Африканың ішкі сулары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

І Кіріспе.

1. Африканың ішкі сулары . . . 3

1. 1 Територрияның климат жағдаларына байланысты жерасты және жер беті суларының таралуы . . . 5

1. 2 Африка жер бетінің жылдық су ағымы . . . 7

2. Африканың ішкі суларының алабтар бойынша бөлінуі . . . 9

2. 1 Атлант мұхиты алабының өзендері мен көлері . . . 10

2. 2. Үнді мұхиты алабының өзендері мен көлдері . . . 13

3. Африка өзендерінің шаруашылықта қолданылуы . . . 18

ІІІ. Қортынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Жалпы Африканың ішкі сулары құрғақ ішкі суларының ағындарының кейінгі орында тұр. Өзен - көл жүйесі біркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік - шығыс жағалауында жиі, шөлді аудандарда әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғаратын құрғақ өзен арналары көптеп кездеседі. Көлдер өлкесі - Виктория көлінен ағып шығатын өзен Ніл деп аталады. Жоғары ағысында оның жағасы тасты болып келеді, ал көлдің қасында нағыз басталар жерінде сарқырама болып құлайды. Қазір Оуэн сарқырамасының жанынан плотина және Ніл бассейіндегі алғашқы су электр станциясы салыну себепті, бұл сарқырама мен одан төмен жатқан босаға тастары су астына кетті. өзендер өлкесі - Мобуту - Сесе, Секо көлінен Аьберт - Ніл ағып шығады. Жоғарғы ағысында өзен тып - тыныш ағады, ал Нимуеле қаласынан бастап көп кедергілерге ұшырайды. Фола сағасында шаңғал тастар көп болғандықтан, осы жерде өзен арнасы 20 - 25 метрлік шатқалдан өтеді.

  1. Африканың ішкі сулары.

Құрлық ішкі суларының жылдқ ағынының мөлшері (5400 км 2 ) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзен - көл жүйесі біркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік - шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері - Ніл (6671 км дүние жүзінің ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзеннің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 метр, ені 1800метр) . Құрлықтағы өзендердің гидроэнергеттік мүмкіндігі өте жоғары. Құрлықтың шөлді - шөлейтті аудандарында жер асты суларының мол қоры табылған. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатады. Африкада көлдер негізінен тектоникалық жазықтарда орналасқан. Олардың ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад. Материк территориясында Материк территориясында жер беті сулары өте ала - құла таралған, сонымен қатар ағын сулардың таралуы да, режимі де материктің кез келген бөлігіндегі жауын - шашынның мөлшері мен режиміне тығыз байланысты болады. Африкада су жүйелерінің қардан және мұздан қоректенуінің ролі тым шамалы. Өзендер мен көлдердің қоректенуі негізінен жаңбыр түріндегі жауын - шашынның үлесіне тиеді. Экватор бойы аудандарындағы өзендердің су шығыны жыл бойына біркелкі болып келеді, минимумдары анық білінбейді, бірақ зениттік жаңбырларға байланысты екі максимумдық кезеңі болады.

Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазығы максимумымен және

соған сәйкес өзеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік - батыс және оңтүстік - батыс шет аймақтарының өзендерінің әрбір жарты шардың қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын қысқы максимумы болады.

Су шығынының жаздық және қыстық максимум облыстарының арасында жалпы тұрақты ағыннан мақрұм ұланғайыр территориялар жатады. Бұл - солтүстік жарты шардағы Сахара мен оңтүстік жарты шардағы Калахаридің едәуір бөлігі, бұлардың шын мәнінде арна ағыстары жоқ: оларды оқта - текте кездейсоқ жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.

Африканың қазіргі қуаңшылық облыстарына құғақ арналардың қалыптасқан жүйелерінің болуы тән, мезгіл - мезгіл ғана суға толатын құрғақ ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардың болғандығын көрсетеді. Соңғы плювиальды кезең Орталық Азия мен Аравия түбегіндегі сияқты, солтүстік жарты шардың жоғары ендіктеріндегі соңғы мұз басу дәуіріне сай келген. Африканң барлық барынша маңызды өзендері Африка платформасының шеткі бөліктерінде жуырдағы көтерілулердің нәтижесінде пайда болған тау жоталарымен және тау үстірттері мен мұхиттардан бөлініп тұрған зор қазан шұңқырларды суландырады. Бұл көтерілулерден көптеген өзен аңғарларында эрозия әрекеті жанданады және ірі шоңғалдар мен сарқырамалар пайда болады, олар кеме қатынасын қиындатады және Африка өзендерінің транспорттық маңызын қатты төмендетеді.

  1. Территорияның климат жағдайларына байланысты жер асты және жер беті суларының тарлуы.

Жылдық ағынның жалпы көлемі жөнінен (5400 км 2 ) Африка Евразия мен Оңтүстік Америкадан кейін үшінші орын алады, ал қабатының қалыңдығы (180 мм) жөнінен Австралия мен Антарктидадан басқа барлық материктерден кейін тұрады.

Африка материгінің басты суайрығы оның ең көтеріңкі солтүстік шетімен өтеді, сондықтан жер беті суларының 1/3 - нен астамы Атлант мұхитына, тек 1/6 ғана Үнді мұхитына, одан да азы Жерорта теңізіне ағып шығады. Африка жері бетінің 1/3 жуығының (шамамен 9 млн. км 2 ) мұхитқа ағыны болмайды, тек ішкі бассейндеге жатады немесе беткі ағыны мүлде болмайды.

Материк территориясында жер беті сулары өте ала - құла таралған, сонымен қатар ағын сулардың таралуы да, режимі де материктің кез келген бөлігіндегі жауын - шашынның мөлшері мен режиміне тығыз байланысты болады. Африкада су жүйелерінің қардан және мұздан қоректенуінің ролі тым шамалы. Өзендер мен көлдердің қоректенуі негізінен жаңбыр түріндегі жауын - шашынның үлесіне тиеді. Экватор бойы аудандарындағы өзендердің су шығыны жыл бойына біркелкі болып келеді, минимумдары анық білінбейді, бірақ зениттік жаңбырларға байланысты екі максимумдық кезеңі болады.

Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазығы максимумымен және соған сәйкес өзеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік - батыс және оңтүстік - батыс шет аймақтарының өзендерінің рбір жарты шардың қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын қысқы максимумы болады.

Су шығынының жаздық және қыстық максимум облыстарының арасында жалпы тұрақты ағыннан мақрұм ұланғайыр территориялар жатады. Бұл - солтүстік жарты шардағы Сахара мен оңтүстік жарты шардағы Калахаридің едәуір бөлігі, бұлардың шын мәнінде арна ағыстары жоқ: оларды оқта - текте кездейсоқ жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.

Африканың қазіргі қуаңшылық облыстарына құғақ арналардың қалыптасқан жүйелерінің болуы тән, мезгіл - мезгіл ғана суға толатын құрғақ ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардың болғандығын көрсетеді. Соңғы плювиальды кезең Орталық Азия мен Аравия түбегіндегі сияқты, солтүстік жарты шардың жоғары ендіктеріндегі соңғы мұз басу дәуіріне сай келген. Африканң барлық барынша маңызды өзендері Африка платформасының шеткі бөліктерінде жуырдағы көтерілулердің нәтижесінде пайда болған тау жоталарымен және тау үстірттері мен мұхиттардан бөлініп тұрған зор қазан шұңқырларды суландырады. Бұл көтерілулерден көптеген өзен аңғарларында эрозия әрекеті жанданады және ірі шоңғалдар мен сарқырамалар пайда болады, олар кеме қатынасын қиындатады және Африка өзендерінің транспорттық маңызын қатты төмендетеді.

Африканың көлдік қазан шұңқырларының едәуір бөлігі тектоникалық процестерден пайда болған.

1. 2. Африка жер бетінің жылдық су ағыны.

Африка материгінің басты суайрығы оның ең көтеріңкі солтүстік шетімен өтеді, сондықтан жер беті суларының 1/3 - нен астамы Атлант мұхитына, тек 1/6 ғана Үнді мұхитына, одан да азы Жерорта теңізіне ағып шығады. Африка жері бетінің 1/3 жуығының (шамамен 9 млн. км 2 ) мұхитқа ағыны болмайды, тек ішкі бассейндеге жатады немесе беткі ағыны мүлде болмайды.

Материк территориясында жер беті сулары өте ала - құла таралған, сонымен қатар ағын сулардың таралуы да, режимі де материктің кез келген бөлігіндегі жауын - шашынның мөлшері мен режиміне тығыз байланысты болады.

Африкада су жүйелерінің қардан және мұздан қоректенуінің ролі тым шамалы. Өзендер мен көлдердің қоректенуі негізінен жаңбыр түріндегі жауын - шашынның үлесіне тиеді. Экватор бойы аудандарындағы өзендердің су шығыны жыл бойына біркелкі болып келеді, минимумдары анық білінбейді, бірақ зениттік жаңбырларға байланысты екі максимумдық кезеңі болады.

Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазығы максимумымен және соған сәйкес өзеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік - батыс және оңтүстік - батыс шет аймақтарының өзендерінің әрбір жарты шардың қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын қысқы максимумы болады.

Су шығынының жаздық және қыстық максимум облыстарының арасында жалпы тұрақты ағыннан мақрұм ұланғайыр территориялар жатады. Бұл - солтүстік жарты шардағы Сахара мен оңтүстік жарты шардағы Калахаридің едәуір бөлігі, бұлардың шын мәнінде арна ағыстары жоқ: ларды оқта - текте кездейсоқ жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.

Африканың қазіргі қуаңшылық облыстарына құғақ арналардың қалыптасқан жүйелерінің болуы тән, мезгіл - мезгіл ғана суға толатын құрғақ ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардың болғандығын көрсетеді. Соңғы плювиальды кезең Орталық Азия мен Аравия түбегіндегі сияқты, солтүстік жарты шардың жоғары ендіктеріндегі соңғы мұз басу дәуіріне сай келген. Африканң барлық барынша маңызды өзендері Африка платформасының шеткі бөліктерінде жуырдағы көтерілулердің нәтижесінде пайда болған тау жоталарымен және тау үстірттері мен мұхиттардан бөлініп тұрған зор қазан шұңқырларды суландырады. Бұл көтерілулерден көптеген өзен аңғарларында эрозия әрекеті жанданады және ірі шоңғалдар мен сарқырамалар пайда болады, олар кеме қатынасын қиындатады және Африка өзендерінің транспорттық маңызын қатты төмендетеді.

аның көлдік қазан шұңқырларының едәуір бөлігі тектоникалық процестерден пайда болған.

2. Африканың ішкі суларының алабтар бойынша бөлінуі.

Африканың ішкі суларының алабтар бойынша бөлінуі. Африканың негізгі өзендер әр жаққа тарамдалып, өзендер алабтары әр мұхитқа немесе әр көлге барып құяды. Мысалы: Үнді мұхиты және Атлант мұхиты. Африканың өзендерінің бірі ішкі теңіздерден бастау алып сыртқы суға апарып құяды. Мысалы: Ніл өзені Виктория көлінен ағып шығып Кьога көліне құяды. Кьога көлінің төменгі жағында Виктория - Ніл ағысының бағытын өзгертіп, батысқа қарай бұрылады да, Мобуту Сесе - Секо көліне құяды. бұл жерлерде өзеннің жағасы тасты блып келеді, ал көлдің жанынан зор сарқырама Мерчисон құлап жатады. Африкада ірі өзендер көп. Өзен торы материк территориясында әркелкі бөлінген. Бұл жер бердері мен климат жағдайларына байланысты. Жер бетінің құрылысына, яғни оның шығы бөлігінің көтеріңкі болуына байланысты өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк бетінің шамамен 1/3 бөлігінде мұхитқа құятын су ағыны жоқ, сондықтан бұл бөлік ішкі ағын территориясына жатады. Африканың өзендері шоңғалды болып келеді. Сондықтан тіпті ең ірі өзендердің бүкіл ұзына бойында кемелер жүзе алмайды. Оларда су энергиясының орасан зор қоры бар. Материктің ең жиі өзен торы экваторлық және субэкваторлық торлық климаттық белдеулерде орналасқан шөлдерде өзендер өте аз.

2. 1. Атлант мұхитының алабының өзендері мен көлдері
Африка өзендерінің ішінде өзінің ұзындығы жағынан екінші орынды Конго алады, бірақ бассейнінің ауданы мен суының молдығы жөнінен Конго Африка бойынша бірінші орында және ол дүние жүзі бойынша Амазонкадан кейінгі екінші орында тұр.

Конгоның бастаулары болып Луалабу мен Чамбези өзендері есептеледі. Өзеннің ұзындығы бірінші бастаудан - 4320 км, екіншісінен 4700 км. Басейннің ауданы - 3, 7 млн. км 2 жуық (басқа деректер бойынша - 3, 8 млн. км 2 ) . Өзен сағасындағы жылдық орташа шығыны - 40 мың м 3 /с, былайша айтқанда ол Нілдің орташа шығынынан 15 есе асып түседі. Конго солтүстік және оңтүстік жарты шарларда ағады да экваторды екі рет кесіп өтеді. Атлант мұхитына құяр алдында ол Африка платформасының жоғары көтерілген шеттерін кесіп шығады.

Конгоның ірі армақтары Лукуга (Танганьика көліне ағын береді), Убанги, Касаи.

Конго мен оның салаларының жоғарғы ағысы шеткі үстірттер мен тауларды кесіп өтетін және шоңғалдары мен сарқырамалары өте көп. Өзен экватор маңында зерттеуші Стэнли есімімен аталатын жеті сарқырама құрайды. Стэнли сарқырамаларымен Конго ағысының жоғарғы бөлігі аяқталады. Конго орта ағысында, қазан шұңқыр алабында кең аңғарды бойлап жайбарақат ағады. Өзеннің арнасы кең жерде көлденеңінен 20 км - ге жететін көл тәріздес кеңіген аңғарлар құрайды. Ағысының осы бөлігінде Конго өзеннің ең ірі салаларын қосып алады. Конго төменгі ағысында кристалды массивті жарып өтіп, қайтадан сарқырамалар сериясын (олар 32) құрайды, олар Ливингетон сарқырамалары деген жалпы атаумен біріктіріліп аталады. Жағалық жазыққа шыққан соң Конго кеңейеді және өте тереңдеп кетеді (70 м дейін) . Сағаға жеткенде өзен тарамдарға бөлініп, жалпақ әрі терең

эстуариймен аяқталады. Атлант мұхитында Конгоның арнасы су асты атызы түрінде жағалаудан 150 км қашықтықта жалғасып кете береді. Конго алып шығатын ұланғайыр су массиві мұхит суын бірнеше километр бойына тұщыландырады.

Конго ағысының ауқымдылығы бассейннің экватор бойына орналасуымен және өзеннің жауын - шашын максимумы жылдың әр кездеріне келетін солтүстік және оңтүстік жарты шар жағынан салалар алуымен түсіндіріледі. Солтүстік салалар судың негізгі массасын Конгоға марттан октябрьге дейін әкеледі. Орта және төменгі Конгода шығын бірте - бірте ұлғая түсіп, максимум дәрежесіне октябрь, ноябрь айларында жетеді. Әлдеқайда маңыздырақ екінші максимум оңтүстік жарты шардағы жаңбырлармен байланысты болғандықтан февраль, апрель тура келеді.

Конго жайылған кезінде орта ағысында жағадан шығып кетеді де қазан шұңқырдың тегіс бетін бірнеше жүздеген шаршы километр бойына басып кетеді. Ең аз шығын кезеңінде де Конгоның, оның салаларының су деңгейі өте жоғары болады.

Конго бассейнінің барлық өзендерінде су энергиясының мол қоры бар, бірақ ол аз мөлшерде ғана падаланылады. Қазбалы байлықтар өнддірілетін маңызды алуан - Катангада бірнеше су электр станциялары салынды.

Конго мен оның тармақтарының кеме қатынасының маңызы шоңғалдар мен сарқырамаладың көптігіне байланысты тым төмен. Сөйте тұрса да Конго жүйесінде 40 -қа жуық кеме жүзетін өзен бар, ал кеме жүзетін жолдардың жалпы ұзындығы 14 мың км - ге жетеді. Конгоның кеме жүзуге жарамды ең үлкен бөлігі Киншаса мен Кисанганидің аралығы боып табылады. өзеннің төменгі ағысында, шоңғалда учаскелер мен сарқырамаларды айналып өтетін темір жолдар салынған. Виктория көлінен ағып шығатын өзен Виктория - Ніл деп аталады. Жоғары ағысында оның жағасы тасты болып келеді, ал көлдің қасында, нағыз

басталар жерінде сарқырама болып құрайды. Қазір Оуэн сарқырамасының жанынан полита және Ніл бассейндегі алғашқы су электр станциясы салыну себепті бұл сарқырама мен одан төмен жатқан босаға тастары су астына кетті. Виктория - Ніл өзені Кьога көліне құяды. Көлдің жағалауы ирек - ирек. Көл тамыз (тереңдігі 3 -5 метр), сондықтан көп жерлерін қопа басып кеткен. Шөп - шаламдар су бетінде қалқып жүреді. Көлдің жан - жағы батпақты ойпат. Кьога көлінің төменгі жағында Виктория - Ніл ағысының бағытын өзгертіп, батысқа қарай бұрылады да, Мобуту - Сесе - Секо көліне (бұрынғы Альберт көліне ) құяды. Бұл жерлерде өзеннің жағасы тасты болып келеді, ал көлдің жанынан зор сарқырама Мерчисон құлап жатады. Сарқырамаға жақындаған сайын өзен жіңішкере түседі, ең жіңішке жерінде оның ені не бары 6 метрдей. Сарқырама - ағынға қарсы жоғары қарай уылдырық шашуға бара жатқан балықтар үшін өте алмайтын кедергі; сондықтан Ніл басейнінде көптеп тараған Ніл алабұғасы немесе жолбарыс балығы Виктория мен Кьога көлдерінде кездеспейді. Мобуту -Сесе - Секо көлі Ұлы Шығыс Африка жарықтары аудандарында жатыр. Алайда мұндай жер қыртысының жарығы онша үлкен емес, сондықтан көлдің орташа тереңдігі 40 - 48 метр ғана. Көл оңтүстік - батыстан солтүстік - шығысқа қарай созылып жатыр. Оның жағалары биік, тік болып келеді.

2. 2. Үнді мүхиты алабының өзендері мен көлдері .

Ніл - Солтүстік Африканың өз суын Жерорта теңізіне дейін жеткізетін бірден - бір өзен және сусыз шөлдегі өмір арқауы болып табылады. Нілдің тұрақты арна ағысы оңтүстікке таман жатқан облыстарда түсетін және оның бастауларын қоректендіріп тұратын жауын - шашынға байланысты. Ақ Ніл экваторлық белдеуден басталып, жыл бойына жауып тұратын жаңбырлардан қорек алады. Бастауында оның деңгейі өте жоғары әрі айтарлықтай тұрақты, өйткені оны көлдер реттеп тұрады. Жоғарғы Ніл қазан шұңқыры алабында судың едәуір бөлігі булануға шығындалады да, Хартумның төменгі жағында Нілдің қоректенуіне Көгілдір Нілге қарағанда Ақ Ніл аз роль атқарады. Көгілдір Ніл Эфиоп таулы қыратына жазда жауатын жаңбырдан кейін мол су әкеледі (жалпы шығынның 60 - 70%) . Осы кезеңдегі төменгі Нілдегі барынша көп шығын төменгі деңгейдегі шығынға қарағанда шамамен 5 есе асып түседі. Ніл төменгі ағысында кең жайылады да, аңғарды түгелдей басады. Каир маңында су 8 метрден астам көтеріледі. Нілдің Эфиоп таулы қыраттарынан ағып шыққан салалары су жайылған кезінде шөгіп қалатын көп лай әкеледі.

Алып Асуан плотинасы салынғанға дейін көптеген шоңғарларға байланысты Нілден көктей өтетін кеме жолы болмады. Шоңғалдар шоғырланған ауданда жыл бойына тек қайықтармен ғана тікелей өту мүмкін болды. Кеме тұрақты жүру үшін Хартум мен Жуба, Асуан мен Каир, Каир мен Ніл сағасы аралығындағы учаскелер пайдаланылады.

Нілде су шығынын жыл бойына бір қалыпты реттеп тұратын бірнеше плотиналар мен бөгендер салынды. Таяудағы уақытқа дейін мақта алқаптарын суландыратын ең ірі жүйе - Асуандағы су торабы болып

есептелетін - ді. Бірақ осы ескірген гидроқұрылыстар маңызды шаруашылық проблемаларын - егіс көлемін ұлғайту, арзан энергия алу

және т. б проблемаларды шеше алмады. Қазір Советтер Одағының көмегімен Ніл алқабында, Асуанда жаңа үлкен плотина салынды, соның арқасында суландырылатын жер көлемі 1/3 ұлғайды, елдің экономикасын дамытуға қажетті электр энергиясы өндіріледі және кеме қатынасының жағдай жақсарды.

Ақ Ніл.

Собат өзені Нілге келіп құйғаннан кейін, ол Ақ Ніл деп аталады.

Собат Эфиопия таулы қыратыннан бастап ағады, ол июнь - сентярьде жауған жаңбырдан суды көп алады. Таудан аққан тасқын су лайды көптеп әкеледі, сондықтан судың түсі ақ - сарғыш болады. Бұл ақшыл су тасыған уақытта Нілге құйылып, Ніл суының түсін өзгертіп жібереді. Ақ Ніл деп аталуының мәні осында. Алайда жылдың басқа мезгілінде Нілдің суы жасыл сұрғылт болады.

Собат өзенінің құйылысынан төменіректе Ақ Нілдің тұрақты салалары жоқ, сондықтан ол тар аңғар арқылы ағады. Жердің көлбеуі аз болуына байланысты өзеннің ағысы баяу келеді. Өзен жағалауларында саванналар созылып жатыр. Онда жайрандар үйірі, түйе - құстар жайылып жүреді. Кейде бегемоттар мен арыстандардың ақырған даусы естіледі. Пілдер жиі кездеседі. Хартумда Ақ Ніл Көк Нілмен қосылып, Нілдің негізгі арнасын жасайды.

Көк Ніл Эфиопия таулы қыратынан, теңіз деңгейнен 2700 метр биіктіктен басталады. Кіші Абай шағын өзенін оның бастауы деп санайды. Биік құздап құлаған Кіші Абай өзеннің асау толқыны Тана көліне құйяды. Көлдің оңтүстігінде кішкене шығанақ бар. Абай өзені содан шығады. Тана көлінен шамамен 20 километрдей жерде Абай 45 метрлік сарқырама жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АФРИКАНЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Африканың ішкі сулары туралы
Сарқырамалар -өзеннің жалғасы ретінде. Африканың ішкі сулары және сарқырамалары
Африканың өзендері
Африка елді мекені
Африка мемлекеті
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Африка туралы мәліметтер
Экватордан солтүстікке қарай
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz