Түйеқұс өнімділігі және оларды өсіру ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2 Жобалау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1. Қазақстанда жерсіндірілген түйеқұстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 Асыл тұқымды түйеқұстарды селекциялық ұяларда бағудың қолайлы шеңберлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.3Түйеқұс жұмыртқаларының шығымдылығын тиімді арттыру әдісі ... ... ... . 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Нарық жағдайында құс шаруашылығғын мамандандыру өте маңызы зор міндет. Бұл - бірнеше бағытта өріс алып дамитын көп жоспарлы үрдіс. Мамандандырудың ішінен ең маңыздысы өндірісті шаруашылықаралық кооперация негізінде шоғырландырып мамандандыру болып табылады. Жеке капиталды бірлесе пайдаланатын бірлескен кәсіпорындар республикамыздың көп құрылысты экономика саласының тез дамуына мүмкіндік туғызады. Тек осындай мамандандыру ғана құс шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда құс шаруашылығын өркендету стратегиясы жұмыртқа және ет қорын сақтау технологиясын кеңінен пайдалануға бағытталған.
Мемлекетіміздің қазіргі саясаты бойынша, ең алғашқы мәселе азық-түлік қауіпсіздігі. Шетелден импорттауға болады. Бірақ ол біреуге тәуелді болып қалу деген сөз. Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Мемлекетіміз аяғынан тік тұру үшін барлық қажетіміз өзімізде шығарылу керек. Әсіресе, тамақ жағына келгенде бұған сөз жоқ. Сондықтан біз, ғалымдар, бар күшімізді салып, азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласына көмек етуге талаптанамыз. Ғылыми жұмыстағы ең бірінші мақсатымыз — елімізде асыл тұқымды құстар шығару. Егер асыл тұқымды құстарды өзімізде шығарсақ, оны шетелден әкелуге тыйым салар едік. Сонда барып өзімізден асыл тұқым шығарып отырған шаруалардың ісі оңға басар еді. Осының арқасында еліміздің азық-түлікке қатысты кейбір мәселелерін шешіп алуға болады. Асыл тұқымға келсек, кеңес одағы ыдырағанда біз өзімізбен-өзіміз болып, асыл тұқымды кросстарымызды сақтап қала алмадық. Сол себептен реформаның ең алғашқы кезеңінде біз тез өсіп, тез өнім беретін құс шаруашылығына, ет пен жұмыртқаға баса мән бердік. Ал асыл тұқымды құсты шетелден әкеліп отырдық. Бірақ шетел бізге асыл тұқымының ең жақсы тізбектерін беріп отырған жоқ. Тек инкубациялық жолмен алынатын аналық түрін ғана берді. Бір жылдан кейін біздің шаруашылықтар қайтадан шетелге барып құстың асыл тұқымын тағы да алуға мәжбүр болып отырады.
Республикада ауыл шаруашылығы құстарының саны жыл сайын тұрақты түрде өсуде, осыған сәйкес асыл тұқымды құсқа деген сұраныс та ұлғаюда.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін асыл тұқымды құстардың үлес салмағын 10 пайызға дейін көтеру керек. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіруді қалпына келтіріп, одан әрі өсіру үшін құстардың Қазақстанда жоқ жоғары өнімді алғашқы түрлері қажет. Осы себепті де жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар жыл сайын құс басын алмастыру үшін шет елдерден будан құстар әкелуге мәжбүр, бірақ бұл құс өсірушілерге өте қымбатқа түсуде. Жоғары өнімді құстармен қамтамасыз етуді тездету мақсатында екі тізбекті кросс шығару қажет. Олар ең қысқа мерзім ішінде шығар болса, ірі шаруашылықтардың қайтадан жаңарып, іске қосылуы тездейді.
Бүгінгі таңда әлемде 800 млрд дана жұмыртқа өндіріледі. Бір жылдық өсім көрсеткіші соңғы 3 жылда 4%-ға жуық болды. Жұмыртқаны ең көп өндіретін ел – Қытай, әлемде өндірілетін өнімнің 40%-ы осы елдің еншісінде. Құс етін өндірудің әлемдік деңгейі 53 млн тонна болса, күркетауық еті 5 млн тонна, үйрек еті 3 млн тоннаға жетті. Ең көп өндіретін елдер – АҚШ, мұнда жыл сайын 16 млн тонна, Қытайда 13 млн тонна, Ресейде 700 мың тоннаға дейін құс еті өндіріледі. Халықтың әрбір бас санына импортпен есептегенде, ең жоғарғы көлемі Гонконгте – 54 кг, АҚШта – 48 кг, Израильде – 45 кг, Ресейде – 13 кг, Украинада – 4,7 кг.

1 Төреханов, А.Ә. Түйеқұс жұмыртқаларының шығымдылығын тиімді арттыру әдісі / А.Ә. Төреханов, Д.Қ. Ахметжанов, Г.Б. Есімсеитова // Жаршы. – 2008. - №9. – 38 б.
2 Есімсеитова, Г.Б. Африкалық қара түйеқұстар жұмыртқалағыштығының ерекшеліктері / Г.Б. Есімсеитова, Д.Қ. Ахметжанов // Жаршы. – 2008. - №12. – 42 б.
3 Төреханов, А.Ә. Асыл тұқымды түйеқұстарды селекциялық ұяларда бағудың қолайлы шеңберлері / А.Ә. Төреханов, Д.Қ. Ахметжанов, Г.Б. Есімсеитова // Жаршы. – 2008. - №6. – 55 б.
4 Ахметжанов, Д.Қ. Қазақстанда жерсіндірілген түйеқұстар / Д.Қ. Ахметжанов, Қ.А. Молдажанов // Жаршы. – 2006. - №1. – 38 б.
5 Тулебаев, Б.Т. «Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологиясы « пәні бойынша курстық жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқаулары / Б.Т. Тулебаев – Орал : БҚАТУ, 2012. – 5 б.
6 Кочиш, И.И. Птицеводство // И.И. Кочиш, М.Г. Петраш, С.Б. Смирнов. Москва : КолосС, 2007. - 113 б.
7 Киселов, Л.Ю. Породы, линии и кроссы сельскохозяйственной птицы / Л.Ю. Киселов, В.Н. Фатеев. – Москва : КолосС, 2005. – 93 б.
8 Төреханов, А.А. Разведение, кормление и содержания африканских струсов в условиях Казахстана / А.А. Төреханов және басқалары. – Алматы : Нурпринт, 2006. – 26 б.
9 Әкімбеков, Б.Р. Ауыл шаруашылық құстарының түрлері мен кросстары / Б.Р. Әкімбеков, М.Қ. Байбатшанов, Р. Қадыкен. - Алматы : Нурпринт, 2009. – 119 б.
10 Рубан, Б.В. Птицы и птицеводство / Б.В. Рубан. – Харьков : Эспода, 2002. – 92 б.
11 Киселев, Л.Ю. Практикум по организации и технологии работ в птицеводстве. / Л.Ю. Киселев. – Москва : Агропромиздат, 1989. –154 б.
12 Хохрин, С.Н. Кормление свиней, птицы, кроликов и пушных зверей. / С.Н. Хохрин. - Санкт-Петербург : Профи-Информ, 2004. – 198 б.
13 Таңатаров, А.Б. Түйеқұс шаруашылығы. / А.Б. Таңатаров. – Алматы : Нур-Принт, 2009. – 46 б.
14 Табанова, Л.П. Частная зоотехния и технология производства продукции животноводства. / Л.П. Табанова. – Москва : КолосС, 2007. – 170 б.
15 Таңатаров, А.Б. Құс шаруашылығы. / А.Б. Таңатаров, Ш.Ә. Әлпейісов, С.Т. Дабжанова. Алматы : Нур-Принт, 2005. – 125 б.
16 Приусадебное птицеводство. Москва : Вече, 2004. – 356 б.
17 Гаврилов, Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана./ Э.И. Гаврилова. Алматы.: Ғылым, 1992.
18 Төреходжаев, Ж.М. Құстар систематикасы. / Ж.М. Төреходжаев, Р.Ә. Әлімбаев. Алматы.: Қайнар, 1986. – 107 б.
19 Фисинин, В.И. Промышленное птицеводство / В.И. Фисинин, Г.А. Тардатьян. – Москва : Агропромиздат, 1985. – 184 б.
20 Сметнев, С.И. Птицеводство. / С.И. Сметнев. – М.: Колос, 1978 – 131 б.
21 Боголюбский, С.И. Селекция сеьскохозяйственной птицы / С.И. Боголюбский. – М.: Колос, 1978.- 130 б.
22 Иванов, М.Ф. Сельскохозяйственное птицеводство / М.Ф. Иванов. – Москва : Колос, 1965. – 94 б.
23 Ванчев, Т. Птицеводство / Т. Ванчев. – Москва : Земиздат, 1973.-46 б.
24 Түйеқұс. / wikipedia.org
25 Түйеқұстар несімен пайдалы және олар Қазақстанда қалай тіршілік етеді. / www.sharua.kz
26 Африка түйеқұсы / www.stud.kz
27 О страусах / www.straus.yug/net/ua
28 Страус / www/zateevo.ru
29 Африканың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат / www.malimetter.kz
30 Портал «Страусовод»: страусы, страусоводство и разведение страусов / www.strausowod.ru

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
кафедрасы
Курстық жоба
пәні бойынша:
Тақырыбы: Түйеқұс өнімділігі және оларды өсіру ерекшеліктері
Орындаған:
Курс: 4
Топ:
Тексерген:
Орал, 201? ж.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2 Жобалау бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.1. Қазақстанда жерсіндірілген түйеқұстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.2 Асыл тұқымды түйеқұстарды селекциялық ұяларда бағудың қолайлы шеңберлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
2.3Түйеқұс жұмыртқаларының шығымдылығын тиімді арттыру әдісі ... ... ... .
25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
Кіріспе
Нарық жағдайында құс шаруашылығғын мамандандыру өте маңызы зор міндет. Бұл - бірнеше бағытта өріс алып дамитын көп жоспарлы үрдіс. Мамандандырудың ішінен ең маңыздысы өндірісті шаруашылықаралық кооперация негізінде шоғырландырып мамандандыру болып табылады. Жеке капиталды бірлесе пайдаланатын бірлескен кәсіпорындар республикамыздың көп құрылысты экономика саласының тез дамуына мүмкіндік туғызады. Тек осындай мамандандыру ғана құс шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда құс шаруашылығын өркендету стратегиясы жұмыртқа және ет қорын сақтау технологиясын кеңінен пайдалануға бағытталған.
Мемлекетіміздің қазіргі саясаты бойынша, ең алғашқы мәселе азық-түлік қауіпсіздігі. Шетелден импорттауға болады. Бірақ ол біреуге тәуелді болып қалу деген сөз. Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Мемлекетіміз аяғынан тік тұру үшін барлық қажетіміз өзімізде шығарылу керек. Әсіресе, тамақ жағына келгенде бұған сөз жоқ. Сондықтан біз, ғалымдар, бар күшімізді салып, азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласына көмек етуге талаптанамыз. Ғылыми жұмыстағы ең бірінші мақсатымыз -- елімізде асыл тұқымды құстар шығару. Егер асыл тұқымды құстарды өзімізде шығарсақ, оны шетелден әкелуге тыйым салар едік. Сонда барып өзімізден асыл тұқым шығарып отырған шаруалардың ісі оңға басар еді. Осының арқасында еліміздің азық-түлікке қатысты кейбір мәселелерін шешіп алуға болады. Асыл тұқымға келсек, кеңес одағы ыдырағанда біз өзімізбен-өзіміз болып, асыл тұқымды кросстарымызды сақтап қала алмадық. Сол себептен реформаның ең алғашқы кезеңінде біз тез өсіп, тез өнім беретін құс шаруашылығына, ет пен жұмыртқаға баса мән бердік. Ал асыл тұқымды құсты шетелден әкеліп отырдық. Бірақ шетел бізге асыл тұқымының ең жақсы тізбектерін беріп отырған жоқ. Тек инкубациялық жолмен алынатын аналық түрін ғана берді. Бір жылдан кейін біздің шаруашылықтар қайтадан шетелге барып құстың асыл тұқымын тағы да алуға мәжбүр болып отырады.
Республикада ауыл шаруашылығы құстарының саны жыл сайын тұрақты түрде өсуде, осыған сәйкес асыл тұқымды құсқа деген сұраныс та ұлғаюда.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін асыл тұқымды құстардың үлес салмағын 10 пайызға дейін көтеру керек. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіруді қалпына келтіріп, одан әрі өсіру үшін құстардың Қазақстанда жоқ жоғары өнімді алғашқы түрлері қажет. Осы себепті де жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар жыл сайын құс басын алмастыру үшін шет елдерден будан құстар әкелуге мәжбүр, бірақ бұл құс өсірушілерге өте қымбатқа түсуде. Жоғары өнімді құстармен қамтамасыз етуді тездету мақсатында екі тізбекті кросс шығару қажет. Олар ең қысқа мерзім ішінде шығар болса, ірі шаруашылықтардың қайтадан жаңарып, іске қосылуы тездейді.
Бүгінгі таңда әлемде 800 млрд дана жұмыртқа өндіріледі. Бір жылдық өсім көрсеткіші соңғы 3 жылда 4%-ға жуық болды. Жұмыртқаны ең көп өндіретін ел - Қытай, әлемде өндірілетін өнімнің 40%-ы осы елдің еншісінде. Құс етін өндірудің әлемдік деңгейі 53 млн тонна болса, күркетауық еті 5 млн тонна, үйрек еті 3 млн тоннаға жетті. Ең көп өндіретін елдер - АҚШ, мұнда жыл сайын 16 млн тонна, Қытайда 13 млн тонна, Ресейде 700 мың тоннаға дейін құс еті өндіріледі. Халықтың әрбір бас санына импортпен есептегенде, ең жоғарғы көлемі Гонконгте - 54 кг, АҚШта - 48 кг, Израильде - 45 кг, Ресейде - 13 кг, Украинада - 4,7 кг.
Қазақстандағы құс шаруашылығын дамыту жұмыстары бір бағытта жұмыс атқаратын ірі құс шаруашылық мекемелерінде және фермерлік, шаруашылық қожалықтарда атқарылуда. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2000 жылы елдегі барлық құс санының 55,7% жеке меншік шаруашылықтарда шоғырланды және өндірген жұмыртқалар жалпы жұмыртқа көлемінің 49,1% құрайды. Бірақ құс етін өндіру өте төменгі деңгейде.
Құс етін молайтудың негізгі жолы - өнімділік қасиеттері жоғары кросстар шығару. Ал мұндай кросстар біздің елде әлі қалыптаспаған сондықтан, біздің ендігі мақсатымыз - отандық кросстар шығару. Ол үшін, асыл тұқымды бастапқы үйірін шығару үшін ресейлік кросстарды пайдалануға болады. Тек келешекте кейбір белгілі қасиеттерін күшейту үшін кіріспе шағылыстыру әдісі бойынша басқа кросстардың генетикалық қасиеттерін енгізіп, бір бағытта керекті көрсеткіштер бойынша сұрыптау жүргізу керек.
Еліміздің құс етін өндірушілері алдарына сапалы құс етін өндіруді және тауар номенклатурасын кеңейтуді мақсат етіп қойып отыр. Ол үшін саны аз, бірақ та құнарлы өнім беретін ауыл шаруашылық құстарының популяциясын кеңейтіп, нарық жағдайында бәсекелестікке жауап қайтаратындай өнім шығару керек. Осы талаптарға түйеқұс шаруашылығы әбден икемді.
Бұл курстық жобаның мақсаты - түйеқұстардың шығу тегі, биологиялық ерекшеліктері, өнімділігі, күтіп-бағу жағдайы, құс шаруашылығында алатын орны және ауыл шаруашылығына қосатын үлесі жөнінде толық жан-жақты сипаттама беру және оқып игеру.
Курстық жобаның құрылымы: кіріспе, әдебиеттерге шолу және 4 тараулы негізгі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі бөлімінен тұрады. Жобаны жазу барысында 6 кесте, 4 сурет және 30 әдебиет қолданылды.
1 Әдебиеттерге шолу
А.Ә. Төреханов, Д.Қ. Ахметжанов және Г.Б. Есімсеитовалардың [1] айтуынша осы күні ұрықтанған түйеқұс жұмыртқаларының коммерциялық құны өте жоғары. Бұл жұмыртқалардың салмағы, түйеқұстың тірілей салмағының 100 бөлігінің біріне тең. Дегенмен жұмыртқалар салмағындағы ара алшақтығы өте үлкен. Ең кішісі 900 г, ал ең үлкені 2000 г салмақ тартуы мүмкін. Түйеқұс фермаларының көбінде ұрғашы үйір 25-30 бастан аспайды. Жұмыртқа салудың қарқындылығы 30% болғанның өзінде күнделікті жиналған жұмыртқа саны 9-10 данадан аспай - ды, ал инкубациялаудан өтетін жұмыртқалар 8-10 күн бойы сақталады, яғни бұл мерзім ішінде барлық жиналған жұмыртқа саны 80- 100 дана болады. Алайда, олардың бәрін инкубациялауға болмайды, өйткені әр түрлі салмақтағы жұмыртқалар әр түрлі жылу-ылғалдылық тәртібі бойынша инкубацияланады. Табиғи жағдайда ұяда 12-18 жұмыртка болады. Жұмыртқаларды түйеқұс ұрғашысы сағат 9-дан 16 сағатқа дейін, ал еркегі қалғанын түні бойы басады. Ұя ішіндегі микроклиматтың тұрақтылығы таңқалдырады. Сондықтан жұмыртқаларды қолдан инкубациялағанда инкубатор ішіндегі микроклиматты осы өлшемдерге неғұрлым жакындатқан жөн.
Г.Б.Есімсеитова және Д.Қ. Ахметжанов [2] мақаласында салмағы және сапасы бойынша біркелкі түйеқұс балапандарын алу және шығымдылығын арттыру үшін жұмыртқаларды салмағы бойынша әр түрлі топқа бөлген жөн. Осы әдіске байланысты инкубациялық жұмыртқалардың қолайлы салмағын айыру үшін жұмыртқалар үш топқа бөлінді: 1- топқа - салмағы 1000-1199 г, 2 топқа -- 1200-1399 г, ал 3 топқа - 1400-1599 г тартатын жұмыртқалар алынды. Инкубациялауға жататын жұмыртқалар тазаланып, дезинфекцияланғаннан соң өңделген "Универ - сал-55" инкубаторына салынды.
А.Ә. Төреханов, Д.Қ. Ахметжанов және Г.Б. Есімсеитовалардың [3] жазуынша біздің жағдайда өсіруге қолайлы және болашағы үлкен африкалық қара түйеқұс, өйткені олар фермаларда бағуға дағдыланған. Бұл құс біздің елде жаңадан ғана тарай бастағандықтан олар жөнінде мәліметтер аз. Сондықтан, бұл құстардың маңыздылығы Қазақстанның табиғи жағдайына қолайлы өсіріп-бағу, азықтандыру және асылдандыру технологиясын анықтауды талап етеді. Тәжірибелер африкалық қара түйеқұстардың екі жасына дейінгі өспірім балапандарына жүргізілді. Өспірімдер шеңбері 80x18 м болатын құсханада бағылды. Бұл құсхана бірнеше, әрқайсысынан сыртқы шеңбері 25x30 м болатын қоршауға шығуға мүмкіндігі бар бөлімшеге бөлінді. Түйеқұстың жүгіру қашықтығы 40 метрден кем болмайтыны белгілі.
Д.Қ. Ахметжанов пен Қ.А. Молдажановтың [4] пікірінше соңғы кезде фермерлер арасында түйеқұс қожалықтарын құруға қызығушылық туа бастады. Бұл жағдай олардың өсімталдығымен және алынатын өнімдердің өте жоғары бағалануымен байланысты. Сондықтан өзіміздің іскер азаматтар Дания, Бельгия, Нидерланд елдерінен түйеқұстардың африкалық қара және австралиялық Эму түрлерін әкеліп, фермалар құрды. Сонымен, Алматы облысында Айқанат құстары және "Фауна фермерлік қожалығы", ал Қостанай облысында "Қара батыр" түйеқұс өсіретін арнайы шаруашылықтар ашылды. Бұлардағы түйеқұстардың жалпы саны 700-ге жуық, оның ішінде 65 басы Эму түйеқұсы.
Бұл құстар өте бағалы өнім береді. 90 кг тартатын сақа түйеқұстан орта есеппен 35-36 кг ет, 1,2-1,5 м2 тері, 2 кг-ғa жуық қауырсын, 4,5 кг өкпе-бауыр және косметикалық заттар өндіру үшін қолданылатын 1-2 кг май алынады.
Б.Т. Тулебаевтың [5] әдістемесінде құс шаруашылығы өнімдерін өндіру ауыл шаруашылығының басты салаларының бірі болып табылады делінген. Құс шаруашылығы пәні студенттердің нақты шаруашылық жағдайында технологиялық жобалау жұмыстарын әзірлеуі, өндіріске пайдалы нақты шешімдер мен ұсыныстар жасауы, олардың білімі мен тәжірибесін ұштастырып, болашақ мамандығын жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік береді.
И.И. Кочиш, М.Г. Петраш пен С.Б. Смирновтардың [6] айтуынша түйеқұстарды өндіру мақсаты олардың денсаулығын, биологиялық және физиологиялық мінездемелерін жақсартып, тұрақты өміршеңдігі мен әр жағдайға бейімділігін арттыру. Өндіруді жоспарлаудағы мақсат - жоғары өнімді құс алу. Ұрғашы мен еркектерінің үдемелі өндіру қасиеттері биік деңгейде болып, денсаулығы жақсы және ұрпағы жоғары өнімді болуы керек. Бұл мақсатқа жету үшін қолданылатын стратегиясы ет, жұмыртқа немесе терілердің өсіп келе жатқан нарықтағы сұранысқа, өне бойы өзгеріп тұратын өзгерісіне бейімделгіш болу керек.
Л.Ю. Киселов пен В.Н. Фатеевтың [7] жазуынша тұрған кезде бұл құс жан-жағын бақылайды, олардың көздері артын да көреді. Бір күндік уақытының 18-20%-ы тұрғанға кетеді. Олар қауырсыны тазалап, құмда шомылып, есінеп, аяқтарын созып рахаттанады.
Түйеқұстардың тұмсығымен әр нәрсені шұқуы мінез-құлқының бір бөлігі деп есептеледі. Олар ағаш ашаны, жерді, ұсақ тастарды әрдайым шұқиды. Олардың назары әсіресе жылтыраған затқа ауады. Түйеқұс шұқуға бір күн уақытының 3%-ын кетіреді. Бұл құс қызығушылығы мол болғандықтан әр нәрсені шұқып алуды ұнатады. Бұл әдеті қоршаған ортаны тануға себеп болады.
Түйеқұстар ағзасының физиологиялық маңызы зор бір жұмысы зәрі мен саңғырығын тұрып шығаруы. Бұл кезде ұрғашылардың тік имегі және еркектерінің жыныс аспаптары жақсы көрінеді. Алдымен зәр шығарылып одан соң саңғырық түседі.
А.А. Төреханов және басқалары [8] мәліметтерінде түйеқұстар тек өсімдіктермен азықтанатын құстарға жатпайды. Табиғи жағдайда олар кішкене кесірткелермен, құмырсқалармен және басқа құстардың жұмыртқаларымен қоректеніп, дәні және жидектері бар өсімдіктерді де пайдаланады. Олар ірі қара мал мен қойлар жайылмайтын жерден де азық тауып алады. Дегенмен де, мал шаруашылығының қай саласында болмасын түйеқұс өндірісінің негізгі шығыны ол - жем алу үшін жұмсалатын шығын.
Түйеқұстар суды көп және құшырланып ішеді. Ішілген судың мөлшері сыртқы ортамен және жеген азықтың түріне байланысты болып, тәулігіне 12 л болады. Өспірім балапандар мен ересек құстардың азықтандыруы ҚҚШҒЗИ дайындаған мәзір кестелері бойынша атқарылады. Оның құрамына келесі дәнді дақылдар кіреді: бидай, арпа, тары, құрама жем және туралған көкөністер, витаминді премикстер және басқа да жемдік заттар кіреді.
Түйеқұстардың өсуі және тірі салмағына күнделікті қосылатын дене бітімі негізінде дұрыс азықтандырумен байланысты.
Түйеқұстардың жем жеу көлемі біріншіден, олардың салмағы мен жемнің қуаттылығымен байланысты. Бұл құс өзінің қуаттылық тойымшылдығын қанағат еткенге дейін жем жейді. Тәулік ішінде өсіп келе жатқан түйеқұс салмағының 3-4%-на тең жемді қорек етеді. Өсудің соңғы кезінде жем жеудің көлемі қысқарады. Ересек түйеқұстар өзінің салмағынан 2-2,5 %-ына тең құнарлы жемді азық етеді. Балапандардың желінген жемі мен денесінің қатынасы өсу 1,4:1-1,6:1, 4-8 айлық құстарға 3:1-5:1 және өсудің аяқ жағында бұл қатынас 8:1 тең болады.
Б.Р. Әкімбеков, М.Қ. Байбатшанов пен Р. Қадыкен [9] деректерінде түйеқұс шаруашылығы - ауыл шаруашылық саласы ретінде Виктериандық дәуірден басталған. Сол кезде түйеқұс қауырсындары бас киім және көйлектерге әшекей ретінде қолданылған.
Африкалық түйеқұс. Түйеқұстардың ішіндегі ең ірісі. Тауарлық қасиеті жөнінен үш түрі бар: қара, қызғылт және көк мойынды. Осылардың ішінен қолға тез үйретілген - қара мойынды, яғни қара африкалық түйеқұс - бұл құс өте тез икемге келіп жерсіне алады. Сондықтан қазіргі фермаларағы түйеқұстар осы құстар болып табылады. Олардың тік тұрғанда бойы 2,4 м, салмағы 100 кг. Көру қабілеті, өте жоғары, келе жатқан қорқыныш жағдайлары тез сезініп басын тік көтереді. Ішегінің ұзындығы дене ұзындығынан екі есе артық, 14-15 метр болады. Шөп құрамындағы целлюлоза соқыр тік ішекті микрофлора арқылы қорытады. Денесін түгел қауырсын жауып тұрғанмен кеудеге ашық жер болады, кеуде мозоллі, сол жерімен жерге сүйеніп жатады. Қолда өсіріліп жатқан түйеқұстарда 1 еркек түйеқұстқа 2-3 ұрғашы түйеқұс келеді.
Нанду - оңтүстік Америкада өсіріледі. Биіктігі 1,6 м, салмағы 40 кг, ұрғашысы 20-25 кг. Эсктерьерлік жағынан африкалық түйеқұстан сәл бөлектеу болады. Артқы аяқтары өте жақсы жетілген, алдына қарағанда үш саусағы болады. Бұл құстар гарем құрады, яғни полигаммалы 1 еркек түйеқұсқа 3-5 ұрғашы. Нандудың ең ерекшелігі - жұмыртқасының үлкендігі. Етті қарны жетілмеген, бірақ күшті кутикуласы бар. Ішек ұзындығы жене ұзындығынан 8 есе көп. Қауырсыны барлық денесін жауып тұрады. Қауырсын түрі жағынан екеуіне бірдей болады.
Эмму - австралияда өсіріледі. Биіктігі 1,8 м, салмағы 60 кг, ерекегі мен ұрғашысында бірдей. Енелері нанду түйеқұстарына өте ұқсас, алға қарай еңкейген үш саусағы бар. Ол шөптердің дәндерімен, үлкен құрт шаяндармен, ұсақ омырқалылармен қоректенеді. Оларда клетчатканы соқыр ішек емес тік ішегі қорытады. Қорыту процесі 10-12 пайызды құрайды. Бүкіл денесін қауырсын бірқалыпты жауып тұрады. Қауырсын түсі барлығында да қоңыр-күңірт түсті болады. Қашу мезгілінде олар топтасып жүреді. Кейін екі-екіге бөлініп, шағылысады, туған жұмыртқаны еркек эму басып шығарады.
Б.В. Рубанның [10] пайымдауынша, түйеқұс жұмыртқалары қай жағынан болса да тауықтардың жұмыртқасынан кем түспейді және пісіруі де бірдей. Жұмыртқалардың әк қабығы өзінің үлкен көлемімен таң қалдырады. Форформен ұқсас болғандықтан, әк қабығына сурет салып, гравировка жасап, қолөнер ретінде қолдануға болады.
Соңғы кезде түйеқұс өсіргендегі пайда көзі - қауырсыннан ет пен теріге ауысты. Түйеқұс бизнесі жаңа дамып келе жатқан елдерде пайда табудың көзі, осы асыл тұқымды құсты сату.
Л.Ю. Киселевтің [11] жазбаларында түйеқұстардың жоғары сапалы терісінен сөмке, ботинка тігеді, экзотикалық қауырсындар әйел киіміне әшекей ретінде және театралдық киіміне тағады.
Түйеқұс еті - өте жоғары сапалы ірі қара мал етімен бәсекелес жағдайда ұтымды және оның құрамында холестерин жоқтың қасында болғандықтан денсаулығын күтетін, құмарлы адамдардың қызығушылығын тудырады.
С.Н. Хохриннің [12] пікірінше инкубатор балапандарды шығару процесінде температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Ол ауа алмасуын және салынған жұмыртқалардың бірқалыпты аударылуын қамтамасыз етеді. Бұл факторлардың барлығы балапандардың сапа көрсеткіштеріне әсер етеді. Инкубациялық кезең 50-55 күнге созылады. Бұл кезеңдегі күтімге мыналар жатады: эмбрионның дамуын бақылау, өлі жұмыртқаларды алып тастау, санитарлық жағдайды қамтамсыз ету. Балапандарды өсіру дегеніміз - оларды жабынмен қамтамасыз ету мен серуендету және оларға жем беру. Балапандарға жылы, желдетілетін, гигиеналық нормаларға сай қора қажет. Оларды серуендеуге шығарып тұру денсаулықтарын нығайту және аяқтарының қисаймауы үшін қажет.
А.Б. Таңатаровтың [13] кітабында дүние жүзінің түйеқұстар популяциясының саны 1,7-1,8 млн-ға жетеді, ал негізгі үйір 350 мыңнан жоғары. Оның 50 %-ы Африкада шоғырланған. Бүгінгі күні бұл континенттегі түйеқұстардың 90 %-ы фермалар мен зоопарктерде, ал қалған бірнеше пайызы еркіндікте өмір сүреді. Ұрғашылары топталып, ал еркектері жалқы жүретін бұл құстардың бір-бірімен жыныстық қатынас түрі ол - полигамия. Бір еркегі бір басты және екі қосалқы ұрғашылардан құралған топты біріктіреді. Басқа да жыныстық қатынас түрлері немесе моногамия болуы мүмкін. Бұл құстар басқа малдардан қашықта алысырақ жүреді. Олар дыбыстарға сезімтал келіп, шудан немесе зор дыбыстардан қатты шошынады. Табиғи жағдайда күннің көп бөлігінде түйеқұс 40 шақырымға дейін жүріп азық іздейді. Олар ашық тегіс жайылымды жақтырып, майда ағаш өсімдіктері бар жерлерді айналып өтеді. Бұл құс өсімдік дәндерімен, жеміс-жидектермен, жапырақтармен, тамырлармен және өсімдіктердің жас бұтақтарымен қоректенеді. Ұсақ насекомдарды және олардың құрттарын, ұлуларды, кесірткелерді, ұсақ сүтқоректілерді және басқа құстың жұмыртқасын сүйсініп жейді. Африканың өсімдікке кедей саванасы түйеқұстарға негізгі азық көзі деуге болады.
Л.П. Табанова [14] бойынша түйеқұстардың өнімділік мерзімі наурыз айынан бастап қыркүйек айына созылады. Шағылысу мерзімі басталысымен жынысы бойынша құстар бөлінеді. Еркектері қызықтыру билерін бастайды. Ұрғашылары тоқтап, шыр айналады. Шағылысуға дайындығын білдіріп, тұмсығын шақылдатып, басы мен мойнын төмен түсіріп, жайылған қанаттарын қаға бастайды. Негізінде бір еркек бірнеше ұрғашыға ие болады, оның ішінде біреуі бастаушы, ал қалғандары төмен дәрежедегі мекиендер болады. Еркек түйеқұстар арасында шағылысуға дайын мекиендерге ие болуы үшін төбелес-талас жиі кездеседі. Сондықтан оларды бір еркек түйеқұсқа екі мекиен келетіндей қылып, үштен баққан жөн. Кейбір жерде бір еркегіне үш ұрғашыны тағайындайды.
А.Б. Таңатаров, Ш.Ә. Әлпейісов пен С.Т. Дабжанова [15] деректерінде түйеқұстар өте жақсы естиді, есту түтігі кең болғандықтан өте ақырын шыққан дыбысты ести алады. Сондықтан оның қорғану қабілеті зор. Ал дәм тану және иіс айыру қабілеті аз дамыған.
Көп елдерде өндірістік мөлшерлермен шектелген фермерлер жаңа шешімдер іздеп көбінесе үйреншікті ауыл шаруашылығын жүргізудегі бағытты өзгертіп, бұл құсты экзотикалық мал ретінде өсіреді. Дегенмен, олардың пайдаланудағы жан-жақтылық дүние жүзінде оларды өндіруге деген қызығушылықты тудырып отыр. Бұл құс көп бағалы өнімдер береді, атап айтсақ ет, тері, қауырсын т.б. өнімдер. 90 кг тартатын бір құстың өзінен 35 кг ет, 5 кг май, 16 кг сүйек, 4,6 кг жеуге жарайтын өкпе-бауыр және 2 кг жуық қауырсын алынады. Шеңбері 1,2-1,5 м2 болатын терінің салмағы 7 кг болып, құс салмағының 7 %-ын құрайды. Мойыны косметика заттарын өндіруде пайдаланылады [16].
Э.И. Гаврилованың [17] айтуынша түйеқұстардың негізгі өсіру бағыты олардың етін өндіру. Бұл өндіріске аса үлкен қызығушылық Жапонияда, АҚШта, ал Еуропа елдерінде Швейцария, Бельгия, Францияда және Ұлыбританияда байқалады және қымбат супермаркеттер мен мейрамханалардың сұранысына ие.
Ж.М. Төреходжаев және Р.Ә. Әлімбаев зерттеулеріне сүйенсек [18], бірнеше күндік балапандар ата-аналарының қасында жүріп азық іздеуге үйренеді. Олар тез арада еркіндікке жетіп, өзінің тиісті көлеміне екі жасында жетеді. Табиғи жағдайда олар өсімдіктердің дәнімен, жидектермен, жапырақтармен, тамырлармен және жас өркендерімен қоректене береді. Олар ұсақ насекомдарды, құрттарды, ұлуларды, кесірткелерді, ұсақ сүтқоректілерді және басқа да құстың жұмыртқаларын сүйсініп жейді.
В.И. Фисинин мен Г.А. Тардатьянның [19] деректерінде бүгінде түйеқұстардың 80 %-ы фермаларда немесе зоопарктерде бағылады. Олар асыранды болмағанда осы кезге дейін жойылып кететін еді. Негізгі түйеқұс өсіретін аймақтар оңтүстік Африкада, Америкада және Австралияда шоғырланған. Түйеқұс фермалары Еуропа құрлығында да көбейіп келеді.
С.И. Сметневтің [20] пайымдауынша басқа жануарлар сияқты түйеқұстарда өзінің жөнді өсуі үшін керекті мөлшерде ақ затқа, майларға, көмірсуға және витаминдерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Құрамында қант, крахмал, шикі өсімдік өзегі бар заттардан көмірсу бөліну арқылы түйеқұс керекті қуат алады.
Түйеқұстар жақсы өсіп дамуы үшін керекті мөлшерде қуатты, ақ затты, сонымен бірге макро және микроэлементтерді, амин қышқылдарын және витаминдерді толық алуға тиіс.
С.И. Боголюбскийдің [21] пікірінше түйеқұстар балапандарын бағатын қораны салғанда оның ішін тез, орташа және баяу өсетіндерге арналған бөлек қоршаулар тұрғызуға болатындығын ескерген жөн. Жас және ересек құс жұтып қойса қақалып немесе ас қорыту жүйесін тесетіндей сым темір, шегелер, ағаш қиындылары, резеңке кесектері және басқа заттар еденде жатпауы керек.
М.Ф. Ивановтың [22] зерттеу мәліметтерінде түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Оның етін, жұмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады.
Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2-3 кг-дай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі.
Т. Ванчевтың [23] айтуынша түйеқұстар тұз шығаратын тұмсығының безі арқасында ұзақ уақыт сусыз өмір сүре береді. Бұл бездер қою тұзды ерітіндіні бөліп шығарып, құс ағзасындағы тұздарды еріту үшін жұмсалатын суды үнемдейді.
Түйеқұстар қауырсынын жұлып немесе сипап, қанаттарын жайып немесе жинап көптеген әдістермен жылу алмасуды қадағалайды. Оларда өзінің қауырсынын майлауға арналған құйыршық безі болмайды. Жұмыртқа ішіне байланған балапандарда бұл без болғанымен, кейін жойылып кетеді.
www.wikipedia.org [24] сайтының мәліметтерінше эму түйеқұстар тұқымдасына (ұшпайтын құстар), түйеқұс, киви және басқа да бірқатар құстар қатарына жатады. Бұл құстардың барлығының алдыңғы қанаттары жоқ. Эму Австралиядан шыққан. Ересек түрлерінің салмағы 75 кг және бойы 170-190 см.-ге жетеді. Ірі қара мал өсіргенге қарағанда эмуды өсірудің бірқатар артықшылықтары бар - олар қоршаған ортаға тез бейімделеді, тақыр жерлерде және басқа да аз пайдаланылатын жерлерде өмір сүре береді, ерекше күтімді қажет етпейді, сондықтан әбден жанама өндіріс көзі бола алады. Үшіншіден, эмуды өсіру арқылы өнімнің бірнеше түрлерін алуға болады.
Бұл түйеқұстар үшін аналықтарының жұмыртқалар салып, төлдеулері арқылы топтық көбею тән. Бұл жағдайда жұмыртқаларын, жас төлдерін, өсіңкіреген және үлкен түрлерін сою үшін сатуға болады. Құс өсіруді жаңадан қолға ала бастағандар үшін инкубаторлық әдіс ұсынылады. Эмуды өсірушілер үшін олардың жұмыртқа басуын үнемі бақылап жұмыртқаларын жинау, оларды кірден тазартып инкубаторға орналастыру қажет. Эму бір маусымда 20-50 жұмыртқа салады. Нақты алғанда бұл құс әр үш күн сайын 1 жұмыртқа табады. Стандартты көрсеткіш бойынша балапандардың 85 пайызы жарып шығады. Сау түйеқұстар 25-35 жыл бойы өнім береді, яғни көбейту үшін сатып алынған түйеқұс жұптарын көпжылдық инвестиция ретінде қарастыруға болады. Ұрғашылары температура ауысуына өте төзімді - барлық климатта жақсы көбейеді.
www.sharua.kz-тің хабарлауынша [25] түйеқұс фермаларындағы табыстың қосымша көзі экскурсиялар ұйымдастыру болуы да мүмкін. Түйеқұстарды көргісі келетіндер әрқашан табылады. Сонымен қатар ферма жанындағы мейрамханадан тамақтануды және кәдесый сатып алуды ұсынуға болады. Әрине, мейрамханада түйеқұс етінен және жұмыртқасынан жасалған тағамдар міндетті түрде болуы керек. Түйеқұс та жерсінді. Африкада мекен ететін түйеқұсты біздің табиғатқа жерсіндіруге болады деп кім ойлаған! Бірақ шымкенттіктер жерсіндірді. Енді оны үлкен кәсіп көзіне айналдырып, пайда да тауып отыр.
www.referaty-v.kz-тің жазуынша [26] африкалық түйеқұстардың сұрыптамасы келесідей: мәліметтер толық болу үшін барлық кеуде сүйегі қырсыздарға жататын топтар келтірілген. Олар құстар класы, кеуде сүйегі қырсыздар клас бөлшегі, StTUthioniformes тобы түйеқұстар жанұясы, Африкалық түйеқұстар түрі; Сирия түйеқұсы, Солтүстік африкалық, Масай түйеқұсы, Сомали түйеқұсы, Оңтүстік африкалық түйеқұсы түр бөлшенгіне, ал Rheiformes тобы нанду жанұясына, казуарлық тобы казуарлар және эму жанұясына, Apterygiformes тобы Apterygidae жанұясына, Tinamiformes тобы Tinamidae жанұясына жатады.
www.straus.yugnetua [27] ересек еркек страустың салмағы 120-160 кг, бойы 180-230 см, ал ұрғашысының салмағы 100-120 кг, сондықтан ол жер бетіндегі ең алып құс болып саналады. Ересек түйеқұстардың еркектерінің қанаты қара, ал ұрғашыларында сұр-қоңыр болып келеді. Түйеқұс фермаларында олардың еркектері мен ұрғашыларының сандық қатынасын 1:2 немесе 1:3 деңгейінде ұстайды. Еркектері 24-30 айлығында, ал ұрғашылары 24 айлығында жыныстық жетіледі. Бір маусымда 40-тан 80-ге дейін жұмыртқа бере алады. Ал өнім беру мерзімі ауа райына байланысты наурыз-қазан айларының аралағында болады. Олар 70-75 жыл өмір сүреді, соның 30-35 жылында өнім беруге қабілетті. Қалыпты ауа райы жағдайында түйеқұстар екі күнде бір жұмыртқа береді, жұмыртқасысның салмағы 1100-1800 г аралығында. Күн күрт суытқан жағдайда олар жұмыртқа бермейді. Ал олардың жұмыртқасын инкубациялау мерзімі 42-43 күнге созылады. Инкубация нәтижесінде алынған тәуліктік балапандар салмағы 900-1200 г ал бойы 20-25 см-ді құрайды.
www.zateevo.ru [28] түйеқұстар жердегі ең алып құстар. Олардың бойы адам бойынан биік, орташа есеппен 2,5 м, ал салмағы 120 кг шамасында болады. Еркектерін - қораз, ұрғашыларын - тауық деп атайды. Түйеұқұстардың көптеген түрлері Орталық Африкада өмір сүреді. Бұл құстың бірнеше түрі белгілі. Дегенмен, олардың бәріне ортақ белгі - олар ұша алмайды. Түйеқұстар өте тез жүгіреді, сағатына 70 км жүгіре алады. Аяқтарында бар болғаны екі ғана саусағы бар: біріншісі тым үлкен, екіншісі - қысқа. Олардың аяқтары мықты болып келеді, бұл олардың жауынан қорғануына мүмкіндік береді. Жұмыртқалары - құс жұмыртқасы ішіндегі ең ірісі. 25 тауық жұмыртқасының салмағы 1 түйеқұс жұмыртқасының салмағына тең. Бұл жұмыртқаларды суға пісіру үшін 2 сағат уақыт қажет. Жұмыртқаны жару да қиын, себебі қабығы өте қалың. Оны жару үшін балғаны немесе араны қолдану керек. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандары өте әлсіз, бірақ айлалы, олар жауынан қорғану үшін қимылсыз, өлі құстар сияқты жата қалады.
www.malimetter.kz [29] қазіргі таңда түйеқұстар Қостанай облысында өсіріледі, бұл өз кезегінде құнды тері шикізаты мен 150 кг холестеринсіз диеталық ет көзі.
www.strausowod.ru [30] табиғатта түйеқұстардың үш түрі: африкалық, аввстралиялық (эму) және оңтүстік америкалық (нанду) бар. Оңтүстік африкалық қара түйеқұстарды әлемнің 50 елі өсіреді, соның ішінде Біріккен Араб Әмірлігінде, Канада мен Швецияда. Олар Қазақстанның климат жағдайына да бейім келеді, себебі 30-35 0С ыстық температураға да, 20-25 0С суыққа да төзімді келеді.
2 Жобалау бөлімі
2.1 Қазақстанда жерсіндірілген түйеқұстар
Соңғы кезде фермерлер арасында түйеқұс қожалықтарын құруға қызығушылық туа бастады. Бұл жағдай олардың өсімталдығымен және алынатын өнімдердің өте жоғары бағалануымен байланысты. Сондықтан өзіміздің іскер азаматтар Дания, Бельгия, Нидерланд елдерінен түйеқұстардың африкалық қара және австралиялық Эму түрлерін әкеліп, фермалар құруда. Сонымен, Алматы облысында Айқанат құстары және "Фауна фермерлік қожалығы", ал Қостанай облысында "Қара батыр" түйеқұс өсіретін арнайы шаруашылықтар ашылды. Бұлардағы түйеқұстардың жалпы саны 700-ге жуық, оның ішінде 65 басы Эму түйеқұсы.
Бұл құстар өте бағалы өнім береді. 90 кг тартатын сақа түйеқұстан орта есеппен 35-36 кг ет, 1,2-1,5 м2 тері, 2 кг-ғa жуық қауырсын, 4,5 кг өкпе-бауыр және косметикалык заттар өндіру үшін қолданылатын 1-2 кг май алынады.
Эму құстары. Эму түйеқұстар тұқымдасына (ұшпайтын құстар), түйеқұс, киви және басқа да бірқатар құстар қатарына жатады.
1-сурет. Эму түйеқұстары
Бұл құстардың барлығының алдыңғы қанаттары жоқ. Эму Австралиядан шыққан. Ересек түрлерінің салмағы 75 кг және бойы 170-190 см.-ге жетеді. Ірі қара мал өсіргенге қарағанда эмуды өсірудің бірқатар артықшылықтары бар - олар қоршаған ортаға тез бейімделеді, тақыр жерлерде және басқа да аз пайдаланылатын жерлерде өмір сүре береді, ерекше күтімді қажет етпейді, сондықтан әбден жанама өндіріс көзі бола алады. Үшіншіден, эмуды өсіру арқылы өнімнің бірнеше түрлерін алуға болады.
Өздерін қоршауда да, қора-жайларда да емін еркін сезінуі үшін түйеқұстар өсірудегі міндетті элементтердің бірі топырақ болып табылады. Оларға кең жер керек. Түйеқұстарға арналып салынатын құрылыс алаңы құрғақ жерде болуы тиіс. Өйткені түйеқұстар құрғақ аудандарда тіршілік етуге үйренген, олар желдің өтіне өте шыдамды, суықты да жақсы көтереді, қар үстінде еш қиындықсыз жүре береді. Қораларда бағу үшін температураны +15 градуста ұстаса да жеткілікті.
Түйеқұстар негізінен шөпқоректілер және жайылымдардағы, бұталардағы шөп-шалаңмен, ағаш өскіндерімен қоректенеді. Азық ретінде жәндіктер мен ұсақ омыртқалыларды жиі пайдаланады. Түйеқұстарды асырау барысында жемі үшін қандай да бір экзотикалық тағам қажет етілмейді. Жемнің берілуіне қарай түйеқұстардың басқа үй құстарына қарағанда салмағы үлкен болады.

Инкубатор балапандарды шығару процесінде температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Ол ауа алмасуын және салынған жұмыртқалардың бірқалыпты аударылуын қамтамасыз етеді. Бұл факторлардың барлығы балапандардың сапа көрсеткіштеріне әсер етеді. Инкубациялық кезең 50-55 күнге созылады. Бұл кезеңдегі күтімге мыналар жатады: эмбрионның дамуын бақылау, өлі жұмыртқаларды алып тастау, санитарлық жағдайды қамтамсыз ету. Балапандарды өсіру дегеніміз - оларды жабынмен қамтамасыз ету мен серуендету және оларға жем беру. Балапандарға жылы, желдетілетін, гигиеналық нормаларға сай қора қажет. Оларды серуендеуге шығарып тұру денсаулықтарын нығайту және аяқтарының қисаймауы үшін қажет.
Эму түйеқұстарын өсіру арқылы мынадай өнімдер алуға болады: дәмі мен құрылымы бойынша сиыр етіне ұқсас майлы емес, түрі қызыл ет, жұмсақ, қауырсын құрылымына ұқсас мықты тері, құрамында олеин қышқылы бар, тері арқылы биоактивті элементтердің өтуін арттыратын өзіндік қасиетке ие май. Қауырсынын сән салондары бас киімдерді декоративті сәндеу үшін, балық аулауда қалтқы жасау үшін, ал өнеркәсіпте тазартқыш құралдарын әзірлеу үшін пайдаланады. Жұмыртқасының қабықшалары мен тырнақтарын зергерлік өнерде пайдаланады.
Масай түйеқұсы. Шығыс Кения және Танзанияда аздап өмір сүреді. Солтүстік африкалық түйеқұстан неғұрлым кіші. Басы өте сирек ақ қауырсындармен , ал мойны қою қаралау-қызғылт мамықпен жабылған. Бір жыл жасында еркектерінің мойны ашық қызыл түсті болады. Ересек еркектерінің қауырсыны қара-қоңыр, сонысымен солтүстік африкалық түйеқұстардан ерекшеленеді.
Сирияның түйеқұсы. Бұрынғы Сирия елінің құмды шөлінде Сауд Аравияның солтүстік жағында, Иордания, Иракта және Батыс Иранда өмір сүрген. 1941жылы жойылды. Түйеқұстар түрлерінің ішінде Сирия түйеқұсы ең кішкентайы болғанымен, қауырсындары өте жоғары сапалы болды. Сондықтан өткен ғасырда Оңтүстік Африка елінде бірнеше ондаған жыл қатар Оңтүстік африкалық түйеқұстармен қауырсындарын жақсарту үшін шағылыстыруға қолданды.
Сомали түйеқұсы. Шығыс Африкада, негізінде Сомали мен Эфиопияда өмір сүреді. Түйеқұстар ішіндегі ең ірі және ұзын мойынды. Басының шүйкесінде сирек қауырсындары бар. Мойнының және денесінің терісі көгілдір-қара, ал аяқтарының тірсегі қаралау, қызыл. Еркектерінің қауырсыны солтүстік африка түйеқұстарына ұқсас, қара, қанаты мен құйрығында ұштары ақ.
Солтүстік африкалық түйеқұс. Оңтүстікте Атлас тауларынан Сенегал, Нигерия, Судан және Эфиопияға дейін өмір сүреді. Шүйдесіндегі қауырсыны сиректігімен сипатталады. Мойынның түсі ашық қызыл, қысқа мамықпен жабылған. Еркектерінің қауырсыны қап-қара, ал қанаттарының және құйрығының ұштары ақ. Ұрғашыларының мойны қаралау-көгілдір, ал денесінің ұштары ақшылдау, қоңыр түсті қауырсындары бар. Олар барлық түрлерімен салыстырғанда ең үлкен, әк қабығындағы саңлаулары көп жұмыртқа туады.
Оңтүстікафрикалық түйеқұс. Замбези өзенінің оңтүстігінде Намбия, Ботсвана, Зимбабе елдерін мекен етеді. Барлық түрлерінің ішінде ең ұсағы. Еркектерінің биіктігі 2,5 метрге дейін жетеді. Бас шүйдесінің қауырсындары, Сомали түріне қарағанда сирек болады. Мойнының терісі қалың мамықпен жабылған, ал бір жыл жасындағы еркектерге мойны және аяғы үлкен башайына шейін қызыл болады. Ұрғашылары саңлаулығы жоғары жұмыртқа туады. Бұл түйеқұстардың еркін өнетін үйірлерінің тек Намибияда кездестіруге болады.
Бұл жерде келтірілген түйеқұстардың барлық түр бөлшектерін қамтитын күрделі сұрыптама камерциялық тұрғыда қолдану табады, ал тұрмыс жағдайында көгілдір мойынды, қызыл мойынды және қара Африкалық деген атауларға ие болды. Солтүстік африкалық және Масай түйеқұстары қызыл мойындыларға, Сомали және Оңтүстік африканың түйеқұстары көгілдір мойындыларға жатады. Үшінші топта, көп жылдар бойы Солтүстік және Оңтүстік африкалық түйеқұстарды шағылыстыру арқылы шығарылған Африкалық қара түйеқұстар құрайды. Дүние жүзінде бұларды популяциясы ең үлкен фермаларда өсіріледі, әсіресе Оңтүстік Африка Республиасында. Дегенмен, Африкалық қара түйеқұстар қызыл және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz