Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау



ТАБИҒАТҚА АЯЛЫ АЛАҚАН КЕРЕК
Орнықты экономикалық прогресс
Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру
Орнықты технологияларды енгізу
Экологиялық орнықтылық
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу
Өңірлердің орнықты дамуы
ШИКІЗАТТЫ ҰҚСАТА БІЛГЕН ҰТАДЫ
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды бас¬қар¬ма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдары¬ның, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізіл¬ді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
МИНИСТРЛІГІ

Т. Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық
УНИВЕРСИТЕТІ

Баяндама

Тақырыбы: Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау

Орындаған: 050506 Экономика
мамандығы күндізгі

бөлімінің 4 курс студенті

Абуова С.К.
Тексерген: Мұқаұлы С.

АЛМАТЫ 2008

Табиғатқа аялы алақан керек

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған
ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда. Бұл жәйтті
Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде
атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы
уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен
жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан,
ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан
келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей
жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр.
Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас
мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың
орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл
бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар
түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына
жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама
жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды басқарма қызметкерлері биыл
қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде
жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген
жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау
нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы
салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат
түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында
экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың
экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық
саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің
мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және
Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің
қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізілді. Бүкілдүниежүзілік
қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық
форум болып, оған 600 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция
оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған
ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде
басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты
тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап
берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге
80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді,
дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп
келеді.
Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтардағы басқарма басшыларының
экологиялық мәселелер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы
кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқталғанды жөн көріп
отырмын. Басқосуларда жергілікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар,
үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және саяси партиялар өкілдері
аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және
олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік
жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары
бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудандары мен
қалаларында басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді.
Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті
проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың
аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалды.
Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық
негізде бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық
емес, қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойындауымыз керек. Мәселен,
Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны
ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле
ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын
жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы
қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық
жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті
жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың
орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер
салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген
тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән
салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып
жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық
тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.
Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау
жөніндегі мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған
қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге
шешілмей келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен
мол қаржы бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі
жағдайы экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені
ғана емес, Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс
орталығының маңайындағы елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын
көтермейді.
Басқармаға қарасты арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық
ауаға сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек,
облыстың экологиялық жағдайы тұрақты деп баға беруге болатындай.
Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған
ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді
көркейту, көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды
қажет етуде. Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай
қаласынан 30 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін
зауыт салудың уақыты келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын
сақтауға мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан,
Қарағанды облыстарының да ортақ көзқарасы, көмегі болуы тиіс.
Облыс территориясындағы Достық, Қорғас, Қалжат және Қарқара кедендері
арқылы Қытай және қырғыз елдерінен өтетін көліктерден экологиялық төлемдер
алынбайды. Бұл елдер бізден баратын көліктерден нақты төлемдер алады.
Аталған кедендерге арнаулы пункттер орнатып, халықаралық стандарттарға
сәйкес төлемдер алуды жүзеге асыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл қаржы
еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақтандыруға, жақсартуға
жұмсалар еді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 292-бабы бойынша
жергілікті атқарушы органдарға қалдықтарды сақтау, оны өңдеу, тиісті
орындарға тасымалдау, оларды полигондарға орналастыру, қалдықтармен жұмыс
істеу кезінде экологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету,
жауапты кәсіпорындар құру және басқа да міндеттер жүктелген. Сондықтан да
аудандық және ауылдық әкімдіктер қоршаған ортаны қорғауға арналған заң
талаптарына сәйкес өз аймақтарындағы жер, су ресурстарын сақтауға, оны заң
талаптарына сәйкес пайдалануға қатаң бақылау орнатуы керек.
Әсіресе, табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын құндылықтарға ерекше көңіл
аудару қажет. Оның ішінде аң, құстың жөні бөлек. Асқар таулар әлеміндегі
бұғы, маралға, арқар, елікке, қырғауылға, далалы жерлердегі қарақұйрыққа,
ақбөкенге қаруын ала жүгіретіндер, қызық үшін қызықтаушылар жоқ деп айта
алмасақ керек. Олардың жолын кесу кейде бізге оңай соқпайды. Табиғат аясына
шығып демалушылардың барған жерін жаудай жапырып, қалдықтарды шашып
кететіні, өрт қауіпсіздігін сақтамайтыны және бар. Жалпы, табиғатты қорғау
жағынан мәдениетіміздің кемшіндігі әр жерде көрініп қала беретіні өкінішті.
Қорыта айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлығын сақтау –
болашаққа деген қамқорлық, ұрпаққа қалдырар мұра. Сондықтан да Елбасы
Жолдауларын қоршаған ортаны қорғаудағы, табиғи ресурстарды пайдаланудағы
сындарлы ұсыныстары бізге жаңа міндеттер мен мол жауапкершілік жүктейді.
Бұл ең бірінші қоршаған ортаны қорғаудың да бәсекеге барынша қабілетті
болуына жағдай жасайды деген сөз. Демек, біз табиғи байлығымызды аялы
алақанда сақтауға мүдделіміз, әрі міндеттіміз.

Орнықты экономикалық прогресс

Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру. Қазақстанның орнықты дамуын
қамтамасыз ету:
шикізат секторының үлесін біртіндеп азайта отырып, экономиканы құрылымдық
қайта құру;
ғылымды және инновацияларды ынталандыру негізінде шетелдік өзіне
ұқсастардан асып түсетін “технологиялық озуды” дамыту;
қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;
біріккен экономикалық және экологиялық ұлттық есептерді жүргізу жолымен
табиғатты ұқыпсыз пайдаланудан болатын ұлттық байлықтың ысырабын есепке
алу;
жер, су, орман, минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың
экологиялық әдістерін қоса алғанда, табиғат пайдалануға деген осы заманғы
ғылыми негізделген көзқарасты енгізу;
энергетикалық шығындарды еңсеру саласындағы арнайы мемлекеттік
бағдарламаларды, біртұтас саясатты іске асыру барысында отандық
экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру;
ел экономикасын технологиялық қайта жарақтандыру, осы заманғы
технологияларды пайдалануды ынталандыру және ескірген технологиялар мен
жабдықтарды әкелуге тыйым салу;
ұлттық экономика құрылымындағы табиғи ресурстарды пайдаланатын
кәсіпорындар үлесін қысқарту, ғылымды қажет ететін, табиғатты сақтайтын
жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
алынған пайдалы қазбаларды және өндірілген биологиялық ресурстарды міндетті
пайдаланудың өлшемдерін белгілеу;
қалдықтарды орналастыру полигондарында жинақталған бағалы материалдарды
қалпына келтіру және пайдалану;
ауыл шаруашылығы жерлерін жайластыру және табиғи ландшафтарға бейімделген
ауыл шаруашылығын жүргізу жүйелерін енгізу, экологиялық таза ауыл
шарушылығы технологияларын дамыту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердегі табиғи топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру;
табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін болдырмау және жолын
кесу, қаскерлікке және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің
заңсыз айналымына қарсы күрес;
шаруашылық қызметтің барлық салаларына ресурс үнемдейтін және қалдықсыз
технологияларды енгізуді ынталандыру;
қалпына келтірілетін көздерді және қайталама шикізатты пайдалануды қоса
алғанда, экологиялық тиімді энергия өндіруді қолдау;
ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, оның ішінде энергия ресурстарын ауада
жағуға тыйым салу;
энергия мен шикізатты тасымалдау кезінде, оның ішінде энергия өндіруді
экологиялық негізделген орталықтан алу есебінен ысырабын азайту, ұсақ
тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру;
көліктің, көліктік коммуникация мен отынның экологиялық қауіпсіз түрлерін,
оның ішінде көміртекті емес түрлерін жаңғырту және дамыту;
ірі қалаларда негізгі қозғалыс түрі – экологиялық қауіпсіз қоғамдық көлікке
көшу;
экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту, тұрмыстық-коммуналдық кешенді
қайта жаңарту;
барынша ұзақ пайдалануға есептелген тауар өндірісін қолдау жолымен жүзеге
асырылады.
Орнықты технологияларды енгізу. Республиканың орнықты дамуын
қамтамасыз ету үшін техникалық әлеует құру өнеркәсіпте, ауыл
шаруашылығында, энергетикада, сумен жабдықтауда, қала шаруашылығын
басқаруда және көлікте орнықты, экологиялық таза және экономикалық жағынан
тиімді технологияларды енгізумен тікелей байланысты.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін рентабельді және қауіпсіз
өндірістік схемаларды, қажетті коммуникативтік және ақпараттық құралдарды,
сондай-ақ басқару мен есеп берудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг
және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, ұтымды
табиғат пайдалану жүйесі және басқалар) үйлестіретін кешенді жүйелер болып
табылады.
Қазақстан индустриясын дамытудың перспективалық міндеті стратегиялық
бағыттарда – кешенділікте, қалдықты аз шығаруда, ресурстық және энергиялық
тиімділікте, сондай-ақ экологияны бұзу себептерін жоюға басым мән бере
отырып, өндірістік жүйені барынша тұйықтауда өнеркәсіптік технология
түрлерін қайта жаңарту болып табылады. Орнықты технологиялық модель
әдеттегі өндірістік схемадан: жаппай өндірумен, жоғары жылдамдығымен,
экономикалық тиімділігімен, орталықтан бақылаумен және стандартталуымен,
адам факторына бағдарлануымен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасымен,
қалдықтарды қайталама кәдеге жаратумен және пайдалану жеңілдігімен
ерекшеленеді.
Өндірістік салада орнықты даму міндеттеріне қол жеткізу үшін:
өздерінің көрсеткіштері бойынша отандық та, шетелдік те ұқсас түрлерінен
асып түсетін “озыңқы” технологиялардың басымдығын қамтамасыз ету;
жаңадан енгізілетін және импорттан әкелінетін технологиялардың бәсекеге
қабілеттілігі мен экологиялық қауіпсіздігіне сараптама жүргізу;
өндірісті экологиялық қайта құрылымдау және экологиялық жаңғырту аясында
алдын алу сипатындағы маңызды шаралар болып табылатын технологияларды
басқарудың жаңа модельдерін енгізу;
шаруашылық қызмет практикасына: ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін, қаржылық
реттеу тетіктерін, қоғамдық қолдау шараларын, дамыған инновациялық
құрылымдарды, инфрақұрылымды жаңғырту мен өзгерту жағдайларын қоса
алғанда, орнықты технологияларды енгізу мақсатында шешімдер қабылдау және
жаңа инфрақұрылымды қалыптастыру үшін құралдар әзірлеу қажет.
Жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және
ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасында жаңартылатын ресурстарды және
балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану жөнінде:
жер, су, орман, балық, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы ресурстары
мен жаңартылатын энергияларды пайдаланудың неғұрлым қазіргі заманғы
технологияларын енгізу;
гидроэнергетикалық ресурстарды, күн және жел энергетикасы нысандарын және
басқа жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздерін ұтымды пайдалануды
ынталандыру;
энергияны, ресурстарды сақтау мен жаңартылған энергия көздерін қолданудағы
халықаралық тәжірибені тарату бойынша орталықтар құру сияқты шаралар
қабылдау қажет.

Экологиялық орнықтылық

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру. Қазақстан Республикасында
табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет
салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және
биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми
негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ
экологиялық аудитті жетілдіру;
қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының
алдын алу;
Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына
дейін кеңейту;
табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде
гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және
мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу
кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды
толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін
оңалту;
Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын
алу;
өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін
біртіндеп ұлғайту;
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.

Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін
азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын
қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды
элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз
қамтамасыз ету;
өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы
қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды
қатайту;
тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын
бақылау;
экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар
құру;
қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер
еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын
алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және
экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою
жөніндегі қызмет:
қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды
болжау;
жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-
тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті
экологиялық бөлімдерді қосу;
шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және
дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;
қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді
авариялардың алдын алу;
табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын
алу;
табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік
қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу,
сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі организмдер
түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен жүзеге
асырылады.
Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына
бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің
әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында
генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды
ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің
әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың
қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық
стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін
болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-
шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді
бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және
іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан
Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті
бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық
заемдар, гранттар және өзге де көздерден мамандандырылған қорлар құру
мүмкіндігімен қаржыландыру;
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың
конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру;
табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды
қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты
болатындығын немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін
білдіретін “ластаушы төлейді” қағидатын іске асыру;
келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті
бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы
төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан
Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік
айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру;
қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу
сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-
шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;
экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере
отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты қорғау (экологиялық)
жұмыстарының (қызметтерінің) құнын қосу;
қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;
табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта
пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;
халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану
жолымен пайдаланылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында
қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын
белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды
элементтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мынадай
негізгі бағыттарда дамуға тиіс:
орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу;
қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
қоршаған ортаның жай-күйі индикаторлары жүйелерін қалыптастыру;
экологиялық аудандастыру;
жергілікті жерлердегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу;
ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды
жасау;
жаңартылатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік,
дәрілік және басқалары) орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың
ғылыми қағидаттарын және технологияларын әзірлеу;
биологиялық әралуандықты сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу;
тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгерген түрлерінің
таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын
азайтудың тиісті әдістерін әзірлеу;
экологиялық-экономикалық бағалаудың әдіснамасы мен әдістерін әзірлеу, оның
ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын
анықтау;
ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті
қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу;
адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты
зерделеу;
экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ табиғатты
пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару
мақсатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.

Өңірлердің орнықты дамуы

Қазақстан Республикасы өңірлерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін
даму субъектісі ретінде тек әкімшілік бірліктерді ғана емес, сондай-ақ
тиісті экологиялық жүйелерді де қарастыратын экожүйелік (алаптық) қағидатты
енгізу қажет.
Қазақстан Республикасының аумақтық деңгейдегі орнықты дамуы Қазақстан
жағдайында табиғат, оның ресурстары мен экожүйелері анық трансөңірлік
сипатқа ие болғандықтан, тек әкімшілік-аумақтық бөлініс субъектілері
аясында ғана жүзеге асыруға болады.
Осыған байланысты алаптық қағидат бойынша орнықты экожүйелік дамудың
мынадай сегіз аймағына арналған орнықты дамуға көшу жөніндегі іс-шаралардың
өңірлік жоспарларын әзірлеу көзделеді: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс,
Есіл, Жайық-Атырау, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас.
Экожүйелік қағидатқа сәйкес және трансөңірлік негізде орнықты өңірлік
даму бағдарламаларын жасау:
тұтас экологиялық жүйелерге жататын аумақтарды басқаруға деген бірыңғай
көзқарасты негізге ала отырып, табиғатты тиімді пайдалануға және табиғи
ресурстарды сақтауды қамтамасыз етуге;
табиғи ресурстар менеджментінің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігін,
ведомстволық бытыраңқылықты және функциялардың қосарлануын еңсеруге;
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын нығайтуға және өңірлердің
әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы жіктелушілікті азайтуға;
халықаралық қатынастарда экожүйелік көзқарасты дамытуға жағдай жасауға,
трансұлттық экологиялық жүйелерді сақтау жөніндегі бірлескен қызмет аясында
көрші елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
Мұнда алаптық қағидат елдің әкімшілік бөлінісі, әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар, экономикалық кластерлер құру секілді аумақтық ұйымдардың
өзге түрлерін алмастырмайды. Сонымен бірге орнықты даму аймақтары аясында
қоршаған ортаны қорғау мүдделерін сақтау негізінде ықпалдасу процестері
белсенді түрде жүзеге асатын болады.
Қазақстан Республикасының үлгісінде экожүйелік деңгейде аумақтық орнықты
дамуға түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуы мүмкін.

Шикізатты ұқсата білген ұтады
  
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия
кешені Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің
қатарына қосылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі
ретінде белгіленген. Республика кен-металлургия кешенінің басты міндеті
ішкі және сыртқы рыноктардың қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге
қабілетті өнімдер шығару болып табылады.
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат
балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат
рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру
комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша
әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:
алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-
орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Қоршағана ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Қазақстан тұқтылық және жаңару жолдары
Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі
Экологиялық бақылаудың объекті ретінде әлеуметтік-табиғи экожүйе
Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған орта сапасын жақсартуға арналған іс - шаралар.
Заңды тұлғаның заңы
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Пәндер