Кәсіпкерлік тәуекел туралы ақпарат



1. КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кәсіпкерлік тәуекел түрлері және оған әсер ететін факторлар ... ... 4
2.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау және оның төлем қабілеттілігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Еліміздің экономикалық дамуының қай кезеңінде болмасын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту маңыздылығын жоғалтқан емес. Қазақстанның дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқаруда өте күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Ол әлемді қамтыған қаржы дағдарысы, еліміздің әлемдік экономикаға кірігуі мен жаһандану жағдайында, сондай ақ дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық тұсында бизнесті ұтымды ұйымдастыру, басқару және тиімділігін арттыру сияқты мәселелерді де қамтиды. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды. Өйткені, ұзақ жылдар бойы ұстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болады. Осыған байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу-адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік пен іскерлік – адамның еркін өмір сүру әдісі.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі
Тәуекел ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық, жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. « Кәсіпкерлік іс туралы» Заңда жазылғандай, кәсіпкерлік өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру праволық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
 Кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
 Кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен дамыту бағыттарын дербес анықтау (жабдықтаушыларды, өткізу нарықтарын еркін таңдау, өнім түрлері мен өндіріс көлемін анықтау);
 Материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды тарту мен пайдалану.
 Салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;
1. «Кәсіпкерлік негіздері» Бисенғазиев М.Б., А.Ш. Хамитов
Орал -2001ж.
2. «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Р.Қ.Елшібаев
Алматы – 2009ж.
3. «Кәсіпорын» А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов
Алматы – 2003ж.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

1. КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Кәсіпкерлік тәуекел түрлері және оған әсер ететін факторлар ... ... 4

2.2 Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау және оның төлем қабілеттілігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6

3.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .8

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... .9

Кәсіпкерлік тәуекел

Еліміздің экономикалық дамуының қай кезеңінде болмасын
кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту маңыздылығын жоғалтқан емес.
Қазақстанның дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды басқаруда өте
күрделі мәселелердің пайда болуымен сипатталады. Ол әлемді қамтыған қаржы
дағдарысы, еліміздің әлемдік экономикаға кірігуі мен жаһандану жағдайында,
сондай ақ дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге дайындық тұсында бизнесті
ұтымды ұйымдастыру, басқару және тиімділігін арттыру сияқты мәселелерді
де қамтиды. Кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу
кезеңінде экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар
аударды. Өйткені, ұзақ жылдар бойы ұстемдік еткен жоспарлы экономикадан
нарықтық экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болады. Осыған
байланысты елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның
негізінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің
қалыптасуы мен дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу-
адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік пен іскерлік – адамның
еркін өмір сүру әдісі.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі
Тәуекел ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік,
сенбеушілік, болжамдылық, жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік іс туралы Заңда жазылғандай, кәсіпкерлік өз тәуекелділігіне,
кәсіпорынның ұйымдастыру праволық формасы шегіндегі мүліктік
жауапкершілігіне негізделген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей,
әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Кәсіпкерліктің
негізгі қағидаларына келесілерді жатқызуға болады:
✓ Кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың
мүліктері мен қаражаттарын тарту;
✓ Кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен дамыту бағыттарын дербес
анықтау (жабдықтаушыларды, өткізу нарықтарын еркін таңдау, өнім
түрлері мен өндіріс көлемін анықтау);
✓ Материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да
ресурстарды тарту мен пайдалану.
✓ Салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді
төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;

2.1 Кәсіпкерлік тәуекел түрлері және оған әсер етен
факторлар

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап көрсетуге
болады:
✓ Мүліктік және ұйымдастырушылық дербестілік;
✓ Тәуекел мен жауапкершіліктің болуы;
✓ Экономикалық мүдделілік немесе табыс табу;
✓ Қоғамдық қажеттілікті және сұранысты қанағаттандыру үшін өнім өндіру
(жұмыс орындау, қызмет көрсету);
✓ Заң шеңберінде іскерлік іс әрекеттерді жүзеге асыру.
Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық
жағдайында және кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Кәсіпорындар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады
және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа
жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен
байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды
талап етеді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы несиелердің қымбаттауы,
инфляциялық үрдістердің туындау мүмкіндігі, экономикалық тұрақсыздығы
немесе дағдарысқа ұшырау қаупі жағдайында арта түседі. Тәуекел бұл
жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау
ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет
шарттарының кездейсоқ байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды
немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп
белгіленген іс шара іске аспаған, сондай ақ басқару шешімдерін қабылдау
кезінде қателер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын
айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкелік қызметті жүзеге асыру
нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік
тәуекелдердің пайда болуына алып келетін мынадай себептерді атап көрсетуге
болады: экономикалық дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси
тұрақсыздық, шаруашылық жүргізуші субьектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік
қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жиі
өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке
жауапкершіліктің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды
(әділетсіз) бәсекенің орын алуы және т.б.
Кәсіпкерлік тәуекелге әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы
деп бөлуге болады. Ішкі факторларға басшының немесе қызметкерлердің
жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжірибесіздігі,
өзгермелі жағдайға тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен
біліктілігі, нақты жағдайды талдау және болашақты болжау мүмкіншілігі және
т.б. жатқызылады. Ал, сыртқы факторларға мыналар жатады: инфляция, банктің
пайыздық ставкалары мен несиелеу шарттарының өзгеруі, салық ставкалары және
кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік құқықтық актілер мен
заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, бәсекелік орта, саяси
жағдайлар, елдегі экономикалық жағдай және т.б.
Экономикалық және өзге де ғылыми әдебиеттерде тәуекелді, соның
ішінде кәсіпкерлік тәукелді жіктеудің бірыңғай әдістемесі жоқ. Сондықтан
тәуекелді әр түрлі белгілері бойынша жіктейді. Мысалы, масштабы бойынша:
жергілікті және жаһанды; әсер ету ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді; күтілетін нәтижесі бойынша: таза және спекулятивті.
Кәсіпкер тәуекелі көбінесе өндірістік, коммерциялық және
қаржылық деп үш түрге бөлінеді.
Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірістік
қызмет үрдісінде туындайды. Өндірістік тәуекелдің себептеріне жоспарланған
өндіріс көлемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасалған
келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығын,
материалдық, еңбек шығындарының өсімін, баға саясатындағы қателіктер, т.б.
жатқызуға болады.
Коммерциялық тәуекел өнімді сатумен, шикізаттар мен
материалдарды сатып алумен, т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі
себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе
шикізаттар мен материалдармен өз уақытында және қажетті көлемде қамтамасыз
ете алмау, т.б. жатады.
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым қатынасы
кезінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді.
Қаржылық тәуекел инфляциялық факторлар, банк ставкаларының өсуі, бағалы
қағаздар құнының төмендеуі т.б. себептерге байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Тәуекелді басқару негіздері
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Тәуекел деңгеиін бағалау және төмендету әдістері
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Қаржылық менеджер тәуекел
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Аудиторлық тәуекелділік туралы
Пәндер