Бағалық дискриминация және оның түрлерi



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ...4

1.1 Бағалық дискриминацияның жалпы экономикалық мәні ... ... ... ... ...4
1.2 Бағалық дискриминацияны аналитикалық зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ..6

II БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТЕГІ БАҒА ҚҰРУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.1 Нарықтағы монополия туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2 Бағалық дискриминацияның формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Жетілген бағалық дискриминация кезіндегі табыс ... ... ... ... ... ... ... 16

III ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ САЯСАТЫНЫҢ КӨРIНIСI ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Біз нарықтық экономикада монополияның бағаға әсер ете алатынын білеміз, яғни монополиялардың жүргізетін басты саясатының бірі баға саясаты. Монополия көбінесе өз өнімдерін жоғары бір деңгейдегі бағада ұстап тұрғысы келеді. Бірақ бұл бағаға тұтынушылардың бір бөлігі қанағаттанғанымен, кейбір бөлігінде фирма өнімін сатып алуға табысы жетпегендіктен мүлдем сұраныс болмауы мүмкін. Бұл жағдайда монополиялы фирманың шығарылған өнімдері толық өтпей немесе өндіріс көлемі торлық жұмыс істемей қысқаруы орын алады. Сондай-ақ асыра жоғары баға белгілеуден жалпы қоғамға зияны тиуіне байланысты фирмаға мемлекет баға саясатын өзгертуді талап етуі мүмкін.
Сондықтан монополист фирма әр түрлі сатып алушылардың мүмкіндігіне қарай бір тауарды әр түрлі бағамен сату саясатын жүзеге асырады. Бұл саясатты бағалық дискриминация деп атайды. Мұнда, яғни фирманың сол өнімге кеткен шығындары бірдей болғанымен, оны әр түрлі бағамен сатады. Мысалы, қаладағы театрларда бағалық дискриминация саясаты жиі қолданылады. Біз білетініміздей театрға кіру билеті ересектерге 500 теңге болса, ал балаларға 200 теңге, студентерге 300 теңге, сондай-ақ апта күндеріне байланысты сенбі және жексенбі күндері сұраныстың көп болуы себебінен баға жоғары болса, ал қалған күндері сол бағадан төмен болады. Бұл дегеніміз адамдардың әр түрлі жағдайы және мүмкіншілігіне байланысты театрдың күнделікті жұмыс істеп тұруы үшін жүргізіп отыратын баға саясаты.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы қоғамда болып отыратын фирмалардың немесе компаниялардың тауарларға әр түрлi баға белгiлеу саясатын, олардың тұтынушыларға тиiмдi және тиiмсiз жақтарын, осындай саясатты қолданатын фирмалардың iс-әрекетiн зерттеу болып табылады.
1. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
2. Мэнкью Н.Г. Принципы экономики. - СПб: ПитерКом, 1999-784 с.
3. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применени. В 2-х т. Т1.- М: Финансы и статистик, 1992-384с.
4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 б.
6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
7. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
8. Гальперин В.М., Игнатев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т.2. – СПб. – 1998 г.
9. Удярова Р. “Влияние монопольных субъектов на электроэнергетический рынок” // АльПари. №6, - 1999 г. – 38-41 стр.
10. Мамутов Б.А. “Управление финансово-экономической деятельностью предприятие (на примере ОАО “Казактелеком”). // XXI ғасырдағы “Мемлекет және бизнес” халықаралық ғылыми-практика конференциялары материалдары. – Алматы, 2003. 2 бөлiм.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Макро-микра кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРI

Орындаған:
2 курс студентi З. Бабаева

( қолы )
Ғылыми жетекшi:
э.ғ.к ., доцент Р.Т. Дуламбаева

( қолы, күнi )

Алматы, 2004
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

I БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ...4

1. Бағалық дискриминацияның жалпы экономикалық мәні
... ... ... ... ...4
2. Бағалық дискриминацияны аналитикалық зерттеу
... ... ... ... ... ... ... ..6

II БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТЕГІ БАҒА ҚҰРУ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

1. Нарықтағы монополия туралы жалпы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Бағалық дискриминацияның формалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Жетілген бағалық дискриминация кезіндегі табыс
... ... ... ... ... ... ... 16

III ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ САЯСАТЫНЫҢ
КӨРIНIСI ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

КІРІСПЕ

Біз нарықтық экономикада монополияның бағаға әсер ете алатынын
білеміз, яғни монополиялардың жүргізетін басты саясатының бірі баға
саясаты. Монополия көбінесе өз өнімдерін жоғары бір деңгейдегі бағада ұстап
тұрғысы келеді. Бірақ бұл бағаға тұтынушылардың бір бөлігі
қанағаттанғанымен, кейбір бөлігінде фирма өнімін сатып алуға табысы
жетпегендіктен мүлдем сұраныс болмауы мүмкін. Бұл жағдайда монополиялы
фирманың шығарылған өнімдері толық өтпей немесе өндіріс көлемі торлық жұмыс
істемей қысқаруы орын алады. Сондай-ақ асыра жоғары баға белгілеуден жалпы
қоғамға зияны тиуіне байланысты фирмаға мемлекет баға саясатын өзгертуді
талап етуі мүмкін.
Сондықтан монополист фирма әр түрлі сатып алушылардың мүмкіндігіне
қарай бір тауарды әр түрлі бағамен сату саясатын жүзеге асырады. Бұл
саясатты бағалық дискриминация деп атайды. Мұнда, яғни фирманың сол өнімге
кеткен шығындары бірдей болғанымен, оны әр түрлі бағамен сатады. Мысалы,
қаладағы театрларда бағалық дискриминация саясаты жиі қолданылады. Біз
білетініміздей театрға кіру билеті ересектерге 500 теңге болса, ал
балаларға 200 теңге, студентерге 300 теңге, сондай-ақ апта күндеріне
байланысты сенбі және жексенбі күндері сұраныстың көп болуы себебінен баға
жоғары болса, ал қалған күндері сол бағадан төмен болады. Бұл дегеніміз
адамдардың әр түрлі жағдайы және мүмкіншілігіне байланысты театрдың
күнделікті жұмыс істеп тұруы үшін жүргізіп отыратын баға саясаты.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы қоғамда болып отыратын фирмалардың
немесе компаниялардың тауарларға әр түрлi баға белгiлеу саясатын, олардың
тұтынушыларға тиiмдi және тиiмсiз жақтарын, осындай саясатты қолданатын
фирмалардың iс-әрекетiн зерттеу болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Бағалық дискриминация
және оның түрлерi” деп алдым.
I БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1 Бағалық дискриминацияның жалпы экономикалық мәні

Дискриминация термині латынша discriminatio , әр түрлі, әр
түрлілік деген ұғымды білдіреді. Бағалық дискриминацияда шығындарға
байланысты емес жағдайда бір және сол тауарды рынокта әр түрлі бағамен
сату. Экономикада сатушы да , сатып алушы да бағалық дискриминация саясатын
жүргізуге қабілетті. Бірақ жиі кездесетін нұсқа өндіруші жағынан бағаны әр
түрлі белгілеу болып табылады.
Бағалардың әр түрлілігі әр түрлі фирмалардың бәсекелестік күресте
қолданылатын саясаты, бірақ бұл бағалық дискримиинация болып табылмайды.
Өйткені жетілген бәсекелі рынокта фирмалар ең бастысы шығындарға тәуелді
болады. Себебі бәсекелік нарық болғандықтан көптеген фирмалар бар,
сондықтан шығындардан төмен баға белгілеу фирманың бәсекеге шыдай алмай
банкрот болуына алып келеді.
Сондықтан бағалық дискриминация саясатын тек қана монополиялық билікке
ие болып отырған фирмалар ғана жүргізе алады, себебі ол тұтынушының
мүмкіншілігіне байланысты шығындарды ескермей әр түрлі баға белгілейді.
Мысалы, күнделікті тұынатын электр энергиясын алсақ оған кететін
шығындар, яғни табиғи су көздері, су ағысын пайдаланып тоқ өндіретін
генераторлар бір болғанымен, еліміздің әр аймағында электр бағасы әр түрлі
болып келеді. Оған мысал ретінде ауылды жерлерде электр бағасының 1 Кв 2,7
теңге болса, ал ірі қалаларда (Алматыда) 4,5 теңге болып отыр.
Сондай-ақ жетілген бәсеке нарығында фирмалар бағаны өзгерту саясатын
шығындарды немесе тауардың өзін өзгерте отырып ( қорабын, көлемін,
ыңғайлылығы, қосымша қызмет түрлері ) жүргізсе, ал монополия жағдайында
бағалық дискриминация саясаты шығындарды, өнімді өзгертпей-ақ бағаны
өзгерте алады.
Тауар рыногында бір баға белгілеуде тәжірибеге жүгінсек әрбір рыноктың
өз шекарасы бар. Рынокта көбінесе баға рыноктағы сұраныс пен ұсыныстың
қатынасынан анықталып , бағалар бірдей болып келеді. Бағаны рынокта
теңестіріп отыратын басты себеп бәсеке болып табылады, яғни сатушыларды
өзара бәсекелестіріп қояды. Бұл жерде клиент альтернативті жағдайды
таңдайды. Сондықтан сатып алушыларды бәсеке жағдайында болады. Олар тек
қана тауарға бәсекелестікке түспейді, сонымен қатар оның қанағаттандыру
әсерінен де бәсекеге түседі. Осындай жағдайлар тауарлардың және
қызметтердің бірдей, тұрақты бағамен сатылуына алып келеді.
Бағалық дискриминация туындауының жалпы көрінісі, ол бағалық
дсикриминацияның қызмет етуінің нарықтық механизміне қарама-қайшы екені
анық. Бізге белгілі сатып алушылардың бюджеттік шектеуі, олардың талғамының
әр түрлі болатыны. Мұнда кейбір тұтынушылар сол өнімге қазіргі рыноктық
бағасынан да артық бере алады, ал кейбіреулері осы бағаны қабылдауға
жағдайы келмейді. Осы кезде монополист фирма бағаның әр түрін белгілеп,
бағалық дискриминация саясатын жүргізеді.
Бағалық дискриминация саятсатының iске асуы үшiн келесi жағдайлар керек:
1, 208 б .
1) Сатушы монополиялық билiкке ие болуы керек және ең бастысы егер фирма
бағаны көтерсе оған қарсы басқа бiр фирма бағаны өзгерту арқылы
бәсекелес болмауы тиiс;
2) Сатушы сатып алушыларды сыныптамасы бойынша бөле бiлуi және олардың
сатып алу қабiлетiн зерттей алатын болуы керек;
3) Өнiмдi және қызметтi қайта сатуға жол бермеу немесе алып-сатарлыққа
қарсы тұра алу. Сондықтан бағалық дискриминация саясатын көбiнесе
қызмет көрсету саласындағы фирмалар қолданады;

1. Бағалық дискриминация және оны аналитикалық зерттеу

Жетiлген бәсеке рыногындағы фирма басшысынан қарағанда монополиялық
фирма басшысының қызметi күрделi болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекедегi
фирма бағаға әсер ете алмауы себебiнен, ол тек қана барлы қiс-шараларын
өндiрiс шығындарынбарынша кемiтуге қолданылады, яғни өнiм бағасы шектi
шығындардан көп болмауы керек. Ал монополиялық фирма басқарушысы
шығындармен қоса бағаға әсер ете алатын болғандықтан және де рынокта өзi
ғана жалғыз қызмет еткендiктен әр түрлi саясаттар жүргiзiп отырады.
Мысалы, баға құруда әр түрлi тұтынушылар үшiн әр түрлi баға белгiлеу.
Ол үшiн монополист қолында рынок сұранысы, оның жағдайы туралы толық
ақпарат болуы керек. Сонымен бiз жұмыс барысында әрбiр рыноктық
стратегияның тұтынушылар ұтысын жаулап алу және оны фирманың қосымша
пайдасына айналдыруды өтемiз. Осының негiзiнде кең таралған әдiс бұл
бағалық дискриминация саясаты болып табылады. Мұнда әр түрлi сатып
алушыларға әр түрлi баға қалыптастырады. Ендi осы саясаттың монополиялық
жағдайда қалай жұмыс iстейтiнiң көрейiк.
Монополиялық билiкке ие болған өндiрушiлердiң пайдасын арттырудың
бiрден-бiр әдiсi бағалық дискриминация. Бұл әдiсте бiр өнiмдi қайта сатуға
келмейдi. Сондықтан бұл әдiстiң кең түрде қызмет етуi қызмтетер саласында
болып табылады. Сондай-ақ бағалық дискриминацияны аналитикалық зерттеуiмен
байланысты бiрнеше түрлерiне тоқталып өтейiк:
1) Аумағына байланысты, яғни бұл саясатта өнiм сатуда қалада немесе
ауылда әр түрлi сатылуы;
2) Уақыты бойынша ( күндiзгi және кешкi кинотеатрға билеттер);
3) Тұтынушылардың табысына қарай ( халықтың орта табы және байларға әр
түрлi бағамен сату );
4) Игiлiктiң тұтыну көлемi ( көлемнiң минималды және одан жоғары болуына
байланысты );
5) Тұтынушының әлеуметтiк статусына байланысты, яғни жол жүру билеттерi
студенттерге, мектеп оқушыларына, зейнеткерлерге және кәдiмгi
жолаушыларға әр түрлi болуы 2, 334 б .
Бағалық дискриминациялардың әдiстерiне байланысты оны 3 категорияға
(сатыға) бөледi.
1-шi сатыдағы дискриминация әрбiр игiлiк бiрлiгiн оның сұраныс
бағасымен сату. Мұндай жағдайда тұтынушылардың барлық ұтысы сатушы қолына
өтедi.
Егер монополист Q1 өнiм өндiрiп, P1 сатуға болады, ал қалған Qm-Q1
партиясын Pm бағамен сатады. Онда монополист фирма пайдасы жоғарғы
штрихталған аумаққа өседi.

P

P1

Pm
D
MC
Pc MR

Q1 Qm Q

Сурет-1 - Бағалық дискриминация әсерiнен пайданың өсуi

2 БАҒАЛЫҚ ДИСКРИМИНАЦИЯ НАРЫҚТЫҚ БИЛІКТЕГІ БАҒА ҚҰРУ САЯСАТЫНЫҢ
НЕГІЗІ

1. Нарықтағы монополия туралы жалпы түсінік

Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр ғана iрi өндiрушi
тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi теңескен. Тұтынушы
қаласа да, қаламасада монополистiң өнiмiн пайдалаып, оның тағайындаған
бағасын қабылдауға мiжбүр болады.
Монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ,
сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше
құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет
көрсету саласында орын алады 3, 4 б .
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiсi халыққа қызмет көрсету
саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен
қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның
көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта
екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр
тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Монополия кезiнде өндiрушi ұсыныс көлемiн толық өзi бақылайды, демек
монополиялық билiкке ие болады. Монополияның жетiлген бәсекеден басты
ерекшелiгi ол бағаға толық әсер ете алады. Сонымен, берiлген тауарды
өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа
тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирманың өзi
– монополист деп аталады 4, 303 б .
Рыноктық билiкке ие болған жағдайда фирма тауарына сұраныс қисығы
ылдилы, яғни жетiлген бәсекелiк рыноктың сұраныс қисығы абсалюттi икемдi
болса, монополиялы рынокта келесi суреттегiдей болады 1, 321 б

Баға

Р2

Р1
Сұраныс (D)

Q2 Q1 Өнiм
көлемi

Сурет- 2 – Монополист тауарына сұраныс қисығы

Монополисттiң өнiм шығарушы ретiнде өндiрiстегi мақсаты – пайданы
ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Жетiлген бәсекелi рынокқа
қарағанда монополия жағдайында пайданы көбейтуге бiрнеше саясаттар
қолдана алады, олардың нәтижесi дереу көрiнiс табады. Монополист сұраныс
қисығының бұрыштық коэфициентi терiс сан болады. Сондықтан монополист
төменгi бағаны белгiлей отырып, өнiмнiң мөлшерiн нарықта арттыруы мүмкiн.
Монополисттiң баға белгiлеудегi осы саясаттарының бiрi менiн талдап отырған
бағалық дискриминация саясаты. 5, 306 б .
Рынокта монополияның қызмет етуiнiң басты ерекшелiгi кедергiлердiң
болуы. Оларға:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғыз фирманың иемденуi; (мысалы,
Оңтүстiк Африка мемлекетiнiң “ De Beers” деген алмаз өндiретiн
компаниясы әлемдегi алмаз өндiру үлесi 80%- ды құрайды) 2, 318 б .
2) Iрi өндiрiстiң басым болуы;
3) Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан белгiлi бiр тауардағы өндiруге
ерекше түрде (монополиялық) құқық беру; көп жағдайда арақ-шарап
өнiмдерi, қару-жарақ шығару, дәрi-дәрмекке қолданатын есiрткiлi
заттар бiр фирмада өндiрiледi. Егер бiр өнiм иновациялы болып, бәсеке
қабiлетi жоғары болса, оған мемлекет патент немесе авторлық құқық
бередi;
4) Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу, яғни бәсекелесiн ығыстыру
мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынынан төмен бағамен сату. Мүндай монополия
рынокты экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсер тигiзедi, сондықтан
мемлекет тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады
3, 27 б .
Монополис тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейдi деп
алсақ тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi. Онда
монополист өндiрушiнiң пайдасы төмендегiдей формуламен анықталады 5, 306
б .
П = TR – TC = p(Q) * Q – TC(Q) (3)
Мұндағы, П – монополист пайдасы;
TC – жалпы шығын;
TR - өндiрушiнiң жалпы түсiмi;
Q - өнiм көлемi;
Р – баға деңгейi.
Яғни, пайданы барынша көбейту шарты “MR = MC” болып табылады.
Мұндағы, MR – шектi түсiм;
MC – шектi шығын 4, 223 б .
Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге
тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз.
Монополистiң қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы барынша көбейту шарты
MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады:
МR = Р (1Е +1) = МС
(4)
Бұдан пайданы мейлiнше көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1Е +1) = МС
(5)
Ал монополиялық қысқа мерзiмдi жағдайда пайдаы барынша көбейту шарты
MR=MC.
МR = Р (1Е +1) = МС (6)
Бұдан пайданы мейлiнше көбейт шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1Е +1) = МС
(7)
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е 0, демек
монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда
жоғары болады, яғни Р МС. Пайданы барынша көбейту шартын 3-шi суреттен
көре аламыз 2, 325 б .

Баға (Р) MC
Р1
Рm В АТС

Р2 А

MR AR

Q1 Q max Q2 Көлем (Q)

Сурет-3 – Монополистiң пайдасын барынша көбейту

Суреттен көретiнiмiз монополиялық нарық бағасы өндiрiс көлемi (Qm)
мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни
монополиялық баға Pm болып табылады.
2. Бағалық дискриминацияның формалары

Қандай да болмасын фирмалар рыноктық немесе монополиялық жағдайда өз
саясаттарын iске асырған кезде белгiлi бiр жүргiзiлу тәртiптерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополияның жалпы мәні мен түрлері
Жабық монополия
Нарықтағы монополиялардың белгілері
Монополия және монополиялық билік туралы мәліметтер
Кәсіпорынның баға стратегиясы
Монополия туралы түсінік
Кәсіпорынның баға саясаты
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-теңдік
Монополия түсінігінің негіздері
Пәндер