Интернет желісі жайлы
Кіріспе . 2
1 Интернет желісінің тарихы 3
1.1 Интернет неден тұрады? 4
1.2 Интернетті кім басқарады? 4
1.3 Кім төлейді? 5
2 Интернет желісінің хаттамалары 5
3 Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау 5
4 Бағыттауыштар 6
5 Хаттамалар 8
5.1 Тасымалдауды басқару хаттамалары 8
5.2 Басқа тасымалдау хаттамалары 8
6 Электрондық пошта 8
7 Аттардың домендік жүйесi 9
8 Желіге тікелей қосылу 11
9 Internet.пен қатынас кұру 11
10 Парольдар 12
11 Интернетте не істеуге болады? 13
12 World Wide Web 14
12.1 World Wide Web құрылымы 15
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 17

Интернет әлемнің түрлі мекемелерін ақпараттық желі байланысымен қамтамасыз ететін түйін тәрізді. Егер ертерек желі тек электронды пошта арқылы файлдар мен хабарландырулар алмастыру үшін қолданылған болса, қазір қиын функцияларды шешуге қолданылады. Осыдан 9 жылдай бұрын желілік іздеу мен таралған ақпараттық қорларға, электрондық архивтарға рұқсат функцияларды қолдайтын қабықшалар жасалған болатын. Интернет, суперкомпьютерлерді меңгеруге талпынған зерттеуші және оқушы топтарға қызмет еткен болса, қазір бизнес әлемінде де басты орын алуда. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатынын қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді. Оның қүрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. Интернет түрлі мекемелерді өзінің тездігімен, арзан глобальді байланысымен, бірігіп жұмыс жасауға қолайлылығымен, РҰҚСАТ бағдарламаларымен, тамаша мәлімет қорымен қызықтырады. Олар дүние жүзілік желіні өз локальді желілеріне толықтауыш ретінде қарастырады. Аз ақша төлей отырып, қолданушы Канаданың, Австралияның, АҚШ, Европа елдерінің жеке меншік не жеке меншік емес ақпараттық қызметтеріне шыға алады. Интернет желісіне РҰҚСАТ архивтерінде адамның барлық қызмет сфералары бойынша ақпарат табуға болады; мысалы ғылыми-зерттеу жаңалықтарынан бастап, ертеңгі күнгі ауа райын да білуге болады. Сонымен қатар, Интернет арзан, сенімді және жасырын глобальды байланыс. Бұл желі дүние жүзі бойынша филиалдары бар ұйымдар үшін өте қолайлы екен. Халықаралық байланысқа арналған Интернет инфрақұрылымын пайдалану спутник каналы немесе телефон арқылы тікелей байланысқа қарағанда әлдеқайда тиімді.
Осы күнде электрондық пошта Іnternet желісінің ең көп пайдаланылатын қызметі. 200 миллионнан астам адамның электрондық поштада өз адресі бар. Электрондық пошта арқылы жіберілген хат кәдімгі хат жіберуден арзанға түспек. Және де электрондық хат жіберілген жерге бірнеше сәтте жетсе, жәй хат күндеп, апталап жетеді.

• Всё об INTERNET. Руководство и каталог. Эд Крол. BHV, Киев.
• Журнал по персональным компьютерам PC Magazine Russian Edition. № 1–12 за
1996 год; № 1–4 за 1997 год.
• Компьютерный еженедельник «Компьютерра». № 120 – 167 за 1996 год; № 180 –
190 за 1997 год.
• Журналы Мир Internet.
• Журнал для пользователей персональных компьютеров Мир ПК.
• Ежемесячный компьютерный журнал CompUnity № 9 за 1996 год.
• Компьютерный журнал для пользователей Hard ‘n’ Soft.
• Журналы Компьютер Пресс.
• Международный компьютерный еженедельник ComputerWorld Россия.
• Еженедельник PC Week Russian Edition.
• Еженедельник для предпринимателей и специалистов в области информационных
технологий ComputerWeek Moscow.
• “Интернетке кіріспе” Е.Г. Абдильдин, Е.К. Балапанов Алматы 2000ж.
• “MICROSOFT OFFICE для WINDOWS 95 без проблем”. Под ред. С.Молявко.
Москва: “Бином”, 1996г.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . 2
1 Интернет желісінің тарихы 3
1.1 Интернет неден тұрады? 4
1.2 Интернетті кім басқарады? 4
1.3 Кім төлейді? 5
2 Интернет желісінің хаттамалары 5
3 Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау 5
4 Бағыттауыштар 6
5 Хаттамалар 8
5.1 Тасымалдауды басқару хаттамалары 8
5.2 Басқа тасымалдау хаттамалары 8
6 Электрондық пошта 8
7 Аттардың домендік жүйесi 9
8 Желіге тікелей қосылу 11
9 Internet-пен қатынас кұру 11
10 Парольдар 12
11 Интернетте не істеуге болады? 13
12 World Wide Web 14
12.1 World Wide Web құрылымы 15
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 17
КІРІСПЕ
Интернет әлемнің түрлі мекемелерін ақпараттық желі байланысымен
қамтамасыз ететін түйін тәрізді. Егер ертерек желі тек электронды пошта
арқылы файлдар мен хабарландырулар алмастыру үшін қолданылған болса, қазір
қиын функцияларды шешуге қолданылады. Осыдан 9 жылдай бұрын желілік іздеу
мен таралған ақпараттық қорларға, электрондық архивтарға рұқсат
функцияларды қолдайтын қабықшалар жасалған болатын. Интернет,
суперкомпьютерлерді меңгеруге талпынған зерттеуші және оқушы топтарға
қызмет еткен болса, қазір бизнес әлемінде де басты орын алуда. Әлеуметтік
пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін
іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі
кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен
толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген
нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді
тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатынын қуантады. Бірақ
адам жаңалыққа тез үйренеді. Оның қүрамында миллиондаған компьютерлер,
компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір
есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс
істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен.
Интернет түрлі мекемелерді өзінің тездігімен, арзан глобальді байланысымен,
бірігіп жұмыс жасауға қолайлылығымен, РҰҚСАТ бағдарламаларымен, тамаша
мәлімет қорымен қызықтырады. Олар дүние жүзілік желіні өз локальді
желілеріне толықтауыш ретінде қарастырады. Аз ақша төлей отырып, қолданушы
Канаданың, Австралияның, АҚШ, Европа елдерінің жеке меншік не жеке меншік
емес ақпараттық қызметтеріне шыға алады. Интернет желісіне РҰҚСАТ
архивтерінде адамның барлық қызмет сфералары бойынша ақпарат табуға болады;
мысалы ғылыми-зерттеу жаңалықтарынан бастап, ертеңгі күнгі ауа райын да
білуге болады. Сонымен қатар, Интернет арзан, сенімді және жасырын
глобальды байланыс. Бұл желі дүние жүзі бойынша филиалдары бар ұйымдар үшін
өте қолайлы екен. Халықаралық байланысқа арналған Интернет инфрақұрылымын
пайдалану спутник каналы немесе телефон арқылы тікелей байланысқа қарағанда
әлдеқайда тиімді.
Осы күнде электрондық пошта Іnternet желісінің ең көп пайдаланылатын
қызметі. 200 миллионнан астам адамның электрондық поштада өз адресі бар.
Электрондық пошта арқылы жіберілген хат кәдімгі хат жіберуден арзанға
түспек. Және де электрондық хат жіберілген жерге бірнеше сәтте жетсе, жәй
хат күндеп, апталап жетеді.
1 ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ТАРИХЫ
АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсыруымен 1961жылы Defence Advanced
Research Agency пакет алмастыру желісінің тәжірибелік жобасын жасауға
кірісті. ARPANET аталған бұл торап алғашында түрлі типті компьютерлер
арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз етуге арналған болатын. Модем
арқылы мәлімет жіберу әдістерінің көбі ARPANET-те өңделген. Сол кездеTCPIP
протоколы да мәлімет алмастыру желісінде өңделіп шығады. TCPIP-көптеген
түрлі компьютерлердің бір-бірімен қалай байланысатынын анықтайтын
коммуникациялық хаттамалардың жиынтығы.
ARPANET-пен жасалған тәжірибе сәтті болғандықтан, көптеген мекемелер
күнделікті мәлімет алмастыру үшін оған қосылғысы келді. 1975жылы ARPANET
желінің жай ғана тәжірибелік жобасынан нағыз жұмысшы желіге айналады.
Желіні басқару жауапкершілігін Defence Communication Agency (DCA) өз
мойнына көтеріп алды, қазір ол Defence Information Systems Agency деп
аталады. Бірақ, ARPANET-тің дамуы осымен тоқтап қалған жоқ; TCPIP
хаттамалары одан әрі дамуы мен жетілуін жалғастыра берді.
1983 жылы TCPIP хаттамаларына арналған алғашқы стандарт шығады, ол
әскери стандарт - Military Standards-қа енеді және желімен жұмыс
істегендердің барлығы да осы хаттамаларға көшуге міндетті болды. Бұл
хаттамаларға көшуді жеңілдету үшін darpa TCPIP хаттамаларын Berkley unix-
ке қосуды berkley software design фирмасының басшыларына ұсынды. Содан бері
unix пен TCPIP одағы жұмыс жасай бастайды. Интернет термині
бірыңғай желіні белгілеу үшін қолданыла бастады: MILNET плюс ARPANET
1991жылы ARPANET өз тіршілігін тоқтатқанына қарамастан, Интернет әлі
күнге дейін бар; ол әлемдегі бірнеше желілерді қосқандықтан қазіргі өлшемі
бұрынғысынан өте көп. 1- суретте 1969 жылы желіге қосылған 4 компьютерден
бастап, 94 жылға дейінгі қосылған хосттар санын бейнелейді.
Хост дегеніміз көп мақсатты операциялық жүйеде жұмыс жасайтын, TCPIP
хаттамасын ҚОЛДАУШЫ, қолданушыларға қандай болмасын желілік қызмет
көрсететін Интернет желісіне қосылған компьютерлер.
1- сурет- Интернет желісіне қосылған хосттар санының өсуі.
1. Интернет неден тұрады?
Бұл күрделі сұрақ, жауабы әрдайым өзгеріп тұрады. Он жыл бұрын жауап
беру оп-оңай болатын. Интернет - ол IP протоколымен бірлесіп әрекет жасай
отырып, өзінің ұжымдасқан қолданушыларына арналған тігіссіз ау (желі)
құрайтын барлық желілер. Бұған түрлі федералды желілер, аймақтық
желілердің жиынтығы, университеттік және шетелдік желілер кіреді.
Соңғы кезде ІР протоколын қолданбайтын Интернет желісіне қосылуға
қызығушылық артып келеді. Клиенттерге осындай желілерді пайдалануына беру
үшін интернетке бөтен желілерге қосылу әдісі шығарылды (мысалы, BITNET,
DECnets,т.б.). Шлюз аталған бұл қосылулар тек электрондық поштаны 2 желі
арасында тасылмалдауға арналған болатын, бірақ кейбіреулерінің қызметі
желіаралық негізде басқа да қызмет көрсетуге дейін өсіп кетті. Олар
интернеттің бір бөлшегі болып табылады ма? Иә да жоқ та, бәрі де олардың
қалауына байланысты.
Қазіргі уақытта интернет желісінде өте баяу телефон сызықтарынан бастап
өте жылдам цифрлік спутниктік арналарға дейін қолданылады. Интернет
желісінде қолданылатын операциялық жүйелер әртүрлілікпен ерекшеленеді.
Интернет желісінің көптеген компьютерлері ОС Unix немесеVMS арқылы
істейді. NetBlazer немесе Cisco секілді желінің арнайы бағытшылары (
маршрутизаторы-орысша) кеңінен таныс. Нақтылай айтқанда, интернет өзара
түрліше байланысқан компаниялар мен мекемелерге жататын аймақтық және
әлемдік желілердің жиынынан тұрады. Бір-бірімен белсенді түрде бірлесіп
әрекет қылатын( файлдар мен хабарландырулар жіберу арқылы), түрлі өлшемдегі
кішкене желілерден құрастырылған мозайка түрінде интернетті көз алдымызға
елестетуге болады.
2. Интернетті кім басқарады?
Интернетте президент те , негізгі инженер де жоқ . Президенттер және
қалған ең жақсы ресми тұлғалар, интернетке кіретін желілерде бола алады,
бірақ оның жөні басқа. Интернетте жалғыз авторитарлық фигура жоқ.
Интернеттің даму бағытын негізінде Общество Интернет немесе ISOC
(Интернет Society) анықтайды. ISOC-қоғамдық бастамалар негізіндегі ұйым,
оның мақсаты интернет арқылы әлемдік ақпарат алмастыруға көмектесу. Ол
интернеттің техникалық басшылығына жауап беретін қауым бастықтарын (
старейшины-орысша) сайлайды.
Қауым бастықтары кеңесі (Интернет Architecture Board немесе Совет по
архитектуре Интернет) өз еркімен жұмысқа қатысуға келіскен адамдар тобынан
тұрады. IAB әрдайым стандарттар бекіту үшін және түрлі қорларды бөлу үшін
(мысалы адрестер) жиналып тұрады. Компьютерлердің және қолданбалы
бағдарламалардың әрекеттестік стандартты тәсілдерінің арқасында интернет
жұмыс істейді. Бұндай стандарттардың болуы түрлі фирмаларда өндіріліп
шыққан компьютерлерді бір-бірімен қиындықсыз байланыстыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, IAB қайталанбайтын номерлерді бақылау керек. Мысалы
интернеттің компьютерлері өз бірегей 32 разрядты мекенжайды болады; ол
мекенжай басқа еш компьютерде болмауы тиіс. Бұл мекенжайдың қалай
меншіктелетінін IAB шешуі керек. Әрбір интернетпен қолданушының желі
жұмысы жайында өз ойы болады. Интернет қолданушылар өз пікірлерін IETF
(Интернет Engineering Task Force) инженерлік комиссияның мәжілістерінде
білдіре алады. IETF тағы бір қоғамдық ұйым. Ол интернеттің техникалық
проблемаларын талқылау үшін жиналады. IETF мәжілістеріне кез-келген қатыса
алады және жұмысшы топ құрамына ене алады. Жұмысшы топ құжат шығарудан
бастап ерекше жағдайларда желілердің өзара қалай әрекеттесуін шешуге дейін
түрлі жұмыстар атқарады.
3. Кім төлейді?
Интернет – тегін желі деген аңыз ғана. Қолданушылар сағаттық немесе ай
сайынғы төлемді үй компьютерлерінен секундына 56 кбайт жылдамдықпен
сызықтар арқылы интернетке қатынас құру үшін төлейді.
1. ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ХАТТАМАЛАР
Интернеттің басқа желілерден негізгі ерекшелігі – ТСРІР хаттамаларында.
ТСРІР термині компьютер-аралық әрекеттестікпен байланыстының бәрін
білдіреді. Ол хаттамалардың түр-түрін, қолданбалы бағдарламаларды, тіпті
желінің өзін де қамтиды. ТСРІР-жүйе аралық әрекеттестік технологиясы,
internet технологиясы. ТСРІР өз атына Transmission Control Protocol
(TCP) және Internet Protocol (IP) деген екі коммуникациялық хаттамаларға ие
болды.
Басқа желілердегідей интернет желісінде компьютерлер аралық
әрекеттестіктің 7 деңгейі бар болады: физикалық, кисынды, желілі,
транспорттық, байланыс сеанстарының деңгейі, өкілдік және қолданбалы
деңгей. Талапқа сай әрбір әрекеттестік деңгейіне сәйкес хаттамалардың
(әрекеттестік ережелерінің) терімі болады.
Физикалық деңгей хаттамалары түр және компьютерлер аралық байланыс
сызықтарының мінездемелерін анықтайды. Интернетте барлық осы шақта белгілі
байланыс тәсілдері: қарапайым сымнан (екі қиялдана) талшықты (волоконно) -
оптикалық байланыс сызықтарына дейін (ВОЛС) қолданылады.
Байланыс сызықтарының әрбір үлгісіне арналған мәліметті канал арқылы
алмастыруды басқарумен шұғылданатын кисынды деңгейді хаттамалар өңделнді.
Қисынды деңгейді хаттамаларға РРР (Point to Point Protocol) және SLIP
(Serial Line Interface Protocol) жатады. Жергілікті желінің кабельді
байланысына ЛВС (пакетные драйверы плат) пакетті драйверлер арналған.
Желілі деңгей хаттамалары әр түрлі желілердегі құрылғылар арасындағы
мәлімет алмасуына жауап береді, яғни желіде пакеттердің бағыттауымен
шұғылданады. Бұндай хаттамаларға ARP (Address Resolution Protocol) және IP
(Internet Protocol) жатады.
Транспорттық деңгей хаттамалары бір бағдарламадан басқаға мәлімет
жіберуді басқарады. ТСР және UDP (User Datagram Protocol) жатады.
Байланыс сеанстарының деңгей хаттамалары лайықты каналдарды құруға,
сүйемелдеу және құртуға жауап береді. Интернетте бұнымен айтылып кеткен
ТСР, UDP , сонымен қатар (Unix to Unix Copy Protocol) хаттамалары
шұғылданады.
Өкілдік деңгей хаттамалары қолданбалы бағдарламаларға қызмет етумен
шұғылданады. Өкілдік деңгей бағдарламаларына абоненттерді түрлі қызметпен
қамтамасыз ететін, мысалы, Unix - серверде жұмыс істейтін бағдарламалар
жатады. Мысалға: telnet-сервер, FTP-сервер, Gopher-сервер, NFS-сервер, NNTP
(Net News Transfer Protocol), SMTP (Simple Mail Transfer Protocol), POP2 и
POP3 (Post Office Protocol) т.б.
Қолданбалы деңгейлік хаттамаларға желілік қызметтер және олармен
қамтамасыз ететін бағдарламалар жатады.
3 КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ДАЯРЛАУ
Интернет желісімен жүмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы,
осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі
бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жүмыс істеуге мүмкіндік
беретін компьютердің ең кіші параметрлері мынадай болады:
• Windows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Windows 98
ыңғайлырақ);
• 48666 МГц DХ процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;
• компьютердің жедел жады (RАМ) көлемі - 8 Мб немесе одан жоғары;
• қатты магниттас диск (HDD) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;
• модемді қосуға арналган СОМ РORТ болуы тиіс;
• SVGА мониторы;
• модем (модулятор-демодулятор);
• тышқан тетігі;
• Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер
құрамы:
• Pentium 45 ГГц;
• RАМ көлемі —1024Гб;
• HDD көлемі - 5000 Мб;
• LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
• Дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
• UR Robotics модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Кбитсек.
Модем дегеніміз — провайдер торабымен дербес комньютердің байланысын
қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол
арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның
мәліметтерді қабылдаужөнелту жылдамдығы (битс немесе кбитс - bs, kbs)
саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп
отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде
провайдерлермен ақылдасқан абзал.
4 БАҒЫТТАУЫШТАР
Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған
сервердің ішкі функциясы. Бұл кызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша
алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына — ақпаратты тасымалдау жатады.
Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент) арасында
байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты серверлерден өтуі
керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге, ары
қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансатлантик кабелімен АҚШ-қа
жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден
спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Йоркке кетіп қалуы да мүмкін.
Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл ешкімді
қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат алғаннан кейін,
ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы
жакындау орналасқан серверге жібереді. Жақындау дегеніміз тегін емес,
жақындау орналасқан сервер байланыс мүмкіндігінше, белгілі бір арнаның
жүмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б. факторларға тәуелді болады. Екі ауыл
арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді, мысалы,
жол тегіс емес немесе жауьннан соң тас төселген алыс жолмен жүру ыңғайлы,
т.с.с. шаралар сияқты байланыс арналарьнда да арасы қашық болса да, ең
жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы
аппараттық-программалық жабдықтар жүмыс істейді, оларды бағыттауыштар
(маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу
керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекгі сервер уақытша
жүмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге
жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда Мәскеу мен Хельсинки арасында
байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш
программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.
Ол желілер интернет желісі, телефон сызықтары немесе маркерлі
қатынаулы желілер болуы мүмкін.
2 – сурет - Интернеттің аппараттық құралдары.
Телефондық сызықтар және Ethernet желілері автомобильдер мен
ұшақтардың пошта жеткізушілік қызметіне эквивалентті. Сапар желіктегіштер
пошталық қосалқы станциялар (подстанции-орыс.); олар мәліметтерді
(пакеттерді) қайда бағыттау керектігі жайлы шешімдерді қабылдайды, дәл
осылай пошталық қосалқы станция қайда поштамен конверттерді бағыттау
керектігін шешеді. Әрбір қосалқы станция, немесе сапар желіктегіш, қалған
станциялармен байланыста болмайды.
Сіздің мәліметтеріңізді қайда жіберу керектігін қайдан біледі? Мысалы,
пошта арқылы хат жібергенде сіз конверт сыртына адресін жазып, марканы
жабыстырасыз. Интернетте де белгілі бір ережелерге сай дәл солай. Ол
ережелер хаттамалар деп аталады.
Интернет-адрестер 4 саннан тұрады, олардың әрқайсысы 256-дан аспауы
тиіс. Жазылғанда ол сандар бір-бірінен “нүкте” арқылы айырылады, мысалы:
154.12.6.5
18.17.59.4
Мекенжай бірнеше бөлімнен тұрады. Internet - желілердің желісі
болғандықтан, мекенжай (адрес) басы сіздің компьютеріңіздің қай желіге
жататыны жөніндегі ақпараттан тұрады. Мекенжайдың оң бөлімі қай
компьютердің пакетті алу керектігі туралы ақпарат хабарлау үшін қызмет
етеді. Интернеттегі әрбір компьютердің өз бірегей мекенжайы болады.
Қысқасы, интернет маршрутизаторлары мәліметті керекті желіге жібереді,
жергілікті желі оны керекті компьютерге жібереді. Техникалық себептер үшін
(негізінде аппараттық шектеулер) ІР желісімен жіберілген мәлімет пакеттер
деп аталатын бөлшектерге бөлінеді. Бір пакетте әдетте 1-ден 1500-ға дейін
символ болады. Бұл әр пайдаланушыға желіні монополизациялауға мүмкіндік
туғызбайды, бірақ дер кезінде қызметпен қамтамасыз етілуге сенімді кепілдік
береді. Сіздің мәліметіңіз ІР-конвертке орналасатындықтан, желіде пакеттің
сіздің компьютеріңізден белгіленген пунктісіне жетуіне қажетті ақпараттың
бәрі болады. Осында бірақ, лезде бірнеше проблема туындайды.
Біріншіден, көп жағдайда қайта жіберілуші хабар көлемі 1500 символды
шамадан асырады.
Екіншіден, қате болуы мүмкін. Ал желілер пакеттерді кейде жоғалтады
немесе тапсыру кезінде оларға зақым келтіруі мүмкін.
Үшіншіден, пакеттердің жеткізу жүйелілігі бұзылуы мүмкін. Егер сіз бір
мекенжайға біреуінен кейін екінші хат жіберсеңіз, олардың екеуінің де бір
маршрутпен кететініне немесе жіберілген рет бойынша жетуінде еш кепілдік
жоқ. Осындай қиындықтар интернетте болып тұрады. Сондықтан желінің келесі
деңгейі бізге көбірек ақпарат жіберуге және айтылып кеткен қиындықтарды
шешуге мүмкіндік береді.
5 ХАТТАМАЛАР
5.1 Тасымалдауды басқару хаттамалар
Жоғарыда айтылған проблемаларды шешуге "тасымалдауды басқару
протоколы" ТСР (жиі ІР протоколымен бірге айтылатын) қолданылады. Егер де
сіз пошта арқылы кітап жібергіңіз келсе, ал пошта кітап қабылдамайды, сонда
не істер едіңіз? Шешімі бір: кітаптан парақтарын суырып алып, әрқайсысын
бөлек конвертке салып, барлық конверттерді пошта жәшігіне тастау. Алушы
барлық парақтарын жиып, қайта кітап қылып жабыстыруға мәжбүр болар еді.
Міне тура осы жұмыстарды ТСР орындайды.
Сіз жіберетін ақпаратты ТСР бөлшектерге бөледі. Толық ақпарат жеткен-
жетпегенін тексеруге оңай болу үшін, дұрыс реті бойынша орналастыру үшін
әрбір бөлшек номерленеді. Протоколдың реттік нөмірді желі бойынша тапсыруға
арналған өзінің керекті ақпарат жазылған "конверті" бар. Сіздің
мәліметіңіздің бөлшегі ТСР конвертіне орналасады, ал ТСР коверті ІР
конвертіне орналастырылады және желіге жіберіледі.
Алайда, мәлімет жолда телефон линияларының уақытша қабыл алмауының
салдарынан тек жоғалып қана қоймайды, өзгеріп те кетуі мүмкін. ТСР бұл
пробоемаларды да шешеді. Мәліметті конвертке саларда бақылау сумма аталатын
есептеу жүргізіледі. Бақылау суммасы – ол ТСР алушыға пакеттегі қателерді
табуға мүмкіндік беретін сан. Пакет керекті жерге жеткенде ТСР алушы
бақылау суммасын есептеп, жіберуші жіберген суммамен салыстырады. Егер де
екі сумма әртүрлі болса, онда жіберу кезінде қате кеткен. ТСР қабылдаушы
пакетті жойып, қайта жіберуді сұрайды.
2. Басқа тасымалдау хаттамалар
Тағы бір стандартты хаттама - қолданушы дейтаграммалары хаттамасы
(протокол пользовательских дейтаграмм) бар. Ол кейбір қолданбалы
бағдарламаларда пайдаланылады. Сіздің мәліметтеріңізді ТСР конвертке
салудың орнына ол UDP (user datagramm protocol) конвертке орналастырады.
UDP ТСР-ға қарағанда өте қарапайым, өйткені ол жоғалған пакеттерді іздеумен
немесе пакеттердің орналасуымен айналыспайды. UDP тек қысқа мәліметтер
жіберетін бағдарламалар үшін ғана қолданылады.
6 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА
Электрондық пошта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы
байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі поштаның екінші
балама түрі болып есептеледі. Информацияны өте жылдам, әрі толық күйінде
оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен қызметінің
салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде қазіргі пошта қызметінің ертеңі
электрондық пошта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген
ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған әртүрлі
қүжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген
пікірін тез жинап алуға болады.
Электрондык почта кез келген құжатты - ол мейлі қызмет жайлы жалпы
мәліметтер бола ма (адресі, аты-жөні, тақырыбы) немесе жай хабар түріндегі
мәтін (хаттың өзі) бола ма - бәрібір олардың информациялық негізін бірдей
түрде анық, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.
Электрондық поштаны пайдалану кезінде компьютерде әртүрлі арнаулы
программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен - біріне
жеңіл ауысып отыруға болады. Мүндай программалар мынадай жүмыстарды
атқарады:
• алынған хабарларды талдау және жаңа хабарлар дайындау;
• байланыс торабымен жылдам хабар алмасу;
Байланыс желісіндегі ең алғашқы программаның жұмысы компьютердегі
мәтіндік информациямен жүмыс істеген сияқты болады. Бүл кезеңде белгілі бір
редакторлық программа көмегімен мәтінді дайындап, оны артынан қарап шығуға
тура келеді. Мәтінді оқу, толықтыру, талдау жүмыстары әдеттегі почтамен
жүмыс істегенмен бірдей. Компьютерде әрқашанда жинақталған мәліметтер
архиві болуға тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын тағы қайталап оқып
шығып, керек еместерін "қоржынға" тастап, керектеріне жауап жазып, кейбірін
қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе
келген хатқа жазылған жауапты "почта жәшігіне" салып, керекті адреске
жөнелтеміз.
Сонымен, электрондық поштаның кәдімгі поштадан айырмасы "байланыс
бөлімі" өз компьютерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.
Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу
ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол
программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-
қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген
сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде
программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін
қатар атқарады, Компьютеріміздің ішіндегі өз "почта жәшігіміздегі" бүрынғы
салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің
адресімізге келіп түскен хат-хабарлар ғана "жәшікте" жатады.
Дербес компьютерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жүмыс істейтін
болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келіп түскен барлық хат-
хабарлар бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьютердегі өз
иелерінің пошта "жәшіктеріне" сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге
тиіс хат-хабарлары керекті адрестеріне жөнелтіледі.
Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам пошта администраторы болып
тағайындалады. Адрестері не аттары дүрыс көрсетілмеген, бірақ сол
компьютерге бағытталған хаттар осы администраторға табыс етіледі. Сонымен
программаның басқаруымен компьютерге келіп түскен хаттар "талап етілгенше"
келіп түскен почта жәшігінде жата береді. Мұның қолайлы жағы — компьютер
өшіп түрғанда келіп түскен хаттар бірден "жәшікте" сақталып түрып қалады.
Егер бүлай болмаса, тораптық компьютердің жады алынбаған хаттарға толып
кетер еді. Соның өзінде де көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп
адрестері дүрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға
арнайы белгі қойылып келген жеріне қайтарылады.
7 АТТАРДЫҢ ДОМЕНДІК ЖҮЙЕСІ
Сандык мекенжайлар – компьютерлердiң өзара “араласуына” колайлы, ал
адамдар үшiн аттар қолайлы. Сандық мекен-жайларды қолдану, еске сақтау
қиын. Сондықтан интернетте компьютерлерге аттар беріледі. Барлық қолданбалы
бағдарламалар интернетте сандық мекен-жайлардың орнына аттар жүйесін
қолдануға мүмкіндік береді.
Әрине, аттарды қолданудың өзіндік кемшіліктері бар. Біріншіден, бір
аттың басқа да компьютерге берілмеуін қадағалау керек. Сондай-ақ, аттардың
сандық мекен-жайға ауысуын қамтамасыз ету керек өйткені, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz