Ортақ нарықтағы «Ағылшын мәселесі»


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. АНГЛИЯНЫҢ ЕВРОПАЛЫҚ ОДАҚҚА КІРУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
1. 1 Англияның халықаралық қатынастардағы рөлінің өзгеруі және Ортақ нарыққа мүше болуы 6
1. 2. Қарам - қайшылықтардың туындауының алғышарттары . . . 12
2. ОРТАҚ НАРЫҚТАҒЫ «АҒЫЛШЫН МӘСЕЛЕСІ»
2. 1 Европалық Одақтағы ішкі қайшылықтары 16
2. 2 Ұлыбританияға арналған интеграция нәтижелер29
- Бюджет : өзара қарыми -қатынастың тығыз мәселесі. 38
- Европалық одақтың энергетикалық саясаты және Солтүстік теңізде мұнай өндіру мәселесі . 46
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 52
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Соңғы кезде Европалық Одаққа жеке мемлекеттердің мүше болып енуін оқып, үйренуге деген қызығушылық артуда. Англияның осы мәселеге байланысты тәжірибиесі аталмыш зерттеуде қажетті материалдардың молдығымен ерекшеленеді. Халықаралық істерде соңғы кездерде Европалық Одақ басты рольді ойнауда. Сондықтан бұл бірлестіктің ішіндегі қалыптасқан жағдайды қарастыруға деген қызығушылықпен түсіндіріледі.
Қазіргі халықаралық қатынастарға тән болып отырған белгі осылар дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында дамып отырған және мемлекеттердің өзара қатынастарының әртүрлі салаларын қамтитын интеграциялық процестер болып табылады. Осы процестің мәнісі аймақ мемлекеттерінің өзара байланысының және өзара тәуелділігінің күшейе түсуінен, олардың өз проблемаларын және алауыздықтарын бірлесе шешуге ұмтылысынан тұрады. Дүниежүзілік шаруашылықтың қазіргі уақытта бастан кешіріп отырған даму кезеңі экономикалық интеграция туралы мәселені қайтадан өзекті етті. Соңғы жылдары интеграциялық топтарды, оның ішінде өзіне әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі сатыларында тұрған елдерді қосатын топтарды қалыптастыру процесі белсенді жүре бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық әлсіздік орын алды. Нәтижесінде - Ұлыбританияның саяси позициясы да әлсіреді. 50-ші жылдардың екніші жартысында Англия батыс европадағы көшбасшылық рөлге көтерілуге талпынды. Жалпы саясатта әртүрлі дауыстарға ие болған қатысушы рөлінде топтанушылық құрамында болғысы келмеді. Кейін Англияда ресми зерттеулер мен баянадамалар пайда болды. Ол жерде жаңа жағдай қалыптасты, Англия екінші дәрежелі ірі державаға айналды бірақ шын мәнінде бірінші дәрежелі держава жағдайында жұмыс істеді.
Англияның евро одаққа кірудегі жағдайында маңызды орынды АҚШ алды. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында империалистік держава басшылығының американдық саясатқа қарсылығы сирек байқалды. Ортақ нарықтың құрылуы мен даму кезеңінде АҚШ батыс европа мемлекеттері интеграциясын бекітуге ат салысты. Бұл қауымдастық европада социалистік мемлекеттерге қарсы құрылған еді. Европалық одақтағы бірыңғай орталық арқылы мүше мемлекеттерді басқару қарапайым әрі америкалық ішкі саясат доктринасына жауап беретін жағдайда болды. Осылайша ұлыбританияның ортақ нарыққа қосылуында АҚШ тың саяси ықпалы болды. АҚШ пен Англия арасындағы «ерекше байланыс» механизімі, европалық елдерде ақша айналымын бақылауы үшін жұмыс жасауы керек болды. Ортақ нарық дамуының алғашқы кезеңінде американдық ықпалыдың, европалық тәуелділікке ұшырамауы қажет болды. Де Голль кезеңіндегі Франция Англияның белсенді серіктесі болды. Басты мақсаты АҚШ тың ықпалына қарсы тұру.
1970 жылы 18 маусымда Англияда парламенттік сайлау өтті. Консерваторлар жаңа үкімет құрып, премьер-министр Э. Хит тағайындалды. Э. Хит халық арасынан тұңғыш премьер-министр болды.
Консерваторлар үкіметі « жарқын болашақ» атты бағдарламасын ұсынды. Британ экономикасын дағдарыстан шығару үшін жаңа неоконсерватизм идеясын қолданды. Лейбористер кезіндегі экономиканы мемлекеттік реттеу саясатынан бас тарта бастайды. Национализацияланған өнеркәсіптерге мемлекеттік көмекті азайтты. Кәсіпкерліктерге еркіндік берілді. Тред-юнион ұйымдарынан үкіметтің әлеуметтік саясатын қолдауды талап етті. 1970 жылы парламент арқылы «Өндіріске қатысты» заңдарды бекітті.
Э. Хит үкіметінің алдындағы негізгі міндеттердің - бірі Еуропалық Экономикалық Ынтымақ ұйымына кіру болды. Көп жылдар бойына Францияның « бархат ветосы» кедергі болып келді. 70-ші жылдарда « Ортақ Европа» идеясын Ұлыбританияда да қолдай бастады. Англияның « Ортақ Нарық» елдерінен оқшаулануы экономиканың дамуына айтарлықтай кері әсер жасады. Э. Хит 1971 жылы мамыр айында Франция президенті Ж. Помипидумен кездесті. Француз және ағылшын дипломатиясы айтарлықтай жұмыс істеп, Англияның « Ортақ Нарыққа» кіруіне келісті. Ұлыбритания және ЕЭЫ елдері арасындағы өнеркәсіп тауарлары жыл сайын 20 пайызға азайып отыруы керек. ЕЭЫ елдері жеңілдік сауда айналымын қысқартуды көздеді. 1970-1974 жылдарда ЕЭЫ елдерінде ақша реформасы жүргізілді. Барлық финанс ақша саясатын Англия бақылап, ЕЭЫ -ына салымын 100 млн фунт стерлингтан 300 млн . фунт стерлингке жеткізуге шешілді. 1970 жылдан ЕЭЫ -ның бюджетінің 8 пайызын, ал 1974 жылы 19 пайыз болса, 1980 жылы 24 пайызын жауып отыру керек болды.
Англия мен ЕЭЫ елдерінің арасындағы келіссқздердің барысында қолдау тапты. Сөйтіп, 1971 жылы 28 қазанда қауым палатасында Европалық ынтымақты 356 депутат қолдап дауыс берді. 1972 жылы 22 қаңтарда брюссель қаласында Англия мен ЕЭЫ елдері арасындағы келіісөздердің барысында бір ауыздан мақұлдады. Англия 1973 жылы 1 қаңтарда Европалық Экономикалық Ынтымақ ұйымына толық мүше болды. 11975 жылы 5 маусымда референдум қткізіліп, сайлаушылардың 56 пайызы Англияның ЕЭЫ -ына мүше болуын қолдады. ЕЭЫ -ның Еврокомиссия ұйымына толық мүше болып, Европарламентке өз депутатарын жіберді.
Дипломдық зерттеудің нысаны болып Англияның Еуроодаққа ену процесі; осы процеске ықпал ететін және кедергі жасайтын негізгі кезеңдер, тарихи, геосаяси, геостратегиялық факторлар табылады.
Зерттеу нысанасы - дұрыс та, бұрыс та жауапқа ие болуы мүмкін. Англияның ЕО-қа мүшелігі туралы мәселенің эволюциясы.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Аталған мәселені тарихшылардың, халықаралық істерді танушылардың, теорияшылардың және практиктердің тұтастай қатары зерттеген. Дипломдық жұмыстың авторы Англияның Еуропалық Одаққа ену мәселесінің зерттелгендік деңгейін елтану-проблемалық принцип бойынша қарастырады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс келесі құрылымдық элементтерден: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен және қосымшадан тұрады. Зерттеудің құрылымы жұмыстың мақсатын және міндеттерін көрсетеді. Дипломдык зерттеудің көлемі бет құрайды.
- АНГЛИЯНЫҢ ЕВРОПАЛЫҚ ОДАҚҚА КІРУ СЕБЕПТЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ.
1. 1 Англияның халықаралық қатынастардағы рөлінің өзгеруі және Ортақ нарыққа мүше болуы
1973 жылдың 1 қаңтар күні Англия Ортақ нарық мүшесі болды. Бұл қадам белгілі бір кезеңге өтіп, ол мәселе Европалық Одақ пен Англия арасында талқыланып, аталған интеграциялық блокқа кіру -кірмеу мәселесі талқыланды.
Англия экономикасында құрылған шаруашылық кешен Европалық Одақ мемлекеттерінің өндірісті және капиталды батыс европалық аймаққа байланысты, Англияның ішкі экономикалық байланысын мемлекеттік меншікке алды. Мемлекеттің экономикалық байланысы басқа Батыс Европалық елдерге қарағанда шаруашылық тұрғыдан тәуелді болды. Ал оны басқаруды бұрынғыдай мемлекеттік үкімет жүзеге асырды. Бұл жерде жалпы басқару тетігіне қажеттіліктер байқалды. Сонымен бір факторлар мемлекеттің жалпы нарыққа 70-ші жылдардың басында кіруге итермеледі. Европалық Одақтың құрылу кезеңінің бастауында Англияның қауымдастыққа мүше болуының екі үлкен себебін бөліп қарастыру керек. Бұл - Англия ішіндегі бұл қадамға барудағы екі жақтылық пен әр түрлі пікірлер және мемлекет сенімсіздігі.
Англияның Орталық нарыққа қабылдануындағы қажеттіліктер Ұлыбритания ішінде « біртұтас европа» бастамасы 50-ші жылдары көпшіліктің қолдауына ие болмады және билеуші топтар арасында маңызды орын алмады. Осыған қарап біз Европалық Одаққа қатынасудың теріс қатынастық себебтерін анықтаймыз. Жұмысшылар ортақ нарық саясатын қаржыландыруға кететін қосымша шығындарға қарсы шықты. Олар өз өмірлерін қамтамассыз ететін жағдайдан айрылып қалудан үрейленді. Англияның ортақ нарыққа енудегі басқа жолы ішкі саясаттағы Лондон доктринасы болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикалық әлсіздік орын алды. Нәтижесінде - Ұлыбританияның саяси позициясы да әлсіреді. 50-ші жылдардың екніші жартысында Англия батыс европадағы көшбасшылық рөлге көтерілуге талпынды. Жалпы саясатта әртүрлі дауыстарға ие болған қатысушы рөлінде топтанушылық құрамында болғысы келмеді. Кейін Англияда ресми зерттеулер мен баянадамалар пайда болды. Ол жерде жаңа жағдай қалыптасты, Англия екінші дәрежелі ірі державаға айналды бірақ шын мәнінде бірінші дәрежелі держава жағдайында жұмыс істеді. Ортақ нарықтың құрылу кезеңінде ағылшындық басқару топтары сол кезге сай келетін көзқарасты, капиталистік әлемдегі орынының өзгеру бағытын ескермеді.
Көрсетілген себептерге байланысты англия европалық одақтың құрылу кезеңінде оның мүшесі бола алмады. Бірақ сол кезеңде мемлекеттің одаққа мүше болуға мүмкіндігі болды.
Алғашқы мүмкіндік 1951 жылы қол қойылған Европа көмір жіне болат бірлестігін құру туралы Париж келісіміндегі «біртұтас европа» жүйесін құру үдерісінде туды. Ұлыбритания бұл бірлестіктерді құру жөніндегі келісімдерге шақырылды. Ағылшын үкіметі келісімге қосылудан бас тартты.
Болат қорту бірлестіктері мен шахталарды мемлекеттік бірлестік бақылауына беруге дайын еместігімен қосылмаушылық себебін түсіндірді. Болат өндірушілік, көмір өндіру саласындағы бақылаудың жеткіліксіздігі тапшылығының орын алуынан, Англия 1954 жылдың желтоқсанында Европа болат және көмір бірлестігіне кіру туралы келісімге келуі, болат және көмір нарығын бақылауда туындаған мәселелерді шешу, осы саладағы әрекеттерді бірлесіп жасау, ағылшын саясатында тербеліс орын алғанын көрсетеді.
Бір жағынан үкімет «ұлы держава» бағытындағы әрекеттерді шектегісі келмеді. Басқа жағынан батыс европа елдерінде бұрын іске асқан шаруашылықты мемлкеттік басқаруға өткізу қажеттілігі туды. Билік басындағы партия тактикасы- бірлестік шартарының негізін өз мүдделеріне пайдалану.
Екінші айқын мүмкіндік - батыс европа елдеріндегі интеграциялық үрдістердің біртұтас басқарушы механизмін құруға байланысты туындады. Бұл мемлекеттік меншікті пайдалануға байланысты мемлекет аралық деңгейде 1955 жылы іске асты. Осы жылдың маусым айында «алтылықтың» сыртқы істер министірлері кездесіп, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты белсенді жүргізу, кеден одағын құру туралы мәселелер сөз болды.
Европа көмір және болат бірлестігінің құрылуына байланысты Ұлыбритания евроатом бірлестігінде арнайы келісімге қол қойды. Бұл бірлестікпен бірігу қажеттілігін тудырды. Англияға бірнеше шаруашылық ұйымдардағы көшбасшылық емес жай ғана мүшелік орны ұнамады. Сыни көзқараста Англия тағыда батыс европадағы интеграциялық үрдістерді құрушы денгиінде қалдырылды.
Талапқа сай дайындық жұмыстарынан кейін 1957 жылы көктемда Римде құрамында Англия қатынасуынсыз алты мемлекет бар Европа атом өнеркәсібі жөніндегі қоғамдастық және Европа экономикалық одағын құру туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл келісім бұрынғы европа болат және көмір бірлестігін құру туралы келісімді нығайтты. Европа еркін сауда қоғамы құрылып, көшбасшылық бағыт Англия қолында болды. 1959 жылдың қарашасында Батыс Европаныңи жеті мемлекеті - Англия, Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция бар өзіндік орталық нарыққа қарам -қарсы екінші бірлестік құрылды. 1961 жылдан Финляндия, 1970 жылдан Исландия мүше болды.
Сол кезде министр Макмиллан европалық одақ мемлекеттерінің ортақ нарыққа бірігу ұсынысымен шықты. Менің ойымша бұл ұсыныс ағылшындық ішкі саясат доктринасының қателігін көрсетті. Ұлыбританияның билеуші топтары арасындағы стратегияның іргесі әлсіреді. Империализм кезеңіндегі капиталистік кезеңде мемлекеттің экономикалық саяси дамуының әртүрлілігі орын алды. Бұл жағдайды В. И. Ленин өз еңбегінде көрсеткен.
Әйгілі ағылшын экономисі, марксисті С. Аронович 1981 жылы жазған «Тэтчеризмге жол еңбегінде» - мемлекеттік монополия капиталистері мен билеуші топтары мемлкеттік өркендеу жолын таңдады алайда капитализмдегі бұл бағыт мемлекеттің халықаралық қатынастардағы орнын сақтап қалуына нақты мүмкіндік тудырмады деп жазды. Стратегиялық нұсқаның кезкелгені бұл жағдайда қыйындық тудырды. Сондықтан англия ортақ нарық арқылы өз мәселелерін шешуге тырысты. 1961 жылдың 9 тамызында ұлыбритания европалық одақ жетекшілеріне ресми түрде құрамына алу туралы ұсыныс білдірді. Бұл ұсыныс билеуші партия мен жұмысшылар қолдауына бірден ие болмады. Мемлекеттік бірлестікке қосылуға қарсылар үлесі көп болды. Орталық нарық мүшесі болуға ұмтылушық билеуші топтар мен мемлекттік билікке сенімсіздік туғызды.
Англияның европалық одаққа мүшелік кезеңіндегі басты мәселесі - бастапқы кезеңдегі алтылық мемлекеттермен қарама қайшылық және франция позициясы болды. Франция республикасының президенті генерал Де Голль: «Англия әлі де европалық одаққа мүше болуға дайын емес оның нарықтық- экономикалық, әскери, саяси, мүдделері батыс европа елдерінен тысқары» деп есептеді. Ерекше қауіп АҚШ пен Англия арасыдағы әскери байланыстарға аударылды. Мұндай жағдайда Англияның ортақ нарыққа қосылуы европалық одақтың капиталистік әлемдегі көшбасшы мемлекет боп есептелетін АҚШ қа тәуелділігін көресететін еді.
Екі жыл бойы Англияның европалық одаққа кіруі туралы келісімдер жүргізілді. 1963 жылдың 14 қаңтарында генерал Де Голль Англияның Ортақ нарыққа қатысуна шектеу қойды. Сонымен Де Голльдің ат салысумен Англияның Европалық Одаққа кіру туралы өтініші екінші мәрте қанағаттандырылмады.
Европалық одақтың құрылу кезеңінен жетпісінші жылдардың басына дейін қауымдастық Англия мен арадағы келісім арқылы зор бедел жинады. 1971 - 1972 жылдары « алтылық» қосылу үрдісіне байланысты ешқандай жеңілдіктер жасамады. Тек европалық одақ мүддесі мен саясатына қарсы емес ұсыныстар ғана қанағаттандырылды. Англияның алдында қосылу келісімін таңдау құқығы болмады. Англияның алдында не шартты қабылдамау немесе мүшеліктен бас тарту мәселесі тұрды.
Англияны басқарушы топтар одақтың тек экономикалық емес саяси бірлестік екенін жақсы білді. Оның дами келе европада үлкен күшке айналатындарына коздері жетті. Бірақ оларды басты мазалаған ой Одаққа кірген сон Англия мүддесі қараусыз қалып, Англия капиталистік әлемде өз беделінен айырылуы. Бұл Ұлыбританияның батыс европадағы бақылау денгейін құлдыратты.
Ортақ нарықтағы келесі сәтті өркендеу европалық дәстүрдегі ағылшындық саясаттың «күш қуатын» кемітіп, англияны «алтылық» мемлекеттерінің тәуелділігінде қалдырып Ұлыбритьанияның маңызды экономикалық аудандарын оқшаулады. Бұл аймақтар мемлекет экспортының 3/1 бөлігін құрады. Бұл жағдай Ұлыбританияның Ортақ нарықтағы бәсекелестіктен бас тартуына мәжбүрледі.
Англияның экономикалық позициясының әлсіреуі нәтижесінде оның тең дәрежеде АҚШ пен қарым - қатынаста болу мүмкіндігінен айырды. Сол кезеңде Англия европалық одақ ішіндегі экономикалық және саяси қатынастардың дамуында шешуші орын алды.
Капиталистік әлемдегі Британ ипериализімінің соғыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық позициясы жедел қарқынмен құлдырады. 1950 жылы Ұлыбританияның ішкі айналымы ФРГ, Жапония, Франция, Италия, Канада мемлекеттерінің ішкі айналым көлеміне қарағанда үлкен мөлшерде ілгері тұрды. Ұлыбританияның өнеркәсіптік өндіріс кешенінің сыйымдылығы аталған мемлекеттерді басып озды.
Капиталистік мемлекеттер экспортындағы Англия үлесі ФРГ, Франция, Жапония мемлекеттерінің үлестерін қосқандағы шамадан жоғары болды. Барлық үш денгей бойынша англияның жоғары көрсеткіші АҚШ - тан кейінгі екінші орында тұрды. 50-ші жылдары Ұлыбритания европа болат және көмір бірлестігін құру келісіміне қол қоюдан бас тартып, кейін Европа экономикалық одағы мен Евро Атом бірлестігін құруға қатысты. 1960 жылы Англия ішкі жалпы өнім бойынша ФРГ денгейіне түсті. Өндірістік құрылыс пен экспорт денгейі жөнінен капиталистік әлемде 3 орынға тұрақтады.
1970 жылы Ұлыбритания ішкі жалпы өніммен өндірістік құрылыс бойынша Жапония, ФРГ, Франциядан кейінгі 5 орынға құлады. Ұлыбританияның капитализм құрлымындағы орнын айқындайтын басқа көрсеткіштерде нащарлады. Мысалы : 1945 жылы ресми ақша қоры капиталистік әлемде 90 пайыздық мөлшерді фунт стерлинг құрады. 1955 жылы бұл мөлшер доллар мен фунт стерлингке тендей бөлінді. 1960 жылы доллар капиталистік әлемдегі барлық ақша қорларының 2/3 бөлігін құрады. Бұл жағдай Англияның Европалық одаққа кіруіне маңызды роль атқарды. Мемлекеттің ары қарай позициялық әлсіздігі Батыс европа елдерінің тәуелділік жағдайына түсуі мүмкін екенін көрсетті. Сол себепті Ұлыбритания алғаш бас тартқан жағдайларды ескере отырып, өз мүдделерін сақтап, Европалық одақ мүшелерінің талаптарын қабылдай отырып, осы ұйымға қабылданды.
Ұлыбританияның европалық одаққа кіруге ұмтылуы өндірістік көрсеткіштер бойынша өз бәсекелестерінің кейінге қалуы Британ монополиясындағы буржуазиялық нақты мүдделердыің қиындықта болуы түрткі болды. Бір уақытта ортақ нарықтың стратегиялық жоспарының өзгеруі 70-ші жылдары «алтылық» мемлекеттерінде экономикалық дағдарыс шегіне жетіп, экономикалық өсімнің баяулауы бірлескен бағдарламалардың тығырыққа тірелуі евро одақтың АҚШ пен Жапонияға қарсы бәсекелестік позициясын құрдымға жіберді. Интеграцияның кеелесі даму жолдары табылмады. Бұл өз кезеңінде қауымдастыққа жаңа мүшелер қабылдауға мүмкіндік бермеді. Европалық одақ дамуындағы интеграциялық өркендеудің жаңа серпіні байқалып, халықаралық қауымдастықтың ынтымағын нығайтты.
- кесте. Капиталистік әлемдегі соғыстан кейінгі кезеңде ішкі жалпы өнім өнеркәсіптік өндіріс экспорт арасалмағының өзгеруі ( пайыздық мөлшер)
50-60 жылдар алтылық мемлекеттерінің жедел даму кезеңі болып, интеграциялық құрлым жолында жедел қырқынмен даму мәселесі тығыз шаруа болып тұрды. Алты алғашқы мүшемен келісімге келу қажеттілігі туындады. 60 жылдардың соңында тағы бір маңызды оқиға орын алды. Франция жетекшілері ауысып, республика президенті лауазымына Жорж Пампиду келди (1969-1974) . Ол ортақ нарықты кеңейтуді қолдау бағытын ұсынды 1696 жылы желтоқсанда мемлекет басшыларымен үкңмет басшыларының Гаагадағы кездесуінде европалық одаққа мүше елдер санын толықтыру туралы сөз болып, келісімдер жасалды. Обьективті экономикалық байланыс, ағылшындық кәсіпкерлік пен интеграциялық кешеннің ары қарайғы дамуы, өндірісті мемлекеттік меншікке өткізу мен капитал, Ұлыбританияны европалық одақ елдерімен бәрлесе жұмыс жасауға итермеледі. Батыс европаның құрлық аралық мемлекеттері мен англия арасындағы байланыстар жедел қарқынмен дамыды.
70 жылдардың басында европалық одақ мемлекеттері Англияның басты сауда әріптестері болып табылды. 1955 жылы алтылық мемлекетіндегі ағылшын экспорты 13 пайыз, басқа батыс европа елдерінде 14, 4 пайыз дамушы елдерде 38, 8 пайыз АҚШ та 6, 3 пайыз социялистік бағыттағы мемлекеттерде 2 пайыз мөлшерінде болды. Ал 1970 жылы бұл мөлшер евро одақ елдерінде 29, 2 батыс европаның басқа елдерінде 16, 9 дамушы елдерде 22, 7 Ақш та 11, 6 Жапонияда 1, 8 социялистік бағыттағы мемлекеттерде 4, 8 пайзға жетті. Ұлыбританияның экономикалық саудадағы саяси мүдделері тактикалық және стратегиялық жоспарлары батыс европа елдерімен байланысып жатты.
Англияның евро одаққа кірудегі жағдайында маңызды орынды АҚШ алды. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында империалистік держава басшылығының американдық саясатқа қарсылығы сирек байқалды. Ортақ нарықтың құрылуы мен даму кезеңінде АҚШ батыс европа мемлекеттері интеграциясын бекітуге ат салысты. Бұл қауымдастық европада социалистік мемлекеттерге қарсы құрылған еді. Европалық одақтағы бірыңғай орталық арқылы мүше мемлекеттерді басқару қарапайым әрі америкалық ішкі саясат доктринасына жауап беретін жағдайда болды. Осылайша ұлыбританияның ортақ нарыққа қосылуында АҚШ тың саяси ықпалы болды. АҚШ пен Англия арасындағы «ерекше байланыс» механизімі, европалық елдерде ақша айналымын бақылауы үшін жұмыс жасауы керек болды. Ортақ нарық дамуының алғашқы кезеңінде американдық ықпалыдың, европалық тәуелділікке ұшырамауы қажет болды. Де Голль кезеңіндегі Франция Англияның белсенді серіктесі болды. Басты мақсаты АҚШ тың ықпалына қарсы тұру. Сол себепті Ұлыбританияның қауымдастықтағы жалпы саяси мәселелерді шешудегі ықпалы маңызды орын алды. Бұл мемлекеттің европалық одаққа кіруі АҚШ та НАТО ның ыдырауына апаратын жол деп есептелінді. Осы жерде англия мен ортақ нарыққа америкалық капиталдың таралу саясатын қосуымыз керек . Американдық бірлестіктер ағылшындық экономикада кушті позиция устанды. Ағылшын нарық арқылы қауымдастықтағы елдер нарығына енуге тырысты. Тарифтік тарифтік емес шектеулердің ескіруі европалық одақ мемлекеттеріндегі сауда капиталына байланысты АҚШ компаниялары кең көлемді жұмыс жолдарын ашты. Англия аумағында орналасқан филиалдардың басым бөлігі европалық нарық есебінен құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz