Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың лингвомәдени мазмұны



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тіл және мәдениет
1.1 Тіл мен мәдениеттің байланысы мен ерекшеліктері
1.2 Тіл біліміндегі лингвомәдени зерттеулер
1.3 Аңшылық пен саятшылық өнерінің қазақ мәдениетіндегі орны
1.4 Аңшылық пен саятшылықтың тарихи.этнографиялық, лингвистикалық тұрғыда зерттелуі
Аңшылық пен саятшылық өнеріне қатысты фразеологизмдер
Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың семантикалық топтары
2.1 Аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал.жабдық атаулары
2.2 АС қатысты амал.айлаларды білдіретін сөз тіркестерінің тілдік ерекшеліктері.
2.3 Саят құстарының атаулары мен тілдік ерекшеліктері
2.3.1 Қыран құсқа қойылатын аттардың жасалу жолдары
2.3.2 Қазақ тіліндегі бүркіт жасына байланысты атаулардың семантикалық ерекшелігі
2.4 Аңшылық пен саятшылық қатысты сөздердің этнолингвистикалық сипаты
2.5 Аңшылық пен саятшылыққа қатысты тұрақты тіркестер
2.6 Аңшылық пен саятшылыққа қатысты эвфемистік қолданыстар
2.7 АС қатысты көркемдік құралдар
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНДЫ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар халқымыздың дүниетанымдық ерекшеліктерін танып білуге мүмкіндік береді. Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар ұлттық рухани мұраны өз бойына сақтап келеді. Осы атаулардың тілдік қабаттарын зерттеудің маңыздылығы өте зор.
Әлемдік тіл білімі соңғы жылдарды ерекше қарқынмен дамып, жаңаша бағыт алып, тың өзгерістер мен жаңа ғылыми көзқарастар легін алып келді. Ұлт тіліндегі әрбір тілдік элементтердің табиғатын ұлт болмыс-бітімімен, этнос тіршілігімен сабақтастыра қарастыру бүгінгі таңдағы ғалымдардың алға қойған мақсаттары болып отыр.
Қазақ тіліндегі халықтың рухани-материалдық дүниесіне қатысты барлық фактарларды тілдік нысан ретінде зерттеудің өзектілігі артып келеді. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларының тілдік таңба ретінде қалыптасу үрдісін зерттеуге, сипаттауға арналған.
Жұмыста қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулары зерттелінді. Оның ішінде аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал-жабдық атаулары, қыран бүркіттің жасына байланысты атаулардың семантикалық ерекшеліктері талданды. Зерттеуде қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, этимологиялық сөздік, фразеологиялық сөздіктердегі атауларға талдау жасалынып, олардың тіліміздегі алатын орнына мән берілді.
АС қатысты атаулар да өзге тілдік бірліктер сияқты талай ғасырды артқа салып, қазақ тілімен бірге жасап келеді. Олар қазақ тілінің сөздік қорынан ерекше орын алады. Қазақ тілінің сөздік қорына еніп, сөйлеу тілімізде, әсіресе, саятшылар мен аңшылар тілінде қолданысқа ие. АС қатысты атауларды зерттеу - қазақ тіл білімінің негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Оларды жинастыру, зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
АС қатысты атаулар әлемі де кең, олар адамның материалдық-рухани өмірімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары лингвомәдениеттану, когнитология мәселелері және әлемнің ұлттық тілдік бейнесі зерттеліне бастады. АС қатысты атаулар толық түрде жеке зерттеуге негіз бола қойған жоқ. Қазақ тілі лексикасындағы АС қатысты туған мол атауларға арнайы талдаулар жасалынбаған.
АС қатысты атаулар өзге тілдік бірліктер сияқты этноспен ғасырлар бойы бірге жасап, халықтың сөздік қорынан ерекше орын алып келеді. Тілімізде олардағы халықтық, әдеби формаларының өзіне тән жасалу заңдылықтары қалыптасқан. атауларға лингвистикалық баға беру үрдісі олардың тарихи шығу кезеңдеріне, даму жолдарына, өзара байланыстарына жан-жақты зерттеу жүргізу ісін қажет етеді. Олардың тіл білімінің түрлі бағыттарында зерттеу нысаны ретінде алынуы тек қазақ тілінде, сонымен бірге жалпы түркі тілдеріндегі айта қаларлықтай маңызды мәселенің шешілуіне жол ашады.
1 Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. - М., 1996. - 365 с.
2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат. 1993. - 496 б.
3 Б.Жұмағұлова. Концепт «дом» в лингвокультурологических исследованиях // Материалы международной научно-теоретической конференции. АГУ им.Абая. - Алматы. 1999. -56-71 с.
4 Гумбольдт В. О различии строении человеческих языков и его влияние на духовное развитие человечества // Избранные труды по языкознанию. – М., 1985. - 400 с.
5 Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект). – Алматы: Қазақ университеті, 1999. - 310 б.
6 Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. - Алматы: Арыс, 1997. - 272 б.
7 Путешествие в Восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука /ред., вступит. статья и примеч. Н.П.Шастиной. – М.: Географгиз, 1657. – 270 с.,
8 Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар (қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар) / аударған М.Сәрсекеев. – Алматы: Жалын, 1979. – 272 б.
9 Марғұлан Ә.Х. Шығармалары. – Алматы: Алатау, 2007. – Т. 2. – 432 б.
10 Кайдар А. Тысяча метких и образных выражений. – Алматы: Білге, 2003. – 368 с.
11 Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу). –Алматы: Тоғанай. 2004. -560 б.
12 Совет З. «Қобыланды батыр» жырының лексикасы (тарихи-этнолингвистикалық зерттеу) ф.ғ.к.д. автореферат. - Алматы. 2006. -24 б.
13 Айтмұқашева А.А. «Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика ф.ғ.к. диссертация. - Алматы. 2007. – 124 б.
14 Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері. Ф.ғ.к.диссер. – Алматы. 2002. – 120 б.
15 Аркушин, Г.Л. Охотничья лексика западно-полесских говоров. Автореф. дис. ...канд. филол.наук / Ужгор.гос.ун-т. - Ужгород, 1986. - 20 с.
16 Герасимова, Д.В. Лексика, связанная с охотничьим и рыбным промыслом, в мансийском языке. Автореф. дис. ...канд.филол.наук / Ленингр.отд-ние Ин-та языкознания АН СССР. - Л., 1988.-16с.
17 Боргояков В.А. Лексика охоты и рыболовства в диалектах хакасского языка Автореф. дис. ... канд. наук; Филологические науки : 10.02.02 / РАН. Ин-т языкознания. - М., 2001.-22с.
18 Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Қазақ университеті. – 2003. – 199 б.
19 Кәмәләшұлы Б. Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі. - Алматы: Өнер. 2006. - 120 б.
20 Смағұлова Г.Н. Фразеологизмдердің варианттылығы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 123 б.
21 Авакова Р.Ә. Фразеологиялық семантика. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 151 б.
22 Севоротян Э.В. Этимологический словарь тюрксих языков.(ЭСТЯ) – М., 1974. – 556 с.
23 Сетаров Д.С. Тюркизмы в русских названиях животного мира // Советская тюркология. 1980. № 1. -25-31 сс.

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНДЫ

1 Саятшылық өнерге қатысты сөздердің этнолингвистикалық сипаты // Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы: Профессор Айтбай Айғабыловтың 70 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. - 2006. №4 (94). - 150-152 бб.
2 Аңшылық пен саятшылыққа қатысты кейбір атаулар мен тіркестердің этимологиясы // Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы: Профессор Хасан Кәрімұлы Мұхамбеттің 75 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2007. - 32-38 бб.
3 Аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал-жабдық атаулары // ҰҒА Хабаршы. Филология сериясы. – 2007. №4 (164). - 86-91 бб.
4 Аңшылық пен саятшылыққа қатысты фразеологизмдер // Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі: Академик Ө. Айтбайұлының 70 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2007. - 195-197 бб.
5 Қазақ тілі лексикасындағы эвфемистік қолданыстар // Шежірелі Жетісу:
Ғ. Ормановтың 100 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Талдықорған, 2007. - 16-18 бб.
6 Аңшылық пен құсбегілікке қатысты тұрақты тіркестердің лингвомәдени мазмұны // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2008. - № 2 ( 110 ). - 44-46 бб.
7 Аңшылыққа қатысты ит атауларының этимологиялық сипаты // Ұлағат. – 2008. - № 4. - 79-82 бб.
8 Қыран құсқа қойылатын аттардың жасалу жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. - № 8. - 108-114 бб.
9 Қазақ тіліндегі бүркіт жасына байланысты атаулардың семантикалық ерекшелігі // Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2008. – 55-58 бб.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 811.512.122: 639.1
Қолжазба құқығында

АСЫЛОВА РАУШАН ОМАРОВНА

Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың лингвомәдени мазмұны

10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы
кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының

докторы,
профессор Г.Н. Смағұлова

Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының
докторы,
профессор А.М. Алдашева

филология
ғылымдарының
кандидаты,
доцент С.И. Жапақов

Жетекші ұйым: А. Байтұрсынов
атындағы Тіл білімі
институты

Диссертация 2009 жылы күні сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі
тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д 14А.01.23 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде
қорғалады.
Мекен-жайы: 050038, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология
факультеті, 312-дәрісхана.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми
кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылы "___" наурызда таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор А.Б.
Салқынбай

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа
қатысты атаулар халқымыздың дүниетанымдық ерекшеліктерін танып білуге
мүмкіндік береді. Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар ұлттық рухани
мұраны өз бойына сақтап келеді. Осы атаулардың тілдік қабаттарын зерттеудің
маңыздылығы өте зор.
Әлемдік тіл білімі соңғы жылдарды ерекше қарқынмен дамып, жаңаша бағыт
алып, тың өзгерістер мен жаңа ғылыми көзқарастар легін алып келді. Ұлт
тіліндегі әрбір тілдік элементтердің табиғатын ұлт болмыс-бітімімен, этнос
тіршілігімен сабақтастыра қарастыру бүгінгі таңдағы ғалымдардың алға қойған
мақсаттары болып отыр.
Қазақ тіліндегі халықтың рухани-материалдық дүниесіне қатысты барлық
фактарларды тілдік нысан ретінде зерттеудің өзектілігі артып келеді.
Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында аңшылық пен саятшылыққа қатысты
атауларының тілдік таңба ретінде қалыптасу үрдісін зерттеуге, сипаттауға
арналған.
Жұмыста қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулары
зерттелінді. Оның ішінде аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал-жабдық
атаулары, қыран бүркіттің жасына байланысты атаулардың семантикалық
ерекшеліктері талданды. Зерттеуде қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,
этимологиялық сөздік, фразеологиялық сөздіктердегі атауларға талдау
жасалынып, олардың тіліміздегі алатын орнына мән берілді.
АС қатысты атаулар да өзге тілдік бірліктер сияқты талай ғасырды артқа
салып, қазақ тілімен бірге жасап келеді. Олар қазақ тілінің сөздік қорынан
ерекше орын алады. Қазақ тілінің сөздік қорына еніп, сөйлеу тілімізде,
әсіресе, саятшылар мен аңшылар тілінде қолданысқа ие. АС қатысты атауларды
зерттеу - қазақ тіл білімінің негізгі мәселесінің бірі болып табылады.
Оларды жинастыру, зерттеу - бүгінгі күннің талабы.
АС қатысты атаулар әлемі де кең, олар адамның материалдық-рухани
өмірімен тығыз байланысты болғандықтан маңызды рөл атқарады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары
лингвомәдениеттану, когнитология мәселелері және әлемнің ұлттық тілдік
бейнесі зерттеліне бастады. АС қатысты атаулар толық түрде жеке зерттеуге
негіз бола қойған жоқ. Қазақ тілі лексикасындағы АС қатысты туған мол
атауларға арнайы талдаулар жасалынбаған.
АС қатысты атаулар өзге тілдік бірліктер сияқты этноспен ғасырлар бойы
бірге жасап, халықтың сөздік қорынан ерекше орын алып келеді. Тілімізде
олардағы халықтық, әдеби формаларының өзіне тән жасалу заңдылықтары
қалыптасқан. атауларға лингвистикалық баға беру үрдісі олардың тарихи шығу
кезеңдеріне, даму жолдарына, өзара байланыстарына жан-жақты зерттеу жүргізу
ісін қажет етеді. Олардың тіл білімінің түрлі бағыттарында зерттеу нысаны
ретінде алынуы тек қазақ тілінде, сонымен бірге жалпы түркі тілдеріндегі
айта қаларлықтай маңызды мәселенің шешілуіне жол ашады.
Зерттеу жұмысының нысаны - Тілдік және тарихи деректер мен сөздіктерге
сүйене отырып, қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың
лингвомәдени мазмұнын сипаттау.
Зерттеу пәні. Қазақ лексикологиясындағы аңшылық пен саятшылыққа қатысты
атаулар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты
атауларға лингвомәдени талдау жасай отырып, кешенді түрде зерттеу. Аңшылық
пен саятшылыққа қатысты атаулардың өзіндік сипаты мен олардың лексика-
семантикалық топтарын ашу, талдау болып табылады. Бұл қазақ тіліндегі
аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларына қатысты мәселелерді шешудің
теориялық негізін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету үшін
зерттеу жұмысы мынадай мәселелерді ғылыми жақтан айқындап, саралап алу
міндеттерін қойды:
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларды қазақ тіліндегі тарихи және
тілдік деректерден, зерттеулерден, әртүрлі сөздіктер мен көркем
шығармалардан, жалпы халықтық лексикадан барынша жыйып көрсету;
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың қалыптасу, даму үрдістерін
қарастыру;
- қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларының уәжділік
жүйесін ашу;
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларды тақырыптарға
топтастыру;
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты тұрақты тіркестер мен атаулардың
мазмұнына талдау жасау;
- кейбір аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың этимологиясын
анықтау.
Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері ретінде сөздіктер мен
этнографиялық еңбектер пайдаланылды: М. Қашқаридың Диуани лұғат-ит түрік-
Алматы, І-ІІІ (1997-1998); Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 томдар
(1974-1986); Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі.-Алматы,1996;
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі.–А, 2005; Ж.Бабалықов, А.Тұрдыбаевтың
Қырандар А., 1983; Б. Кәмәләшұлының Қазақ халқының дәстүрлі құсбегілігі
мен атбегілігі А., 2006; Б. Мүптекеқызының Қазақ құсбегілері А., 2006.;
Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы А., 2007.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Диссертацияда қазіргі қазақ тіліндегі ғылыми
әдістемеге негізделген дәстүрлі лингвистикалық әдістер пайдаланылған.
Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларды талдаудың негізгі әдісі –
сипаттама әдісі. Бұл әдіс аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың
құрамын, олардың қалыптасу және даму жолдарын анықтауда қолданылды.
Салыстырмалы әдіс арқылы жалпы түркі тілдеріндегі, қазақ тіліндегі,
сондай-ақ басқа тілдерден енген аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар
сипатталады. Салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы көптеген аңшылық пен
саятшылыққа қатысты атаулардың шығу төркіні, алғашқы мағыналары анықталады.
Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атауларды жүйелі қатынасын көрсетуде
құрылымдық әдіс пайдаланылды. Этимологиялық талдау барысында аңшылық пен
саятшылыққа қатысты атаулардың уәжі анықталады. Аңшылық пен саятшылыққа
қатысты атаулардың семантикалық құрылымы талдау әдісі арқылы зерттелінеді.
Жұмыстың әдістанымдық негіздері. Қазақ тіл білімінде Ә. Қайдар, Ж.
Манкеева, Н. Уәлиев, Г. Смағұлова, Р. Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б.; жалпы
тіл білімінде В. Гумбольдт, А.Вежбицкая, А.А. Потебня, В. Телия т.б.
ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне, мақалаларына сүйендік.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Жұмыста бұрын арнайы
зерттелмеген қазақ тілінің лексикология саласындағы тіл бірліктері –
аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың даму, қалыптасу кезеңдері,
тілдік табиғаты айқындалып, лингвомәдени тұрғыдан сараланып зерттелінді.
Осы орайда жұмыстың негізгі жаңалығы ретінде төмендегі нәтижелерді
көрсетуге болады:
– қазақ тіліндегі АС қатысты атаулары жинастырылып, бірінші рет
тақырыптық топтарға қарай бөлініп, лексикалық құрамына қарай
анықталды;
– аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың лексикалық құрамы
анықталды;
– аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың лексика-семантикалық
тәсілдер арқылы жасалу ерекшеліктері жан-жақты зерттелініп, талданды;
– қазақ тіліндегі аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың уәжділік
жүйесі ашылды;
– аңшылық пен саятшылыққа қатысты кейбір атаулардың этимологиясы
анықталды;
– аңшылық пен саятшылыққа қатысты фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерге
талдау жасалынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Диссертациялық зерттеудің
теориялық практикалық мәні осы семасиологиялық, этимологиялық, талдаудың
тұжырымдары негізінде лексикология саласын, толықтыра, кеңейте зерттей
түсуге өзіндік үлесін қосады. Зерттеу жұмысындағы аңшылық пен саятшылыққа
қатысты атаулардың сипаты мен саны, олардың лексика-семантикалық және
грамматикалық ерекшеліктері лексикологияның лингвистикалық сала ретіндегі
маңызды теориялық жақтарын кеңейтуге өз үлесін қосады. Зерттеу нәтижесінде
қол жеткізген тұжырымдар мен тілдік фактілерді жоғары оқу орындарында қазақ
тілінің лексико-фразеология, этнолингвистика, этимология,
лингвомәдениеттану саласы бойынша оқылатын дәрістерде, арнаулы курстарда
білім беруде пайдалануға болады. Сондай-ақ, лингвомәдениетке қатысты
лексикографиялық сөздіктер жасауға септігін тигізеді. Аңшылық пен
саятшылыққа қатысты атауларға байланысты жинақталған мысалдардың қазақ
тілін өзге ұлт аудиториясында үйрету кезінде де көмегі тиетіні сөзсіз.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- зерттеу барысында жинақталған аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар
лексикалық қабаттарды құрайды және олардың мағыналық, тақырыптық топтары
мен сөзжасамдық сипаты бар;
- халықпен бірге жасасып келе жатқан аңшылық пен саятшылыққа қатысты
мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер арқылы ұлт мәдениетінің ерекшеліктері
аңғарылады;
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың қалыптасу, даму үрдісінде
ұлттық тұрмыс-тіршілік, мәдени өмірі көрініс тапқан;
- этимологиялық талдау кезінде аңшылық пен саятшылыққа қатысты
атаулардың мағыналық реңкін анықтауға болады;
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты тілдік бірліктер ұлттық мәдениет пен
ұлттық дүниетаным туралы ақпарат береді;
- аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулар сөздік қорымыздың ертеден
сақталып келе жатқан қабаты, халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктерін
көрсететін құндылықтардың бірі.
Жұмыстың жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі
материалдары мен мазмұны, тұжырымдары мен негізгі нәтижелері төменде
көрсетілген халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда: Қазақ
тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы Профессор
Айтбай Айғабыловтың 70 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-теориялық
конференция (Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы.
- 2006. №4 (94); Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы Профессор
Хасан Кәрімұлы Мұхамбеттің 75 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары. (Алматы, 2007); Мемлекеттік тіл
саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі Академик Ө.
Айтбайұлының 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық
конференция (Алматы, 2007); ҰҒА Хабаршы. Филология сериясы. 2007, №4 (164);
Шежірелі Жетісу Ғ. Ормановтың 100 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-
практикалық конференция (Талдықорған, 2007); әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Хабаршысы. Филология сериясы. - № 2 (110); Ұлағат журналы 2008, № 4;
Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 2008, № 8; Тіл және жаһандану: бүгіні
мен болашағы атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2008)
жинақтарында жарияланды.
Сондай-ақ, жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ
филологиясы кафедрасында өткен лингвистикалық семинарда (№8 хаттама 25
сәуір 2007 ж.) және кафедра мәжілісінде 22 желтоқсанда (№ 5 хаттама)
талқыланды. Зерттеу жұмысы бойынша 9 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытындыдан
тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу жұмысында АС қатысты атаулардың мағыналық сипаты, оларды жасау
барысында қолданылатын тілдік амал-тәсілдер жан-жақты қарастырылады.
Диссертацияның Тіл және мәдениет деп аталатын бірінші бөлімінде тіл
мен мәдениет арасындағы байланыс мәселесі және оған қатысты зерттеулерге
талдау жасалынды.

1.1 Тіл мен мәдениеттің байланысы мен ерекшеліктері
Әлем өрісінің, заман құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Ғылым
мен өнер көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жердің шалғай ғалам
кеңістігін де нақты деректермен беріле зерттеп, мүмкіндігінше оларды
адамзаттың өмір шындығына біртабан жақын, шынайы бейнелеуге ізгі
талпыныстар жасауда.
Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау, жалпы тіршілік-әлемге
деген көзқарасы - ғасырлар бойы қалыптасқан философиялық ойлау мәнері,
қоршаған әлемді қабылдау үрдістерінің нәтижесі және ұлттық құндылықтар
әлемінің көрсеткіші деуге болады.
Шындықты әр ұжым, әр ұлт өз биігінен таниды. Өз биігі дегеніміз ғасырлар
бойы қалыптасқан ойлау ерекшелігі, дүниетанымы, сана-сезімі. А.Вежбицкаяның
айтуы бойынша, тіл біріншіден, адамға қызмет ету үшін жаралған және
әлемдегі объектілер мен құбылыстардың тілдегі барлық категориялары адамға
бағытталып жасалған. Бұл - кез келген тілдің қасиеті. Екіншіден, кез келген
тілдің ұлттық ерекшелігі бар және тілде тек табиғи немесе мәдени
ерекшеліктер ғана емес, сонымен қатар, ұлттық мінез-құлықтың ерекшеліктері
де айқындалады [1, 21-б.].
Тілдің қоғам өміріндегі маңызы туралы ғалым Қ.Аханов: Адам санасында
шындық өмірдің бейнеленуі тілсіз іске асуы мүмкін емес. Тіл біздің ойымызды
білдіре отырып, қоршаған шындық өмір жайындағы білімімізді сақтап жеткізуші
болып есептеледі. Тіл объективті дүниедегі заттар мен құбылыстар, олардың
сапа, белгілері және бір-бірімен қарым-қатынасы туралы қандай бір ойды
болса да айтып жеткізуге икемді келеді деп жазады [2, 50-б.].
Адам дүниедегі бір затты тілдегі сөздермен белгілейді, ал тілдік бейнесі
жоқ, тосын дүниені немесе затты қабылдау санаға қиын соғады. Әлемнің адам
санасындағы бейнесі тілдегі бейнелермен, яғни сөздермен өте ұқсас, көп
жағдайда олар бірін-бірі қайталайды.
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі сыртқы және ішкі факторларға
байланысты әр түрлі болғандықтан, тілдегі ерекшеліктер де сан алуан. Сыртқы
факторларға географиялық орта, әлеуметтік жағдай, шаруашылық түрі, діннің
ықпалы, тарихи жағдай т.с.с. жатса, ішкі факторларға әдет-ғұрып,
дүниетанымды, әдеп-шарттарын, жол-жосықты жатқызамыз.
Тілдегі әлем бейнесі, басқаша айтқанда, сөздердің қоршаған дүниені
белгілеп атауы қандай жағдайларға байланысты жүзеге асады деген сұраққа
көптеген ғалымдар осы уақытқа дейін жауап іздеуде. Бұл тақырыпқа байланысты
зерттеулер тілдің әлемді танудағы қызметін жан-жақты қарастыратын әр түрлі
пікірталас тудыруда.
Тілдің күрделі жүйе екені және ол әр түрлі кішігірім жүйелерден тұратыны
мәлім. Сонымен қатар әр жүйенің өзінің тілдік бейнесі бар. Солардың ішінде
танымдық мүмкіндіктері басымырағы – тілдің лексикалық жүйесі.
Морфологиялық, синтаксистік және тағы басқаларына қарағанда әлемнің
лесикалық бейнесінің басымырақ болуы тілде басқа бірліктерге қарағанда
лексикалық бірліктердің есепсіз көп болуымен түсіндіріледі.
Тілдегі әлемнің ұлттық бейнесі туралы айтқанда, ғалымдар концепт ұғымын
қарастырып жүр. Концепт - ұлт тұрғысынан қарағанда бір атаудың
мағынасындағы ассоциативті түсініктер жиынтығы, заттың, құбылыстың,
абстракт атаудың сол қауымның дүниетанымындағы толық және өзіндік бейнесі.
Кез келген ұлт тұлғасының танымы осы концептер шоқтығынан орын табады.
Белгілі бір концепт түсінігі тек тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар тілдік
емес құралдар, мысалы сезім арқылы да танылады. Б.Жұмағұлованың айтуынша,
қарапайым наивная әлем бейнесі мен ғылыми әлем бейнесінің шекараларын
анықтау мәселесі концепт ұғымының пайда болуына және дамуына ықпал жасады.
Бұл термин тіл біліміне логикадан алынған [3, 16-б.].
Кез келген атау тіл арқылы бейнеленіп көрінеді, ұрпақтан ұрпаққа
жеткізіледі. Әр халақтың өзіне тән, іштей дамыған рухы бар. Сол рухтың
ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап тұрған ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші күш –
тіл. Ол адамның ой-санасымен, мәдениетімен, рухани өмірімен тығыз
байланысты. В. фон Гумбольдттың түсіндіруінде тіл дүниені тікелей түрде
бейнелемейді. Тіл адамнаң дүниені қалай түсінетіндігі туралы көрініс
береді. Ғалымның пікірінше сөз – заттың тура таңбасы емес, оның біздің
санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі. Яғни, тіл
кез келген жеке заттарды бейнелегенде тілде сөйлеушіге сол затты қоршаған
дүниенің есігін ашады, әлемді танытады [4, 115-б.].
Этнографтар, мәдениеттанушылар халықтың замандар бойындағы тұрмыс-салты,
әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған материалдық байлық, рухани
мәдениетке қатысты жайларды зерттегенде тіл фактілеріне соқпай өте алмайды.
Өйткені тіл – солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі.

1.2 Тіл біліміндегі лингвомәдени зерттеулер
Бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа
қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениетпен болымсыздық ерекшеліктерді
таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ.
Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастап ғалым-тілшілер І. Кеңесбаев, Ә.
Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж.
Манкеева, Г. Смағұлова, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков т.б.
ғалымдар еңбектерінде тіл фактілерінің сипаты ретінде танытылады. Осы
аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің
зерттеулерінің лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.
Лингвомәдениеттанудың өркениеті, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын
тілдік тұрғыдан сөз ету пәннің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы
жайт тұрғысында, сондай-ақ, көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам
саласының қызметін арттыруда халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін
тілші А. Салқынбайдың мына пікірі толықтырады: “Тілдік деректерді
лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами
гуманитарлық, мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады.
Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз
көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде
қарастырылады” [5, 41-б.].
Мәдениет - қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне
әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші
халыққа оның тілді деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп
отырғанымыз – мәдениетті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар.
Тұрмыстық лексика жайлы құнды деректерді Ж.А.Манкеева еңбектерінен таба
аламыз. Ғалым тұрмыстық лексикаға былайша баға береді: Сонымен, көне
тамырлы этнолексика халықтың этномәдени тарихы және тілдік шығармашылығы
туралы баға жетпес ақпарат көзі болып табылады. Оның негізін құрайтын
тұрмыстық лексиканың дені – ұлттық материалдық мәдениеттің реликті, әрі
рухани байлығымыздың түбірі. Себебі, бұл жүйедегі сөздер тек атауыштық қана
қызмет атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты атаулар
немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін,
сипатын, түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс
бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған
қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар – қазақ халқының
материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші [6, 5-13-бб.].

1.3 Аңшылық пен саятшылық өнерінің қазақ мәдениетіндегі орны
Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе
өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы
жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны
дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа
қашалған аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті.
Аңшылық - адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі
болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін
шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат
ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат
баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң бе-руі мен
технократтық өркениеттің кең қанатжаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі
діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті
қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. Сондықтан
аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды.
Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы
дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу оның аң-құсын, әсіресе қазақтар
Құдайдың малы, қоңыр аң деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі,
құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз
қыруға жол берілмеді.

1.4 Аңшылық пен саятшылықтың тарихи-этнографиялық, лингвистикалық
тұрғыда зерттелуі
Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Гильом де Рубрук болса, 1252-1254
жж. қаңлы-қыпшақ жерін аралаған саяхат күнделігінде Оларда ителгі және
сұңқар құстары өте көп. Олар құстарын оң қолдарына отырғызады және
сұңқарлардың мойындарында құс кеудесінің ортасына дейін салбырап тұратын
жіңішке қайыс тағады, – деп жазады [7, с. 25].
Поляк жазушысы А. Янушкевич Қарқаралы округіне жер аударылған кезінде
қазақ халқының өмірін, дәстүрін және мәдениетін зерттеген. Жазушы қазақтың
саятшылық дәстүрі туралы да қызықты мәліметтер береді. Оның Жолшыбай біз
балапан бүркіт өлтірдік, оның өліміне қазақтар қатты қайғырды... деген хат
жолдарынан қыран құстың қазақ үшін орны ерекше екендігін аңғарамыз [8, 252-
б.].
Ал, Жошы ханның айналасында үш мың қыран, Абылай хан 500 бүркіт, 300
қаршыға, сұңқар ұстағаны жайында деректер айтылса, бұл ғажап өнерді Абай,
Шоқан, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Иманжүсіп, Сәдуақас
Шормановтардың жалғастыруы заңды сабақтастық.
Қазақ этнограф-ғалымдары арғымақтың, қыран бүркіттің, құмай тазының
қадір-қасиетіне, болмысына жеке-жеке тоқталып, олардың саятшылықтағы ерекше
орны туралы мол зерттеулер ұсынып келеді. Сонымен қазақтың құсбегілік,
атбегілік, тазы күту дәстүрлері туралы жазылған мәліметтер өте көп. Атап
айтқанда саятшылық туралы жазған қазақ ғалымдары мыналар: С. Мұқанов, Ә.
Марғұлан, Ж. Бабалықұлы, А. Тұрдыбаев, Б. Кәмәлашұлы, А.Тоқтабай, Халифа
Алтай, С. Қасиманов, О. Оралбаев, А. Сейдімбеков, Н. Қазыбеков, Ә. Нүркеев,
Ә. Доспамбетов, Ғ. Нұрпейісов, Н. Қазыбеков, Б. Мүптекеқызы, Б. Хинаят,
т.б.
Әйгілі академик Әлкей Марғұлан: Қазақстанның көптеген ежелгі мәдени
ескерткішінің ішінде кейінгі кезде назарға көп аса ілінбей жүрген біреуі
бар дегім келеді. Ол – саятшылық өнер. Оның тарихи ескерткіш екеніне
ешқандай күмән жоқ, – дей келіп, осынау мол мұраны сақтап қалудың
қажеттілігін көп айтқан. Сонымен қатар ғалым Саят құстары деген ғылыми
еңбек жазып, онда саят құстардың жаратылыстағы ерекшеліктері, саят
құстардың түрлері, саят құстарын ұстау әдістері және оларды баулып аңға
қосу жайлары, саят құстарын түлету, жемдеп баптау, күтімі, тәрбиелеу ісі,
құстардың түлек жастары, саят құстарына керек саймандар, саятшылық өнері –
мәдени істің бірі сияқты мәселелерге кеңінен тоқталады [9].
Академик Ә. Қайдардың Тысяча метких и образных выражений атты
еңбегінде тілімізде қолданылатын фразеологиялық тіркестердің туу уәжіне,
қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасаған. Мысалы, жерден жеті қоян
тапқандай, жер соғып қалу, қанжығада көрісу, қанжығаң қан болсын, қан
сонар, сауға сұрау, ұлардай шулау, ұя бұзар, шідер үзер, шілдің боғындай
бытырау, ініне су құю, құралайды көзге атқан т.б. Ініне су құю=покончить
раз навсегда Фразеологизм (досл. залить нору водой) образован на основе
выражения, возникшего в лексиконе охотников за мелкими полевыми зверьками:
сусликов, тушканчиков и др.; они ловили их, загоняя в норки, заливая водой,
суслики не могут долго удержеться, намокшие, они быстро вылезают в руки
охотника [10, стр. 343].
Академик Ә. Қайдардың Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің
түсіндірме сөздігі және зерттеу) атты еңбегінде 2 мыңнан астам мақал-
мәтелдердің табиғаты зерттелінген. Мысалы, ... Ұяда нені көрсең, ұшқанда
соны ілерсің (аларсың) деген халық педагогикасының өзекті мәселесі –
жасөспірімдер тәрбиесінің концепсиясына айналып отырған мақалдан айқын көре
аламыз. Бұл мақал о баста аңшылар лексиконында бүркіт балапанының қара
қанат болғанға дейін табиғи тәрбиесіне байланысты қалыптасса, дами келе,
"отбасында қандай тәлім-тәрбие алсаң, өскенде соны істейсің" деген ауыс
мағынаға айналып, адамға қатысты қолданылып келе жатқаны белгілі деп
тұжырым жасаған [11, 85-86-бб.]
Совет Зәуре Қобыланды батыр жырының лексикасы (тарихи-
этнолингвистикалық зерттеу) атты диссертациясының Аң-құс атауларына
байланысты теңеулер тараушасында халқымыздың күнкөріс кәсібі құсбегілікпен
байланысты туған теңеулерге талдау жасағай келе, Жырдағы кейбір теңеулер
кейбір кейіпкерлердің іс-әрекетінен әртүрлі құсқа, соның ішінде алғыр,
ұшқыр құстарға теңеп айту арқылы көрініс табады. Мысалы: қабағы тастай
түйіліп, ақ сұңқар құстай шүйіліп. Халқымыз ел қорғаған батыр ұлдарының
әрекеті, қырағылық өнері, тіпті жортуылдағы табысының өзіне ерекше мән
беріп, кереметтей асыл сөзбен теңей білген. Осымен байланысты аң, құсқа
теңеудің де жырдағы кейіпкер бейнесін ашуда орны ерекше. Мысалы, жырдағы
теңеудің негізгі қызметінің бірі батырдың жауға аттанғандағы қимыл-әрекетін
бейнелеп көрсету болып табылады. Бұл ойымызға дәлелді қойға тиген
қасқырдай, арыстанға ұқсады, түлкідей көзі жайнады, аш күзендей бүгілді, ақ
бөкендей жосылды т.б. теңеулерден табамыз [12, 18-19-б.].
Айтмұқашева А.А. Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика
тақырыбында жазған диссертациясында Саятшылық пен аңшылыққа қатысты лексика
тараушасында Бала бүркіт, томаға, салбурын, қанжыға, мылтық, сонар, тұғыр,
жер соқтыру, мұзға отырғызу сияқты кәсіби сөздердің этимологиясына, қолдану
ерекшелігіне талдау жасалған. Фразеологизмнің қалыптасуына негіз болған
аңшылық өнер екеніне дәлелді пікірлер берген [13, 51-58-б.].
Хазимова Ә. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық-мәдени деректері атты
ғылыми жұмысының Аңшылық пен саятшылық өнеріне қатысты фразеологизмдер
тараушасында томаға тұйық, қан сонар, мұзға отырғызу, жер соқтыру т.б.
тұрақты тіркестердің қалыптасу мотиві қазақ халқының аңшылық дәстүріне
байланысты екенін көрсетеді. Тілімізде аңшылық дәстүрге байланысты
қалыптасқан түлкі мінез, қоян жүрек, арыстандай құтыру, аюдай ақыру, аш
күзендей бүгілу, ақ иық болу, ақ жем, түлкі бұлаң, ақ бөкеннің таңындай,
жібек баулы қырандай сияқты тұрақты тіркестердің
ерекше орын алуы – олардың халық өмірінің тарихи айнасы екенінің тағы
бір дәлелі [14, 72-б.].
Орыс тіл білімінде аңшылық лексикаға байланысты бірнеше диссертациялар
қорғалған, атап айтсақ, Аркушин Г.Л. Охотничья лексика западно-полесских
говоров[15], Герасимова Д.В. Лексика, связанная с охотничьим и рыбным
промыслом, в мансийском языке [16], Боргояков В.А. Лексика охоты и
рыболовства в диалектах хакасского языка [17].
Жұмыстың Аңшылық пен саятшылыққа қатысты атаулардың
семантикалық топтары атты екінші бөлімінде аңшылық пен саятшылықта
қолданылатын құрал-жабдық атаулары, амал-айлаларды білдіретін сөз
тіркестерінің тілдік ерекшеліктері, саят құстарының атаулары мен тілдік
ерекшеліктері, аңшылық пен саятшылыққа қатысты тұрақты тіркестер туралы сөз
етіледі.

2.1 Аңшылық пен саятшылықта қолданылатын құрал-жабдық атаулары
Жеті қазынаға байланысты ұғым-түсініктер қазақ ауыз әдебиетінде де,
халқымыздың рухани-мәдени өмірінде де әр түрлі нұсқада кездеседі. Мысалы:
Жүйрік ат – адамның қанаты,
Қыран бүркіт – жігіттің қуаты,
Құмай тазы – берік сенімі,
Берен мылтық – қаһарлы от,
Өткір кездік – сұсы,
Ау-жылым - әдіс-айласы,
Қандауыз қақпан – серті.
Осында сөз етіліп отырған жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен
мылтық, өткір кездік, ау-жылым, қандауыз қақпан кең дала төсінде аңшылық
пен саятшылық (АС) құрған халқымыздың ғасырлар бойы қолданып келе жатқан
тұрмыстық құралдардың атаулары. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорынан АС
қолданылатын құрал атауларының сан жағынан мол екенін аңғаруға болады.
Көшпелі тіршілікпен өмір сүрген халқымыздың АС дәстүрі күнкөрістің өзекті
бір саласы, кейін әскери жаттығудың, шынығудың үлгісі болған. Өркениетке
қол жеткізген бүгінгі таңда, дала төсінде ата-бабамыз сара жолын салып
кеткен АС дәстүрі күні бүгінге дейін ұмыт болған жоқ.
АС қатысты құрал-жабдық атаулары (60-қа жуық) күнделікті тұрмыс-
тіршілікте қолданылатыны, бірақ кейбір атаулар мен тілдік бірліктер
(биялай, кездік, садақ т.б.) тіліміздің пассив қабатына өткені байқалады.
АС қолданылатын құрал-жабдықтарды жасалу ерекшелігіне, қолдану аясына қарай
төрт топқа бөліп қарастырғанды жөн көрдік.
1. Ұрып-соғу, ату құралдары: мылтық, садақ, шоқпар, сойыл, қамшы, қанжар,
атқы, сақпан, айбалта, қатыр, саржа, семсер, сембе, таяқ, сүңгі т.б.
2. Жүннен, матадан, қылдан жасалатындар: арқан, арқамшы, тор, ау, сүзу
жіп, шыжым, құсбау, бау (балақ бау, аяқ бау, шыжым бау, ірге баужелі
бау) т.б.
3. Аң-құстарды үркіту үшін қолданылатындар: дабыл, сақпан, шың, дауылпаз,
дудыға, қоңырау т.б.
4. Арнайы жасалатын құрал-жабдықтар: қақпан, түтік, бүркіт құндақ,
биялай, тұзақ, бүркіт балдаққолдық, аяққап, ырғақ, жезтұяқмыстұяқ,
жем қалта, жемсауыт, тұғырқұсағаш, томаға, құсқода, шырға, шәңгек,
қанжыға, қыранүйіталүйшікқұсхана, иыққап, таңдай ағаш т.б.
Аңдарға құратын тұзақтың, аудың атауы М. Қашқари сөздігінде кездеседі.
Бұл грамматикалық еңбек қана емес, сол замандағы түркі халқының тұрмыс-
тіршілігінен, мәдениетінен, салт-дәстүрінен мағлұмат беретін бай жазба
ескерткіш. Мысалы АС құстарды баптау, итпен аң ұстау, тұзақ құруға
байланысты тілдік материалдар бар: ҮШЛҮШ: қоян тұзағы. Ұштары бір темірге
бекітілген үш тал шыбықтан жасалады (1 том. 125 б.). СЫҒЫР: хандардың көп
адаммен бірігіп құратын бір түрлі ауы. Ханның адамдары орман мен қырларға
таралып, жабайы аңдарды хан тұрған жаққа қуады. Хан алдына келген аңдарды
еш қиналмастан аулай береді (1 том. 420 б.). ҚЫСМАҚ: ілмекті жіп, қыспақ;
тұзақ шалма (1 том. 534-б.). JAPҒАҚ ИАПҒАҚ: құс аулайтын тұзақтың бір түрі
(3 том. 60-б.). САШРАТТЫ: шашыратты. Тұзақтың бір түрі saшratғu: сашыратғұ
– шашыратқы. Ол тұзақ мынадай болады: Екі айыр бұтақтың арасына тұзақтан
жіп байлайды. Оны топыраққа көміп, үстіне дән шашып тастайды. Жем жеуге
келген құс тұзаққа не аяғымен, не мойнымен ілініп қалады. Мақалда былай деп
айтылған Saшratғudыn қоrқmыш қuш қыrқ jыl азrы jығаш үze қоnmas:
Сашыратқыдан қорыққан құс қырық жыл ағаш үстіне қонбас (2 том. 475-476-б.)
Саятшылар қыран құстардың ішін тазалау үшін, аузына су құю үшін не
сұйық құюда түтікті пайдаланады. ТҮТІК 1. Зат. Іші қуыс, сырты жұмыр,
жіңішке зат. 2. ет. Қап-қара болып өңі қашу, түсі бұзылу. (ҚТТС 9 том,
А.,86. -560. 352б.) Құсбегілікті ең қажетті құрал болғандықтан оны өзімен
бірге алып жүреді. Түтіктің ортасы қуыс, екі ұшы ашық етіп жасалады.
Түтікті тырна, қарақұс, көкқұтан, малдың, қоянның жіліктерінен, асықты
жіліктен қамыстан, қурайдан, дайындайды, кейде металдан да құйып
дайындайтын болған.
Орта ғасырда жазылған М. Қашқари еңбегінде түтікке байланысты мынандай
дерек бар. ТҮБЕК: түбік. Талдың, сол секілді ағаштардың қабығын жармай
діңінен суырып алады да түтік жасалады. Балалар сол түтікшеге жұмыр бұршақ,
тас, қатты жұмыр нәрселер салып, торғай атып ойнайды. Құс ататын мылтық
тәрізді үрлеп атылады. Ол ағаштың ішін қуыстап ойып та жасалады. (1том 446-
б.) Түтік сөзінің түбірі – тү. Оны түбірлес сөздермен салыстыру арқылы
байқауға болады. Түтіктү+тік, түкіртү+кір, түшкіртүш+кір. Түтікті
үрлегенде, түшкіргенде не түкіргенде дыбыс шығатыны белгілі. Түшкіру ≈
түкіру ≈ түтік дыбыстық еліктеуіштен пайда болған сөздерге ұқсайды.
Ұлттық мәдениеттің, тарихи дәуірдің куәгері, халықпен бірге жасап келе
жатқан АС қолданылатын құрал-жабдық түрлерінің пайда болуы, оған әр
қоғамның ықпалы, олардың жасалу тарихы мен тұтыну ерекшеліктеріне тарихи-
лексикологиялық, этимологиялық талдау жасау арқылы анықталды.
АС қолданылатын құрал-жабдықтардың дүниеге келуі, материалдың негізі мен
аталу уәждері, жасалуы қазақ топырағына тән идеялармен жүзеге асқан. Құрал-
жабдық атаулары бүгінде қазақтың көне де байырғы, құнарлы да күрделі
лексикалық қордан орын алып отыр, бұл атаулардың мән-мағынасына үңілсек,
халықтың ақыл-ойын, психологиясын, дүниетанымын аңғарамыз.

2.2 АС қатысты амал-айлаларды білдіретін сөз тіркестерінің тілдік
ерекшеліктері.
АС аң-құстарды қолға түсіру үшін әртүрлі айла-амалдар қолданылады. Соған
байланысты тілімізде көптеген атаулар мен тілдік бірліктер бар. Жыртқыш
аңдарды аулағанда пайдаланылатын әдістердің түрлері де сан алуан. Әрине
әрекет бар жерде ғана тірлік бар. Сол себепті де АС қатысты амал-айлаларды
білдіретін сөз тіркестерінің барлығы дерлік етістікті тіркес болып келеді.
Бұл жөнінде профессор Р.С. Әмір: Етістік сөздер сөйлемнің құрамын,
құрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық
мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі,
іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп. Етістік сөздер
басым компонент ретінде сөз тіркесін қабысу, матасу, меңгеру амалдары
арқылы құрайды - дейді [18, 31-б.].Біз зерттеу нысаны етіп алып отырған
етістікті тіркестер екі түрлі байланыста көрінеді. Қабыса байланысқан және
меңгеріле байланысқан. Енді соларды тізбелеп көрсетсек, қабыса байланысқан
сөз тіркестері:
Бұлғап (шақырып) ату, қарды омбылап аулау, тояттатып ұстау, ін қазып
аулау, шақырып ату, ор қазып аулау және т.б. Қабыса байланысқан сөз
тіркестерінің барлығы дерлік күрделі көсемше мен етістіктің тіркесінен
құралған.
Меңгеріле байланысатын сөз тіркестері: Тасқақпен аулау, түтін салу,
аумен, тормен ұстау, тұзақпен аулау, құмқақпанмен аулау, қақпанмен аулау,
құспен аулау, мұз қатыру, мұзға отырғызу, мойын қатыру, түтін салу, қарға
орану, із шалу, ізге түсу, итпен аулау, інге су құю және т.б.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының көп
бөлігі көмектес септік жалғауымен құрылған, бұл аңшылық әдісте халық
көбінше арнайы құралдардың, заттардың көмегімен аулағанын білдіреді. Соңғы
тіркес інге су құю түрінде құралған. Барыс септікті зат есім сөзді
меңгеру арқылы құрылған бұл етістікті тіркес делибаративтік қатынасты
білдірген тіркес. Меңгерілген зат есім мен етістіктің арасындағы бұл
қатынас тура толықтауышы бар контексте пайда болады. Осы мағына кеңейтіліп,
барыс септіктегі есім (тұйық рай етістік) - етістік құрамындағы сөз
тіркесі арнауды білдіретін (делибаративтік) қатынасты да білдіру үшін
жұмсалатыны бар...[ 18, 39-б.].
АС қатысты амал-айлаларды білдіретін сөз тіркестерінің басымы
меңгеріле байланысқан сөз тіркесіне құралған. Жалпы, етістікті сөз
тіркестері бағыныңқы сыңарды меңгере байланыстыруы көп болады. Бұған дәлел
ретінде: Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістікті
сөз тіркестерінде өте мол көрінеді - деген ғалым пікірін де келтіріп өтсек
болады [ 18, 31-б].

2.3 Саят құстарының атаулары мен тілдік ерекшеліктері

2.3.1 Қыран құсқа қойылатын аттардың жасалу жолдары
Қыран құсқа қойылатын аттарды лингвистикалық тұрғыдан зерттеу тілдің
тұтас қалпын синхрондық түрде талдаудың маңызды бір жолы болып табылады.
Бұл жағдайда қыран құсқа қойылған атауларды зерттеудің өзіндік заңдылықтары
да бар екендігін аңғаруға болады.
Қазақ халқы – қыран тектес халық. Үнемі биікте ғана самғайтын, даланың
тыныштығы үшін алаңдайтын қырандарды халқымыз азаттық құсы деп дәріптеген,
мәселен Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағында да алтын күн мен қыран бейнесі
сомдалғаны баршаға аян. Қыран құс халқымыздың ауызекі сөйлеу тілінен
бастап, өрнекті өлеңдеріне дейін көркемдік дәнекері болғанын айшықты сөз
тіркестерінен аңғаруға болады. Қазақ құсбегілері қанатына күн қондырған
қыран құстарға ат қоюда тіліміздің небір шұрайлы да көркем сөздерін қолдана
білген. Белгілі этнограф Б. Кәмалашұлы тілімізде тек бүркіттің ғана 200-ден
аса атауы бар, ал құсқа берілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңшылық пен саятшылыққа (АС) қатысты атаулардың семантикасы
«Саятшылық» концептісі
Аңшылық кәсібінің мәдениеттегі орны
Араб - парсы тілінен енген сөздер
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
Тіл және коммуникация
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Пәндер