Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы туралы ақпарат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1. Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Несие жүйесінің тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.9
1.2. Несие жүйесінің мәні және қажеттігі.: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.11
1.3. Несиенің түрлері мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.20
1.4. Экономиканы дамытудағы несиенің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.22
2. Несие жүйесінің құрылымы және оның субъектілері ... ..23
2.1. Несие жүйесінің құрылымы 23.24
2.2. Несие жүйесіне қатысушы субъектілер .25.29
3. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның даму
барысы ... ..30
3.1. ҚР.дағы несие жүйесі .31.32
3.2. Банктік емес мекемелердегі несие жүйесінің қалыптасуы .33.38
Қорытынды ... ..39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда несие жүйесі өзекті проблемалардың бірі болып отыр.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінін бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Сондықтан мен бұл курстық жұмыстың тақырыбын - несие жүйесі тура л ы таңдап алдым.
Несиенің мәнін, мазмұнын, экономикалық дамуындағы несиенің маңызын танып білу - осы курстық жұмыстың мақсаты.
Жұмыстың бірінші, екінші бөлімдерінде несиенің мәні, қажеттілігі, формалары қарастырылады.
Несиенің экономикалық дамуындағы маңызына арналган үшінші бөлімінде несиенің маңызын көрсететін негізгі салалар меп несиенің оңтайлы шегі көрсетілген.
Жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-дағы несие жүйесінің дамуы қарастырылады. Мұнда ҚР-ның несие беру жүйесі қалай жүретіндігіп, халықаралық несие жүйесі мен ҚР-ның шетелден алған тәжірибелері көрсетілген.

1. Байсейітов Б., Бәйішев Б. Қаржынды жина. Көш нарыққа //Финансы Казахстана. 1998.
2. Банки Казахстана. Справочно - аналитическое издание. Алматы, 1999.
3. Мәжитов Д. Банк жүйесіне тірек керек // Финансы Казахстана 1997.
4. Расулов Н. Банк жүйесінің даму қарқыны // Финансы Казахстана 1999.
5. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.
6. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.

ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1. Несие және несие жүйесінің ұғымы,
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Несие жүйесінің
тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5-9
1.2. Несие жүйесінің мәні және
қажеттігі.: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-11
1.3. Несиенің түрлері мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-
20
1.4. Экономиканы дамытудағы несиенің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .21-22
2. Несие жүйесінің құрылымы және оның субъектілері ... ..23
1. Несие жүйесінің құрылымы 23-24
2. Несие жүйесіне қатысушы субъектілер .25-29
3. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның даму
барысы ... ..30
1. ҚР-дағы несие жүйесі .31-32
2. Банктік емес мекемелердегі несие жүйесінің қалыптасуы .33-38
Қорытынды ... ..39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .40
Кіріспе
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда несие жүйесі өзекті
проблемалардың бірі болып отыр.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінін бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Сондықтан мен
бұл курстық жұмыстың тақырыбын - несие жүйесі тура л ы таңдап алдым.
Несиенің мәнін, мазмұнын, экономикалық дамуындағы несиенің маңызын
танып білу - осы курстық жұмыстың мақсаты.
Жұмыстың бірінші, екінші бөлімдерінде несиенің мәні, қажеттілігі,
формалары қарастырылады.
Несиенің экономикалық дамуындағы маңызына арналган үшінші бөлімінде
несиенің маңызын көрсететін негізгі салалар меп несиенің оңтайлы шегі
көрсетілген.
Жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-дағы несие жүйесінің дамуы қарастырылады.
Мұнда ҚР-ның несие беру жүйесі қалай жүретіндігіп, халықаралық несие жүйесі
мен ҚР-ның шетелден алған тәжірибелері көрсетілген.
1. Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы
1.1. Несие жүйесінің тарихнамасы
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның рөлі
ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен
пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта
айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін
түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің
табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің
қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымының алдында бір жағынан
теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк
ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда.
Теорияны тәжірибеден оқшау қарастырмау керек екені түсінікті. Барлық
теоретикалық проблемалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні
кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына
қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және
капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы 18-ғасырдың екінші жартысында пайда
болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны
француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак-Куллах
дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік
түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті.
Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі
ғана. Бұл жағдайда несие объектісі табиғи заттай (ақшалай) емес игіліктер
болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде
натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде
материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің
мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы,
өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып
отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше
бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі
заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды.
Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды
құрмайды, - деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие
пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін
дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теорисы натуралистік қарама-қарсы
идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында
шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие
ақшамен және байлықпен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын
экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған
мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп
болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп
қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж.
Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумпетер (Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша
мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі,
сондықтан ол өндіргіш капитал болып табылады, ал, банктер – несие
фабрикасы. Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды. Олар банктер
барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай-ақ олар
банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп
есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің,
экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты
дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары өктем – паздық теориясы
деген атауға ие болады. Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі
инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929-1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық
теорияның абыройын жоққа шығарады. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай
қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары олардыдағдарыстың және
екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар
экономиканы несие мен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие
салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге
болады. ДЖ. Кейнстің тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы
пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа,
табыс – бағаға әсер етеді. Сондай-ақ, ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін
пайызға әсер ететінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін
мойындады.
20 ғасырдың екінші жартысында ақша-несие реттеуінің кенсиандық емес
мектебінің пайда болғаны белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық
ғалымдар П. Самуэльсон, С. Харрис, Э. Хансен, Л. Ледокер, Дж. Гэлбрейт
болды. Олар ДЖ. Кейнстің несиенің көмегімен шаруашылық процестерге
мемлекеттің белсенді араласуы туралы идеясын дамытты.
Олардың ойынша мемлекет экономиканы Орталық банк бюджеті мен
қаржыларының ақша-несие тетіктерінің көмегімен реттеу керек.
АҚШ ғалымдарының басқа бір тобы (Р. Голделлий, С. Кузней, К. Дугел,
Д. Кример) бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, несие капиталдарының нарығын
және оны сегменттерін, олардың экономикамен өзара әрекетін, қызмет ету
параметрлерін зерттеді.
Бұл нарықтың негізгі қатысушылары мыналар:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иеле -
рі: уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар, мемле -
кет;
- уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие-қаржы инсти –
туттары ретіндегі тұлғалық мамандандырылған делдалдар;
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы – заңды және
жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.
Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:
- ақша нарығы – айналым қаражаттарының қозғалысына қызмет көр –
сететін қысқа мерзімді несиелердің (1 жылға дейін) жиынтығы;
- капитал нарығы – орташа мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін) несие –
лердің жиынтығы;
- қор нарығы – бағалы қағаздармен байланысты несие операциялары –
ның жиынтығы;
- ипотека нарығы – жылжымайтын мүлікпен байланысты несие опера-
цияларының жиынтығы.
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне: ел экономикасының дамуы,
елдегі өндірістік және қаражат қорланымының және халықтың әлауқат деңгейі,
соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
Әлемде экономикалық дамудың үш орталығы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа
(ЕО), Жапония.
Төртінші орталық болып – Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.
Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты нарықтары бар. АҚШ-тың
несие капиталдар нарығы олардың ең қуаттысы болып есептеледі. Ол барлық
төрт сараланымның (сегмент) тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді
және әлемдік капитал нарығына маңызды әсер етеді.
Батыс және Еуропаның 24-тен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа
Одағы АҚШ-тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының
(әсіресе қор нарығының) жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті
дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы
нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атуға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының
сараланымы (сегменті) елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк
жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық
базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға
болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-
енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал
корпорациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде
дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен
қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін
өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып
отыр.
Қазақстан да несие теориасының жемістерін тәжірбие кеінен пайдаланып
отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша-несие реттеуінің монетаристік
теориасын қолдана отырып, 1994-1997 жж. өршіген инфляцияны басты және
елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
1.2. Несие жүйесінің мәні және қажеттігі
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарүшылық субьектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туымдайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатън экономикалык негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
деген негіз де бар сияқты, себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне
ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды
білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Несие - бұл пайыз төлеп кайтару шартында уакытша пайдалануға, қарызға
берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
каражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілелін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің
қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың
әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір
формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумем
байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана
формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие — бұл кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойыпша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке
азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мумкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық
қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды үғым,
ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар
несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі
- бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
1.3. Несиенің түрлері мен қағидалары
Несие қатынастарының нақты көрінісін иесиенің түрлері меп қағидалары
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан
тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерте байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өнідіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама
айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен
сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
* бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемінен шектеледі;
* бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни
дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің
көлемі қысқарады;
• бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс
құрал-жабдықтарға шығаратын салалар оларды пайдаланатын
салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн
зауыты өз өнімін комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына
сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына
коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетіи несие.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар:
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де
кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы-
кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несне берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кем. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс үлғаяды. Осыдан банктік несиенің, екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшім төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, опда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер —
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие берүші -әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар жиһаз, жеңіл машиналар,
тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк
пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа
белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен
ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, (мысалы, егер
жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе) беріледі. Мұндай
несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
цикл да жойылмайтыи кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халыкаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға
және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол
жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі.
Ол - жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорыпдар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден
айырмашылығы: бұл несие субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық
жүйесінде пайда болады; несие тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда
несие үшін ақы (процент) төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және
белгілі бір мезгілде өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорында
қаржы қиындығы жойылған соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып
алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын
техникалар несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы
ұлғаяды. Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының
өндірген тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие — ол жылжымайтыи мүліктерді, жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлгалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші халық және заңды ұйымдар, несие
алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік
шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы
артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен
шенеунік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік
емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар мөлшерін
көтереді. Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік
қарыздардың көтерілуімен бірге өседі.
Халықаралық несие - деп мерзімді белгілеу, процент төлеу жәпе кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие ХIV-ХV ғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан - Таяу жәпе Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз
жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан
соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде
банктер, кәсіпорындар, мемлекет; халықаралық және аймақтық ұйымдар
қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей
жіктеледі:
• берілетін мерзіміне байланысты - мерзімнен тыс (тәуліктік, апталық,
үш айға дейін), қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан
бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие. Кейбір
жағдайларда орта мерзімді деп 7-10 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді 10 жылдан
аса уақытқа берілетін несиені айтады. Қысқа мерзімді несие айналмалы
капиталдың қозғалысынан туындайтын қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі.
Оның қайтарылу мерзімі әр елдің экономикалық жағдайына, инфляцияның
деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 90-жылдарға дейін КСРО-да қысқа
мерзімді несие 3-6 айға дейін берілді. Жалпы әлемдік стандарт бойынша
қысқа мерзімді несие 1 жылға дейінгі уакытта қайтарылуы тиіс. Орта
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жаңарту, оны кеңейтуге
байланысты туындайтын ұзақ мерзімді қажегтіліктерге беріледі;
* қызметіне байланысты коммерциялыц несие - тікелей сыртқы сауда мен
көрсетілген қызметке байланысты беріледі; қаржылық, яғни күрделі қаржы,
объектілер салу, бағалы қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу; аралық -
аралас істелетін қызметтерте (яғни капитал мен тауарларды шығару, құрылыс
жұмыстарын орындау немесе "инжиринг", қызмет көрсету) берілетін несие;
* несие түріне байланысты - ол тауарлы, импортшыға экспортшы сатылған
тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық банктердің, ақша
түрінде беретін несиесі;
• несие валютасы бойынша - қарыздар-мемлекеттің
валютасымен, несие беруші-мемлекеттің валютасымен, үшінші
мемлекеттің валютасымен және халықаралық ақша өлшемімен
(СДР, ЭКЮ, ЕУРО) берілетін несие;
• қамтамасыз етілуі бойынша — қамтамасыз етілген (тауар
құжаттарымен, вексельдермен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын
мүліктермен және т.б.); бланктік, яғни қарыздардың міндеттемесімен
(бір кісі қол қойған соло - вексель) несие;
• берілуі бойынша - қолма-қол (қарыздардың шотына жазу),
акцептті (төлеуге келісім берілген), депозиттік сертификаттар,
облигациялық заемдар.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты
әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі
стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының
өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі
несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
* несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім өндіретін
шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат, жанар-жағар
майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын алуға
пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде жиынтық өнімді
өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
* экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген
несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымеп қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады;
* несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге, мысалы,
нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз
етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының
жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
• несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді.
Бұндай болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде
қолданылуынан, яғни несие алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде
қолданып, қайтару уақыты келгенде қарызға алған сомасьн процент
түріндегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz