Дағдарыс жағдайындағы халықты жұмыспен қамтуды реттеу
КІРІСПЕ 3
І ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
5
1.1. Халықты жұмыспен қамтудың түсінігі және оның түрлері 5
1.2. Тұрақты жұмыспен қамту тұжырымдамалары мен модельдері 13
ІІ ҚР.ДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
22
2.1. ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау 22
2.2. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы мысалында) 38
ІІІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
44
3.1. «Жол картасын» ҚР.да халықты дағдарыс жағдайында жұмыспен жедел қамту бағдарламасын іске асыру барысы мен негізгі нәтижелері 44
3.2. Халықты жұмыспен қамтудың инновациялық әдістемесі және оның механизмдері
48
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату – сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып дағдарыс жағдайында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.
Зерттеу объектісі. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объекетивті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орыннын екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б.
Дағдарыс туындаған кезеңнен бері дүние елдерінің басты проблемасы жұмыссыздықпен күреске ауғаны белгілі. 2010 жылы да бұл өзекті проблема күн тәртібіндегі бірінші мәселелердің қатарында қала берері анық. Үлкен ұйымдар, беделді халықаралық сарапшылық топтар барыс жылын дағдарыстан кейінгі үмітті жыл ретінде қарастыра келгенімен де, басты қауіптің бір ұшы тағы сол жұмыссыздыққа кеп тіреледі.

1. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 23 қаңтар N 149-ІІ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат
2. Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. –Макроэкономика, А -2005-Экономика баспасы
3. Методические рекомендации по разработке Стратегических планов государственных органов Республики Казахстан.- Астана, 2008//www.minplan.kz
4. Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2005
5. Акмаева Р.И. Стратегическое планирование и стратегический менеджмент. Финансы и статистика, 2008 г. 208 стр.
6. Кайранбеков Б. О. Еңбек потенциалы-еңбектің саны мен сапасы // «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы қ. 2007.- Б.72-74.
7. Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференция материалдары - 11-12 желтоқсан 2002
8. ҚР Статистика Агенттігі Жедел ақпарат № 10-01/172 2010 жылғы 7 мамыр
9. Кайранбеков Б. О. Еңбек нарығының ролі, құрылымы мен мәні // «Білім беру саласындағы және жаратылыстану-техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлееттік университеті, Тараз қ. 2007.
10. ҚР Статистика Агенттігінің Еңбек статитикасы бойынша әдіснамалық түсініктемелері, 1-21 б.
11. А.К. Ермекбаев Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4(56).2008
12. ҚР Статистика Агенттігінің 2010 жылғы жұмыс күшінің қозғалысы туралы жедел мәліметтері
13. Б.Жақашев, Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері, АльПари,№2.2009
14. Кайранбеков Б.О. Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Жамбыл облысы материалдары бойынша) диссертациялық жұмысына автореферат. - Түркістан.- 2009
15. Жол картасын іске асыру барысы туралы ақпарат (2009 жылдың қорытындылары бойынша 2010 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі)
16. Жол картасы бойыншаҮкімет қойған жоспарларды іске асыру барысы бойынша ақпарат
17. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 Қаулысы
18. «Жол картасы» бойынша атқарылатын жұмыстар
19. Г. Әбдіхалықова «Еңбекпен қамту саласындағы мемлекеттік саясат жаңа үлгіде жүзеге асатын болады»
20. Данияров А. Б. «Технопарктер құру – индустриалды-инновациялық дамудың негізгі бағыты», ғылыми жет. – э. ғ. к. , доц. Надирова С. Г.
21. Кайранбеков Б.О. «Жамбыл облысының еңбек нарығы көрсеткіштерін талдау» // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы-2007.-№4.-Б.250-253.
22. ҚР Статистика агенттігінің 2008 жылғы Статистикалық жылнамасы
23. Апиев Қ.С. «Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары» диссертациялық жұмысына афтореферат// ӘОЖ 338:331.5-053.81(574.51). - Алматы, 2008
24. Қазақстанда жастардың еңбегін қолданудың қазіргі жағдайы. «ҚазЭУ Хабаршысы» Алматы 2005 №6 0,4 б.б.
25. Жастар жұмысбасылығының әлеуметтік экономикалық мазмұны. «Екінші Рысқұлов оқулары». /Халықаралық ғылыми-зерттеу конференция/ ҚазЭУ Алматы 2007ж 0,3б.б.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Қорғауға жіберілді
Экономиканы мемлекеттік реттеу
кафедрасының
меңгерушісі,
э.ғ.д. профессор
______________________ Г. И. Маянлаева
№__хаттама ___ ___________ 2010 жыл.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ РЕТТЕУ
050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
Орындаған:
ЖИЕНАЛИЕВ А.А.
ІV курс, 403 топ
Ғылыми жетекші: ________________________ Уаисов.м.у.
аға оқытушы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
5
1.1.Халықты жұмыспен қамтудың түсінігі және оның түрлері 5
1.2.Тұрақты жұмыспен қамту тұжырымдамалары мен модельдері 13
ІІ ҚР-ДА ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
22
2.1.ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау 22
2.2.Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан 38
Республикасы және Жамбыл облысы мысалында)
ІІІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
44
3.1.Жол картасын ҚР-да халықты дағдарыс жағдайында жұмыспен жедел 44
қамту бағдарламасын іске асыру барысы мен негізгі нәтижелері
3.2.Халықты жұмыспен қамтудың инновациялық әдістемесі және оның
механизмдері 48
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік
саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып
қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік
топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті
азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында
шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі
олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру
бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық
жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа
нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату –
сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса,
екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа
шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті
дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде.
Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта
даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты
тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-
экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін
жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді
формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық
бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми
тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Зерттеу пәні. Зерттеу пәні болып дағдарыс жағдайында еңбек нарығын
реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.
Зерттеу объектісі. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып
отырған экономикалық қатынастар.Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық
бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объекетивті себептер бар: біріншіден,
адамдардың бір орыннын екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан
екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т.б.
Дағдарыс туындаған кезеңнен бері дүние елдерінің басты проблемасы
жұмыссыздықпен күреске ауғаны белгілі. 2010 жылы да бұл өзекті проблема күн
тәртібіндегі бірінші мәселелердің қатарында қала берері анық. Үлкен
ұйымдар, беделді халықаралық сарапшылық топтар барыс жылын дағдарыстан
кейінгі үмітті жыл ретінде қарастыра келгенімен де, басты қауіптің бір ұшы
тағы сол жұмыссыздыққа кеп тіреледі.
Экономикаға жан біте бастайды деп болжанғанымен де, алдағы уақытта
дамуға бірден секірудің мүмкін еместігі айқын аңғарылады, ендеше жылдағы
көп түйіннің бірі жұмыссыздықтың өсуі мәселесі нақты шараларды жалғастырып,
күшейте түсуді талап ететіні сөзсіз. Жұмыссыздық белең алса, қоғамды
тұрақсыздық жайлайды. Бұған мысал келтірудің қажеті шамалы.
Халықаралық еңбек ұйымының есебіне сүйенсек, соңғы жылдары әлем бойынша
жұмыссыздық мәселесі тым қордаланып кеткен. Егер 2008 жылы әлемде
жұмыссыздар 190 миллион болса, 2009 жылы бұлардың саны шамамен 240-250
миллионды құраған. Бұл көрсеткіштің өзі осындай деректерді жинай бастаған
1991 жылдан бергі ең жоғары деңгей екен. Ал дағдарыс салқыны қайтпай, тіпті
қайтқанымен одан оңалу ұзақтығы созыла берсе, жыл сайын еңбек рыногын 45
миллион адам жұмыссыз ретінде толықтырып отыратын көрінеді. Тіпті бұндай
жұмыссыздықтың үдерісі бойынша оларды жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылдан
2015 жыл аралығындағы кезеңде әлемде 300 млн.-ға жуық жаңа жұмыс орындарын
құру қажет етіледі екен. Сондықтан халықаралық сарапшылар алдағы 2010-2011
жылдары да әлем елдері бойынша жұмыссыздық санының артуынан қауіптенеді,
сонымен күреске үндейді. Атап айтқанда, былтырғы қарашаның басындағы Үлкен
жиырмалық (G20) тобының қабылдаған қорытынды коммюникесінде экономикалық
және қаржылық орнықтылықтың қалпына келуі ынталандыру шараларына
байланысты, ал жұмыссыздық әлі де осы бағыттағы негізгі проблемалардың бірі
болып қала береді, деп көрсеткен болатын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық зерттеуде жұмыспен қамтудың
дағдарыс кезіндегі аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен
қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында халықты жұмыспен қамтамасыз
етуді реттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
-дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамту концепцияларын, жалпы
теориялық аспектілерді қарастыру;
- ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау және халықты жұмыспен
қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысы
мысалында)қарастыру;
-Жол картасын ҚР-да халықты дағдарыс жағдайында жұмыспен жедел қамту
бағдарламасын іске асыру барысы мен негізгі нәтижелері; сонымен қатар
халықты жұмыспен қамтудың инновациялық әдістемесі және оның
механизмдеріқарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан, әр
тарау 2 бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен, 74
беттен тұрады. Отандық және ресейлік әдебиеттер, ҚР статикикалық
агенттігінің жылнамалары, заңнамалық актілер қолданылды.

1.1. Халықты жұмыспен қамтудың түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң
еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық
құбылыс болып табылады.
Жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген
және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.
Боc орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет); ұзаққа
созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған
жұмыссыздық болып табылады. [1,1]
Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы
келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс
немесе кiрiс әкелетiн қызметi.
Табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы
әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар.
Қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң
алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы
бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн
жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша
олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi.
Жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк
нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу.
Рантье - негiзгi кiрiс көзi несиеге берiлген ақшадан немесе сатып
алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып табылатын тұлға.
Еңбек рыногы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен
ұсынысты қалыптастыратын сала.
Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн кiрiс әкелетiн жұмыспен
қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар.
Еркiн таңдап алынған жұмыс - азаматтардың өздерiнiң еңбекке, жұмыс
орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы таңдап алған
қызметi.
Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - осы Заңда және өзге де нормативтік
құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен
мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi.[1,2]
Еңбек делдалдығы - уәкiлеттi органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту
агенттiгiнiң жұмысқа орналастыру iсiнде халыққа көрсететiн жәрдемi.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - жергiлiктi
атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына
жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн
құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
Нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және
әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген
адамдар топтары.
Орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестiріп
отыратын мемлекеттік орган. [1,3]
Жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн
кез келген жеке және заңды тұлға.
Экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбекке жарамды
жастағы адамдар (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар).
Экономикалық тұрғыдан енжар халық - экономикалық тұрғыдан белсендi
халықты есепке алу үшiн белгiленген жасқа толмаған адамдарды да қоса
алғанда, жұмыс күшi құрамына кiрмейтiн халық, жұмыс iстемейтiн және жұмыс
iздемейтiн азаматтар, оның iшiнде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс
iстемейтiн мүгедектер, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, оқушылар мен
студенттер, күндiз оқыту нысанындағы бөлiмдердiң тыңдаушылары мен
курсанттары (магистратура мен аспирантураны қоса алғанда), рантье, сондай-
ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi жалға беруден кiрiс алатын өзге де
тұлғалар. [1, 2]
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) жеке еңбек шартымен жұмыс iстейтiн, оның iшiнде толық не толық емес
жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшiн жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы
төленетiн жұмысы (қызметi), кiрiсi бар;
2)кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
3)өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша
өткiзетiн;
5)жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын
азаматтар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң (артельдердiң) мүшелерi;
6) ақы төленетiн қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекiтiлгендер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауiпсiздiк
органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң iшкi
әскерлерiнде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң бөлiмдерiнде және өзге де әскери
құралымдарда қызмет өткерiп жүрген азаматтар жатады.
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар:
1. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының
азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан
басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап
етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
принциптері және бағыттары:
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы
қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп
түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек
жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,
жұмыс орындарын ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне
бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк
бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн
дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде
нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi
ынталандыруға;
6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек
делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға;
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек
рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-
шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және
әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн
шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп
отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң
Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты
мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын
шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің
мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын
қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын
ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын
жүргізуге бағытталған.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) кемсітушілiктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен
жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктердi қамтамасыз етуге;
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа
орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар:
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың
қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп
балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында
тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған
адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке
шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан
босатылған адамдар;
оралмандар жатады.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергiлiктi
бюджеттiң қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған
қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар
белгiлей алады.
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асырудың орталық атқарушы
органдары:
1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық
мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
(РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. P010983)
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге
асыруға;
2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс
күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан
Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;
3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;
4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар
жобаларын қарауға қатысуға;
5) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан
шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға және
керi қайтарып алуға; (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. P990862)
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру
үшiн жұмыс берушiлерге Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген квота
шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды
жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға
мiндеттi.
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске
асыруды:
1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар
әзiрлеу;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы
топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын
анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша
жұмыс орындарын ашуды қолдау;
4) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қорғау;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге
асыру арқылы қамтамасыз етедi.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi
орган: [1, 5]
1. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi
туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы
хабарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа
орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;
4) азаматтар өтiнiш жасаған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей
тiркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер
көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;
7) еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сәйкес жұмыссыздарды кәсiптік
оқуға жiберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама
беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне)
сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және
орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы
топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-
шараларды iске асыруға мiндеттi.
2. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның:
1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар
мен жұмыссыздарды жiберуге;
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан
ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
3) бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдардан, білiм
беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды
және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан
бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн
кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша
даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат
сұратуға құқығы бар.
Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға
қатысуы:
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) еңбек туралы заңдарға сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық
шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін
дамыту;
3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық
әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды
ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа
қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерді
сақтандыру арқылы қатысады.
2.Жұмыс берушi:
1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына
байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын
қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және
еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны
мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату
басталардан кемінде бiр ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат
беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш
жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа
қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол
туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап
бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға мiндеттi.
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi
заң актiлерiне сәйкес туындайды.
Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және
аймақтық бағдарламалары: [1, 7]
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар
қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен әлеуметтiк-
экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары негiзiнде халықты жұмыспен
қамтудың:
1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;
2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөнiндегi шараларды;
3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыруды;
4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау
мен дамытуды;
5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби
даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi
атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттi
органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек
делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;
9) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын
жетiлдiрудi;
10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы
ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтiн
бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру республикалық
және жергiлiктi бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол
жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары,
сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер,
коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін
еріксіз тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер
етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық
агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады. [2,
36-б]
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз.
Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса
қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен үйлесуінде
айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен
модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін
ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық
деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын
еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы
еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының
әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті
дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу
және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары
еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға
мүмкіндік тудырады.
Бөлімді қорыта келе, еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс
күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті
елдердегідей қалыптаса қоймаған. Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында
еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині
қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын
жатқызып жүр.
1.2. Тұрақты жұмыспен қамту тұжырымдамалары мен модельдері
Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдық, құрылымдық
жұмыссыздық болып бөлінеді. Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық
коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коэффицент немесе
жұмыссыздық дәрежесі және жұмыссыздық коэффицент арасындағы қатынастарды
пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады.
[3, 49]
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт
түрге бөлуге болады:
-фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда
болады;
-құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер
болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік
деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
-циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз
жағдайында туады;
-маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл
бойында теңселуімен байланысты болады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған
деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық
жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс
орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал
ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары
институттарынан туындайды.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады.
Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар
өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы
өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе
мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс
көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа
өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда
болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық
сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен
іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты
ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп
отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ
курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық
жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып
келеді. [3, 53-б]
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен
бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып
озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған
түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе
жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады.
Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық
төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде
“сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды. [4, 64]
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан
жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады.
Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде
үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және
мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар
жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп
атайды.
Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету. Макродеңгейдегі
еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік
деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес
реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек
рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды.
Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу,
нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында
толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің
“Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі
ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс
шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп
есептеді.
К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және
тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ,
ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да
бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән
қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың
өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің
араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын
ұйымдастыру. [5, 178-179-бб]
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында
барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге
әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі
негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу.
Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс
жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына
мыналар жатады:
-Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет
көрсету;
-Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
-Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
-Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
-өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
-өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім
кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі
төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл
бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы
болып отыр.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол
барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты,
экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан
реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты.
Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік
тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары
жүргізілуі қажет.
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек
нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет
әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған
сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп
өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен
сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет
әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын
өзгертеді. [6, 248-б]
1945 жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде
ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан
өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше,
Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің
халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура
келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға
дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және
жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. Өмірлік жалдану жүйесінің
мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді,
бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім
немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан
бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс
орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен
бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың,
қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату. [6, 82-б]
Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік
деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель
ерекше технологиялық рента алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта
елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы
әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына
келесілер жатады:
- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге
жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы
субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға
салықтан босатылады;
- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды
көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді , жағдай жасайды;
- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6
айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын (сол кәсіптің
орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;
- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия
беру;
- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс
орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар
төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша шамамен қосылады.
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық
келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай
дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға
дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс
берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға
міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген
саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін
болады.
Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын
реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты
тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша
үлгісін құруы қажет.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес
жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық
теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар
нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады.
Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-
шаруашылық тәжірибеде жұмыс күші нарығы мен еңбек нарығы деген ұғымдар
бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
Еңбек Қолданыстағы Ерекшелігі Ескерту
нарығын үлгісі
реттеу
үлгісі
Америкалық Жұмысқа алу Тұрғындардың Жұмыссыз
үлгі мен жұмыстан еңбек кедейлердің
шығу нарығына көптігі
еркіндігі; кірудің
Фирма қиындығы
деңгейінде
ұжымдық-келісі
мдікті реттеу
Шведтік үлгіЖұмыс Еңбек Еңбек ақы
орындарын нарығына төлеудің
құруға, кәсібижастардың төмен болуы
даярлау мен жұмысқа
қайта орналасу
даярлауға көп қиындығы
шығын жұмсау
Жапондық Өмірлік Бұл жүйе Жастардың
үлгі жалдану жастардың қызмет ету
жүйесінің еңбек етуіне аясының тар
қолданылуы өз әсерін болуы
тигізуі
ҚазақстандықЕңбек нарығын Еңбекке Жас маманды
үлгі белсенді түрдеорналастыру жұмысқа алу
жүргізу, бойынша жалпыкезінде
жұмыспен қамтуқоғамдық мемлекет
саясатын іске жүйенің жұмыстарапынан
асыру істемеуі кәсіпорындарғ
а қолдау
көрсетудің
жоқтығы
Ескерту: Кайранбеков Б. О. Еңбек потенциалы-еңбектің
саны мен сапасы Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық
кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының
тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы қ.
2007. [6, 72-74]
Сурет-1. – Еңбек нарығын реттеу үлгілері.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр
болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға,
ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс. [7, 84-б]
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін
(кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге
қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын
жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және
осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық
тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының
деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі
бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға
ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін
ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде
кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып
қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда
жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу
кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті
экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі
байқалады. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа
жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық
өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты
қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу.
Мемлекет бағдарламалары жасалуда.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды,
адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, инновация
проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы
заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен
қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану
жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша
агенттік шұғылданады. [7, 145-146-б]
2010 жылғы I тоқсанда 15 жастағы және одан асқан экономикалық
тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адам құрады, бұл өткен жылғы
тиісті кезеңге қарағанда 1,7%-ға көп. Республика экономикасында 8,0 млн.
адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 жас және одан асқан жастағы халықтан 66,4%.
Өткен жылғы I тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 198,9 мың адамға (2,5%-
ға) артты.
Кесте-2. – 2008-2010 жылдарда Қазақстан Республикасындағы еңбек
рыногының негізгі индикаторлары
15 және одан асқан
жастағы халық
2008ж. 2009ж. 2010ж.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, 8336,7 8413,5 8555,5
мың адам
Халықтың экономикалық тұрғыдан 70,5 70,3 70,7
белсенділік деңгейі, %
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам 7762,9 7830,4 8029,3
Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен:
15 жас және одан асқан жастағы 65,7 65,5 66,4
халыққа шаққанда
экономикалық тұрғыдан белсенді 93,1 93,1 93,8
халыққа шаққанда
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам 5138,3 5199,1 5348,7
жұмыспен қамтылған халық санындағы66,2 66,4 66,6
үлесі, %
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың2624,6 2631,3 2680,6
адам
жұмыспен қамтылған халық санындағы33,8 33,6 33,4
үлесі, %
Жұмыссыз халық, мың адам 573,8 583,1 526,2
Жұмыссыздық деңгейі, % 6,9 6,9 6,2
15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам 108,8 100,5 81,5
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % 8,1 7,7 6,1
(15-24 жастағы)
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % 2,9 2,7 2,3
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың 3485,5 3548,8 3544,1
адам
Халықтың экономикалық тұрғыдан 29,5 29,7 29,3
енжарлылық деңгейі, %
Ескерту: ҚР Статистика Агенттігі Жедел ақпарат № 10-01172 2010
жылғы 7 мамыр [8, 1-2]
Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі
66,6%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,4% құрады. Жалдамалы
қызметкерлердын негізгі үлесі мемлекеттік ұйымдарда және мемлекеттік емес
ұйымдарда жұмыспен қамтылған – 81,3%.
2010 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны
үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан
адамдар) 526,2 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңмен
салыстырғанда 56,9 мың адамға немесе 9,8% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі
6,2% (2009ж. I тоқсанда – 6,9%) құрады. [8, 2]
Ағымдағы жылғы I тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 42,4%, әйелдердің
үлесі – 57,6% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 303,2 мың адамды құрады, бұл
ерлердің санынан 80,2 мың адамға (36,0%-ға) көп.
2008- 2010 жылдардың жұмыссыздық деңгейлері
пайызбен
2010 жылғы I тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24
жастағы) үлесі 15,5% немесе 81,5 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының
деңгейі 6,1% (2009ж. I тоқсанда – 7,7%) болды.
2010 жылғы I тоқсандағы жұмыссыз халық жынысы және жасы бойынша
Барлығы соның ішінде
мың жұмыс ерлер әйелдер
адам сыздық
деңгейі
, %
мың жұмыс мың жұмыс
адам сыздық адам сыздық
деңгейі, деңгейі
% , %
Жұмыссыздар - барлығы 526,2 6,2 223,0 5,1 303,2 7,2
соның ішінде жасы:
15-24 81,5 6,1 38,7 5,3 42,8 6,9
25-29 107,7 8,4 48,2 7,0 59,5 9,9
30-34 75,9 6,0 30,4 4,7 45,5 7,4
35-39 52,8 5,7 20,1 4,4 32,7 6,9
40-44 53,8 5,4 23,8 4,9 30,0 5,8
45-49 56,6 5,3 23,5 4,5 33,1 6,0
50-54 52,7 5,9 19,0 4,3 33,7 7,4
55-59 38,0 7,1 14,0 5,5 24,0 8,5
60-64 7,2 4,4 5,3 4,5 1,9 4,0
Ескерту: ҚР Статистика Агенттігі Жедел ақпарат № 10-01172 2010 жылғы 7
мамыр [8, 1-2]
Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар – 35,4% (186,5 мың
адам) және орта кәсіптік (арнаулы)білімі барлар– 26,3% (138,5 мың адам)
басым болды. Жоғары білімі бар адамдардың үлес салмағы жұмыссыздардың жалпы
санының 24,0%-ын (126,1 мың адам) құрады.
2010 жылғы наурыздың соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар
саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің деректері бойынша) 76,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы
осы кезеңге қарағанда 5,2 мың адамға немесе 7,3%-ға көп. Экономикалық
тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,9% (2009
жылғы наурызда – 0,8%) болды. [8, 2]
Бөлімді қорыта келе, жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдық,
құрылымдық жұмыссыздық болып бөлінеді. Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық

Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам
капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, инновация

2.1. ҚР еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін талдау

Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz