XV-XVІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы



Кіріспе

Негізгі бөлім:

1.бөлім.

2.бөлім.

3.бөлім.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан территориясындағы жүздеген жылдар аралығында пайдаланған өзіндік заңы, әдеттегі құқық-рәсімдер мен салт-дәстүр заңдылықтары болды. Олар мемлекеттік билік арқылы бұзылмайтын негізде қаланып, қоғамдық қатынастарды қалыптастырды. Қазақтың әдеттегі құқы әдет немесе заң терминімен белгіленді. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әдет немесе заң көшпелі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық өмірлерінде негізгі тыныс-тіршілігімен байланысты дамыды
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың әдет-ғұрып құқығы төмендегідей негізден тұрады. Бірінші, әдет, заң; екінші, би билігі; үшінші, билер cъезінің ережесі. Қазақтар өздерін мұсылманмын деп санағанмен де олардың құқықтық жүйесінде шариат үлкен рөл атқармады. Ал, әдет-ғұрып, рәсім құқығы адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ежелден тұтас қалыптастырылған іс-әрекетке жатты. Бұл қалыптасқан дәстүр ретінде көшпенділердің экономикалық тыныс-тіршілігінің негізін қалайтын жағдайлармен тығыз байланысты болды.
Мемлекеттік билік бекіткен рәсімдер мен салт-дәстүрлер құқықтық әдетке айналды. Сонымен бірге жоғарыдағы әдет немесе заң сөздерімен бірге жора, жарғы, жол терминдері де қалыптасты. Міне, әдеттегі құқық заңдылықтарын қазақ хандары өз кездерінде бекітіп дамытқысы келді.
1. История государства и права Казахской ССР. 1982 Часть I. с.62-63.
2. Қазақтың өдет-ғұрып нормаларының материалдары. Алматы. 1996 ж. 4-5-6.6.
3. История государства и права Казахской ССР. Часть I. с.64.
4. Мағауин М. Қазақ тарихының әлітшесі. А., 1995. 86-6.
5. История государства и права Казахской ССР. Часть I. с.66.
6. Бұл да сонда с.67.
7. Материалы по казахскому обычному праву. Алматы. 1998. с.353.
8. Бұл да сонда. с. 356-357.
9. Бул да сонда. с. 185.
10. Бұл да сонда. с.238.
11. Бұл да сонда. с.235.
12. Караньгз: Лрғынбаев Қ. Қазақ, отбасы. Алматы. 1996, 28-33-6.6.
13. Караңыз: Материалы по обычному праву казахов. Алматы. 1998, с.405-406.
14. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. Алматы. 1948, с. 157.
15. Материалы по казахскому обычномуправу. Алматы. 1998. с.374.
16. Бұл да сонда. с.388.
17. Бұл да сонда с.228-229.

Әдебиеттер:

1. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХҮІІІ и первой половины ХІХ веков. Издательство “Академии наук Казахской ССР” Алма-Ата, 1960.
2. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық, 2-том.” Ата-Мүра” баспасы. Алматы, 1998 ж.
3. Мухаммед Хайдар Дулати Тарихи-и-Рашиди. Алматы, 1999.
4. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХҮІІІ и первой половины ХІХ веков. Алма-Ата, 1960.
5. Материалы по казахскому обычному праву. Сборник І/ Издательство Академия наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1978.
6. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Құраст. З.Кенжалиев және т.б. — Алматы: Жеті жарғы, 1996.
7. Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері (Монография). — Алматы: Жеті жарғы, 1998.
8. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы (Танымдық әдебиет). — Алматы, «Санатң, 1994.
9. Материалы по казахскому обычному праву: Сб. Научно-популярное издание /Сост.: — научные сотрудники сектора права Академии Наук Республики Казахстан: Т.М.Культелеев, М.Г.Масевич, Г.Б.Шакаев. — Алматы: Жалын, 1998.
10. Нұралы Өсерұлы. Жеті жарғы — Алматы: “Жеті жарғы” баспасы, 1995.
11. История государства и права Казахской ССР. Часть І. Под общей редакцией члена-корреспондента АН КазССР С.С.Сартаева. Алма-Ата, “Мектеп”, 1982.
12. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в ХVІІІ и первой половине ХІХ века. — Алматы: Қазақ университеті, 1997 ж.
13. Абусеитова М.Х. Казахское ханство в второй половине XVІ века- Алма-Ата, 1986.
14. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и
инновации- Караганда, 1993.
15.Свод государственных уложений- Алматы, 1992.
16. Культелеев Т.М. Угловное обычное право казахов. Алма-Ата, 1995.
17. Еркин Абиль. История государства и права Республики Казахстан с древнейших времен да нач. ХХ века (курс лекций), Икф “Фолиант” Астана, 2000

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: XV-XVІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы. КУРСОВАЯ

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1-бөлім.

2-бөлім.

3-бөлім.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан территориясындағы жүздеген жылдар аралығында пайдаланған
өзіндік заңы, әдеттегі құқық-рәсімдер мен салт-дәстүр заңдылықтары болды.
Олар мемлекеттік билік арқылы бұзылмайтын негізде қаланып, қоғамдық
қатынастарды қалыптастырды. Қазақтың әдеттегі құқы әдет немесе заң
терминімен белгіленді. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әдет немесе заң көшпелі
қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық өмірлерінде негізгі
тыныс-тіршілігімен байланысты дамыды
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың әдет-ғұрып құқығы төмендегідей негізден
тұрады. Бірінші, әдет, заң; екінші, би билігі; үшінші, билер cъезінің
ережесі. Қазақтар өздерін мұсылманмын деп санағанмен де олардың құқықтық
жүйесінде шариат үлкен рөл атқармады. Ал, әдет-ғұрып, рәсім құқығы адамдар
арасындағы қарым-қатынас ретінде ежелден тұтас қалыптастырылған іс-әрекетке
жатты. Бұл қалыптасқан дәстүр ретінде көшпенділердің экономикалық тыныс-
тіршілігінің негізін қалайтын жағдайлармен тығыз байланысты болды.
Мемлекеттік билік бекіткен рәсімдер мен салт-дәстүрлер құқықтық әдетке
айналды. Сонымен бірге жоғарыдағы әдет немесе заң сөздерімен бірге жора,
жарғы, жол терминдері де қалыптасты. Міне, әдеттегі құқық заңдылықтарын
қазақ хандары өз кездерінде бекітіп дамытқысы келді.

1. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығының ерекше сипаты

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені
"адат"' деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар
қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-
ғұрып деген ұғымды білдіреді. "Адат" өте ерте кезден басталып, көптеген
өзгерістермен жәнс толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші
нормалар ретіңде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен "адаттың" кұқықтық
институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан көрінетін
консерватизмі. Мұндай ерекшеліктердің сақталуы заңды нәрсе. Ру қазақ
қоғамының негізі болды. Ал рудың негізі патриархалдық отбасы болды. Қазақ
отбасының басшысы немесе отағасы отбасындағы шешуіш фигура болды. Бұл
ерекшеліктердің бәрі де көшпелі экономикалық қатынастардың бейнелері болып
табылады.
2. Қазақ, әдет-ғұрып құқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әменгерлік,
өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын
қамтамасыз етті. Бұл институттар қазақ, қоғамында және оның кұқықтық
жүйесінде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық істер мен азаматтық істердің
арасындағы айырмашылықтарға ерекше мән бере берілмеді.
4. Жерге жеке меншік құқының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық
жағынан теңдігі казақ аристократиясының (сұлтандар, билер, қожалар)
артықшылығымен ұштастырылды. Казақ ақсүйектерінің, әсіресе сұлтандар мен
Кожалардың артықшылығы ресми заңдастырылды. Ал ел билеу ісі тек
сұлтандардың үлесі ретінде рәсімделді. Мұндай тәртіпті қоғамдық пікір де
мойындады.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманистік сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік
сипатта болды.
7. Әдет-ғұрып құрпының партикулярлық сипаты1. Әдет-ғұрып
нормаларындағы басты нәрсе — ол нормалардың өздерінен гөрі олардың ішкі
мәні еді, олардың негізіңде жаткан принциптері еді. Ең басты нәрсе сол
принциптердің өз мәнін, мазмұнын жоймай іске асуы болатын. Айталық, қылмыс
пен жаза саласында — қанды кек не құн төлеу қағидасы, неке саласында — жеті
атаға дейін қыз алыспау қағидасы, сот саласында әділдік, жариялылық,
шешендік қағидалары. Әдет-ғұрып құқығы кұқықтық әдеттер жинағы ғана емес,
ол кағида, көзқарас, ой түсінік жүйесі де болып табылады.
Әрине, әдет-ғұрып нормаларының белгілі бір белігі мемлекет тарапынан
қолдау тапты. Мемлекет оларға баса көңіл бөліп, өз мақсат-мүддесі
тұрғысынан әсер етуге, өз қызметіне жаратуға әрекет жасады (жинастырды,
жүйеледі, өз атынан жариялады). Бірақ әдет-ғұрып нормалары оның ішінде
Ереже жарғылары да, одан мемлекет заңына айнал-ған жоқ, өзіндік өмір сүру
мәнін жоғалткан жоқ... Қоғамдық тәртіп, демек, әдет-ғұрып нормаларын сақтап
орындау да көшпелілердің "автономиялығына", дербестігіне, оздерін өздері
баскаруға негізделген еді2.

2. Қазақтың әдет-ғұрып құқығының бастаулары

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде калыптасты: а)
әдет-ғұрыптар — адат; б) билер сотының практикасы (сот-прецеденті); в)
билер сьездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең кене заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан
бастау алады. Таптық катынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына
орай ауызша әдет-ғұрыштар құқыктық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне
қызмет өте бастады.
Құқықтың бүл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай
келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сакталып калған рулық
қатынастар, патриархал-дық отбасы, көіішелі мал шаруашылығы т.б.
катынастарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып
табыдды.
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп,
қоғамның талаптарына орай өзгерістерге үшыратып, оларға ресми сипат беріл
отырды. Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі "Касым ханның қасқа жолы", Есім
ханның кезіндегі (1598-1628) "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның
кезіндегі (1680-1718) "Жеті жарғы" атты заңдар жинағы белгілі. Әдет-ғұрып
заңдарын алғашқы жүйелеуші Касым хан болды. Оның заңдары бес бөлімнен
тұрды. Бірінші бөлім — мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалардан
тұрды. Екінші белім — қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормаларын жинақтады.
Үшінші бөлім — өскери міндетгілік жөне оны орындау, сондай-ақ әскери
тәртіпті бүзгандағы жазаларға байланысты құқықтық нормаларды қарастырды.
Төртінші бөлім — елшілік жора-ларға қатысты, елшілерді тағайындау және
қабылдау тәртібі, шет ел өкілдерімен келіссөздер жүргізу, дипломатиялық
этикет мәселелері туралы нормалардан тұрды. Бесінші бөлім — кайтыс
болғандарды жерлеу, еске алу, мерекелер өткізу т.б. рәсімдерге арналды.
Касым ханнан соң шамамен жұз жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның
тұсында қайта жүйеленді. Қалмақтармен соғыстардың күшеюіне байланысты Есім
хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәртіпті бүзғаны үшін жазаларды
қатайтты. Есім хан негізінен бұрынгы Қасым хан түсындағы құқықтық
ережелерді қайталады. Сондықтан оны ескі жолды жалғастырушы ретінде "Есім
ханның ескі жолы" деп атап кетті. Тәуке хан Есім ханнан соң шамамен 80-90
жылдан соң дала заңдарына өзгерістер мен толықгырулар ендіріл оны "Жеті
жарғы" деген атаумен қайта кабылдатты. Тәуке хан әдет-ғұрып заңдарын қайта
жүйелеуге көп еңбек сіңірді. Аты аңызға айналған Төле би, Казыбек би,
Әйтеке билердің басшылығы-мен қазақтың белгілі би, шешен, білгірлері
бірнеше рет жиналып "Жеті жарғының" нормаларын талқылаған "Күлтөбенің
басында күңде жиын" деген сөз сол кезден калған. Ақырында жан-жақты
сұрыпталған "Жеті жарғы" заңдар жинағы дүниеге келген. "Жеті жарғының"
алғашында қағазға түскен нүсқасы да бар болуы мүмкін деген жорамалдар
бар."Жеті жарғының" бізге жеткен казіргі нұсқаларының бір-бірінен
өзгешеліктері бар. Оның қазақша нүсқасы бізге жетпеген. Бізге жеткені XIX
ғасырдың алғашқы ширегінде орыс ғалымдары жазып алған нұсқалары. 1804 жылы
Г.Спаский
Кіші жүздің жаппас руының старшины Көбек Шүкірәлиевтен 11 фрагменттен
тұратын "Жеті жарғының" нұсқасын алғаш рет жазып алып "Сибирский вестник"
журналында жариялады. Екінші нұсқа атақты тарихшы А.Левшиннің 1832 жылы
Санкт-Петербургте жарық көрген "Описание киргиз-казачьих или киргиз-
кайсацских, орд и степей" атты кітабында кілтіріледі. Бұл нұсқа 34
фрагменттен тұрады. Нұсқаларды мұндай фрагменттерге белу кейінірек
жасалған. А.Левшиннің кітабы бойынша жеткен "Жеті жарғы" заңдар жинағының
казақша ықшамдалған аудармасы мъша төмендегідей:
Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің қүнын төлеу
(ер адамға — 1000 қой, әйелге — 500 қой); — ұрлық, қарақшылық, зорлық-
зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі, жазаны ердің қүнын төлеу
арқылы жеңілдетуге болады;— денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн
төленеді (бас бармақ — 100 қой, шъшашақ — 20 қой);
— төре мен қожаның күны қарашадан 7 есе артық төленеді;
— егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары
кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі кабат әйел
жасаса, жазадан босатылады);
— егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің қүнын төлейді;
— ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапка тартылмайды, ал анасы
баласын қасакана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
— өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
— егер екі кабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес
айлық бала үшін — бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға — әр айына 1
түйеден (аныктама үшін: 100 түйе — 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
— әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай
қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт
өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады;
— Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде үсталса, ері оны өлтіруге
хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс; әйелінен сезіктенген
еркектің сөзін 4 сенімді адам дәлелдеп беру керек. Егер олар теріске
шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
— біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып кашкан адам өлімге
бүйырылады немесе ердің кұнын төлейді, егер әйелдің келісімімен әкетсе,
күйеуіне калың төлеп, қосымшасына калыңсыз қыз беруге тиіс;
61— әйелді ренжіткен адам, одан кешірім сүрауга тиіс, сүрамаса,
арсыздығы ұшін айып салынады;
— қан алмастыру (7 ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген
жазаға бүйырылады; мұндай қылмыс бөтеңцердің қарауына берілмейді;
— құдайға тіл тигізген (7 адам куәлік берсе) таспен атып елтіріледі;
— кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады;
— құл омірі қүнсыз, ол қожайынның билігінде (қазақ құлдарды жалшы,
малшы ретінде ұстап, кейін белек шыға-рып отырған);
— ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара
сиырға теріс мінтізіп, езін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал
қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
— ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруга тиіс;
— ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға
тартылады;
— ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға
тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;
— өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
— барымтадан кайткан мал толімен қайтарылуға тиіс;
— дауды шешу билер мен ақсакалдарта жүктеледі;
— куәлікке кемінде екі немесе үш адам жүреді.

1. Ол ХVІ ғасырда Қасым хан билігі кезінде бастау алды. “Қасым ханның
қасқа жолы” салт-дәстүр негізіне айналған алғашқы Кодекс болып қалыптасты.
Бірақ ол бізге жазба түрде жетпесе де, оның кейбір заңды акті ретінде
қабылданатын бес бөлімі болған.
Бірінші бөлім-мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалардан (мал-
мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері) тұрды. Екінші бөлім-қылмыс
пен жазаға қатысты құқық нормаларын (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық
т.б. қолданылытын жазалар) жинақтады. Үшінші бөлім-әскери міндеттілік және
оны орындау, сондай-ақ әскери тәртіп бұзғандағы жазаларға байланысты
құқықтық нормаларды (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат,
ердің құны т.б.) қарастырды. Төртінші бөлім-елшілік жораларға қатысты,
елшілерді тағайындау және қабылдау тәртібі, дипломатиялық этикет мәселелері
туралы нормалардан (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы
сыпайылық, сөйлеу мәнері) тұрды. Бесінші бөлім-жұртшылық заңы (қайтыс
болғандарды жерлеу, шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы
ережелер, жылу, асар т.б.) рәсімдеріне арналды.

2. Қасым ханмен туысқан Жәдік ханның немересі Шығай ханның баласы Есім
ханның кезінде (1598-1628 ж.ж.) әдет-ғұрып құқықтары қайта жүйеленді. Ол
заң “Есім ханның ескі жолы”деп аталды.
Есім хан негізінен бұрынғы Қасым хан тұсындағы құқықтық ережелерді
қайталады. Есім ханның тұсында қалмақтармен соғыстардың күшеюіне байланысты
әскери міндеткерліктер күшейтіліп, әскери тәртіп бұзған үшін жазалар
қатайтылған. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100
жылқы және алты жақсы (6 түйе) кесім белгіген. Ол бай-кедей, жас-кәрі,
қараша-сұлтан демей еркек аталудың бәріне бірдей қолданылған.

3. Тәуке ханның (1680-1718 ж.ж.) тұсында мемлекеттік аппараттың
құрамында үлкен өзгерістер болып, ол белгілі заң-құқық жүйелері арқылы
қазақ мемлекеттілігін қалыптастыра бастады. Сөйтіп, әкімшілік-басқару
процесіне “билер кеңесі” енгізілді. Бұл мемлекеттік орган қазақ хандығының
саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, мемлекеттік ішкі, сыртқы
саясатты жүргізуде орасан зор рөл атқарды. Тәуке хан алғаш рет қазақ
қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастырды. Ол билік құрған кезеңде
мемлекетті нығайтып, белгілі тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне
сай, ал орындалуы, арнаулы тетіктермен қамтамасыз етілетін заң жүйесі керек
еді. Бұл қағиданы жете түсінген Тәуке хан жаңа құқық жүйесін қалыптастыру
үшін қазақтың қара қылды қақ жарған, өздерінің әділ шешімдерімен елге
танымал болған билерін қызметке тарта білді. Олардың қатарында Төле би, Қаз
дауысты Қазыбек және Әйтеке би бар еді. Соның негізінде қазақ қоғамының
“ұлттық Хартиясы” дүниеге келді. Ол — “Жеті Жарғы” деп аталды. Жарғы 7
бөлімнен тұратын. Бірінші, Жер дауы; онда меншік құқығы мен нормалары
реттеліп жайлаулар мен су қорларын пайдалану бір жүйеге салынып отырды.
Екінші, жесір дауы; онда жесірлер мен жетім қалғандардың жеке бастарының
құқы және олардың мүліктеріне иелік реттеліп отыруымен бірге ағайындармен
қарым-қатынастары қалыпты жүйеге түсірілді. Үшінші, отбасы-неке құқығының
нормалары. Төртінші, сот процесін жүйеге түсіруші нормалар. Бесінші,
мемлекетті басқару және әскери істерге байланысты құқық нормалары. Алтыншы,
айып төлеуге байланысты қылмыстық құқық нормалары. Жетінші, құн төлеуге
байланысты қылмыстық құқық нормалары. Осының бәрі Кіші Орда қырғыздарының
(қазақтарының) айтуына қарағанда қазақ халқы бір жылдары тыныштықта өмір
сүріп, өз заңдары мен құқықтық және соттық тәртібі болып, әрі атақты Тәуке
ханның билік жүргізу кезеңін “Алтын ғасырға” балаған да кезең болғанын
көрсетеді.
“Жеті жарғы” бойынша кім сұлтанды немесе қожаны өлтірсе, оның
ағайындары өлген адамның туысқандарына жеті адам үшін құн төлеген. Егер
әйелі күйеуін өлтірсе, онда оған өлім жазасы кесіліп, оны ешбір құнмен
құтқара алмайтын болған. Ал, өзіне-өзі қол салғандар болса, олар басқа
өлгендермен бірге жерленбеген. Міне, осындай заңдылықтардың қалыптасуы
Тәуке ханның хандық құрған кезін “Алтын ғасырға” теңейді. Абай Құнанбаевтың
“Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан
келмейді. Бұған бұрынғы “Қасым ханның қасқа жолын”, “Есім ханның ескі
жолын”, әз Тәукенің “Жеті жарғысын” білмек керек”,— деп айтуы Ресей
патшалығының қазақтарға таңған жолының дұрыс еместігін, билерді еш уақытта
да сайлап қоюға болмайтындығын көрсетеді.

3. Қазақ қоғамында әдет-ғұрыптық (адат) құқықтық жүйе орыны

Патшалық Ресей отары болғанға дейін қазақ қоғамында жазба түрдегі құқық
болмағанына қарамай, ұлт өмірінде әдет-ғұрыптық (адат) құқықтық жүйе
мейлінше жақсы дамып, ол — әлеуметтік-реттеу және басқарымдық құрылымда
ерекше орын алды. Әдет-ғұрып құқығы өзінің ежелгілігіне қарамай белгілі бір
кезеңдерде өзгертіліп-толықтырылып отырылды. Соған қарамай сандаған
ғасырлар бойы негізгі құқықтық институт ретінде оған айтарлықтай өзгертулер
енгізілген емес. Осы тұрғыда алғанда ол патриархальдық-феодалдық қоғамдық
және саяси қатынасты реттейтін құрал ғана болып қалмай, қазақтың болмыс-
бітімін қорғап-қолдайтын бірден-бір қуатты күшке ие негіз көзі еді. Қазақ
әдет-ғұрып құқығын зерттеп-зерделемей, оның қазан төңкерісіне дейінгі тыныс-
тіршілігін, тұрмыс-салтын, өмірге көзқарасы мен тарихи қалыптасуын сипаттау
мүмкін емес. Ол 1917 жылға дейін патшалық Ресей отарлауы арқасындағы қарым-
қатынастардан орыс заңының қазақ даласына етенелей енгеніне қарамай өз
күшін бірде әлсіреткен емес. Оның күні кешеге дейін, яғни тәуелсіздік алған
мезгіл аралығы уақытында жалпы теориялық жағынан терең оқытылмағаны да
жасырын емес. Құқықтанушылар әдет-ғұрып құқығын тек құқық көзі ғана деп
талдап-талқылайды. Бұл дұрыс емес. Қазақтың әдет-ғұрып құқығын тарихи
этнографиялық тұрғыда зерттеп-зерделеп қана қоймай, оны жүйеге түсірілген
норма ретінде зерттеп-зерделеу керек. Сонымен бірге әлеуметтік-нормалардың
табиғи даму арқылы тәрбиелік мән-мағына жағынан да даму процесіне барынша
назар аударылуы тиіс. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы негізінің көзі ауызша
салт-дәстүр — адат болып есептелінеді. Ол әлем халқы тарихы құқығының
бөлінбес бір бөлшегі ретінде қарауға толық құқығымыз бар. Қазақстандағы
дәстүрлі құқық нормаларын зерттеп-зерделеу бүкіләлемдік тарихи процестің
заңдылығына үлес болып қосылатыны анық. Өйткені, әртүрлі халықтардың әдет-
ғұрып нормаларының бір-бірімен ұқсап жатуы, яғни әлеуметтік-экономикалық,
жағрафиялық және басқа да жағдайларының үндесіп өзді-өзін толықтыруы да
соның айғағы. Оған адамдар қарым-қатынасындағы заңдық нормаларды басқа да
қоғамдық құбылыстармен байланыстырсақ, онда қазақ әдет-ғұрып салтының қыр-
сыры ашыла түседі. Қазақ әдет-ғұрып құқығын талдап-талқылау үшін алдымен
біз адат терминінің қайдан шыққанына және мән-мағынасына үңілуге тиіспіз.
Ол Шығыс халықтарында салт-дәстүр мен әдеттерді немесе қарым-қатынас
құқығын сақтайтын қоғамдық дәстүр күшінің бірлігін көрсетеді. Бұл туралы
ғалымдар әртүрлі болжамдар айтып жатады. Жалпы, адат — әдет-ғұрып, салт-
дәстүрді көрсететін араб сөзі. Қазақ қоғамының экономикалық және мәдени
даму процесіне сай бұл форма ұлттың қалыптасу кезеңдерінің айнасы дегендей
боларлық. Қазақ хандары ұлттың әдет-ғұрыпын сан рет өзгертуге тырысып, оны
билеуші тап өкілдеріне лайықтап жасамақшы да болған еді. Тарихи құжаттар
деректеріне назар аударсақ, Хақназар хан (1538-1580) және Есім хан (1598-
1628) билеген кезеңдерде қазақтың әдет-ғұрып салтына едәуір мемлекеттік
дәреже (статус) берілгені белгілі. Ал, Тәуке хан кезіндегі (1680-1718)
құжатта: “хан Тәуке Күлтөбеде жеті биді жинап, Қасым және Есім ханнан
қалған ескі әдет-ғұрыптардың басын біріктірген... Сөйтіп олардан жаңа Жеті
жарғы аталатын құқықтық-заңдық әдет-ғұрып жүйесін қалыптастырды”, — деп
көрсетіледі. “Жеті жарғы” нормалары қазақтың әлеуметтік теңсіздігі
принциптеріне негізделіп жасалды. Одан сол кездегі экономикалық және саяси
жағдайдың қаншалықты болғандығын байқауға болады. Жеті жарғы және әдет-
ғұрып құқық нормалары би-сұлтандардың және хандардың төрелік ету қызметі
барысында жаңарып-толықтырылып отырды. Билер шешімі (бидің билігі)
күнделікті әдет-ғұрып құқық нормаларына енді. Ол тергеуші би қызметіндегі
іс-әрекеттер мен жағдайларға және қабылданған шешімдерге орай Ереже деп
аталды. Ереже негізгі қағида есебінде саналып, құқықтың көзі болды. Оның
құқықтық-материалдық жаңа түрі де өмірге келді. Қазақ билері бұл тұста
мұсылмандық-шариғат жолын да қолданып отырған.
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының үлкен ерекшеліктерінің бірі — барымта
институтының сақталуы. Оның негізгі қағидасы біреу екінші біреуге құн не
айыбын төлемеген жағдайда бір-бірінің мал-мүліктерін алып кету еді. Көшпелі
қазақ сахарасына мұсылмандық-исламның енуі шариғаттың тарауына үлкен
септігін тигізіп, қазақтың әдет-ғұрпына едәуір ерекшеліктер енгізді.
Қазақ әдет-ғұрып құқығының көзі болып: а) әдет (адат); б) билер сотының
тәжірибесі; в) билер съезіндегі ережелер болып есептелді. Әдет-ғұрыптың
салт-дәстүрлері белгілі бір идеологтар, ақсақалдар арқылы ауызша тарайтын.
Оның өзіндік ресми және бейресми нысандары болды. Ресми нысандары көп
жағдайда билер билігі мен шешілген іс-әрекеттердің көрінісі болып табылды.
Билер өздеріне дейінгі Майқы би секілді билерден қалған дәстүрге жүгінді.

3. Меншік қатынастары

Қазақ құқығындағы меншік қатынастары ХІХ ғасырға дейін ру және қоғам,
қазақ хандары мен билері меншігіндегі әдет-ғұрып құқығы арқылы анықталды.
Мысалы, жайлаулар формальды-заңды түрде жерге ие адамдардың меншігі ретінде
саналды. Ал, XVІІІ ғасырдан бастап кейбір қыстаулар феодалдардың жеке
меншігіне көшті. Кең байтақ кеңістікте көшіп жүретін малшылардың жерге
қатынасы екі түрде дамыды. Бірінші жайлауларды иелену құқы және екіншісі
бос немесе иесі жоқ жайлауларды басып алу. Хандар, ханның руластары ең
құнарлы жерлерді иеленді (сұлтандар, билер, ру басшылары, ауыл
ақсақалдары). Қазақтың әдет-ғұрып құқығында кейбір дау-дамайлар
төмендегідей шешілді. Егер жерге екі адам таласса, оның бірі сұлтан,
екіншісі жай қазақ болса, онда жер оның алдыңғысына берілді. Ендігі бір
жағдайда жерге таласушылардың бірі би, екіншісі бір рудағы ақсақал болса,
онда ол жер соңғысына бұйырды. Ал, жерге таласушылардың екеуі де қарапайым
адамдар болса, онда ол жер әлгі екеудің үлкеніне бұйырды. Меншіктің екі
түрі болды. Оның біріншісі — мал, екіншісі — мүлік деп аталды. Малға таңба
салынды. Жеке меншік мал жеке меншіктің негізгі объектісі болып саналады.
Оған жасалатын қылмыстың ең басты қатерлісі — барымта. Ал жермен
айналысатын Жетісу және Сырдария өңірінде феодалдар меншігінде құдықтар
және сирек кездесетін су көздері болды. Қазақ әдет-ғұрып заңы (адат)
бойынша меншік шарттары көп жағдайда рулық немесе ауылдағы қоғамдық қарым-
қатынастар арқылы жүргізілді. Оның тағы бір ең жақсы, бүгінгі тілмен
айтқанда демократиялық бағыт-бағдары ағайындық қарым қатынастан анық
байқалды. Оның түрлері малды қарызға беру. Қарыз алушы мен қарызға беруші
арасында кепілдік жүрді. Сондай-ақ куә да болатын. Ендігі бір меншік
қатынасының түрі — сауын. Ол уақытша беріледі. Несиеге беруші өзі берген
малды кез келген уақытта алып, қайтара алатын болды. Сонымен бірге аманат
мал, жылу, асар секілді әдет-ғұрып құқығына негізделген қарым-қатынастар
болды. Олардың ең кең тараған түрлері айырбас еді. Айырбас арнаулы
келісімдер арқылы жүргізілді. Ол әрбір азаматтың өз еркі болғандықтан да
азаматтық құқық сипатына жатты. Мұның арасындағы қарыз алып-қарыз беру
шарттары да негізгі куәлар арқылы жүргізіліп, оның мерзімі тиянақты түрде
көрсетілді. Қарыз алушы адам қайтыс бола қалған жағдайда, оны қарыз
алушының баласы немесе оның бала-шағасы немесе ең жақын туған-туыстары
қайтаратын. Бұл жерде ерекше рөл атқаратын жағдай рулық өзара көмек және
ешқандайда құжат емес сөзге тоқтау, сөзге сену яғни, сенім институтының
қазақ әдет-ғұрпында жан-жақты жақсы дамуы болды. Мысалы, біреу үй сала
қалған жағдайда немесе басқа да қиын-қыстау кезеңдерде руластары не көрші -
қолаңдары “асарға” жиналатын.
Қазақтың сан ғасырлар, ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі аралықта
дамып, заманына қарай дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан бірден - бір әдет-
ғұрыпының негізі — отбасылық заңы. Қазақ отбасы туысқандық аядан шығып
өзіндік шаруашылық және қоғамдық тұтастығын сақтады. Мүліктік және басқа да
отбасындағы талас-тартыстар сыртқа шығарылмай, сол отбасында шешілетін.
Отбасының мүшелері еркек (әкесі), әйелі, қызы не баласы арасындағы
қарым-қатынаста негізгі заңдылықтар сақталды. Отбасындағы бүкіл мүліктің
иесі — әкесі саналды, бірақ ол еш уақытта отбасына қысым жасау арқылы
жүргізілмейтін. Әдет-ғұрыптың құқықтық нормалары отбасының және бүкіл
ерлердің мүддесін қорғады. Әйел құқығы шектелді, бірақ ол үй-жайдағы
мүліктерді күйеуімен тең дәрежеде иеленіп, оның ағайындарымен тығыз
байланыста болды.
ХV-ХVІІІ ғасырларда қазақтар арасында отбасы және неке құқығының
бастаулары, оның қалыптасқан дәстүрлі салттары мен рәсімдері болды.
Отбасының басшысы — еркегі болса, әйелі үйдегі меншіктерге ерімен бірдей
иелік жүргізді. Егер әйел жесір қалса, күйеуінің ағайындарымен бірге тұрып,
балалары ер жеткенше отбасы иелігінің құқығын алды. Қазақтың әдеттегі
құқығы балаларға келгенде төмендегідей болды. Олар отбасын құрып, әкесінен
өз еншісін алуға құқылы еді. Мүлік бөлісу оның әкесінің жағдайына
байланысты болды. Ал, кенже баласы болса әкесінің отбасына қарау құқығына
ие болатын. Қыздарының құқығы ұлдардың құқығымен салыстырғанда аясы тар
еді. Қыздары мұрагерлікке ие бола алмайтын. Күйеуге шықпаған қыздары
ұлдарына тиесілінің жартысына ие бола алатын. Қазақтар өздерінің көшпелі
өміріне байланысты әйелдерге еркіндікті мол берді. Олар өндірістік және
өнеркәсіптік жұмыстарға белсене араласатын. Исламдағыдай қазақ әдеті көп
нәрсеге кедергі жасамайтын. Қазақтар жағдайына қарай екі әйел алуға құқылы
болды. Олардың біріншісін — бәйбіше десе, екіншісін — тоқал деді.
Жеті атаға дейін ағайын адамдардың бір-бірінен қыз алуына тыйым салды.
Қазақтың неке және отбасы құқығының бір-бірімен байланыстылығы біріншіден,
қалың мал; екіншіден, бел құда; үшіншіден, бесік құда; төртіншіден, қарсы
құда арқылы байқалып, одан кейін қыз алып қашу, әмеңгерлік, мұрагерлік
жолдарымен анықталып отырды. Оның тағы бір жолы — тамырлық болды. Ол екі
адамның келісуі арқылы жүргізілді. Олар өздерінің болашақ балаларын қалың
мал төлемей-ақ қосуға алдын-ала келісіп алады. Ал әмеңгерлікке келсек, егер
әйелдің күйеуі қайтыс болса, оны күйеуінің ағасына, не інісіне қосатын. Ал,
қалың мал беру құда түсушілермен арадағы келісімдер арқылы жүргізілді. Құда
түсу салт-дәстүрі әйелдердің жасына байланысты белгілі бір нормамен
көрсетілмейтін. Құда түсу ата-аналар арқылы жүргізіліп, ол бұзылған жағайда
“өлтіруге” дейінгі аралықтағы жаза қолданылды. Некеге тұру немесе құда түсу
салты қыздың басына қалың төлегеннен кейін жүргізілді. Ал құда түскен
жағындағы еркек қайтыс болған жағдайда, ол заңды түрде құда түсушінің
ағасына немесе басқа бір туысқанына алмастырыла алынатын. Егер қалың мал
қайтарылған жағдайда келісім-шарт бұзылатын.
Үйленгеннен кейінгі некені бұзу әдет-ғұрып (адат) жағдайында күйеу
тарапынан әйеліне деген сенімсіздігі жоғалған кезде жүргізілді. Мұндай
жағдайда еркек әйелін туысқандарына қайтарады.
Әйел құқығының ең бір ерекше тұсы әмеңгерлік институтынан байқалды.
Егер әйелдің күйеуі қайтыс болса, ол жесір ретінде қайтыс болған күйеуінің
ағасына, не інісіне тиеді. Қайтыс болған адамның дүние мүлкі әмеңгерге
көшеді. Әмеңгерлік сондай-ақ қайтыс болғанның туған ағасы болмаса
ағайындарына да ауыса беретін. Егер жесір әмеңгерлікке көнбей, күйеуге
тигісі келмесе, ол өз отбасындағы мүлікке бала-шағалары ер жеткенше иелік
етті.
Міне, осы тұста қазақтың әдет-ғұрып салтындағы мұрагерлік құқы
қолданылды. Қазақ отбасындағы мүлік пен малдарды оның балалары, ағайындары
немесе ең жақын туыстары, сондай-ақ әйелінің туысқандары мұрагер ретінде
алып қала алатын. Жесір мұрагер ретінде мұраның 18 бөлігін, күйеуге
шықпаған қызы ұлға бөлінген үлестің жартысын алатын. Сондай-ақ мұраның бір
түрі ата мұрасы деп аталды. Бұл қазақ үшін ең тиімді жол еді.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының басты нормаларына қылмыстық іс-әрекет
үшін жазалау сипатындағы іс-әрекеттер жатады. Жаза қолдану кезінде билік
жүргізушілер ең алдымен қылмыскердің жасаған қылмысына қарай жаза
тағайындайтын. Оның ең қатал түрі “қанға-қан — жанға- жан” приципінде
жүргізілді. Бірақ ол келе-келе қазақтың тұрмыс-жағдайына байланысты
өзгерді. Жазаның төмендегідей түрлері болды: 1. Өлім жазасы, 2. Құн төлеу,
3. Айып, 4. Құлдыққа беру, 5. Дене жазасы, 6. Жапа шеккендерге қылмыскерді
басымен беру, 7. Мүлкін тәркілеу, 8. Жұрт алдында масқара ету, 9.
Руластарынан аластату. Сондай-ақ жапа шегуші немесе оның туысқандары қылмыс
жасаған адамға “қанға-қан — жанға-жан”принципінде жаза қолдануды немесе оны
басқа жазамен алмастыруға құқы болды.
Сот билігін Қазақ хандығында хандар, сұлтандар және билер жүргізді.
Хандар мен сұлтандар ең маңызды деген қылмыстық және азаматтық істерді
тексеріп-тергеді. Оларға ру аралық және ауыл аралық талас-тартыс, сондай-ақ
төрелер мен атақты ру басшылары арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Ең
маңызды деген істерді хан мен сұлтандар белгілі билердің және халықтың
араласуымен жүргізді. Өлім жазасын тек хан немесе сұлтандар соты шеше
алатын.
Би билігі сот билігінің негізі болып саналатын. Кез келген ру басшысы
би — төреші бола алмайтын. Би билік айту үшін ол қазақтың әдет-ғұрпын жақсы
меңгеруі және өзін әділ би ретінде көрсетуі тиіс. Билерді ешкім сайламаған
және тағайындамаған. Би дәрежесі мұрагерлікке қалдырылмайды. Билік айту іс
барысында, құқық бұзушының іс-әрекетін талдау жағдайында жүзеге асырылды.
Сондықтан да би ру басшысы, сот жергілікті жердегі әкімшілік биліктің рөлін
атқаратын. Сот процесі арызданушының немесе жапа шегушінің өтініші бойынша
өздері таңдаған биге байланысты жүргізілді. Жапа шегуші таңдаған би
қылмысты істі қараудан бас тартуға құқығы жоқ болды. Істі қарауға биге
сенім білдірген кезде айыпталушы да, жапа шегуші де бидің алдына отырып, ақ
орамал тастайды. Осы арқылы арызданушылар сот шешіміне келісім беретінін
көрсететін. Куәгерлердің сотқа қатынасуын бидің күштеп жүргізуіне де құқығы
болды. Куә ретінде әйелдер және арызданушы мен жауап берушінің ағайындары
жүрмейді. Азаматтық істің күрделілігіне байланысты екі-үш куәге дейін
тартылды. Куәгерлер іс барысында әртүрлі себептермен істің анық-қанығын
ашуға көмектеспей жатса, би ант қабылдау институтын пайдаланған. Би
шешімдері ауызша шығарылды.
Процессуальдық нормалар би шешіміне қарсы болған жағдайда сұлтандар
тарапынан істі қайта қарауға болатын. Сот шешімдерін орындау арызданушының
өзіне тапсырылды. Сондықтан да ежелгі уақытта барымта институты сот шешімін
орындаудың негізі болып табылды. Барымта қазақ әдет-ғұрып заңдарына ғана
тән институт еді. Ол айыпкердің ағайындарының және туған-туысқандарының
малдарын айдап кетуменен орындалды. Негізсіз жасалынған барымта, ұрлық
немесе жазықсыз шабуыл деп саналып, құқықтық негізде жазаға тартылды.
Сондай-ақ , барымта би шешімін орындау ғана емес, құқықтық айып жолын
орындаудағы бірден-бір іс-әрекет болды. Ол заң ғылымында әлі толық
зерттеліп бітпеген құбылыс.
Қазақ құқығында қылмыстық ұғым қалыптаспаған еді. Қазақтар оны жаман іс
немесе жаман қылық деп белгілеп күнәлі немесе жазықты деген айыптар
тағатын. Өлім жазасы өте сирек қолданылды. Егер екі жақ келіскен жағдайда
өлім жазасы құнмен алмастырылуға болатын. Өлім жазасы ері бар әйелді немесе
бейкүнә қызды зорлаған кезде қолданылатын. Ал екінші, дене және ел бетіне
қарай алмайтын жаза, ол дінге қарсы іс-әрекеттер жасағанда немесе антты
бұзғанда қолданылды. Құн біреуді өлтірген кезде немесе денеге ауыр жарақат
түсіргенде төленді. Қарапайым адамды өлтірсе, оған мың қой, 200 жылқы
немесе 100 түйе құн төленді. Ал егер сұлтанды, биді не батырды өлтірсе,
онда айыпталушы оған екі есе құн төлейтін. Беделді сұлтанды өлтіруші жеті
есе құн төлейтін. Айып болса жеке адамнан немесе мүліктік қылмыс
жасағандардан алынатын. Олар тоғыз-тоғызбен төленді. Бірінші, бас тоғыз;
екінші орта тоғыз: үшінші, аяқ тоғыз, төртінші тоқал тоғыз; бесінші, ат-
шапан айып төленді. Бүлардың құрамында түйеден бастап, жылқы, өгіз, қой,
жылқы және қымбат шапанға дейін болды. Айыптыны айыптаушыға беру- егер
айыпталушының ағайындары құн немесе айып төлеуден бас тартқан кезде болатын
іс-әрекеттер болып саналды. Ал ортадан аластату - ол ешқандай да айып
төлеуге мүмкін болмай қалған жағдайда қолданылды. Бұл жағдайда
айыпталушының киімдері жыртылып, қауымнан, ортадан қуылып, оның тұрмыс-
тіршілігі заңсыз деп есептелді.
Жалпы, қазақтардың әдет-ғұрып құқығы көшпенділердің шаруашылығын
реттеп, жөнге келтіруде ерекше рөл атқарды. Ол ХХ ғасырдың басына дейін
өмір сүрді. Әсіресе, қазақтың неке және отбасы құқығының сол кезден қалған
элементтері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.

КАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫ

2. Меншік құқығы
Қазақ қоғамында малға жеке меншіх адат нормаларымен реттеліп отырды.
Азаматтардың сатуга, айырбастауга, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын
мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды.
Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша кауымның
меншігі деп есептелді. Кдуым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын
мәнінде кауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті кауым
басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жұргізді.
Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына
негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі
жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді.
Оның үстіне жайылымдар ұнемі ауысып отыратын. Көктем мен күздің арасында
мың километрге дейін көшіл-қонып жүрген көшпелі қауымдар үшін жерді,
жайылымдарды жеке меншікке бөліл беру мүмкін емес те еді.
Тек қыстаулар гана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне кеше
бастады5. Қыстау — ауматы шамалы қыс кезінде тұратын елді мекен. Қыстың
күні жайылым негізінен пайдаланылмады. Қазақтардың қыстаулары тұрақты
болған.
Жерді жеке меншікке беру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды.
Мұнда ханның жарлығымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде
жер таратылды.
Үлкен аумақтарда кошіп жүрген малшы қауымдары арасында жерге қатысты
мынадай екі мәселе туыңдады: жайылымдарды пайдалану құқыты және бос немесе
ешкім иеленбеген жайылымдар мен сутарымдарды пайдалану құқығы. Бұл екі
құқық та феодалдар тобының монополия-сында болды. ІТТынында хан, сұлтандар,
билер мен старшындар өздерінің қарамагындагы халықтың атынан көшіп-қонуға
иелік етті. Мұндай жагдай мықты феодалдарға нашар ауылдарды, руларды,
қарапайым халықты қүнарсыз жайылымдарға ығыстыруга себеп болды.
Жайылымдарды пайдалану құқығы мен бос жатқан жерлерге иелік ету құқьпы
тығыз байланысты болды.
Егер көшіп-қону жонінде үстем тап окілдері ру немесе ауылмен бір
бағытта қозғалса жайылым, суғарым, тұрғылыкты жер жонінен жеке мал иелері
ездерінің үй-жайлары-мен, малдарымен, адамдарымен нақты орындарға орнықты.
Мұндай жагдайда адат заңдары атқамінерлердің құқығын қорғады. Әлеуметтік
орны төмен қоғам мүшесі шегінуге тиіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құл иелену және оның қайнар көздері
Қазақ қоғамындағы билер институтының бастаулары
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақ мәдениетінің саяси құрылымы және оның рухани -құқықтық дамуының ерекшеліктері
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Еліміздің тарихи-құқықтық дамуының жалпы заңдылықтарының көрсеткіші ретіндегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы меншік институтының қалыптасу тарихын және әртүрлі кезеңдердегі оның дамуын зерттеу
Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Пәндер