Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

I. Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы.

1. 1. ЖШС «Алфарма» ұйымының қысқаша қаржы-экономикалық сипаттамасы.

1. 2. ЖШС «Алфарма» ұйымының есеп саясаты

ІІ. Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі мен теориялық негіздері.

2. 1. Кассадағы қолма қол ақша қаражаттарының есебі

2. 2. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың есебі

2. 3. Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі

2. 4. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

ІІІ. ЖШС «Алфарма» ұйымындағы ақша қаражаттарының қозғалысын талдау және оны аудиторлық тексеру.

3. 1. Ақша қаражаттарының қозғалысын және қолданылуын талдау

3. 2. Касса операцияларының аудиті

3. 3. Банктен ашылған шоттардағы ақша қаражаттары аудиті .

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының 2007 жылы №234-111 28 ақпанда қабылданған №234-111 ҚРЗ “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде әрдайым жабдықтаушылардан сатып алынған негізгі құралдар, шикізат, материал және өзге тауарлы-материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызмет, сатып алушылармен сатып алынған тауарлар, ссудалар бойынша несие беруші кәсіпорындар мен басқа қаржылық операциялар бойынша, бюджет және салық органдарымен түрлі төлемдер бойынша, басқадай кәсіпорындар және жеке тұлғалармен түрлі шаруашылық операциялар бойынша есеп айырысу жүргізіледі.

Сондықтан кәсіпорынға жағымды жағдай жасауда ақша қаражаттарының өз мерзімділігі, дұрыс қойылған несие есебі мен есеп айырысу операциялары ерекше назар аудартады.

Мұнымен ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі айналысады, оның мақсаты есеп айырысу мен касса ережелерін, ақша қаражаттары мен несиені тиімді және дұрыс қолдануды бақылау, кассадағы құжаттар мен қолма қол ақшалардың сақтығын қамтамасыз ету. Нарықтық экономика шарттарында бухгалтер ақша қаражаттарын дұрыс қолдану қағидасы кәсіпорынға қосымша табыс әкелетіндігін ескеруі керек. Сондықтан уақытша бос ақша қаражаттарын пайда табу мақсатында тиімді жұмсау туралы әрдайым ойлау қажет. (банктегі депозитке салу, инвестициялық қорлар ж. т. б. ) .

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысының есебін және ақша қаражаттарының аудитін игеру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін алдыға келесідей міндеттер қойылды:

  • кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысының есебін зерттеу
  • есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының ерекшеліктерін игеру
  • валюталық шоттағы ақша қаражаттарының есебінің ерекшеліктерін зерттеу

- банктердің арнайы шоттарындағы ақша қаражаттарының есебінің

ерекшеліктерін игеру

- ақша қаражаттарының қозғалысы мен қолданылуын талдау

- ақша қаражаттарының аудиті

Тауқыметті іздестіру деңгейі. Ақша қаражаттарының қозғалысының бухгалтерлік есебі, аудиті мен анализі (талдауы) келесі авторлардың еңбектерінде қарастырылған: В. К. Радостовец, О. Доброта, К. Ш. Дүйсембаев, Н. А. Назаров ж. б. О. Доброта кассаға келесідей анықтама береді: “касса - бұл, ақша қаражаттарын қабылдау, беру және уақытша сақтауға арналған арнайы жабдықталған және бөлек бөлме”. Ал Н. А. Назаровтың пікірі бойынша, қолма қолсыз және қолма қол ақша қаражаттарының бірыңғай айналымы көптеген теріс жағдайларға әкеледі, себебі қолма қол ақшалардың айналымы қымбат болып табылады, бұл оларды оларды айналымға шығару, сақтау және жеткізудегі жоғары шығындармен тікелей байланысты. Сонымен қатар, ұйымның жинақталған қолма қол ақша бірліктері табыс әкелмейді. Ал мемлекеттің қызығушылығы тұрғысынан қарастырсақ, қолма қол ақша бірліктерінің айналымы, заңды және жеке тұлғалардың нақты табыстарын салық қызметінен жасыру, яғни салық төлеуден бас тартуға мүмкіндік беріп, айналымдағы ақша қаражаттарын бақылауды тежейді.

Зерттеу объектісі болып ЖШС “Алфарма” ұйымы табылады.

Дипломдық жұмысты жазуда оқу әдістемелік құралдар мен монографиялар, баспасөз құралдарынан ақпараттар, статистикалық мәліметтер, ЖШС “Алфарма” ұйымының 2004-2006 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есептілігі қолданылды.

I бөлім. Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы.

1. 1. ЖШС «Алфарма» ұйымының қысқаша қаржы-экономикалық сипаттамасы.

ЖШС «Алфарма» ұйымы 1997 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы нарықтарында сауда-саттық қызметін жүзеге асыру үшін құрылды.

ЖШС «Алфарма» ұйымы жарғыға сәйкес арнайы жабдықталған қоймалар, дәріханалар, дүкендер, сауда ұйымдары арқылы дәрі-дәрмектерді өндіру, бөлшек және толық саудасын, медицинада қолданылатын құрал-жабдықтар мен медициналық техниканы сату және өндіруді, косметикалық және парфюмерлік тауарларды толық сатуды, вакциналар мен иммуноглобулиндерді Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен аудандарына жеткізуді жүзеге асырады. Басты бағыты дәріханалық қоймалары арқылы дәрі дәрмектерді толық өткізу.

Қоймалар мен өндірістік техниканы, көліктерді иемдене отырып ЖШС «Алфарма» ұйымы Ресей және Еуропа елдерінің өндірушілерімен тығыз байланыста.

Қазіргі таңда ЖШС «Алфарма» ұйымы көппрофильді өндірістік-коммерциялық кәсіпорын. Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Жезқазған, Өскемен, Қызыл Орда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавловск және Шымкент қалаларында өнімді өткізуші құрылымдық бөлімшелер қызмет етеді.

Кәсіпорын өзінің өндірістік базасы мен ұйымның өндірістік қызметін жүзеге асыруға қажеттілерінің барлығы меншігінде бар.

ЖШС «Алфарма» ұйымының өндірістік құрылымының құрамында:

  • өндіру және құралдарды тексеру цехы
  • траспорттық цех
  • дәріханалық қоймалар
  • қосымша қоймалар
  • офистік орындар (бухгалтерия, клирингтік бөлім, сауда бөлімі, маркетингтік департамент, тендерлік бөлім, АТ бөлімі, коммерциялық департамент, сертификация бөлімі, кеден бөлімі, транспорттық логистика бөлімі) бар.

Бүгінде кәсіпорынның ассортиментінде 1000-ға жуық дәрі дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар, парфюмерлік және косметикалық өнімдер бар.

Негізгі тауарлық топтары келесілерді қамтиды:

  • дәрі дәрмектер
  • медициналық техника
  • медициналық құрал-жабдықтар
  • косметикалық және парфюмерлік өнімдер
  • вакциналар мен иммуноглобулиндер
  • ветеринарлық дәрілер
  • ветеринарлық техника мен құрал жабдықтар

ЖШС «Алфарма» ұйымындағы қаржылық жағдайды экспресс талдау. 2006 жылдан 2007 жыл арасындағы кезеңнің өнім өткізу көлемін талдай отырып, оның көрсеткіштерінің жоғарлауын байқадық, яғни айтылып отырған кәсіпорынның өнімдері нарықта жоғары сұранысқа ие деген тұжырымға келуге болады.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау процесінде баланстық пайда, өнімді немесе қызметті өткізуден пайда, ағымдағы активтер мен ұзақ мерзімді активтер, міндеттемелер сияқты көрсеткіштер қолданылды.

ЖШС «Алфарма» ұйымының есепті 2006 жыл басындағы баланс валютасы - 928385264 теңгені құрайды, ал жыл соңында - 1164673413 теңге болды, яғни 1, 25 есеге өскен (Қосымша 12) . Баланс валютасының өсуі әдетте кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерінің өскендігін көрсетеді, яғни ЖШС «Алфарма» ұйымына оң баға беруге болады.

ЖШС «Алфарма» ұйымының баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорынның оң нәтижесін сипаттайды.

ЖШС «Алфарма» ұйымының баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы (Қосымша 12) мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі №1 аналитикалық кесте құрылады.

№1 кесте 2006 жылдың басы мен соңындағы ЖШС «Алфарма»

ұйымындағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, теңге

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
жыл басында: жыл басында
жыл соңында: жыл соңында
жыл бойындағы өзгеріс: жыл бойындағы өзгеріс
№:
Көрсеткіштер:
жыл басында: сомасы
жыл соңында: үлесі
жыл бойындағы өзгеріс: Сомасы
үлесі
сомасы
үлесі
№: 1
Көрсеткіштер: Активтер құны, барлығы
жыл басында: 928385264
жыл соңында: 100
жыл бойындағы өзгеріс: 1164673413
100
236288149
25, 45
№:
Көрсеткіштер: Соның ішінде:
жыл басында:
жыл соңында:
жыл бойындағы өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: 1. 1. Ұзақ мерзімді активтер:
жыл басында: 38580013
жыл соңында: 4, 2
жыл бойындағы өзгеріс: 67016210
5, 75
28436197
73, 71
№:
Көрсеткіштер: а) негізгі құралдар
жыл басында: 32111222
жыл соңында: 3, 50
жыл бойындағы өзгеріс: 51106261
4, 39
18995039
59, 15
№:
Көрсеткіштер: б) қаржылық салымдар
жыл басында: 6326000
жыл соңында: 0, 69
жыл бойындағы өзгеріс: 15716000
1, 35
939
148, 44
№:
Көрсеткіштер: 1. 2. Ағымдағы активтер:
жыл басында: 889805251
жыл соңында: 95, 84
жыл бойындағы өзгеріс: 1097657203
94, 25
207851952
23, 36
№:
Көрсеткіштер: а) өндірістік қорлар
жыл басында: 0
жыл соңында:
жыл бойындағы өзгеріс: 0
0
№:
Көрсеткіштер: б) дайын өнім
жыл басында: 512377832
жыл соңында: 55, 19
жыл бойындағы өзгеріс: 613975302
52, 72
101597470
19, 83
№:

2

Көрсеткіштер:

Кәсіпорынның өндірістік

потенциалының құны

жыл басында:

32111222

жыл соңында:

3, 50

жыл бойындағы өзгеріс:

51106261

4, 39

18995039

59, 15

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 236288149 теңгеге немесе 25, 45% артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуының оң нәтижесін сипаттайды. Сонымен қатар, ағымдағы активтердің үлесінің жоғары екендігін байқауға болады. Сондықтан, әрі қарай, келесі №2 аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

№2 кесте ЖШС «Алфарма» кәсіпорынның 2006 жылдың басы мен

соңындағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы, теңге

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
жыл басында: жыл басында
жыл соңында: жыл соңында
өсуі (+): өсуі (+)
№:
Көрсеткіштер:
жыл басында: сомасы
жыл соңында: үлесі
өсуі (+): сомасы
үлесі
кемуі (-)
№: 1
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер,
жыл басында: 889805251
жыл соңында: 100
өсуі (+): 1097657203
100
23, 35926
№:
Көрсеткіштер: соның ішінде:
жыл басында:
жыл соңында:
өсуі (+):
№:
Көрсеткіштер: 1. 1. Тауарлы-материалдық қорлар
жыл басында: 7088
жыл соңында: 0, 0007966
өсуі (+): 588819
0, 053643
8207, 266
№:
Көрсеткіштер: 1. 2. Дебиторлық борыш
жыл басында: 203895999
жыл соңында: 22, 914677
өсуі (+): 448609911
40, 86976
120, 019
№:
Көрсеткіштер: 1. 3. Ақша қаражаттары және қысқа
жыл басында:
жыл соңында:
өсуі (+):
№:
Көрсеткіштер: мерзімді қаржылық инвестициялар
жыл басында: 24513907
жыл соңында: 2, 7549744
өсуі (+): 28072653
2, 557506
14, 51725
№:
Көрсеткіштер: 1. 4. Басқа да ағымдағы активтер
жыл басында: 148655240
жыл соңында: 16, 706492
өсуі (+): 4026880
0, 366861
-97, 2911
№:
Көрсеткіштер: 1. 5. Дайын өнім
жыл басында: 512377832
жыл соңында: 57, 583143
өсуі (+): 613975302
55, 93507
19, 82862
№:
Көрсеткіштер: 1. 6. Болашақ кезең шығындары
жыл басында: 355185
жыл соңында: 0, 0399172
өсуі (+): 2383638
0, 217157
571, 0976

Келтірілген мәліметтер ЖШС «Алфарма» ұйымы активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер - яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 3558746 теңгеге немесе 14, 51% артқан. Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі жыл басында - 203895999 теңгені құраса, жыл аяғында ол - 448609911 теңгені құрайды немесе 120, 019% өскен, сонымен қатар, ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 17, 95 (40, 86-22, 91) пунктке көбейген. Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 8207% өсті және ол жыл аяғында 588819 теңгені құрап, 0, 05 пунктке көбейгенімен, оның көлемі әлі де болса өте төмен (0, 053%) болып отыр.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Сондықтан төменде ЖШС «Алфарма» ұйымының ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері №3 кестеде көрсетілген.

№3 кесте ЖШС «Алфарма» ұйымының ағымдағы активтерінің

өтімділік көрсеткіштері, теңге

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
жыл басында: жыл басында
жыл соңында: жыл соңында
өзгеріс: өзгеріс
№: 1
Көрсеткіштер: Ағымдағы активтер, оның ішінде:
жыл басында: 889805251
жыл соңында: 1097657203
өзгеріс: 207851952
№: 1. 1.
Көрсеткіштер: Ақша қаражаттары және қысқа
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: мерзімді қаржылық салымдар
жыл басында: 24513907
жыл соңында: 28072653
өзгеріс: 3558746
№: 1. 2.
Көрсеткіштер: Дебиторлық борыш және басқа да
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: активтер
жыл басында: 352551239
жыл соңында: 452636791
өзгеріс: 100085552
№: 1. 3.
Көрсеткіштер: Алдағы кезең шығындарынсыз
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: тауарлы-материалдық қорлар
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: қосылған басқа кәсіпорындардың
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: жарғылық капиталға салған
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: салымдарының мөлшеріне азайтылған
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: құрылтайшылармен есеп және ұзақ
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№:
Көрсеткіштер: мерзімді қаржылық салымдар
жыл басында: 7088
жыл соңында: 588819
өзгеріс: 581731
№: 2.
Көрсеткіштер: Қысқа мерзімді міндеттемелер,
жыл басында: 887380846
жыл соңында: 1130877914
өзгеріс: 243497068
№:
Көрсеткіштер: оның ішінде:
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№: 2. 1.
Көрсеткіштер: Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар
жыл басында: 172919780
жыл соңында: 324104365
өзгеріс: 151184585
№: 2. 2.
Көрсеткіштер: Кредиторлық борыш
жыл басында: 703118756
жыл соңында: 798061364
өзгеріс: 94942608
№: 2. 3.
Көрсеткіштер: Басқа да ағымдағы міндеттемелер
жыл басында: 11342310
жыл соңында: 8712185
өзгеріс: -2630125
№: 3.
Көрсеткіштер: Өтімділік көрсеткіштері
жыл басында:
жыл соңында:
өзгеріс:
№: 3. 1.
Көрсеткіштер: Абсолюттік өтімділік коэф.
жыл басында: 0, 027625013
жыл соңында: 0, 02482377
өзгеріс: -0, 002801
№: 3. 2.
Көрсеткіштер: Аралық өтімділік коэффициенті
жыл басында: 0, 424919185
жыл соңында: 0, 425076339
өзгеріс: 0, 0001572
№: 3. 3.
Көрсеткіштер: Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэф.
жыл басында: 0, 424927173
жыл соңында: 0, 425597014
өзгеріс: 0, 0006698

3-кестенің мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік жыл басына қарағанда біршама артқандығын көрсетеді және абсолютті өтімділік коэффициенті 0, 0028 пунктке төмендегенін, ал аралық - 0, 00015 пунктке және ағымдағы - 0, 00066 пунктке көбейгенін байқауға болады. Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициенті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге жауап берді.

1. 2. ЖШС «Алфарма» ұйымының есеп саясаты

ЖШС «Алфарма» ұйымының есеп саясатының құрылымы келесідей:

І Жалпы ережелер

ІІ Басқару және ұйымдық құрылым:

  • 2. 1. Директордың (басшының) қызметтік инструкциясы:жалпы
  • 2. 2. Бас бухгалтердің қызметтік инструкциясы:жалпы
  • 2. 3. Бухгалтерлік және қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы - директордың құзырында. Директор жоқ болғанда, бұйрық негізінде бірінші қол қою құқығы қаржы директорына бекітіледі.
  • 2. 4. Бухгалтерлік және қаржылық құжаттарда екінші қол қою құқығы - бас бухгалтердің құзырында. Бас бухгалтер жоқ болғанда, бұйрық негізінде екінші қол қою құқығы бас бухгалтердің қызметін уақытша орындаушы қызметкерге бекітіледі.
  • 2. 5. Құрылымдық бөлімше директоры бірінші қол қою құқығы бар:құрылымдық бөлімшеде жүргізілетін бухгалтерлік құжаттардақұрылымдық бөлімшенің орналасу орны бойынша салық комитетіне берілетін салық есептілігінде

Директор жоқ болған кезде, сол кезең аралығында оның міндеттерін атқарушы тұлғаға бұйрық негізінде бірінші қол қою құқығы беріледі.

  • 2. 6. Құрылымдық бөлімшенің бас бухгалтерінің екінші қол қою құқығы бар:құрылымдық бөлімшеде жүргізілетін бухгалтерлік құжаттардақұрылымдық бөлімшенің орналасу орны бойынша салық комитетіне берілетін салық есептілігінде

Бас бухгалтер жоқ болғанда, бұйрық бойынша екінші қол қою

құқығы уақытша бас бухгалтердің міндеттерін атқарушы тұлғаға

жүктеледі.

ІІІ Бухгалтерлік есеп жүйесі мен қаржылық есеп беру.

ІV Бухгалтерлік құжаттар және оларды сақтау мерзімдері

V Негізгі құралдар есебі

5. 1. ЖШС «Алфарма» ұйымында негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі құралдардың есебі» БЕС-на сәйкес жүргізіледі.

5. 2. Негізгі құралдар - бұл ұзақ мерзімде (1 жылдан астам мерзімде) әкімшілік мақсатта немесе басқа ұйымға жалға беру мақсатында дайын өнімді (тауар, жұмыс, қызмет) жеткізу мен өндіру мақсатында қолданылатын материалды активтер.

5. 3. Негізгі құралдар 1 «Айналымнан тыс активтер» бөлімінің 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында есептеледі. Синтетикалық шоттарға әрбір негізгі құралдың түріне немесе белгілі бір тобына сәйкес аналитикалық шот ашылуы мүмкін.

5. 4. Негізгі құралдарды №6 «Негізгі құралдардың есебі» БЕС-ның 5, 15, 16 тармақтарында анықталған тәртіппен бастапқы құны бойынша кіріске алады.

5. 5. Негізгі құралдардың істен шығуы бастапқы құжаттардың Типтік салааралық нысан бланкілері негізінде жүргізіледі:

1) №НҚ-1 нысан «НҚ-ды қабылдау-беру актісі (накладной) »

2) №НҚ-4 нысан «НҚ-ды есептен шығару актісі»

3) №НҚ-13 нысан «НҚ-дың түгендеу (инвентарлық) тізімі»

5. 6. НҚ-дың қозғалысының есебі рәсімделеді:

1) №НҚ-1 «НҚ-ды қабылдау-беру акті» нысанымен

2) №НҚ-3 «НҚ-ды есептен шығару акті» нысанымен

5. 7. Мақсатты бағытталуы мен орындалу функцияларына тәуелді ЖШС «Алфарма» ұйымындағы негізгі құралдар келесі топтардан құралады:

1) жер

2) ғимараттар

3) құрылғылар

4) көлік және құрал-жабдықтар (мобильдіден өзге)

5) мобильді көлік

6) күш қуаты жоғары көлік құралдары

7) компьютерлер

8) тіркелген активтер

9) аяқталмаған құрылыс

5. 8. Құрылымдық бөлімшелер басшының рұқсатынсыз кәсіпорынға тиесілі негізгі құралдарды жалға беруге құқығы жоқ.

5. 9. Негізгі құралдардың бастапқы құнының өзгеруі тек мына жағдайда жүзеге асады:

- №6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС-ның 17-20 тармақтарында көрсетілген тәртіппен қайта бағалағанда;

- объектіге қосымша салымдар жұмсағанда немесе демонтаждаудың нәтижесінде негізгі құралдардың бастапқы бағаланған нормативті көрсеткіштері, өндірістік қуаты, пайдалы қызмет ету мерзімі не өседі, не кемиді.

5. 10. Негізгі құралдар есептен шығады:

- негізгі құралдар істен шыққанда (моральді тозу, толық тозу)

- негізгі құралдарды өткізуде

- негізгі құралдарды айырбастағанда

- негізгі құралдарды қайтарымсыз бергенде

- негізгі құралдардың жетіспеушілігі туындағанда

5. 11. ЖШС «Алфарма» ұйымында негізгі құралдарды түгендеу (инвентаризациялау) басшының бұйрығымен ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кейін, жылдық есептілікті тапсырар алдында 1 рет №24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» БЕС-дағы әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

5. 12. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың амортизациясын тура жалпы жолмен, яғни негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде оның қалдық құнын шығындарға жатқызу арқылы есептейді.

5. 13. Негізгі құралдардың құнын жоғарлатушы шығындарға модернизациялауға, реконструкцияға, қызметтегі объектілердің толық техникалық жөндеу шығындары жатады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 126 «Аяқталмаған құрылыс» шоты негізгі құралдар 122 «Ғимараттар мен құрылғылар», 123 «Машиналар мен құрал-жабдықтар», 124 «Көлік құралдары» шотымен жабылады.

VІ Материалды емес активтердің есебі

6. 1. ЖШС «Алфарма» ұйымында материалды емес активтердің есебі №28 «Материалды емес активтердің есебі» БЕС-на сәйкес жүргізіледі.

6. 2. Материалды активтер - бұл физикалық мәні жоқ, ұзақ мерзім қолданыста бола алатын ақшалай емес активтер.

6. 3. Материалды емес активті (есепте тіркеледі) актив ретінде мойындайды, егер:

1) ұйымда осы активпен тікелей байланысты болашақта жоғары экономикалық пайда алуы күтілсе

2) және активтің нақты құнын анықтауда

6. 4. Материалды емес активтер 10 «Материалды емес активтер» бөлімше шоттарында есепке алынады.

6. 5. Материалды емес активтерді кіріске алғанда олар бастапқы құнымен №28 «Материалды емес активтердің есебі» БЕС-ның 18-25 тармақтарында көрсетілген тәртіпке сәйкес бағаланады.

Материалды емес активтердің есебі келесі бастапқы құжат салааралық типтік бланкілері негізінде жүргізіледі:

  1. №НҚ-1 нысан «МЕА беру-алу актісі (накладной) »
  2. №НҚ-4 нысан «МЕА есептен шығару актісі»

6. 6. Материалды емес активтердің амортизациясы тура жолмен есептеледі. МЕА-дің пайдалы қызмет ету мерзімі - 3 жыл. Пайдалы қызмет ету мерзімі ЖШС «Алфарма» ұйымының басшысының үкімімен қайта қарастырыла алады. МЕА-дің жойылу құны амортизацияны есептеуге байланысты қарастырылмайды.

6. 7. ЖШС «Алфарма» ұйымында МЕА-ді түгендеу (инвентаризациялау) басшының бұйрығымен ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кейін, жылдық есептілікті тапсырар алдында 1 рет №24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» БЕС-дағы әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

VІІ Инвестиция есебі

7. 1. Бухгалтерлік есепте қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құнымен есептеледі. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруінен болған табыс не шығын сол ағымдағы кезеңге жатқызылады.

7. 2. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар - бұл 1 жылдан астам пайдалану құқығы бар инвестициялар. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік есепте сатып алу құны бойынша есептеледі. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың қайта бағалануы қарастырылмайды.

7. 3. Қаржылық инвестициялардан дивиденд түрінде алынған табыстар негізгі емес қызметтен алынған табыстарға жатқызылады.

7. 4. Қаржылық инвестицияларды есептен шығару немес басқа категорияға аудару №8 «Қаржылық инвестициялардың есебі» БЕС-ның 17, 18, 19 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

VІІІ Тауарлы-материалдық қорлардың есебі.

IX Ақша қаражаттарының есебі

9. 1. Кәсіпорында ақша қаражаттарының есебі нормативтік құқықтық актілер мен «кассалық операциялар есебін ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі» атты Әдістемелік хатқа сәйкес жүргізіледі.

9. 2. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі мен сақтығына жауапты тұлға - кассир. Еңбек ақы және жазбаша бұйрық бойынша бекітілген жеке тұлғаға басқа да төлемдерді беру кезінде аталған соңғылармен толық материалдық жауапкершілік бойынша келісім шарт жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын
Нарық экономикасы жағдайында өндіріс тиімділігі арттыру жолдары
Экономикалық тиімділік есебі. Экономикалық тиімділіктің жалпы ұғымы
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
«МULTIMEDIA LED» ЖШС--жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның қаржылық қамтамассыз ету қызметінің әдістері, қайнар көздері және формалары
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Нарық жағдайындағы кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні
«Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz