Ақша жүйесінің типтері және олардың мінездемесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. АҚША ЖҮЙЕСІ
1.1. Ақша жүйесiнiң ұғымы, типтері мен оның
негізгі элементтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қағаз ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3. Несиелік ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ІІ БӨЛІМ. ҚР.НЫҢ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1. 1993 ж. Қазақстандағы ақша реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2. Пластикалық карточканың қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... .28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Ақша – кең қолданылатын төлем құралы. Қазiргi экономиканы ақшасыз көзге елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбiр келiсiм екi жақты келiсушiлiк бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Ақша айырбас құралы бола тура, айырбастағы қажеттiлiктiң екi жақты үйлесуiн жояды.
Ақша және несие теориясы бiр орталықтан жоспарлау жүйесiнен – нарықтық қатынастарға өту кезеңiндегi ақша айналымы және несиелеудi ұйымдастыру тәжiрибелерiмен тығыз байланысты. Ақша және ақша жүйесiнiң өзiндiк ерекше белгiлерiн, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлi мен қызметiн, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетiн танып бiлудiң өзi қаржы-несие мекемелерiнiң ақша-несеие саясаттарының ғылыми енiгiзiн анықтайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие-ақша және қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүйесiн реформалау; катаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен – пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке енгiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Берілген курстық жұмысым 2 бөлімнен құралады.
Бірінші бөлімде ақша жүйесі туралы мәселелерді қарастырдым. Соның ішінде ақша жүйесінің ұғымы, ақша жүйесі түрлерін қарастырдым.
Бірінші бөлім бойынша курстық жұмысымның мақсаты – ақша жүйесінің даму тарихына, XX ғ. отызыншы жылдарының басында дүниежүзінде айырбасталмайтын несие ақша жүйесінің қалыптасуын, яғни сол несие ақша жүйесі арқылы екі ақша-несие жүйесінің қалыптасуы мен оның арасындағы байланыс туралы, сондай-ақ ақша жүйесінің нарықтық экономикада алатын орны, ақша жүйесінің типтерінің және оның негізгі элементтеріне не жататынын талап етті.
Нормативтiк актiлер:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 30 наурыз 1995 жылғы Қазақстан Рспубликасының Заңы.
2. Қазақстан Республикасындағы вексельдiк айналым туралы 28 сәуiр 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Ақша аударудағы банкаралық жүйедегi ақша аудару Ережелерi. 21 қараша 1998 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң қауласымен бекiтiлген.

Арнайы әдебиеттер:
1. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
2. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
3. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.
4. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. Москва, Юнити. 2000
5. Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы. Алматы, Демеу, 1998 ж.
6. Сейткасимов Г.С. Деньги, кредит, банки. Алматы, Экономика, 1996.
7. Сенчагов В.К. Финансы, денежное обращение и кредит. Москва, Проспект.2000.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Банк Ісі Академиясы
Банк ісі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақша жүйесінің типтері және олардың мінездемесі.

Ақша, несие, банктер пәнінен

Алматы 200 жыл.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. АҚША ЖҮЙЕСІ
1.1. Ақша жүйесiнiң ұғымы, типтері мен оның
негізгі
элементтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..5
1.2. Қағаз ақша
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 14
1.3. Несиелік
ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..16

ІІ БӨЛІМ. ҚР-НЫҢ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1. 1993 ж. Қазақстандағы ақша
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ..22
2.2. Пластикалық карточканың
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... 28

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .37

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38

Кіріспе

Ақша – кең қолданылатын төлем құралы. Қазiргi экономиканы ақшасыз көзге
елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбiр келiсiм екi жақты
келiсушiлiк бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Ақша айырбас құралы
бола тура, айырбастағы қажеттiлiктiң екi жақты үйлесуiн жояды.
Ақша және несие теориясы бiр орталықтан жоспарлау жүйесiнен – нарықтық
қатынастарға өту кезеңiндегi ақша айналымы және несиелеудi ұйымдастыру
тәжiрибелерiмен тығыз байланысты. Ақша және ақша жүйесiнiң өзiндiк ерекше
белгiлерiн, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлi мен қызметiн,
сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетiн танып
бiлудiң өзi қаржы-несие мекемелерiнiң ақша-несеие саясаттарының ғылыми
енiгiзiн анықтайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы: ақша-несие жүйесiн реформалау; катаң инфляция жағдайында бiзде
бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; жоғары дәрежеде
монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк
басқару жүйесiнен – пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге
бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке енгiзделген несиелiк мекемелерге өту
тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.
Берілген курстық жұмысым 2 бөлімнен құралады.
Бірінші бөлімде ақша жүйесі туралы мәселелерді қарастырдым. Соның
ішінде ақша жүйесінің ұғымы, ақша жүйесі түрлерін қарастырдым.
Бірінші бөлім бойынша курстық жұмысымның мақсаты – ақша жүйесінің даму
тарихына, XX ғ. отызыншы жылдарының басында дүниежүзінде айырбасталмайтын
несие ақша жүйесінің қалыптасуын, яғни сол несие ақша жүйесі арқылы екі
ақша-несие жүйесінің қалыптасуы мен оның арасындағы байланыс туралы, сондай-
ақ ақша жүйесінің нарықтық экономикада алатын орны, ақша жүйесінің
типтерінің және оның негізгі элементтеріне не жататынын талап етті.
Екінші бөлім бойынша курстық жұмысысмның басты мақсаты – Қазақстан
Республикасы ақша реформасының даму тарихына және пластикалық карточкалар
туралы жаздым. Ең алдымен пластикалық карточкалардың тарихына көңіл бөлдім.
Қазіргі нарықтағы карточкалардың таратылу ролін кесте түрінде көрсеттім.
Төлем жүйесінің құрамына не кіретінін атап, оларға анықтама бердім. Сондай-
ақ карточкалардың түрлерін, олардың жіктелуін жазып, қазіргі кездегі ең
танымал карточкалардың түрлеріне қысқаша мәліметтер жаздым. Соларға мысал
ретінде Қазақстандағы AlemCard карточкасы туралы және VISA карточкаларының
Қазақстанда дамуы туралы ақпарат кіргіздім.

І БӨЛІМ. АҚША ЖҮЙЕСІ

1.1. Ақша жүйесiнiң ұғымы, типтері мен оның негізгі элементтерi

Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша
айналымын ұйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек. Негізінде ақша
жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал қайсыбір елдерде,
ақша жүйесінің кейбір элементтері бұрынырақ кездескен. Металл ақша
айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия
тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезеңде әр елде,
жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл
қолдануына байланысты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:
Биметалды ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл болып екі метал:
алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының
салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша
атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс
монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық металл
болып қалды.
Монометалдық ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ
металл шықты (алтын). Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын
басқа да құнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына
билеттері, ұсақ монеталар.
Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:
алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтын ақшаның барлық
атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі
құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;
алтын — құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша
билеттері) алтын құймаға айырбастала алады;
алтын — девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын
(ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына
ауыстыруға болатын.
Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - алтын монометалдық ақша
жүйесінің дәл осы түрі кейін 1922 ж. құрылған халықаралық валюталық
жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДР1 мен ауыстырылғанға
дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан
әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды
етті.
Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде
айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз
ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым
шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.
Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі
түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-
тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.
СДР - арнаулы өзара қарыз құқықтары 1969 жылы ұйымдастырылған ұжымдық
валюта.
Өткен ХХ-ғасырдың, отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде
айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз
ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым
шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.
Кейінгі кезендерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі
түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-
тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.

Осы екі жүйе арасындағы ерекшеліктер төмендегі кестеде көрсетілген.
Экономикалық әкімшілік тарату Нарықтық экономика
жүйесі
1 Барлық ақша айналымын (қолма-қол, Ақша айналымын әр түрлі банктер
қолма-қол емес) жалғыз арасында орталықсыздандыру, ақша
мем-лекеттік банкіге шоғырландыру.белгілерін айналысқа шығаруды,
банк жүйесінің әр түрлі буындары
арасына бөлу.
2 Ақша айналымын заңды Қолма-қол ақша мен және қолма-қол
түрде қолма-қол ақшамен және ақшасыз айналымдарға шек қою заңы
қолма-қол ақшасыз айналымдарға жоқ.
бөлу және, оның қайсысын қайда
пайдаланатынын белгілеу.
3 Шаруашылық жүргізуші Салық органдарының ; Ақша
субъек-тілердің өз ақшасын банкте операцияларың белсенді бақылау.
сақтау міндеттілігі, және түскен
қолма-қол ақшадан керегіне
жұмсауды мөлшерлеу, кассаның
қалдығын шектеу.
4 Бүкіл мемлекеттік жоспарлаудыңАқша айналымын болжамдау.
негізгі құралы ретінде, қолма-қол Ақша-Несие операцияларын реттейтін
ақшаның айналымын мемлекеттік тетіктер жасау және
директивалық жоспарлау. оны өрнектеу.
5 Қолма-қол ақшамен және қолма-қол Қолма-қол ақшамен қолма-қол
ақшасыз айналымдардың салыстырмалыақшасыз айналымдардың өзара тығыз
дербестілігі. байланыстылығы, қолма-қол ақшасыз
айналымның маңызыньщ артықшылығы.
6 Ақша жүйесін бір Ақша жүйесінің Ұлттық банктің
орталықтан директивалық басқару. аппараты арқылы,
орталықтан-дырылған басшылық ету.
7 Ақшаны, шаруашылық айналымға, тек Ақшаны шаруашылық айналымға
экономикалық дамудың мемле-кеттік мемлекеттік ақша-несие саясатының,
жоспарын орындаумен тығыз тұжырымдамаларына байланысты
байланыстырып шығару шығару.
8 Ақша белгілерін алтынмен Ақша белгілерін банк жүйесінің
және тауармен қамтамасыз активтерімен қамтамасыз ету, (асыл
етуді үйлестіру. Тауар металдар, тауар — материал-дық
мен қамтамасыз етудің маңызыныңқұндылықтар, бағалы қағаздар
артықшылығын сақтау. т.с.с.)
9 Ұлттық ақшаның баға ауқымын Ұлттық ақшаның баға ауқымын және
және оның бағамының занды түрде онық бағамын, валюта қор-жынының
белгілеу. негізінде, нарық белгілейді.
10 Халықтың уақытша бос ақшасын Үкімет қаулыларын орындауда ұлттық
жұмылдыруда мемлекет банкісінің банктің салыстырмалы дербестігі
монополиясы.

Ақша – нарықтық экономикада ерекше маңызды роль атқарады. Нарық
ақшасыз, ақша айналымынсыз жұмыс iстемейдi. Ақша айналысы - бұл төлем
құралы мен айналым құралы қызметтерін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ол тауарларды сату және де қаржы нарығының қозғалысына қызмет көрсетедi.
Ақша жүйесі дегеніміз - ол тауар айналысын қамтамасыз ететін
шаруашылық тұлғалары мен банктер арасындағы ақша айналыс жүйесі.
Ақша жүйесi – мемлекетте тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдармен
бекiтiлген ақша айналымын ұйымдастыру нысаны. Ақша жүйелерi 16-17
ғасырларда капиталистiк өндiрiстiң пайда болуымен және бекуiмен қалыптасты.
Бiрақ оның кейбiр элементтерi одан бұрын пайда болған. Тауар- ақша
қатынастарының және капиталистiк өндiрiстiң дамуымен ақша жүйесiнде маңызды
өзгерiстер болды.
Ақша жүйесінің типі ақша қандай нысанда жұмыс істейтіндігіне
байланысты: тауар - жалпылама эквивалент ретінде немесе баға белгілері
ретінде екендігіне байланыстьт болады, Осыған байланысты келесідей ақша
жүйелерінің типтерін атайды:
металл айналымына негізделген ақша жүйесі. Онда ақша тауары тікелей
айналымға түседі және ақшаның барлық функцияларын орындайды, ал кредиттік
ақшалар металлға айырбасталады;
кредиттік және қағаз ақшалар айналымы. Онда нағыз ақшалар айналымнан
алынып тасталған.
Металл айналымында мемлекетте жалпы эквивалент ретінде қабылданған
металлға және ақша айналымының базасына байланысты биметаллизм және
монометаллизм деп бөледі.
Биметаллизм - мемлекет жалпы эквивалент ретінде екі қасиетті металлды
заң арқылы бекітетін, екі металлдан да монеталарды еркін дайындауды және
олардың еркін айналымын көрсететін ақша жүйесі болып табылады.
Биметаллизмнің үш түрі белгілі:
1. Қатар валюталар жүйесі. Ол жүйеде алтын және күміс монеталар
арасындағы арақатынастық рынокта стихиялы түрде анықталады.
2. Қос валюта жүйесі. Ол жүйеде алтынмен күміс
арасындағы арақатынастық мемлекетпен металлға деген ұсынысқа байланысты,
мемлекеттегі және әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға байланысты
анықталады.
3. "Ақсақтаушы" валюта жүйесі. Мұндай жүйеде алтын және күміс
монеталар заңды төлем құралдары болып табылған, бірақ бірдей негізде емес,
себебі, күміс монеталарды дайындау алтын сияқты еркін емес, жабық тәртіпте
жүргізілді. Бұл шын мәнінде қос валюта жүйесі, бірақ күміске байланысты
ақсақтап отырды, яғни алтын күміске қарағанда еркінірек айналымда болды.
Биметаллизм 16-17 ғасырларда, Батыс Европаның біраз елдерінде -19
ғасырда кеңінен тарады. Англияда биметаллизм 14 ғасырдың ортасынан 18
ғасырға дейін болды. Бірақ, екі металлды ақша ретінде пайдалануда көптеген
қиыншылықтар кездесіп отырды. Биметаллистік ақша жүйесі қарама-қайшылықтары
көп, тұрақсыз жүйе болды. Ол дамыған тауарлы шаруашылық қажеттіліктеріне
сәйкес келмеді. Бағаның жалпылама өлшемі ретінде тек бір ғана тауар болуы
керек. Тауарлы шаруашылықтың дамуы тұрақты ақшаларды, бірыңғай жалпылама
эквивалентті талап етті, сондықтан биметаллизм өз орнын монометаллизмге
берді.
Монометаллизм - бір ақша металлы жалпылама эквивалент ретінде қызмет
ететін және бір мезгілде айналымда осы металлға ауыстырылатын басқа да баға
белгілері (банкноталар, қазыналық билеттер, ұсақтаушы монеталар) жүретін
ақша жүйесі.
Күміс монометаллизмі Ресейде - 1843-1852 жылдары, Индияда -1852-1893
жылдары, Голландияда - 1847-1875 жылдары болды. Ресейде, олай болса
Қазқақстан да, күміс монометаллизмі сол жылдары II Николай патша тұсында
енгізілді. Түрікше "акче" сөзі, қазақша "ақша", яғни "ақ" сөзінен күміс
монетаның түсіне қарап шыққан.
Алтын монометаллизмі Ұлыбританияда 18 ғасырдың аяғына дейін болды. 19
ғасырдың үшінші бөлігінде барлық мемлекеттер дерлік алтынға негізделген
монометаллизмге көшті. Алтын монометаллизмнің үш түрі болған:
- алтынның металдық стандарты (1821 жылдан бірінші д.ж соғысқа
дейін). Ол алтын монеталардың айналысымен және қағаз және несие ақшаларды
алтынға еркін айырбасталуымен еркін сипатталады.
- алтын - құйма стандарт (Англия және Франция бірінші д.ж. соғыс
жылдары) Ол құн белгілерін алтынға айырбастауды қарастырды, егер олар
алтынның стандарт құймасының бағасына сәйкес болса (мысалы, егер
сурет бағасы бойынша 1 кг алтынның құнына сәйкес келсе, ол оған
айырбасталады);
- алтын девиздік стандарт (ХХғ.20-30ж) Ол алтынға ұсақталатын
банкноттардың шетелдік валютаға (девиздік) айырбасталуын
қарастырады.
1929-1933 ж.ж. дағдарыстан кейін банкноттардың алтынға еркін
айырбасы тоқтатылды, яғни монометализм дәуірі аяқталды.
Алтынды несие ақшамен ығыстыру ары қарай дамуын ақша қызметтерін
(банкнот, вексель, чектер) атқарушы тұлғалардан несиелік карточкаларға
айырбастау қарқыны күшейе түсті.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес
түрде ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар
несиелік ақшалар жүйесі жүреді.
Несие ақшалар - бұл несие негізінде алтының орнына келген құнның
қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және "төлем құралы формасы ретінде
өмір сүрудің меншікті формасын алады". Несие ақшалардың негізгі түрлеріне:
вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
Вексель - бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға)
вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді
талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымның қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол ақшаның
орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды
иеленді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда
болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз -кәсіпорындардың
бір-бірін банктерді жанай өтуі арқылы несиелеу болып табылады.
Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге
асады.
Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік
береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы
болады:
- вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар
айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана қамтиды;
- вексельдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо
қолма-қол ақшамен төленеді;
- борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеті бар
субъектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады;
- вексельдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы
шектеулі болады.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII соңында
пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте
сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды
сақтауға қабылдағаны туралы қолхат берді. Бұл "банктік хат" банкнота
(банкирге арналған нота) деп атады және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып
келді. Ол алтынмен пара-пар болды себебі кез келген уақытта сақталып жатқан
металға айырбасталды.
Банкнота өзінің мәні жағынан - бұл банкирге арналған вексель болып
табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген:
вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен
қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялары
тәртібінде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен
вексельдер негізінде шығару банкноталардың банкке кері қозғалысые тудырады.
Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке
қайтарылып отырылады.
Чек - бұл шот иесінің чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша
сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйырығы.
Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және
тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша
қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар
(қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирлеген
сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады,
осындан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады.
Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекте
көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек - несие ақша ретінде қолданады.
Несие карточкалары - ақшаның төлем құралы қызметін атқарады. Чектердің
жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан
чектермег қатар пластикалық карточкалар пайда болады.
Несие карточканың түрлері:
1. Жаңаратын карточкалар. Дүкендер,
мейрамханаларда қолданылады. Карточкалардың қарыздары жабылғаннан
кейін қайтадан жаңартылады.
2. Бір айлық карточкалар. Туристік фирмалармен есеп айырысу үшін
қолданылады. Қарыздар айдың соңында жабылуы керек.
3. Фирмалық карточкалар. Фирмалар әр түрлі қызмет
жөніндегі шығындарды төлеу үшін шығарылады.
4. Сыйлықтық немесе алтын несиелік карточкалар. Олар тек жоғары
жылдық табысы бар клиенттерге беріледі.
Ақша эволюциясының осы заманғы кезеңіне электронды ақшалар жүйесі сай
келді. Олардың көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша
алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру және т.б.
Электронды чектік кітапша болып табылатын смат-карточкалар пайда болды.
Қазақстанда электронды ақшалар жүйесі қалыптасу сатысында. Бірінші
пластикалық "ақшалар„ шектелген көлемде 1989 ж. Сыртқы экономбанктен
шығарылды. Қазіргі кезде оларды елдің ірі банктері шығара бастады.
Ақша жүйесінің элементтері:
- ақша бірлігі, яғни бірлік ретінде елде қабылданған ақша өлшемі (рубль,
доллар, теңге т.б)
- баға масштабы, яғни ақша бірлігі және оның құрама бөлшегі ретінде елде
қабылдалған ақшаның сандық, салмақтық мөлшері (мысалы: рубль 100 тиыннан
тұрады және 60-80 жылдары ол 0,987672 г алтынға теңелді.)
- эмиссиялық жүйе, яғни ақша және бағалы қағаздарды шығаратын мекеме
(мысалы, орталық банк және т.б.);
- ақша белгілерінің түрлері, яғни айналыста заңды төлем құралы болып
табылатын несиелі қағаз ақша және ұсақ монеталар жүйесі;
- ақша жүйесінің институттары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік
емес мекемелер.
Ақша бiрлiгi - мемлекеттегi барлық тауарлардың бағасын өлшеу
қызметiн атқарушы, заңмен анықталған ақша белгiсi. Ақша бiрлiгi негiзiнен,
прапорционалды бөлiктерге бөлiнедi. Мысалы, бiр доллар жүз центке, бiр
ағылшын фунт стерлингi жүз пенске, бiр теңге жүз тиынға бөлiнедi.
Баға масштабы – бағаны ақша бiрлiгi арқылы көрсету, ақшаның
техникалық сипаттағы функциясы. Металл айналымы болғанда, ақша тауары –
металл – ақшаның барлық функцияларын орындағанда, ақшаның масштабы ақша
металлының салмағы болды. Қазiргi кезде баға масштабы стихиялы түрде
қалыптасады және бағалардың көмегiмен тауарлардың бағамын анықтау үшiн
қызмет етедi.
Ақша белгiлерiнiң түрлерi. Қазiргi уақытта ешбiр елде металл айналымы
жүйесi жоқ. Ақша белгiлерiнiң негiзгi түрлерi ретiнде мемлекетте заңды
төлем құралдары болып табылатын кредиттiк банкiлiк билеттер (банкноталар),
сондай-ақ, мемлекеттiк қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) және ұсақтаушы
металл монеталар қарастырылады.
Банкноталар орталық банктермен шығарылады, ал қазыналық билеттер
Қаржы министрлiгiнiң қазынашылығымен немесе арнайы мемлекеттiк органмен,
негiзiнен, бюджет тапшылығын жабу үшiн шығарылады. Ұсақтаушы металл
монеталар – заң актiсiмен салмағы және формасы белгiленген металл құймасы.
Ол металлдың бағасы номиналдың тек бiр бөлiгiне ғана сәйкес келедi.
Эмиссиялық жүйе - алтынға айырбасталмайтын кредиттiк және қағаз ақша
белгiлерiн шығарудың және айналымға жiберудiң заңмен белгiленген тәртiбi.
Қолда бар ақшалардың кассалық резервiн көбейту қажет болғанда банкноталарды
эмиссиялау жүргiзiледi. Банкноталардың эмиссиялануы халық шаруашылығына:
мемлекеттiк бюджетке, мемлекеттiк қарызға, коммерциялық банктерге кассалық
қызмет көрсеткенде жүзеге асырылады.
Ақша айналымын ретке келтiру ақша санының экономикалық дамудың
обьективтiлiк қажеттiлiктерiне сәйкестiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттiк әсер ету шараларының комплексiн бiлдiредi.

1.2. Қағаз ақша жүйесі

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан бiртiндеп
бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн белгiсiнiн ақырғы формасы.
Қағаз ақша-мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте
металға айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға ие ақша белгiсi (құнның
белгiлерi, алтынның өкiлдерi). Тарихта олар алтын және күмiстiн белгiлерi
ретiнде пайда болды.
Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны
жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құрамы болып
тұрған кезде ғана олар өздерiнiң сатып алу қабiлетiн сақтай алады. Ал
процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны-бiр жапырақ жай
қағаздарға айналады.
Егер “нағыз” ақшалар (алтын) айналыста өзiнiң меншiктi құнының
арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде нарықтық құнға ие
болады. Мемлекет сол елдiң шеңберiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн
белгiлейдi. Бұл жерде ол ерiктi түрде ақша бiрлiгiнiң номиналды құның
белгiлеп, кез келген купюрдi шығаруы мүмкiн. Осылайша, Қазақстанда 1993
жылы ең iрi купюра 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелiк купюралық
теңгелiк купюралар шығарылған болатын.
Алтынның белгiлерi ретiнде қағаз ақшалар пайда болды. Ақша бiрлiгiнiн
ресми алтындық құрамы (баға масштабы) мемлекетпен ерiктi түрде белгiленiп,
бiрақ оның құны көрсетiлмейдi.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырылған кезi болған. Мысалға, 1922 жылы шығарылған
“алтын чернвонец” алтынға және шетел валютасына сатылып-сатып алынған (яғни
валюталық интервенция жүргiзiлген).
Қағаз ақшалардың өздерiнiң меншiктi құны болмаған-дықтан да, олар
айналыс саласындағы ақшаның қызметтерi арқылы атқарды. Алтын стандартын
алып тастағаннаң соң қағаз ақшалары қорлану қызметiң де атқара бастады.
Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына байланысты олар
өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi.
Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылы-
ғын әскери және басқа өндiрiстiк емес шығыстарды жабуына артық ақшалардың
шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк ақша
ретiнде сұраныстың ұлғаюы; еңбек өнiмдiлiгiнiн төмендеуi және тауар
массасының қысқаруы, т.б.
Мұның барлығы бағаның өсуiне әкелiп соғады. Халықты әлеуметтiк жағынан
қорғауды қамтамасыз ету үшiн үкiмет жалақыны, зейнет ақыны көтерiп отырады.
Халық түты-натын тауарлар өндiрiсi өспейiнше баға өсе бередi. Баға-жалақы-
баға... деген тiзбек айнала бередi.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән
нәрсе.

1.3. Несие ақшалар.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде
ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік
ақшалар жүреді.
Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның
кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы
қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде
өмір сүрудің меншікті формасын алады.
Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға)
вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді
талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол
ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы
деген атауды иеленеді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің
пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз —
кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып
табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен
жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны
бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық
міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке
барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу
мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Вексельдер жай және аудармалы болады.
Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель
берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің
(трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген
соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат
төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана
тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен
(векселъдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде
және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын деген жазу болады.
Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады.
Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем
құралы ретінде беріледі.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың
соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны
банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк
алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте
ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта
сақталып жатқан металға айырбасталады.
Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып
табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген:
вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен
қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар
тәртібінде жүзеге асады.
Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде
шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем
мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз
етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем
құралы болып табылады.
1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша
- банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі.
Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті
акшалар айналасы чекпен байланысты.
Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын
қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек
бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі
сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан
жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген
кызметтер үшін есеп айырысуға колданады.
Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма
береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша
қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар
(қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген
сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады,
осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады.
Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекке
көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек — несие ақша ретінде қолданады.
Өркендеген мемлекеттерде чек айналымынын жедел каркынмен өрістеуі
біраз қиындықтарға дұшар еткен. Мысалы, 50-70 жылдары АҚШ-та 90%, Ұлы-
британияда-60%, Жапонияда-25% отбасы чек кітапшаларын пайдаланған. АҚШ-та
күніне 100 млн. чек толтырылып, чек айналымының шығындары жылына 11 млрд.
доллар кұраған. Шығындарды азайту мақса-тында чектерді есептеуге автоматты
жүйе енгізіліп, төлемнің басқа экономикалық формаларын іздестіру колға
алынған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 жылы
тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы коммерциялық
банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және тағы
басқа.
Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы
банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар
пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы
шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған
тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін
атаулы құжат.
Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және
кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан
қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.
Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің
қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі
ТұранӘлемБанк) өзінің "Виза" несиелік карточкасын енгізген. Павлодар,
Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда.
Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық
масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде
тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ
Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу
жүйесін жасау жұмысы аяқталды.
Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау
жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін
арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік
жасайды.
Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей
отырып, ақша айналымының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл
"ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.
Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік
электронды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақша – тауар қатынастарының дамыған формасы. Қазіргі экономикадағы ақшаның рөлі
Несие мәні және қажеттілігі
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
Несие қызметкерлеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орны
Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу
Темперамент типтерінің сипаты
Банк банктік жүйенің элементі ретінде
Модельдер және мәліметтер құрылысы
Пәндер