Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Қазіргі кезде электрондық пошта кеңінен қолданып келе жатыр. Оны қалай пайдалануға болады деген сұрақ туындайды. Біз поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта бөліміне жетеді. Егер адрес жалпы қабылданған тәртіппен дұрыс көрсетілсе, біраз уақыт өткен соң, поштальон оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді. Сонан кейін абонент хатты ашып оқиды - міне осылай мәлімет алмасу жүзеге асады. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмерді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Ал, егер адонент жауап бермесе немесе оның басқа шаруасы болып жатса, онда телефон соғуды кейінге қалдырамыз. Осы пошталық және телефондық - екі байланыс түрін адамдар кең пайдаланады.
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшклігі - оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәтін, дыбыс, программа тағы сол сияқты ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.
Осылардың бәрі де жер шарының кез - келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі.
Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір - бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны Сервер ( қызметші қойма ) деп атайды.
Түрлі жергілікті жүйелерді бір - бірімен кабель және тағы басқа арқылы қосу да мүмкін.
Қазіргі заманның ғылыми - техникалық жетістіктерінің бірі -дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет ( Internet ) желісі деп атайды(inter - интернационал, халықаралық; network - желі) . Яғни Интернет - түрлі елдердің миллиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі.
Мұнда Интернетке қосылған компьютер сервер арқылы желіге қосылған кез - келген компьютерлерге түрлі мәлімет жібере және өзіне жіберілген мәліметті қабылдай алады.
Компьютерлік желілер жергілікті ( бір ұйымдық ), аймақтық және дүние жүзілік болып түрлі түрге бөлінеді. Аймақтық желі Intranet желісі деп аталады, оның Internet желісінен айырмашылығы жоқ, тек ерекшелігі - оның компьютерлері арнайы бір жұмысқа арналған. Мысалы, Қаэақстан Республикасының Ұлттық банкісінің компьютерлері Intranet желісі бойынша жұмыс істейді ( негізгі банктің компьютерлері оның барлық филиалдарының компьютерлерімен финанстық мәліметтер алмасады) .
Интернеттің артықшылығы - ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күндеілікті саяси жаналықтар; медицина саласында, коммерциялық және банкілер саласында қызмет көрсету; спорт саласындағы соңғы жаңалықтар; мекемелердің адрестері ( мекен - жайы ) сияқты түрлі мәліметтер; қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және тағы басқа электрондық оқулықтар сияқты күрделі мәліметтер жастардың кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз.
Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлеріи деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме - провайдер атаулы коммерциялық компания. Компаниямен шарт жасасып, Интернетке қосылатын компьютер үшін парольді( Password ), желілік арнайы аты - жөніңізді ( Login ), телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыныз керек.
Windows - тың жұмыс үстелінен Internet белгішесін екі рет шерткен кезде, алғашқы рет Интернетті бапқа келтіру терезесі көрінеді. Оларға провайдермен келіскен жоғарғыдай шартбелгілері ( аты - жөні ) енгізілсе, Internet Explorer терезесі көрінеді. Интернетке жалғанған жеке компьютерді Internet Explorer - ге бірден қосуға да болады.
Электрондық пошта - компьютер арқылы қашықта орналсақан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті электрондық поштаның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.
Windows 95 - ке электрондық поштамен жұмыс істейтін Internet Mail ( IM ) не Internet News ( IM and News) және басқа стандартты программалар енгізілген. IM программасы Internet Explorer - дің 3, 4 нұсқаларының қосымшасы түрінде де қарастырылған. Explorer және Windows 98 - де электрондық пошта Outlook Explorer 5 деп аталады оның IM - ге қарағанда мүмкіндігі мол және ыңғайлы.
Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таралылатын жаналықтар тобы Телеконференция деп аталады. Мысалы, бір тақырыпқа байланысты жіберілген мәліметтер тобы серверге келіп түседі де, ол оны өзіне "жақын" серверлерге таратады. Олардың да мәлімет тарату жолы осылайша. Осы себепті, бір серверден жіберілген мәліметтер дүние жүзіне тез тарап кететінін түсіну қиын емес. Оны оқуға және жауап беріп, пікір - талас ұйымдастыруға да болады. Жаңалықтар тобының Телеконференция деп аталуы осы себепті.
Телеконференция жұмысы Сервер деп аталатын арнайы программа арқылы ұйымдастырады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар - Жаңалықтарды оқу командасын беру керек не Жаңалықтар түймесін шертуге болады. Windows 95 - те телеконференциямен жұмыс істеуге арналған програманың аты - Internet News, ал Windows 98 - де - Outlook Explorer.
Мұндағы ескеретін жайт: серверге келіп түскен телеконференциялық хаттар, мәліметтер көп орын алмауы үшін біраз уақыт (бірнеше күн) өткен соң өшіріліп отырады. Сондықтан жиі - жиі компьютерге келіп түскен жаңалықтармен уақтылы танысып отырған жөн.
Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен иұрады:
• қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
• тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
• жеткізу агенті - мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді;
Қолданушы агенті - тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны. Мұндай агенттерге Windows 95 жүйесіндегі Internet Mail, UNIX жүйесіндегі Mail программалары жатады.
Осындай программаларды ең алғашқы тобына АТ&Т фирмасы жасап шығарған / bin / mail программасы жатады. Қазірде мұндай программалардың бірнешеуі бар. Олардан өзге графикалық интерфейсі бар қолданушы агенттері де бар. Пошталық мәліметтерге мультимедиа объектілерін қосуды анықтайтын MIME ( Multipurpose Internet Mail Extensions ) - Интернеттегі электрондық поштаның көп мақсатты кеңейтілулері атты стандартта жасалған. Осы стандартты көптеген қолданушы агенттері сүйемелдеп жұмыс жасап келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz