Алдын ала тергеудің аяқталуы туралы ақпарат


ҚА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАЛУЫ

Орындаған 3 курс студенті Алихан А. А.

Ғылыми жетекшісі, з. ғ. д.

профессор Алауханов Е. О.

Норма бақылаушы

з. ғ. к., доцент Шарипов Ш. М.

Кафедра меңгерушісінің

з. ғ. д., проф. Алауханов Е. О.

рұқсатымен қорғауға жіберілді

« » 2010 ж.

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Түйін сөздер. Қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу, әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазасын алуы және кінәсіз бір де бір адам қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету - қылмыстық процестің мақсаты болып табылады. Біз қарастырып отырған алдын ала тергеуді аяқтау институты осылардың соңғысының шешімін табуға арналған.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, үш бөлім, алты бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен жәнеқосымшадан тұрады.

Көлемі. Жұмыстың көлемі 52 бет.

Диплом жұмысын жазуда көптеген заңдар қолданылды. Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді қылмыстық іс жүргізудің алдын ала тергеудің аяқталуы институтың жетілдіруге және ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:

  • алдын ала тергеу ұғымына талдау жасау;
  • алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасын ашып беру;
  • айыптау қорытындысын жасап тергеуді аяқтау тәртібі зерттелінген;
  • қылмыстық істі қысқартудың түрлері қарастырылған;
  • тергеу аяқталу кезеңінің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қараған кездегі жалпы сипаттамасы беру.

Зерттеу объектісі және пәні. Қылмыстық іс жүргізудің алдын ала тергеудің аяқталуы барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.

Алдын ала тергеудің тәртібін реттейтін заңнаманың мәні мен мазмұны және де қылмыстық іс жүргізудің субъектілер зерттеудің пәні болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.

Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді.

ГЛОССАРИЙ

1. Адвокат - адвокаттар алқасының мүшесі. Жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүеге асыру құқығына лицензия алған адам.

2. Айыптау үкімі - қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға айыптау шарасын тағайындайтын және айыптау тұжырымдамасы жазылған сот актісі.

3. Аралық сот - жоғары сыныпта заңгер-кәсіпкерлер құратын сенім соты. Мемлекеттен және кәсіпкерлік құрылымнан толық тәуелсіз орган. Екі немесе бірнеше шаруашылқ субьектілері арасында дау туындағнда, аралық сотқа жүгіну пайда болады.

4. Диктатура - көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік.

5. Қорғау(құқықтарды) - сот қорғауы, заңнамалық, экономикалық,

ұйымдық-техникалық және басқа құралдар мен іс-шаралар, сондай-ақ азаматтық құқықтарды өзі қорғауды біріктіретін, субьективті құқықты еркін және тиісті түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қолданылатын кешенді шаралар жүйесі.

6. Карцер - бекітілген тәртіпте қасақана қасақана жол жол берген адамды, қамауда ұстауға арналған бір орындық қапас.

7. Полиция - қадағалау мен мәжбүр ету шарасы жолымен, мемлекеттің құқық тәртібі ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше органдар жүйесі, сондай-ақ кейбір мемлекеттерде ішкі әскерлердің бір түрі.

8. Прокуратура - мемлекет атынан барлық мемлекеттік органдардың, кәсіп орындардың, мекемелердің, ұййымдардың, сондай - ақ азаматтардың заңның дәл және бірыңғай орындалуын бақылауды жүзеге асыратын органдар жүйесі. Басқа құқық қорғау органдарымен бірге заңдылық пен құқық қорғау органдарымен бірге заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етеді.

9. Прокурор - жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің балық салаларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: ҚР Бас прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар және т. б.

10. Трест - өздерінің шаруашылық және құқықтық дербестіктерін жоғалтып, бірыңғай жоспар бойынша әрекет ететін кәсіпкерлер бірлестігінің пішімі. Басқаруды орталықтандырудың барынша жоғары деңгейімен, сондай-ақ қызметті елеулі түрде диверсификациялаумен сипатталады.

11. Эшафот - зайырлы қылмыстық заңмен немесе шіркеу құқығымен қарастырылған әрекет үшін жазаны орындау орны; өлім жазасын көпшілік алдында орындауға арналған тақтай тұғыр.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5-8

1. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ

МЕН КЕЗЕНДЕРІ 10-25

1. 1. Алдын ала тергеу ұғымы

1. 2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы

1. 3. Айыптау қорытындысын жасап тергеуді аяқтау

2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТУ 27-42

2. 1. Қылмыстық істі қысқартудың түрлері

2. 2. Тергеушіге қылмыс жасаған адамды қылмыстық

жауапкершіліктен босатуға құқық беретін мән-жайлар

3. МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ

ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ ҚАРАУЫ

ҮШІН ІСТІ СОТҚА ЖІБЕРУ ЖӘНЕ ТЕРГЕУДІ

АЯҚТАУДЫҢ БАСҚА ДА НЫСАНДАРЫ 43-50

3. 1. Тергеу аяқталу кезеңінің медициналық сипаттағы

мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қараған кездегі

жалпы сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ 51-52

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 53-54

ҚОСЫМША 55-56

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізудің алдын ала тергеудің аяқталуы институты зерттелінген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу, әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазасын алуы және кінәсіз бір де бір адам қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету - қылмыстық процестің мақсаты болып табылады. Біз қарастырып отырған алдын ала тергеуді аяқтау институты осылардың соңғысының шешімін табуға арналған.

Сонымен қатар, осы оқу құралындағы қылмыстық іс жүргізу институтының мақсаты - әділ сот жүргізуші органдарды, сот ісін жүргізудің негізгі мақсаты тұрғысынан алғанда, көрінеу жарамсыз істерді қараудан босату, оларға жеңілдік жасау болып табылады.

Тергеуді аяқтау институты, бұл - іске асырылуы өте күрделі құқықтық нормалар тобы. Заңдылықтың сақталу дәрежесі, барлық алдын ала тергеудің толықтығы мен әділдігі, көбіне, іс бойынша соңғы құжаттың қалай жасалғанына, іс жүргізу процедурасының қалай аяқталғанына байланысты.

Бұл жұмыста алдын ала тергеуді аяқтаудың барлық түрін қарауға талпыныс жасадық. Оның соңғылары дәлелдеме келтірілуімен ғана шектелмейді. Бұл жерде алдын ала тергеудің әдебиетте аталған нысандары да, сондай-ақ, аяқтаушы уақыт аралығы - кезеңдер де талданған. “Тергеудің аяқталуы” термині құқықтық институттың атауы ретінде де, іс жүргізу қызметі мен іс бойынша шешім жасау кезеңі ретінде де қолданылуы мүмкін. Бұл оқу құралын тергеудің аяқталуы сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңі ретінде қаралады, ол алдын ала тергеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы уақыт аралығы үшін маңызы бар қандай да бір қылмыстық іс жүргізу шешімін қабылдаудың негізі сипатталады, тергеуші (анықтама органы, прокурор) дайындайтын іс жүргізу құжаттарының формасы мен мазмұнына қойылатын талаптар қаралады.

Авторлар алдын ала тергеудің аяқталу проблемасын ұзақ уақыт зерттеді. Бұл құралдың басты құндылығы дұрыс материалдар, қандай да бір ұғымға деген ғалымдар пікірі, жинақталған тәжірибе ғана емес. Мұнда тергеуді аяқтаудың негізі мен тәртібін реттейтін барлық нормативтік актілерден қажетті үзінділер келтірілген, олар айыптау қорытындысын жасауға, қылмыстық істі қысқартуға және адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін қарауы үшін істі сотқа жіберуге қатысы бар нормалар.

Кейде құқықтық ережелер бір мағынада түсінілмейді. Қандай да бір ережені қолдануда прокурор мен тергеушіде әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Алдын ала тергеу органдарының қызметін қадағалай отырып прокурор қылмыстық істі қысқарту немесе оны сотқа жіберу туралы соңғы нұсқау береді. Іс жүргізудегі өзінің дербестігін пайдаланып тергеуші оның нұсқауын орындаудан бас тартады. Бұл жағдайда не істеу керек?

Егер прокурор мен тергеуші, мұндай жағдайларда бұрын қандай шешім болғанын білсе, өзара қайшылыққа бармаған болар еді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда мұндай тақырып А. Н. Ахпанов, Е. О. Алауханов, К. Беков, Л. Ш. Берсүгірова, Т. К. Биятов, М. А. Джанабаев, А. А. Исаев, К. Ж. Капсалямов, М. Ч. Қоғамов, Д. Н. Канафин, Ш. К. Құсайынов, Е. Я. Лопушной, С. С. Молдабаев, Г. М. Нам, К. И. Нұржаубаева, А. С. Нұралиева, С. Д. Оспанов, Т. Е. Сәрсенбаев, Б. Х. Төлеубекова, А. К. Түгел, А. Ж. Тукеев, С. Т. Тыныбеков, Ш. М. Шарипов, Б. К. Шынарбаев, Р. Н. Юрченко және тағы басқа ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді қылмыстық іс жүргізудің алдын ала тергеудің аяқталуы институтың жетілдіруге және ғылыми негізі бар ұсыныстар даярлау мақсаты қойылған.

Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:

  • алдын ала тергеу ұғымына талдау жасау;
  • алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасын ашып беру;
  • айыптау қорытындысын жасап тергеуді аяқтау тәртібі зерттелінген;
  • қылмыстық істі қысқартудың түрлері қарастырылған;
  • тергеу аяқталу кезеңінің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қараған кездегі жалпы сипаттамасы беру.

Зерттеу объектісі және пәні. Қылмыстық іс жүргізудің алдын ала тергеудің аяқталуы барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.

Алдын ала тергеудің тәртібін реттейтін заңнаманың мәні мен мазмұны және де қылмыстық іс жүргізудің субъектілер зерттеудің пәні болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.

Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.

Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығына алдын ала тергеуді аяқтаудың барлық түрін қарауға талпыныс жасадық. Оның соңғылары дәлелдеме келтірілуімен ғана шектелмейді. Бұл жерде алдын ала тергеудің әдебиетте аталған нысандары да, сондай-ақ, аяқтаушы уақыт аралығы - кезеңдер де талданған. “Тергеудің аяқталуы” термині құқықтық институттың атауы ретінде де, іс жүргізу қызметі мен іс бойынша шешім жасау кезеңі ретінде де қолданылуы мүмкін. Бұл оқу құралын тергеудің аяқталуы сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңі ретінде қаралады, ол алдын ала тергеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы уақыт аралығы үшін маңызы бар қандай да бір қылмыстық іс жүргізу шешімін қабылдаудың негізі сипатталады, тергеуші (анықтама органы, прокурор) дайындайтын іс жүргізу құжаттарының формасы мен мазмұнына қойылатын талаптар қаралады.

Авторлар алдын ала тергеудің аяқталу проблемасын ұзақ уақыт зерттеді. Бұл құралдың басты құндылығы дұрыс материалдар, қандай да бір ұғымға деген ғалымдар пікірі, жинақталған тәжірибе ғана емес. Мұнда тергеуді аяқтаудың негізі мен тәртібін реттейтін барлық нормативтік актілерден қажетті үзінділер келтірілген, олар айыптау қорытындысын жасауға, қылмыстық істі қысқартуға және адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін қарауы үшін істі сотқа жіберуге қатысы бар нормалар.

Кейде құқықтық ережелер бір мағынада түсінілмейді. Қандай да бір ережені қолдануда прокурор мен тергеушіде әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Алдын ала тергеу органдарының қызметін қадағалай отырып прокурор қылмыстық істі қысқарту немесе оны сотқа жіберу туралы соңғы нұсқау береді. Іс жүргізудегі өзінің дербестігін пайдаланып тергеуші оның нұсқауын орындаудан бас тартады. Бұл жағдайда не істеу керек?

Егер прокурор мен тергеуші, мұндай жағдайларда бұрын қандай шешім болғанын білсе, өзара қайшылыққа бармаған болар еді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:

1. Алдын ала тергеудің ең аз дегенде үш нысаны бар:

1) алдын ала тергеу;

2) аралас алдын ала тергеу, ол өзіне анықтауды (алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша) және содан кейінгі алдын ала тергеуді қамтиды;

3) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша “анықтау”.

2. Тергеудің аяқталуы мына шешімдердің біреуімен тамамдалады:

а) айыптау қорытындысымен;

б) қылмыстық істің қысқаруымен;

в) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберумен.

Өзінің мазмұны жағынан мұндай хаттама жеке және жария айыптау істері бойынша бірдей емес.

3. Айыптау қорытындысына тергеуші қол қойып, оны жасаған жер мен уақытты көрсетеді. Айыптау қорытындысына қол қойған күні тергеуші оны іспен бірге прокурорға жіберуге тиіс.

1) Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің (олардың өкілдерінің) қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартуы тергеушіні оларға тергеудің аяқталғанын хабарлау міндетінен босатпайды.

2) Айыпталушы, оның қорғаушысы, жәбірленуші, оның өкілі, егер олар тиісті өтініш білдіріп, оны тергеуші қанағаттандырса, олар ешқандай шектеусіз қылмыстық істің барлық материалдарымен танысуға тиіс.

3) Айыптау қорытындысы сот талқысының шекарасын анықтайды. Сот істі айыптау қорытындысында баяндалған айыптау шегінде ғана қарай алады.

4) Қылмыстың мән-жайын айыптау қорытындысының сипаттау бөлімінде баяндаудың үш тәсілі бар:

а) хронологиялық - оқиғаның және дәлелдемелердің мән-жайы сол анықталған (жинақталған) ретімен баяндалады;

б) жүйелік - қылмыстық әрекет сол жасалған ретімен көрсетіледі;

в) эпизодтық - айыптау қорытындысы эпизодтар бойынша жасалады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мазмұнынан, кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 Алдын ала тергеу ұғымы, оның нысандары мен кезеңдері

1. 1 Алдын ала тергеу ұғымы

Алдын ала тергеу ұғымы саты ретінде заң әдебиеттерінде еш талас тудырмайды, оған барлық іс жүргізушілер бірдей анықтама береді. Алдын ала тергеу дегеніміз - қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын, өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.

Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала тергеу сатылары арасындағы айырмашылықты көре алмайды.

А. А. Гарницкий былай дейді: “Алдын ала тергеу - қылмыстық процестің сатысы, ол кезеңде тергеу және анықтама органдары, жұртшылықтың көмегіне сүйене отырып және заңда белгіленген тәртіпте, қылмыстың алдын алу жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды ашу, кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамның немесе істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-жоғын анықтайды”. “Алдын ала тергеу дегеніміз - қылмыстық процестің сатыларының бірі, - деп жазады Н. Ц. Логин мен Ф. Н. Фаткуллин. - Сот ісін жүргізудің бұл сатысы тергеушінің немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және ол бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі қысқартумен (есі дұрыс месетерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану үшін сот қа жіберумен) аяқталады” [1, 31 б. ] . Бұл анықтау уақыт аралығында (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысты пайдаланылмайды.

Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде қаралады. Дегенмен, кейде бұл қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да, құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.

Алдын ала тергеу (қызмет ретінде) екі нысанда жүзеге асырылады деп саналады, олар: анықтау және алдын ала тергеу.

Анықтау және оның түрлері. Бұрын аталып өткендей, қылмыстық іс жүргізу қызметінің екі түрін: анықтау мен алдын ала тергеуді алдын ала тергеудің нысандары деп атау қабылданған.

Анықтау деген не?

Анықтау ала тергеудің кез келген нысаны сияқты, қылмыстық іс қозғалғанннан кейін басталады. Алдын ала тергеу міндетті емес тергеуден оның айтарлықтай айырмашылығы бар. Анықтаудың түріне қарай ол қылмыстық істі тергеушіге жібергеннен кейін немесе қылмыстық іс қысқарғаннан кейін аяқталуы мүмкін. Заң алдын ала тергеу кезінде жүзеге асырылатын ол қызметтің екеуін де анықтау деп атайды.

Есте сақтайтын бір жай, “қазіргі заңдық регламеннтеуде анықтау әртүрлі екі процедураны қамтиды, оларды бір құқықтық институтқа біріктіру жасанды болып табылады” [2, 13 б. ] . Сондықтан да Г. И. Мачковскийдің айтқаны өте дұрыс: анықтау - кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу ғана, яғни А. К. Гавриловтың пікірінше - анықтау тергеудің бастапқы кезеңі (бөлігі) ғана; ал толық көлемді анықтау дегеніміз - азаматтардың құқықтарын шектей отырып анықтау органының алдын ала тергеу жүргізуі. Басқаша айтқанда, егер жаратылысы да, мақсаты да, мерзімі де тептен басқаша екі қызмет түрі бірдей аталынатын болса және мұндай жағдай дұрыс деп саналса, онда анықтау органдарының қылмыстық іс жүргізу практикасының барлық түрлері дәйекті анықтау деп аталады.

ҚІЖК-нің 288-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау органы іс қозғайды және қылмыстық іс бойынша дәлелденуі тиісті мән-жайларды анықтау үшін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген барлық шараларды қабылдайды. Алдын ала тергеудің осы түрін жүргізгенде анықтау органы кез келген тергеу, сондай-ақ басқа іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге, қажетті іс жүргізу шешімдерін қабылдауға құқылы.

Бұл ретте ол қылмыстық іс жүргізу заңында негізінен алдын ала тергеу үшін белгіленген ережелерді басшылыққа алады.

1) Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін анықтау жүргізген адам анықтаудың аяқталғаны және істің прокурорға жіберілгені жайында хабардар етуге міндетті. Бірақ, анықтау органы, тиісті өтініш болған күннің өзінде, оларды іс материалдарымен таныстыруға міндетті емес.

2) Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі бар, оның мәнісі мынада: прокурор, ҚІЖК-нің 289-бабына сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға) орындалуы міндетті нұсқау беруге уәкілетті.

Бірақ тергеуші прокурордың:

- айыпталушы ретінде тарту туралы;

- қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізудің жалпы шарттары
Алдын ала тергеудің аяқталуы
Қылмысты жедел және толық ашу және тергеу
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу
Алдын ала тергеу психологиясы
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмыстық процесте қылмыстық істерді алдын ала тергеу
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
Aлдын aлa тeргeу – қылмыcтық ic жүргiзу прoцeciнiң мaңызды тaқырыптaрының бiрi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz