Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дүниежүзілік валюта жүйесі

Орындаған: Карамурзаева М. О.

Тобы: Ф07К1

Қабылдаған: Манабаева И.

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ5

1-тарау. Дүниежүзілік валюта жүйесінің экономикалық мазмұны

1. 1. Халықаралық валюта қатынастары және валюта жүйесі. 5

1. 2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы8

1. 3. Дүниежүзілік валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі. 13

2-тарау. Қазақстан Республикасы валюталық жүйесіне экономикалық талдау

2. 1. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің түсінігі

мен белгілері……… . . . . . 17

2. 2 Қазақстан Республикасындағы валюта бағамын реттеу

мәселелері. . . . 20

2. 3. Қазақстан Республикасының валюта нарығының ұйымдасуы және

оған талдау жүргізу…… . . . . . 25

3-тарау. Дүниежүзілік қаржы жағдайы мен Қазақстандағы қаржы

жағдайының қазіргі жағдайы . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 40

Кіріспе

Өткен ғасырдың 90-жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар елдері үшін диалектикалық қозғалыс, саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шаруашылықтың нығая түсіп интернационалдануына, жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын жеделдетті.

Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес өкіметі тұсында валюта-кредиттік және қаржылық қатынастардың субъектісі болған жоқ, ол кезең қажетті алғышарттар жасалып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған еді.

Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне, Еуропалық қаржылық-несиелік ұйымдарға мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.

Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.

Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары капиталдар қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономикамен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.

Қазақстанға шетелдік капитал ағымының тасқынды келуі үшін оған қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бірқатар заңдарды, нормативтік құқықтық келісімдерді айқындап, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек күттірмейтін шаралар жиынтығы болып табылады.

Халықаралық валюта қатынастары рыноктық шаруашылық сферасының құрамдас және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық құқықтық аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын оқып үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.

Жұмысты орындаудағы алдыма қойған мақсатым мен міндеттерім мыналар:

  • дүниежүзілік валюталық жүйенің түсінігін анықтап, оның пайда болуының себептерін талдау;
  • дүниежүзілік валюталық жүйенің негізгі элементтерін анықтау;
  • дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясын зерттеу және оның әр кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі жағдайды қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы III тараудан тұрады. Алғашқы тарауында халықаралық валюта қатынастарының түсінігі, жүйесі, ұйымдық құқықтық механизмі, дерек көздері қарастырылады.

Екінші тарауда Қазақстан республикасындағы валюта жүйесін реттеудің құқықтық негіздері мен осы жүйені анықтайтын белгілер валюта операцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері мен принциптері талданып көрсетілген.

Соңғы тарауда Қазақстан Республикасының қаржы жағдайы мен әлемдік қаржы жағдайының қазіргі жағдайына талдау жасалады.

Әлемдік қаржы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Қазақстан үшін ұлттық валюталық жүйенің дүниежүзілік стандартқа сай болуы міндетті. Қазіргі таңда ғаламдық валюта қатынастарының даму қарқыны өте жоғары. Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсумен қатар халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның ішінде өзекті саласы халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан, әлемдегі валюта өзгерістері бізге де әсер етеді.

Жұмысымда атақты ғалымдар Б. Көшенова, С. Мақыштың еңбектерін қолдандым. Ұлттық және әлемдік қаржы ұйымдарының сайттарынан статистикалық дерек көздерін арқау етіп, оларға талдау жүргіздім.

1-тарау. Дүниежүзілік валюта жүйесінің экономикалық мазмұны

  1. Валюталық жүйенің мәні және оның түрлері

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернациоландыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда- саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды. /2/

Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құруымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық байланыстардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысын процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей дәнекері байланыстың болатыны көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие бола бастады.

Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе
  • Дүниежүзілік валюталық жүйе
  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе /1, 205-206/

Соның ішінде дүниежүзілік валюталық жүйе дегеніміз - бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдетіп, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционистік) әрекеттерді түп-тамырымен құруға әрекет жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша бірліктері.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді. /2/

Дүниежүзілік валюталық жүйенің құрамдас бөліктері:

  • халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, евро) ;
  • валюта курсын қолдау және орнату механизмі;
  • валютаны конверсиялау шарты;
  • халықаралық нарық тәртібі;
  • валюта қатынасын реттейтін мемлекеттік қаржы мекемелерінің беделін анықтау;
  • валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру; /7/

Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ұлттық валюта ақша бірлігі құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептеулерде әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бірлігі пайдаланылады.

Дүниежүзілік ақша деп халықаралық, экономикалық, саяси қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалары ұлттық ақшалар түрін өткен - алтын ақшалардың несиелік ақшаларға дейінгі жолды қайталайды. Нәтижесінде ХХ ғ. валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді (мысалы, экю, ал 1999 жылдан бастап евро) .

Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам рөлін атқарады. Сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде АҚШ-тың доллары, Еуроодақтың еуросы пайдаланылып отыр. Резервтік валюта мәртебесін алудың объективті алғышарттары болып елдің дүниежүзілік өндірістегі, тауарлар мен капиталдар экспортындағы, алтын валюта резервтеріндегі жетекші позициясы несиелік банктік мекемелердің дамыған жүйесі, қарыз капиталдарының ұйымдастырылған және сыйымдылығы жоғары рыногы басқа елдердің сұранысын қамтамасыз ететіндей еркін валюталық операциялар жүргізу мүмкіндігі мен валютаның еркін айырбасы мүмкіндіктері қарастырылады.

Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетел валютасына айырбасталу дәрежесі. Еркін айырбасталатын, валюталық шектеулері сақталған жартылай айырбасталатын және айырбасталмайтын валюталар бар екендігі белгілі.

Валюта жүйесінің тағы бір элементіне валюталық паритет, яғни заңнама арқылы рәсімделетін екі валюта арақатынасы жатады.

Валюта бағамы режимі де валюта жүйесінің элементі болып табылады. Белгіленген, бір шеңберде тербелетін және рыноктық сұраныс пен ұсыныстан тәуелді қалықтайтын валюталық бағамдар түрлері белгілі. Валюталық шектеулердің бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесінің элементеріне жатады. Валюталық құндылықтармен операцияларды шектеуде Халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналады. Ал халықаралық кредиттік қаражаттар айналымына келетін болсақ, оларды пайданлану ережелері үйлестірілген халықаралық нормалар аясында жүзеге асады. Олардың ішінде Женевада қабылданған вексельдер және чектер туралы конвенция бар. Халықаралық есептеулерді бір ізге салу құжаттық аккредитивтер мен инкассолар үшін үйлестірілген ережелерге сәйкес ұлттық және дүниежүзілік валюта деңгейінде жүзеге асырылады.

Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесін тағы да бір элементі болып саналады және оның осы халықаралық шектеулерді қажетті төлем қаражаттарымен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз - жекелеген немесе бір топ елдердің кредитор алдындағы тиісіті халықаралық міндеттемелерін кредиторға қолайлы төлем қаражаттарымен дер кезінде атқару қабілеттілігі. Дүниежүзілік шаруашылық тұрғысынан халықаралық валюта өтімділігі дүниежүзілік қаржыландыру және кредиттеу көздерінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық экокномика тұрғысында халықаралық валюта өтімділігі төлем қабілеті көрсеткіші ретінде пайдаланылады. /3, 8-9/

  1. Дүниежүзілік валюта жүйесінің эволюциясы

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.

Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына тура келді.

Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:

I кезең - жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

II кезең - жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең - толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:

  1. Париждің валюталық жүйесі (1867 ж. )
  2. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж. )
  3. Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 ж. )
  4. Ямайск валюталық жүйесі (1976-1978 ж. )
  5. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж. )

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандарты формасында, яғни алтын монометаллизмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды, яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:

  • оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;
  • әр валютаның өзіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді. (Ұлыбритания - 1816 ж., АҚШ - 1837 ж., Германия - 1875 ж., Франция - 1878 ж., Ресей - 1895 ж., белгіледі. ) . Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін айырбасталды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;
  • нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, валюталардың еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол ақша және валюта жүйесі ретінде қызметтін толық тоқтатты.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағарыстан кейін алтынға және жетекші валюталарға негізделген алтын девизстандарты бекітілді.

Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйеге заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізілді.

Генуэз валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті:

  • оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезеңде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа негізделеді. Ұлттық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды. Бірақ та соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді;
  • алтын валюталардың құрамы сақталды;
  • еркін валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді;
  • валюталық реттеу, валюталық саясат халықаралық конференциялар, мәжілістер формасында жүзеге асырылды.

1922-28 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:

  • алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын монометаллизмінің қысқарған формалары енгізілуі;
  • валюталарды тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;
  • валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қайта қалпына келтірілді;
  • Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды;

Бұл валюталық тұрақтылық та 30-жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады. 1929-36 жж. дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері мынадай:

  • Циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-несие дағдарысымен байланысты болды;
  • Құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
  • Ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;

30-жылдардағы дағдарыс нәижесінде Генуэз валюталық жүйесі өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа ұшырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсіп, соғыс жылдарында 1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды.

БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АҚШ) 1944ж. болған валюталық қаржылық конференциясыда дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің мынадай қағидаларын анықтады:

  • Алтынға және екі резервтік валютаға - АҚШ доллары және фунт стерлингке негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді.
  • Бреттон-Вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтында пайдаланудың төрт формасын қарастырды:Валюталардың алтын құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да тіркеу енгізілді; Алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді; АҚШ өзінің валюталық-экономикалық потенциалының және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріліп, оған басты резервтік валюта мәртебесі талап етілді; Осы мақсатта АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің алтындарына ауыстыра бастады, ол кезде АҚШ долларының алтындық құрамы 1 троиск унциясына 31, 1035г = 35 долларға тең болатын.
  • Валюталардың бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы долларға бейнеленген валюталық құрамы негізінде жүзеге асырылды.
  • Бірінші рет тарихта халықаралық валюта-несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және Даму банкі (ДКДБ) құрылды.

60-жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-Вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұшырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері мынадай:

  • Экономикалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
  • Инфляцияның ұлғаюы, әлемдік бағаларға және фирмалардың бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;
  • Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания) ;
  • Бреттон-Вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі;
  • Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір бөлігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд. доллар) ;

1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка) келісімі ХВҚ-дың жарғысына өзгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:

  • Алтын-девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгізілді, сөйтіп, жаңа халықаралық валюталық есптесу бірлігін енгізу туралы 1967 жылы қол қойылған болатын;
  • Алтынды демонезациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын құн өлшемі қызметін атқармайтын болды;
  • Елдерге кез келген валюталық бағам режимін таңдауға құқық берілді;
  • ХВҚ Бреттон-Вудс жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейтуге шақырды;

СДР - дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:

1) эмиссиялау және бөлу; 2) қамтамасыз ету; 3) бағамды анықтау әдісі; 4)

СДР-дің пайдалану ауқымы;

1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0, 888671 г. алтынға тең болды, яғни оны қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржнынының орташа бағамы негізінде анықталды (16 елдің) . Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың құнсыздануы, доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.

Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:

  • АҚШ экономикасы өсуінің баяулауы;
  • Доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15-30%-ға жоғарылауы;
  • АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі;
  • Инфляцияның ұлғаюы;
  • АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі;

Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

Ямайка валюталық жүйесінің тұрақыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік сауда теориялары және халықаралық экономиканы басқарудың түрлері
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Халықаралық туристік нарық
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы және оны басқару
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz