардың ұрпағы Жаңа және Бай қырғыз деген екі болыс ел болып отыр.
Абылайдың Ташкентпен және Ходжетпен соғысы Жизаққа дейін жеті шаһарды
алуымен тынды. Олардың арасында Әзірет-сұлтан Сайрам, Шымкент, Созақ және
басқа қалалар бар. Ал Ташкент алым-салық отыруға тиісті болды. 1774 жылы
Абылай Үйсіннің ел ағаларының өтінуі бойынша оларды басқару үшін ұлы Әділді
жіберіп, оған Талас өзенінің бойымен қалашық салып берді. Кентті кілең
еңбекқор қарақалпақтар қоныстанды. Ұзын саны жетпіс бірге жететін басқа
балаларына ол Орта жүз және Ұлы жүз руларын бөліп берді. Ал өзі әулет басы
ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда
1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерленді.
Міне, ғаламат қазақтың саяси өмірінің желісі осындай. Даңқы дәуірлеп
көтерілуіне жеке басының кісілігімен, ақыл-парасатының кеңдігімен жеткен ол
арыны ауыздықсыз, қызу қанды қызба халықтық қадір-құрметіне ие бола
білді.Қырдағы бұл құрметтің тылсымдап тастайтын тамаша бір сипаты болды.
Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін өз сұлтандарының ішіндегі ең лайықтысы
осы деп халық оны бірден ханға көтерді. Ал қазақ дәстүріне басқа Әбілмәмбет
балаларының ішінен заңды мұрагерлер табылатын-ақ еді. Осынау сайлаудың
куәгері болған орыс азаматы алқалаған рубасыларының оны ақ киізге салып
қалай төбеге көтергенін, жампоздығы мен жеңімпаздығын жер-көкке сыйғызбай
қалай мадақтағанын, сонан соң ол киген шапанды өрім-өрім ғып қиқымдай
жыртып, үлесіп алғанын тамсана жазады. Мұның өзі ханның қадір-қасиетін
танытар тамаша көрініс еді.
Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-
бірі жоқ. Ол өз өктемдігін асырып, ең алғаш өлім жазасын енгізді. Бұрын
мұндай сұмдық шешім халық жиынының ұйғарымынен ғана жүзеге асатын. Сөйтіп,
ол ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен
сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйды. Әуелі мұндай жаңалық сұлтандар мен
билердің наразылығын туғызып, бас көтертті де, 1781 жылы Дайыр сұлтан
Орынбор губернаторына арыз айтып, Абылайды өзіне тиісті емес билікті басып
алушы деп бейнеледі. Рубасылары ежелгі әдет бойынша кәдімгі Польшадағы
корольға қарсы соғыс сияқты, ханға қарсы аттанбақ та болды. Алайда
Абылайдың төлеңгіттері оларды тас-талқан қылды да, бәрі ханның темір тезіне
бағынуға мәжбүр болды. Бұл ханның ықылым заманынан аяланып келген еркін
жайылуды өктемдікпен басып, өз қимыл-әрекетін қалай заңдастырғанын кім
білсін, әйтеуір ұрпақтар оны әулие санап, шабуылға шыққанда есімін жігер
шындар ұран етіп атайды. Ал оның өз балаларына қалдырған ауызша өсиеті
Ақсақ Темір саясатымен астасып жатқанын аңғартады. Балаларына ол қазақ
тайпалары арасындағы ру таласып ешқашан түбегейлі шешім, дүрдараздық пен
дау-дамай қашан да хан билігінің тапжылмас таяныш-тірегі болуы керек деп
ақыл-кеңес беріп отырған.
Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша
қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі
қазақтардың ерлігі мен серлігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының
көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған. Домбыра
мен қобызда орындалатын небір күйлер соның дәуірінде дүниеге келген және
көбі сол кезеңді сипаттайды. Халық күйі (Шаңды жорық( жаудан беті қайтып
көрмеген жүрек жұтқан батыр Баян опат болған шабуыл кезінде шығарылған.
Ал(Қоржын қақпай( Еділ қалмақтарына қарсы қысқы күн бойы ашығып, олжаға
қолы әрең жетеді. Бұл күйлердің бәрі күні осы уақытқа дейін Абылай
ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді.
(Ел болса, ер тудырмай тұра алмайды( дегендей, қазақ халқында да
айдай әлемге атын ардақтап көрсетуге әбден лайық ұлы тұлғалар баршылық.
Олар жайында, әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері көп айтып, көп жазып
келеміз. Алайда, ұлылардың арасында да асқар таудай бөлектеніп тұратын ұшар
шың сынды айрықша адамдар болады. Абылай солардың қатарынан елеулі орын
алары сөзсіз.
Адамды заман қалыптастырады.(Егер мен дүниеге жиырма жыл бұрын
келсем, мүлдем басқа адам болар едім(,- деп бір ғұлама айтқандай, кез-
келген тұлғаның қайрат-қабілеті, дарын-білігі жарқырай ашылуы үшін айрықша
жағдаяттар қажет етілетіні бар. Абылай ол жағынан да оқшау тұр. Шоқанның
сөзімен айтсақ,(Абылай дәуірі-қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры(.
Бұлай дегенде біз Абылай тұсында халық ерлік танытумен, серілік құрумен
өткендей ұғым қалмауын қалаймыз. Қайта, керісінше, ол өмір сүрген он
сегізінші ғасыр қазақ халқы үшін трагедиялық кернеу күшті заман болған еді.
Абылай екендігі де сонда-әлгіндей қилы заманда өзіне жүктелген тарихи
миссияның үрдісінен шыға білгенінде.
- Бәрінен бұрын Абылай қазаққа ұлттық мақтаныш сезімін қайта алып
бергенімен қымбат. Онан кейінгі Абылайдың ерекше бір еңбегі ретінде
қазақ арасындағы алауыздықты азайтқанын айтқан жөн шығар. Сол дәуір
үшін бұл өмірлік мәні бар мәселелердің бірі еді. Ақыр-аяғында, Абылай
түптің түбінде Қазақ елінің тұтас, тәуелсіз мемлекет бола алатынына
сенімді оятып кеткенімен де ерекше қадірлі. Абылай бала күнінен жоңғар
шапқыншылығының бар қасіретін көріп өсті. Оның текті әулеттен, текті
болғанда да кәдімгі Шыңғыс ханның ұрпағы жошы тұқымынан екенін барша
жұрт біледі. Әріге аспай-ақ, оның бергідегі бабаларының өзінен әз
Жәнібекті, Еңсегей бойлы ер Есімді, Салқам Жәңгірді атасақ та жетіп
жатыр. Абылай небәрі бір мүшеліге толар-толмаста, 1723 жылы жоңғарлар
қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген алапат күшпен келіп соқтыққан
еді. Ерте көктемде, тұтқиылдан басталған шабуыл елдің тоз-тозын
шығарған-ды. Жоңғарлар аз ғана уақыттың арасында Жетісуды жайпап өтіп,
Ташкентті иеленіп үлгерді, қазақтарды Сырдың сағасына, Арал түбіне
дейін тықсырып тастады. Содан 1725 жылға дейін қазақ даласы осы ауыр
соққыдан есін жия алған жоқ. Ол заманды айтып жатудың қажеті
шамалы.(Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама( деген сөздің өзі-ақ жетіп
жатыр. Абылайдың аты алғаш рет 1731 жылғы Ұлытау маңындағы шайқаста
шыққан. Жиырма жасар Әбілмансұр сол жолы жоңғар батыры Шарышты жекпе-
жекте жер құштырып, қазақ қолын (Абылай! Абылай!( деп ұрандап бастап
бергені, сол күннен Абылай атанып кеткені, жас батырдың атақ-даңқы
қазақ даласына кеңінен жайылғаны мәлім. Көп ұзамай Орта жүз ханы
Әбілмәмбеттің, Бөгенбай батырдың, Төле бидің басқа да игі жақсылардың
қолдауымен Абылай Арғын тайпасын қолына алады. Кейіннен бір ақынның
өзін танымай қалған Кенесарыға ашуланып((Атаңа алты қатын алып берген
Атығай-Қарауылдың баласымын(,-дейтіні соған байланысты айтылған сөз.
Бұл кезең Абылайға мол мүмкіндік ашқан. Ол заманда сұлтандар мен
хандардың өзінде халыққа нақты ықпал жасай алатын тетік ретіндегі
аппарат та, бір ортаға қордаланған қаражат та болмағанын ескерсек,
рулық биліктің тұтқаларын орнымен пайдалана білген адам ел
басқарғандардың өзіне көп әсер ететін. (Даладағы бүкіл экономикалық
және әлеуметтік тыныс тіршілік руға тіреліп тұратын, ағайын біткен
бірге көшіп жүретін, малын бірлесіп бағатын, барымтаға бірге аттанып,
дұшпанның бетін бірге қайтарысатын, тойын бірге тойлап, адам өміріндегі
жөн жоралғының бәрін бірге атқарысатын. Руынан бөлектеніп қалса-ақ
қазақтың күні қараң, ол бас еркінен айырылып шыға келеді, жолы болды
дегенде төлеңгіттікке қолы зорға жетеді(1.
П.П. Румянцев (Киргизкий народ в прошлом и настоящем( ., 233-234
беттерде.,
Біз бұрын біріңғай сөгіп, сілікпелей беретін рулық құрылым, шынтуайтында,
әлдеқайда күрделі дүние көрінеді. Тіпті рулық автаркияның өзінің де белгілі
бір дәрежеде демократиялық сипаттары болғанын жоққа шығару қиын. Ру-рудың
игі жақсылары, би-батырлары жиналып келіп сұлтандарды, хандарды сайлап
отырғаны сол кез үшін едәуір ілгері қадам еді.
Бір жағынан қанды қырғын ала келген жоңғар экспенсиясы,
екіншіжағынан мысықтабандап жылжи бастаған Ресей империясы қазақ қауымын
тұтастандыруды, халықты, оның жерін сақтапқалу міндетін шеше алатын, бір
орталыққа бағындырылған билік жүйесін қалыптастыруды талап етті. Әрі мұны
рулық құрылым жағдайында жүзеге асыру қажет еді. Ол, ғаламат қиын іс
болатын. Абылайдың алдында әз Тәуке осыған әрекет еткен. Халқымыз (әз(
деген әзіз анықтауышты қиған екі адамның бірі дәстүрлі дала құқығының
бұрынғы бес жарғысын жаңғыртып, оны екі жаңа жарғымен толықтырып, феодалдық
мемлекеттің құқықтық негізін қалай бастаған болатын. Мұны басын ашып әдейі
айтып отырмын-әз Тәукеге дейін де ол қалыптан кеткен (Жеті Жарғыға( дейін
де далада құқық ұғымы, оның табан тірер тұғыры болғанын ұмытпауымыз керек.
Тәуке ханның өлімінен кейін билік басындағылардың сепаратизмі күшейіп
кеткені, жағдай әбден асқынған,(ақтабан шұбырындыға( ұрынып, ел басына күн
туған шақта барып атақты Ордабасы биігінде ортақ жауға қарсы тұрар қуатты
жасақ құру жөнінде тоқтам жасалғаны, оның тізгіні кіші жүз ханы Әбілқайырға
берілгені мәлім. Абылай - қазіргі кездегі қалам ұстағанның кейбірі оңды-
солды соқтығып, жеңіл-желпі ат – үсті жазып жүргеніндей, кім көрінген
келіп оп-оңай оспақтай беретін тұлға емес. Оның, әсіресе, жоңғарларға қарсы
күрестегі орны бөлекше. Мұнымен қатар, ата жаумен алысқанда көмегі тиер ме
екен деп Ресейге қол артқан Әбілқайырдың көп ұзамай қазақ сұлтандарының
наразылығына ілініп, көз түрткі бола бастағаны тағы рас еді. Бірте-бірте
Әбілқайырдың бас қазақтың басын қосып кете алар тұлға бола алмайтыны
байқала берді.Қазақ елін шығыстағы көршіден де, батыстағы көршіден де
біршама аулақтау ұстайтын жаңа тұрпатты саясат қажеттігі айқын бола
бастады. Мұндай саясат айналасы бес-он жылда қалыптаса қалмайды.Ол үшін ең
алдымен ойлау жүйесі, іс-қимыл сипаты атымен бөлек, тың тұлға керек еді.
Абылай сондай тұлға бола білді. Абылай қазақ қауымының сол
тұстағы жағдайында тіпті қолдан келместі жасай алды. Көшпелі елдің рулық-
тайпалық құрылымын сақтай отырып, орталықтанған мемлекеттің негізгі
ұстындарын орната алды, Бір жағынан, Цин империясы мен Ресейдің өзара
мүдделерін бір-бірімен қағыстыра-соғыстыра жүріп, екінші жағынан, хандар,
сұлтандар, билер, батырлар арасындағы қым-қиғаш қайшылықтарды орнымен
пайдалана біліп, ұдайы ұстараның жүзінен өткендей жағдайда ғұмыр кешті.
1731 жылы қазақ жерлерін өзіне қосып алуды бастаған
Ресей Кіші жүзбен қанағат тұтып, тоқтап қалған жоқ. Оның үстіне Ресей
қарауына өтуді қазақ елінің сол тұстағы талай-талай беделді адамдары да
қолдағанын ұмытпаған жөн.
Алла тағала өзі бір адамдарды туа бітті лидер етіп жаратады.
Олардың беделі елден ерекше болады. Өзінің ағасы Әбілмәмбет ханмен 1740
жылғы тамыз айында Орск (қазақтар Жаманқала дейді ( қаласына қалай келгенін
генерал-лейтенант князь Урусов Әбілмәмбет пен Абылайға деп бір үлкен отау
тіккізген екен. Абылай салған беттен өзіне бөлек отау тігіп беруді, ханмен
бірдей құрмет көрсетуді талап етеді. 1776 жылы (Қатын патша(-Екінші
Екатеринаға (Мені үш жүздің ханы етіп бекітіңіз( деген сипатта хат жазатыны
бар. Абылайдың беделін арттыруға мүдделілік танытпаған Санкт-Петербург әрі
бұлғақтатып, бері бұлғақтатып, екі жылдай жүріп алады да 1778 жылы 24-
мамырда Абылайды орта жүздің ханы етіп бекітетін жарлық щығарады. Ол
жөніндегі грамота Орынборда тапсырылатын болады. Дегенін жасамаған соң
Абылай ол жерге бармай қойған.
Абылайдың Ресейге бодандыққа ант беруін бергенмен өле - өлгенше
өзін сюзерен ретінде сезінбегені анық. Оның вассалитетінің түрі де қызық.
Мысалы, 1771 жылы қасиетті Түркістанда, Қожа Ахмет Йассауи кенесінде хан
болып сайлағаннан кейін Санкт - Петербургтен түскен бұйрық бойынша Сібір
әкімшілігі мен Орынбор генерал – губернаторы Абылайдың Омбыға немесе
Орынборға келіп, Ресейге адалдыққа ант беруі қажеттігін айтады. Абылай ол
жаққа бармайтынын хабарлайды. Император грамотасын Орынбор губернаторының
қатысумен тек Петропавловскіде ғана қабыл алатынын, өйтетін себебі өзі сол
жерге таяу маңайда көшіп- қонып жүріп жатқанын, хан ордасын сонда тіккенін
мәлімдейді... Осының төңірегінде дипломатиялық келіссөздердің өзі бірнеше
жылға созған. Ақыр аяғында Орынборда кездесетін болып, жеме- жемге
келгенде Абылай оған да бармай қойғанын жаңа айтылды.
Абылайдың тұтқынға түсуіне келсек, ол былай болған. 1741
жылдың қасында 30 мыңдық жоңғар қазақ жеріне сұғына кіріп, Тобыл мен
Есілге дейін жеткен. Бұл жолғы агрессияның Ресеймен шектелетін аймаққа
бірден бағытталғаны тегін емес еді. Жоңғарлар қазақтар Ресеймен жақындасып
күшейіп кете ме деп қауіп еткен. Расында да, елдің ішіне ендеп кетті
демесеңіз қазақ жағынан адам шығыны бұл жолы аз болған – ауылдардың бәрі
дерлік орыс әскерлері тұрған шептерге жетіп алған-ды. Абылай шағын қолмен
шолғыншылық жасап жау арасына өтіп кеткен де, аты өліп, өзі қолға түскен.
Тұтқында екі жылдан артық болған. Таяуда баспадан шыққан (Қазақстан(
энциклопедиясының бірінші томындағы(Абылай( мақаласында (Қазақтың үш
жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5
қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады(,-деп жазылыпты. Оған қоса,
тарихи әділдік үшін осы іске Ресейдің дипломатиялық өкілдіктері де
араласқанын айтқан жөн. Отанына келген соң Абылайдың Ресей өкіметіне
разылығын айтып( (я же должен за всемилостивейшую государыню милостию ис
полону от калмык владения Галдан-Чирина освободить(, деп хабарлағаны осының
дәлелі. Ресейдің бұл іске қандай мақсатпен араласқаны басқа әңгіме, әрине.
Бірақ, араласқаны анық. Жалпы, тұтқыннан Абылай негізінен өзін-өзі алып
шыққан.
Әңгіменің басына Шоқанның (Абылай дәуірі-қазақтардың ерлігі мен
серілігінің ғасыры( деген сөздер айтылды. Ерілік те, серілік те неден
шығады( Сенімнен шығады. Абылайдың ең ұлы еңбегі-қазақтың өзіне өзінің
сенімін арттырғаны. Сол сенімнен қазақ тарихтың қандай қиын тұстарында да
айырылып көрген емес. Оның жемісін енді тәуелсіз Қазақ елінің бүгінгі
ұрпақтары татып отыр. Абылай бізді асудан асуға, биіктен биікке шақыра
бермек, шақыра бермек.
Тарихи тақырып - қазақ әдебиеті үшін таңсық емес. Әбіш
Кекілбайұлының творчествосында бұл тақырыптың таразы басы басым түсетіні
ежелден белгілі. Ал бірақ бүгінгі кәнігі жазда әдебиетімізде осы уақытқа
шейін Абылай хан туралы жеке дара тұтас шығарма тумай келген. Бір
замандарда Мұхтар Әуезовтың (Абылай туралы жазбасам ба екен(( деп екіұдай
қалге түскенінен ақсақалдарымыздың естелігі арқылы хабардармыз. Әрине,
озбыр отаршылдық үстемдік құрған мезгілде ешбір жүрек жұтқан жазушы бұл
тақырыпты қозғай алмас еді, бәрібір еңбегі еш болар еді.
Абылай заманы енді туды.
Осы ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ әдебиетіне келіп қосылған
пассионар ұрпақтың өкілі Әбіш Кекілбайұлының творчестволық өмірбаянын
бүгінгі күні биігінен қарағанда сәттілікке кенде емес деп бағаласақ, оның
қаламынан туған (Үркер(, (Елең-алаң(, (Аңыздың ықыры(, (Күй(, (Ханша дария
хикаясы( секілді роман, повестердің баршасы дерлік өткен күндердің күйлерін
шертіп, елі мен жұртының еркідік пен теңдік аңсаған шежірелі сырларын
толғап келген еді. Ендеше, жазушының Әбілқайырдан соң Абылайға баруы қазір
де бұлжымас заңдылық ретінде қабылданатыны рас. Ал енді бәріміз біле
бастаған Абылай ханның өмірі, тарихы мен тағдыры түпсіз терең мұхит,
шетсіз, шексіз кеңістік екенінен хабардар бола бастадық. Әдебиетте бұдан
қиын тақырыпты, бұдан салмақты жауапкершілікті іздеп табудың өзі оңай емес.
Бірақ Әбіш мырза тағы да Әбіштігін танытты. Жиырмасыншы ғасырдың
соңында қазақ көркемсөзіне тағы да бір елеулі, ерен дүние келіп қосылды. Ол
(Абылай хан( аталады. (Халықтық қаһармандық дастан( деген айдар тағылған.
Қарапайым тілмен айтсақ, негізінен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz