Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері


Тақырыбы : Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері.
Жүрек- қан айналу жүйесіндегі негізгі бөлім. Ол тоқаусыз қызмет етеіп, қан тамырлардың қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Бір тәулік ішінде жүрек 5-6 мың литр қанды айдайды. Қанның тамырларда қозғалуына түрткі болатын энергия жүректің бұлшық еттердің қызметіне байланысты өндіріледі. Бұл 200 кг жүкті 100м биіктікке көтергенмен бірдей. Ал дене еңбегі бұл жұмысты 2 есе күштейді деуге болады. Айталық, 1 сағаттай ауыр жұмыс кезінде жүректен өтетін қанның мөлшері 2000-2500 л. Мұндай жұмыс жүректі қанмен күшті қамтамасыз етуді тілейді. Адам жүрегінің салмағы 250-360 г, яғни дене салмағының 1/200 бөлігіне тең, бірақ ол қан айналымындағы бүкіл қанның 1/10 бөлігін пайдаланады. Жүректі қанмен қамтамасыз ететін қан тамырларды жеке жүректен -қан тамырлар жүйесін құрады.
Адамның жүрегі бұлщық еттен тұратын конус пішінді қуыс мүше. Ол салмағына, жынысына қарай бөліктенеді: ерлердің жүрегі (300 г) әйел жүрегінен (220 г) салмақтырық. Жалпы ұзындығы -12-14 см, ең жалпақ жері -10-11 см. Жүрек оң және сол жақ бөлімдеріне тұрады. Олардың әрқайсысына екі-екіден қуыстары бар: жүрекше және қарынша деп аталатын қуыстар бар. Жүректің оң жақ бөлігін сол жақ бөлігінен қалық ерекше құрлымды жүректер еттері бөліп тұрады. Қарынша мен жүрекшенің арасында сол жағында қос жаппалы және оң жақ үш жаппалы қаппақшалары болады. Сол жақ жүрекшеден денедегі ең үлкен қолқа тамыры, ал сол жақ жүрекшеден өкпе артериясы басталады. Жүрекшелер мен қолқа және өкпе артерияларының арасында, жарты ай іспекті қақпақшалары бар. Жүрек қуыстардың қақпақшалары қанды тек бір бағытта ғана өткізеді жүрекшелерден қарынша қуысына, одан артерия қан тамырларына қарай. Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады: сырқты- эпикард(эпи-үстінгі, кардиа-жүрек ), ортанғы - миокард(миос-бұлшық ет) ішкі-эндокад-(эндон-ішкі ) . Жүректің еті микард-ерекше құрылымды көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұрады. Оның қалындығы жүректің ір жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері жүрекшенің қабырғасында 2-3мм ал қалың жері - сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы бұдан *3-4 есе артық.
Жүректің салмағы дененің жалпы массасымен салыстырғанда, үлкен: 0, 63-0, 80 % ал ересек адамда 0, 48-0, 52% . алғашқы жылда жүрек тез өседі: сегіз айдың ішінде оның салмағы екі есе артады, үш жаста үш есе, бес жаста төрт есе, он алты жаста он бір есе ұлғаяды. Ер балалардың жүрегінің салмағы бірінші жыллда 110 -127 г қыздардың жүрегінің салмағынан 108-120 г артық. Жыныстық жетілу басталған кезде қыздардың жүрегі тезірек өсіп, ер балалардың жүрегінің салмағынан артық болады: ер баларда 130-134г, қыздарда 140-143г, бірақ 15-16 жастан кейін олардың жүректерінің салмағы теңіседі де кейінен жігіттердің жүрегі салмақтырақ болады. Қыздарда 190-200г жігіттерде 193-260г . Кейінен ер азамат пен әйелдердің жүрегінің салмағының бұл айырмашылығы сақталады.
Жүректің қызметі кезінде қозғыш ұлпа ретінде электірлік белсенділік байқалады. Жүректің қызметінің электірлік белсенділігі электрокардиография(электрон-янтарь, кардия-жүрек, графо- жазу) деген аспаппен жазып алады жүрек еттердің жұмысы кезінде пайда болатын қозуын жазып алған сызбаны электрокардиграмма деп атайды.
Адам жүрегінің әр түрлі биіктіктегі тісше жазба. Одан бес тісшені анық көруге болады. Ол тісшелердің үшеуі PRT жоғарғы қараған ал екеуі QS төмен қараған. \
Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары кезекпен жиырылып, босайды, содан соң толық демалыста болады. Жүректің жиырылуын ситола, босауын диастола, демалуын пауза деп атайды. Жүректің бір рет жиырылып және босап, демалуын жүрек циклы деп атайды. Орта есеппен алғанда ересек адамның жүрегі 1 минутта 70-750 рет жиырылады, яғни бүкі цикл 0, 8 с. жүректің бір циклы 3 кезеңнен тұрады: а) жүрекшенің систолдасы 0, 1 с; ә) қарыншаның систоласы 0, 3 с; б) жалпы пауза 0, 4 с. Ауыр дене еңбегі кезінде жүрек жиі соғады. Жаңа туған сәбидің жүрегінің соғу жилігі жоғары: 1 минутта 120-168 ретке дейіе. Содан соң біртіндеп азады. 8 жасқа дейін жыныстық айырмашылық онша емес, ал 8 жастан бастап айтарлықтай айырмашылық бар. Жүректің соғу жилігіне сыртқы ортаның әсерінен күшті ықпалы бар: дене еңбегі кезінде, эмотция, тауға көтерілгенде т. б. жағдайларда жүректің соғу жилігі артады, ұзақ уақыт спортпен шұғылданған адамның жүрегінің соғу жилігі азаяды.
Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 60- 80 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның
с и с т о л а л ы қ к ө л е м і дейді, ал әр қарыншаның 1 минутта өзінен өткізетін қанның мөлшерін қанның м и н у т т ы қ
к ө л е м і деп атайды. Минуттық көлемді табу үшін систолалық көлемді жүректің1 минутта жиырылу санына көбейтеді. Жүрке жйырылған кезде біраз мөлшердегі қан жүрек қуысына қалып қояды. Оны қанның қ о р м ө л ш е р і деп атайды. Қанның систолдық, минөттік және қоро мөлшерлері жүрек қызметінің көрсеткіштері. Олардың көлемі адамның жеке басының қасиетіне, жасына және жынысына байланысты. Айталық спортпен үнемі шұғылданып жүрген адамдардың бұл көрсеткіші жай адамнан гөрі көп, ал жүректің соғу жилігі аз болады. Мысалы, үнемі жүзумен шұғылданған спортшының жүрегінің соғу жилігі минутта 50 рет болып, оның бұлшық еттерііне қажетті оттегі систолалық мөлшерінің қамтамасыз етілсе, жаттықпаған адамда жүректің соғу жилігінің көбеюі арқылы қамтамасыз етіледі .
Баланың жүрегінің соғу жилігі мен қанның
систолалық көлемі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz