Сөз позициясындағы дауыссыз дыбыстар және олардың морфонологиясы
КІРІСПЕ ...5
1 СӨЗ ПОЗИЦИЯСЫНДАҒЫ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МОРФОНОЛОГИЯСЫ ...7
1.1 Қазіргі дауыссыз дыбыстар морфонологиясы негіздерінің
қалыптасуы ...9
1.2 Сөздің анлаут және инлаут позициясындағы
морфонологиялық құбылыстар .17
2 ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ТІРКЕСІМІНЕ
ҚАТЫСТЫ МОРФОНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР 21
2.1 Дыбыстардың алмасуы және морфонология 30
2.2 Дауыссыз дыбыстардың алмасуы және морфонология 31
2.3 Метатеза құбылысы және морфонология 43
2.4 Морфема жігіндегі диссимиляциялық құбылыстар
және морфонология 46
2.5 Сөз құрамының ұлғаюы және морфонология 50
2.6 Түсіндірілуі қиын қыстырма дыбыстардың морфонологиясы 51
2.7 Сөз просодикасына байланысты пайда болған
морфонологиялық құбылыстар 57
2.8 Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуына байланысты
пайда болған морфонологиялық құбылыстар. 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

Морфонология – тіл білімінде соңғы жылдары ғана қолға алынып, зерттеу нысандыры мен қарастыратын мәселелері айқындалып, қалыптасып келе жатқан жас салалардың бірі. Морфология мен фонетика саласының шешілмей жүрген, тілдігі қабылданған теориялар тұрғысынан түсіндіруге келмей, әр түрлі бағыттағы ғылыми пікірлер мен тұжырымдарға итермелеп жүрген мәселерді тоғыстыра отырып, бір шешімге келуге тоқталады.
Қазақ тіл білімі үшін сандхи заңдылығы, периферийлік тілдік құрам, конвергенция процесі, фонетикалық дивергенция, элизия, аллафон, экстралингвистикалық фактор, дублет, анлаут, ассимиляция, диссимиляция, геминацияланған сөздер сияқты ұғымдар таныс болса да, сырына келгенде, күңгірт жәйттер аз емес. Морфологияда дауыссыз дыбыстардың тіркесімділік, өзара дыбыстардың алмасу қабілеті, дауыссыз дыбыстардың арасында жиі болатын тенденцияны біз осы морфонологияда түсіндіруге тырысамыз. Сөз басындағы дауыссыз дыбыстарды басқа тілдермен салыстырғанда б-м сәйкестіктері ұқсас болып шықты, мысалы: буна-муна (мұнда),бауызда-мауызда, т.б. Қ,к дыбыстары көне түркі тілінде, қазіргі кейбір диалектілерде бірде қолданылып, бірде қолданылмай жарыспалы болып жүреді.Мысалы: тарқау-тарау, уқалау-уалау, т.б. Қ,у дыбыстары көне түркі тілінде ғ болып қолданлды. Мысалы: бақ,бау –бағ, тау-тағ,т.б. Дауыссыздардың өзара орын ауысуы қазіргі тілде жиі байқалып жүр, олардың кейбіреулерін диалектілермен де байланыстырып жүр ,мысалы: бәле-пәле, байымдау-пайымдау,т.б. Ш-с алмасуына сүйінші-шүйінші, басқыш-башқыш, т.б. Ж-д алмасуына бадырай-бажырай, едірей-ежірей, т.б. Қазіргі кезде жарыспалы қолданылып жүрген өкпе-өпке, әпке-әкпе, т.б. сөздерді біз тек метатеза құбылысымен түсіндіре аламыз (көрші дауыссыз дыбыстардың не буындардың өзара орын ауыстыруы). Ал сөз құрамының ұлғаюына байланысты протеза, эпентеза, эпитезаның (артық дыбыс) өзара айырмашылықтары, не себепті пайда болғанын түсіндіре аламыз. Протеза-сөздің басында дауыссыздың алдында дауыстының қосылуы. Мысалы: стол -үстел, разы-ырза,т.б. Бұлар көбіне кірме сөздердің алдында немесе қазақ тілінде сөз басы л, р-дан басталмайтындығымен тікелей байланыстырып түсіндіреміз. Эпитеза- сөздің соңғы дауыссызына дауыстының қосылып, селбесуі. Мысалы: митинг-митингі, ромб-ромбы,т.б. Орыс тілінде мп,мб,ск,нг дауыссыздарына біткен сөздер қазақ тілінде ы,і дыбыстары жамалып барып қолданылады. Эпентеза- сөз ортасында екі дауыстының ортасына дауыссыздың қосылуы. Мысалы: кінә-шіл –кінә(м)шіл, т.б сөздерде қолданылады. Қыстырма дыбыстардың ішінде тек эпентеза ғана дауыссыз дыбыстарға қатысты қолданылады екен. Жатыс септігінің жалғауы –да,-де,-та,-те,т.б. Ал үйі, баласы деген сөздерді септегенде үйі-н-де,баласы-н-да болып септеледі, осындағы н дыбысы эпентезалық құбылыс болып тұр. Біз протеза мен эпитезаны дауыстыларға, эпентезаны дауыссыз дыбыстардың еншісіне береміз. Дауыссыз дыбыстардың ішінде н, й, п, м, л, ш дыбыстары ғана эпентеза бола алады. Жиі қолданылатын –н, й, л, м дыбыстары. Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы да болады. Дауыссызда фонологиялық жүк арқаламаған кезде әлсіреп, сөз құрамынан шығып қалады. Әсіресе, қ, к, ғ, г, н, ң, р, л дауыссыздары жиірек түсіріліп айтылады, қалған дауыссыздардың сөз құрамынынан ығысуы жирек. Ал л, р, н, ғ, г, қ, к, ж, т, д дыбыстары жергілікті говорлардағы балама сөздермен салыстырғанда дауыссыздардың тұрақсыздығы байқалады.

1 Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюрских языков.-Москва.1970. -103-204cтр.
2 Сравнительно-историческая грамматика тюрских языков.-Москва.1984. -138-173cтр.
3 Дмитриев Н.К. Грамматика кумыкского языка. -Москва.1984.-2-15стр.
4 Рясянен М. Материалы по исторической фонетике тюрских языков. -Москва.1956.-109-176стр.
5 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.-Алматы: «Мектеп»,1988. -52-75 б.
6 Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы.-Алматы: «Қазақ университеті», 2006.-37-61,104-107б.
7 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері.-Алматы: «Қазақ университеті», 2005.-87-95, 97-112б.
8 Малов С.Е. Памятники древнетюрских письменности. -Москва.1951.-5-18стр.
9 Айғабылұлы А. Морфонологиялық құбылыс сырлары.-Алматы: «Қазақ университеті»,1998.-92б.
10 Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы.(Диссертация)-Алматы.1991ж.-92б.
11 Аханов К. Тіл білімінің негіздері.-Алматы: «Санат»,1993.-213-267б.
12 Қалиев Ғ.,Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы.-Алматы: «Ана тілі»,1991.-49-56, 98-106б.
13 Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.-Алматы: «Қазақ университеті»,1993.-30-42, 58-102б.
14 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. «Ана тілі»,1991ж.-7-59б.
15Айғабылұлы А. Метатеза-морфонологиялық құбылыс.//ҚазМУ хабаршысы.1997.-№15.-15-17б.
16 Айғабылұлы А. Морфонология деген не?// Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992. -№10-11-12.-68-69б.
17 Айғабылұлы А. Морфонологиялық құбылыс және үнем принципі.//ҚазМУ хабаршысы. 1997.-№8.- 13-16б.
18 Егизбаева Н. Морфонологиялық дыбыс алмасудың түркітануда зерттелуі.// ҚазМУ хабаршысы. 2000.-№8.-34-42б.
19 Егизбаева Н. Кейбір дыбыстардың морфонологиялық алмасуы.// ҚазМУ хабаршысы. 2000. -№4.-60-63б.
20 Қыстырма дыбыс дегеніміз не? //Қазақ тілі мен әдебиеті.-1993. -№1.-26-29б.
21 Сөз құрамының ұлғаюы. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-1996.- №5.-105-110б.
22 Қазақ тіліндегі диссимиляциялық құбылыстар. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-1998. -№1.-50-80б.
23 Қазақ тіліндегі диссимиляциялық құбылыстар. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-1999. -№2.-82-87б.
24 Диссимиляция. Қазақ тілі энцик.,1998.-98б.
25 Дыбыс алмасу. Қазақ тілі энцик.,1998.-104б.
26 Дыбыстар сәйкестігі. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-1998. -№3.-47-49б.
27 Дыбыстар сәйкестігі немесе дыбыстардың алмасуы.//Қазақ тілі мен әдебиеті.-1999. -№4.-49-52б
28 Гаплология. Қазақ тілі энцик.,1998.- 81б.
29 Игерусіз өзгерістер. Қазақ тілі энцик.,1998.- 154б.
30 Морфонема.Морфонология. Қазақ тілі энцик.,1998.- 283б.
32 Элизия. Қазақ тілі энцик.,1998.- 469б.
33 Қосарлы дауыссыздар. Қазақ тілі.Фонетика.Лексика.Грамматика. -Алматы.1999.-24-28б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...5
1 СӨЗ ПОЗИЦИЯСЫНДАҒЫ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МОРФОНОЛОГИЯСЫ ...7
1.1 Қазіргі дауыссыз дыбыстар морфонологиясы негіздерінің
қалыптасуы ...9
1.2 Сөздің анлаут және инлаут позициясындағы
морфонологиялық құбылыстар .17
2 ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ТІРКЕСІМІНЕ
ҚАТЫСТЫ МОРФОНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР 21
2.1 Дыбыстардың алмасуы және морфонология 30
2.2 Дауыссыз дыбыстардың алмасуы және морфонология 31
2.3 Метатеза құбылысы және морфонология 43
2.4 Морфема жігіндегі диссимиляциялық құбылыстар
және морфонология 46
2.5 Сөз құрамының ұлғаюы және морфонология 50
2.6 Түсіндірілуі қиын қыстырма дыбыстардың морфонологиясы 51
2.7 Сөз просодикасына байланысты пайда болған
морфонологиялық құбылыстар 57
2.8 Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуына байланысты
пайда болған морфонологиялық құбылыстар. 64
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
КІРІСПЕ
Морфонология – тіл білімінде соңғы жылдары ғана қолға алынып, зерттеу
нысандыры мен қарастыратын мәселелері айқындалып, қалыптасып келе жатқан
жас салалардың бірі. Морфология мен фонетика саласының шешілмей жүрген,
тілдігі қабылданған теориялар тұрғысынан түсіндіруге келмей, әр түрлі
бағыттағы ғылыми пікірлер мен тұжырымдарға итермелеп жүрген мәселерді
тоғыстыра отырып, бір шешімге келуге тоқталады.
Қазақ тіл білімі үшін сандхи заңдылығы, периферийлік тілдік құрам,
конвергенция процесі, фонетикалық дивергенция, элизия, аллафон,
экстралингвистикалық фактор, дублет, анлаут, ассимиляция, диссимиляция,
геминацияланған сөздер сияқты ұғымдар таныс болса да, сырына келгенде,
күңгірт жәйттер аз емес. Морфологияда дауыссыз дыбыстардың тіркесімділік,
өзара дыбыстардың алмасу қабілеті, дауыссыз дыбыстардың арасында жиі
болатын тенденцияны біз осы морфонологияда түсіндіруге тырысамыз. Сөз
басындағы дауыссыз дыбыстарды басқа тілдермен салыстырғанда б-м
сәйкестіктері ұқсас болып шықты, мысалы: буна-муна (мұнда),бауызда-мауызда,
т.б. Қ,к дыбыстары көне түркі тілінде, қазіргі кейбір диалектілерде бірде
қолданылып, бірде қолданылмай жарыспалы болып жүреді.Мысалы: тарқау-тарау,
уқалау-уалау, т.б. Қ,у дыбыстары көне түркі тілінде ғ болып қолданлды.
Мысалы: бақ,бау –бағ, тау-тағ,т.б. Дауыссыздардың өзара орын ауысуы
қазіргі тілде жиі байқалып жүр, олардың кейбіреулерін диалектілермен де
байланыстырып жүр ,мысалы: бәле-пәле, байымдау-пайымдау,т.б. Ш-с алмасуына
сүйінші-шүйінші, басқыш-башқыш, т.б. Ж-д алмасуына бадырай-бажырай, едірей-
ежірей, т.б. Қазіргі кезде жарыспалы қолданылып жүрген өкпе-өпке, әпке-
әкпе, т.б. сөздерді біз тек метатеза құбылысымен түсіндіре аламыз (көрші
дауыссыз дыбыстардың не буындардың өзара орын ауыстыруы). Ал сөз құрамының
ұлғаюына байланысты протеза, эпентеза, эпитезаның (артық дыбыс) өзара
айырмашылықтары, не себепті пайда болғанын түсіндіре аламыз. Протеза-сөздің
басында дауыссыздың алдында дауыстының қосылуы. Мысалы: стол -үстел, разы-
ырза,т.б. Бұлар көбіне кірме сөздердің алдында немесе қазақ тілінде сөз
басы л, р-дан басталмайтындығымен тікелей байланыстырып түсіндіреміз.
Эпитеза- сөздің соңғы дауыссызына дауыстының қосылып, селбесуі. Мысалы:
митинг-митингі, ромб-ромбы,т.б. Орыс тілінде мп,мб,ск,нг дауыссыздарына
біткен сөздер қазақ тілінде ы,і дыбыстары жамалып барып қолданылады.
Эпентеза- сөз ортасында екі дауыстының ортасына дауыссыздың қосылуы.
Мысалы: кінә-шіл –кінә(м)шіл, т.б сөздерде қолданылады. Қыстырма
дыбыстардың ішінде тек эпентеза ғана дауыссыз дыбыстарға қатысты
қолданылады екен. Жатыс септігінің жалғауы –да,-де,-та,-те,т.б. Ал үйі,
баласы деген сөздерді септегенде үйі-н-де,баласы-н-да болып септеледі,
осындағы н дыбысы эпентезалық құбылыс болып тұр. Біз протеза мен эпитезаны
дауыстыларға, эпентезаны дауыссыз дыбыстардың еншісіне береміз. Дауыссыз
дыбыстардың ішінде н, й, п, м, л, ш дыбыстары ғана эпентеза бола алады. Жиі
қолданылатын –н, й, л, м дыбыстары. Дауыссыз дыбыстардың түсіріліп айтылуы
да болады. Дауыссызда фонологиялық жүк арқаламаған кезде әлсіреп, сөз
құрамынан шығып қалады. Әсіресе, қ, к, ғ, г, н, ң, р, л дауыссыздары жиірек
түсіріліп айтылады, қалған дауыссыздардың сөз құрамынынан ығысуы жирек. Ал
л, р, н, ғ, г, қ, к, ж, т, д дыбыстары жергілікті говорлардағы балама
сөздермен салыстырғанда дауыссыздардың тұрақсыздығы байқалады.
1 СӨЗ ПОЗИЦИЯСЫНДАҒЫ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МОРФОНОЛОГИЯСЫ
Түркі тілдерінің тарихи фонетикасын зерттеушілер сөз басында
дауыссыздардың қолданыла бастауын түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау
дәуірінде пайда болған құбылыс деп есептейді. Сөздің абсалют басындағы
қатаңдардың ұяңдауы, сөйтіп бұл позицияда ұяң дыбыстардың пайда болуы қатар
айтылған екі сөздің алдыңғысының соңғысына әсері (сандхи заңдылығы) деп
қаралады. Қалайда сөздің абсалют басында қатаң дыбыстардың айтылуы түркі
тілдері тарихындағы өте көне, ежелгі құбылыс. Сөздің абсалют басында қатаң
дыбыстың қолданылуы түркі тілдеріндегі сингармонизм заңдылығының болуымен
де байланысты: сөздің басы қатаң да күшті айтылудың нәтижесінде басқы буын
сапасы қалған буындарға да ықпал еткен. С.Е.Малов өзінің белгілі
классификасында қатаң дауыссыздардың қолданылуы тіл құрамындағы ежелгі
заңдылықтың, сипаттың сақталуының белгісі деп түсіндіреді. Әрине, С.Е.Малов
пікірі де бүгінгі түркі тілдері фактілерін ежелгі жазбалар тілімен
салыстыруға негізделген, олардың өзара қатынасын пайымдаудан туған. Қазақ
тілінде осы процесс барлық сөздерді қамти алмаса керек. Өйткені қазақтың
байырғы сөздері құрамында анлаутта ұяңдардан гөрі қатаң дауыссыздардың
айтылуы жиірек. Бұл әсіресе қ, ғ, к, г, т, д, с, з дыбыстарының
қолданылуына қатысты. Мысалы: тек (ти), таш (тас), ташру (тыс), саб (сөз),
сайу (сайын), қабыш (қабысу, жалғасу), қадын (қайын), қалың (қалың), қамыш
(қамыс), күмүш (күміс), кед (кій), т.б. Бұл сөздердің бәрі де қазақ тілінде
басқы қатаң дауыссызды сақтап қалған. Осымен байланысты, орта ғасыр
авторларының бірінің сол заманғы түркі тілдерінде қатаң, ұяң дауыссыздардың
қолданылуы жайлы ескертпелерін келтіре кетудің артықтығы жоқ [1,190-191б].
Ортағасырлық Китаб тәрджума фарси у турки у мағоли авторы сол заманғы
түркі тілдерін біздің жақтың түріктері және түркістандық деп бөледі.
Мұндай бөліске себеп болған жайлардың бірі, кітап авторының баяндауына
қарағанда, сөз басында қатаң, ұяңдауыссыздардың қолданылуы. Біздің жақтың
түріктері тілінде, автордың айтуынша, сөз басында д ұяң дыбысы қолданылған
да, түркістандықтар тілінде осы позицияда т дыбысы айтылған: діш-тіш, діл-
тіл, дірік-тірік. П.М.Мелиоранский Тәрджума... авторының осы
ескертпелерін келтіре отырып, автордың айтып отырғаны шығыс тайпалары мен
оңтүстік тайпалары тілінің арасындағы айырмашылық деп түйеді. Сонымен
қатар, Мелиоранский Тәрджуман авторының біздің жақтың түріктері
тілінде де кейде т мен д дыбысының параллель қолданылатындығы жайындағы
ескертпесін сол заманғы шығыс тайпа тілдері дыбыс жүйесі мен оңтүстік тайпа
тілдері дыбыс жүйесі арасындағы өзара ықпалдың көрінісі деп түсіндіреді
[2,170б].
Түркі негіз тілінде сөздің абсалют басында қатаң жабысыңқы дауыссыздар
ғана қолданылған дейтін қағиданың орнығуына да бүгінгі түркі тілдеріндегі
осындай фактілер негіз болып жүр. Оның үстіне, бұл пікірді біршама
тұрақтанған деп есептеу керек. Бұл пікірге қосымша, негіз тіл құрамында ұяң
дауыссыздар айтылған ба, айтылса қай дыбыс дейтін де сұрақ қойылып келеді.
Соңғы шыққан Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының авторлары
түркі негіз тілінің алғашқы кезеңінде м, н сонант дыбыстары болды деп
қарайды. Бұл кітап авторларының айтуынша негіз тіл құрамында 12 (ң дыбысын
қосқанда) дауыссыз фонема қолданылған А.М.Щербак өзінің белгілі еңбегінде
тілдің осы күйінде сөз басында 6-8 дауыссыз фонема айтылған деп қарайды да,
олардың бірі –б және кейбір реттерде м дауыссыздары деп есептейді. Қысқасы,
түркі негіз тілінде ұяң дыбыстар сөз басында қолданылса да бір-екіден
аспаған. Сөз басында айтылуы мүмкін дейтін ұяң дауыссыздар б, кейде м.
А.М.Щербак беретін алғашқы түркілік бір буынды түбірлер құрамында,
дегенмен, б, м дыбыстарынан басталатын сөздер жоқ. Қазіргі тіліміздегі б
дыбысынан басталатын сөздер А.М.Щербак тізімдерінде п дыбысынан басталатын
сөздер қатарына кіргізілген : па (ба-, байла), пай (бай), пақ (бақ,
бақыла), пар (бар, кет), паш(бас), па (бей,бійе), пен (мен) т.б. Қысқасы,
түркі негіз тілі құрамында, бұл тізім бойынша б дыбысынан басталатын сөз
болмаған. Сөз басында б дыбысының айтыла бастауы түркі негіз тілінің соңғы
дәуірлерінде, сөз басындағы қатаң п дыбысының фразалық (тіркестік) екпін
салдарынан ұяңдануының нәтижесінде орныққан. Кейін б дыбысы м дыбысына
сәйкес қолданыла бастайды. Бұл өзгеріс диалектілердің (тілдердің)
араласуынан тууы мүмкін. Көне түркі жазбаларында жіктеу есімдігінің бен
формасымен бірге мен түрінің де кездесуі осының нәтижесі. Бүгінгі түркі
тілдерінде м~б сәйкестігі б~м ауысуы әдеттегі құбылыс: қазақ тілі, түркі
тілдерінің көпшілігі басбаш, чуваш: пуш, хақас: паш, қазақ:чуваш:пуй,
хақас: пай, қазақ:біз, азербайжан диалектілері міз (-міз жіктік жалғауы
тағы бар), құмдық тілінде буна~муна (мұнда), қазақ тілінде мауызда~бауызда,
т.б. Сонымен, түркі негіз тілі дәуірінде-ақ п бм ауысуы қалыптасты. пб
ауысуы уақыт жағынан аса ерте пайда болды да, тілдердің бәрін дерлік
қамтиды, ал б~м сәйкестігі түркі негіз тілінің соңғы дәуірлерінде пайда
болуы мүмкін [4,150б].
Түркі негіз тілінің соңғы дәуірлерінде, оның жеке тілдерге ыдырау
дәуірінде болған өзгерістер қатарына тд, қ-ғ (кг) ауысулары да жатады.
Сонымен, фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде ғана емес, б, м, кейбір
тілдерге ғ, г дыбыстары да қолданылатын болды.
Ал бұл процесс экстралингвистикалық факторлар арқылы заман өткен сайын
ұлғая берді. Сөйтіп қазіргі тіл құрамында ұяңдардан басталатын сөздердің
үлкен тобы қалыптасты. Сөз құрамының күрделеніп, екпінінің сөз соңынан
қарай жылжуымен бірге сөз ішіндегі қатаң дауыссыздар ұяңданады, көне түркі
тілінде-ақ егір (иір), кігүр (кір), ада (ата) тәрізді қолданылған.
Сөздің абсалют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы орта ғасырларда-ақ
орныққан құбылыс. Оған дәлел – Махмуд Қашқари сөздігіне де кездеседі.
Қашқари батысқа қарай орналасқан тайпа тілдерінде ұяң дауыссыздардың
қолданысын көрсетеді. Мұның бәрі де қазақ тілінің дербес халық тілі болып
қалыптасуына дейін болған өзгерістер. Алайда, қазақ тілінде, жоғарыда
айтылғандай, оңтүстік-батыс тілдерімен салыстырғанда, қатаң дауыссыздардың
қолданылуы басым. Әрине, қиыр шығысқа орналасқан түркі халықтары тілдерімен
салыстырғанда, қазақ тілінде кейбір қатаңдардың ұяңдауы байқалады. Мысалы.
Қазақ тілінде бау, бақ, балық, бес, балта сөздері хақас, шор тілдерінде
қатаң п дыбысымен айтылады. Дегенмен, қазақ тілінде көне түркі сөздерінің
кейбірінің қатаңдауы да бар: пыш (ақ) –көне түркі тіліндегі түбір быч; піс,
пісір, пісіру –көне түркі тіліндегі түбір быш. Сондай-ақ піл сөзі қатаңмен
айтылады да, осы түбірден жасалған сын есім б ұяң дыбысымен қолданылады:
білдей [3,12б].
Н.К.Дмитриев қазіргі түркі тілдерін сөз басында дауыссыздардың қай тобы
жиі де біршама тұрақты қолданылуына қарай екі топқа жіктегені белгілі.
Олар:
1) Cөз басында дауыссыздардың қай тобы да (қатаң ұяң) біршама еркін
қолданылатын тілдер.
2) Сөз басында дауыссыздардың бір тобы біршама тұрақты қолданылатын
тілдер. Бірінші топқа азербайжан, түрікмен, гагауз, қырым татарлары тілінің
оңтүстік диалектісі, екінші топқа қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ, өзбек
тілдері жатқызылады. Бірінші топтағы тілдер сөз басында д, г дыбыстарын,
екінші топтағы тілдер сол позицияда т, қ дыбыстарын жиі айтады. Сөз басының
біршама ұяңдап естілуі әдетте оғыз тілдерінің, ал біршама қатаң естілуі
қыпшақ тілдерінің белгісі деп қаралады. Ал осы екі топ белгілерінің бір тіл
құрамында ұшырасуы этникалық араластықтың себебінен диалектілік
араластықтың нәтижесі екені айқын. Сондықтан да қазақ тілінде қалыптасқан
заңдылық т, қ дыбыстарының айтылуы бола тұрып, сол позицияда д дыбысы да
ұшырасады. Соңғы вариант (д) көбіне диалектілік, периферийлік тілдік
құрамдар қатарына жатады.
Қазіргі қазақ тілінде в, ф, ц, х, ч дыбыстары бар, олар вагон, фабрика,
халық, цех тәрізді сөздер құрамында сөз басында айтылады да, сегіз, балық,
пісі тәрізді сөздер құрамында айтылмайды. Алдыңғы топтағы сөздер басқа
тілдерден енгендігі белгілі. Бұлар фонемалық мән тұрғысынан да оқшау тұрды.
Егер байырғы дауыссыздардың фонемалығы кез келген сөздер құрамынан көрінсе,
бұл дыбыстардың фонемалығы тек өздері айтылатын сөздер құрамында ғана. Ал
ондай сөздер біздің тілімізге соншалықты көп еместігі белгілі [3,12б].
Сонымен, байырғы фонемалар мен кейін енген фонемалар арасында қолданылу
сферасы тұрғысынан айырмашылық бар.
1.1 Қазіргі дауыссыз дыбыстар морфонологиясы негіздерінің қалыптасуы
Қазіргі тілдің фонетикалық жүйесін тарихи тұрғыдан барлағанда, тілдің
даму барысында конвергенция процесі, яғни, өзгерістер нәтижесінде
фонетикалық бірыңғайлану орын алғандығы көрінеді: байла, киім, жай, тайа
тәрізді қазақ сөздерінің й дыбысымен айтылуы тіл дамуының барысында о баста
әр түрлі дыбыстардың өзгеріске түсу нәтижесі. Екінші сөзбен, көне түркі
дәуіріндегі, одан да ежелгі кезеңдегі түркі тілінің бірсыпыра дыбыстары
қазақ тілінде й дыбысына айналған. Сөйтіп бірнеше фонеманың бір фонема
арқылы берілуі орын тепкен. У, з дыбыстары жайында да осыны айтуға болады.
Екінші жағынан, жоғарғы дыбыстардың қалыптасуы бірсыпыра сөздердің
фонетикалық дивергенцияға ұшырауына да себеп болған.Оны қазақ тілінде жаз-
жай, бақ-бау, семір-семіз, тіз-тер, сый (етістік)-сық, қыз-қырқын, т.б.
сөздер құрамындағы з-й, қ-у, р-з, қ-й дыбыс сәйкестіктерінен көруге болады.
Фонетикалық конвергенция процесі тілдің сөздік қорын егжей-тегжей түгел
қамтымаған. Әр жаңа құбылыстың жаңа екені ескінің ізі қалғанда ғана
байқалатыны тәрізді, конвергенция процесінің өтуі де дивергендік құбылыстар
арқылы байқалады. Түбірлердің бірсыпырасы өздерінің бұрынғы дыбыстық
құрамын сақтап қалды да, жаңа дыбыстар негізінде жаңа варианттар
қалыптасты. Бірақ даму процесінде тіл элементтерінің қолданылу мәні
тұрғысынан жіктелуінің нәтижесінде ескі мен жаңа варианттар дербес
мәнге ие болды да, орнығып қалды. Кейбір варианттар бір-бірінен жіктеліп,
алшақтағаны соншалық, қазір олардың түбірлес екенін салыстырма материалдар
ғана анықтайды. Мысалы, қат, қатай, қатулан етістіктері мен қатты сын
есімнің о баста бір ғана түбірден тарап осылай қалыптасуы ең алдымен дыбыс
өзгерістерінің нәтижесі, мұны тек қана салыстырма материалдар келтіре
отырып байқауға болады. Көне түркі тілінде қатты сын есімі қатығды, қатығ
түрінде, осы түбірден жасалған туынды етістік қатығлан сыпатында
дыбысталған. Қатығды сын есімі элизияның нәтижесінде қатты сыпатына келсе,
қатығлан етістігі дыбыс өзгерісінің нәтижесінде қатулан сыпатына келген
[1,135б].
Дивергендік құбылыстар қатарына мен, бұл есімдіктерін де жатқызуға болар
еді. Оның үстіне, бұл сілтеу есімдігі қосымша арқылы туынды сын есімге
айналғанда мұндай, бұндай түрінде екі түрлі дыбысталады.
Дивергенция процесі түбір мен қосымшаның шегінде де болған. Әдетте
қазіргі тіл заңдылықтары тұрғысынан ассимиляция деп қаралатын құбылыс
дивергенцияның нәтижесінде көптік жалғау тек-лар түрінде емес, қазақ
тілінде -дар, -тар варианттарында да қалыптасты. Сол сияқты септік
жалғауының кейбір түрлері де осы ізбен: табыс жалғау тек-ны, -ні емес, -ды,
-ді, -ты, -ті жатыс жалғауы тек -да, -де емес, -та, -те түрінде де
айтылады. Соңғы варианттардағы д, т дыбыстары жеке-дара құбылыс емес,
алдыңғы варианттардағы л, н дыбыстарының дивергендік көріністері ғана.
Дауыссыз дыбыстар құрамында болған бұл өзгерістердің қайсысы да
грамматикалық тұлғаларға ықпалын тигізді. пайда.Тарихи зерттеулер түркі
тілдерінде сөздің абсалют басының қатаң болғанын, яғни қатаң дыбыстардан
ғана басталғанын дәлелдеп отыр. Сөздің басы тек қатаң дыбыстардан ғана
басталуы, ежелгі дәуірлерде дауыссыздардың ұяң, қатаң болып бөлінуі
фонемалық дәрежеде болмағандығын көрсетеді. Ал кейін оғыз тіліндегі сөздің
абсалют басының ұяңдауы созылыңқы дауыстылардың ықпалы дейтін пікір
түркологияда отыр. Қазақ тіліндегі бұта мен пұта, бал мен пал, диірмен мен
тиірмен, тұз бен дұз тәрізді параллельдер тілдік сондай күйдің қалдықтары
[3,7б].
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған. Қазақ тілінде дауыссыз
дыбыстар саны бұдан әлдеқайда көп. Дауыссыз дыбыстардың сапалық жіктелісі
орныққан фонетикалық құбылыс ретінде көзге түседі. Көне түркі тілі
дауыссыздарының қолданылуы позициясы қазақ тілі дауыссыздарымен бірдей бола
бермейді. Кейде бір ғана дыбыстың қолданылуы орнынына қарай әр қилы
өзгеріске түскенін байқауға болады. Оның үстіне, көне түркі дауыссыздарының
әр түрлі түркі тілінде әр түрлі көрініске ие болғаны тағы бар. Мұндай
өзгерістердің бәрі де жеке дыбыстардың қолданылу жүйесін салыстырғанда ғана
байқалады.
Қ, к дыбыстары түркі негіз тілі құрамында қолданылған. Бұл жағдай қыз,
қара, кес, кір, кел, кет тәрізді байырғы сөздердің басында айтылуымен
дәлелденді. Бұл сөздер көне, қазіргі түркі тілдерінің барлығында осы
сыпатында қолданылады. Көне түркі тілінің қ дауыссызы сөз басында қазақ
тілінде де өз сапасын сақтаған. Бірақ тіл дамуының барысында сөз
ортасындағы қ элизияға ұшыраған. Оның кейбір іздері қазақ тілінде де
кездеседі: тарқау-тарау, уқалау-уалау, т.б.
Сөз басында қ, дегенмен, кейбір тілдерде өзгеріп кеткен: азербайжан
тілінде ғ, түрік тілінде к, чуваш тілінде х дыбыстарына айналған. Оңтүстік-
батыс тілдерінде осы позициядағы қ дыбыс да г-ге айналған: геч, гіт, гөк,
т.б. Екі дауысты аралығындағы қ, к дауыссыздары көне түркі тілінде де
ұяңдап кеткен. Бірақ сөз соңындағы қ, к сол күйінде сақталған: ақ, көк,
ашық, т.б. Дегенмен, ежелгі бір буынды түбірлер күрделеніп ұлғайғанда, сөз
соңындағы қ, к екі дауыстының аралығында қалып ұяңдаған: ағыс, көгіс, т.б.
Оның бер жағында сөз соңындағы қ, к дауыстыдан басталған қосымша
жалғанғанда да ұяңдайды, бұл – нормалық құбылыс [5,60б].
Сөздің абсалют соңындағы қ, к бірсыпыра тілдерде өзгеріске ұшырады:
хақас тілінде х, азербайжан тілінің біраз сөздерінде ғ дыбыстарына айналған
(ах, айағ). Көне түркі тілінде сөздің абсалют басында ғ, г дыбыстары
жұмсалмаған. Бірақ сөз соңында жиі айтылған: аңдағ, тег, т.б. Қазақ
тіліндегі ғ,г дыбыстарымен салыстырғанда, едәуір айырмашылық байқалады. Ең
алдымен, қазақ тіліндегі көп сөздердің абсалют басында ғ, г дыбыстары
айтылады: гүл, ғашық, ғұрып, ғұмыр, т.б. Төркінін байқасақ, ондай сөздер
араб-парсы тілдерінен ауысқан болып отырады. Олай болса, қазақ тіліндегі
сөздердің абсалют басындағы ғ, г сыртқы әсерден, басқа тілдерден ауысқан
сөздер құрамында қалыптасқан дыбыстар. Бұлардың қ, к дыбыстарымен оппозиция
құрып, фонемалық мән алуы да сол сөздер құрамында, сол позицияда ғана
мүмкін. Қазақ тілі (немесе қыпшақ тобындағы тілдер) бұл жағынан оғыз
тобындағы тілдерден бүтіндей өзгеше. Оғыз тілдерінде сөздің абсалют басында
болған өзгерістердің салдарынан байырғы сөздер де осы дыбыстардан
басталады.
Осындан бұрын айтылғандай, сөз ортасында қолданылған ғ, г –ықпал
заңдылығының нәтижесі.
Тегі жағынан көне түркі тіліндегі сөз ортасы мен сөз соңындағы ғ, г екі
басқа дыбыс: сөз ортасындағылар қатаң дыбыстардың көрінісі (аллофоны) де,
сөз соңындағылары дербес фонемалардың өзара ықпалдасу заңдылығының нәтижесі
емес.
Көне түркі тілінің осы дыбыстарының қазақ тіліндегі көрінісі мүлде басқаша.
Олай екенін көне түркі тілінде қолданылған мына сөздерді салыстырудан
байқаймыз: қағун, сарығ,қайғуқ, қығ, қорығ, тағ, тайақлығ, бузағу, ағуз,
бег, белгүлүк сөздері қазақ тілінде қауын сары, қайық, қый, қорық, тау,
тайақты, бұзау, ауыз, бек, белгілі түрінде дыбысталады. Көне түркілік осы
сөздер біздің тілімізде сол мән-мағынасында сақталған, бірақ бір ғана
өзгеріске ұшыраған. Ол өзгеріс қ, г дыбыстарына байланысты. С.Е.Малов түркі
тілдерінің ескі, жаңалығын айырудың бір критерийі ретінде ғ, г
дыбыстарының сақталуы не сақталмауын ұсынуы да қазіргі тілдерде бұлардың
көрінісінің әр түрлі болуын еске алудан болса керек [5,45б].
Сөз ортасында айтылған ғ дыбысы қазақ тілінде у-ға айналған: ағыр, ағыз,
бағыр, ағна, қазақ тілінде ауыр, ауыз, бауыр, ауна болып дыбысталады.
Мұндағы у, әрине буын құрайтын дыбыстар қатарына жатпайды, қолданылған
позициясы да сондай. Кейбір фактілерге қарағанда, осы позициядағы ғ-ның
шінара й-ге ауысуы да болған: бағла-байла, йығыл-жыйыл, йығрыл-жыйырыл,
т.б. Алайда сөз ортасындағы көне түркілік ғ осындай із қалдырдыдеп қарасақ
та, оның үшінші бір көрінісі бар: едәуір сөздердің құрамында ғ түсіп
қалған. Ол мына сөздерден байқалады: бұғра, бұғдай сөздері ғ дыбысынсыз
орныққан. Ал ағу, ағулуғ ұялас сөздерінің ғ-мен келген буыны түсіп қалып, у
(уу), улы түрінде қалыптасқан. Кейбір сөздер осындай элизияның нәтижесінде
мүлде басқаша қалыптасқан. Көне түркілік қатығды сөзі ғ дыбысымен келген
буынның бүтіндей түсіп қалуының нәтижесінде қатты түрде орныққан. Алайда
сөз ортасындағы ғ-ның осы өзгерісін айта отырып, мына жайды ескеру керек:
осы өзгерістің қайсысы да тіл құрамындағы барлық сөз атаулыны (әңгіме
байырғы сөздер жайлы) түгел қамтымаған. Қазіргі қазақ тілінің фактілері
мынаны байқатады. Кейде бір ғана сөз екі түрлі сыпатта ұшырасады-бір
варианты ғ дыбысын сақтап қалса, екінші варианты онсыз айтылады. Қазақ
тілінде соның салдарынан былға, быламық, былапыт тәрізді түбірлес сөздер
ұшырасады. Бір ғана сөздің бір варианты ғ-мен айтылса, екінші варианты
жаңа у дифтонгімен немесе й дауыссыз дыбысымен қалыптасқан болады:
жағысу, жуысу, осылармен түбірлес жағымпаз немесе көне түркілік сығ, қазақ
тіліндегі сыйымды (кісі, ыдыс), осымен түбірлес сығылысу, т.б. Алдыңғы
топтағы жағымпаз қазіргі тілімізде өзімен түбірлес сөздермен семантикалық
жағынан соншалық алыстап, конкретті әрекетті емес, сол әрекеттің негізінде
пайда болған қатынас түрін білдіретін болған. Соңғы топтағы сығылысу сөзі
де солай, өзі түбірлес сөздерден алшақтап кеткен. Сөйтіп бір кезгі
фонетикалық дублеттер даму барысында мағыналық жіктеліске түскен [5,57б].
Көне түркі тілінде сөз соңында айтылған ғ қазақ тілінде әр түрлі
көрінеді:
а) Ғ буын құрамайтын у дыбысына ауысты: бұл – негізгі көрінісі: бағ-
бау, сағ-сау, тағ-тау, йағ-жау, йадағ-жаяу, т.б;
ә) Кейбір сөздер құрамындағы ғ й-ге айналған: йығ-жый, бағ(ла)-бай(ла).
Дегенмен, бұл позициядағы ғ-ның й-ге ауысуы сирек ұшырасады;
б) Бірқатар сөздерде сақталып, қазақ тілінде (басқа да қыпшақ
тілдерінде) болған процеске ыңғайласып, қатаң қ-ға айналған: тақ, бақ, сақ
(сақайу түбірінің құрамында), пысық, алық-берік (әдеби норма алу-беру),
қыстақ (қыстаумен салыстыр), жайпақ, т.б. Бұл фактілер қазақ тіліндегі
сөздің абсалют соңындағы қ сөздің абсалют басындағы қ емес, көне түркілік ғ-
ның қатаң варианты екенін көрсетеді. Сөз соңында ғ-ның қатаңдануы соның
нәтижесінде бір ғана түбірдің екі түрлі дыбысталуы ортағасырлық
ескерткіштер тілінде-ақ байқалады. Мысалы, сол жазбалар тілінде йағ, йақ
(соңғысы қазақ тілінің жақын сөзінің құрамында сақталған), йоғ, йоқ (қазақ
тілінде соңғысы сақталған), бағ, бақ (бақыла сөзінің құрамында,әдіптің
артын бақ, сөз бақты фразаларының құрамында сақталған) тәрізді параллельдер
кездеседі.
в) Бір ыңғайда сөз соңындағы ғ-ның түсіп қалуы бар: сарығ-сары, кічіг-
кіші, сіғ-су (бұл сөздің суб түрі де болған).
Ғ дыбысы көне түркі тілінде дауыстылармен бір тіркесте жұмсалған.
Кейінгі өзгерістер де бүкіл тіркесті қамтыған. Сол тіркестердің түрлері мен
кейінгі көріністері мына төмендегідей болып отырады.
-ағы-бағыр~бауыр, ағыз~ауыз;
ағыр~ауыр, ағыл~ауыл;
-ағу-йағуқ~жуық,қырағау~қырау;
-оға-йоған~жуан;
-оғу-соғуқ~суық, оғул~ұл;
-ығы-сығыр~сиыр, йығын~жиын;
-ағ-йағлақ~аулақ, бағла~байла;
-оғ-тоғмақ~тумақ, тоғру~тура;
-уғ-буғдай~бидай;-
-ағ-тағ~тау, йағ~жау(май),сағ~сау;
-уғ-туғ~ту,суғ~су;
-ығ-азығ~азу,азығ~айу [5,65].
Көне түркілік г дыбысы да осыған ұқсас өзгерістерге ұшыраған. Сөз
ортасындағы г көп жағдайда қазақ сөздерінің құрамында й-ге ауысқан. Көне
түркі ескерткіштері тілінде егін, егрі, йігне, еөгле, өгрен, тегі, түгме,
түгүн, үг рі, үгір, қазақ тілінде ійін, үйір, ійне, күйле, үйрен, дейі (н),
түйме, түйін үйір (у) үйір. Бұларды өзара салыстырғанда, көне түркілік г-
нің қазақ тіліндегі й-ге сәйкестігі айқындалады. Алайда көне түркі тілінде
г-мен айтылған кей сөздер сол қалпын сақтап қалуы да бар. Қазақ тіліндегі
жігіт, үгіт, көгер сөздері сондай (ескерткіштер тілінде йігіт, өгүт,
көгер). Көне түркілік г-нің й-ге айналуы, сонымен, тіл құрамындағы сөз
атаулыны түгел қамтыды деп қарауға болмайды. Бұлардың бәрі фонетикалық
ұқсас сөздердің сыртқы пішін тұрғысынан жіктелуіне себеп болды. Мысалы,
көне түркі тілінде көгле сөзі екі түрлі: бірде ән салу, күй күйлеу
мағынасын берсе, бірде көк шөпке жайылу, тойыну мәнін берген [3,13б].
Сонымен бірге, көп сөздер құрамындағы г элизияға ұшыраған. Қазақ
тіліндегі керек, кір (у), өзен, үшеу сөздерінің құрамындағы г-нің элизияға
ұшырауы орта ғасыр ескерткіштерінде-ақ кездеседі: кергек сөзі керек түрінде
де айтылған. Бұл процесс те кей ыңғайда көне түркі тіліндегі омоним
сөздерінің сырт құрылысы жағынан бір-бірінен ажырасуынан себеп болған: өгүз
сөзі бірде өгіз мәнінде, бірде өзен мәнінде жұмсалған, г дыбысының түсіп
қалуының нәтижесінде қазақ тілінде екі түрлі сыпатта орныққан.
Сөз соңындағы көне түркілік г көбінесе й-ге айналған. Көне түркілік бег,
ег қазақ тілінде бій, ій түрінде дыбысталады. Көне түркілік г-нің й-ге
айналуы, сол арқылы сөздің фонетикалық өзгерісі кейде тіл дамуының
барысында болған әр түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы көмескеленіп
кеткен. Қазақ тіліндегі бүйі, шійкі сөздерінің құрамынан фонетикалық
өзгеріске түскен көне түбірді, кейін жамалған қосымшаны ажыратуға болады.
Көне жазбалар тілінде бүйі сөзі бег, шійкі сөзі йіг түрінде
дыбысталған.Соңғы сөзді салыстырғанда, басқы й-дің ж-ға, г-нің й-ге
айналуы, содан соң –кі (сын есім қосымшасы) жалғануын көреміз. Сөйтіп
алдыңғы фонетикалық өзгеріс жай көзге байқалмайтындай күңгірттеніп кеткен.
Бұл ретте де г-нің қатаңдауы байқалады.Кейбір сөздер құрамында г элизияға
ұшыраған. Сөз соңындағы г-нің элизиясы көбінесе оның алдында қысаң
дауыстылардың іргелес айтылуына байланысты болып отырады: сарығ, кічіг,
арығ сөздері ғ, г дыбыстарынсыз орныққан. Бірақ бақ, бау (бағ), тақ, тау
(тағ), сау, сақ (сағ), т.б. Соңғыларда ашық дауыстылар айтылады.
Сонымен, көне түркілік г, ғ дыбыстарының өзгерісі де, басқа дыбыстық
өзгерістер тәрізді, тіл құрамында ұқсас сөздердің сыртқы пішін жағынан бір-
бірінен ерекшеленуіне алып келді [3,4б].
Ғ, г дыбыстарының өзгерісі тілдің грамматикалық құрылысына да әсерін
тигізді. Бұл әсіресе қазіргі тілдің қосымшалар жүйесінен байқалады. Бұл
жерде ең алдымен көзге түсетін –лық және –лы қосымшалары. Көне түркі
тіліндегі –лығ қосымшасының негізінде –лы қалыптасқандығы айқын: бір
вариантында ғ-ның элизияға ұшырауы, екіншісінде оның сақталып, қатаңдауы (-
лық). Басқа варианттардың қалыптасуы, әрине, кейінгі құбылыс. Көне
түркі тілінде д, з, л, п, р дыбыстарынан да сөз басталмаған. Яғни, бұл
дыбыстар сөздің обсолют басында айтылмаған. Қазіргі қазақ тілінде осы
аталған дыбыстардан басталатын сөздердің бірсыпырасы шеттен енген сөздер
екенін (замат, зирек, зейін), енді бірсыпырасы т-д сәйкестігінің нәтижесі
екенін (тиірмен – диірмен) көруге болады.
Л, р дыбыстары тарихи тұрақсыз дыбыстар. Л дыбысы сөз ортасында, сөз
соңында түсіп қалады (элизия). Қазақ тілінде мынандай фактілер кездеседі:
апкел (алып кел), апар (алып бар), әкел (алып кел), боса (болса), т.б.
Мұндай реттерде л дыбысының түсіп қалуы әсіресе оңтүстік қазақтарының
тілінде қалыптасқан норма. Башқұрт тілінен Н.К. Дмитриев мынадай мысал
келтіреді; қаған (қалған). Осымен байланысты, ауызекі сөйлеу тілінде
кездесетін фактілерді еске алу қажет. Қазақ тіліндегі отыр етістігі осы
күйіне л дыбысының түсіп қалуы арқылы келгені де белгілі. Л, сонымен қатар,
бұл, сол сілтеу есімдіктері мен ол жіктеу есімдігінің құрамынан да
түсіріліп айтылады. Түркі негіз тілінде л дыбысы сөз басында айтылмаған
(егер біраз еліктеу сөздерді ескермесек), сөз ортасында, әсіресе сөз
соңында жиі айтылған. Сондықтан ал, бол, тол, қыл тәрізді сөздер
құрамындағы л түркі негіз тілінен келе жатқан құбылыс [4,149б].
Р дыбысы түсіріліп айтылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес: беркіт
– бекіт. Р-дің түсіп қалуы қазіргі е етістігінің формасынан да көрінеді.
Оның ескі формасы ер екені мәлім. Р дыбысы көне түркі тілінде сөз
ортасында, әсіресе сөз соңында, қосымшалар құрамында жиі қолданылған, бірақ
ол тілде бірде-бір сөз осы дыбыстан басталмаған. Сөздің соңғы шенінде р
дыбысы еліктеуіш сөздер құрамында қатаң дауыссыздармен бір тіркесте
айтылған. Осы жай қазіргі қазақ тілінде де сақталған: жарқ, сарт, т.б.
Зерттеушілер мұндай позициядағы р дыбысы жартылай дауыстымен бір тіркесте
айтылған, сонда жоғарыда келтірілген сөздер көне түркі тілінде екі буыннан
тұрған (жа-рық) деп қарайды¹. Сөз ортасында р үш түрлі қолданылған:
1) Екі дауысты арасында: қара,тара,ара;
2) Дауыссыз дыбыстан кейін: теңрі, соңра, атрау. Соңғылары екі буынды
сөздер, р дыбысы екінші буынның басында айтылған. Бұл морфемалар тарихи
қосымшалар болуы мүмкін;
3) Бірінші буынның соңғы дыбысы болады: арқа, қарға. Бұл позициядағы р
түбірдің соңғы дыбысы, бұдан кейін айтылған буын – тарихи қосымша. Тілдің
даму барысында кейбір морфемалар құрамында рл ауысуы болған.
Рз сәйкестігі немесе рз ауысуы қазақ тілінде осы сыпатында қалып
қоймай, әрі қарай дамыса керек. Жоғарыда келтірілген жар жаз жай
сәйкестігінен басқа бұған тіре тайа (аралық з звеносы сақталмаған), қырқ
қый тәрізді аздаған сөздерді де жатқызуға болады.
Тарихи тұрғыдан орны тұрақсыз дыбыс деп н дыбысы да айтылады. Бұл
жерде еске алатын факт – қазіргі көмектес септікке негіз болған бірлен
шылауы екі вариантта айтылған: бірлен-білен, ілен және бірле-бірле-іле,
яғни, бір вариантты н-сіз айтылған. Осы дыбыспен байланысты еске алатын
тағы бір факт – тәуелдіктің III жағы-ы - с. осы аффакисті сөздерді
септегенде оның орта шенінде - н пайда болады: баласын – да, үйінде, т.б.
Түркологияда көп таралған пікір бойынша тәуелдіктің III жағы алғашқыда - ын
- сын түрінде болған, кейін сөздің абсолют соңында - н түсіп қалған да,
сөз ортасында, келесі аффикстің алдында сақталып қалған.
Н дыбысы түркі негіз тілінде сөз басында бірен-саран сөз құрмында ғана
байқалады. С.Е. Маловтың көрсетуінше, Орхон – Енисей жазбаларында - н
дыбысынан басталған сөздердің көпшілігі сырттан енгендер. Бұған қарағанда,
көне түркілік дәуірде – н дыбысынан басталатын сөздер соншалық көп болмаса
керек [5,63б].
Қазіргі түркі тілдерінде бұл дыбыс сөздің барлық шенінде актив
қолданылатын дыбыстардың қатарына жатады. Дегенмен, зерттеушілер таза түркі
сөздерін абсолют басында өте сирек айтылатындығын көрсетеді. Бұл дыбыстың
қолданылуындағы осындай ерекшелігін ескергеннен болу керек, М. Рясянен
бұндай дыбыс көне түркі тілінде болған емес, өйткені Алтай негіз тілінде
болған н, и дыбысына айналып кеткен деп қарайды. Ал жалпы түркілік н тек не
сұрау есімдігінде ғана бар.
Н дыбысының сөз басында айтылуы айрықша комбинаторлық өзгерістің
нәтижесі. Мұны дәлелдейтін фактілер қазақ тілі құрамынан көп ұшыраспайды.
Бірақ қазақ тілінде сөз ортасында н, й дыбыстарының сәйкестігі кездеседі.
Бұл құбылыс әсіресе есімдіктер құрамында жиі ұшырасады: қайда, қандай,
қанша. Бұл сөздердің ортақ түбірі қай қан екені айқын. Қазақ тілінің
батыс говорында қайда сұрау есімдігінің қанда варианты бар. Махмуд Қашғари
осы сөздер құрамында й дыбысын айту түрік тайпасы тіліне, н дыбысын айту
арғу тайпасының тіліне тән деп көрсетеді. Айрықша бір ескертетін пікір
Рясянненде кездеседі. Ол нану сөзінің басында айтылатын н дыбысының
элизияның нәтижесі деп қарайды. Қазақ тілінің батыс говорында бұл сөз шану
түрінде айтылады. Сыртқы құрылысы, мағынасы жағынан нану шану сөзі илану
сөзімен түбірлес, ұялас. Бұл сөздің қырғыз тіліндегі нұсқасы: ынано,
сонымен, ш ~ н л сәйкестігі келіп шығады.Көне, жаңа түркі тілдерінде сөз
басында айтылмайтын дыбыс – -н. Бұл дыбыс көбінесе сөз ортасында, соңында
ғана айтылады.Қазіргі тіл құрамында мынандай құбылыс байқалады: сөз
ортасында қ, к, ғ, г дыбыстарының алдында ң дыбысы айтылады: жаңғыз, жаңқа,
жоңғы (құрал аты), мөңкі, мәңгі, т.б. Айталық, жоңғы сөзінің негізгі түбірі
жон, жону етістігі екені анық. Түбір күйінде н дыбысына аяқталады. - ғ -
дан басталған қосымшаның әсерінен барып туынды түбір құрамында ң дыбысы
қалыптасқан [4,159б].
Көне түркі тілінде т дыбысы сөз басында да, ортасында да, аяғында да
жұмсалған. Қазақ тілінде т сөздің барлық позициясында да ұяңдамайды. Т
дыбысының д-мен алмасуы қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерімен
кездеседі: дұз – тұз, шілтер – шілдер, дәрте – терте, тілмәр – ділмәр, т.б.
Әрине, жергілікті ерекшеліктердің пайда болуының бір жолы – көрші халықтар
тілдерінің әсері.Бұдан бұрын айтылғандай, көне түркі тілінде б дыбысы сөз
басында айтылғанда, осы позицияда п дыбысы жұмсалмаған. Дегенмен, көне
түркілік сөз басындағы б екінші дәрежелі құбылыс. Түркі негіз тілінде
сөздің басы қатаң дыбыстар болған дейтін теория бойынша түркі негіз тілінің
соңғы дәуірлерінде п қатаң дыбысының ұяңдануының нәтижесінде қазіргі
тілдерде сөз басында б дыбысы пайда болған. Мұның тұрақты құбылыс
екені соншалық, түркі тілдерін топтастырудың бір критерийі есебінде
қаралады.
Жалпытүркілік с, ш дыбыстарының қазақ тіліндегі көріністерін салыстырып
қарағанда мына жай байқалады: сөз соңындағы ш қазақ тілінде с-ға айналу
арқылы бірсыпыра ретте бұл дыбыстар аллофондар есебінде қалыптасып кеткен.
Қазақ тіліндегі ж қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында сөз басында
айтылатын й-дің, сондай-ақ көне түркілік й-дің көрінісі. Осылай дегенмен, ж
фонемасының да көне түркі тілінде немесе одан да әрі кезеңде болу, болмауы
жайындағы мәселе шешімін тапқан деп қарауға болмайды. Әр автор бұл сұраққа
әр түрлі жауап беріп келе жатыр. Бірсыпыра зерттеушілер көне дәуірде түркі
тілінде ж дыбысы болмаған деп есептейді. Бұл пікірдің авторлары сөз
басындағы й-дің өзгерісін былай деп түсіндіреді: й дж ж. Егер бұл
пікірді қостасақ, қазіргі қазақ сөзінің басында айтылатын ж фонемасы дж
аффрикаты арқылы й-ден дамыған деп қарауымыз керек. Қазақ тілінде
дублет ретінде де говорлық ерекшелік ретінде де д ~ ж сәйкестігі байқалады.
Мысалға, далаң, жалаң дублеттері, жүз, дүз (сан есім, зат есім), дүзу,
жүзу, домалау, жұмалау тәрізді әдеби норма мен говорлық тұлғаларды атауға
болады.Дегенмен осы фактілердің өзі жалпы түркі тілдеріндегі жүйелі дыбыс
сәйкестігінің ізін байқатады [5,66б].
1.2 Сөздің анлаут және инлаут позициясындағы позициясындағы
морфонологиялық құбылыстар
Қай тілде болмасын сөздің басы мен соңы өзіндік белгілерімен
ерекшеленеді. Бұлай болуы тілдің даму барысында болған өзгерістердің сол
тілдің өзіне тән заңдылыққа айналуының нәтижесі. Түркі тілдері де сөздің
қай дыбысқа аяқталуы тұрғысынан бірөңкей болып келмейді.
Дегенмен, қазақ сөзінің басы мен аяғына қатысты, оны басқа тілдерден
оқшаулайтын басқа да қосымша белгілер бар.
Қазақ тілі сөз басында қатаң т, қ дыбыстарын айтуға бейім тіл болса
да, б, п дыбыстары жөнінде осы ерекшелігін сақтамайды. Қазақ сөздерінің
басында ең жиі айтылатын дыбыс – б, ал п дыбысынан басталатын сөздердің
көпшілігі – сырттан енгендер (олардың да кейбіреулерінің б-дан басталатын
дублеттері бар немесе еліктеуіш сөздер). Алайда түркі тілдері б, п
дыбыстары сөз басында айтылуына қарай белгілі бір негізі бар жүйелі
топтарға бөлінбейді.
Түркологияда қалыптасқан пікір бойынша сөз басындағы б – кейінгі
құбылыс, бір кезгі қатаң п дыбысының әлсізденуінің, ұяңдануының нәтижесі,
ал сөз басындағы т ескі күйдің көрінісі де, кейбір тілдерде (оғыз тобындағы
тілдерде) осы позицияда д-дыбысының айтылуы жаңа құбылыс.
Сонымен бірге, қазақ тіліндегі анлауттағы т мен д, б мен п оппозиция
құра алмайды, сөз мағынасын айқындамайды, олар дублеттік (болат, полат,
диірмен, тиірмен) формалар ғана жасайды. Ал кейбір сөздер арасында бұл
дыбыстардың оппозициясы ұшырасса, олардың бірі байырғы сөз, екіншісі
сырттан енген болып шығады (бол, пол). Бұл фактілер, екінші жағынан,
дауыссыздардың қатаң және тұяң топтарға жіктелуі көне түркі тілдерінің
қайсысында да фонемалық мәнге көтерілмейтін дейтін пікірдің дұрыстығын
дәлелдейді [1,190б].
Сөз соңында з, с дыбыстарының айтылу жүйесі көңіл аударарлық. Түркі
тілдерінің барлығында бірдей сөз соңында з ұяң дыбысы айтыла бермейді.
Қазіргі қазақ тілінде з дыбысынан басталатын сөздер о баста түркілік
емес, басқа тілдерден ауыс-күйіс жолымен келгендігі (экстралингвистикалық
жол) мәлім. Ал сөз ортасындағы з түркі негіз тілі дәуірлерінде де осы
сапасында айтылған.
Қазақ тіліне тән дыбыс өзгерістері түбір мен қосымшаның шегінде де
байқалады. Дыбыстардың үндесу заңдылығы жалпы түркі тіліне тән болса да,
оның осы позициядағы көріністері барлық түркі тілдерінде бірөңкей болып
келе бермейді. Қазақ тілінде осы позицияда болатын дыбыс өзгерістері, жалпы
түрік тілдерін былай қойғанда, қыпшақ тобындағы тілдерде де бірыңғай емес.
Нд т бұл өзгеріс түбір мен кейбір септік қосымшаларының арасында
болады. Фактілерге қарағанда, ілік септіктің алғашқы формасы –н болған.
Кейін, көне түркі тілінде және ұйғыр тілінде ол ң-ға айналған да,
дауыссызға біткен түбірге жалғанғанда байланыстырушы дауысты –ы пайда
болған: -ың. Сонан соң есімдікке негізделген септеудің нәтижесинде –н
қосылған: -ның. Оңтүстік батыс тілдерінде дауыссыздарға біткен түбірлерге
–ның түрінде, ал дауыстыға біткен түбірлерге ескі күйінде –ың болып
жалғанады.
Табыс септіктің қосымшасы көне түркі және ұйғыр тілдерінде –ғ, -г,
-ығ, -іг түрінде болса, кейін есімдікке негізделген септеу жүйесімен –ны,
-ні болып қалыптасты.
Бұл қосымшалардың қайсысы да түбірдің соңғы дыбысының әсерімен
көптеген түркі тілдерінде –д, -т дыбыстарына өзгереді. Ал қазақ, алтай,
т.б. тілдерде дауыстыдан кейін –ның, -ны, сонордан кейін –дың, -ды,
қатаңнан соң –тың, -ты. Ал қырғыз тілінде сонордан кейін де ілік септік
–дың.[5, 54б]
Мб-п. Бұл өзгеріс тек қазақ тілінде ғана емес, башқұрт, түрікмен,
тува тілдерінен басқа тұрқі тілдерінің бәріне дерлік жайылған. Қазақ
тілінде түбір мен қосымшаның шегінде бұл өзгеріс, негізінен, мына түрде
көрінеді: дауыстылардан соң –м , сонорлардан соң –б, қатаңдардан соң -п.
Лдт. Л дыбысының д, т-ға ауысуы көбінесе мынадай грамматикалық
формаларда кездеседі: көптік жалғау –лар, зат есімдік қосымша –лық, сын
есімдік –лық, етістік жасайтын қосымша –л. Кейде кейбір сырттан енген
сөздер құрамында да осы ауысу байқалады. Барлық түркі тілдеріне ортақ
заңдылық: дауыстыдан соң және й, р дыбыстарынан соң –л, сонор және
ұяңдардан соң –д, қатаңдардан соң –т. Дегенмен, бірсыпыра түркі тілдерінде
сонор дыбыстардан соң да л-дан басталатын қосымшалар жалғанады, лдт
дыбыс өзгерісі қазақ тіліне жақын деп есептелінетін қарақалпақ, ноғай
тілдерінде де сақталмайды [3, 12б].
Протеза, эпентеза, дауыссыздардың элизиясы. Тарихи тұлғадан сөз
құрамында белгілі бір дыбыстың болмауы мүмкін де, бірақ тілдің даму
барысында пайда болып, қалыптасуы ықтимал. Әдетте тіл білімінде протеза,
эпентеза деп аталатын құбылыстар этимологиялық тұрғыдан сөз құрамында
болмаған, тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасқан дыбыстарды еске
алады. Протезалық және эпентезалық дыбыстардың пайда болуы қазақ сөздерінің
тарихи қалыптасқан құрамынан туатын ерекшелік.
Түркі сөздері, сол сияқты қазақ сөздері де, іргелес айтылатын екі
дауыссыздан, л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі. Сырттан, басқа
тілдерден енген сөздердің барлығы да тілімізде қалыптасу процесінде осы
заңдылықты сақтайды.
Қазақ тілінде протеза есебінде жиі айтылатын дыбыстар қысаң
дауыстылар. Революциядан бұрынғы дәуірлерде енген араб-парсы сөздері де,
орыс сөздері де қазақ тілінің заңдылығына лайықталып, осы протезалық
дыбыстармен қалыптасып кеткен. Қазақ тіліндегі үстел, ырас, ырза, ірет,
т.б. сөздер осы протеза дыбыспен қалыптасқан. Протеза ретінде кейде о ашық
дауысты дыбысы да айтылады: орыс, ораза (бастапқы түрі: русь, руза).
Қазіргі орфографиялық нормаға сай ренжу, рахмет, лашын тәрізді сөздер де
айтылуда ырахат, іренжу, ылашын болып, протеза қысаңдауыстымен айтылады.
Айтылуда алдынан қысаң дауыстылардың қосарлануы щ, в, л, дыбыстарынан
басталатын орыс тілінен енген сөздерге де тән. Айырмашылық тек қана
орфографиялық нормада ғана.
Дуыссыздардың ішінде протеза ретінде жиі қолданылатын дыбыс –й. Түркі
тілдерінің көне дәуірінде сөздің абсолют басында протеза ретінде айтылған й
сөз құрамына әбден сіңіп, қазақ тілі заңдылығына лайық ж дыбысына айналған.
Қазіргі тілімізде кейбір сөздердің басында айтылатын ж сол протезаның
өзгерген түрі. Махмуд Қашқари XI ғасырдағы түркі тілдерінің фонетикалық
сипатын баяндап келіп, кей сөздердің алдынан протеза й айтылатынына
мынандай мысалдар келтіреді: ығла-йығла, ылығ-йылығ, іг-йіг. Бұл сөздер
қазақ тілінде жыла, жылы, ій (ір) түрінде айтылады. Протеза й тек соңғы
сөздің құрамында ғана орнықпаған. Алдыңғы сөздер құрамындағы протеза й
қазақ тілінде ж-айналып орныққан. Н.К. Дмитриев бұл дыбыстың қолданылуын
қыпшақ тілдеріндегі е дыбысының алдынан естілетін й-мен байланысты құбылыс
деп қарайды. Қалай да протеза й-дің қолданылып, орнығып қалуы тіліміздің
құрамында болған әрі бар құбылыспен ұштасып жатады [3, 14б].
Эпентеза немесе сөз ішіндегі қатар айтылуға тиіс екі дауыссыз дыбыстың
арасында дауыстының түсіп айтылуы да қазіргі әдеби тіл құрамындағы
сөздерден кездесіп отыратын құбылыс. Эпентезалық дыбыстар әсіресе араб-
парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында жиі кездеседі. Қазіргі қазақ
тіліндегі пікір, уақыт, өмір, ресім (сын есім түрі-ресми) есім сөздері
эпентезалы дауысты дыбыстар арқылы қалыптасқан. Революцияға дейінгі уақытта
орыс тілінен енген сөздердің көпшілігі-ақ эпентеза дауыстымен қалыптасып,
орнығып кеткен. Қазіргі тіліміздегі кереует (кровать), бөрене (бревно),
тұрба (труба), сымала (смола), т.б. эпентеза дыбысты сөздер.
Сөйтіп протеза, эпентеза құбылыстары да сөз құрамына белгілі дәрежеде
әсер ететіндер қатарына жатады. Осыдан бұрын айтылғандай, бұлар арқылы
айтылып, қалыптасқан дыбыстар этимологиялық дыбыстар қатарына жатпайды. Тіл
құрамына сырт жағдайлардың (экстралингвистикалық) әсерінен пайда болып
орныққан дыбыстар болып табылады. Сөз құрамындағы этимологиялық дыбыстардан
кейін пайда болған мұндай дыбыстарды бөлек қараудың қажеттігі де осында.
Сөз құрамында әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz