Африканың табиғаты, елдері мен халықтары

Географиялық ортасы. Африканың географиялық жағдайлары Африканы қоныстанған халықтардың практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті экологиялық жағдайлар, азықтық және техникалық қорлар ретінде жұм-салатын табиғат элементтері мен олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше әр алуан болуымен ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен меңгерілген мыңдаған жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка халықтарының бүкіл шаруашылық-мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды.
Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк — жер беті құрылығының шамамен бесінші бөлігін (жанасып жатқан аралдарымен бірге 30,3 млн. шаршы км) алып , жатыр. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Континент солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 километрге, оныя, солтүстік бөлігі батыстан шығысқа қарай 7000 километрге, ал оңтүстік бөлігінде 3000 километрден астамға созылады. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.
Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса және басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы

Жалпы мәліметтер:
Африканың табиғаты, елдері мен халықтары
Географиялық ортасы. Африканың географиялық жағдайлары Африканы
қоныстанған халықтардың практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті
экологиялық жағдайлар, азықтық және техникалық қорлар ретінде жұм-салатын
табиғат элементтері мен олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше
әр алуан болуымен ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен
меңгерілген мыңдаған жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка
халықтарының бүкіл шаруашылық-мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды.
Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк — жер беті
құрылығының шамамен бесінші бөлігін (жанасып жатқан аралдарымен бірге 30,3
млн. шаршы км) алып , жатыр. Африка континенті солтүстік жарты шарда да,
сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп
бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Континент солтүстіктен оңтүстікке қарай
8000 километрге, оныя, солтүстік бөлігі батыстан шығысқа қарай 7000
километрге, ал оңтүстік бөлігінде 3000 километрден астамға созылады.
Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында
Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі
түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған
континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500
километрге дейін қа-шықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне
оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар.
Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және
Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір
бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса және
басқалары Орталық және Шығыс Африканың аралығындағы табиғи мөже болып
табылады. Қалған территориясында Чад пен Нгами көлдері өз көлемдерінің таяз
сулығымен, деңгейлерінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бірқатар Африка
өзендерінің (Ніл, ішінара Нигер және басқалары) суы жер суландыру үшін
пайдаланылады. Кейбір өзендер (мәселен, Ніл, Нигер, Конго, Гамбия және
басқалары) өздерінің едәуір ұзын жерлерінде транспорт жолдары ретінде
қызмет етеді.
Африка ең ыстық материк болып саналады, өйткені оның территориясының
үлкен бөлігі тропиктік ендіктерде жатыр және орташа жылдық температурасы
25°С-тан асады. Солтүстік жарты шардағы тропиктік климат зонасының шегінде:
Батыс Сахара, Марокконың орталық және оңтүстік бөліктері, Алжир Мен Тунис,
Мавритания, Чад пен Нигер аймақтарының солтүстік бөліктері, Судан, Эфиопия
мен Сомали жатыр. Бұл территорияда ете құрғақ континентті климат үстем. Кей
жерлерде бірнеше жыл бойы жауыншашын жаумайды. Оңтүстік жарты шардың
тропиктік зонасы — Ангола, Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, ЮАР,
Мадагаскардың бір белігі Сахараға қарағанда температурасының неғұрлым
төмендігімен және қуаңшылықтың аздығымен сипатталады. Намибия мен
Ботсвананың кейбір аудандарын қоспағанда). Африканың солтүстігі мен
оңтүстіпндегі енсіз алқаптар неғұрлым ылғал және бірдей субтропиктік климат
зонасында жатыр.
Африканың өсімдіктер дүниесі бай және әр алуан. Африканың жалпы жер
келемінің шамамен 16%-ін орман, 37%-ін шөп жамылғылы дала алады; шөл бүкіл
территориясының 39%-ін құрайды. Африканың экваторлық орталық және батыс
бөліктерінде, Гвинея шығанағының солтүстік жағалауы мен Конго ойпатын
бойлай тропиктік мәңгі жасыл жаңбырлы ормандар (гилеи) өседі. Бұл
ормандарда көптеген өсімдіктер, әсіресе, бағалы ағаш беретін қара, қызыл,
сары ағаштар; эбен ағаштары, сандал ағашы: каучукті ландольфия лианасы,
қола ағашы, либериялық кофе ағашы, зәйтүн ағашы мен шарап пальмалары
шаруашылық-тұтыну құндылығына ие. Тропиктік ормандарда жеуге жарамды
көптеген жемістер мен тамырлар жабайы күйінде өседі.
Солтүстік және оңтүстік гилеясы муссонды ормандарда енсіз алқаптар
болып өсіп, одан соң Африканың 30%-ке жуық территориясын алып жатқан
орманды-даланы және далалы саваннаға ауысады.
Саваннаның едәуір жері жайылым мен егіндікке пайдаланылады.
Солтүстік Африканың көп бөлігін Сахара шөлі алады. Оңтүстік Африкада шөл
зонасына Клахаридың батыс және оңтүстік белігі мен Намиб шөлі жатады.
Солтүстіктің сирек, кездесетін базистерінде жемісінің үлкен азық-түліктік
маңызы бар құрма пальмасы өседі.
Жерорта теңізі жағалауының Атлас тауларының беткейлерін бойлай
Жерорта теңізінің субтропиктік өсімдіктер дүниесі — зәйтүн ағашы, пальма,
мирт және басқалары жақсы өседі. Таулы аудандарында мәңгі жасыл тас емені,
тоз емені, атлас бал қарағайы өседі. Осы ауданда тоз емені дүниежүзілік
ауданның 50%-ке дейін мөлшерін алып шоғырланған. Африканың климат
жағдайлары Жерорта теңізі климатымен ұқсас Көп аймағында мәңгі жасыл
бұталар, жабайы зәйтүн өсімдіктері және басқалары өседі.
Африканың жануарлар дүниесі, арабтар мен европалықтар онымен алғаш
танысқанда, өте бай және алуан түрлі болатын. Қазірде де Солтүстік
Африканың суптропиктік ормандарында бұғы мен лань, қабан мен жабайы қой,
қабылан мен маймыл кездеседі. Саванналарда бөкен (түрі 40-қа дейін), зебр,
жираф басым, Африка пілдері мен мүйізтұмсықтар мекендейді. Өзен суларында
бегёмот көп, су қабаны, крокодил, тұщы су тасбақалары тіршілік етеді.
Қабылан, сілеусін, дала сілеусіні, қорқау, шие бөрі сияқты жыртқыштар көп;
арыстан кездеседі. Адамдар мен жануарларға қауіпті аурулар әкелетін кеке
шыбыны (ұйқы ауруы, нағана ауруы) үлкен ауыртпалық туғызады. Ұсақ жануарлар
мен құстардың көптеген түрлері тек осы аймақ үшін тән Мадагаскар фаунасы
айрықша қызықты назар аудартады.
Баяғы замандардан бері жер беті фаунасы, жабайы өсетін флора сияқты,
Африка халықтарына маңызды қорек көзі ретінде қызмет етті. Аңшылық пен
жабайы өсімдіктердің терімшілігі ежелгі және орта ғасырлық Африканың
алдыңғы қатарлы аймақтарында егіншілік пен мал шаруашылығы өркендей
бастаған кездің өзінде-ақ мәнін жойған жоқ. Алайда қазіргі кезде
жануарлардың көптеген түрлері жоғалып кету шегінде тұр. Жануарлар дүниесін
сақтау ұлттық жас үкіметтердің маңызды міндетіне айналуда.
Табиғат-шаруашылық жағдайлары бойынша қазіргі Африка бірнеше
белдеулерге немесе зоналарға бөлінеді. Солтүстік және солтүстік-батыста бул
құнарлы, дәнді дақылдар егіншілігіне ңоңыр топырағы өте қолайлы Атлас.
Оңтүстігінде көшпелі және отарлы мал шаруашылығы үшін жарамды шөлдің,
шөлейт пен даланың зонасы алып Сахара кесіліп жатыр. Одан әрі оңтүстікке
қарай экваторға параллель алқап болып, Сенегалдан Көгілдір Ніл өзеніне
дейін халқы далалық егіншілікпен және мал шаруашылығымен саванналар зонасы
судан созылады. Одан да оңтүстігіректе қалың тропиктік орман, солтүстігінде
ылғалды саванналар өскен Солтүстік-Гвинея қыраты немесе Гвинея жағалауы
бар, ол жерді мекендеушілер әр түрлі тамыр жемістілер өсіреді. Дәнді
өсімдіктер мен ағаштық дақылдар егеді, аңшылық және терімшілікпен
айналысады. Та-ры, сорго, ямс, маниок, зәйтүн пальмасы және басқа
өсімдіктер өсетін тропиктік егіншілік сондай-ақ Орталық Африкаға да (Конго
ойпа-тына) тараған. Тропиктік егіншілік орманға қарсы үнемі күрес
жүргізуді, даланы кетпенмен өңдеу мен көшеттер егу үшін көптеген жұмыс
қолдарын талап ететін, еңбекті көп қажет ететін кәсіп. Континенттің
солтүстік шығысында өте ежелгі астық егіншілігі мен кешпелі мал шаруашылығы
зонасы — Эфиопия таулы қыраты мен Африка Мүйісі түбегінің далалары
ерекшеленеді. Бүкіл Шығыс Африка Эфиопия таулы қыраттарынан Замбези өзеніне
дейін қуаңшылыққа төзімді дақылдардың егіншілігімен отарлы мал шаруашылығы
зонасы болып табылады. Оңтүстік Африкада (оның ішінде Мадагаскар аралында
да) табиғат жағдайлары субтропиктен далалық және шөл жағдайына дейінгі,
тұтастай алғанда Африкаға тән шаруашылық кәсіптерінің барлық
түрлері (аңшылық пен терімшілікті қосқанда) таралған.
Жалпы алғанда климат және топырақ жағдайларының өте әр алуандығы
қазіргі африкандықтарға адамзатқа белгілі бүкіл егіншілік дағылдарын егуге
және сан алуан мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік береді. Натуралды және ұсақ
товарлы ауыл шаруашылығы бүгінге дейін Африкадағы көптеген елдердің
экономикасының негізін құрайды, алайда бұл шаруашылық халықтын, азық-
түлікке деген өскелең қажеттілігін толығынан қамтамасыз ете алмай қиын
немесе орнықсыз жағдайда қалуда. Шаруашылықтың бұл жетекші саласының
техникалық-экономикалық өрлеуі мен товарлылығының өркендеуі — Африкалық
дамып келе жатқан елдерінің ең көкейкесті міндеті, Бірңатар елдердің
буржуазиясының бұл проблеманы ауыл шаруашылығын капиталистік негізде шешуге
тырысқан әрекеттері товар өнімдерінің өсуіне және кәсіпорын қожасының
баюына алып келеді, алайда тікелей өнім өндіретін негізгі көпшілік
бұрынғысынша кедей қалпында қалуда. Ауыл шаруашылығының жалпы өрлеуі мен
шаруалардың жағдайы жақсаруының прогресті бағыттары социалистік бағыт алған
елдерде (Эфиопия, Алжир, Ангола және басқалары) айңын байқалады.
Африка континентінің әлі жеткіліксіз зерттелмеген жер қойнауы әр
түрлі қазба байлық-тарын өзінде жасырып жатыр: солтүстігі мен Гвинея
жағалауы аудандарында мұнайдың аса бай кендері; оңтүстікте алтынның ірі
қорлары; Орталың Африкада уран; Шаба провинциясы (Заир) мен Мыс Белдеуінде
(Замбия) мыстың зор цоры; Оңтүстік және Батыс Экваторлық Африканың бүкіл
территориясында, әсіресе ЮАР, Намибия, Заир және басқаларында ал-мас бар;
қалған пайдалы қазбалардан платина, полиметалл, кобальт, марганец, қалайы,
темір рудалары, тас көмір және басқалары кездеседі.
Осы табиғат байлықтарының негізінде Аф-риканың бірқатар аудандарында (Заир,
Замбия, ЮАР және басқалары) өндіруші және өңдеуші тау-кен өндірістері
еркендеуде, ірі өнеркәсіп орталықтары индустриялы қалалар мен ңала типтес
қоныстар салынуда, оларда жұмысшы табының көпшілігі және селолық
жерлерден қалалық өмір салтына көшкен қоныс аударушьь лардың көпшілігі
шоғырланған.
Елдері мен мемлекеттері. Белгіленген Африка дәстүрлері бойынша Африка
халықтары әдетте мынадай жалпы үлкен тарихи-геогра-фиялын; аймақтарға
бөлінеді; Солтүстік Африка — Магриб пен Египет елдері; Солтүстік-Шығыс
Африка — Эфиопия мен Сомали; Батыс Африка немесе Батыс Тропиктік Африка —
Ба-тьіс Судан елдері мен Гвинея жағалауы; Ор-талық Тропиктік Африка — Конго
бассейіні мен көршілес аймақтар; Шығыс Тропиктік Афри-ка — Көл аралығы мен
теңіз жағалауы аймақ-тары; Оңтүстік Африка және Мадагаскар, Осылай бөлу кең
байтақ регионның шаруашылық-мәдени ерекшелігін жалпы шолу міндеттеріне
жауап береді, алайда бұл қазіргі Африканы саяси жағынан бөлуге сипаттама
жасау үшін жеткілікті емес.
Африка елдерінің көпшілігінің европалық державалардың отарларына
айналуы негізінен XIX ғасырдың соңғы ширегіне — дүние жүзін империалистік
бөлу кезеңіне жатады. Отаршылдық табиғат байлықтарын жыртқышпен жал-мады,
Африканың байырғы тұрғындарын аяу-сыз қанады. Африкалықтарды саяси өмірден
мүлде шеттетті, ең қарапайым праволарынан айырды. Отарлық территорияларға
ұзақ уақыт мынадай: Британдық, Француздық, Бельгиялық, Испандық,
Португалдық (мәселен, Британ Батыс Африкасы, француз Экватор-лық
Африкасы, Бельгия Конгосы және бас-қалары) деген жарльіқтар ілінді.
Африка халықтарының тағдырындағы тарихи бетбұрыс екінші дүние жүзілік
соғыс аяқталған кезде болды. Дүние жүзілік социалистік сис-теманың пайда
болуы ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуын әдеттен тыс тездетті. Осы уақыттан
бастап жүздеген жылдар бойы қалыптаскаг. отарлық жүйенің тамырына балта
шабу үшін небары он бес жыл қажет болды. Егер 1945 ж. Африка континентінде
тек үш тәуелсіз мемлекет — Египет, Либерия және Эфиопия болса (қазіргі
кезде Египет Араб Республикасы, Ли-берия республикасы және Социалистік Эфио-
пия деп аталады), қазіргі кезде олар 50-ге жетті. 1950 жылдары Ливия
(Социалистік Халық-тық Ливиялық Араб Джамахирийясы), Судан Демократиялық
Республикасы, Марокко Ко-
рольдығы, Тунис республикасы, Гвинея халық-тық Революциялық РеспублИкасы
тәуелсіздік алды.
1960 жылды Африка жылы деп атайды, осы жылы 17 ел мемлекеттік
тәуелсіздік алды. Бұлар — Мавритания Ислам Республикасы, Се-негал
Республикасы, Мали, Піл Сүйегі Жағалауы, Бенин Халық Республикасы, Жоғарғы
Вольта, Того, Кемерун Біріккен Республикасы, Нигерия Федеративтік
Республикасы, Нигер, Чад, Орталық Африка Республикасы, Габон; Конго Халық
Республикасы, Заир, Сомали Демокра-тиялық Республикасы, Мадагаскар
Демократия-лық Республикасы.
1960 жылдары Алжир Халық Демократиялық Республикасы, Гамбия, Сьерра-
Леоне, Уганда, Кения, Танзания Біріккен Республикасы, Руанда, Бурунди,
Малави, Замбия, Ботсвана, Маврикий, Экваторлық Гвинея, Лесото Король-дығы,
Свазиленд королдығы ерікті елдерге айналды. 1970 жылдары көп жылғы қарулы
кү-рес пен Португалияда фашистік диктатура қү-латылғаннан кейін Гвинея
Бисау, Жасыл Мүйіс аралдары, Сан-Томе Демократиялық Республи-касы мен
Принсипи, Ангола Халық Республи-касы, Мозамбик Халық Республикасы, Сейшель
аралдары, Комор аралдары және Джибути өз тәуелсіздіктерін алды. 1980 ж.
Зимбабве тәуелсіздік алды, Алайда өкімет басында нәсілшіл империалистік
төбе топ тұрған мемлекет Оңтүстік-Африка республикасы әлі де бар. Біріккен
Ұлттар Ұйымының шешімдеріне қарамастан милитаристік ЮАР Намибия елін өз қол
астын-да заңсыз ұстауын тоқтатпай келеді. Бұл елдің байырғы Африка
халықтары бостандық пен тәуелсіздік үшін қажырлы күрес жүргізуде.
Африка халықтарының көпшілігінің жеңіп алған саяси тәуелсіздігі өз-өзінен
толық ұлттық азаттықты және әлеуметтік-экономикалық өркендеудің жолына тез
арада түсуін білдірмейді. Екінші бір маңызды қадам бұл экономикалык;
тәуелсіздікке жету және дүние жүзімен эконо-микалық және мәдени өзара
айырбаста тең праволы қатынас орнату. Бұған өз еліндегі ең-бекшілердің
қалың бұқарасына арқа сүйемей, социалистік достық мемлекеттерімен берік
одақ жасамай шын мәнінде қол жеткізу мүмкін емес. Көптеген Африка елдері —
Алжир, Ливия, Гвинея, Бенин, Конго, Эфиопия, Ангола, Мозамбик, Мадагаскар
және басқаларының түбірінен әлеуметтік қайта құру, социализмге жету
қабілеті бір жағдайда ерте, ал екінші бір жағдайда кеш болатын белгілі бір
прогресшіл даму бағытын таңдап алуы, міне, осы себеп-терде жатыр,
Халқы. Отаршылдық цивилизацияға африкалықтарды күштеп тартудың
демографиялық зардаптары болды, егер европалықтар келгенге дейін Африка
халықтары дүние жүзі халқының 20%-ке жуығын құраса, 1960 жылға ңарай тек 8%
ғана болды. Отаршылдық кезеңіндегі жазалаушы экспедициялар, эпидемиялар,
жаппай та-мақты жетімсіз ішу көптеген адам өмірін әлып кетті. Мәселен,
Бельгияның үстемдік кезеңінде Конго (қазір Заир) халңы, 80 жылдан да аз
уақыт ішінде екі есе азайды.
Керісінше, тәуелсіз дамудың басталу кезеңінде, біздің ғасырымыздың
екінші жартысында Африка елдері халықтарының саны әлемнің басқа бөліктеріне
қарағанда тез есті. 1970 жыл-дәрдың аяғына қарай ол 450 млн. адамға
жуықтады.
Алайда, қазір Африка континенті халықтарының орташа тығыздығы бүкіл
жер шарымен салыстырғанда екі есе тәмен және 1 шаршы ки-лометрге 13—14
адамнан келеді. Халықтыц континент бойынша бөлінуі біркелкі емес. Са-
хараның аса зор территориясы мен Оңтүстік Африка шөлінде, ылғалды тропиктік
ормакды аудандарда халық өте сирек қоныстанған. Африканың қыратты
аудандарында, мәселен: Эфиопия таулы қыратында, Атласта, Шыгыс Африка таулы
қыратында, Мадагаскардың таулы аудандарында халық тығыз орналасқан.
Халықтың өте тығыз қоныстанған аудандары — Руанда, Бурунди, Реюньон,
Маврикий мемлекеттері тұратын Ніл аңғары (1 шаршы километрге 1000 адамға
дейін).
Африка халқының 75%-тен астамы село тұрғындары, қалғаны қала хәлқы
болып табылады. Қала халқының айрықша қарқынмен өсуі тәуелсіз даму
кезеңінде болғаны байқалады. 1965 ж. континентте әрқайсысында 100 мыңнан
астам халқы бар 100-ден аса қала болды. Кейбір мем-лекеттердегі қала
халқының* үлес салмәғы: Джибутиде (60%), Египетте (44%), Алжирде (52%Х
Мароккода (39%), Конгода (48%), Тунис-те (50%), ЮАР-да (48)%, БСК-да
(32,4%), Замбияда (36,3%), Маврикияда (43%, Намибияда (37%), Экваторлық
Гвинеяда (35%) бүкіл халық-тың ұштен бір бөлігінен асады. Африка елдерінің
жаппай урбанизациялануына стихиялық тән, ол қалалардың өнеркәсіптік-
экономикалық потенциялының өсуі және селолық жерлерден келгендердің
мәдениетінің өрлеуімен әрқашан қатар жұре бермейді. Урбанизациялық өркендеу
процестерін реттеу — Африканың дамушы елдері үкіметтерінің тағы бір маңызды
міндеті. Халқының антропологиялың құрамы. Африка континентінде адамдардың
үлкен үш нәсілі бар — европеоидтық, негроидтық және ішінара монголоидтық,
сондай-ақ осылардың аралас және ауыспалы нәсілдік типтёрінің өкілдері әр
түрлі вариантта болады.
Бүкіл Солтүстік Африканы европеоидтық үлкен нәсілге жататын халықтар
қоныстанған, бұлар — шашы мен көзі қара, терісі қараторы, шашы сәл толқынды
болатын сопақ бетті, жұқа қыр мұрынды келетін арабтар мен берберлер. Осы
насілге дәлірек айтқанда, орта Европалық тилке негізделген континенттің
оңтүстігін мекендейтін шашы, көзі мен терісі ашық түсті, шашы тіке немесе
сәл толңынды, сопақ бетті, жұца қыр мұрынды келетін европа
халықтары—африканерлер (голландықтардың ұрпақтары), ағылшындар, француздар,
немістер және басқалары жатады.
Сахарадан оңтүстікке қарайғы елдер халық-тарының басым көпшілігі үш
регионды типте көрінетін негроидтық (немесе африкалық) үлкен нәсілге
жатады. Негр тйпіндегілерге мынадай өзіндік сипаттар: терісінің шымқай
қарадан бастап қоңыркай түске дейінгі әр түрлі реңі, көз бен шашының қара
түсті болуы, шашының бұйра келуі, жақ сүйектерінің көбіне шығыңқы болуы
(прогнатизм), ернінің орта мөлшерден бастап, өте іріге дейінгі (дүрдиген)
әр түрлі формасы, танауы кең, жайпақ мұрын болуы, дене түгінің нашар дамуы
тән, Осы тип шегіндегі антропологиялық ерекшеліктер нәдәуір бо-лады және
олар адамның бойының, терісінің түсіне, бет әлпеті мен басы, мұрны мен
ерніне, прогнатизмнің болуы немесе болмауы сияқты белгілерге қатысты.
Айрықша нәсілдік типтер — негрилль және бушмен типіне жататындар
Сахарадан оңтүстік-ке қарайғы жерді мекендейді. Мұның алғаш қысына бойы өте
аласа, терісінің түсі неғүрлым ақшыл, дене түгі неғұрлым дамыған жұқа келе-
тін Экваторлық Африканың пигмейлері жатады. Екіншісі — Оңтүстік Африка
бушмендерімен готтентоттары — олардың терісі сарғыш, бойы орта немесе аласа
келеді, жұқа мұрнының ортан белі добарлау болады, эпикантус пен стеатонигия
кездеседі (бөксесінде май тү-зінділерінің көп болуы), дененің ерте
әжімденуі.
Негроидтық және европеоидтық нәсілдердің аралығындағы аралас жәңе
ауыспалы формаларға эфиопиялық (Эфиопия, Сомали және бас-қалары) тип
жатады, олардың шашы мен кезі қараторы немесе қара, шашы толқынды бұйра,
беті сопақ, мұрны жіңішке, ерні жұқа немесе орташа болады, бойы биігірек
келеді. Айрықша аралас нәсілдік типке (негроидтық және монголоидтық нәсіл)
Мадагаскардың байырғы халқы малагасиліктер жатады. Халықтың этникалық -
лингвистикалық құрамы. Африканың көптеген тілдері ғылыми тұрғыдан аз
зерттелген, бұл оларды классификациялауды қиындата түседі. Бір-біріне жақын
тілдерді біріктіретін тілдік семьялар мен топтар неғұрлым тиянақты бөліп
көрсетілген.
Бүкіл Солтүстік Африканы, Солтүстік-Шығысынын, едәуір бөлігін, сондай-
ақ ішінара Шығыс және Батыс Тропикті семит-хамит немесе Аф-рика-Азия
тілдерінде сөйлейтін (континент халқының үштен бірінен көбі) семьялар
халықтары қоныстанған, бұл семьялар өз ішінде төрт топ-қа: семит, бербер,
кушит және чад топтарына бөлінеді. Семит тіл тобы кіші екі топқа: араб (80
млн. адамнан астам) және эфиоп (20 мил-лиондай адам) топтарына жіктеледі.
Араб тілі диалектілерінде Египеттің, Магрибтің үлкен бөлігі—Ливияның,
Тунистің, Алжирдің, Марокконың халықтары сөйлейді. Ол, бүдан басқа,
Мавританияда, Судан территориясының үлкен бөлігінде, ішінара Мали, Нигер,
Чад және көш-пелі араб тайпалары мекендейтін басца елдер-ге таралған.
Екінші кіші топ тілдерінде негізінен Эфиопия халықтары амхар, тигре,
тиграй және басқалары сөйлейді.
Бербер тобы тілдерінде негізінен Солтүстік-Батыс Африка халықтары —
кабиль, риф, шлех, шавийя, тамазигт, зенага және басқалары сөйлейді. Оған,
бүдан басқа, Орталық Сахараның кең байтақ кеңістігінде көшіп жүретін
туарегтер тайпасы да жатады. Бербер тілдес халықтар жалпы алғанда, 9
миллиондай адам.
Кушит тілдері Египеттің оңтүстік-шығысынан бастап, Солтүстік Кения
мен Танзанияға дейін, алайда негізінен Эфиопияның оңтүстігі мен шығысында
және Сомалиде таралған. Бұл галла, сомали, беджа, сидамо, ираку, және басқа
халықтардың тілдері — барлығы 19,5 млн. адам.
Төртінші топ — чад тобы тілінде Солтүстік Нигерияда тұратын 22
миллионға жуық адам (хауса халқы — 18 млн. адам) және көрші Ни-гер, Чад,
Солтүстік Камерун мемлекеттерінде тұратын адамдар сөйлейді. Ежелгі Египет
тай-паларының тілдері мен солардың негізінде қалыптасқан ежелгі египет
жазба тілі жатады. Египет тілі дамуының ең соңғы сатысы копт тілі болды,
бұл тілде III—IV ғасырлардан бас-тап, Египеттің христиандандырылған
халықтары сөйлейді. XVII ғасырға қарай араб тілі копттардың тұрмыстық тілін
біржолата ығыстырып шығарды. Қазіргі кезде ол коптхристиандар арасында тек
құдайға құлшылық ету тілі ретінде сақталып келеді.
Тропиктік Африка мен Оңтүстік Африка ел-дерінің негізгі үш тілдік
семьяға жататын көп-теген тілдер: 244 миллионнан астам адамды қамтитын
нигер-кордофан (немесе конго-кор-дофан), 25 миллионнан астам адам ніл-
сахара, сондай-ақ саны шағын (250 мыңнан азырақ адам) койсан тілдері
таралған.
Тілдердің Нигеркордофан семьясы батысында Атлант мұхитынан бастап,
шығысында Үнді мұхитына дейін, солтүстігінде Сенегал мен Орталық Африка
Республикасынан бастап, оңтүстігінде Оңтүстік Африка Республикасына де-йін
таралған. Өте үлкен жерді қамтитын бұл семья екі этникалық-лингвистикалық
топқа — нигер - конго және кордофан тобына бөлінеді. Олардың біріншісіне
Батыс Тропиктің, Орталық Тропиктің, Шығыс Тропиктің және Оңтүстік Африканың
бүкіл тілдері дерлік енеді. Оған мына төмендегі кіші топтар тілдері (батыс
Атлантика жағалауларынан бастап, шығысқа қарай). батысатлант — 20 млн. адам
(фульбе, волоф, серер және басақлары); манде —11 млн. (бамбара, малинке
және басқалары); вольта —12 млн. (моси, груси, сенуфо және басқалары); ква
— 52 млн. (акан, эве, йоруба, ибо және басқалары); шығыс адамава—7
миллиондай (азанде, банда, гбайя және басқалары); бенуэ - конго (оның
ішінде банту халықтары да бар)— 140 млн. адам — Нигерия (ибибио, тив, және
басқалары), Камерун (бамилеке, буте және басқалары), Африканың оңтүстік
жартысындағы көптеген банту тілдері (франг, конго^ луба, мбунду, бемба,
ньмвези, ганда, малави, тонга, коса және басқалары) жатады. Кордофан (460
мың адам) этникалық-лингвистикалық тобы негізінен Судан Демократиялық
Республикасының орталық аудандарында мекендейтін ағын халықтарды
біріктіреді.
Ніл сахара семьясы батысында Нигер өзенінің орта ағысынан бастап,
Африканың шығысындағы Рудольф көліне дейінгі үш алапқа таралған. Бұл семья
тілдері генетикалық түрғыдан бірнеше топқа бірігеді. Ең көбі — шари — ниль
тобында, 18,5 млн. адам сөйлейді. Бұл — Суданның оңтүстігінде, Уганда,
Кения мен Танзанияда тұратын бұрын нилот деп аталған шығыс судан
халықтарының (динка, нуэр, ачоли, луо, масаи, нубий және басқалары) кіші
тобы; Чад-тьлч, оңтүстігіндегі (багирми және басқалары), Заирдағы (мору-
мади және басқалары) орталық судан халықтарының кіші тобы; дербес кіші
топтар құрайтын берта (Судан) мен кунама (Эфиопия) тілдері. Тілдердің
Сахара тобы (4 миллиондай адам) орталық Сахарадағы тубу, Нигерияның
солтүстік-шығысында қоныстанған канурлардан көрінеді. Үшінші топ —
Сонгаи (1,8 млн. адам), оған негізінен Нигер өзенінің оргә-лық ағысына —
Мали, Нигер, Нигерия мен Бенинге қоныстанған сонгаи және джерма халықтары
жатады, Бұдан басқа бұл семьяға осы топ-тардың ешқайсысына да енбейтін
жекелеген тілдер — маба, фур, кома тілдері кіреді.
Оңтүстік-Батыс Африкадағы тілдердің койсан семьясына шығу тегі
жағынан эр түрлі тілде сөйлейтін, бірақ тарихи жақындасқан бушмен,
готтентот және таулың дамарлар тілдері енеді, бұл тілдердің өзіндік
ерекшелігі — европалықтар аса қиындықпен айтатын шақпа дыбыстарды
сөйлегенде қолдану. Бұл семьяға сондай-ақ хатса (хадзапи және тиндига) мен
сандаве — Танзанияның ішкі аудандарын ме-кендейтін екі шағын халық енеді,
Мадагаскар аралына жергілікті халық австронезия тіл семьясының индонезия
тобына жағатын малагасий тілінің диалектілері мен наречиелерінде (8 млн.
адам) сөйлейді.
Африка тұрғындарының ішінде шамамен 11 млн. адам индоевропа семьясы
тілдерінде сөйлейді. Олардың 7 млн. адамнан астамы герман тілді халықтарға
жатады, Бұлар — Батыс Европадан келген отаршылдардың ұрпақтары
африканерлер, ағылшындар, немістер және басқалары, сондай-ақ ЮАР-дың ақ
түстілері, американ либерийлері (Либерия) және кейбір басца халықтар. ЮАР-
дың африканерлері ескі голланд тілі негізінде құрылып, жергілікті
африкандықтар тілінің ықпалына ұшыраған афркиаанс тілін қолданады. Роман
тілді топтарға африкандық француздар, итальяндар, испан-дар, португалдар
және басқалары (барлығы 1,5 млн. адам) жатады. Үндіарий тобы тілдерінде (2
миллинға жуық адам) Солтүстік Үндістан, Па-кистан және Бангладештен
шыққандар сөйлейді — бұл негізінен Маврика мен ЮАР, ішінара Шы^ыс Африка
халықтары. Бұдан басқа Афри-када гректер (65 мың), еврейлер, армяндар,
дравидтер, қытайлар және басқалар тұрады, діні. Осы күнге дейін Африка
халқының басым көпшілігінің дүниетанымы мен қоғамдық-саяси өмірінде діни
нанымдар мен табынулардың әртүрлі формалары, конфессиональдыц ұйымдар мен
одақтар едәуір роль атқарады, бұл сенім топтары дәстүрлі (таза Африкалық)
діндермен, нанымдармен және табынушылықтармен, сондай-ақ Африкаға әкелінген
дүние жүзілік діндер— ислам, христиан және христиан діні негізінде
құрылған христиан-африкан шіркеулері және секталарымен тығыз байланысты.
Африкалықтардың дәстүрлі нанымдары мен табынушьг с,тарына келетін
болсақ, одан бір де бір бірыңғай Африка дінін керетіндей негіз жоқ.
Керісінше, бұл нанымдар мен табынушылықтар қасиетті заттар; көз байлду
сиқыр-шылық: табиғат пен адамның еңсесін басып тұ-ратын бәрінен де күшті
және табиғаттан тыс сиықсыз күштер — мануға сенушілік; дүниенің, ңауым мен
жеке адамның және басқаларының тағдырын шешушілер дараланып көрінетін
көптеген рух пен жанға сенуді мақұлдайтын неғұрлым күрделі анимизмді
қасиеттейтін фе-тишизм (соқыр сенім) түріндегі әр түрлі діни формалардың
ала-құла келуі болып табылады.
Африкалықтардың идеологиялық өмірінде ата-бабалар рухына дәстүрлі
табыну Тропиктік және Оңтүстік Африка елдерінде неғүрлымЫқ-палға ие болып,
елеулі роль атқарады. Гвинея жағалауындағы эзотериялық (құпия)
бірлестіктердегі табыну соншалық ықпалды (мәселен, ерлер одағы Поро,
әйёлдер одағы Санде және басқаларындағы табыну). Өз кезінде қайталан-бас
мемлекеттілік жасау дәуірін. бастан кешірген бүтіндей бірқатар халықтар —
йоруба, акан, зулу және басқаларында құдайлар пантеоны-ның еркендеуімен
бірге мемлекеттік діннің әрекет үстіндегі калдықтары сақталған. Қазіргі
Африкада дәстүрлі нанымдар мен табы-нуларды континенттің бүкіл халқының 30%-
ті ұстайды.
Африкалықтардың едәуір үлкен бөлігі (халықтың 41—42%-ке дейіні)
исламды, негізінен оның сунниттік бағытының жолын ұстаушылар болуы мүмкін.
Африка мұсымандарының жартысына жуығы Солтүстік Африкада — Египет пен
Мағриб елдеріне шоғырланған. Батыс Тропиктік Африкада мүсылмандар халықтың
үштен бір бөлігінен кебірегін құрайды, оның жартысы Нигерияда тұрады. Ислам
тарихи тұрғыдан, Солтүстік Африкаға VII—XI ғасырлардағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz