Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
№ қаулысына
ҚОСЫМША
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Шымкент қ. 2005 ж
1. Бағдарламаның паспорты
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-1 Заңы,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы,
«Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы №450 қаулысы
Жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын және орта кәсіпкерлік үлесін ұлғайту;
Жұмыспен қамту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру;
Әкімшілік тосқауылдарды жеңу;
Кредиттік қаражаттарға шағын және орта кәсіпкерліктің қол жеткізуін жеңілдету;
Кәсіпкерліктің өндіріс және туристік секторын басым түрде дамыту;
Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту;
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың тиімділігін арттыру;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және қызметін белсендіру
Кәсіпкерлікті қолдауды қаржылай қамтамасыз ету мынадай қаражат есебінен жүзеге асырылады:
облыстық бюджеттен 5, 5 млн. теңге көлемінде
2006 жылы - 1, 5 млн. теңге
2007 жылы - 2, 0 млн. теңге
2008 жылы - 2, 0 млн. теңге
шағын бизнестің өндірістік саласын қолдауға 2-ші деңгейдегі банктер 48000, 0 млн. теңге көлемінде
2006 жылы - 15000, 0 млн. теңге
2007 жылы - 16000, 0 млн. теңге
2008 жылы - 17000, 0 млн. теңге
басқа да көздер: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы, микрокредиттік ұйымдар, ауылдық кредиттік серіктестіктер, лизингтік компаниялар және басқа қорлар.
2. Кіріспе.
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы №450 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған жедел шаралар бағдарламасында» қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Дүниежүзілік тәжірибе нақты көрсеткендей, нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын арттыруға едәуір әсерін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілері өздері өндірген тауар және оны сату көлемі, атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметі, жұмыспен қамтылған адамдар саны жағынан алдыңғы рольде.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдай отырып, оның келесі басымдықтарын атауға болады: шаруашылық жүргізудің жергілікті жағдайларына жылдам дағдылану; шағын кәсіпкерлік субъектілері іс-әрекеттерінің тәуелсіздігі; шешімдердің қабылдану мен орындалудағы шұғылдығы мен икемділігі; шығындардың кемдігі, әсіресе басқаруға кететін шығындардың; өз идеяларын, мүмкіншіліктерін іске асыруға жеке тұлға үшін зор мүмкіндіктердің болуы; қаржыға деген сұраныстың төмендігі және жергілікті рыноктардың талаптарына сәйкес өнімге және өндіріске тез арада өзгеріс енгізу; өзіндік қаржының жылдам айналымдылығы және т. б. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті рыноктың сұранысын жақсырақ біледі, көп жағдайда нақты бір тұтынушылардың тапсырысымен тауарлар өндіреді, ірі кәсіпорындарға қарағанда көптеген адамдарға қажетті қаражаттар бере отырып, кәсіби жұмысшылар даярлауға және тәжірибелік білімдерді таратуға септігін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын және орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда сан жағынан да, сондай-ақ тауар өндірудегі, жұмыс атқарудағы, қызмет көрсетудегі үлес салмағы жағынан да басым орынға ие. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, олардың арасында ең елеулілерін атап өту қажет: ықтимал тәуекелдің көптігі, соның салдарынан рыноктағы жағдайдың тұрақсыздығы дәрежесінің жоғары болуы; ірі компанияларға тәуелділігі; жұмысты басқарудағы кемшіліктері; басшылардың жетік біле бермеуі; шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруіне жоғары сезімталдығы; қосымша қаржыларды тартудағы және несиелерді алудағы қиындықтар; шаруашылық жүргізуші әріптестердің келісімдерді (шарттарды) түзгендегі сенімсіздігі және сақтығы және т. б.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын белгілеп отыр, олар - шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірлей жаңа идеологиясын құру және кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беруі; қаржылық супермаркет құру; банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыру.
Осы Бағдарлама сан жағынан сегізінші болып табылады және алдыңғыларына қатысты сабақтастықты сақтайды. Бағдарлама облыс экономикасының дамуында белгіленіп отырған тенденциялар мен іс-шаралар ескеріле отырып әзірленді.
Бағдарламаның іс-шаралары шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге және қолдауға, шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын ұйымдастыру үшін мүмкіндіктерді толық пайдалануға, жұмыс орнының санын арттыруға, ресми және жасырын жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, сонымен қатар, облыстық және жергілікті деңгейдегі қолдау шараларының сапасы мен тиімділігін арттыруға және шағын бизнес секторындағы проблемаларды жоюға бағытталған.
3. Кәсіпкерліктің қазіргі жай-күйі мен дамуын талдау
1) Жалпы жағдай
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат шараларын іске асырудың арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік секторы жоғары деңгейге жетті. Егер 2002 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 44, 2 кәсіпорын болса, 2004 жылы 1000 тұрғынға 52, 5 шағын кәсіпкерлік субъектісі келеді.
Бүгінгі таңға кәсіпкерліктің өрістеуіне, оны дамыту үшін жағдайлар жасауға, тексеруші органдардың бюрократтық іс-әрекеттерінен қорғауға әсерін тигізетін нақты қадамдар жасалды.
Облыстық мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қоғамдық сараптау кеңестерін құру процесі жүргізілуде. Сараптау кеңесінің мәжілістерінде толғағы жеткен мәселелер, билік өкілдері мен кәсіпкерлер арасындағы даулы жағдаяттар және сол мемлекеттік құрылымның қабылдаған нормативтік құқықтық актілеріне қоғамдық сараптама жүргізіледі. Сараптау кеңестерінің шешімдері ұсынымдық сипатта болғанымен, мұндай сараптау кеңестерінің құрылуы және жүйелі түрде жұмыс жасауы мемлекеттік органдардың жұмысын кәсіпкерлер үшін ашық етуге, арада байланыс орнатуға септігін тигізеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір бағыты ол облыстық бюджеттен кредиттеу. 1997 жылдан бері өз бизнесін дамытамын деген кәсіпкерлерге басым бағыттағы 159 жоба үшін кредит берілген. Оның ішінде өндірістік секторда - 72, 7%, ауыл шаруашылығында - 19, 8%, қызмет көрсету және көлік саласында - 7, 5%. 2004 жылы облыстық бюджеттен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген сыйақы ставкаларымен 35 млн. теңге кредит берілген, бір қолға шаққанда 10, 5 млн. теңге. Кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру үшін кредиттеу барысында жыл басынан бері 249 жұмыс орны ашылды.
2005 жылдың 1 қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттік қаражаты 22010, 5 млн. теңгені құрады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлікті сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың бұл секторында оң өзгерістердің болып отырғанын көрсетеді. Бұл өндірістің қайта жаңғыруынан, халықтың нақты ақшалай табысының ұлғаюынан, мемлекеттік қолдаудың күшеюінен туындаған.
2005 жылдың басына тіркелген кәсіпкерлік құрылымдардың жалпы саны (базардағы саудагерлерді қосқанда) шамамен 114800 бірлікті құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15% жоғары болды. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері 97% кәсіпорындарының 97%-ы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғандар.
- Заңды тұлға ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 12851 бірлікті құрады, оның 9163-і жұмыс істейді.
- Жеке тұлға ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 101949 бірлікті құрады, оның 47709-ы - жеке кәсіпкерлер, 54240 - шаруа қожалықтары.
Облыс бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері жалпы саны ішіндегі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының үлес салмағы 88, 8%-ды құраса, сәйкесінше заңды тұлғалар үлес салмағы 11, 2% -ды құрайды.
Жүргілізген мониторинг нәтижесі соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің тіркелген кәсіпорындары мен оның жұмыс істеп тұрғандарының қатынасы өзгеріссіз қалуда деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мәліметтер бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (заңды тұлғалар) шамамен 29%-ы, ал ол орта есеппен 3000 кәсіпорын, тоқтап тұр немесе көлеңкелі бизнеске кетуде.
Шағын кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санына қатысты, кәсіпкерлік дамуына жасалған талдау барысында анықталғаны шағын бизнестегі құрылымдық бірліктер санының ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларында жаңа кәсіпорындар құрудың есебінен өсіп отырғанын көрсетеді. Белсенді кәсіпорындардың ең көп шоғырланғаны ауыл шаруашылығында - 49, 8%, сауда саласында - 35, 5%, көлік және байланыста - 2, 5%, қонақ үй бизнесінде - 1, 5%, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында - 1, 5%, және басқа да қызмет түрлерінде - 9, 2%.
Оның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы секілді тұрғыны көп ірі орталықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін өндірістік сектор жеткілікті дәрежеде дамымаған деген тұжырымдама жасауға болады. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздарды, сонымен бірге базарларда сауда-саттықпен және басқа да табыс тұрғысынан алғанда тұрақсыз жұмыспен қамтылған адамдарды ескерсек, онда аталған аймақта шағын кәсіпкерлік секторын дамытуға еңбек ресурстарының әлеуеті жеткілікті деуге болады.
Шағын кәсіпкерлік саласында 312, 2 мың адам қамтылған, ол өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 5, 3% көп (2003 ж. - 296, 5 мың адам) немесе облыс экономикасының жұмыспен қамтылған халқының 31, 1%-дан астамын құрайды:
жеке кәсіпкерлікте - 59, 4 мың адам
шаруа қожалықтарында - 186, 8 мың адам
заңды тұлға ретінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарында - 66, 1 мың адам.
Шағын бизнес өкілдері 117463, 3 млн. теңгеге өнім өндірген, жұмыс атқарған және қызмет көрсеткен, ол өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 16% көп. Орта есеппен бір шағын бизнес субъектісі (заңды тұлға) 7408, 8 мың теңгеге өнім өндірген, жұмыс атқарған және қызмет көрсеткен.
2004 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 6719, 9 млн. теңге салық, алымдар, кедендік және басқа да төлемдер төленген, ол өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 19% көп (2003-5645, 9 млн. теңге) . Салықтық төлемдердің түсімі келесідей: заңды тұлғалар 5445, 1 млн. теңге төлеген, жеке кәсіпкерлер -1016, 3 млн. теңге, ал шаруа қожалықтары - 258, 5 млн. теңге.
Облыс бойынша жыл басынан, қаржы департаментінің мәліметі бойынша, кәсіпкерлерге қолданылмай жатқан 19 коммуналдық меншік объектісі берілген, оның ішінде 11 объекті қайтарымсыз негізде берілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таңдауы бойынша 10 объект әрі қарайғы меншік құқығымен сенімді басқаруға берілген.
Реформа жүргізілгелі бері жер иеленуге 96264 акт берілген, оның ішінде шаруа қожалықтарына - 58538, жеке кәсіпкерлерге - 7040, өндірістік кооперативтерге - 1025, толық серіктестіктерге - 48, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге - 1117. 2004 жылдың 1 тамызына тұрғын үйлерде шағын бизнес объектілерін ашу үшін пәтерді қайта жоспарлау үшін кәсіпкерлерге 1978 рұқсат берілген.
2) Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы
Кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдаудың қозғаушы рычагының бірі кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту болып табылады, мұның астарында шағын кәсіпкерліктің бүтіндей өндіріс процестерінде және қызмет жасауында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, мекемелер және институттар жиынтығы түсіндіреледі.
Шағын кәсіпорындарың проблемаларын зерттеу және қорыту, шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, билік органдарында шағын бизнестің мүдделерін қолдау және заңды құқықтарын қорғау, шағын кәсіпкерліктің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу, маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыстарды іске асыру - бұл функцияларды кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.
Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылымдық институттардың құрылымын қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар, бизнес - инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер, ақпараттық-талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары, халықаралық институттар айқындайды.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің 20-дан астам қоғамдық бірлестіктері және салалық қауымдастықтары қызмет етеді. Кәсіпкерлік қолдау саласында көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың негізгі принциптері, формалары мен механизмдері қалыптастырылған.
Экономикалық тұрақтылық пен экономикалық қызметтің белсенділігі жөнінде банктердің ресурстық базасы мен банктік несиелердің ұлғайғаны куә болады. Макроэкономикалық тұрақтылық пен қаржы жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын кәсіпорынның техникалық жаңаруына, бәсекелестікке қабілетті жаңа өндірістер құруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестицияға қарай ұлғайтық. Олардың ұлғаюының тұрақты динамикасы байқалады. Жалпы несиенің ең көп бөлігі өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығында пайдаланылуда.
Сондай-ақ, облыстың негізгі қаржы институттары, микрокредиттік ұйымдар, қоғамдық қорлар («Қазақстандық несиелеу қоры» Шымкент филиалы, «ОҚО Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау Қоры» қоғамдық қоры, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы), лизингтік компаниялар болып табылады.
Үшінші деңгейлі кредит беру жүйесінің қызмет етуі тек микрокредит берумен айналысатын мекемелердің қызметіне тікелей байланысты. Тек өз капиталының есебінен, гранттардан және бағдарламаға қатысатын кәсіпкерлердің жарнасынан кредит беретін микрокредиттік ұйымдар мемлекет тарапынан төмен дәрежеде реттелетін кредиттік қарым-қатынас жүйесінің деңгейі болып табылады. Бұл өз кезегінде ұсақ кәсіпкерлердің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылатын заңсыз қаржы делдалының шығуына ықпал етеді.
Облыста ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесімен қатар, микрокредиттік ұйымдар, олар облыс бойынша 64, жүйесі дамуының оң тенденциясы байқалады. Бұл республикадағы барлық микрокредиттік ұйымдар санының үштен бір бөлігін құрайды. Олар 2004 жыл ішінде 1, 7 миллиардтан астам теңге сомасына кредит берген.
Шымкент және Түркістан қалаларындағы Қазақстандық несиелеу қорының филиалдары кәсіпкерлерге шағын кредит беру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Бизнестері Шымкент қаласында орналасқан Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, және Ордабасы аудандары кәсіпкерлерін қордың Шымкенттік филиалы қаржыландыруда, ал Түркістан филиалы сонымен қатар Кентау қаласындағы кәсіпкерлерді де несиелеуде.
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту» аймақтық қорының бастауымен осы уақытқа дейін өзіндік жеке қаражаты есебінен 64 жоба 508, 2 млн. теңге сомасына қаржыландырылды. Қаржының негізгі көлемі өнеркәсіп өндірісіне -39% ауыл шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге-29, 5%, көлік және қызмет саласына-23% жұмсалды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қордың қаржылық көмегі республиканың барлық аумақтарында 75 мың жұмыс орнының ашылуына септігін тигізді.
Қордың негізгі проблемалары болып шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнесті жүргізу мәдениетінің төмендігі және кепіл құралдарының жеткіліксіз болуы салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инвестицияға қол жетпеушілігі болып табылады.
ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі, сонымен қатар ГФР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы келісімдер аясында Халықаралық Қайырымдылық Корпусы мен Халықаралық ТАСИС ұйымының қаражаты есебінен облысымызда құрылған «Фермерлер және кәсіпкерлерді қолдау қоры» қоғамдық қоры 1997 жылдан бері жұмыс жүргізуде. Қордың негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға жанар-жағармай өнімдері, тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жеткізіп беруге түзілген шарттар бойынша төлем жасау жолымен материалдық-техникалық қолдау көрсету болып табылады.
2004 жылы кәсіпкерліктің 210 субъектісіне 25, 6 млн. теңге көлемінде займ (кредит) берілген.
Жобаларды қаржыландыру мына бағдарламалар бойынша жүргізілді, атап айтқанда: 1. «Жанармай. Тұқым. Тыңайтқыш», 2. «Техника. Құрал-жабдық. Мал шаруашылығы». және 3. «Агробизнес. Шағын және орта бизнес». Қордың мақсаты тек материалдық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар кеңес беру және тәжірибелік көмек көрсету.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында Евразия қорының, «ПРООН-ның», Әлем Корпусының техникалық қолдауымен халықаралық донорлық ұйымдардың (Неміс техникалық ынтымақтастық жөніндегі GTZ қоғамы, Сорос-Қазақстан қоры) қаражатына құрылған «СодБи» бизнес-инкубаторы қазіргі уақытта белсенді жұмыс атқаруда. «СодБи» бизнес-инкубаторы корпоративті қорының негізгі қызметі жаңадан бастап дамып келе жатқан өндірістік және сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсету, белсенді адамдар идеяларының жүзеге асуына және дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. «СодБи» бизнес-инкубаторы жаңадан бастаған кәсіпкерлерге офистік, қойма және өндірістік орындармен қамтамасыз етуге көмек береді. Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнес-инкубатордан бизнес жүргізу, бухгалтерлік, заңдылық, маркетингтік курстар, заңды және жеке тұлғалардың тіркелуі туралы кеңестер алуына болады.
Кәсіпкерлер жұмыс процесінде көптеген проблемаларға кездеседі, әсіресе шағын кәсіпорындардың қалыптасу процесін өткеруі өте қиын, ол өндірістік кәсіпорындарда 3 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты алады.
Қазақстанға қатысты жалпы проблемалар Оңтүстік Қазақстан облысына да қатысты. Бұл:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz