Оқу барысында мектеп оқушыларының өз мотивациялық аумақтарына белсенді қатынастарын қалыптастыру


Оқу барысында мектеп оқушыларының өз
мотивациялық аумақтарына белсенді қатынастарын
қалыптастыру
Бұл тарауда мектеп оқушысының тұлға рнтіндо дамуында аса маңызды да, кей жағдайларда шешуші орын алатын мотивациялық аумақтарының тұстары жайлы әңгіме қозғаймыз. Өзінің мотивациялық аумағына белсенді қатынасы, оның мотивтеріне, мақсаттарына, оларды өзгертс білуге, жақсартуга дсген қабілеттілігі адамды өз мотивациялық аумағының субъектісі етеді, өзін-өзі тәрбиелеу барысының субъектіне айналдырады. Мектеп жасының соңына қарай барлық балалардың бойында мұндай белсенділік деңгейі таныла қоймайтыны түсінікті-ақ, дегенмен бұған талпыну қажет. Жоғарыда аталған іскерліктерге ие болу мектеп оқушыларына тіпті аса жоғары да емес оқу үлгерімі жагдайында басқа іс-әрекеттерде айтарлықтай табыстарга жетугс мүмкіншілік бореді.
Мұғалімнің мектеп оқушыларының өз мотивациялық аумақтарына белсенді қатынасын тәрбиелеу ісінің бірнеше бағыттарын сипаттайық. Мотивациялық аумақты қалыптастыруды іске асыруда әрбір ынталандырушы фактор (мотив, мақсат және т. б. ) баланың мінез-қүлқын өзінен-өзі анықтамайтынын, тек осы аумақтың басқа жақтарымен үйлесе отырып, анықтайтынын ескерген жөн. Мұның өзі баланың жеке ынталарына оқшау түрдс әсер етуден оның тұлғасында елеулі езгерістерді күтугс болмайды дегенді білдіреді. Алайда бұл мұғалімнің мотивациялық аумақтағы бір осал жағын көріп, оған әсер ете алмайды дегенді білдірмейді. Түрлі ынталардың өзара байланыстары ыптаның біреуінің қалыптасуы, мысалы, мақсатты қоя білу өзге ынталардың, мысалы, мотивтердің, тұтас мотинациялық аумақтың күйлеріндегі өзгерістерге әкелетінін шарттайды.
Мысалы, сьныпқа жаңа оқушы келді делік. Оның сабақ үлгеріміндегі қиыншылықтарын байқаған оқытушы (оқушы тапсырмаларды шешу әдістерін талдай алмайды), оның мотивациясын көтергісі келеді. Оқытушының келесі жұмысы мектеп оқушысыныц мотивациясын дамыту мақсатына арналуы мүмкін.
1. Ескі мотивтердің, қалыптасқан түйсік пен сезімдердің көкейкестілігі. Оқушы, әрине, оқудың қандай да бір мотивтерінс ие (мысалы ол білімге құштар, ол ата-анасын нашар баға алып, ренжіткісі келмейді) . Бұл ертеде қалыптасқан бағдарларды алдымен көкейкесті мәселеге айналдыру қажет - бұл мәселелерді мектеп оқушысының түсінуіне көмектесу, олордың мәнін күшейту, ол үшін маңызын ұқтыру, олардың жағымды сезімдік бояуын айқындау. Осы ескі, "өткендегі" мотивтердің негізінде оқушының қайткен күнде де оқуға ынтасы артады.
2. Мақсат жасау тәсілдерін қалыптастыру. Енді баланың өзін мақсатты саналы түрде қабылдап, қоя білуге үйретер кез келді. Жаңа материалды талдау барысында түрлі сабақтарда, үй тапсырмаларын орындау барысында алдымен мектеп оқушысын оқытушының мақсатын түсіндіріп алып, одан соң өзінің тұлғалық мағынаға ие мақсаттарын өз бетіншс қоюға баулу керек. Оны түрлі мақсаттарды қоюға ксзскпелі түрдс үйреткоен абзал - иксмделгіш, тиімді, барған сайын қиын, бірақ шынайы қол жеткізерлік; баланы мүмкіншіліктеріне сай мақсаттарға жетелеуге ұмтылдырған лазым. Қосарландыра мақсат жасау тәсілдерін қалыптастыру; жүмыстарын баланың басқа да өмір салаларында іске, асыруға болады, мұнымсн балаға өзіне мақсат қоюды ғана емес, мақсатты өзіне қолдану тұрғысынан байқап көругео үйретеді. Оқытушы мен тәрбие беруші мектеп оқушысын әрдайым қорғап жүгіре бермеуі керек, ол қателік жіберген күндс "рухын түсірмеуге" тырысып, мектеп оқушысын қоғамдық пайдалы жұмыс жасау барысьнда, мектептіц өзін-өзі басқару процесінде кездесетін қиыншылықты жеңу ләззатынан айырмау керек.
Саналы мақсат, қоюды қалыптастыру сабағы оқытушы оқушысын оқу жұмысының мақсатын қою еңбегі үшін мадақтап, оның жетістіктері мен негіздерін атап көрсеткенде іс жүзіне асады. Мысалы, мұғалім оқушыға ол үшін қиын тапсырма- беріп ( "мақсаттарын" қоюды ұсынып, бұл тапсырманы орындау әдістерін және кезеңдсрін атауға, осы кезеңдердің барлығын да орындап шығуға тапсырма береді. Мақсаттарын жасауда оқытушы әдебиеттегі «мотивация қосу» жәпс "мотивация алу" деген танымал, тәжірибелік құбылысқа жүгінуіне болады. Бұл құбылыстың мәні мынада жұмыстағы жетістіктен соң (әсіресе, егер оны мұғалім, жолдасы атап өтсе) оқушы одан да қиын тапсырмаларды шешуге даярлық танытып, алдыңғы сәтсіз нәтижеде жіберілгсн қателіктерін қайталамай, бұл тапсырманы одан да жемісті орындап шығады. Мұнда мақсатшылдық оқу жұмыстарынын алдыңгы нәтижелерімен байланыс орнатып, баланың тапсырманы орындауға деген қарқындылығы дәрежесінің артуы байқалады. Қандай да бір мақсатты іске асыруға деген ынта-жігері үшін баланың жағымды жетістіктерін байқап, мақтау (мысалы, тапсыр-маны орындау, оның кезеңдерін айрықшалау) бұл жұмысты орындауда тұлғалық мағына береді. Бұл мақсаттар ол үшін жаңа, өз бетінше түсінетін мағыналарға ие болады. Мұндай жағдайда мақсат жаңа мотивке ("мотивтің мақсатқа жылжуы") өрбіп сала береді.
3. Жаңа мотивтің тууы. Егер оқушының мұнан бұрынғы жұмыс кезеңділігінде бағыттылығы болмаған болса, сондай-ақ оған жету әдістеріне ие болмаған болса, онда көптеген кезеңдерді талдау мен әдістік тапсырмаларды
жемісті орындап шыққаннан соң (яки мақсатқа жемісті жеткеннен соң), жаңа мотивациялық бағыттылық пайда болуы мүмкін. Мектеп оқушысын оны түйсініп, сөзбен жеткізе білуге үйреткен жөн. Жаңа мотивтің тууы оқу барысын да кемел дәрежеге көтереді.
4. Мотивтерге жаңа сипаттарды, мінездемелерді (табандылықты, өз бетінше еңбек етуді, басындылықты, әрекетшілдікті) таңу. Мүғалім мақтаған, жаңа мотивпен бірнеше рет орындалған, табысты оқу жұмысы оған мүлдем жаңа тұлғалық мағына бере алады. Оқушыларды осы оқудың тұлғалық мәнін түйсінуге үйрету керек. Онымсн қоса, егер оқушыларды мотивтерді, мінез-құлықтарының мақсаттарын арнайы талдауға үйрететін болсақ, оқу маңызы өзгеруі мүмкін. Осылай, Т. И. Ляхтың біздермен бірлесіп жүргізген зерттеулерінде оқушылар өздерінің мінез-құлықтарын талдауга тапсырма алды (сынып сағатында) . Мұнда оқушылардың назарын адамның не істегенін, қандай әрекет атқарғанын біліп қана қою жеткіліксіз екендігіне (яки оның мақсаты қандай болғанын емес), сонымен бірге оның не үшін бұлай жасағанын (яғни оған не мотив болғанына) да білу қажеттілігіне аудардық. Мотив пен мақсатттың арақатынасы әрекеттің негізгі мәнін анықтай алады. Мысалы, оқушы математика пәнінен қосымша сабақтарына қатысады делік (мақсаты), бірақ ол бұл сабаққа олимпиадада жеңу мақсатымен қатысатын болса (мотив), оның әрекеттерінің жалпы маңызы бір, ал егер ол физикалық-математикалық мектепке өткісі келсе (басқа мотив), онда оның әрекетінің мәні басқада.
Оқушыларға оқудағы мақсат, мотивтерінің арақатынасын, жолдастарының мақсаттары мен мотивтерінің арақатынасын анықтау ұсынылғап педагогикалық жағдайлар ұйымдастырылды. Бұл оқушылардың оқулық маңызын түсінуін негізгі пән етті. Оқушылар бұл тапсырмаларды орындау барысында, мотив меп мақсаттың қатынастары адамның әрекеттерінің маңызын анықтайтынына көздері жетті. Бұл қатынастың өзгеруі мінез-құлықты жаңа сипатпен әрлендіреді. Одан әрі, балаларға осы мотив мсн мақсатгың арақатынасы "кілтімен" - әрекетімен - әдеби кейіпкерлердің мінез-құлықтарын да талдап, "тәжірибелік психологияны" игеру үшін осы әрекеттерді игерудің рөлі атап көрсетілген еді: адам өмірде екінші бір адамды адами әрекеттеріне қарай емес, оның әрекеттерінің ішкі мәніне қарай бағалайды. Өзінің оқу тәртібінің мәнді жағымен жұмыс жасау оны талдау, оны өзгертуге тырысу баланы мотивациялы сала субъектісіне айиалуына бір табан жақындатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz