Денсаулық сақтау



Денсаулық сақтаудағы ұйымшылдықты, басшылықты, үйлестірімділікті және мемлекеттік саясатты іске асыруда бақылауды жүзеге асырады, азаматтарға медициналық көмек пен тегін медициналық көмек кепілдемесінің көлемі шеңберінен шықпай дәрілік құралдармен қамтамасыз ету бойынша шараларды, жеке меншік түрлеріне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері қызметінің мониторингісін, дәрігерлік ұйымдарды жарықтандыру, кадрлармен қамтамасыз ету, департамент директорларының біліктіліктері және басқа өкілдіктерін көтеруді жүзеге асырады.
Әдістемелік басшылық пен медицина ұйымдарының тізімдемелік қызметтеріне бақылау жасаудағы әрекеттестіктің жүзеге асырылуы.
Денсаулық сақтау бойынша аймақтық, облыстық мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылау жасау.
Облыстық департамент үшін ақпараттық және аналитикалық мінездері материалдарын даярлау.
Бірінші медициналық- санитарлық көмекті ұйымдастыруды, ана мен баланы қорғауды, ауылдық денсаулық сақтауды жетілдіру.
Аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне тексеру жүргізіледі, әдістемелік көмек көрсетіледі.
Медицина сұрақтары бойынша азаматтардан түскен арыздарды, өтініштерді, хаттарды қарастырады, тоқсандық және жылдық талдау жүргізеді.
Облыс департаментінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының шипажайларына балаларды іріктейді, жолдамалар департамент арқылы ғана өтеді.
«ҚР тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуына, «Қазақстан Республикасындағы құқықтыққа барлығын оқытуды ұйымдастыру бойынша шаралар туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысына бақылау жасайды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтаудағы ұйымшылдықты, басшылықты, үйлестірімділікті және
мемлекеттік саясатты іске асыруда бақылауды жүзеге асырады, азаматтарға
медициналық көмек пен тегін медициналық көмек кепілдемесінің  көлемі
шеңберінен шықпай дәрілік құралдармен қамтамасыз ету бойынша шараларды,
жеке меншік түрлеріне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері қызметінің
мониторингісін, дәрігерлік ұйымдарды жарықтандыру, кадрлармен қамтамасыз
ету, департамент директорларының біліктіліктері және басқа өкілдіктерін
көтеруді жүзеге асырады. 
Әдістемелік басшылық пен медицина ұйымдарының тізімдемелік қызметтеріне
бақылау жасаудағы әрекеттестіктің жүзеге асырылуы.
Денсаулық сақтау бойынша аймақтық, облыстық мемлекеттік
бағдарламалардың орындалуына бақылау жасау.
Облыстық департамент үшін ақпараттық және аналитикалық мінездері
материалдарын даярлау.       
Бірінші медициналық- санитарлық көмекті ұйымдастыруды, ана мен баланы
қорғауды, ауылдық денсаулық сақтауды жетілдіру.
Аймақта орналасқан емдеу мекемелеріне тексеру жүргізіледі, әдістемелік
көмек көрсетіледі.
 Медицина сұрақтары бойынша азаматтардан түскен арыздарды, өтініштерді,
хаттарды қарастырады, тоқсандық және жылдық талдау жүргізеді.
Облыс департаментінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының
шипажайларына балаларды іріктейді, жолдамалар департамент арқылы ғана
өтеді.  
 ҚР тілдер туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуына, Қазақстан Республикасындағы
құқықтыққа барлығын  оқытуды ұйымдастыру бойынша шаралар туралы ҚР
Үкіметінің Қаулысына  бақылау жасайды.
Бөлім бастығы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау
ұйымдарының заң шығарушылық және нормативтік- құқықтық актілері, өндірістік-
шаруашылық және қаржылық- экономикалық іскерлік жұмыстарын атқаруда.
Болжау, жоспарлау жүргізеді. Денсаулық сақтау бөлімі жұмысына және аудандық
медицина ұйымдарына бақылау ұйымдастырады. Медициналық мекеме жұмыстарының
заңдылықтарына мониторинг өткізеді.
Денсаулық сақтаудағы басым бағыттардың шешілуіне бағытталған
бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Құрылымдық мекемелерді, бөлімдерді, бөлімшелерді басқарады, кадрларды
іріктеп, орналастырады және олардың дайындықтары мен қайта дайындықтан
өтулеріне қадағалау жасайды.  
Бейімді, әділ, тәртіпті, қайырымды, сонымен қатар принципиалды адам
бола отырып, ұжымның жаны. Қол астындағылардың жұмыс уақытын тиімді
пайдаланып,  әрбіреуімен жеке тез тіл таба біледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы
жұмысының қорытындысы және 2008 жылдағы міндеттер туралы
(кеңейтілген алқа мәжілісі)
2007 жыл денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамытуда шешуші кезеңі болып
табылады. Өйткені, саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға,
медициналық объектілердің кең ауқымды құрылысына және оларды толық
жарақтандыруға қомақты қаражат бөлінген. Осы кезеңде бастапқы медициналық-
санитарлық көмек одан әрі дами түсті, жоғары технологиялық медицина
негіздері қаланды.
2007 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 309 млрд. теңге бөлініп,
2006 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 34%-ға жоғары. Жыл сайын тегін
медициналық көмектің кепілді көлеміне арналған шығындар көбеюде. Егер 2006
жылы елімізде бір сырқат адамға шығыстар орта есеппен 7800 теңгені құраса,
2007 жылы 12700 теңгені құрады.
Елбасының тапсырмасымен Астанада медициналық кластердің алғашқы
объектілері іске қосылды. Бұл Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
мен Республикалық балаларды оңалту орталығы. Еліміздің облыстарында 20
денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды.
Денсаулық сақтау саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
шаралары қабылдануда.Соның ішінде, ең басты құжат таңдаулы заңгерлердің,
ғалымдардың қатысуымен және халықаралық тәжірибені кеңінен қолдана отырып
әзірленген Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің
жобасы болып табылады. Осы аса маңызды құжаттың негізгі міндеті – мемлекет
пен азаматтың денсаулық үшін жауапкершілігін нақты бөлу принциптерінде
денсаулық сақтау саласындағы жүргізіліп жатқан рефораларды құқықтық
қолдауды қамтамасыз ету.
Өткен жылы Үкімет ана мен бала өлімін төмендетуге, туберкулездің алдын
алу және оған қарсы күреске, қанның қауіпсіздігіне, салауатты өмір салтын
қалыптастыруға бағытталған салалық бағдарламаларды қарап, бекітті. Халыққа
тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008–2009 жылдарға арналған
жаңа тізбесі бекітілді. Сонымен қатар, Қазақстанның Шығыс Қазақстан, Батыс
Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылған, яғни бүгінгі
таңда барлығы Қазақстанның 8 өңірінде жұмыс істеп жатқан телемедицина одан
әрі дамып, практикада кеңінен қолданылуда.
Емдеудің жоғары технологиясы мен қазіргі заманғы әдістерінің дамуындағы
нағыз серпін деп Қарағанды, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы
коронарлық шунттау операциясын, Алматы қаласындағы кохлеарлық имплантация
операциясын айтуға болады.
Перинаталдық орталықтар, облыстық перзентханаларда жүктілікке аяғына
дейін төзудің және нәрестелерді бағып-күтудің ДДҰ ұсынған озық технологиясы
енгізіліп жатыр. Жалпы алғанда дайындық жұмыстары аяқталып жатыр және
осы жылдан бастап мамандар өлі туу мен тірі туудың халықаралық өлшемдеріне
көшті.
Отандық және озық шетел клиникаларында медицина кадрларын даярлау және
қайта даярлау жұмысы белсенді түрде жүргізілуде.
Мемлекетіміз жүргізіп жатқан әлеуметтік саясаты және денсаулық сақтау
саласын қолдаудың арқасында өткен жылы елімізде туудың, жалпы өлім-
жітімнің, халықтың табиғи өсімінің негізгі медициналық-демографиялық
көрсеткіштері жақсарды. Ана мен нәресте өлімі көрсеткіштері тұрақтанды,
бірқатар әлеуметтік елеулі және жұқпалы аурулардың, туберкулездің, қатерлі
ісіктердің, жарақаттанудың орнықты түрде төмендегені байқалып отыр.
Мемлекеттің ерекше қамқорлығы медицина қызметкерлерін материалдық
қолдау болып табылады. 2007 жылы медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу
жүйесін жетілдіру аясында сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді.
Медицина қызметкерлерінің еңбекақысының көбейуі орта есеппен 50–70 %-ды
құрады.
Республикада жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалар шеңберінде
денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғастырылып
жатыр. Бұдан әрі саланы басқаратын әрбір органның жаңа құрылымы әзірленіп,
бекітілетін болады.
Денсаулық Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары
мен ұйымдарының 2007 жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту,
медициналық қызметтің сапасын арттыру, сондай-ақ республика халқын дәрі-
дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыстар атқарғанын атап өтеді.
Бала туудың тұрақты өсіп келе жатқаны байқалып, жалпы өлім-жітім
азайып, халықтың табиғи өсімі ұлғайып келеді. Ана мен нәресте өлімінің,
сондай-ақ негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың көрсеткіштері тұрақтанды.
Денсаулық сақтау объектілерін қаржыландыру, салу және оларды қазіргі
заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру, кадрларды даярлау мен қайта
даярлау бойынша шаралар қабылданды.
Астана қаласында медициналық кластер құру жұмыстары және Қазақстан
Республикасы Президентінің 100 денсаулық сақтау объектісін салу жөніндегі
тапсырмасын іске асыру жүргізіліп жатыр.Елімізде тұрақты санитариялық-
эпидемиологиялық ахуал сақталып отыр.
Сонымен бірге денсаулық сақтау саласында бірқатар жүйелі проблемалар
да бар.
Республика халқының қан айналым жүйесі ауруларымен, қант диабетімен,
АИТВЖҚТБ-мен жалпы сырқаттану көрсеткіштерінің өсуі байқалып отыр.
Туберкулезден, басқа да бірқатар аурулармен сырқаттану мен олардан қайтыс
болу деңгейі әлі де жоғары болып тұр. Мамандар біліктілігінің төмендігі,
медицина қызметкерлерінің көпшілігінің жалақысының аздығы, ауылдық
өңірлерді медицина кадрларымен қамтамасыз ету, медициналық кластер
объектілерін жоғары білікті мамандармен толықтыру өзекті мәселе болып тұр.
Ғылыми әзірлемелердің тиімділігі және оларға деген сұраныс төмен.
Өткен жылы республикалық бюджеттің қаражатына 59 денсаулық сақтау
объектісінің құрылысы жүргізіліп, олардың ішінде аяқталуы тиіс 33
объектінің 13-інің құрылысы Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және
Оңтүстік Қазақстан облыстарында аяқталмай қалды.
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген
қаражаттың 94 %-ы игеріліп, 215,7 млн. теңге игерілмей қалды.
Әйелдер мен балаларды профилактикалық тексеруге бөлінген нысаналы
трансферттер толық көлемде игерілмеді. Игерілмеген қаражат 231,5 млн.
теңге.
Халықтың медициналық және дәрілік көмектің сапасына қанағаттанбауы
жөніндегі арыз-шағымдарының саны көбейіп келеді. Бірқатар өңірлерде кепілді
көлемде көзделген медициналық қызметтің көрсетілмеу фактілері анықталуда.
Мәжіліс барысында жасалған барлық баяндамаларды қорытындылай келіп,
алқа мүшелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары
мен ұйымдарының жұмысын жалпы қанағаттанарлық деп ұйғарып, еліміздің
денсаулық сақтау қызметінің басым бағыттары медициналық көмектің барлық
түрлерінің сапасын және халық үшін қол жетімділігін арттыру, жоғары
технологиялық медицинаны дамыту болып белгіленді. Сол үшін, Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексті Парламенттің
қабылдауы бойынша шаралар қабылдасын, мемлекеттік және салалық
бағдарламаларды одан әрі іске асыруды қамтамасыз етсін, үстіміздегі жылы
бастап БМСК ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне көшуді
қамтамасыз етсін; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықтың,
әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында санитарлық салауаттылық деңгейін
арттыру бойынша СӨСҚ қызметінің жұмыс тиімділігін жақсартсын; тірі туу мен
өлі туудың халықаралық өлшемдеріне көшу жағдайында босандыру және балалар
ұйымдары практикасына ДДҰ ұсынған қазіргі заманғы перинаталдық
технологияларды енгізуді тиісті бақылауды қамтамасыз етсін деген қаулы
қабылдады.
Сондай ақ, ауылдық денсаулық сақтау саласын реформалау мәселесін шешу
бойынша ұсыныстар енгізілді. Барлық облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдерімен хоспистердің, мейірбике күтімі ауруханаларының
онкологиялық аурулармен және туберкулезбен ауыратын сырқаттарға арналған
ұйымдастыру жоспары бекітілсін деген, шешім қабылдады.
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментіне
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған стратегиялық
жоспарын әзірлеуге кіріссін деген тапсырыс берілді.
Түпкі нәтижеге бағдарланған 3 жылдық кезеңге (2009–2011 жылдар)
арналған денсаулық сақтаудың республикалық бюджетін қалыптастыру, Денсаулық
сақтаудың ұлттық есепшотын институциялау бойынша ұсыныстар дайындау
ұйғарылды.
Сонымен қатар, өткен алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ
індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006–2010 жылдарға арналған бағдарлама
туралы және Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрес бойынша одан
арғы шаралар туралы республикалық бағдарламалардың іс-шараларын іске
асыруға шаралар қабылдасын және тиісті бақылауды қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеасын әзірлеу, дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз етуді басқару жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жұмысты
жалғастырсын деген қаулы қабылданды.
САЛАМАТТЫ ЕЛ ӘРҚАШАН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ
 Мемлекет басшысы 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан” атты Жолдауында медициналық қызметтің сапасын жақсарту және
денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамытуды ішкі
саясатымыздың аса маңызды бағыттарының бірі ретінде белгіледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің қарқынды және сәтті дамуы – мемлекетіміздегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына тікелей
байланысты. Мемлекет үшін халықтың денсаулығын сақтау және оған қолайлы
жағдай жасау ең қажетті бағыт болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен
провизорларының ІІ сьезінде 2010 жылға дейінгі 4 стратегиялық бағытты
айқындап айтып берген болатын. Атап айтсақ, жасөспірімдердің денсаулығын
нығайту, халықты сапалы және қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз
ету, медициналық ғылымды дамыту, ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жақсарту.
Бұл бағыттар 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен
дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.
Еліміз үшін 2002 — 2007 жылдар экономиканың өрлеу кезеңі болды. Өткен
ғасырдың 90-жылдары денсаулық сақтау жүйесі тоқырауға ұшырағаны шындық.
Көптеген медициналық ғимараттар мен селолық ауруханалар жабылды. Білікті
дәрігерлер басқа салаға ауысты. Халықтың денсаулығы сын көтермейтін
жағдайға душар болды. Бірақ, қиыншылық қамыты елдің еңсесін түсірген жоқ.
Қайта тіктеді. Енді, міне, барлық ауыртпалықтар артта қалып, мемлекетіміз
өркениетті елдің өркенді жолына қадам басты. Дамудың даңғыл жолына түсті.
Жыл сайын денсаулық саласына бөлінетін қаржы да молайып келеді. Соның
арқасында аймақтар мен үлкен қалаларда кең көлемде құрылыстар жүргізілуде.
Медициналық мекемелер жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етілді.
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған денсаулық
сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
денсаулық ісін ұйымдастырудың оңтайлы моделі жасалды. Соның нәтижесінде
мемлекеттің мүмкіндігіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
бекітілді. Жергілікті басқару органдарының мүмкіндігіне сай денсаулық
сақтауды дамытудың өңірлік бағдарламалары қабылданды. Дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз етудің сапасын халықаралық стандарттарға лайықтау жұмыстары
атқарылып жатыр.
Медициналық мекемелердің сапалы қызметі адамдардың денсаулығына оң
әсерін тигізді деуге болады. Соңғы бес жылда дүниеге келген нәрестелер саны
көбейіп келеді. Бұл табиғи өсудің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Елімізде
адамдардың орташа өмір ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайып, дүниеге келетін
сәбилердің шетінеуі 20 пайызға азайды. Соңғы 10 жылда тұрғындардың жалпы
ауруының көрсеткіші 30 пайызға көтерілсе, кейінгі бес жылда бұл көрсеткіш
тұрақтанды.
Дегенмен, еліміз бойынша қан айналымы аурулар жүйесі айрықша
алаңдаушылық туғызуда. Қазақстан халқының өмірін қысқартатын факторлар
арасында бұл аурулардың үлес салмағы басым болып отыр. Республикамызда
кардиологиялық және кардиологиялық-хирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы
қабылданып, 2006 жылдан бастап күре тамыр қысымы, жүректе қан жетіспеуі,
өкпенің қабынуына шалдыққан диспансерлік есепте тұратын амбулаториялық
науқастарды жеңілдетілген жағдайда (50 пайыз) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
қолға алынды.
Қазіргі таңда еліміз ВИЧСПИД-тің шоғырланған эпидемиялық кезеңінде
тұр. Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған СПИД індетіне
қарсы іс-қимылдар жөніндегі бағдарлама шаралары іске асырылуда. Ғасыр
індетіне ұшыраған науқастарды емдеуге дәрі-дәрмектер сатып алынуда.
Көптеген уақыт бойы денсаулық сақтау саласы қалдық қағидасы бойынша
қаржыланып келгені баршамызға мәлім. Ал соңғы жылы денсаулық сақтау
саласына жұмсалған шығын көлемі 2,4 пайызға артты. Соңғы үш жылға
тоқталсақ, ол 2 есеге көбейді. 2010 жылы бұл көрсеткіш 4 пайызға өседі деп
жобалануда.
Облыс деңгейіндегі қаржы консалидациясы нәтижесінде 2 жыл ішінде
халықтың жан басына шаққанда жұмсалған шығыны анықталды. Алайда, облыстық
денсаулық сақтау саласы бойынша 1 адамға жұмсалатын шығын әр түрлі. Кейде 2
есеге дейін айырмашылық бар. Бұл бағытта алдағы уақытта тыңғылықты жұмыстар
жүргізіледі. Көп жылдар бойы медицина қызметкерлерінің еңбекақысы
әлеуметтік саладағы ең төменгі жалақы болды. Бүгінде олардың еңбегінің
сапасына байланысты ақы төлеу жөнінде шаралар қолданылуда. Биылғы жылдан
бастап медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейіне, мамандық түріне
және жұмыс жүктемесіне қарай сараланған жүйе енгізілді. Бұл шаралар
медицина қызметкерлерінің жоғары санаттарына сай жалақыны орташа есеппен 50-
70 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтауды реформалау мен
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ауқымында министрлік еңбекақы төлеудің
жүйесін одан әрі жетілдіре бермек.
Соңғы бес жылда БМСК ұйымдастыру барысында санитарлық автокөліктер мен
медициналық құрал-жабдықтарға 10 млрд. теңге бөлінген болатын. Мемлекеттік
денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамыту бағдарламасын іске асырған
жылдардан бастап, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
жақсы жолға қойылды десек, артық емес.
Кейінгі жылдарда медициналық білім мен ғылым айтарлықтай табыстарға
жетіп, 2006 жылдан бастап медициналық және фармацевтикалық білім алу
тұғырнамасы жасалуда. Сөйтіп, медициналық мамандарды дайындау қағидасы
түбегейлі өзгеріп отыр. Сонымен қатар, жаңа стандарттарға сай дайындау
енгізіліп, медицина мамандарының шет елдерде білім алу тәжірибесі
жалғасуда. Мемлекеттік бағдарлама ауқымында 400-ге тарта жас маман АҚШ,
Германия, Дания, Израиль, Ресей және т.б елдерге оқуға жіберілді.
Бүгінгі таңда еліміздің медициналық ғылымын дамыту мақсатында оны
ақпараттық және қаржылай ресурстармен қамтамасыз ету үшін 2007-2012
жылдарға арналған ұзақ мерзімдік мемлекеттік бағдарлама қабылданды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан” атты Жолдауында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мен
денсаулық сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамытуды ішкі
саясатымыздың аса маңызды бағыттарының бірі ретінде белгілеген. Медициналық
сапалы қызмет көрсету, озық жаңа технологиялармен жабдықтау саланың маңызды
бағыттары саналады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын басқару мен
қаржыландыру механизмін қайта қарау, аурулардың алдын-алу шараларын
қолдану, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік нарығын ұйымдастыру,
медицина мамандарын халықаралық стандартқа сай білім алуға сертификациялау,
емдеу-диагностикалық технологиясын өркендету де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Астана қаласы денсаулық сақтау инфрақұрылымы дамуының заманауи жағдайы
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Медициналық қызметтердің сапасын көтеру
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
Денсаулық сақтау жүйесінің цифрландырылуы
Пәндер