Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар



Аннотация

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

ІІ Зерттеу бөлімдері
2.1.Абайтанудың қазіргі көшбасшысы ... ... ... ... ... ... ... . 4
2.2.Мұхтартанудағы тың соқпақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3.Түрікшілдік идеясы . М.Мырзахметұлының
ғылыми шығармашылығындағы алтын арқау ... ... ... ... ... .14
2.4.Отаршылдық жүйені әшкерелеуі ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.5.Бауыржантану . ғылымның жаңа көкжиегі ... ... ... ...22
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Бүгінде әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосып отырған ғалымдардың еңбектерін көзі тірісінде зерттеу, ғылыми зерттеу жұмысының нысанына алу дәстүрге айналып келеді. Бұл дұрыс та. Қоғамға өзіндік жаңалығымен үн қосып келе жатқан азаматтарды көзі тірісінде бағалап, ғылыми айналымға алу - жақсы үрдіс. Соның бірі және де бірегейі танымал абайтанушы ғалым, қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері - Мекемтас Мырзахметұлы.
М.Мырзахметұлы жайлы түрлі баспа беттерінде мақалалар, интервьюлер жарияланып келеді. Арнайы телебағдарламалар да баршылық. Оны көпшілік оқырмандар абайтанушы, қазақ тілінің қорғаны, әдебиеттанушы ғалым ретінде таниды.
Ғалымдар ортасында М.Мырзахметұлының айтқан ойлары мен ғылыми жаңалықтары, әдебиетті дәуірлеу мәселесіндегі ұсыныстары, тіл туралы толғаныстары, отаршылдық саясатты әшкерелеудегі еңбектері кең қолдау тауып отыр. Демек, М.Мырзахметұлының әдебиеттану ғылымындағы еңбектерін, қоғамдық саладағы келелі ойларын, түрік әдебиеті мен мәдениетін саралаудағы ғылыми жаңалығы мен түрлі идеяларын зерттеу нысанына алуға лайық деп білеміз. Демек, тақырыптың өзектілігі осыдан келіп туындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. М.Мырзахметұлы жас ғалым ретінде ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында орны бар үлкен ғалымдардың назарын аудара бастады. Оның 1965 жылдың бас кезінде “Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы” тақырыбында қорғап шыққан кандидаттық диссертациясы ғылыми ортада жоғары бағаға ие болды. Осы кезеңнен бастап М.Мырзахметұлы ғылыми ортада абайтану саласына өз соқпағын сала бастайды.
1. Мырзахметұлы М. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: Қазақстан, 1965. – 289 б.
2. Мырзахметұлы М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. – 296 б.
3. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы. (библиографиялық көрсеткіш. Құрастырған О.Әлімбайқызы). - Тараз: 2001. – 117 б.
4. Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. – Алматы: Санат, 1998.–367 б.
5. М.Мырзахметұлы. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. – 276 б.
6. Абай. Шығармалар жинағы, І том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 199 б.
7. Абай. Шығармалар жинағы, ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1986. – 197 б.
8. өмірәлиев Қ. Абайтануға қосылған ауқымды үлес. // Лениншіл жас. 1983 жыл, 20 қыркүйек.
9. Күзембаев Е. Мұхтартану. – Алматы: Экономика, 2006.-335 б.
10. Тайжанов А. Мұхтар Әуезов шығармашылығының дүниетанымдық өзектері. 09.00.03. Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1995.
11. Мырзахметұлы М. Түрік халықтар әдебиеті тарихының бағдарламасы. – Түркістан: ХҚТУ баспаханасы, 2005. – 32 б.
12. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 447 б.
13. Мырзахметұлы М. Түркістанда туған ойлар. –Алматы: Санат, 1998.-367 б.
14. Гумилев Л. Қиял патшалығын іздеу. - Алматы: Балауса, 1992. - 444 б.
15. Мырзахметұлы М. Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. – 127 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

ІІ Зерттеу бөлімдері
2.1.Абайтанудың қазіргі
көшбасшысы ... ... ... ... ... ... . ... 4
2.2.Мұхтартанудағы тың
соқпақ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..10
2.3.Түрікшілдік идеясы – М.Мырзахметұлының
ғылыми шығармашылығындағы алтын арқау ... ... ... ... ... .14
2.4.Отаршылдық жүйені
әшкерелеуі ... ... ... ... ... ... . ... ...18
2.5.Бауыржантану – ғылымның жаңа көкжиегі ... ... ... ...22
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Мекемтас Мырзахметұлы ұстанған ғылымдағы бес тарап

Кіріспе

Бүгінде әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосып отырған ғалымдардың
еңбектерін көзі тірісінде зерттеу, ғылыми зерттеу жұмысының нысанына алу
дәстүрге айналып келеді. Бұл дұрыс та. Қоғамға өзіндік жаңалығымен үн қосып
келе жатқан азаматтарды көзі тірісінде бағалап, ғылыми айналымға алу -
жақсы үрдіс. Соның бірі және де бірегейі танымал абайтанушы ғалым, қоғам
қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері - Мекемтас Мырзахметұлы.
М.Мырзахметұлы жайлы түрлі баспа беттерінде мақалалар, интервьюлер
жарияланып келеді. Арнайы телебағдарламалар да баршылық. Оны көпшілік
оқырмандар абайтанушы, қазақ тілінің қорғаны, әдебиеттанушы ғалым ретінде
таниды.
Ғалымдар ортасында М.Мырзахметұлының айтқан ойлары мен ғылыми
жаңалықтары, әдебиетті дәуірлеу мәселесіндегі ұсыныстары, тіл туралы
толғаныстары, отаршылдық саясатты әшкерелеудегі еңбектері кең қолдау тауып
отыр. Демек, М.Мырзахметұлының әдебиеттану ғылымындағы еңбектерін, қоғамдық
саладағы келелі ойларын, түрік әдебиеті мен мәдениетін саралаудағы ғылыми
жаңалығы мен түрлі идеяларын зерттеу нысанына алуға лайық деп білеміз.
Демек, тақырыптың өзектілігі осыдан келіп туындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. М.Мырзахметұлы жас ғалым ретінде ХХ
ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымында орны бар үлкен
ғалымдардың назарын аудара бастады. Оның 1965 жылдың бас кезінде “Абайдың
әдеби мұрасының зерттелу жайы” тақырыбында қорғап шыққан кандидаттық
диссертациясы ғылыми ортада жоғары бағаға ие болды. Осы кезеңнен бастап
М.Мырзахметұлы ғылыми ортада абайтану саласына өз соқпағын сала бастайды.
Демек, М.Мырзахметұлының ғылымдағы жолы абайтанумен тығыз байланысты.
өмірлік жолын ғылымға арнаған ғалым үшін талайлаған жылдық ізденістер
ғылымның жаңа кеңістіктерін ашқан еді. Алғашқы жолын абайтанудан бастаған
ғалым ендігі жерде қоғамдық, ғылымдық мәнге ие көптеген салаларға бой
ұрады. Демек, біздің аталмыш жұмысты жазудағы басты мақсатымыз -
М.Мырзахметұлының бүкіл еңбектерін саралап, жан-жақты қарастыру.
Мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттерді орындау талап етіледі:
- М.Мырзахметұлының абайтанудағы өзіндік жаңалықтары және осы
жаңалықтардың ғылыми негізін саралау;
- түрік әдебиеті мен мәдениетіне байланысты айтқан ойлары мен ғылыми
негізді тұжырымдарын зерделеу;
- архивтік материалдар негізінде жазған отаршылдық саясат тарихының
көмескі тұстарына байланысты айтқан пікірлерін анықтау;
- бүгінгі таңдағы мұхтартану мен бауыржантану саласындағы ғалымның ғылыми
жаңалықтары мен атқарып отырған істерін зерттеу.
Жұмыстың құндылығы. Тәуелсіздік алғаннан бергі тұста еркін ойлы
ғылыми пайымдаулар айтылып келеді. Әдебиетші ғалымдар бұрындары айта
алмаған келелі ойларын ортаға салып, әдебиеттің жаңа иірімдеріне құлаш
ұрды. Соның жемісі ретінде М.Мырзахметұлының ұстанған ғылым әлеміндегі бес
бағыты өмірге келді. Олар - отаршылдық ойранның астарлы қырларының ашылуы,
“Көк бөрі” ұранды түрік рухани тұтастығына байланысты сындарлы ойлары,
мұхтартану ғылымын қалыптастырудағы жемісті еңбегі мен абайтану саласындағы
беймәлім тұстарының ашылуы, бауыржантану саласы бойынша атқарып жатқан
іргелі істер деп батыл айтуға болады. Біздің пайымдауымызша,
М.Мырзахметұлының ғылыми еңбектері - жеке-дара қарастыруға тұрарлық,
әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар құнды еңбектер. Сондықтан біз
зерттеу жұмысымызда ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерін жеке-жеке саралап,
ондағы басты-басты мәселелерге тоқталатын боламыз.

Зерттеу бөлімі

2.1.Әдебиеттану ғылымында өзіндік соқпақ, әдеби мектеп қалыптастырған
ғалымдар аз емес. М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ғ.Марғұлан т.б ғалымдардың ғылыми
мектебін жалғастырушы ғалымдар әдебиеттің ашылмай қалған тұстарын зерттеп,
әдебиеттану ғылымының жүйелі дамуына өз үлестерін қосуға атсалысты. Кеңес
дәуірі тұсында ғылымның барлық саласы саясаттың құрбаны болып, көрінер
көзге тарихи фактілер бұрмаланып, ұлттық нышанынан айырылған болатын.
Осындай қиын шақтың түлегі ретінде Мекемтас Мырзахметұлы ғылым
майданына келген болатын. М.Мырзахметұлы 1965 жылы “Абайдың әдеби мұрасының
зерттелу жайы” атты кандидаттық диссертациясын,1989 жылы “Мұхтар Әуезов
және абайтану проблемалары” атты докторлық диссертациясын қорғап шығады.
Бұл кезеңде Абай мұрасына, абайтану проблемаларына деген ғылыми жол әлі
толық ашылмаған болатын. Ғалымның ғылым жолындағы тағдыр ауыртпалығынан
қорықпай, қиын іске өзінің саналы түрде баруы батырлықтың белгісі емес пе?
Әсіресе, Абайдың Шығысқа қатысты тарауы үлкен дау тудыратыны сөзсіз еді.
Бірақ ғалым өз ойын нақты дәлелдермен бекітіп, ғылыми тұжырымдармен
мойындатты. Бұл - абайтану майданындағы елеулі жеңістердің бірі еді.
Сонымен, М.Мырзахметұлы абайтану ғылымына қандай үлес қосты деген
сұрақ өз-өзінен туындайды. Біріншіден, 1965 жылы М.Мырзахметұлы “Абай
Құнанбаев, Библиографиялық көрсеткіш” [1] атты еңбегін жариялайды. Бұл
еңбегінде ғалым Абайдың мұраларына байланысты зерттелген бүкіл еңбектердің
тізімін кіргізіп, келешек абайтанушы ғалымдарға сара жол салып берген
болатын.
1982 жылы М.Мырзахметов “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары”
деген монографиясын жариялайды. [2]. Бұл еңбек әдебиетсүйер қауымды елең
еткізген айтулы еңбек болып орындалды. Себебі бұған дейін Абай мұрасын жан-
жақты саралаған еңбек жарық көрмеген болатын. Абай мұражайының директоры
Т.Ибрайымов газетке берген бір сұхбатында: “ Абайға өте жақын барған –
М.Әуезов, жақынырақ барған – Қайым Мұхаметханов және Мекемтас Мырзахметов”,
- деген еді. Осы аталған үш ғалым Абайды зерттегенімен, әрқайсысының
өзіндік бағыты болды. М.Әуезов Абайдың бүкіл өмірбаянын зерттеп, әдеби
мұрасына байланысты тың ойлар айтып, абайтану ғылымының сара жолын салып
кетсе, Қ.Мұхаметханов Абайдың ақындық айналасына, ақындық мектебіне
тереңдей енді. М.Мырзахметұлы Абайдың Шығысқа қатысы, Абайдың
дүниетанымына терең бойлай еніп, әлі ешкімнің ойына кірмеген тұстарына
батыл қадам жасады.
Кеңес дәуірі тұсында Абайдың ақындық қалыптасуына бірден-бір ықпал
еткен батыстық, оның ішінде орыс әдебиеті деген қолдан жасалған танымға
қарсы шығып, оның нәр алған қайнар көзінің негізгі бағыты шығыстық әдебиет
деудің өзі ерлікпен пара-пар іс еді.
М.Мырзахметұлының күні бүгінге дейінгі абайтану мен мұхтартануға
байланысты жариялаған еңбектерінің саны - 48 кітап, 700-дей газеттік
метариалдар екен. [3]. Бір адамның өмірі үшін аз еңбек емес. Ғалым өзі
жайлы айтқан бір сұхбатында: “Осы өлкеден шыққан (Жамбыл өлкесін айтып
отыр) ұлылардың мұраларына үңілсек дейміз. Демек, Дулати, Баласағұн,
Бауыржан мұралары. Ал, абайтану – менің өмірлік тақырыбым”, - деген
болатын. [3.16].
Абай - табиғатынан күрделі ақын. Қырықтан асып, ақылы кемелденген
шағында Абай ақындықтан даналыққа бой ұрып, терең мәнді өлеңдер жаза
бастайды. өмірінің соңында өмір бойы жиған парасатты ойларын қағазға
түсіріп, оған “ғақлия” деп ат қойған болатын. Абайды толық түсінуге қиын
соғып жүрген мұралары осы кездің үлесіне тиеді.
Тегінде Абайдың поэзиясында кездесетін философиялық ойлары қара
сөздерінде жаңғырып отырады. М.Мырзахметұлы ғалымдардың ішінен тұңғыш рет
ақын мұраларындағы бет пердесі ашылмаған ойлардың “мәнін” ұғынып, көпшілік
алдына жайып салды. Абай мұраларындағы мәнi түсiнiксiз
“тән”, “тән қуаты”, “тән құмары”, “жан”, “жанның тамағы”, “хауас”, “үш сүю”
(иманигүл), “мүтәкәлимин”, “толық адам”, “инсанияттың кәмәләттығы”,
“бенделіктің кәмәләтығы”, “жауанмәрттілік” т.б. ұғымдарға түсініктеме беріп
қана қоймай, оған әдеби-философиялық тұрғыдан талдау жасайды.
М.Мырзахметұлы абайтанудағы жіберілген кейбір кемшіліктің себебін
айта келіп: “Абай мұрасының рухани нәр алған көздерінің бірі ретінде
мұсылмандық Шығыс классиктерін бөлмей-жармай пікір толғап келген М.Әуезов
“аузы күйген үріп ішеді” дегендей, космополитизм туралы саяси ызғары қатты
қаулыдан кейін оларды жасанды түрде шекараның ар жағы мен бер жағындағы деп
екшей сөйлеуге мәжбүр болды, бұлай етпесе қатер бұлтының төнуі мүмкін
еді”, - деп абайтанудың жолындағы қиын өткелдің сырын ашқандай болады
[4.17]. Демек, ғалым абайтану ғылымының қиын тұстарын ашу арқылы оның
қалтарыстағы астарлы ұғымына құлаш ұрған.
Абай туралы сөз айтпаған ғалым кемде-кем. Абайды педагог, экономист,
заңгер, философ, сопы т.б. ретінде тануға, танытуға арналған небір
мақалалар мен ғылыми зерттеу еңбектер жарияланып жүр. Дегенмен Абай бірінші
кезекте – ақын. Сол ақындықтың құдіретімен Абай қоғамға қажетті
қасиеттердің бәрін меңгеруге тырысқан. Соңғы кездері Абайды танып болдық
па немесе Абайдың жұмбағы деген сұрақтар мен тіркестер күн тәртібіне қайта
қойылып отыр. М.Мырзахметұлы Абайды танудағы елеулі қиыншылықтардың бар
екендігін айта келіп, оның басты себебі философ ғалымдардың зерттеу
жүйесіндегі елеулі кемшіліктерден көреді. Сондықтан соңғы жылдары ол өзінің
ғалым шәкірттеріне Абайға байланысты тың ғылыми тақырып беріп, ғылымның
назарын аудармақшы болып отыр.
Бір қарағанда Абай жайлы сөз айтылып біткен сияқты. Шындығында солай
ма? Егер анықтап қарасақ, Абайды неғұрлым зерттеген сайын соғырлым ақынның
ойы тереңдей береді. Бұл - керемет бір феномен. Абайдың әлі терең ашылмай
жатқан қырлары оның адамгершілік ілімінде жатқанын айта кеткен жөн.
Адамгершілік – мораль философиясының терең бір тармағы. Тіпті мораль
философиясының өзегі десек те жарасады. Осы орайда М.Мырзахметұлы былай
дейді: “ М.Әуезов осы аталған қарасөздерді атау үстінде Абайдың діни
нанымына байланысты ойларын айтқанда оның түйіні, негізгі ақын
шығармаларында молырақ уағыздалатын танымы, көбінесе адамгершілікке
тірелетінін баса көрсетеді” [2.27]. Дегенмен М.Әуезов заман ағымына
байланысты Абай мұраларын зерттеу үстінде айтпақ ойдан шығандап кетіп,
көбінесе тұспалдап, астарлап, кейде тезис күйiнде айтып кетiп отырған.
1993 жылы М.Мырзахметұлының “Абайдың адамгершілік мұраттары”
деген еңбегі жарық көрді [5]. Бұл еңбегінде ғалым ақынның өлеңдері мен
қарасөздеріндегі толық адам, жауанмәрттілік, иманигүл, хал ілімі сияқты
сөздердің мәнін ашып, оларға ғылыми тұжырым жасады. Бірақ Абайдың жұмбағы
мұнымен толық ашылды десек қателесеміз. Ақын өзі айтпақшы:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла [6.226],- дегендей,
Абайдың жұмбағы неғұрлым шешуге жақын болған сайын, оның шешімі де қиындай
түседі. Бұл - қазақы философияға тән құбылыс.
Абайдың адамгершілік жайлы тұжырымын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін
емес. Ақын өлеңдерінде, онан кейін қарасөздерінде адамға қажет асыл
қасиеттердің жиынтық түрін ұсынады. Бірінші кезекте махаббат, яғни сүю.
Ақын үш сүюді (иманигүл): бірінші - Алланы сүй, екінші - адамзатты сүй,
үшінші - әділетті сүюді тілек етеді. Осы үшеуі бар кезде ғана адам сүюдің
нағыз дәмін сезе алады және өзі де сүйіспеншілікке бөленеді. өзінің отыз
сегізінші қарасөзінде “Махаббат - әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген
нәрселер бірлән” деп түйіндеп өтеді. Махаббат - адамды өзге қоршаған
ортадан айырып тұратын, жаратушының сыйлаған құдіретті күші. Сондықтан
ақын: Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті, - деп мұқият тапсырады [6. 247].

Абай отызыншы қарасөзінде пенденің кемелденуінің төрт сатысын атап
көрсетеді. Ол бірінші – пайғамбарлар, екіншісі - әулиелер, үшіншісі –
хакимдер, төртіншісі – кәміл мұсылмандар. Пайғамбарлар адам мен Алланың
ортасын жалғастырушы дәнекер іспеттес, яғни Алланың жер бетіндегі елшісі.
Әулиелер пайғамбарлар мен адамның арсындағы елшілер іспеттес, яғни Алланың
айтқанын, пайғамбардың өсиеттерін бұлжытпай орындаушы, насихаттаушы, елдің
рухани көсемдері. Ел әулиелерді құрмет тұтқан, Алланың сүйікті ұлдары
ретінде оларға тағзым еткен. Хакимнің жолы бөлек. “Әрбір ғалым – хаким
емес, Әрбір хаким - ғалым”,-дейді Абай[7.148]. Демек, хаким болу үшін
ғалым болу аз. Сонда біздің ұғымымызша, хакимдік дәрежеге көтерілу үшін
Абай талап еткен барлық адамгершілік ілімдерді меңгеру қажет. Ол үшін
адамға қажет ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Кәміл мұсылмандарға,
бұл барлық пендеге тән қасиет. Жер бетінде дін көп. Олардың ішіндегі соңғы
түскен Алланың аманаты мұсылманшылық. Абайдың пайымдауынша, барлық адам
баласы мұсылман болғаны абзал. Мұсылман болғанда ислам діні талап еткен
қағидалар мен талап-тілектерді толық орындағаны абзал. Тегінде, Абай дінді
айтқанда екі дүниенің рахатын тең ұстағанды дұрыс көреді. Демек, Абайдың
адамгершілік ілімдері ислам дінімен тығыз сабақтастықта өрбіп отырады екен.

Абайдың әдеби, философиялық мұраларын қарап отырсақ, ол өз
заманындағы қоғамға, қоғамдық құрылысқа, қалың қазаққа көңілі толмай, ащы
күйінішпен сынайтынын байқаймыз. “Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма” немесе
“Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да” дейтін өлең жолдары арқылы өзінің
төңірегіндегілерге деген көзқарастарын білдіріп отырады. Абайдың
соншалықты күйінетіндей не болды деген сұрақ өз-өзінен туындайды. Оған
жауап табу үшін оның қарасөздеріне зер сала қарау керек.
Абайдың қарасөздері бұл жай айтыла салған дүниелер емес. Осы
қарасөздерінде Абай бүкіл өмір бойы жинаған өмір тәжірибелерімен қатар
ойына жиған-тергендерін тоғыстырып, ұрпаққа аманат ретінде айтып кетті.
Адамға не керек деген мәселеге Абайдың қарасөздері толық жауап береді.
Мәселен, он жетінші қарасөзінде қайрат, ақыл, жүректі айтыстырады. ‡шеуі
шешімге келе алмай ғылымға барып жүгінеді. Сонда ғылым өз уәжін айтып
жүректі қолдайтынын айтады. Жалпы, Абайда жүрекке ерекше орын беріледі.
Абай ұғымынша, бүкіл адами қасиеттердің барлығы жүрек арқылы өмірге келіп
отырады. Адалдық – арамдық, жалқаулық-еңбекқорлық, білімділік – надандық
т.б. кереғар қасиеттер осы жүректің қалауымен іске асып жатады. Сондықтан
ақын “қалпыңды таза ұста” деп қатаң табыстайды.
Қарасөз автордың жеке көзқарасы десек те, онда батыстық,
шығыстық ғұламалар ойының Абайға дейінгі жиынтық түйіні жатыр. Абайдың
даналық жетілуіне негізгі ықпал еткен үш қайнар көз екенін абайтанушы
ғалымдар нақтылып кеткен болатын. Адамгершілік деген сөздің өзі нақтылықтан
гөрі абстрактылыққа жақын ұғым. Адамгершілік қасиет бір ғана әрекетпен
өлшенбейді. Ол - бірнеше жақсы әрекеттердің жиынтығы. Сондықтан Абай
қарасөздерінде, болмаса поэзиясында айтылатын жақсы әрекеттер-
адамгершілікке апаратын төте жол. Олар: ғылым, еңбек, әділет, жүрек,
қайрат, ынсап, махаббат т.б. Сондықтан Абай адамшылық қасиеттің көрсеткіші
ретінде бірнеше концепциясын ұсынады. Олар: толық адам, жауанмәрттілік,
иманигүл, жүрек культі, хауас ілімі. Бұл айтылғандар - адамгершілік
қасиеттердің асыл діңгектері. Абайша айтқанда:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абайдың қарасөздері ХІХ ғасырда өмірге келгенімен, ол - қазақ ұлтының
өмірлік азығына айналатын бірден-бір әдеби мұра. Біз осы ойларды
М.Мырзахметұлына дейін терең біле алдық па? Әрине, білген жоқпыз. Себебі
Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі терең танымдық ойлар тек әдеби
тұрғыда талданып, оның мәні мен мағынасы дүниетанымдық тұрғыда сараланған
емес. Абай мұрасы тек әдеби шығарма ретінде қарастырылуы себепті ақынның
қара сөздері мен өлеңдеріне дендеп ене алмадық. Оған бір жағы ХХ ғасырдағы
империялық үстемдіктің шектеуі мүмкіншілік бермесе, екіншіден қайбір әдеби
мұраны ұғынуда ұлттық модельден гөрі батыстық модельге көп еліктеуден деп
түсінген дұрыс. Ал М.Мырзахметұлы осы талаптар ырқына көнбей өзіндік сара
жол таңдады.
Ғалымның Абай мұрасына байланысты айтқан терең пайымдауы “толық адам”,
“жауанмәрттілік” ілімдері төңірегінен көрініп отыратындығын аңғарамыз.
М.Мырзахметұлына дейін аталмыш ұғымдардың сыры ашылмай, оған философ
ғалымдардың тісі бата алмай келе жатқандығы мәлім. Оның басты себебін ғалым
философ ғалымдардың Абай мұрасын зерттеудегі жіберіліп келе жатқан қате
бағыттың салдарынан деп түсіндіреді. Абай мұрасын зерттеуде философтар
батыстық қалыпты негізгі қару етіп қолданады. Ал бұған Абай ойлары
сыймайды. Демек, Абай ойлары шығыстық қалыпқа негізделген. Мекемтас
Мырзахметұлының Абай мұрасын зерттеудегі жетістігі мен өзіндік салған сара
жолының құпиясы осында жатыр.
2.2.Ғалымның ғылымдағы елеулі жетістіктерінің, бағытының бірі
мұхтартану саласына негізделген. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанрында
бірінші кезекте Абайды ауызға алатын болсақ, проза жанрында М.Әуезовті
атайтынымыз сөзсіз. Демек, абайтану ғылымының көшбасшысы М.Әуезов әйгілі
“Абай жолы” эпопеясын жазу арқылы бір жағы қазақ прозасында теңдесі жоқ
көркем туындыны өмірге әкелсе, екіншіден, абайтанудың іргетасын қалады. Бұл
сияқты құбылыстар әдебиет тарихында аз кездеседі.
М.Мырзахметұлы “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары” атты
монографиясын жазу арқылы мұхтартану ғылымының негізін қалады. Бұл еңбекте
М.Мырзахметұлы жазушының Абай шығармашылығын қалай бағалап, қалай
саралағаны, жастарға ұлы ақынды танытудың қыры мен сырларын жан-жақты ашып
беруінің мән-маңызын жете түсіндіреді. Сонымен бірге Абай өлеңдерінің ішікі
динамикалық қуатын, терең философиясын, нәзік сезімін де өте бір
шеберлікпен ғылыми тұрғыда ашып береді. Аталмыш зерттеу еңбек баспа бетінен
шыққан кезден бастап, қазақ оқырмандары мен ғалымдарының назарын еркеше
аударғанын айта кеткен жөн. М.Әуезовтің Абай өмірбаянын зерттеудегі елеулі
жаңалықтары қазақ әдебиеттану ғылымындағы іргелі еңбек болғандығы сөзсіз.
Бұған дейін ұлы ақынның өмірбаяндық деректері хатқа түспей, ғылыми
айналымға алынбай, қазақ жұртшылығына беймәлім тұстары көп болатын.
М.Мырзахметұлы ақынның өмірбаянын зерттеудегі М.Әуезовтің ашқан
жаңалықтарын, ғылыми дерек көздері мен ғылыми жүйесін терең саралап бере
алды. Ғалымның аталмыш еңбегін терең бағамдаған Қ.өмірәлиев:
“...Біріншіден, М.Мырзахметов М.Әуезовтің ұлы ақынды зерттеп барып шыққан
жарқын жағалауын алыстан қызықтамаған, сол жерден ақын мұраларының тарау-
тарау жолдарына Мұхтар тұрғысынан барып еркін қарай алған; екіншіден,
Мұхтар ізімен абайтануды әрі қарай өрістеткен және абайтану саласынан бері
қарай жалғастыра мұхтартану жолынан бастаған деп сенімді айта аламыз”, -
деп жоғары бағалайды [8].
М.Мырзахметұлының “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары” атты
монографиясы негізгі үш тараудан құралады. Бірінші тарауы “Абай өмірбаяны –
абайтанудың іргелі саласы” деп аталады. Бұл тарауда ғалым М.Әуезовтің “Абай
өмірбаяны” атты іргелі зерттеуден туындаған көлемді зерттеудің ғылыми
өзегін саралауға арнаған. М.Әуезов “Абай жолы” эпопеясын жазу барысында
ақынның өмірлік жолын, ақындық ортасын, ақындық қалыптасуы мен ақындық
мектебін, дүниетанымын зерттеген болатын. Нәтижесінде “Абай (Ибраһим)
Құнанбаев” атты монография, “Абай” атты трагедия “Абай” атты сценарий,
“Абай” атты либретто, “Абай” атты кинодрама және “Абай өмірбаяны” атты
көлемді зерттеулер өмірге келгенін білеміз. Демек, М.Мырзахметұлы жоғарыда
аталған еңбектермен танысумен қатар олардың өмірге келу тарихын жан-жақты
зерттеген.
Монографияның екінші тарауы “М.Әуезов – Абай шығармаларының жинаушысы
және текстологы” деп аталады. Абай мұраларының бізге жету жолы Кәкітай мен
Мүрсейіт есімдері арқылы мәлім. 1909 жылы Кәкітай Петербургте Абайдың
тұңғыш өлеңдер жинағын жарияласа, ал Мүрсейіт 1905, 1907, 1910 жылдары Абай
мұраларын хатқа түсіріп, қолжазба күйінде сақтаған.
М.Әуезовтің ақын мұрасын жинақтаудағы кездескен қиыншылықтары, әр
жылдары жазылған өлеңдеріндегі кемшіліктер мен қателіктері, ақын қаламынан
тумаған өлеңдердің жосықсыз ақын атымен аталуы, ақын өлеңдерінің жазылу
мерзімі мен кімге арналғандығы жөніндегі М.Мырзахметұлының тұшымды ойлары
әдебиеттану ғылымына қосылған соны жаңалықтар еді. Ғалым 1909 жылы жарық
көрген ақынның өлеңдер жинағы мен 1933 жылы М.Әуезов құрастырған жинақты
салыстырып, текстологиялық талдаулар жасап, М.Әуезовтің абайтанудағы елеулі
үлесінің салмағын айқындап берді.
Зерттеу еңбектің үшінші тарауы – “Абай мұрасының Шығысқа қатысы
М.Әуезов зерттеулерінде” деп аталады. Абайдың Шығысқа қатысы жайлы М.Әуезов
біршама мәселелердің басын ашқанымен, заман қыспағынан көп нәрсенің басын
аша алмай кеткен бір саласы болып табылады. М.Мырзахметұлының өзі
айтқандай, М.Әуезов бұл мәселенің көбісін тезис күйінде айтуға мәжбүр
болған. Демек, М.Мырзахметұлы академиктің ойын жан-жақты саралап барып,
ақын шығармаларының Шығыспен үндестігін анықтауға ұмтылыс жасады. Бұл -
қиынның қиыны. Себебі ақынның бұл бағыттағы әдеби мұрасы Шығыс
философиясымен тығыз байланыста. Тезис күйінде хатқа түскен зерттеудің
астары мол. Сол себептен бір жағы М.Әуезовтің ойын дөп басу қажет, сонымен
қатар ақынның ойынан да алыс кетпеуі тиіс.
М.Мырзахметұлы осы тарауда М.Әуезовтің ғылыми өмірбаянын бір ізге
түсіріп шықты. “М.Әуезов Абай шығармаларын зерттеуді 20-жылдары Ленинград
университетінде оқып жүрген кезінде-ақ қолға алған жас ғалым 1922-1925 жж.
Ташкенттегі, Семейдегі оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, “Таң”
журналында ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы деректер мен
шығармаларын толықтыра түсу жолында тынымсыз еңбек етті. Осы мақсатпен
1936 жылы Абай еліне барды.
1943 жылы арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарды... “Абай жолы”
эпопеясы арқылы Абайдың дара тұлғасын көркем әдебиетте әлемге танытты”, -
дейді М.Мырзахметұлы [9.14].
М.Әуезовтің ғылыми өмірбаянын түзу үстінде оның Абай мұрасын
зерттеудегі жетістіктері мен қуғынға ұшырап, тығырыққа тірелген кездерін
зерттеу өзегіне айналдыра білген. М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектері оңай
алынар қамал емес. Оның қыр-сыры мол, ұшан- теңіз дүние. Қазақтың көрнекті
ғалымдары М.Әуезовтің түрлі саладағы зерттеу еңбектерін пышақ үстінен бөліп
алып, өз зерттеу нысанын алғаны сондықтан болса керек. “Ғалым әдебиетшілер
Ы.Дүйсенбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Б.Сахариев, Қ.Сыздықов басқа да
көптеген зерттеушілеріміз оны әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, драматург,
көркемсөз шебері ретінде танытқан көлемді монографиялық еңбектер жазды.
М.Әуезовтің абайтану мәселелері бойынша еткен еңбектері, бұл жолдағы
ізденістері мен табыстары туралы жазылған М.Мырзахметұлының ғылыми
монографияларының орны өз алдына бір бөлек”, - деп философ ғалым Алтай
Тайжановтың жасаған тұжырымы М.Мырзахметұлының мұхтартану саласындағы
өзіндік орнын танытатын пікір [10].
Демек, Абайдың өмірбаянын жасау – М.Әуезовтің ғалым ретіндегі тарихи
еңбегі болса, Мұхтардың ғылыми өмірбаянын жасау – М.Мырзахметұлының ғалым
ретіндегі тарихи салмағы бар еңбегі екендігі даусыз.
Ғалымның М.Әуезовтің бүкіл ғылыми кітапханасын саралап, жазушылық
лабораториясын көңіл сүзгісінен өткізіп жасаған ғылыми жаңалықтары мен
дәйекті тұжырымдары бүгінгі күні аса құндылығымен бағаланып отыр. ХХ
ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеттану ғылымы жаңаша көзқараста
ойлауды талап еткен тарихи кезең болды. өйткені осы кезеңде саясаттың
ықпалынан өмірге келген жалған түсініктер ғылымды тоқырауға әкелді.
Сондықтан жаңаша ойлау, өткенге әділ баға беру қажеттілігі туындады.
М.Мырзахметұлы осы кезеңнің түлегі ретінде қиын әрі ауыр жүкті мойнына
артып, мұхтартануға тың соқпақ салды. М.Әуезовтің өмірден озғанына 20 жыл
уақыт өткен қарсаңда академиктің бүкіл архивтік деректерін қайта електен
өткізіп, оның құпия тұстарының мәнін ашу
80- жылдардағы әдебиеттанудағы түбегейлі бетбұрыстардың бірі еді.
Абайтану мен мұхтартану- егіз ұғым. Бұған ешкімнің таласы болмас. Екі
ғұламаның әдеби мұрасындағы тарихи сабақтастық пен дәстүр жалғастығы қазақ
әдебиетіндегі ғажайып құбылыстардың бірі саналатындығы даусыз. Екі алыптың
басын бір ортаға түйістіріп, өзінің ғылыми өміріндегі негізгі бағытына
айналдыруы М.Мырзахметұлының ғылыми түйсігі мен алымының ерекше жетілгенін
білдірсе керек. Алыпты алып қана бағындыра алады. Олай дейтініміз,
М.Мырзахметұлына дейін абайтану мен мұхтартану саласына көптің тісі бата
алмай, тек жеңіл тұжырымдар мен үстірт топшылаумен ғана шектеліп, басты
ұғымдар мен философиялық пайымдаулар назардан тыс қалып келген болатын.
Ендігі жерде бұл бағытта жаңа кеңістіктің көкжиегі ашылып, әдебиеттану
ғылымының жаңа соқпақтары айшықталып көріне бастады. Демек, ғалымның
мұхтартану саласындағы еңбегі әлі де терең қарастырылып, ғылымның жаңа
кеңістігіне жол салатынына сеніміміз мол.
2.3.М.Мырзахметұлының ғылыми ортадағы атын айғақтап тұратын тағы бір
бағыты түрік әдебиеті мен мәдениетіне байланысты атқарып отырған сүбелі
еңбегінен тұрады. Қасиетті Түркістан қаласында Қ.А.Йасауи атындағы
халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ашылуы дүниежүзілік қауымдастық
үшін елеулі жаңалық болды. Осы университеттің кемелденуіне елеулі үлес
қосқан М.Мырзахметұлы бірінші кезекте “Түрік халықтары әдебиеті мен
мәдениеті” ғылыми-зерттеу орталығын ашу қажеттігі жөнінде университет
басшылығына ұсынысын айтады. Көп ұзамай бұл орталық ашылып, оның басшысы
ретінде М.Мырзахметұлы төңірегіне көрнекті ғалымдарды жинай бастайды. Бұл
орталықтың мақсаты мен міндеті орасан зор еді. Бірінші кезекте түрік
халықтар арасындағы тарихи сабақтастықты қайта жаңғыртып, арадағы үзілген
байланысты қалпына келтіру еді. Екіншіден, түрік халықтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Абайтану ғылымы
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
Пәндер