Echinops туысының Echinops Sphaerocephalus l. және E.Chantavicus l. түрлерін фитохимиялық зерттеу



Республика флорасында халықтық емде қолданылатын 700-ден астам дәрілік өсімдік түрлерінің барлығы белгілі [1]. Мұндай мол дәрілік шикізат қорының бүгінгі таңда ресми түрде фармакопеялық тізімде 300-дей, ал оның 84 түрін егістік жағдайда өсіріп, тұрақты агроценоздан сапасы жоғары бірыңғай шикізат алуға болатындығы белгілі [2]. Ал осындай бай шикізат қорының қазіргі дәрілік препараттар даярлауға тек 45 түрі ғана пайдаланылады. Біздің ойымызша бұл келеңсіздіктің басты себебі дәрілік өсімдік түрлерінің жалпы биологиялық және фитохимиялық зерттелуіне мемлекеттік тұрғыдан жеткіліксіз көңіл бөлінуде және биолог-ботаниктер мен фармаколог, химик мамандардың ғылыми зерттеулерінің үйлесімсіздігі сияқты.
Мақаладағы сөз болғалы отырған Asteraceae тұқымдасының дәрілік түрлері сонау өткен ғасырдың 60-70 жылдарында олардың бірлі-жарымының ғана биологиясы мен фитохимиясы зерттелген [3]. Онан кейінгі осы бағыттағы зерттеулер өткен ғасырдың соңынан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда [4, 5, 6, 7]. Бұл ғылыми зерттеулердің алғашқысы мен соңғыларының аралығы 25-30 жылды қамтиды.
Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктердің фитохимиясын зерттеу жұмыстары Орталық Қазақстанда (Қарағанды) жаңа ғасырдың басында ұйымдасқан ҚР ҒА фитохимия институтының ашылуымен жанданды. Фитохимиялық зерттеулердің әдістемелік бағытын Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетіндегі химия ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Музычкина және басқа ғалымдар бастаған ұжым негізін салуда.
Аталмыш мақалада Asteraceae тұқымдасы Echinops туысының (Echinops sphaerocephalus және E.chantavicus) дәрілік түрлерінің емдік мақсатта қолданылатын тұқымына фитохимиялық сараптаманың нәтижелері баяндалады. Өйткені Республикада бұл туыстықтың түрлеріне бұрын-соңды осы тұрғыдағы зерттеулер жүргізілмеген.
Жұмыстың мақсаты: Asteraceae тұқымдасының кейбір дәрілік түрлерін, соның ішінде Echinops sphaerocephalus және E.chantavicus екпе жағдайда өсіріліп, емдік мақсатта қолданылатын тұқымындағы биологиялық белсенді заттарының сапалық және сандық анализін анықтау.
Зерттеу объектісі мен әдістері
Зерттеу объектісі ретінде Echinops туысының Echinops sphaerocephalus L. және Echinops chantavicus L. түрлері алынды.
Белгілі әдістер [8, 9] бойынша шикізаттың сапалылығы (ылғалдылығы, экстрактивтілігі, күлділігі) және биологиялық белсенді заттарына сандық, сапалық сараптама жасалды.
1. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 313 с.
2. Лекарств из растении. Под редакции академика АН РК Н.Д. Беклемешева. – Алматы: Мектеп, 2002. – 206 с.
3. Синицин Г.С. Новые лекарственные растения Казахстана. – Алматы: Наука, 1982. – 128 с.
4. Султангазина Г.Ж. Ботаническое и фитохимическое исследование Rhaphonticum carth. Rhaphonticum serratuloides в условиях Центрального Казахстана: автореф. дисс. на соиск. степ. канд.биол.наук. – Алматы, 1997. – 22 с.
5. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д., Исамбаев Ә.И., Сауранбаев Б.Н. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. – Алматы: Ғылым, 1998ж. – 99-100 б.
6. Мухитдинов Н.М., Мамурова А.Т., Бурашева Г.Ш., Есқалиева Б.Қ. Inula macrophylla Kar. et Kir. және Inula helenium L. өсімдіктеріндегі биологиялық белсенді заттар мөлшері. ҚР ҰҒА хабарлары: биология және медицина сериясы, 2006. №6. – 39-42 б.
7. Курбатова Н.В. Ботанико-фитохимическое изучение видов р. Marrubium в условиях предгорной зоны Заилийского Алатау: автореф.дисс. на соиск. канд. биол.наук. – Алматы, 2005. – 24 с.
8. Музычкина Р.А., Корулькин Д.Ю., Абилов Ж.А. Качественный и количественный анализ основных групп биологически активных веществ в лекарственном растительном сырье и фитопрепаратах. – Алматы, 2004. - 288 с.
9. Государственная Фармакопея СССР. Вып.2. Общие методы анализа. Лекарственное сырье. МзСССР. 11-ое изд.доп. – Москва: Медицина, 1989. – 400 с.
10. Растительные ресурсы СССР: цветковые растения, их химический состав, использование. Семейство Asteraceae (Compositae). – Санкт-Петербург: Наука, 1993. – С. 110-112.
11. Муравьева Д.А. Фармакогнозия. Москва: Медицина, 1991. – С. 354-355.
12. Кортиков В.Н., Кортиков А.В. Секреты целебных трав. Популярная энциклопедия. І том. Травы. – Минск: Белмаркет, - 1997. – С. 296-297.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ECHINOPS ТУЫСЫНЫҢ ECHINOPS SPHAEROCEPHALUS L. ЖӘНЕ E.CHANTAVICUS L.
ТҮРЛЕРІН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.

Республика флорасында халықтық емде қолданылатын 700-ден астам дәрілік
өсімдік түрлерінің барлығы белгілі [1]. Мұндай мол дәрілік шикізат қорының
бүгінгі таңда ресми түрде фармакопеялық тізімде 300-дей, ал оның 84 түрін
егістік жағдайда өсіріп, тұрақты агроценоздан сапасы жоғары бірыңғай
шикізат алуға болатындығы белгілі [2]. Ал осындай бай шикізат қорының
қазіргі дәрілік препараттар даярлауға тек 45 түрі ғана пайдаланылады.
Біздің ойымызша бұл келеңсіздіктің басты себебі дәрілік өсімдік түрлерінің
жалпы биологиялық және фитохимиялық зерттелуіне мемлекеттік тұрғыдан
жеткіліксіз көңіл бөлінуде және биолог-ботаниктер мен фармаколог, химик
мамандардың ғылыми зерттеулерінің үйлесімсіздігі сияқты.
Мақаладағы сөз болғалы отырған Asteraceae тұқымдасының дәрілік түрлері
сонау өткен ғасырдың 60-70 жылдарында олардың бірлі-жарымының ғана
биологиясы мен фитохимиясы зерттелген [3]. Онан кейінгі осы бағыттағы
зерттеулер өткен ғасырдың соңынан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасын
табуда [4, 5, 6, 7]. Бұл ғылыми зерттеулердің алғашқысы мен соңғыларының
аралығы 25-30 жылды қамтиды.
Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктердің фитохимиясын зерттеу жұмыстары
Орталық Қазақстанда (Қарағанды) жаңа ғасырдың басында ұйымдасқан ҚР ҒА
фитохимия институтының ашылуымен жанданды. Фитохимиялық зерттеулердің
әдістемелік бағытын Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетіндегі
химия ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Музычкина және басқа ғалымдар
бастаған ұжым негізін салуда.
Аталмыш мақалада Asteraceae тұқымдасы Echinops туысының (Echinops
sphaerocephalus және E.chantavicus) дәрілік түрлерінің емдік мақсатта
қолданылатын тұқымына фитохимиялық сараптаманың нәтижелері баяндалады.
Өйткені Республикада бұл туыстықтың түрлеріне бұрын-соңды осы тұрғыдағы
зерттеулер жүргізілмеген.
Жұмыстың мақсаты: Asteraceae тұқымдасының кейбір дәрілік түрлерін,
соның ішінде Echinops sphaerocephalus және E.chantavicus екпе жағдайда
өсіріліп, емдік мақсатта қолданылатын тұқымындағы биологиялық белсенді
заттарының сапалық және сандық анализін анықтау.
Зерттеу объектісі мен әдістері
Зерттеу объектісі ретінде Echinops туысының Echinops sphaerocephalus L.
және Echinops chantavicus L. түрлері алынды.
Белгілі әдістер [8, 9] бойынша шикізаттың сапалылығы (ылғалдылығы,
экстрактивтілігі, күлділігі) және биологиялық белсенді заттарына сандық,
сапалық сараптама жасалды.
Сапалық құрамды зерттеу үшін қағазды және жұқа қабатты хроматография
әдістері мен бутанол-сірке қышқылы-су (40:12,5:29) еріткіштер жүйесі;
биологиялық белсенді заттардың сандық мөлшерін анықтау үшін
спектрофотометрлік, фотоколориметрлік және титриметрлік әдістер қолданылды.
Зерттеу нәтижелері
Бұл түрлерді фитохимиялық зерттеу үшін толық пісіп жетілген сапалы
тұқымдары жиналды. Тұқымдар күн көзі түспейтін, температурасы 23-250C
бөлмеде кептірілді. Сапалылығын және сандық сараптау жасау үшін тұқымдар
диаметрі 0,5 см електен өтетіндей ұнтақталды.
Әдеби мәліметтерге [10, 11, 12] қарағанда E. sphaerocephalus және
E.chantavicus емдік мақсатта қолданылатын тұқымында көп мөлшерде алкалоид
болатындығын Зонненштейн реактивіне жасыл-сары түс беріп, әсер етуі
дәлелдейді. Бірақ бізге дейінгі зерттеулер [10, 11, 12] бойынша бұл
өсімдіктердің тұқымында флавоноид қосылыстары жоқ болғанымен, AlCl3
реактивіне ашық сары түс; аммиак буына сары түс; FeCl3 1% ерітіндісіне
күлгін түс беруі флавоноид қосылыстарының нақты болатындығын көрсетеді.
Сонымен бірге 1%-к нингидрин реактивіне әсері амин қышқылдарының бар
екендігін сипаттайды.
Шикізат құрамындағы алкалоидтар мен флавоноид қосылыстарының сандық
мөлшерін анықтау үшін спектрофотометрия (СФ-26 спектрометр аппаратында),
бос амин қышқылдарының мөлшерін фотоколориметрия (ЛМФ-72
фотоэлектроколориметр), С дәруменін анықтауға титриметрия әдістері [8, 9]
қолданылды. Зерттеу жұмыстарының мәліметтері төмендегі 1-кестеде
келтірілді.
1-кесте. E. sphaerocephalus және E.chantavicus сапалылығы және
биологиялық белсенді заттарының негізгі топтарының сандық мөлшері.

№ Сапалық сараптау Өсімдік атауы
E.sphaerocephalus E.chantavicus
1 ылғалдылығы 3,31 3,3
2 экстрактивтілігі 31,03 21,72
3 күлділігі
4 алкалоидтар 4,29 6,19
5 флавоноидтар 2,7 0,1
6 аминқышқылдар 0,49 0,38
7 С дәрумені 0,06 0,04

1-кестеде келтірілген мәліметтер бір туыстың бұл түрлерінің ылғалдылық
мөлшері бірдей, ал 70% сулы спирттегі экстрактивті заттарының
E.sphaerocephalus көп болуы (31,03%), E.chantavicus салыстырғанда (21,72%)
шипалық қасиеті жоғары, яғни биологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Ауруларды емдеуде каротиноидтары бар дәрілік өсімдіктерді қолдану
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
Тұзды топырақтардың бейімділігі негізінде
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Зерттеу нысанасы Lamiaceae тұқымдасы Melissa туысының дәрілік мелисса бағалы дәрілік түрі
Өсімдіктерді интродукциялау
Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау
Пәндер