XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары


Мазмұны .
Кіріспе . 3-11
- XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің
Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары.
1. 1. 1822 жылғы “сібір қырғыздары туралы Устав”немесе Орта жүзде Хандық биліктің жойылуы. 12-14
1. 2. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы Устав немесе кіші жүздегі Хандық биліктің жойылуы. 15-17
- Ерекше саяси құрылым ретіндегі Кенесары хандығы және ондағы реформалар. 18-20
- XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік құқықтық реформалар.
2. 1. XIX ғасырдың 60- жылдарында қазақстанда жүргізілген әкімшілік- территориялық реформалардың мәні. 21-29
2. 2. 1891 - жылғы “Далалық ереже” және Қазақстанның саяси - құқықтық негіздерінің түбегейлі өзгерістері 30-34
2. 3. Реформалардың негізінде Қазақтың әдет-ғұрып құқығына еңген өзгерістер, сот және сот процесі. 35-41
Қорытынды. 42-46
Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесі. 47-53
Кіріспе.
Диплом тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз Республикамыздың төл тарихы 1990-жылдардың бас кезінен бастап жаңа заман талабына сәйкес қайта сарапқа түсті. XX ғасырдың аяғында орын алған саяси дағдарыстан кейін бұрынғы Кеңестер Одағы құрамында болып келген одақтас республикалар тәуелсіздік алуға ұмтылды. Сол тарихи кезеңдегі қалыптасқан саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени ахуалды ұлт тәуелсіздігінің тұғырнамасынан баянды етуге бағыт алған қоғамдық ой сана ел тарихын жаңаша саралауға деген қажеттілік туғызды. 1991 жылы 16 -ыншы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның күшіне енуі еліміздің шынайы тарихына әлемнің қоғам танушы ғалымдарының кызығушылығын оятты. Осыдан барып барып Қазақстан мен Ресей халықтарының өзара тарихи саяси байланыстарының, мемлекетаралық қатынастарының жаңаша тізілуіне қатысты әртүрлі көзқарас -пайымдаулар пайда бола бастады. XVIII -XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей дінінің тұрғысынан пайымдауларды қайта қарап, таразылауға жол ашылды. Кейбір тарихи саяси оқиғаларға қазіргі қоғам ұстанған құндылықтар жүйесі биігінен қайта баға беруге тура келеді. Бұл жауапты міндетті іздер абыроймен атқаруымыз керек.
Диплом жұмысының нысанына айналған Ресейдің отарлау саясаты тұсындағы Қазақстандағы әкімшілік құқықтық реформа мәселесі тәуелсіз рух пәрмені мен қайта ғылыми зерттеуді қажет ететін өміршең мәселелер қатарына көшті. Аталған тақырыптағы мәселенің көкейкестілігін Қазақстан Республикасының президенті Н. А. Назарбаев: «шекара бізді алыстатпақ емес. Бұл нағыз достық пен сенімнің шекарасы болмақ» деп, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын Қазақстан -Ресей қарым -қатынастарының берекелі бүгіні мен кемел келешегін анықтап берді. Сондықтан XIX ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты әкімшілік құқықтық реформасын зерттеу мемлекетіміздің тэуелсіздігін нығайту, нарықтық қатынастарға негізделген экономикалық өркендеуімізге қажетті тарихи мәселелер жан жақты жэне түбегейлі зерттеуді "қажет етеді. Сол себепті де, елімізді саяси отарлаудың әкімшілік құқықтық тарихы әрдайым көкейкесті мәселелер санатында саналады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері . Ресейдің отарлау саясаты тұсындағы Қазақстандағы әкімшілік құқықтық реформаларды зерттеудің негізгі мақсаттары: Қазақ қандығының солтүстігіндегі Сібір хандығын еркін казактардың басып алуы олардың алғаш Қазақстан территориясына аяқ басуы бекіністер мен шебтерді салынып «шекара» орнатуынының қарастырылып отырған хромоногиялық шебінде XIX ғасырдағы патшалық Ресейдің өктемдігі тұсында өлкеде жүргізген әкімшілік территориялық реформалардың саяси аспектісі тұрғысында саралай келе, оның жэне отарлау үкіметіне қарсы ұлт азаттық күрестің территориялық кеңістікте орналасу тарихын анықтау болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға жету жолында белгіленген тақырыптық жоспарға сәйкес мынадай міндеттер айқындалды:
- XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік құқықтық реформалардың алғы шарты болып табылған 1822, 1824 жылдардағы уставтарға шолу жасау;
- ерекше билік құрған Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылымына тоқталу. ;
3. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әкімшілік құрылыс және құқық мәселесі ;
4. XIX ғасырдын екінші жартысындағы реформалардың қазақтың әдет ғұрпына енгізген өзгерістері;
Тақырыптың зерттеу тарихнамасы. 1809 жылы Ресей Сыртқы Істер Министрлігі жанынан арнайы Азиялық департаментінің ашылуы отарлау үрлісін мемлекеттік дәрежеде жолға қоюды жүйелеп отыратын саяси салмақты шарты ретінде таңылды. Отарлаудың стратегиялық жоспары мен отарланған аймақтарды әкімшілік басқарудың жобаларыы дайындауда Ресейлік әскерилерінің ықпалы мен артуы экспонцияның әскери бағытының басымдылығын танытты. Мысалы, 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы»; 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы»; 1867 -1868 жылдардағы «Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын құру туралы»; 1891 жылғы «Дала ережесі» сияқты үстем әкімшілік қүқықтық дәстүрге негізделіп жасалған жарығы, ережелер жобасын көбіне заңгерлер емес әскери шеңді үкімен өкілдері әзірлеген болатын. Өлкені әскери отарлау бағытының басым болған себебі осы факторға тікелей байланысты деп ойлаймын. Өлкеге қатысты әкімшілік реформалар жобасын дайындап, оны қолданысқа енгізуде Батыс Сібір генерал -губернаторы қызметін атқарған М. М. Сперанский, княз Горчаков, Орынбор генерал губернаторы - Неклюев, Перовский, Түркістан губернаторы Кауфман, Калпаковский сынды әскерилер ерекше көзге түсті. Әскерилер өздеріне жүктелген әкімшілік бірліктердің халық құрамы, этникалық аймағы географиялық орналасуы, кәдімгі құқық жән аймақтық қалыптасқан саяси ақуал жайында жан - жақты мәліметтер жинақтады.
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге қосылуы тұрғысынан пайымдалды. Ресей отаршылдық держава болғанын Ресей тарих ғылымының атасы Н. М. Карамзин «Ресей тарихы -отарлаушы елдің тарихы» - деп әбден айқын жазды. XIX ғасырдын бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы қарулы күрес сәтсіздікке ұшырап, Қазақстан империаның әкімшілік аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне айналған, империа ауқымды шабуылға шығып, шет аймақ халықтарын орыстандыру жүріп жатқан кезенде ұлттык прогесшіл көрнекті қайраткерлері Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев болды.
Қазақстан Ресей құрамына кіру мәселесі Ә. Бөкейхановтың еңбегінде мейлінше толық және тұтас көрініс тапты. Ол орыстардың қазақ территориясын отарлауын екі кезенге бөлді: ерікті отарлаушылардың пайда болуы және олардың ізімен үкімет жасақтарының келе бастауы.
Осы ерікті отарлаушылар -казактардың қазақ даласына алғаш келуі мен өлкедегі отаршылдық үстемдік жүйесінді казактардың алатын орынын, казактардың Қазақстанды жаулап алуға және қазақ халқының XVIII - XIX ғасырлардағы ұлт азаттық көтерілістері мен қозғалыстарын казактардың басып жаншу тарихын зерделеп жазған М. Әбдіров, А. С. Илагин болды. Патша үкіметінің жаулап алушылық себептері мен отаршылдық саясаты кен әшкерілеп, Ресей империясының өз ішіндегі дағдарысты шешу үшін қазақ даласына кемсектердің келуін жаңа отарлау саясаты екенін айқындаған С. Асфендияров, С. Мәшінбаев, М. Тынышпаев, Т. Шоманұлы монографияларында көрініс тапты.
Қазақстан аумағының ішкі отарға айналдыруына қарай Ресей 1822-1824 жылдары, 1867 -1868 жылдардағы реформалар арқылы қазақтарды басқару жэне бағындыру жүйесі бір ізге келтірді. Осыларды тынғылықты зерттеген К. А. Жиреншин, С. Мәшінбаев, М. Құл-Мұхаммед, Ж. Қасымбаевтар еңбектерінде деректі материалдармен терең зерттелген.
Қазақтың кең аумағын қамтыған Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Е. Пугачев (көне заманнан бүгінге дейін) көтерілісіне қатысқан қазақтар, Кіші Жүзде Сырым Датұлы (1783 -1797 жж), 1836 -38 жылдардағы Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған және XIX ғасырдың ортасында үш жүз қазақ халық бұқарасын қамтыған К. Қасымов көтерілістерінің ірі шайқастарын құжаттық материалдармен дәлелдеп баяндағандар: Е. Бекмаханов, А. Ф. Рязанов, Қ. Ахметов, Н. Середа, М. Қозыбаев сияқты көрнекті тарихшылардың монографияларында ерекше көңіл бөлінген.
диплом жұмысының хронологиялық ауқымы . Белгіленген жоспарға сай, диплом жұмысының хронологиялық ауқымы XIX ғасырдың басынан Орта және Кіші жүздегі Хандық биліктің жойылуынан бастап, XIX ғасырдың II жартысындағы «реформалар кезеңіне » дейінгі аралық кезеңдерін қамтиды.
Диплом тақырыбының деректік негіздері. Тақырып бойынша деректік негіз ретінде Ресей сыртқы істер министрлігі жанынан құрылған Азиялық департамент қызметкерлерінің жоғарғы шенгі Ресей әскерлерініңжүргізген зерттеу жұмыстары, орыс императорының географиялық қоғам мүшелерінің Қазақстан аумағында жүргізген экспедициялары туралы жазылған еңбектері алынды. Сонымен қатар, А. И. Левшин, М. С. Мұқанов т. б. с. с. көптеген қоғамтанушы ғалымдар ұжымы мен жекелеген авторлардың еңбектері пайдаланылды.
Т. Шонұлынын «Жер тағдыры-ел тағдыры» деген тақырыптағы монографиясы. Алматы, 1995; М. Қ. Қозыбаевтың редакциясымен баспа бетін көрген «Қазақстан тарихының очерктері» (көне заманнан бүгінге дейін) . Алматы, 1993. ; Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін), Алматы 2002; «Материалы по истории политического строя Казахстана» (со времен присоединения Казахстана к России до Великой октябрской революции) Алматы, 1960; Казахско-русское отношение в ХУІ-ХУШ в. в. (сборник документов и материалов) Алматы 1960; сияқты көптеген ресми құжаттар топтамасы мен жекелеген зерттеулердің монографиясы материалдары және автор ұжымдарының жинақтарындағы мәлімет-деректер сілтеме жасалынып отырып қолданылды.
Дипломның методологиялық негізі. Диплом жұмысы жан - жақты тексерілген, обьективті ғылыми жүйелілік негізінде орындалды. Ресейдің отарлау саясаты тұсындағы Қазақстанның әкімшілік құқықтық реформаларға қатысты материалдарды саралағанда қоғамның сол кезеңдегі даму тенденцияларын шынай көрсету басты критериге алынды. XIX ғасырдың I жартысында Ресей империясының отарлау стратегиясының арқауына айналған қазақ өлкесін әкімшілік -территориялык бөлініске салып, елді саяси -аумақтық отарлауды жүзеге асыру максатында патша әкімшілігі өкілдері мен орыс ғалымдарының өлкеде жүргізген экспедицияларының нәтижелері салыстырмалы - сараптаманы талдауы арқылы ізденіс жұмыстарының методологиялық негізінің бір қырын құрады.
Диплом жұмысының 2 тарауында қарастырылған тақырыпқа XIX ғасырдың 11 жартысындағы орыс отаршыл империяның Қазақстан жерін меншіктеу негізінде құрылған реформалар авторларының ойлары арқау болды. Дегенмен, қазақ жерін әкімшілік - территориялық белуде орыс әскери губернаторының саяси позициялары бір арнаға тоғыса бермегені рас. Айталық, В. П. Бутков және Н. П. Игнатьев бастаған реформаторлар тобы қазақ даласының өмір жағдайымен таныспай жасалған жоба Ресей тарапынан көп шығын келтірді. Ал, Дала комиссиясын құрған Гирс қазақ даласын аралай келе, этнографиялык, салт-дәстүр, шаруашылық жағдайы негізінде Қазақстанды әкімшілік-территориялық бөлініске салудың жаңа жобасын құрды. Ол бойынша рулар қауымы бойынша емес, шаруашылық тұрғысынан бөлуге көңіл бөлінді.
Қазақ даласына әкімшілік-территориялық бөлу осы аталған саяси тұғырнамадан туындайтын іс-шаралар кешенін тарихи обьективтілік таным тұрғысынан сынай бағамдау зерттеудің методологиялық, негізінің келесі бағытын құрады. Қазақстанның гуманитарлық ғылым саласының қол жеткізген табыстары орынды қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысы барысында Қазақстанның отаршыл патшалық Ресейдің құрамына ену мақсатында елде облыстар мен дистанциялар орнату саясатының себептерін салыстыра отырып, тыңнан талданылды. Сыртқы округтер арасы бөлінуі рулық қатынасты әлсірету принципінде жүргізілген саясаты салдары сараланады.
Дипломның 2-тарауында Қазақ даласының бөлшектеніп басқаруға ұшырауы себептерін салыстыра отырып, тыңнан талданылды. Қазақстан территориясы әкімшілік-аумақтық бөлініске бөлінуі мен генерал-губернаторлықтар арасындағы өлкеішілік межелеу нәтижелері өзара байланыстырылып, нақты хронологиялық шеңберде баяндалды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың негізінде қазақтың әдет - ғұрып құқығына енген өзгерістер талданды.
Диплом жұмысының қолтанбалық маңызы. Жұмыс ғылыми объективтілік және жүйелілік сияқты ұстанымдарға негізделе отырып жазылды. Тәуелсіз еліміздің жаңа тарихын шынайы түзеуге байланысты ұйымдастырылған тың зерттеулерге өзіндік үлес қосты. Диплом жұмыстары нәтижелерін орта, арнайы және жоғары оқу орындарында жеке курстар жүргізуге, республика аудандарын қайта аудандастыру кезінде ғылыми-тарихи географиялық таным қорын молайтатын қосымша мәліметтер беретін дерек көзі ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жалпы көлемі - 53 бет.
- XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің
Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары.
1. 1. 1822 жылғы “сібір қырғыздары туралы Устав”немесе Орта жүзде Хандық биліктің жойылуы
Патша үкіметі Казақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Ханның билік басында отыруы қанша дегенмен де қазақтардың егемендігінің көрінісі болды. Хан ішкі саясатты тәуелсіз жүргізуге әрекет етті. Абылай хан патша өкіметін мойындамай қойды.
Орта жүзде Бекей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болган соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрғысынан жол берілмеді.
Батыс Сібір губернаторы М. М. Сперанский "Сібір қырғыздары туралы Устав" атты құжат жасады. Осы Устав негізінде) Орта жүзде хандық билік жойылды. Бұрын рулық принцип бойынша бөлінетін территория әкімшілік-территориялық принциппен окруттерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Әр округте 15-20 болыстар, әр болыста 10-12 ауылдар, әр ауылда 50-70 үйлер болды. (6, 58)
Дегенмен округтерді құрғанда рулық белгіні ескермесе болмады. Сондықтан әкімшілік бөлулер рулық-территориялық сипатта болды. Округтер сыртқы (Ертістің сырты) және ішкі больш бөлінді. 1822-1840 жылдары бәрі 8 округ құрылды. (11, 58)
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды. Округті коллегиялық орган округтік приказ басқарды. Округтік приказға аға сұлтан-төраға және төрт заседателъ (оның екеуі ресейліктерден тағайындалды, екеуі құрметті қазақтардан сайланды) кірді. Округті аға сұлтан басқарды. Бірақ приказ кұрамындағы ресей өкілдері билік жасады.
Аға сұлтан сайланбалы қызмет болды. Оны 3 жылға тек сұлтандар сайлады. Ол патша өкіметінің шенеулігі болып саналды.
Округтік приказ соттық-полицейлік қызметтер мен қатар округтің істерімен түгелдей айналысты.
Болыстарды басқарушы-сұлтандар басқарды. Оларды халықтың "келісімімен" шексіз мезгілге сайлады. Болыстық сұлтандық мұраға беріліп отырды. Мұрагері де сайлаудан өтуі тиіс болды. Болыстық сұлтандар атқарушы билікті жүзеге асырды.
Ауылдық старшындар қазақтар арасынан үш жылға сайланды. Сұлтандар старшындыққа сайлауға түспеді. Сайлауды болыстық приказ бекітті.
Патша үкіметі осылай формальді сайлап қою арқылы Орта жүздегі барлық вертикальді билік иелерін өз қолына алды. Оларды Ресейдегі шенеуніктер қатарына қосты.
"Устав"' бойынша қазақтардың сот ісіне, әдет-ғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектелді. Сот әкімшіліктен бөлінбеді.
Барлық сот істері үшке бөлінді: а) қылмысты істер; б) даулы істер; в) басқару үстінен берілетін шағымдар. (17, 300)
Қылмыстық, істерге мемлекетке опасыздық, кісі өлтіру, тонау, барымта, өкімет өкіліне бағынбау жатты. Басқа істер түгелдей, мал ұрлаумен қоса даулы істерге жатты да оларды жүргізу ескіліс билер сотында қалды.
Қылмысты істер империя заңдарымен тергеліп қаралды.
Билер сотына бақылау орнады. Ол соттың шешімі жоғарыға шағым болмағанда ғана күшіне енді. Билер соты: рулық, төменгі рулық және ауылдық сот деп аталатын буындарға бөлінді.
Билер сотының 2 мыңға дейін сомды құрайтын істің шешімдері округтік приказда, 5 мыңға дейін істер - шекаралық комиссияда, 5 мыңнан жоғары істер жөніндегі шешімдер Үкіметтік Сенатта бекітілетін болды.
Билерге тұтқында ұстау, Сібірге айдау, дүре соғу, рудан аластау сияқты құқықтар берілді. Билер соты біртіндеп ресми империялық соттармен жақындаса түсті.
1822 жылғы "Устав" отаршылдықты тереңдетіп, Орта жүзді одан әрі игеруге бағытталды. Хандық өкімет жойылды. Оның орнына территориялық принципке негізделген округтік, болыстық, ауылдық басқару енді. Далаға сайлау жүйесі енді. Барлық дәрежедегі басқарушылар патша өкіметінің шенеунігі - қызметшісі болды. (29, 248)
Сұлтандардың ролі төмендеп, байлар мен билердің ролі арта түсті.
Жалпы "Устав" Орта жүзді отарлауда ірі және шешуші қадам болды. Мұның өзі қазақтардың, әсіресе сұлтандар тобының наразылығын күшейтіп, көптеген ұлт-азаттық қозғалыстарға себеп болды.
1. 2. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы Устав немесе кіші жүздегі Хандық биліктің жойылуы.
Орта жүзден соң патша үкіметі іле-шала Кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П. Эссен "Орынбор қырғыздары туралы уставын" жасады. "Устав" 1824 жылы азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан өкіметі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке: Шығыс, Орта және Батыс бөліктерге бөлінді. Былай бөлу тайпалық құрылымды еске алды. Әр бөлікті билеуші-сұлтандар басқарды. Билеуші-сұлтандар патша өкіметінің шенеунігі болды. Олардың қасында 100-200 адамнан әскер болды. Билеуші-сұлтанның ставкасы казак бекіністерінің біріне орналасты. Билеуші-сұлтан қызметіне тек сұлтандар тағайындалды. үлкен аппараты бар орган болды. Оның құрамына орыс шенеуніктерімен қатар 4 казақ заседательдері кірді. Шекаралық комиссия төрағасын император тағайындады.
Шекаралық комиссия атқарушы-өкімші және сот билігін жүзеге асырды. Билеуші-сұлтандарды, старшындарды тыңдады, оларға бақылау жасады.
Шекаралық комиссияның полицейлік бөлімі тәртіпті қарады, тағы да екі бөлімі сот азаматтық және қылмыстық сот істерін жүргізді. (37, 50)
Жеке басқарма билеуші сұлтандардан олардың көмекшілерінен, старшындардан, ауыл басшыларынан, шептік казактардың орыс офицерлерінен құрылған қамқоршыларынан тұрды. Шептік территориялар 6 қамқоршылыққа бөлінген еді. қамқоршылықтар қамқор болады дегенімен шынында отаршылықты жүргізді.
Жеке басқарма органдары бір жағынан шекаралық комиссияға бағынса, екінші жағынан олар әскери бөлімдердің командирлеріне тәуелді болды.
Кіші жүзде хандық өкімет жойылған соң осындай ауырлатылған әрі күрделі, ауысып тұратын басқару жүйесі қалыптасты.
Кіші жүзде соттың мынадай буындары болды: шекаралық комиссия жанындағы қылмысты істерді қарау бөлімі Ресей заңдарын басшылықка алды; әскери соттар; шекаралық комиссия жанындағы әдет-ғұрып құқығы негізіндегі "ауызша келісім соты" және қазақ басшыларының қадағалауындағы билер соты.
Кісі өлімі, барымта, тонау сияқты ауыр істер әскери сотта қаралды. Басқа қылмысты істер шекаралық комиссия жанындағы сот бөлімінде, басқа азаматтық істер "келісім соты" мен билер сотында қаралды. (33, 285)
Сот ісінде де империялық заңдар көптеп қолдана бастады.
1822 және 1824 жылғы "Уставтар" бойынша Орта және Кіші жүзде хандық жойылып, басқару мен сот жүйесінің жаңа түрлері енді. Рулық құрылым орнына территориялық құрылым енді. Қазақтардың хандық арқылы өзін-өзі басқаруының орнына отаршылықты нығайтатын патша өкіметі тағайындалған басқару жүйесі енді. Сұлтандардың аз ғана тобы басшылықта қалып, қалғандары артықшылығынан айрылды. біртіндеп аға-сұлтандар мен болыстық, сұлтандардың орнына да қатардағы қазақтар сайлана бастады. (24, 155)
1831 жылға дейін аталған үш бөліктің қазақтары шептік және далалық болып бөлінді. Шептік қазақтар шептік дистанцияның командирлері арқылы басқарылды. Дистанциялардың саны артып 1854 жылы 54-ке жетті. Дистанциялар деп екі бекіністің аралығындағы учаскелер аталды. Бұл территориялық құрылым болатын. (53, 60)
Кіші жүзге жоғары басшылықты Сыртқы істер министрлігі жүргізді. Бұл 1844 жылғы "Ережеде" көрсетілді. Тікелей басшылық Орынбор генерал-губернаторының қолында болды. Кіші жүзді және шептік бекіністерді басқару үшін ерекше шекаралық басқарма құрылды. Тағы да шептік және далалық басқармалар құрылды. Шептік басқармаға шептік бекіністердің басшылары кіріп, ол әскери органдарға және генерал-губернаторға бағынды. Шекаралық басқарма шептерде тұратын орыстар мен далада тұратын қазақтардың катынасын реттеп, қадағалап отырды.
Кейінірек әкімшілік органдар "жалпы" және "жеке" басқармалар деп бөлініп 1868 жылға дейін өмір сүрді. Жалпы басқарма шекаралық комиссияға беріліп, ол 1859 жылдан Орынбор казақтарының облыстық басқармасы деп аталды. Бұл Реформа бойынша байлар мен билердің ролі арта түсті. Төлеңгіттер мен батырлардың саны азайып, олардың әлеуметтік ролі төмендеуге бағыт алды.
1. 3 Ерекше саяси құрылым ретіндегі Кенесары хандығы және ондағы реформалар.
Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған әскери бекіністер салуы, Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін өндіруі, орыс әскерлерінің озбырлықтары казақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Қазақтардың ондаған ірі ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ерекше маңызға ие болып, терең тарихи із қалдырғаны Кенесары Касымұлы бастаған (1837-1847) көтеріліс болды. (42, 18)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz