Оқушыларға патриоттық тәрбие беру


Кіріспе
«Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны қорғап,
нығайтып ұрпақтарға қалдыру керек»
Н. Ә. Назарбаев 2030ж стратегиялық
бағдарлама
Патриоттық тәрбие беру оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру деген сөз. Мектепте бастауыш әскери дайындықтың енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесінің танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы процесс. Адамның дүниетанымы, білімін, көзқарасын қалыптастыруда мектеп шешуші рөлге ие. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік-батырлық істерінің ұлылығын жете түсіндіру мұғалімнің міндеті.
Әр жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін тебірене сезінуі тиіс. Патриотты, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланады.
Еліміздің Конституциясында кең сөз болған аса маңызды теориялы және саяси проблемалар арасында еліміздің Отан қорғау қабілетін одан әрі нығайту мәселелері көрнекті орын алады. Армия мен флоттың қуаттылығын одан әрі көтерудің қажеттілігіне ерекше маңыз берілуде. Әскери-патриоттық тәрбие - жас өренді отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдік және дене бітім жағынан даярлау болып табылады.
Әскери патриоттық тәрбиенің алатын орны ерекше. Өскелең ұрпақтың идеялық сенімі мен өз Отаны үшін қасық қаны қалғанша шайқасуға әзірлеу бір-бірімен тығыз байланысты. Бастауыш әскери дайындықтың енгізілуіне байланысты мектептерде оқушылар арасында жүргізілетін қорғаныс бұқаралық жұмыстардың аясы кеңейеді, жас жігіттерді Қазақстан Қарулы күштері қатарына да қызмет етуге әзірлеу жақсарады. Алайда бұл пән 10-11 сыныптарда өтіледі, ал идеялық тәрбие бірінші сыныптан-ақ басталады.
Жалпы білім беретін орта мектептерде бастауыш әскери дайындық пәнін оқыту соңғы жылдары жақсарды. Осы пәннен сабақ беретін әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жүйелі жүргізетін бастауыш әскери дайындық оқытушыларының қатары көбейді.
Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да шымыр Отан сүйгіш азаматтар даярлаудың іргетасы мектептен, алғашқы әскери білім беруден басталады. Ол үшін пән мұғалімі өз ісінің жетік маманы болуымен қатар жан-жақты білімді, тың ақпараттан хабары мол болуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттер және әскери қызмет» жайлы заңына, Қазақтан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 1 қарашада шыққан №1340 қаулысына сай, орта мектептерде бастапқы әскери дайындық пәні Мемлекеттік пән ретінде оқытылатын болды. Осыдан бұлай жастарды әскер қатарында қызмет атқаруға дайындау, келешек Отанын қорғаушыларды тәрбиелеу мектептердің негізгі міндеттерінің біріне айналды десе болады.
Мектептегі бастапқы әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесімен, ерекшеліктерімен танысады, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет» туралы т. б. заңдармен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп атыс қаруларының үлгілерімен жете танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәліметтермен іс-қимылдарға үйренеді. Мұнымен қатар қыз балалар дәрігерлік - санитарлық іспен айналысады. Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру дегеніміз - оларды саяси, моральдық - психологиялық жағынан егемен елін қорғауға дайындау.
Бұл дайындықтың негізгі бағыттары:
- еліміздегі Қарулы Күштерге деген қамқорлық «Жалпыға бірдей әскери міндет» туралы, еліміздің қорғаныс қабілеті туралы т. б. заңдар мен қаулы - қарарлардың мазмұны мен мақсатын түсіндіру;
- жастарды саяси қырағылыққа, қазіргі кезеңдегі соғыстың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, олардың Отанын қорғау ісіндегі міндеттерін дұрыс түсінуге тәрбиелеу;
- аға ұрпақ өкілдерінің ерлік істерін насихаттау, ерлік пен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып, мақтан тұтуға баулу;
- бастапқы әскери және әскери-техникалық білім алуларын қамтамасыз ету.
Мектептің міндеті оқушыларға саяси және әскери білім бере отырып, Отан сүйгіштік т. б. қасиеттерді дарытып, алған білімдері мен үйренгендерін іс жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі әскери құрылымдарды күшейту арқылы ғана емес, әр азаматымыздың осы жауапты іске тікелей қатысуымен іске асырылатынын әрбір жасөспірім ұл мен қыз жете түсіну тиіс. Республикамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін мынадай педогогикалық талаптар жүзеге асырылуы тиіс:
- әскери - патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу- тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;
- әскери - патриоттық тәрбиені оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жеке қасиеттері мен ұлтық ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі әдістерді пайдаланып түрлендіріп жүргізу;
- әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;
- әскери-патриоттық оқушылардың бастамалық, т. б. ұсыныс талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру.
Жапстарға әскери патриоттық тәрбие беруде халықтық педагогиканың алатын орны ерекше.
Ертеде ата - бабаларымыз есігіне құлып салмай-ақ, бала тәрбиесімен айналысатын арнайы қоғамдық орындары болмаса да, олар өз ұрпағын бесік жыр, өлең - жыр, мақал - мәтел, тақпақ, санамақ т. б. арқылы тәрбиеледі. Сондықтан қазақ отбасында жаман қайғылы қасіреттер болмаған ғой, шіркін.
Қазақ халқында ертеде тәрбие халықтық педагогика арқылы жүрген. Ол басқа халықтардан өзгеше болған. Қазақ жанұясында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдеп - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізілген. Осылайша қазақ жанұясында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбие дәстүрлері негізінде іске асқан, яғни қазақ жанұясындағы ұлттық тәрбиенің негізі - халықтық педагогика болған. Сондықтан болашақ мұғалім халықтық педагогикамен қаруланып, оны жас ұрпақты немесе өз баласын тәрбиелеуде іске асырып жатса, онда келешек ұрпақтың жат қылықтардан аулақ болары сөзсіз.
Ж. Баласағұнидың ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи да дәледдеген еді. Бұл ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады. Туған тілдің ролін түсінудегі пікірлестік олардың түркі халықгарының рухани сұраныстары мен тілектеріне жақындастырды. Мәселен, кезінде ел арасына кеңінен тарап, авторға ізгі атақ әкелген "Құтты білік" шығармасындағы халықтың талғам-білігін аңғартатын толып жатқан арналардың біреуін ғана, яғни тілдің қоғамдық-әлеуметтік, әсіресе, эстетикалық орнын айқындайтын бәйіттерге назар аударсақ, қазақ жағдайында бірауыз сөзбен адам тағдырын шеше беретін дәстүрдің алғашқы бастауын көріп, өткенімізде қаншама рухани байлық жатқанын аңғарамыз.
Жүсіп Баласағұни өзі туған түркі дүниесі халқының салттарының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін жақсы біледі, оның рухани өміріне тереңдей енді. Кандай да бір үлы педагог секілді ол энциклопедист-философ, психолог, тарихшы, лингвист, этнограф, фольклорист, әдебиеттанушы болатын. Түркі халықтарының рухани асыл қазынасы оның көз алдында болды, ғалым олардың мәдениетіндегі сабақтастық пен ортақтыққа қызықты.
Соның ішінде адамдық жетілулердің мәні мен мазмұны жайлы түсінік төрбиенің халықтық идеалдарының түрақтылығынан куә етеді. Кемелденген түлға сипаттары тек тілек-сөздер аумағында ғана мүмкін болған жоқ Олар тәрбие тәжірибесі мен тығыз байланысты алға шықты, яғни сөз бен істің бірлігі халық педагогикасының ең күшті түстарының бірі деп арнайы көрсетеді.
Ұлы данышпанның айтуынша, тәрбие мақсатын жүйеге келтіруге өрекеттенеді. Жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс - автордың көрсетуінде түркі халықгары үшін белгілі өсиет. Аса байкалатыны, олардың адамдық кемелдену зандылығын тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеумен өзара байланыста, бірлікте қарастыратындықтары байқалады. Жетілу - түркілер ұғымында тұлғаның ұнамды жөне ұнамсыз сапаларының бірін-бірі жоққа шығаруы. Жағымды сипаттардың қалыптасуы бұл жерде, ең алдымен адамның жағымсыз сапаларға қарсы тұра алатын ішкі күштерін қолдау ретінде түсіндіріледі.
Ойшыл ғалымның жауынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың қарама-қарсылықтарының халықтық түсіндірмесі мыналар:
• біріншісі - ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді;
• екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады;
• үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;
• төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін;
• бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.
Шығармада халықтық педагогикалық тұжырымдарының дұрыстығы, тиімділігіне назар аудартатын мұндай парасатты мәліметтер жеткілікті.
Ұлы педагог ретінде Жүсіп Баласағұни халықгық педагогика адамзат рухани ілгерілеуінің нақты тарихи кезеңін, педагогикалық білімдер деңгейін көрсете алатынын дұрыс байкайды. Халықтық педагогикалық афоризмдерді ойды білдірудің тиімді құралы ретіңде жақсы көреді. Шынында да халық еш уақытта бала тәрбиелеудің енжар сырттай бақылаушысы болған емес.
Баланың жеке басын қалыптастыруда және оны болашақ өмірге тәрбиелеуде отбасының алатын орны ерекше. Көптеген отбасындағы ата - ана отбасы тәрибесін қалай жүргізу қажет екендігін, яғни халықтық педагогиканы біле бермейді. Ал, осы кезде оларға көмектесетін әрине - мұғалімдер. Демек, болашақ мұғалімдер ұлттық тәрбиені, халықтық педагогиканы білу қажет.
Қасиетті хадис: “Отанды сүю иманнан - дүр”, дейді. Елін сүю, Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы болған. “Отаншыл сезім жас ұрпақ бойына қайдан беріледі? “Отан от басынан басталады”, дейтін халықтың ұрпағы бұл сенімнен шыға алып жүр ме? Қазіргі күні жастарымыздың бойындағы отаншыл рух, патриоттық сезім қай деңгейде?” деген сауалдардың бізді ойландыруы заңдылық.
Мектеп “тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын” білім ордасы десек, тәрбиенің алтын діңгегі осы жерден бастау алатыны даусыз. Бұл алтын ұяда әскери-патриоттық тәрбие қаншалықты деңгейде дамып отыр? Тоқпағы мықты Кеңес дәуірі кезінде тәрбие басқаша болатын. Ол идеологияның санаға имандай сіңген кезі еді. Жастар алдыңғы буын ағаларға қарап бой түзейтін. Әлі есімізде, біреуіміздің ағамыз әскерден келсе, формасын таласа-тармаса киіп алатын едік. Көшені шаңдатқан өңкей қара сирақ солдат ойынын ойнайтынбыз. Көкірегімізде біз де солардай ержетіп, қару асынып, ел қорғасақ деген үлкен арман тұратын. Мектепте де кілең ер мұғалімдер сабақ беруші еді. Олардың бойындағы талап қоя білушілік, қаталдық, темірдей тәртіп бізді ерте есейтті. Ал, қазір ше? Ешкімнің көңіліне келмесін, орта мектептерде сабақ беретін ұстаздардың арасында саны жағынан ең азы ер адамдар. Бұл жағдайдың да патриоттық тәрбиеге өзіндік әсер бары сөзсіз.
Қазақ баласының ержетіп, ес жиюына айтарлықтай әсер ететін төл фольклорымыз болды. Қазір балалар батырлар жырын оқи ма? Жоқ әлде компьютер заманы ұлтымыздың талай ғасырлық маржандарын ұмыттырып жіберді ме? Баяғының батырлары қандай еді? “Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды!” Ерлер мінген арғымақ ше? “Тығырыққа тірелгенде иесі, Астыңғы ерні жер тіреп, Үстіңгі ерні көк тіреп, Тұлпарлары сөйлейтін!” деп келуші еді ғой эпоста. Қазіргі жас Қара қыпшақ Қобыландыны, қара қасқа атты Қамбарды, атақты Алпамыс батырларды біле ме? Жауынгерлік рухтағы, отаншыл сезімге толы осы құндылықтарымыздан ажырап бара жатқанымыз да арқамызды аяздай қариды. Тіпті, кешегі Ұлы Отан соғысының тірі куәгерлері - ақ сақалды аталарымыздың өнегелері мен тәлім-тәрбиелері қандай еді?! Қазір олардың да қатары сиреп бара жатыр. Соғыстың соңғы солдатына жас ұрпақтың құрметі қандай?
ХХ ғасырдың жазылмас жарасы Ауған соғысы болғаны аян. Осы жан алысып, жан беріскен қырғыннан аман-есен келген қаншама қаһарман арамызда жүр. Бізге де елімізді, жерімізді қорғаған батырлар туралы киноларды көбейтіп түсіру керек. Жас ұрпақ Абылайдың айбарын, Қабанбайдың қаһарын көріп өспейінше, бізде де тәрбиенің бұл түрі ақсай берері сөзсіз.
Ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: “Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын” деп бекер айтпаған шығар. Қазіргі таңда баласына қарап, бесігін түзеп отырған елді көрген жоқпыз. Есігіміз ашық-шашық. Бала тәрбиесі компьютердің жетегінде кетті. Көк жәшікті ашып қалсаң, жаның түршігеді. Мұхиттың арғы жағы мен Еуропа әлдеқашан бас тартқан бейәдеп дүниелер көгілдір экраныңды кезіп жүр. Ұлт болашағы - ұрпақ тәрбиесі мүлдем ұмыт болған. Мезетінде миллиондарға жететін эфирімізде жастарға әскери-патриоттық тәрбие берерлік хабарлар жоқтың қасы. Бұл не, отаншылдық сезімге деген немқұрайлылық па, жоқ әлде телеарналарымыздың кәсіби білігі жоғары мамандарға зәрулігі ме? Сауал көп, жауап жоқ . . .
Негізгі бөлім
1. Батырлар жырлары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздері.
1. 1. Қазақ елінің тарихында халқымыздың туған жерге, Отанға деген ыстық сезімдері жыр, өлең т. б. шығармашылық түрлерінің көмегімен ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, жалғасып отыр. Академик М. О. Әуезов халқымызды «Бізге ең асыл мұра - жыр мұрасын мирас етті. Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ерте замандардан бастап дарыған ақындық даналығын қапысыз жұмсап, өзінің рухын ұмытылмас эпостық дастандарда, сан алуан түрлі жырларында бейнелейді», - дейді. Халықтың өршіл рухы батырлар жырында нақты, кең түрде бейнеленген, бұл ұрпақтың ой-санасын Отанға, туған жерге деген патриоттық негізде баулуға мүмкіндік береді.
Қазақ халқының батырлар жырындағы жастарды ерлікке тәрбиелеудегі арман-тілектері айқын байқалады. Сондықтан болар, халқымыздың қай эпостық жырын алып қарасақ та «Батыр» - әрқашан да Отанын сүйетін, елі үшін жан аямай күресетін патриот, жақсылыққа жаны құмар ізгі жан. Ол жауына қаншалықты қатал, мейірімсіз болса, бауырларына, еліне, халқына, отбасына соншалықты мейірімді, жұмсақ ақкөңіл болып келеді.
Батырлар жырында халқымыздың сөз өнеріндегі тәлімгерлігінің жоғары екендігі соншалық, жырда барлық тәрбие негіздері қарастырылады. Яғни патриоттық тәрбиемен қатар дене тәрбиесі, имандылық пен адамгершілік тәрбие негіздері беріледі. Мұның өзі халқымыздың ерлікпен қатар адамгершілікті жоғары бағалағанын, яғни балаға тән тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар беруді мақсат еткендігін байқатады. Себебі «Батырлар жырында махаббат пен зұлымдықтың, адамгершілік пен екіжүзділіктің, кеңпейілділік пен дүниеқоңыздықтың тартысы арқылы өмір шындығына оқушының көзін жеткізу, зор адамгершілік қасиетін мәпелеу сезімдерін ояту көзделеді. Мұндай гумманистік қасиеттерді қастерлеу, оған деген құштарлық сезімді ояту-этикалық тәрбиенің басты шарты».
Қазіргі кезде патриоттық тәрбиеге саналы көзқараспен қарауымыз орынды әрі қажет. Бұған Ж. Аймауытовтың: «Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бір шарт - жас күнініде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады», - дегені дәлел болады.
Сонымен батырлар жырының баланы нағыз патриот етіп қалыптастыруда рөлі өте жоғары. «Батырлар жыры осындай тәрбиелік әсер етуімен бірге өткен замандардан мағлұмат береді, жаңа заманның артықшылығын қадірлеуге себепші болады, оймен бірге тілді де дамытады, халықтың тұрмыс салтын, ой-арманын айқындайтын, жеке адамның өзін-өзі тәрбиеленуіне, мінез-құлықтарының қалыптасуына себепші болады».
Егеменді еліміздің жас ұрпақтарының санасында бұрыннан пердесі өз деңгейінде ашылмай, құрсауланып келген батырлар жырындағы ұлттық патриоттық тәрбиенің үлгілерін дамытып, орта мектептің оқу-тәрбие процесіне, енгізуге кең жол ашуымыз қажет.
1. 2. Оқушылардың өз Отанын, отбасын сүю үшін, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғайтын патриот болып қалыптасуы үшін батыр бабаларымыздың ерліктерінің, қаһармандық үлгі өнегесінің берері мол.
Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді ғой. Ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесінің діңгегі хақ дініміз исламда жатыр. Бізге, біздің жастарға діни тәрбие керек. Дін - тазалық, дін - отансүйгіштік. Исламның парызын, пенденің қарызын ұғынып өскен жас әр қадамын нық басары сөзсіз. Ол үшін тәрбиенің бұл түрін көп кешіктірмей қолға алуымыз қажет. Діни сауаттылықты мектептен бастауымыз керек. Хадисте де, қасиетті Құран Кәрімде де отансүйгіштік туралы көп айтылады. Осыны санасына құйып өскен жас ертең өз Отанының нағыз патриоты болып шығатыны анық. Әйтпесе, бөгде ағымдардың жетегіне еріп, Отан қорғаудан жалтаратын жастардың саны уақыт санап өсе беретіні кәміл. Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбаса керек.
Жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанын, жерін сүюге үндеу әскерилермен қатар білім саласындағы қызметкерлердің де алдына қойылған үлкен жауапкершілік болуға тиіс. Ол үшін 2006 жылдың 10 қазанында Президент Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және осы мәселеге қатысты Елбасының 2007 жылғы 21 наурыздағы № 229 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына сүйене отырып, жастар тәрбиесін жандандыра түскеніміз абзал.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық сана - сезім қажет. Бұл қасиеттер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талаптанумен сіңеді. Осы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын - ұстаз, ата-ана, тәрбиеші, қоршаған орта екені даусыз.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны туған жер, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі ерлік істер қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы десек болады.
«Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бойына, өз ұлтының бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сездіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек. Патриотизм өз-өзінен қалыптаспайды, патриотизм (грек тілінде «patris» - «Отан» деген мағынаны білдіреді), яғни түбірі елге, жерге, туған топыраққа барып тіреледі. Ал туған жердің қадір - қасиетін бір білсе қазақ біледі. «Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер күн қайда!» - деп ата- бабамыз күңіренген кезде тамырдағы асау қан атойлап, арқамыз қозып кететіні неліктен? Өйткені жыраулық дәстүрдің өршіл, жауынгерлік рухы біздің қанымызға ана сүтімен сіңген. Себебі Отанға деген сүйіспеншілік те махабат сезімі секілді кез келген бұрышта жарнамаланбайтын өте нәзік, өте шетін мәселе. Әркімге бала кезінен «Қазақстан - менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштармын» деген ойларды сіңіру қажет. Бүгінде оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруден халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау барынша нығайып келеді. Елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерінде «Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz