Автокөлік салалары бойынша қаржылық есеп және оны талдаудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АВТОКӨЛІК САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1. 1 Қаржылық есептілікті құрастырудың негізгі қағидалары және қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талаптар 6
1. 2ХҚЕС жүйесіндегі қаржылық есептіліктің мазмұны және оны құрастырудың әдістемелік негізі 16
1. 3 Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептіліктің нормативтік-құқықтық реттелуі 28
2 Автокөлік салалары бойынша ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ТАЛДАУ. Қаржы көздері 32
2. 1 Баланс өтімділігі 32
2. 2 Табыстар мен шығындар есептілігін талдау 47
2. 3 Меншікті капитал өзгерісінің есептілігін талдау 56
ҚОРЫТЫНДЫ 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 82
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» атты жолдауында еліміздің қорытынды дамуы ол экономикалыұқ өсу болып табылады деп жазылған және де бұл тақырып еліміздің бүгінгісі мен ертеңінің, сонымен қатар болашағының ең маңызда тақырыбы болып қалмақ. Бұл мақсаттағы ең маңызды орынды «ақпарат» алады, себебі ақпараттың дамуы тек экономикалық өсуді ғана емес сонымен қатар, әлеуметтік кеңістікке және Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы интеграциялануына елеулі әсер етеді. Нарықтық экономика талаптары негізінде шаруашылқ жүргізуші субъекттің экономикалық механизімін қазіргі заманға сай экономикалық ақпараттсыз басқару мүмкін емес, әрине бұүл ақпараттардың маңызды бөлігін бухгалтерлік есеп мәліметтері құрайды. Бухгалтерлік есептілік мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъетінің жұмыстарын және онвң құрылымдық бөлімшелерін жедел басқару, экономикалық жоспарлар мен ағымдағы жоспарларды, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуын зерттеу, зерделеу үшін қажет болып табылады.
Барімізге мәлімдей ұлттық кәсіпорындарға 80-жылдардың аяғында өз бетінше шетел кәсіпорындарымен серіктестік қатынастар орнатуға, сонымен қатар шетел фирмаларымен бірігіп кәсіпорындар құруға рұқсат етілген болатын. Осындай серіктестіктерді жүзеге асыру барысында шетел серіктестері кеңес заңнамаларының негізінде жасалған бухгалтерлік және қаржылық есептілік мәліметтері есептілік туралы толық мәліметтер бермейтіндігін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке кіруіне біршама қиындықтар туындататынын түсінген болатын.
Осындай түсініспеушіліктердің болуын жою үшін еліміз егемендігін алғаннан кейін біршама шаралар жүзеге асырылған болатын. Бұл мақсатта елімізде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті гоманизациялау жұмыстары жүргізіле бастады, яғни 1992 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Министірлер Кабинетінің Бұйрығымен «Ұлттық шаруашылықта бухгалтерлік есеп және бастапқы құжаттар мен статистиканы құрастыру туралы ұлттық бағдарлама» қабылданған болатын, сонымен қатар 1995 жылы 26 желтоқсанда «Бухгалтерлік есеп туралы» заң қабылданған болатын.
Осы құжаттарға сәйкес 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттықт комиссиясымен есептіліктің 17 мемлекеттік стандарттары, субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметін бухгалтерлік есептілікте тіркеу үшін шоттар жоспары, сонымен қатар осы шоттар жүйесін қолдану және жаңа шоттар жүйесіне көшу тәртәптері және қаржылық есептілікті ұсыну концепциясы қолданысқа енгізілген болатын. Сонымен қатар қабылданған стандарттарға методологиялық кеңестер, жаңа есеп регистірлері, қаржылық есептілік формалары және оны толтыруға байланысты инструкциялар жарық көрген болатын. Қазіргі кезде елімізде бухгалтерлік жәгне қаржылық есептілікті әрі қарй дамытуға байланысты көптеген жұмыстар атқарылуда. Оның бірден бір себебі Қазақстан Республикасының Қаржы иминистірлігінің «2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жопары», Қазақстан Республикасының бухгалтерлік (қаржылық) есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының қабылдануы, қаржылық есептілік депозитарийнің құрылуы болып табылады.
Менің «Автокөлік салалары бойынша қаржылық есеп. Қаржы көздері» атты курстық жұмысымда қаржылық есептіліктің мәні мен мазмұнын, автокөлік салалары бойынша қаржылық есептілік формаларын толық түрде талдау жұмыстарын жүзеге асыруға, қаржылық есептілікті жетілдіру жолдарын қарастыруға тырыстым.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде қаржылық есептілік түсінігі, мақсаты және қаржылық есептіліктің ұсынылуы, қаржылық есептілікті құрастырудың негізгі қағидалары және қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талаптар, ХҚЕС жүйесіндегі қаржылық есептіліктің мазмұны және оны құрастырудың әдістемелік негізі және Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілік пен бухгалтерлік есептіліктің нормативтік-құқықтық реттелуі көрсетілген.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде Автокөлік салалары бойынша балансының өтімділігі, ақша қаражаттарының қозғалысының есептілігі, табыстары мен шығындарының есептілігі, онымен қатар капитал қозғалысының есептіліктеріне жүйелі түрде талдау жұмыстаы жүзеге асырылған.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде қаржылық есептілікті жетілдірі жолдары, яғни қаржылық есптілік депотизапийін құру - қаржы есептілігін халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз етілуі, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік (қаржылық) есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалаудың объективті қажеттігіне, сонымен қатар ХҚЕС №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартына енгізілген өзгертулерге басты назар аударылған. Курстық жұмыс жұмысын жазу барысында өндірістік-іс тәжірибе базасы болып табылатын «ҚазТауҚұрылыс жауапкершілігі шектелген серіктестіктің (ЖШС) нақты мәліметтері қолданылды.
Автокөлік салалары бойынша қаржылық есептілігін ХҚЕС сәйкес жүйелі түрде талдап көрсету - курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
1. АВТОКӨЛІК САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржылық есептілікті құрастырудың негізгі қағидалары және қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талаптар
Қаржылық есептіліктің құрастырылуы бухгалтерлік есеп қағидаларына негізделеді. Нарықтық экономикаға өтудің бірінші сатыларында арнайы әдебиеттерде жаңа жекелеген категория, яғни «бухгалтерлік есеп қағидасы» деген категория пайда болды. 1990 жылдарға дейін бұндай категория мүлдем болмаған емес, дегенмен «қағида» деген термин 1990 жылдарға дейін де көптеген отандық авторлардың «бухгалтерлік есеп» жөніндегі коптеген арнайы әдебиеттерде кеңінен қолданылған болатын. Бірақ ол, есеп жүргізудің маңызды категория сы ретінде маңызға алынбаған болатын. Бұл термин әдетте өте сирек, яғни жиі тек бухгалтерлік есеп жайлы мәліметтердің немесе осы ғыолымға байланысты мәтіндердің стилистикасын өзгерту үшін ғана қолданылып келген болатын. Ал біздің есептілікке байланысты әдебиеттерде «қағиданың» бухгалтерлік есептің маңызды категориясы ретінде қолданылуының бірден бір себебі, ол есеп жүргізудің қазіргі заманғы англосаксондық жүйесін зерттеумен байланысты. Ал осы есеп жүргізудің англосаксондық жүйесінің негізін жалпы қабылданған есеп қағидалыры құрайды.
Сонымен, «бухгалтерлік есеп қағидалары» қандай мағына береді? Американдық есептің патриархы Р. Энтони және Мичигандық жоғарғы оқу орнының профессоры Д. Рис бұл терминді былайша түсінген «бухгалтерлік есепт қағидалары бұл бухгалтерлік есептің келісілген ережелері». Олардың ойнша «қағида» деген сөз қабылданған немесе хабарланған қызметті жүргізуде жалпы заңдарды немесе ережелерді анықтау үшін қолданылады және ол келісілген тәртіп, белгілі бір бағытты ұстанудың негізі нмесе тәжірибе». Ф. Вудтың көзкарасы боынша, «бухгалтерлік есеп қағидалары бұл шаруашылық операциялары туралы мәліметтерді жүргізуге байланысты бекітілген ережелер». Негізінен бұл сұраққа жауапты ең алдымен осы «қағида» деген сөздіңмағынасын анықтап, зерттеп алғаннан кейін айту, а болады. Сонымен, «principium» латын тілінен аударғанда «бастама» немесе «негіз» деген мағынаны білдіреді, яғни белгілі бір теорияның, ғылымның, білімнің негізгі базалық жағдайы. Бухгалтерлік есеп қағидалары - бұл осы ғылымның негізі болып келеди. Әрбір ғылым осы ғылымға тән қағидаларға негізделуі тиіс.
Бухгалтерлік есептің жеке қағидаларын қалыптастыру үшін тек «қағида» деген сөзді ғана емес, сонымен қатар «бухгалтерлік есеп» анықтамасында негізге алу қажет. Бухгалтерлік есеп - үздіксіз, бір -бірімен байланысты және ақшалай көріністі шаруашылық үрдістердің құжаттық көрсетілуі. Ал біздің заңдарда, яғни «Бухгалтерлік есеп» туралы заңда бұл анықтама біршама өзгеше көрсетілген. Бухгалтерлік есеп - субъектінің активтері, меншікті капиталы, шығыстары мен табыстары жайлы ақпараттарды тіркеулерді жинау жүйесін құрайды. Келтірілген бұл анықтамалардың ең маңыздысы есептілік негізінен ең алдымен шаруашылық қызметтің және қаржылық есептілік элементтерін көрсетуді негізге алады, ао ол міндетті түрде бухгалтерлік есеп әдістерін құрайтын арнайы әдістермен жүзеге асырылады. Ал бухгалтерлік есеп әдістері әрине бухгалтерлік есеп қағидаларныңың мазмұнымен өте тығыз байланысты болып келеді. Осыдан бухгалтерлік есеп қағидалары есеп жүргізуге қажет пе? Біз бұдан бұрынырақ та олсыз да есеп жүргізген едік деген маңызды сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтың жауабы әрине ол керек. Себебі біріншіден, біз жоғарыда көрсетіп кеткендей, әр бір ғылым, соның ішінде бухгалтерлік есеп ғылымы да негіз салушы қағидаларға негізделуі тиіс. Екіншіден, ол есеп реформаларын дұрыс жүргізудің бірден бір себебі болып келеді. Ал бұл терминалогияның біркелкілігі - біріншіден, унификация неліктен жасалу керектігінде болып келеді. Бірақ «бухгалтерлік есеп қағидасының» әлі күнге дейін біркелкі жүйесі жоқ. Дегенімен, егер «бухгалтерлік есеп қағидасының» мазмұнына назар аударатын болсақ, А. Н. Кашаев пен О. М. Островчкийлер атап өткендей «бұл жерде ондаған жылдар бойы жалпы қабылданған, негізделген әр түрлі терминдер мен есеп категориялыры, есеп тапсырмалары, функциялары, кезеңдері, талаптары мен есептің әр түрлі ғылымдар мен байланыстары осы «бухгалтерлік есеп қағидасы» терминіімен алмастыру тенденциясы анық байқалады».
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің негізгі қағидалары:
- Ақшалай өлшем қағидасы. Бухгалтерлік есепте тек ақшалай бірлікте көрсетілген ақпараттар ғана тіркеуге алынады. Бұндай есептіліктің артықшылығы ол жалпы қабылданған өлшемнің түрі және осы өлшем арқылы автокөлік салалары бойынша біркелкі емес факторлары сан ретінде көрсетіледі, сәйкесінше олар сан түрінде берілгендіктен оларды қосуға және әр түрлі тәсілдер арқылы есептеуге болады. Ақшалай өлшем ортақтастырылған өлшем болып келеді, себебі ол арқылы ұлттық және шетел валюталарында автокөлік салалары бойынша мүліктік құқықтарының көлемі анықталады, шығындары көрсетіледі, сметалары жасалады, өндірістік тапсырмалар, есептіліктер және баланс жасалады.
- Үздіксіздік қағидасы немесе «Бухгалтерлік қызметке кіріспе» атты оқулықтың авторлары ағылшындақ ғалымдардың айтуы бойынша тұрақты қызығушылық қағидасы. Бұл қағида негізінде шаруашылық жүргізуші субъект үздіксіз қызмет жүргізуші ретінде қарастырылады. Үздіксіздік қағидасына сәйкес кәсіпорынға өз активтерін тұрақты түрде бағалап отыруға қажет емес. Мысалы, кәсіпорында ресурстар тауарларды өндіру үшін қолданылады, ао олар сәйкесінше өндірістік үрдіс аяқталғаннан кейін тапсырыс берушілерге сатылады. Сату кезінде бухгалтерлік есеп олардың сатылу бағасымен расталған тауарлар құнын таниды. Бұл жерде яғни өндіріс үрдісінде қолданылатын машиналардың құнын, материалдар мен басқа да құралдардың құнын оларды болашақта сату ниеті жоқ болғандықтан, олардың құнын жеке-жеке анықтау қажет емес. Керісінше егер кәсіпорын болашақта жабылатын болса, онда бұл жағдайда автокөлік салалары бойынша ресурстары бағаланып, ликвидациялық құны бойынша сатылады. Бухгалтерлік есеп үздіксіздік қағидасына сүйенгендіктен, ол сәйкесінше кәсіпорын өз қызметін тоқтатқан жағдайда «оның құралдары қаншаға сатылуы мүмкін» деген ақпараттарға ие болып келмейди.
- Екі жақтылық қағидасы. Бұл қағидаға сәйкес бухгалтерлік баланста екі спектр кездеседі: біреу автокөлік салалары бойынша - активтері ретінде, ал екіншісі - пассивтері ретінде ұсынылған. Активтер - болашақта экономикалық табыс алып келетін кәсіпоырмен бақыланатын ресус. Пассив - міндеттемелер мен меншікті капитал. Активтер мен пассивтер бухгалтерлік есептілік ережелеріне сәйкес тең болуы қажет, бұл теңдік ешқашан бұзылмауы тиіс, себебі бухгалтерлік баланс шаруашылық операциялар екі жақтылық жазу арқылы көрсетілген синтетикалық шоттар негізінде жасалады. Ал екі жақтылық жазу бухгалтерлік есеп әдісінің ең маңызды элементі болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі әр шаруашылық операция бухгалтерлік есеп шоттарында корсетілуі үшін екі рет жазылады, яғни бір рет бір шоттың дебетінде, ал екінші рет басқа шоттың кредитінде бір сомаға жазылады. Екі жақтылық жазу бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларының бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның қолданылуы жоғарғы деңгейдегі бақылаушылық мағынаға ие болып келеді, өйткені ол шоттардағы қорытынды жазулардың балансталуын талап етеді. Бұл олардың түрлеріне байланыссыз барлық шоттардың дебеті мен кредиті бойынша айналымдардың сомасы есептелген жағдайда әр есептік кезең аяқталған кезде жүзеге асырылады. Олар сәйкесінше бір-бірімен тең болуы тиіс, ал керісінше болған жағдайда ол есептілік жүргізуде қателіктердің бар болуын білдіреді. Әо операция есеп регистрлеріне кі жақты әсер ететіндіктен, бухгалтерлік есеп шаруашылық операциялардың екі аспектісінде тіркеу бойынша ұйымдастырылған. Екі жақтылық жазу ек жақтылық қағидасының тәжірибелік нұсқасы болып келеді.
Тіркеу қағидасы. Бұл қағида Я. В. Соколовпен құрастырылған болатын. Бұл бухгалтерлік есеп қағидасының көмегімен автокөлік салалары бойынша активтері мен олардың пайда болу көздеріне әсер ететін барлық қызметтер, операциялар, үрдістер тіркеліп отырылады. Я. В. Соколовтың айтуы бойынша: «бірде бір оқиға шаруашылық операциялары кезінде, егер ол бастапқы құжаттарда тіркелмесе олар шынай бола алмайды». Дегенімен шаруашылық операциялар кезінде оқиғалардың барлығы бухгалтерлік есепте тіркеле бермейтіндігін айтып кеткен жөн.
1. 2 ХҚЕС жүйесіндегі қаржылық есептіліктің мазмұны және оны құрастырудың әдістемелік негізі
Дамыған қоғамда бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құрастырылатын қаржылық есептіліктің мазмұнын жетілдіру қазіргі кезде қаржылық менеджменттің қазіргі кезде алдына қойылған ең негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Қаржылық есептіліктердің мәліметтері сыртқы және ішкі қолданушыларға белгілі бір кәсіпорында экономикалық шешімдер қабылдау үшін, ал макроэкономикалық деңгейде экономикалық өзара байланыстардың даму тенденцияларын анықтау үшін, баға саясатын қалыптастыруға, қоғамдағы әлеуметтік бағыттардың өзгеруі және тағы басқа жағдайларға қажет болып табылады. Қазақстанда бухгалтерлік есептің құқықтық және әдістемелік дамуын қамтамасыз ететін тенденциялардың бірі ол халықаралық тәжірибелерді қолдану болып табылады.
Қазіргі кезде елімізде халықаралық стандарттарға сәйкес есептілікті дамыту үшін «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жуйсін дамыту тұжырымдамасының жобасы» 2007-2009 жылдар аралығына бағытталған, ал бұл жоба Қазақстан Республикасының Примьер-Минимстірінің 2006 жылғы 9 тамызда №233-ө өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалған.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әр түрлі мемлекеттерде қаржылық есептілікті құрастыру үшін қолданылатын бухгалтерлік есеп әдістемелері мен қағидаларының унификациясы үшін жасалған. Есептілік сыртқы қолданушыларға да құрастырылып ұсынылғандықтан, әр түрлі елдерде оның мазмұны, құрастырылуы және қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді ұсынуда көптеген айырмашылықтар бар. Есептілік әр елдің қолданушыларына түсінікті және бірдей қабылдануы үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары қабылданған және әлі күнге дейін жетілдірілу үстінде. Ол қай автокөлік салалары бойынша болсын қызметі туралы ақпараттарды ұсынуды, дайындау процедуралары мен оны құрастыру ережелерін жақындастыру үшін арналған.
Қаржылық есептілік формаларының мазмұны №1 ХҚЕС «Қаржылық есептілікті ұсынылуымен» анықталған. Бұл жалпылама белгіленген стандартта автокөлік салалары бойынша есептілігін құрудың базалық негізі көрсетілген, бұл оның өткен кезең көрсеткіштері мен басқа кәсіпорындардың есептілік мәліметтерінің саластырмалылығына байланысты біршама жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар стандартта қаржылық есептіліктің құрылымына байланысты кеңестер және оның мазмұнына деген минималды талаптар ұсынылған.
ХҚЕС қағидалары мен ережелеріне сәйкес жасалған жалпылама қаржылық есептілік нақты ақпараттық сипаттағы есептілік мәліметтерін талап ете алмайтын қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады. ХҚЕС сәйкес жасалған қаржылық есептілік автокөлік салалары бойынша есепті кезең ішінде жасалған операциялары мен қаржылық жағдайын құрылымдық түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Қаржылық есептіліктің мақсаттары:
- Экономикалық шешеімдер қабылдау үшін қоолданушылардың үлкен тобына қаржылық жағдай, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну.
- Кәсіпорын басқарушылары сеніп тапсырған, ресурстарды басқарудың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсыну.
ХҚЕС сәйкес автокөлік салалары бойынша қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:
- Бухгалтерлік баланс.
- Кірістер мен шығыстар туралы есептілік.
- Капиталдағы барлық өзгерістерді көрсететін есептілік.
- Ақша қозғаласы туралы есептілік.
- Есеп саясаты және түсіндірме хат.
Автокөлік салалары бойынша қаржылық есептілігінен басқа сонымен қатар басқарушыларға сонымен қатар қаржылық шолу да құрастырылуы мүмкін, бұл шлуда кәсіпорын қызметінің нәтижелері, автокөлік салалары бойынша қаржылық жағдайы, кәсіпорын қызметі кезінде кездесетін негізіг қиындықтар келтірілуі мүмкін. Сонымен қатар қаржылық шолуда қызметтің қаржылық нәтижелерін анықтайтын факторлардыталдаудың қорытындылары, табыстың өсуін қамтамасыз етуге және қызметті жақсарту мақсаттарында жасалған іс-шаралар, автокөлік салалары бойынша инвестициялық саясаты, дивиденттер аясындағы саясат туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Құжаттағы мәліметтердің ішінде ең басты назар қаржыландыру көздерін талдауға, қарыздық қаражаттарға қатысты саясатқа, тәуеклдерді басқаруға арналған іс-шараларға аударылады. Аталған құжаттардан басқа сонымен қатар қаржылық есептілікте қоршаған ортаны қорғауға байланысты есептіліктер, қосылған құнға байланысты есептіліктер және экономикалық шешімдер қабылдау үшін қолданушылардың жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін тағы да басқа есептіліктер көрсетілуі мүмкін.
Қаржылық есептіліктің мзмұнына және қаржылық есептіліктегі баптардың ашылуы немесе олармен қоса берілген қосымшаларға қарамастан, ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талап - қаржылық есептілік формалары мен оның әр компоненттрінің анықталуы болып табылады.
Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:
а) есеп беретiн автокөлік салалары бойынша атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;
б) қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;
в) қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;
г) 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;
д) қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк деңгейi.
Қаржы есептiлiгi міндетті түрде кем дегенде жыл сайынғы негізде ұсынылуға тиiс. Автокөлік салалары бойынша есепті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептiлiгi бiр жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептiлiгiнде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
а) неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңдi пайдалану себебiн;
б) пайдалар мен залалдар туралы есептегі, меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi.
Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Осы Стандарт ондай практикаға тиым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептiлiгiнде бiр жылдық кезең үшін жасалатын қаржы есептiлiгінен елеулi айырмашылығы бола қоймас.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептіліктің ең негізгі формаларының бірі, оның мәліметтері арқылы автокөлік салалары бойынша мүліктік жағдайы анықталады. Бухгалтерлік балансты құрастыру жұмыстары кезінде оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінген активтері мен міндеттемелері және олар жеке классификация түрінде болу қажеттілігі негізінде жасалуы тиіс. Егер басшылықпен балансты бұндай классификацияға бөлмеу туралы шешім қабылданса, онда бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер өтімділік тәртібі бойынша ұсынылуы тиіс. Сонымен қатар егер баланста активтер мен пассивтердің жеке сомалары берілетін болса, онда кәсіпорын міндетті түрде есептілік кезеңінен кейін 12 ай ішінде және осы 12 ай аяқталуы кезінде олардың өтелуі немесе төленуі күтілетін активтер мен міндеттемелердің сомалары ашуы тиіс. ХҚЕС бойынша бұндай талаптың орындалуы қаржылық есептілікті қолданушыларға айналым капиталының құрамындағы таза активтер жайлы тиімді ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұндай ақпараттар қолданушыларға есепті кезеңде сатылуы тиіс активтер мен төленуі тиіс міндеттемелер мен автокөлік салалары бойынша төлем қабылеттілігін және өтімділік деңгейін талдауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz