Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері



Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметінің есептеуіш техниканың техниклық және инструментальды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын териялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыбалаларға білім беру сатысында маңызды. Себебі, балалық шақ-адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес, сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Баланың өзінетән балалық іс-әректінің меңгеруі барысында оның жеке басының себеп-салдарлық құрылысы қалыптасады. Іс-әрекетінің тәжірибесін жалпылау жүреді, қоршаған орта туралы динамикалық дамуы жинақталады. Бұның барлығы өзінің әрекетінде мақсатқа жету шартында баланың бағытына көмек жасайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып
отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру
мәселесі маңызды болып саналады.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы
болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру
әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға
ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім
беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде
қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам
жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және
оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметінің есептеуіш техниканың
техниклық және инструментальды құралдары, оқу процесіндегі есептеуіш
техника құралдарының ролі және орны туралы ғылыми білімнің жүйесі және
оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану
формалары мен әдістері деп анықтама беруге болады. Ал бұл анықтаманы
бастауыш білім беру жүйесіне қатысты басқаша анықтауға болады: білім беру
мекемесінің мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және
балаларға білім беруші (дамыту, оқыту, диагностика және т.б.) құрал.
Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде оқылатын териялық материалдардың
қандай да бір бөлігін машиналық бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда
болды және де мұнда оқу материалының мазмұны мен құрылысында өзгеріс
болады. Оқушы компьютермен жұмыс барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай
алады: компьютерлік оқу бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және
есептерді шығаруда) және бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу,
жіберілген қателерді түзетуде әдістемелік нұсқау алу). Бұл мәселелер оқу
әрекетін жекелендіру-педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі.
Компьютерлік сауаттылықты және жаңа ақпараттық технологияны меңгеру
үрдісі адамдық факторлармен санасуды талап етеді. Бұл мәселе әсіресе
мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыбалаларға білім беру сатысында
маңызды. Себебі, балалық шақ-адамдық дарындылықты байқау көзі ғана емес,
сонымен бірге жанның тез жараланушы және психикалық әлсіздікке әкелетін
кезеңі болып табылады. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балалар өміріне
жаңалықтарды енгізуде өте сақ болу керектігін ескеру маңызды мәселе.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол
адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Баланың
өзінетән балалық іс-әректінің меңгеруі барысында оның жеке басының себеп-
салдарлық құрылысы қалыптасады. Іс-әрекетінің тәжірибесін жалпылау жүреді,
қоршаған орта туралы динамикалық дамуы жинақталады. Бұның барлығы өзінің
әрекетінде мақсатқа жету шартында баланың бағытына көмек жасайды.

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында
технологиялық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікіті
сабақта компьютерді пайдалану-заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет,
компьютерлік желі электронды және телекоммуникация, электрондық оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына,
танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.
Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына
енгізуақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік
техниканың үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық
технологиясы оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік
технологиясының туындауына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып
өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп, ол оқушының өз
бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды оқуды басқаруға,
сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан
шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-
техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.
Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып
табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық
технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология
дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш
техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының
оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін
жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің
жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін
толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән
аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып
отыруға мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен
оқушыларға өз бетімен және бірлесіп, шығармашылық жұмыс істеуге шексіз
мүмкіндік туғызады.
Компьютерлік технологияның оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда оқушылардың
танымдық белсенділігік арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж.А.Қараевтің
еңбегінде көрсетілген. Алайда интернет желісі сияқты телекоммуникациялық
жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның
педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үрдісінде компьютерді
қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп
жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану
оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер,
телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық
және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік
береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік
құралдар ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор. Әрине, қазіргі
компьютер мен интерактивті бағдарламалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен
оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса
отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс
оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың
жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып
бірге отырып қорғау) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған
қызықты түрлерін енгізуге керек етеді. Болашақта әр оқушы компьютерлік
технология арқылы интернет, электрондық желі, электрондық почта арқылы
дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді
толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласына байланысты
озық тәжірибелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайыменен танысуына толлық
мүмкіндік туады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін, яғни
осы негізгі идеясы мен мақсатының өзгергенін көрсетеді.
Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері

1. Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және оны
аналитикалық өңдеуге мүмкіндік береді, себебі бұл ақпарат статикада
емес, динамикада неғұрлым жалпыланған, жүйеленген түрде беріледі.
Хабар алудың жедел әдісі адамзатты қоғамның барлық саласындағы
жаңалықтардан хабардар етіп отырады. Компьютердің жедел жадысының
көлемі, жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да арта түседі,
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығ
өте жоғары болады, ол секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.
2. Компьютерлік технология адамзат қызметінің әр түрлі әдіс-тәсілдерінің
бірі бола тұрып, олардан құрылымдық-мазмұндық диалог құру арқылы
көрінетін, коммуникативті байланысқа түсе алатын айрықша белгісімен
ерекшеленеді (білім беру жүйесін ақпараттандыру).
3. Виртуальды кеңістіктегі жүйе және компьютерлік ойындар.
4. Web-сайт арқылы оқыту-бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Оқушы
дүниежүзілік әдістемелік жүйелермен танысады. Сайтты аша отырып жұмыс
істеу өте қызықты, толып жатқан тақырыптарды қамтиды және мұнда
тақырыптарға байланысты орындалатын тапсырмалар-жаттығулар жүйесі
енгізілген.
5. Интерактивті жүйедегі жұмыс (қажетіне қарай кері байланыс жасау
мүмкіндігін жүзеге асырады).
6. Компьютерлік технологияның көмегімен атқарылатын қызметтің мазмұны
жөніндегі хабарлар мен жедел алмасуды жүзеге асыруға болады (интернет,
электрондық почта, видеоконференциялар). Видеоконференция-лар орта
сапалы арзан видеобайланысты іске асыруға мүмкіндік береді.
7. Оқу үрдісіне компьютердің енгізілуі оңтайландыру есептері деп аталатын
есептің жаңа түрлерін шешуге жақсы мүмкіндік береді. Әдетте
мектептерде мұндай есептер шығарылмайтын, себебі бұл көп уақытты талап
етеді.
8. Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар
құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу,
дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік
береді.
9. Мультимедиалық құралдардың дыбыстық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
акустика сабақтары бойынша қызғылықты бағдарламалар жасауға болады.
Мультимедиа технологиясы оқулық материалының көрнекілігін және
нақтылығын арттырады, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
10. Микроәлемде болып жатқан процесстердің параметрлері мен сипаттамаларын
өзгерте отырып, олармен жұмыс істеу мүмкін болады.
11. Интернет жүйесі дүниежүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста
болып, кез келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мұның
энцеклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және
жаңарып отырады. Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат
жинайды, игереді. Оқушылар мен студенттердің бір тақырыпты әбден
меңгеріп алғанынша оқуына мүмкіндігі бар, уақыт шектелмейді.
12. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық оқулықтың
гипемәтінін барынша толықтыра түсуге мүмкіндік береді. Электрондық
оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік
жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты
ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
13. Компьютер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға
септігін тигізеді. Ең алдымен компьютер оқушыларға өз іс-әрекеттерінің
нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін-өзі бақылау мен түзетуді іске
асыруға мүмкіндік береді.
14. CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары,
мультимедиалық гипертекстер сияқты жаңа электрондық технологиялар
Mosaic және WWW интерфейстің көмегіменоқушылардың оқу үрдісіне
белсенді түрде таратуға, оқу үрдісін басқаруды да жүзеге асырады.
15. Арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы, Power Point арқылы оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын туғызады, яғни фотосуреттер көрсетіп,
қосымша материалдар үшін интернетке сілтеме жасайды.
16. Компьютерлік технология адамның танымдық зерттеу қызметінің жан-жақты
тәсілі, көп функционалды мүмкіндігі (есептеу, тексеру, музыкалық,
графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу,т.б.).
17. Электрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді
технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының
мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының оқушымен кері байланысын
қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде
мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шектеулі түрде іске асады,
педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. Электрондық почта көмегімен
виртуальдық оқу сыныптарын құрастыруға болады. Қазіргі кезде оқытудың
виртуальды әдісін пайдалана отырып, физиканы үйренуге д болады.
18. Электрондық конференциялар кем дегенде пайдаланушының компьютерден
мәтіндерін, конференцияларды бір-бірінен әр түрлі қашықтықтағы
оқушылардың беруімен, алуына мүмкіндік береді.
19. Үлкен ақпараттық массивтердің сақталу қарапайымдылығы (CD-дискідегі
анықтамалық хабар энциклопедиялардың бірнеше томдарынан гөрі аз орын
алады).
20. Excel бағдарламасымен диаграммалар, графиктер, тестер жазуға мүмкіндік
береді.
Оқыту әдісі кезінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін
пайдаланудың дұрыс бағытының бірі-компьютерлік модельдеу, имитация және
виртуальды стенд. Бұл бағыт оқушыға нақты құбылыстар мен объектілерді
зерттеудің құралын айқындауға септігін тигізеді. Мысалы, виртуальды
стендпен жұмыс істеген кезінде оқушылар компьютердің өз командасына берген
бағасын көре алады. Бұл тұрғыдан алғанда шешімнің дұрыстығын ғана емес,
сондай-ақ ұстанған бағыттың күшті және әлсіз жақтарын, жіберілген
қателіктерді де оқушыларға көрсетіп отыратын интеллектуалды танымдық
жүйелерде қолданылады. Оқыту мотивациясы мен оқушылардың жұмыс істеу
қабілетін арттыру үшін де компьютерлік ойындарының алар орны ерекше.
Өйткені жоғарыда айтылып өткендей сабаққа компьютерлік технологияны
пайдалану танымдық ойындар әдістері оқу мотивациясын қалыптастырудың өз
алдына жеке әдістері ретінде көрсетілсе, компьютерлік имитациялық
модельдеуде бұл екі әдістері бірігіп, қойылған мақсатты шешуге зор ықпал
етеді.
Осындай әдіс-тәсілдерді қолдану қоршаған ортадағы құбылыстарды
өздігінен танып-білуге, олардың дамуын негіздейтін ғылыми тұжырымдамалардың
қалыптасуына, игерілетін заңдылықтардың оқушылар жасаған компьютерлік
моделінің негізінде осы тұжырымалардың дұрыстығын тексеріп отыруға
мүмкіндік береді.
Экспертті оқыту жүйелері үш түрлі шағын жүйелерден тұрады: қарым-
қатынас жүйесі, түсіндіру жүйесі, білім жинақтау жүйесі. Бұндай жүйелер
есеп шешімінің тактикасы мен стратегиясын түсіндіру, диалог арқылы есеп
шешімін табу, оқушының қатесін көрсету арқылы біліктілік, дағды мен
білімнің деңгейін бақылау, бақылаудың дұрыстығын бағалау мүмкіндіктеріне
ие. Және де оқушы өздік жұмысқа бағыттай отырып, танымдық белсенділікті
күшейту, өзін-өзі бақылау мен өздік жұмысты орындату арқылы оқытудың
сапасын жақсартып, оқуға деген қызығушылықты арттыруға да септігін
тигізеді.
Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың
педагогикалық мақсаттарын анықтайды.

Компьютерлік технологияны пайдаланудағы педагогикалық мақсаттар
1. Ақпараттық қоғамның жеке тұлғасын дайындау.
2. Ақпараттық білім ауқымын кеңейту, мүмкіндігінше қажетті саладан
мол хабардар болуы.
3. Ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік
қабілетін дамыту.
4. Оқушылардың танымдық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, құбылыстар
мен процесстеді имитациялау, модельдеу есебіне игерілетін пәнді
тереңдете оқыту.
5. Оқушылар үшін физиканы үйретуге арналған білім беру сайттарымен
жұмыс жасай білу, оның ақпараттық даярлығын сапаландыру.
6. Оқу-танымдық үрдісті басқарудың және мектептегі білім берудің
мазмұнын түрлерін және заман талабына сай жаңартып отыруы.
7. Қазіргі қоғамның ақпараттануына байланысты әлеуметтік
тапсырыстарды орындау (жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс
істейтін мамандар дайындау).
8. Компьютерлік телекоммуникациялық жүйеде мультимедиалық
ақпараттарды интерактивті режимде қолдану.
9. оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу
материалын игерудің мүмкіншілігін ашу.
10. Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту оқушының оқу
танымдылық белсенділігін қалыптастыру және тәжірибелік-зерттеу
қызметін жетілдіру.
11. Интернет желісі арқылы пән мазмұнын толықтыру.
12. Оқушылардың танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын
дамыту.
13. Зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін
қалыптастыру. Игерілетін заңдылықтарды, соның ішінде нақты өтіп
жатқан үрдістерді көрнекіліктер арқылы жеткізуге, оқушылардың өз
бетінше мәліметтер алып, өзін-өзі бақылап, бағалауы.
14. оқытудың гуманизациялық принципіне негізделген жаңа педагогикалық
технологияны іске асыру.
Бұл мақсаттар мектептегі оқу үрдісі кезінде компьютерлік технологияны
қолданудың негізгі бағыттарын анықтайды.

Компьютерлік технологияны қолданудың негізгі бағыттары
• Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы
ретінде;
• Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын
түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы
ретінде;
• Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;
• Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;
• Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру
үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын
жасыу;
• Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;
• Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.
Сонымен, педагогикалық мақсаттар анықталды, сондағы танымдық белсенділігін
қалыптастыруды қарастырайық. Ғалымдардың пікірі бойынша оқушылардың
танымдық белсенділігі деп өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және
қорытынды жасау сияқты шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер
тізбегін айтады. Компьютерлік технологияны қолдануда педагогикалық
мақсаттардағы танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін ақпараттық-оқу өзара
іс-әрекет үрдісінің дамуына жағдай жасайтын шарттардың жиынтығын құрайды,
сондай-ақ сол орта бөліктерінің (бағдарламалық құралдар мен жүйелер, оқу-
көрнекілік құралдар) белгілі бір оқу курсының мазмұнын толықтыруы арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Қазіргі замандағы компьютерлік телекоммуникациялар әр деңгейдегі оқу
ақпаратын алу және білім беруде дәстүрлі оқыту әдістерімен бірдей, кейде
одан да тиімді түрде жүзеге асырады.
Жаңа әдістерді гипертехнология, мультимедия телематикалық жүйелер, сияқты
жаңа технологиялар көмегімен оқыту тәсілдерін өрістету жаңа формалы
интерактивтілік ұстанымдарын іске асырудың бірден-бір жолдары болып
саналады. Интерактивті өзара байланыс термині отандық және шетелдік
педагогикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Сөздің тар мағынасында
интерактивті өзара байланыс-бұл қолданушының бағдарламамен диалогы, яғни
тақырыптық сұраныстар және жауаптармен алмасуы. Диалог жүргізудің едәуір
дамыған әдістерін қолдану кезінде жұмыс режимі мен оқу материалы мазмұнының
варианттарын таңдадау мүмкін болады. Бағдарламаны басқару мүмкіндіктері
көбірек болған сайын қолданушы диалогқа белседірек түрде қатысады. Сөздік
кең мағынада интерактивті өзара байланыс дегеніміз-тиісті әдістер мен
тәсілдерді қолдану арқылы субъектілердің бір-бірімен диалогқа түсуі. Бұл
кезде екі жақ сұрақ-жауап алмасу, диалог барысын басқару, қабылданған
шешімдердің орындалу барысын бақылау және т.б. міндеттерді атқаратын
диалогқа белсенді түрде қатысулары қажет. Миллиондаған адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынасқа түсуіне арналған телекоммуникациялық орта
интерактивті орта болып табылады. Интерактивтілік кей кезде коммуникациялық
жүйелерге сүйеніп оқылатын бағдарламалардың тиімділігіне баға бере алатын
көрсеткіш қатарына енеді.
Оқу үрдісінің тиімді болуы ең алдымен оқу материалдарын оқу үрдісіндегі
нақтылы жағдайларға қарай бейімдей білуге байланысты. Осы ұстанымды
өркендету үшін қазіргі заманға сай телематикалық жүйелердің тигізер пайдасы
зор. Бұл жерде оқу үрдісіне сай бейімдеу туралы сөз болып отырған жоқ.
Оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін зерттеп өңдеушілер оқытушылар оқу курсын
немесе оқу материалдарын тартымды да ұғынықты етіп, жеңілдетуі туралы
әңгіме етуде.
Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген, өндірістен қол үзбей сырттай оқитын
қызметкерлерге де қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып
табылады. Компьютер оқу материалының берік мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.
Түсті графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін
пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер
оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Білімге мультимедиа құралдарын енгізу тың мүмкіншіліктер туғызады.
Қашықтан оқыту, мультимедиа құрамдарының дамуы оқушының білім алуын,
олардың белсенділігін арттырады.Арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы, Power
Point арқылы оқушылар мен студенттердің пәнге деген қызығуын туғызуға
болады, яғни түрлі фотосуреттер көрсетіп, қосымша материалдар үшін
интернетке сілтеме жасайды.
Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып
табылады. Компьютерлік телекоммуникациялардың осы заманғы жүйесі физика
бойынш өткізілетін, әр аймақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқудың педагогикалық технологиялары жайында
Компьютерлік оқыту технологиясы
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Технологияның мәндік сипаты
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық технологияларды меңгеруге дайындау мәселесі
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Visual basic ортасында сағат бейнесін құру программасы
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Пәндер