ҚР сайлау жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Қазақстан Республикасындағы сайлау.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ... ... ... ... ... ..5

ІІІ. ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және
өткізу реті
3.1 Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.2 Сайлау органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.3 Сайлау округтері мен учаскелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.4 Сайлаушылар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.5 Дауыс беру тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.6 Дауыс беру қорытындыларын анықтау ... ... ... ... ... ... ... . 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140 елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды, қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек деп ұсыныс жасалынды.
Сайлау билікті өкілеттіліктерді үлестірудің ерекше бір механизмі ретінде саясат саласында кең етек жая бастады. билікті үлестіру кезінде сайлаудан басқа тағайындау тәсілі, билікті мұра етіп қалдыру тәсілдері де қолданылады.
Билікті мұра ретінде қалдыру саяси қызмет тәжірибесінің, әдет-ғұрпының, білімінің тұйықталуына әкеліп соқтыратыны анық.
Құқықтық әдебиеттерде "сайлау" тар мағынамен қатар, кең мағынада да қолданылады. Бірінші жағдай бойынша сайлау белгіліі бір территориядағы азаматтардың ұсынылған кандидатураларға дауыс беруі жатқызылады. Ал екінші мағына бойынша сөз қозғайтын болсақ, әр мандатқа екі немесе одан да көп кандидатуралар ұмтылуы мүмкін мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру тәсілін атауға болады.
Қазіргі заманда сайлау өте кең етек алған және ол сан қырлы болып табылады. Сайлау арқылы жария биліктің әрқилы органдары – парламент, мемлекет басшылары, кейде үкімет те, жергілікті сот органдары құрылады.
Сайлау арқылы халық өз өкілдерін анықтайды және өздерінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асыруға мандат береді, яғни бұл дегеніміз билікке заңды сипат беру болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30тамыз.
2. ҚР Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» - Астана, 1999 жыл.
3. С.К.Амандықова., Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы / Оқулық. Астана Фолиант 2001ж.
4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Академиялык курс. Өнделіп, толықтырылған, 2-басылымы. — Алматы: Жеті жарғы, 2004. — 480 бет.
5. А.Т.Ащеулов., Конституционное право Республики Казахстан. Алматы 2001г.
6. Ж.Баишев., Конституционное право Республики Казахстан. Алматы 2001г.
7. Г.С.Сапаргалиев., Конституционное право Республики Казахстан. Алматы 2002г.
8. Г.С.Сапарғалиев., Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы / Оқулық. Алматы 1998ж. «Саясат» журналы - №6, 2002 жыл
9. Избирательные системы стран мира. М., 1961. с.46
10. «Саясат» журналы - №12, 2002 жыл
11. «Казахстанская правда» - 12 август, 2003 год

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. Қазақстан Республикасындағы сайлау.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ... ... ... ... ... ..5

ІІІ. ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және
өткізу реті
3.1 Сайлау жүйесінің негізгі
түсініктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.2 Сайлау
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..14
3.3 Сайлау округтері мен
учаскелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17
3.4 Сайлаушылар
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.5 Дауыс беру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19
3.6 Дауыс беру қорытындыларын анықтау ... ... ... ... ... ... ... . 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 25

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе

Қазақстан халқына Елбасы жіберген Жолдауында сайлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан қоғамының приоритеттік демократиялау жолы деп аталған. Бұл жай
ғана емес: сайлау арқылы халық мемлекетті басқаруға қатыстыруға мүмкіндік
беретін маңызды құрал. Өткен ғасырдың соңы адамзат тарихында алғашқы рет
бүкіл әлемде демократиялық жүйе басым келе бастады: жалпы сайлау 140
елдерде өтті. Бірақ, БҰҰ эксперттердің пікірі бойынша, 55 пайыз бүкіл
әлемдік халық тұратын тек 80 мемлекет расында осы беделге сәйкес болды,
қалғандарына өз мемлекеттік құрылысын жетілдіру жұмысын жалғастыру керек
деп ұсыныс жасалынды.
Сайлау билікті өкілеттіліктерді үлестірудің ерекше бір механизмі
ретінде саясат саласында кең етек жая бастады. билікті үлестіру кезінде
сайлаудан басқа тағайындау тәсілі, билікті мұра етіп қалдыру тәсілдері де
қолданылады.
Билікті мұра ретінде қалдыру саяси қызмет тәжірибесінің, әдет-
ғұрпының, білімінің тұйықталуына әкеліп соқтыратыны анық.
Құқықтық әдебиеттерде "сайлау" тар мағынамен қатар, кең мағынада да
қолданылады. Бірінші жағдай бойынша сайлау белгіліі бір территориядағы
азаматтардың ұсынылған кандидатураларға дауыс беруі жатқызылады. Ал екінші
мағына бойынша сөз қозғайтын болсақ, әр мандатқа екі немесе одан да көп
кандидатуралар ұмтылуы мүмкін мемлекеттік билік органдарын қалыптастыру
тәсілін атауға болады.
Қазіргі заманда сайлау өте кең етек алған және ол сан қырлы болып
табылады. Сайлау арқылы жария биліктің әрқилы органдары – парламент,
мемлекет басшылары, кейде үкімет те, жергілікті сот органдары құрылады.
Сайлау арқылы халық өз өкілдерін анықтайды және өздерінің тәуелсіз
құқықтарын жүзеге асыруға мандат береді, яғни бұл дегеніміз билікке заңды
сипат беру болып табылады.
Бұл курстық жұмыс негізінде келесідей сұрақтарға, яғни сайлау ұғымы,
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің түсінігі және де сайлаудың,
оның ішіндегі Қазақстан Республикасындағы сайлаудың басты-басты қағидалары
қандай деген сұрақтарға жауап алуға болады.
Біздің қоғам бірінші қадамдар жасап қатаң әкімшілік регламентациядан
демократиялық билік құруға кірісті. Әр сайлауда қазақстандық сайлаушылар
еркін дауыс беру тәжірибесін алып, саяси үрдістерге қатысады. Еліміз
электоралдық циклді аяқтап келеді деп айтуға болады, қазір біз жаңа кезең
алдында тұрмыз. Табысты ілгері даму едәуір шамада сайлау жүйесін жетілдіру,
сайлау туралы заң сапасын арттырумен байланысты.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасы сайлау құқығының конституциялық
негіздері қамтылып ашылған.

І. Қазақстан Республикасындағы сайлау.

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Маслихат депутаттарын
және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру
мен өткізу тәртібі мен қағидалары бекітілген заңдық нормалар жиынтығы
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар
референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғарғы нысаны бола отырып,
демократияның маңызды бір элементін құрады.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдарын құруға тікелей
әсер ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға
қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы
конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріп отырады.
Сайлау заңдылықтарын реформалау 1993 жылғы Қазақстан Республикасы
Конституциясын қабылдаудан және 1993 жылғы 2 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасындағы сайлаулар туралы" Қазақстан Республикасының кодексінен
басталды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы сайлау
нормаларын одан әрі өзгертуге себеп болды. Мұндай нормативтік акт Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
1995жыл 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші бар Жарлығы болды. Ол кейін
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңыы деп атауын өзгертті (Аталған заңға сәйкес Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 133-1, 1998 жылғы 8 мамырдағы №
222-1, 1998 жылғы 6 қарашадағы № 285-1 және 1999 жылғы 6 мамырдағы № 375-
1 Конституциялық заңдарымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).
Жалпы алғанда сайлау құқығы белсенді және бәсең сайлау құқығы болып
бөлінеді.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы – Республикасының он сегіз жасқа толған
азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан, сайлауда дауыс
беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан
Республикасының Президенттігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өкілді
органдарына (Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі, Маслихаттар депутаттығына)
және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болып сайлану құқығы.
Белсенді сайлау құқығын реттейтін бақа қосымша талаптар да бар. Бұл
талаптар сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға қойылады. Қосымша талаптарға
жас шамасы цензі, отырықшылдық цензі, білім цензі, мүліктік цензі жатады.
Мысалға жас шамасы цензі Президенттіке, Парламент,Маслихат депутатығына
кандидаттарға қатысты белгіленеді: Қазақстан Республикасының Президентінің
жасы қырықтан асқан Қазақстан Республикасының азаматы бола алады, Праламент
Сенатының депутаты жасы отызға толған Қазақстан Республикасының азаматы
бола алады, Парламент Мәжілісінің депутатығына кандидат үшін жиырма бес
жастық, Маслихат депутаттығына канидаттар үшін жиырма жастық жас цензі
белгіленген.
Сайлау төте және жанама болуы мүмкін. Жанама сайлау жолымен Парламент
Сенаты депутататры сайланады. төте сайлау жолымен Республика Президентін,
Парламент Мәжілісінің және Маслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының мүшелерін сайлау жүзеге асырылады.
Сайлаудың көмегімен халық өзінің өкілдерін анықтайды және өз
құқықтарын жүзеге асыру үшін оған белгілі бір мандат береді, яғни сайлау
билікке заңдылық сипатын береді. Олар сайлаушылардың мүдделерін білдіреді.
Оларды жүргізу барысында әртүрлі саяси күштердің мүдделері, көзқарастары
мен идеяларының соқтығысуы орын алып жатады.
Сайлау құқығы сайлаумен және оны өткізумен байланысты қоғамдық
қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде
қарастырылады. [1]
Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес
сайлау құқығы билік органдарын қалыптастырудағы айлаумен қатар, Қазақстан
Республикасы азаматтарының сайлау кезіндегі ерік білдіруіне бостандық
берілуін де реттейді.
Қазақстанның әрекеттегі құқығының, оның ішіндегі негізгісі болып
табылатын – конституциялық құқықтың құрамдас бір бөлігі бола отырып, сайлау
құығы өзіндік бір институт құрайды және мемлекеттің демократиялық сипатын
анықтайтын қоғамдық қатынастарды ретейді.
Жалпыға бірдей сайлау құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарының
барлығының сайлау құқығы бар деген белгілі бір талаптар кейбір әлеуметтік
себептерге байланысты қажет болып табылады.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы

Сайлау құқығы термині заң әдебиетінде субъективті және объективті
мағынада қолданылады. Субъективті мағынада сайлау құқығы жеке азаматтың
мемлекеттік орган немесе қызмет иесіндегі адамның сайлауға қатысуын
білдіреді. Ал объективті мағынасын алсақ, ол Ата-заң құқығының маңызды
институттарының бірі болып саналады. Бұл институт мемлекеттің өкілдік
органдар мен қызмет иесі адамдарды сайлауға қатысуды, бұл сайлауды
ұйымдастыруды және де сайлаушылар мен депутаттар арасындағы өзара қарым-
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан құралады.
Сайлау құқығы екі түрлі субъективтік құқықтарға бөлінеді:
–біріншіден, сайлауға қатысу құқығы (дауыс құқығы, сайлау құқығы), яғни
белсенді сайлау құқығы;
(екіншіден, мемлекет азаматтарының қандай да бір өкілдік органына мүше
болып сайлану құқығы, яғни бәсең сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы
азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, ҚР Парламентінің,
мәслихатының депутуты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органыны мүше
болып сайлану құқығы (ҚР сайлау туралы заң 1999 ж. 4-бап, 2- пункт).
Қазақстан Республикасының конституциялық заңының 4-бап 1-пунктіде
жазылған: Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы – Республиканың он сегiз
жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға
дауыс беруге қатысу құқығы.
Француз ғалымы М. Дюверженің пікірі бойынша жалпыға бірдей сайлау
құқығы – бұл қабілеттіліктер мен мүлікке байланысты шарттарға шек
қойылмаған сайлау жүйесі[ Duverjer M Institutions Politiques et Droit
Constitutionnel. Paris. 1970. P.89.]. Бірақ та бұл идеалистік түсінік
мемлекеттердің көбісі қолдамайды. Өйткені кез келген мемлекетте сайлау
бойынша қандай да бір шектеулер бар. Мысалы, Қазақстан Республикасы заңына
сәйкес 18 жасқа толмаған, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ
сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар
қатыспайды.
Демократияны құру жолындағы мемлекеттер азаматтардың сайлау құқығын
шектейтін әр түрлі цензалар кеңінен қолданады. Бұл цензалардың көбісі
тарихи, дәстүрлі түрінде қалыптасты.
Тұрғылықты жер цензасы бойынша АҚШ және Австралияда белсенді сайлау
құқығын алу үшін бір ай бойы сайлау округінде тұру жеткілікті болса,
Индияда – 180 күн, Канадада – бір жыл, Норвегияда – бес жыл, Тайландта – 20
жылдан кем емес тұру қажет.
Қазіргі кезде жыныс цензі өте сирек кездеседі (Кувейтте ғана
әйелдерде дауыс беру құқығы жоқ), бірақ Еуропада кейбір оқиғалар кездеседі,
әйел адам сайлау құқықтарын жүзеге асыра алмайды. Мысалы, 1991 жылы
Швейцария Жоғары Соты Аппенцель – Иннерроден деген жартылай кантонды, яғни
кантон деңгейінде әйелдерге сайлау құқығын беру туралы шешім қабылдады. Тек
2002 жылы ғана әйелдер жергілікті сайлауға қатыса алды.
Біздің мемлекетіміздің заңында бәсең сайлау құқығының да шектеулері
бар:
– ҚР Ата-заңының 41-бап 2-пунктіге сәйкес Қазақстанда 15 жылдан кем
емес тұратын және мемлекеттік тілді жетік білетін , 40 жастан
аспайтын, Республика азаматы Қазақстан Республикасының Президенті
болып сайлана алады;
– ҚР Ата-заңының 51-бап 4-пунктіге сәйкес кемінде 3 жыл республикалық
мәні бар қалада немесе республиканың астанасында тұрған, тиісті
облыстың аймағында әрдайым тұратын, жоғары білімі және ең кемінде 5
жыл қызмет істеу стажы бар, отыз жылға толған, бес жылдан кем емес
азаматтықта болатын Қазақстан Республикасы азаматы Сенаттың депутаты
бола алады.
– Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңы 4-
бап 4-пунктіге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенттігіне Қазақстан
Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша,
мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде:
1) Тіркелу алдындағы бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық
бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған;
2) тіркелу алдындағы бір жыл ішінде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы
үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
3) тіркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгіленген
тәртіп бойынша алып тасталмаған адамды тіркеуге болмайды.
Қазақстанда орнатылған бәсең сайлау құқығының жас бойынша шектеулер
антидемократиялық шаралар емес. Мұндай шектеулер әлемнің көп елдерінде
кеңінен қолданыс табуда. Сайланған кандидат мемлекеттік масштабында
шешімдерді қабылдауға нақты әсерін тигізу қажет.
Тең сайлау құқығы сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті
Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына, сондай-ақ
Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға
тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне
тиісінше бір дауысы болады дегенді білдіреді.
Төте сайлау құқығы бойынша Республика Президентін, Парламенті
Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.
Жасырын дауыс беру принципі Республика Президентін, Парламентінің және
мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін
білдіруіне қандайда болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді
дегенді білдіреді. Сондықтан кейбір елдерде жасырын дауыс беруді қамтамасыз
етудің әр түрлі әдістері болады. Мысалы, ең көп таралатын әдіс – бюллетень
арқылы дауыс беру; сайлаушы арнайы бөлінген үй-жайда бюллетеньде белгілеп
сайлау жәшігіне салады.
Көп елдерде жасырын дауыс беру принципін бірден танымады. Францияда бұл
принципті 1789 жылы орнатты, бірақ іс-жүзінде 1871 жылдан бастап қолдана
бастады. Англияда жасырын дауыс беруге 1872 жылы Гладстон реформасынан
кейін ғана көшті, ал сол уақытқа дейін ашық немесе ауызша дауыс беру
сайлауы өткізілді.
Біздің елімізге келсек, қазақ хандарды, билерді және әскери басшыларын
сайлау процедурасы көп зерттелмеді, бірақ орта ғасырларда жоғары қызметтік
адамдарды сайлау кезінде арнайы белгіленген жауынгерлер иыққа салатын
дорбалармен бірге ауылдарды аралап шығып сол дорбаларға таңдаушылар өзінің
таңдаған адамдарының белгілерін салды. Бұны біз бізге жеткен ақсақалдардың
әңгімелерінен білеміз. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз да сайлау құқығының
жалпы демократиялық принциптерін пайдаланғанын көруге болады .

ІІІ. ҚР сайлау жүйесі: негізгі түсініктер, ұйымдастыру және өткізу реті

3.1 Сайлау жүйесінің негізгі түсініктері

Мемлекетіміздің сайлау жүйелеріне тоқталмас бұрын алдымен жалпы сайлау
жүйесінің түсінігіне тоқталып өтелік.
Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты
өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.
Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына ашық сайлаумен
байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық
қатынастардың жиынтығы.
Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
- берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып
қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;
- сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастыру жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген дауысын санау тәсілі мен депутаттық мандатты
беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті
мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия,
Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады [Ковлер Л.И. Политический
маркетинг во Франции. Техология и организация выборных кампаний. Зарубежный
и отечественный опыт. М., 1993. С.32.].
Мажоритарлық жүйе бойынша белгіленген дауыстың басым бөлігіне ие
болған үміткерлер сайланған болып есептеледі.
Мажоритарлық жүйе қолданылатын сайлау округтері бір мандатты болып
келеді, яғни әрбір партия округтан тек бір үміткер ұсынады, ал сайлаушы
үміткерге дауыс беру арқылы партияны қолдайды.
Пропорционалды сайлау жүйесі әлемде өте кең таралған. Оның шарты
бойынша сайлауға қатысқан әрбір саяси партия Парламентте депутаттық мандат
санын алады, ол дауыс санына тура пропорционалды болмақ.
Бұл жүйе қазіргі күні әлемнің 60 елінде қолданыста [Избирательные
системы стран мира. М., 1961. с.46].
Ол бір мақсатқа – дауыс пен мандат саны мөлшерін сәйкестендіруге
бағытталған.
Сайлау процесінде жекелеген үміткерлер емес, партиялық тізіммен
сайысқа түседі. Сол себепті де әр округтен бірнеше үміткер шығады.
Аралас жүйе жоғарыдағы екеуінің қоспасынан келіп шығады. Бір палаталы
Парламент сайлауы немесе қос палаталы Парламенттің бір палатасына сайлау
кезінде депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша, екіншісі -
өздігінен, бір мандатты округтерден сайланады. Қазіргі уақытта бұл сайлау
жүйесін Қазақстанда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын
сайлау кезінде мынадай сайлау жүйесі қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу
пайыздан астамының дауысын алған;
- қайта дауыс беру кезінде бірден-бір кандидат дауысқа түскен
жағдайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының
елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат болып сайланады;
- қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының
көпшілігін алған.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай
жүйесi қолданылады:
- дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын
алған, ал қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған
болып саналады;
-егер сайлауда бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда оның кандидатурасы
үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемiнде елу пайызы дауыс берсе,
ол сайланған болып саналады.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс
санаудың мынадай жүйесi қолданылады:
-басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың
көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

3.2 Сайлау органдары

Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын
мемлекеттiк сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
Сайлау комиссияларға Республиканың Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық
сайлау комиссиялары, округтiк сайлау комиссиялары, учаскелiк сайлау
комиссиялары кіреді.
Сайлау комиссиялары өкiлеттiктерiнiң мерзiмi бес жыл. Әрбір сайлау
органының өз өкілеттілігі бар. Біз тек қана Республиканың Орталық сайлау
комиссиясының өкілеттігіне тоқталып өтейік.
Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас
жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
Ол Парламент Мәжiлiсi қызметке сайлайтын және қызметтен босататын
комиссияның Төрағасынан, Төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және
мүшелерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңының 12-бапқа сәйкес
Орталық сайлау комиссиясының өкілеттіктері:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды
жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң
құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен
өткiзудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын
ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi;
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм
бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;
3) Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарының сайлау жөнiндегi сайлау
округтерiн құрып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
3-1) облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы)
әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық округтiк сайлау комиссияларын құрады;
4) сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі. ҚР Азаматтық құқығы туралы жалпы ұғым
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі
Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі
ҚР сайлау жүйесінің түсінігі
Конституциялық құқық және оның әдіс- тәсілдері мен жүйесі
Үкіметтің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі туралы
Сайлау округтері мен сайлау учаскелерінқұру
Сайлау алдындағы үгіт
Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері
Пәндер