Солтүстік Жоңғар туристік ауданы


Жоспары.
1. Кіріспе бөлімі.
А) Солтүстік Жоңғар туристік ауданы.
2. Негізгі бөлімі.
2. 1 Достық селосының географиялық орны.
2. 2 Алакөл көлінің маңы.
2. 3 Лепсі селосы. Лепсі өзенінің маңы.
2. 4 Жарбұлақ селосы.
2. 5 Көктұма селосы өзені.
2. 6 Сарқант қаласы.
2. 7 Арасан-Қапал курорты
3. Қорытынды.
Туристік қызмет туралы заң.
Солтүстік Жоңғар кенді аймағы -геологиялық, метоллегендік тұрғыдан бір тұтас келген, негізінен алтын мен сирек металдар тараған өңір. С. Ж. к. а, геотектоник тұрғыдан Жоңғар-Балқаш гиосиклиналь жүйесінің ішкі зонасы ретінде қарастырылады. Және Сарқант, Тастау деп аталатын 2 металлогендік шағын зонаға бөлінеді. Девонмен карбонның құм тасты, тақта тасты шөгінділерінен, гранит интрузияларынан құралған Сарқант зонасында молибден, вольфрам, аздап қалайының кіші-гірім кендері тараған. Пермь граниттерімен байланысты бұл кендер Лепсі, ағыны қатты өзендеі бойындағы пегматит және кварц желілерінде кездеседі. Құм тасты, тақта тасты, кремнийлі, яшмалы қат-қабаттардан құрылған Тастау зонасында алтын, тамір, марганец, кобальт, никель, аздап мыс тараған. Бұлардың ішіндегі маңыздысы-алтын. Алтын кендері құм тасты, тақта тасты жыныстардағы кварц желілірімен, сульфидтенген зоналармен байланысты келеді. Алтынның құмды-қорымды кендері анторпогеннің борпылдақ шөгінділері арасында, Жоңғар Алатауының Балқаш пен Алакөлге қараған етегінде, Тентек, Жаманты, Ырғайты т. б өзендер бойында және бұлардың таудан шыққан алқабында аллювийлік шөгінділерінде кең тараған. Бұлардың ірілері:Жаманты, Шет, Тентек, Ырғайты құм-қорымды алтын кендері. Темір мен маргенецтің кіші кендері девон мен карбонның сазды-кремнийлері шөгінділері арасында кездеседі. Кобальт пен никель Алакөл-Жоңғар жарылысын бойлай жатқан ультрабазит интрузияларының үгілу қыртысында тараған. Кендердің қоры шағын. С. Ж. к. а-ның қазба байлықтары толық зерттеліп қойған жоқ (1975) . Алтынның табылған қорымды-құмды кендерінің практикалық мәні зор деп есептеледі.
Достық селосы - Алматы облысының Алакөл ауданындағы кент, кенттік әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы-Үшарал қаласының оңтүстік-шығысқа қарай 170 км жерде, Жетісу (Жоңғар) қақпасында орналасқан. Тұрғыны 2, 7 мың адам (1999ж) . Іргесі 1956 жылы қаланған. Ентте әскери бөлімшелері, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, өндірістік кооперативтер, орта мектептер клуб, балабақша, аурухана т. б мекемелер бар. Тұрғындары басқаша елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Алакөл Артезиан алабы - Семей мен Талдықорған обылыстарының аралығындағы Алакөл ойысында 40 000 км жерді алып жатқан жер асты суы бар өңір. Ойыс орталығындағы қалыңдық 1000 м-ге жететін неоген мен антропогеннің борпылдақ шөгінділерінде қосымша күшті артезиян сулары 185-540 м тереңдікте кездеседі. Су қабаттарының орташа қалыңдығы 15-75 м. Шапшымалы скважиналардағы судың тәуліктік өнімі 1000-4500 м. ; суы тұщы, минералдану 0, 5 г/л.
Көшпелі халықтардың Орталық Азиядан Европаға қатысып жүрген ежелгі жолы осы жерден өткен. Жазық бөлігінің климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуан; январьдың орта температурасы-14С, июльде 23С. жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм. Қыста қар аз түседі. Таулы бөлігінің климаты онша континенттік емес, жауын-шашын мөлшері 350-ден 800 мм-ге дейін. «Жоңғар қақпасы» жағынан «Ебі» желі батыстан жауын әкелетін «Сайқан» желі соғады. Ірі өзендері-Жоңғар Алатауының мұздықтарынан басталып, Сасықкөлге құятын Жаманты. Тау етегінде бұлақтар көп. Алакөл, Сасықкөл, Ұялы ірі көлдері бар. Оларда сазан, алабұға, маринка т. б балықтар кездеседі. Ауданның солтүстік - батысындағы сұр топырақты жусан, сораң өсімдіктер және өзен аңғарлары мен көл жағаларындағы батпақты қопаларда ши, құрақ, қамыс өседі. Тау беткейіндегі (650 м-ден 1500 м-ге дейін) қоңыр және қара топырақты жерлері бетегелі, жусанды дала, биіктігі 1500-2500 м-ге дейінгі белдеулерде тау шалғыны, күлгінтопырақта әр түрлі шөп, алма ағашы мен терек, шырша, онда жоғары субальпілік шалғын өседі. Жануарлардан түлкі, жабайы шошқа, тау теке, елік, ондатра бар, су құсы көп. Көл жағасы шымтезекке және тұзға бай.
А. а-ы көп ұлтты: қазақтар, орыстар, украйындар, немістер т. б тұрады. Халықтың орта тығыздығы 1 км-ге 3 адам. Ауданда Ақтоғай, Дружба қ. т поселкелері менҮшарал, Майское, Обуховское, Социалды т. б ірі мекендер бар.
А. а негізінен а. ш-мен шұғылданады. А. ш-на пайдаланатын жері 875, 5 мың га (1968), оның ішінде егістік жер 41, 5 мың, тыңайған жер 13, 9 мың бақша 0, 1 мың, шабындық 24, 8 мың жайылым 633, 9 мың га. А ш-ның негізгі саласы-мал өсіру. 1971 жылдың басында ауданда 23, 1 мың ірі қара мал, 282, 4 мың қой мен ешкі, 6, 4 мың жылқы, 0, 02 мың шошқа; 288 түйе болады. Жалпы егіс көл 38, 5 мың га оның ішінде; дәнді дақылдар 26, 7 мың, тех. дақылдар 2, 5 мың (1, 9 мыңы қызылша), мал азық дақылдары 8, 6 мың, картоп пен овощ-бақша 0, 7 мың га.
А. а жерінен Ақтоғай-Дружба т. ж өтеді және аудан орталығынан Обуховкаға, Сағындыққа т. б елді мекендерге автомобиль жолдары барады.
Ауданда тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, баспахана, бірнеше электр станциясы, 11 бастауыш, 9 сегіз жылдық қазақша орысша 9 орта мектеп, кітапханалар, клубтар, ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, патектер т. б бар. Қазақ тілінде «Жаңа өмір», орыс тілінде «Новая жизнь» атты аудандар газеттер шығарылады.
Лепсі -Талдықорған облысыеның Қаратал және Бөрлітөбе аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 418 км, су жиналатын алқабы 9, 4 мың км. Жоңғар Алатауының Солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып Балқаш көлінің Оңтүстік Шығыс бөлігіне құяды. Аңғары жоғары бөлігінде тор шатқалды, төменде кеңейеді. Лепсі жер асты, жауын-шашын, мұздық суымен қоректенеді. Жылына су деңгейі әрекет: көктемде және жазда көтеріледі. Суы лайлы, ағыны қатты. Өзеннің жазықтығы бөлігі декабрьден мартқа дейін қатады. Жылдық орташа су шығыны Новоантоновское селосы, тұсында, 24, 9 м/сек. Суы егін суғаруға, жағалауы шабындық пен жайылымға пайдаланады. Лепсінің су режимін реттеу күшін Лепсі каналы салынған. Бойындағы елді мекен-Лепсі қ. т поселкесі.
Лепсі-Талдықорған облысындағы Бөрілі төбе ауданының орталығы қ. т. поселкесі т. ж ст. Талдықорған қаласының Солтүстігінде 210 км, лепсі өзенінің оң жағасында орналасқан. Іргесі 1928 ж қазан т. Ж-тың салуынына байланысты қаланған. Халқы 6, 2 мың (1974) . Лепсіде жылжымалы механикаландырылған колонка, экватор, баспахана, аудан. Тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, мұнай базасы, автобаза, локамотив депосы, вагон жөндеу зауытты, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, санэпидстанция, балалар бақшасы бар.
Жарбұлақ -Семей облысының ауданындағысело. Мақаншы селосының Оңтүстігінде 90 км, Алакөл көлінің шығысында (3км) . Аякөз т. ж. станциясынан 335 км. Халқы 5, 7 мың (1970) . 1963 ж ұйымдасқан «Жарбұлақ» қой савхозы мен сельсоветінің орталығы. Жарбұлақта орта мектеп, аурухана жұмыс істейді. Селодан 18 км жерде Барлық-Арасан курорты орналасқан.
Көктұма: Бақты-Семей облысының Мақаншы аудандағы өзен Алакөл алабында. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алқабы 1360 км. Тарбағатай тауының Оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Бақты селосынан Оңтүстікте 20 км Жерде еміл өзеніне құяды. Аңғары кең, арнасы тік жар. Жайылмасында құрғақ, қамыс өседі. Сағасы батпақты.
Көктұма-Талдықорған облысының Алакөл ауданындағы село. Аудан орталығы Үшарал селосынан Оңтүстік Шығыста 72 км, Алакөл көлінің Оңтүстік жағасында. Халқы -3, 1 мың (1970) . Іргесі 1906 жылдары қаланы бастады. Совет өкіметінің алғашқы кезінде мұнда «Пограничный красный рыбак» артелі құрылады.
1965 жылы бұрынғы кішігірім шаруашылықтардың орнына «Көктұма» қой совхозы ұйымдастырылды. Көктұма савхозы және Ырғайты сельсоветінің орталығы; онда орта мектеп, халық театры, клуб, кітапхана, аурухана бар.
Көктұма-Орта ғасырдағы қаланың орны. Талдықорған облысының Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің Оңтүстік-Шығыс жағасында Көктұманы 1957 жылы Жетісу археологының экспедициясы зерттеді. Табылған материалдардың дені қыштан жасалған заттар (құмдар, қос құлақты құмыралыр, батырып та, қалыптап та өркендеген дастарқандар) . Бұлар б. з 9-11 ғасырына жатады. Көктұманы 9 ғасырда Қимай елінің Дамурия деп аталған қаласы, ал манғолдар кезінде Органм өлкесінің орталығы болған. Қазіргі қаланың орны түгел дерлік жойылуға арйналған.
Сарқант -Талдықорған облысы Сарқант ауданындағы өзен. Ақсу өзенінің алабындағы ұзындығы 90 км, су жыналған алқабы 704 км. Жоңғар Алатауының Солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталады, тау аралығында тар шатқалымен ағып көкжайдақ с. тұсында Ақсу өзеніне құяды. Мұздық, жауын-шашын суымен қоректенеді. Ағыны қатты. Көп жылдық орташа су шығыны Сарқант с. тұрысында 6, 28 м/сек. Өзен суы егін суаруға, шаруашылық қажеттеріне толық пайдаланады.
Сарқант- Талдықорған облысындағы Сарқант ауданындағы орталығы, қала. Облыс орталығы Талдықорған қаласынан шығысқа қарай 150 км, Алматыдан 450 км, Жоңғар Алатауының солтүстік етегінде орналасқан. Іргесін 19 ғасырда Орталық Россиядан қоныс аударушылар қалады. Сарқант ауданында тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, май-сыр, шарап, нан, сыра завоттары, орман шаруашылығы, электростанция, аудан баспахана, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, құрылыс және жол құрылыс комбинаты, астық қабылдау пункті, автобаза т. б шоғырланған. Қалада 3 сегіз жылдық, 5 орта мектеп, мәдени ағарту уч-щесі, 2 а. ш. мамдарын даярлайтын уч-ще, балалардың муз және спорт мектептері, балалар үйі, 10 балалар бақша-яслиі, пионерлер үйі, жас техниктер ст., мәдениет үйі, 2 кинотеатр («Спутник» және «Мир»), 10 кино қондырғы, 4 клуб, 5 кітапхана, қонақ үйі, бірнеше бөлімшелері бар аудан аурухана, аптека бар. Сарқант қаласында қант қызылшасын өсіретін «Красный Октябрь» с-зының орталығы, мал бордақылау пункті орналасқан.
Сарқант ауданы- Талдықорған облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік аудан. Жері 5, 6 мың км. Халқы 58, 3 мың (1975) . Ауданда 12 ауылдық, селолық Совет, 7 колхоз және 6 совхоз бар. Орталығы-Сарқант қаласы.
Сарқанттың оңтүстік-шығысында ҚХР-мен, шығысында Андреев, солтүстік-батысында Бөрілітөбе, батысында Ақсу, оңтүстігінде Қапал аудандарымен шектеседі. Аудан территориясының көпшілік бөлігін герцендік қатпарлықта жаралған Жоңғар Алатауының жоталары және (Қайрақкөл, Алатай, Көкжота, Желдіқарағай, Басқантау) тау аралық ойыстар, солтүстік-солтүстік-шығысын палеогеннің континенталды шөгінділерінен түзілген Балқаш-Алакөл ойысына тірелетін жазық өңір алып жатыр. Пайдалы қазындылардан құрылысқа жарамды балшық, құм, қиыршық, қысы жұмсақ, жазы жылы. Орташа температура январьда -7-8 С, июльде 20-22 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы бөлігінде 600-800 мм, жазық бөлігінде 300-500 мм. Ірі өзендері-Сарқант, Лепсі, Қосағаш, Басқан, Қожамберді. Бұл өзендер аудан шаруашылықтарының егістігін суғаруға пайдаланылады. Тау аралық қазан шұңқырлары мен тау бөктері қара және қара қоңыр, қызыл қоңыр, солтүстік батысындағы шөл зонасы аз корбанаты сұр, шалғындық сұр топырақты келеді. Таулы бөлігінде шырша, қарағай қайың, алма ағашы, өрік, теріскен сүттіген, қараған, жусан, бидайық т. б. өседі. Марал, теке, арқар, қоңыр аю, елік, жабайы шошқа, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, түрлі кемірушілер құстан бүркіт, ұлар, кекірік, дуадақ, кептер, бөден, қырғауыр т. б. мекендейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz