Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі



Ойлау – ақиқаттың маңызды заңды байланыстарының жанамаланған және жалпыланған түрде бейнеленуі.
Ойлау басқаруда маңызды рөл ойнайтын едәуір күрделі танымдық психикалық процесс б.т. Ол сөйлеу және белгілер жүйесі арқылы сезімдік пен қисынды танымның элементтерін жинақтайды.
Ойлауды оның қаситеттері, операциялары, формалары, түрлері, сатылары сипаттайды.
1.Ойлаудың қасиеттері: қисындылығы, жалпылылығы, жанамаланғандығы, проблемалылығы;
2.Ойлаудың операциялары: анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, абстракциялау, салыстыру және т.б.
3.Ой түрлері: ұғым, пікір, ой қортындысы (дедуктивті және индуктивті).
4.Ойлаудың түрлері: көрнекі-әрекетшіл; көрнекі-бейнелі; логикалық.
5.Ойлаудың сатылары:
1) проблемды жағдайды сезіну;
2) міндеттің талдамасына, ойластырылуына және шешілуіне бағытталғай ой ізденісі;
3) шешімнің табылуына ықпал ететін болжамдардың, жорамалдардың, идеялардың туындауы;
4) жалпы шешімнің нақтылануы және бөлшектене қарастырылуы, оның мінез-құлықта және іс-әрекетте жүзеге асуы.
Басшы ойлауының ерекшелігі оның практикалық бағыттылығында.
Практикалық ойлау басқару тәжірибесімен байланысты. Ол іс-әрекетпен байланысты. Ол тікелей және ажырамайтын байланыс. Ал ойлау процесі басқарудың практикалық міндеттерін шешу үшін жүзеге асады. Ол басшының басқа қызметтерді орындауымен қатар нақты сипатта орындалады.
Басшының практикалық ойлауының психологиялық ерекшеліктері:
1) Басшы шешуі тиіс проблеманы өзі құрап, анықтап, оны ағымдағы істер мен жағдайларда айыра білуі тиіс;
2) Оның проблемаларының жалғыз дұрыс шешімі болмайды. Басқару іс-әрекетіндегі міндеттерді шешудің өлшемі «дұрыс-бұрыс» тұрғысы емес «азды-көпті қолайлы» деген тұрғы.
3) Басшы шешіліп жатқан және шешілген мәселелерге ерекше жауапты. Іс - әрекеттің басқа мүшелеріне қарағанда оның міндеттің ақырғы нәтижесі үшін жауапкершілігі едәуір жоғары болады.
4) Басшының ойлау процесінің жалпы бағдары «жекеден жалпыға», «жалпыдан жекеге» емес қарай жүруі тиіс.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі

Ойлау – ақиқаттың маңызды заңды байланыстарының жанамаланған және
жалпыланған түрде бейнеленуі.
Ойлау басқаруда маңызды рөл ойнайтын едәуір күрделі танымдық
психикалық процесс б.т. Ол сөйлеу және белгілер жүйесі арқылы сезімдік пен
қисынды танымның элементтерін жинақтайды.
Ойлауды оның қаситеттері, операциялары, формалары, түрлері, сатылары
сипаттайды.
1.Ойлаудың қасиеттері: қисындылығы, жалпылылығы, жанамаланғандығы,
проблемалылығы;
2.Ойлаудың операциялары: анализ, синтез, жалпылау, нақтылау,
абстракциялау, салыстыру және т.б.
3.Ой түрлері: ұғым, пікір, ой қортындысы (дедуктивті және индуктивті).

4.Ойлаудың түрлері: көрнекі-әрекетшіл; көрнекі-бейнелі; логикалық.
5.Ойлаудың сатылары:
1) проблемды жағдайды сезіну;
2) міндеттің талдамасына, ойластырылуына және шешілуіне бағытталғай ой
ізденісі;
3) шешімнің табылуына ықпал ететін болжамдардың, жорамалдардың,
идеялардың туындауы;
4) жалпы шешімнің нақтылануы және бөлшектене қарастырылуы, оның мінез-
құлықта және іс-әрекетте жүзеге асуы.
Басшы ойлауының ерекшелігі оның практикалық бағыттылығында.
Практикалық ойлау басқару тәжірибесімен байланысты. Ол іс-әрекетпен
байланысты. Ол тікелей және ажырамайтын байланыс. Ал ойлау процесі
басқарудың практикалық міндеттерін шешу үшін жүзеге асады. Ол басшының
басқа қызметтерді орындауымен қатар нақты сипатта орындалады.
Басшының практикалық ойлауының психологиялық ерекшеліктері:
1) Басшы шешуі тиіс проблеманы өзі құрап, анықтап, оны ағымдағы істер
мен жағдайларда айыра білуі тиіс;
2) Оның проблемаларының жалғыз дұрыс шешімі болмайды. Басқару іс-
әрекетіндегі міндеттерді шешудің өлшемі дұрыс-бұрыс тұрғысы емес азды-
көпті қолайлы деген тұрғы.
3) Басшы шешіліп жатқан және шешілген мәселелерге ерекше жауапты. Іс -
әрекеттің басқа мүшелеріне қарағанда оның міндеттің ақырғы нәтижесі үшін
жауапкершілігі едәуір жоғары болады.
4) Басшының ойлау процесінің жалпы бағдары жекеден жалпыға,
жалпыдан жекеге емес қарай жүруі тиіс.
5) Теориялық ойлауға қарағанда туындаған қиындықтарға деген
қатынастардың басқа жүйесі. Бұл бағдар алғашынан өңдеуші әрекетшіл келеді.
Ол алынған шешімнің жағдайдың қажет бағытта өзгеруіне байланысты әркеттерді
ұйымдастыру құралы ретінде жүзеге асуын талап етеді.
6) Ойлау едәуір жалпы негізгі маңызды бітістердің айналасында
шоғырланып, кейіннен маңызды және маңызы жоқ бітістердің арасындағы
айырмашылықтың мәні жоғалады. Басқару тәжірибесінде бөлшектердің, жеке
жағдайлардың маңыздылығы жақсы белгілі. Олар міндетті шешудің жолдарын
болжауы мүмкін. Ал тәжірибедегі қайсыбір ұсақ-түйектің көзге ілінбеуінің
себебінен күрделі жағдайлар туындауы мүмкін.
Басқару іс әрекетіндегі басшының ойлауының тұрақсыздыққа деген
тұрақтылығының жоғары деңгейі байқалады. Ойлау субъектісі – басшы өзінен
ұйымдастыру күрделі және даралық ерекшеліктері бойынша басым келетін өзі
сияқты субъектілерді, ойлаудың объектісі деп таниды, ол сол ерекшеліктерді,
қызметкерлердің дербес ойын, саналарының толымсыз (біршама) бағыныңқылығын;
манипуляциялауға қарсыласу мүмкіндіктерін есепке алуы қажет.
Сондықтан мұндай әлеуметтік объектілердің ойлауы күрделілігімен
белгілермен, өлшемдермен (жеке сапаларымен), тұйықтығымен сипатталады. Оның
барлығы басшының қабылдауы мен ойлануын қиындатады.
Сондықтан басшының ақпаратты қайта өңдеуі, жағдайдағы көріністен
кеңірек көруі, іс-әрекет жағдайларының тұрақсыздығын компенсациялауы
ойлауының ең маңызды сапасы болып табылады.
Ақпараттың жоғары дәрежедегі күрделілігі, оның таусылуы ойлау
тұрақсыздығының себебі болып табылады. Тұрақсыздықтың семантикалық және
прагматикалық деген екі түрі болады. Тұрақсыздықтың бірінші түрі қайсыбір
мәліметтердің, хабарлардың, тұтастай ақпараттың түсініксіздігімен, басқару
ақпаратының күрделілігінен туындайды. Бұл жағдайда ақпараттың шынайы
мағынасын көре білген қажет. Тұрақсыздықтың екінші түрі ақпараттың тым көп
болуынан жағдайды реттеудің құралдары мен жолдарының тұрақсыздығымен
міндеттеледі.
Басшының шешімдері менеджменттегі басқару іс-әрекетінің қалған
субъектілері үшін нақты, әрі түсінікті болуы тиіс. Теориялық ойлау
барысында қиындықтарды жалпы маңызды шешімі қалыптасады. Олардың сипаты
неғұрлым жалпылама келсе, соғұрлым олардың маңыздылығы артады. Басшының
практикалық ойлауының нәтижесі ретінде белгілі бір мақсаттағы әрекеттерді
орындаудың негізі болар шешім қабылдануы тиіс. Сондықтан практикалау үшін
шешім іс-әрекетті ұйымдастыру құралы болып табылады. Шешім неғұрлым нақты
болса, оны бұрмалау әрекеттері соғұрлым төмен болып, оның орындалуын нақты
бақылаудың мүмкіндітері көп болады.
Көрегендік басшының негізгі қасиеті болуы тиіс. Басшы ақылды болуы
тиіс деген әдеттегі көзқарасқа қарамастан, оның интеллектілі көрсеткіштері
мен басқару іс-әрекетінің сәттілігі арасында маңызды байланыстар анықталған
жоқ.

Менеджменттегі ес процесінің психологиялық ерекшеліктері

Мимикалық процестер басқарудағы (менеджменттегі) кәсіби маңызды
ақпараттың есте сақталуын, өңделуін және қолданылуын қамтамасыз етеді. Олар
естің ортақ ұғымымен біріктірілген.
Ес – психиканың қызмет етуінің біртұтас жүйесі, есте адам тәжірибесі
бекиді, сақталынады, ұмытылады және қайта жаңғыртылады. Ес енжар психикалық
қызмет емес сол тәжірибені меңгерудің, сұрыптаудың, адамның өмірінің
басынан бастап түскен ақпарат ағымдарының мониторингі мен әрекеттелуінің
белсенді процесі.
Көру, есту, қозғалыс, логикалық бейнелі эмоциялы түрлері бар.
Басшы естің жалпы жоғары деңгейдегі дамуына ғана ие болып қоймай,
сонымен бірге естің басқару (менеджмент) іс-әрекетінің ұсынатын ерекше
талаптарына сәйкес келетін қажет құрылымын меңгеруі тиіс.
Менеджмент (басқару) іс әрекетінің тиімділігін естің төмендегідей
айрықша ерекшеліктері ажыратылады:
а) Әлеуметтік перцепциядағы бейнелі ес, яғни адамдарды ерекшеліктері
мен айырмашылықтарына қатысты, заттар емес субъектілер жайлы ақпаратқа
қатысты ес.
ә) Белгілердің ақпараттарына және қатынастардың қисынына қатысты ес
көлемінің үлкен болуы.
б) ақпарат іздерін тиіс уақытта және тиіс жерде жаңғыртуға мүмкіндік
беретін қатаң уақыт режимінде естің қызмет ету тиімділігі.
в) есте түрлі жедел бірліктермен және ситуациялармен әрекет етудің
жоғары реттегі динамикалылығы.
г) естің қысыңқы іс-әрекетте қызмет етуінің сенімділігі, оның
кедергілерге төзімді болуы.
Менеджмент (басқару) іс-әрекетіндегі ес те таптаурындау мен инерцияның
белгілі белгілі өлшемімен сипатталады:
1) Әдеттегі қарама-қайшылық феномені.
Бұрында жағымды нәтиже берген, сол себептен эмоциялы жағымды түрде
басқару ситуациясынан шығудың кез келген әдісі, негізсіз түрде әрекеттердің
басқа амалдарын қажет ететін жағдайларға да көшіріле бастайды. Бұл іс-
әрекеттің таптаурынына дамуы басшы мінез-құлқының қарапайымдалуына әкеледі.

2) Сүйікті себептер феномені.
Алдыңғы ұқсас келетін феномен. Ол басшылық қоластындағыларының мінез-
құлықтарының себептерін түсіндіру әрекеттерінде орын алады. Басшылардың
көпшілігі үшін ондай себептердің тізімі әсіресе қоластындағылардың жағымсыз
мінез-құлқына қатысты біршама шектеулі болады.
3) Шектер және орталар феномені.
Баяндаманың басындағы және соңындағы мәлімет жақсы есте сақталынады,
оның орта тұсы есте нашар сақталынады. Ол түсіп қалатындай әсер туады.
Басшылар мақсатты түрде бұл феноменді қолданып отырады. Олар кеңесті
қызметтердің жоғары назарын талап ететін ең маңызды және өзекті ақпаратты
хабарлаудан бастайды.
4) Фишхоф эффектісі. Адамдар субъективті түрде ретроспективті (өткен
шақтағы) ақпаратты, өзекті (қазіргі таңдағы) ақпаратқа қарағанда неғұрлым
сенімді және шындыққа сай деп есептейді. Бұл адамдардың өткен шақты нақ осы
шақтың терминдерінде талқылау ерекшеліктерімен байланысты. Сондықтан Фишхоф
эффектісі өткен шаққа қатысты екі түрлі қызмет атқарады. Ол жеке
тәжірибенің субъективті маңызын ұлғайтудың психологиялық механизмі болып
табылады. Ол өткен шақтағының осы шақтың талаптарына орай қайта құрылуын,
тәжірибенің тұрақты түрде өзгеріп отыруын, сол себептен оның дамуында
қамтамасыз етеді.

Басқарудағы (менеджменттегі) түйсіну процесінің психологиялық ерекшеліктері

Ағылшын неврологы Х.Хед түйсіктердің генетикалық тұрғыда
топтастырылуын ұсынады. Ол сезімталдықтың екі түрін көрсетеді:
1) протопатиялық (неғұрлым қарапайым аффективті) – оған органикалық
сезімдер (аштық, шөп) жатады;
2) эпикритикалық (неғұрлым нәзік, дифференциалданған, объективтелген
және рационалды) – оған адамның негізгі сезім органдарын жатқызады.
Эпикритикалық генетикалық тұрғыда сезімталдықтың едәуір жаңа түрі. Ол
протопатиялық сезімталдықты бақылауға алады.
Түйсіну психикалық құбылыстардың ең қарапайымдысы. Ол адамның мінез-
құлқына әсер етіп, сезілетін немесе сезілмейтін құбылыс. Түйсіктер
объективті әрі субъективті. Бір жағынан түйсіктерге сыртқы қоздырғыш
бейнеленеді. Екінші бір жағынан бейнелеудің шынайылығы жеке тұлғаның
даралық ерекшеліктеріне, оның жүйке жүйесінің күйіне, әртүрлі
модальдылықтардағы түйсіктердің өзара әрекеттеріне байланысты.
Түйсіктерге ие болу қажеттілігі тұлғаның ақыл-ой және эстетикалық
дамуының негізі. Олар болмаған жағдайда, яғни сенсорлы депривация
жағдайында ұйқының қанбауына, жұмысқа, адамдарға деген қызығушылықтың
жоғалуына, ызалылыққа, ашушаңдыққа, енжарлыққа, көңіл-күйдің болмауына,
кейінірек ұйқының бұзылуы мен неврозға әкеледі. Жапонияның ірі
өнеркәсіптерінде жұмыстан шығудың аур жаза ретінде есептелінетіні кездейсоқ
емес. Жазаланған адамды шеттетілген бөлмеге енгізеді. Оның ішіндегі адам
бүкіл жұмыс уақытында ештеңе істемей отыруға міндетті. Ғарышкерлер ондай
жағдайдың өте ауыр екенін айтады.
Жүйке жүйесінің сезімталдығы жаттығулардың негізінде өзгеруі мүмкін.
Ол әсерлер психологиялық немес физиологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық
ықпалдар көру анализаторының сезімталдығын арттыру үшін бетті суық сумен
жуу.
Сезім ағзаларының бірінің қызметі басқасының қызметін арттыруы немесе
нашарлатуы мүмкін. Мәселен айқын жағымсыз иістер көру сезімталдығын
нашарлатады. Әлсіз жарықта есту түйсіктері күшейеді. Ал қарқынды жарықта
керісінше нашарлайды.
Әуен түйсіктердің барлық түрлерін белсендендіреді. Жапонияның,
Францияның, Данияның фирмаларындағы жұмыс күні таңертеңгілік жаттығудан
басталады. Жаттығудан кейін жұмысшылар қызметке тезірек кіріседі, ұсақ,
нақты қозғалыстарды жеңілірек орындай алады. (мысалы қазіргі заманғы
техникамен жұмыс жасайтындар, сағат жасаушылар, тігіншілер).
М.И.Станкин ішімдіктің ағзалардың сезімталдығын бірмашама арттыратынын
айтады. (12-15 минут қана). Содан кейін сезімталдық күрт төмендеп алғашқы
деңгейінен 60% жоғалтады.
Түйсіктерді дамытуға болады. Мәселен маталарды бояйтын тәжірибелі
маман қара түстің 200-ге дейін реңктерін айыра алады. Алайда ол жұмысты
алғаш бастағанда әрбір адам сияқты қара түстің 4-5 реңкін ғана ажыратқан.
Түйсіктің әрекеттен кейінгі деп аталатын заңдылығы кездеседі. Ол
үлкен жылдамдықпен жүрумен байланысты мамандықтарда зор роль ойнайды. Сезім
органдарына ұзақ мерзімді ықпал етуде заттардың көріністері ол ықпалды
тоқтатқанның өзінде де жоғалмайды. Психиканың бұл заңдылығын ерекшелеудің
әсерінен көптеген жол көлік апаттары (авариялар) орын алады, әсіресе
тауларда жол айырықтарында.
Даниялық психологтар жол апаттарының 61% қою түсті көліктердің
арасында, 32,6% - қою мен ашық түсті көліктердің арасында, 6,1% ашық түсті
көліктердің арасында болатынын анықтаған.
Әр адамның сезімталдығы дара келеді. Әрі ол жас ерекшеліктеріне
байланысты өзгеріп отырады. Олар жастық шақта ең жоғары деңгейіне жетіп,
кейіннен төмендей бастайды.

Менеджменттегі зейін процесінің психологиялық ерекшеліктері

1. Зейін процесі
2. Зейінді шоғырландыруың негізгі принциптері
3. Менеджердің зейіні
Зейін - көптеген психлогтардың ойынша дербес қарастыруға негізі жоқ
процес. Көптеген ғалымдар ерекшет тәуелсіз зейін деген процестің жоқ
екенін, оның тек адамның іс әрекетінің немесе басқа бір психикалық
процесінің бір қыры ретінде анықтайтынын айтады. Басқаларының ойынша зейін
өзіндік ерекшеліктері бар, айрықша ішкі процес, адамның едәуір тәуелсіз
психикалық күйі. Л.Я.Гальперин зейін өнімі бақылау болып табылатын
психикалық процес деп есептеген.
Дегенмен, ғалымдардың көпшілігі зейінді психофизиологиялық процес,
танымдық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын күй деп
санайды. Бұл сезім ағзалары арқылы жететін ақпараттардың бірін санасыз
түрде іріктеп, басқасын елемеу процесі.
Адамның зейінінің бес қасиеті бар:
Тұрақтылығы – ұзақ уақыт бойы зейін күйін қайсыбір объектіде сақтау
қабілеті.
Шоғырлануы – зейінді басқа объектілерді елемей біріне ғана бағдарлау
қабілеті.
Ауысуы – зейіннің бір объектіден келесісіне, іс-әрекеттің бір түрінен
екіншісіне алмасуы.
Бөлінуі – іс-әрекеттің бірнеше түрімен айналыса отырып, зейінді
маңызды кеңістікке шоғырландыру қабілеті.
Көлемі – адамның зейінінің аумағында сақтай алатын ақпараттың көлемі.
Зейінні төменгі және жоғарғы формалары бар. Біріншісі, ырықсыз зейін
мен екіншісі ырықты зейінмен анықталады. Психолог Н.Ф.Добрынин зейіннің
үйреншікті түрін анықтайды.
Зейінді шоғырландырудың негізгі принциптері:
1) зейінді маңыздылығына қарай дамыту. Зейінді зерттелінген затқа
бағыттап, оның жаңа қырларынан, белгілерін, бітістерін, қасиеттерін,
байланыстарын анықтап көру қажет. Зейіннің басқа заттарға ауыспай тек
зерттелінген затқа ғана бағытталғанын қадағалау қажет.
2) маңызы жоқ ақпараттың бекітілуіне, нығаюына жол бермеу керек.
Қабылданған, алайда зерттелінген затты тануда маңызы жоқ ақпаратты бекітуге
болмайды, яғни ол ақпарат есте сақталынбауы тиіс.
3) маңызсыз ақпаратты елемеу керек. Алынған маңызсыз ақпаратты, жаңа
ақпаратты қабылдау арқылы ығыстырып отыру қажет. Бекітілген ақпаратты
ығыстыру үшін жеті немесе одан көп жаңа ақпараттың қабылданғаны жеткілікті.

Зейін қабылдаумен тығыз байланысты. Сондықтан ақпаратты есте сақтаудың
негізгі принциптерін білген жөн:
1) ақпараттың есте сақталынуын мен мұны есімде сақтай аламын деген
көзқарастан бастау қажет.
2) танымдық байланыстарды дұрыс таңдай білген жөн. Танымдық
байланыстардың есте сақталынуы тиіс ақпараттың ерекшелігіне сәйкес келетін
түрін таңдау керек. Ақпараттың мәні мен мағынасы мағыналы байланыстар
арқылы оның ассоциациялары ассоциотивті байланыстары арқылы, құрылымы
құрылымды байланыстар арқылы есте сақталынуы қажет.
3) Ақпараттың ұзақ мерзімде есте сақталынуы үшін әр қилы танымдық
байланыстарды жасау қажет. Ақпараттың қысқа мерзімге және тез есте
сақталынуы үшін құрылымды немесе ассоциотивті байланыстардың негізінде
жүзеге асуы тиіс. Ал ақпараттың ұзақ мерзімде есте сақталуы үшін мағыналы
байланыстарды қолдану қажет.
4) Сәйкес танымдық байланыстарды қолданған жөн, яғни есте сақталынатын
ақпарат пен сол ақпаратпен байланысты білімдердің қатынасын жасау.
Менеджер зейіні тәрбиелік мәні бар зор қуат. Егерде бағынушы басшының
оны зейін аудара бақылағанын байқаса, яғни бастық оның көңіл-күйін,
денсаулығын сезінсе, шаршағанын ескерсе, ол едәуір жақсы қызмет етуге
тырысады.Зейін іс әрекетте анықталады. Кез – келген іс - әрекеттің жүзеге
ауысуы азды – көпті ерік күшін талап ереді. Демек, М.И. Станкин ерікті
тәрбие міндетті түрде зейіннің тәрбиесіне әкеледі. Алайда ерік күшінің
көлемімен ұзақтылығын үнемі ұлғайтып отыруы қажет. Мәселен, қызыметкерге
тапсырманы бермес бұрын жұмыстың жүзеге асыру жоспарын талап ету қажет.
Кейін алынған нәтижелердің дербес түрде тексерілуін, орындалған жұмыстың
егжей-тегжейлі есебін құрастыруды талап еткен орынды.
Кез келген аса ауыр жұмыстың орындалуында зейін бөлінбеу қажет. Қызмет
орнын барлығының ыңғайлы жерде орналастырылуын қадағалап ұйымдастыру қажет.

Осылайша, адамдардың таным процестерінің даралық ерекшеліктері,
олардың кәсіби іс-әрекетінің сәтті орындалуына әр қилы ықпал етеді, алайда
әрбір нақты жағдайдың өзінде заңдылықтардың элементтерін байқап, ақпаратты
қабылдау мен өңдеу процесін басшылыққа алуға болады.

Басқару процесіндегі (менеджменттегі) ерік

Ерік – адамның ішкі және сыртқы кедергілерді жеңумен байланысты мінез-
құлқы мен іс-әрекетін саналы реттеуші.
Ерік адамның іс-әрекетіне және түрлі психикалық процестерде өзін-өзі
реттеу қабілеті. Адам еркінің арқасында өз еркімен әрекеттерді алдын-ала
жоспарланған бағытта және алдын-ала ойластырылған күшпен орындауы, сонымен
бірге ол психикалық іс-әрекетін ұйымдастыруын бағыттай алады. Еріктің
арқасында эмоциялардың сыртқы көрінісін тежеуге болады.
Ерік адамның белсенділігін бағыттайды немесе тежейді, қиын
жағдайлардың талаптары мен міндеттеріне немесе қайсыбір әлеуметтік топтың
арнайы әлеуметік талаптарына сүйене отырып, психикалық іс-әрекетін
ұйымдастырады.
С.Ю.Головин еріктің төмендегідей негізгі қызметтерін көрсетеді:
1) мотивтер мен мақсаттарды іріктеу;
2) әрекеттердің мотивациясы жетіспегенде немесе асып кеткенде сол
әрекеттерге деген ынтаны реттеу. Шешім қабылдауда қиналады.
3) психикалық процестерді адамның теңбе-тең орындайтын іс-әрекеттердің
жүйесіне ұйымдастыру.
4) нұсқалған мақсатқа жетудің кедергілерді жеңуде дене және психикалық
мүмкіншіліктердің ынталандырылуы.
Ерікті реттеудің туындауы үшін нақты жағдайлар – кедергілер қажет.
Ерік мақсатқа жету жолындағы кедергілер пайда болғанда көрініс береді.
Сыртқы кедергілер – уақыт, кеңістік, адамдардың қарама-қарсылықтары т.б.,
ішкі кедергілер – қатынастар мен ұстанымдар, ауыр күйлер, шаршау және т.б.
Осы кедергілердің барлығы санада бейнеленіп, кедергілерді жеңудің қажет
тонусын құрайтын екінші күшті тудырады.
Ерікті күштер.
1) әрекеттердің жеткілікті эмоциясы болмағанда оларға деген жетіспеген
ниеттің орнын толтыруда;
2) мотивтерді, мақсаттарды әрекеттердің түрлерін іріктегенде , олардың
шиеленісіне;
3) ішкі және сыртқы әрекеттер мен психикалық процестерді ырықты
реттеуде қажет;
Ерік танымдық мотивтер мен эмоциялы процестермен тығыз байланысқан.
Осыған байланысты адамның барлық әрекеттерді екі: ырықты және ырықсыз
категорияға бөлінеді.
Еріксіз әрекеттер санасыз немесе жеткілікті түрде айқын сезілмеген
ниеттердің пайда болуынан орындалады. Олардың нақты жоспары болмай,
күтпеген жерден көрініс береді. Адамның аффект (таң қалу, қорқыныш,
ашулану) күйіндегі әрекеттері ырықсыз әрекеттердің мысалы бола алады.
Ырықты әрекеттер саналы мақсат қойылып, оған жетудің операциялары
алдын-ала ойластырылғанда орындалады. Бұл жерде ерік адамның өз күшіне
сенімділігі ретінде көрінеді.
Сыртқы әлемнің қиыншылықтары мен адамның ішкі әлемінің күрделілігіне
байланысты ерік көрінісінің 4 түрі болады.
1) кез келген тілек орындалатын жеңіл әоемде ерік қажет болмайды.
2) әртүрлі кедергілері бар қиын әлемде ерікті қуат, шыдамдылық қажет,
алайда адам тілектері мен мақсаттарының біркелкілігінен өз күшіне,
сенімді болып іштей тыныштықта болады (адамның қарпайым ішкі
әлемі).
3) Жеңіл сыртқы әлем мен адамның күрделі ішкі әлемінде ішкі қайшылық
ерікті қуат қажет. Адам ішкі күрделі мотивтер мен мақсаттардың
күресі туындайды, адам шешім қабылдауда қиналады.

Басқарудағы (менеджменттегі) өзара қарым-қатынас

1. Қарым-қатынас және басқару (менеджмент)
2. Адамдардың бір-бірін қабылдауы
3. Басқарушы қарым-қатынас қатынасу ретінде .

Басқару іс-әрекетін функциялы талдау тұрғысында қарым-қатынас сол іс-
әрекеттің шарты, әрі дербес компоненті. Р.Л.Кричевский басқару іс-әрекетін
талдай отырып қарым-қатынасты оның басқарудың коммуникативті
ұйымдастырушы немес қызметі ретінді ұйымдастырушы анықталуымен
байланыстырады.
Басқарудағы қарым-қатынас басқару әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз
етеді.
Басқарудағы қарым-қатынас арқылы басқару міндеттері шешіледі. Оның үш
қыры бар:
1) коммуникативті (ақпарат алмасу);
2) перцетивті (адамдардың бір-бірін қарым-қатынас процесінде
қабылдауы);
3) интерактивті (қарым-қатынас процесіндегі біріккен іс-әрекет).
Шынайы қарым-қатынаста олар өзара байланысып, бір-бірін өзара
міндеттейді. Басқарушы қарым-қатынастың құрылымы ерекше, әрі ол
менеджменттегі әрекеттің ну келген түріне енеді, мәселен менеджер уақытының
23 ден ¾ бөлігін қарым-қатынасқа арнайды.
2.Адамның дене бітімін қабылдау.
Әлеуметтік перцепция терминінің алғаш рет АҚШ психологы Дж.Брунер
енгізген. Оның ойынша әрқилы даралық ерекшеліктерге қарамастан қабылдаудың
қарым-қатынаста, біріккен өмірде жасалатын ортақ, ерекше әлеуметтік-
психологиялық механизмдері бар. Брунер қабылдауды зерттеуде бірқатар
эксперименттерді жүргізіп, адамның заттарды, әрі басқа адамдарды қабылдауы
тек даралық факторларға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени
факторларға да байланысты. Мәселен, кедей жанұядағы балалар тиындардың
өлшемін шынайы формасынан үлкендетіп қабылдаса, бай жанұядағы балалар
керісінше кішірейтіп қабылайды.
Адамның басқа адамдарды тануда этикалық (жақсы-жаман), эстетикалық
(әдемі - әдемі емес), аксиологиялық (құнды-құнсыз) сипаттамалары
ерекшеленеді. Адаамдар м-қ басқалармен жағымды қабылданатындай құрайды.
Адам басқаларды тануда, мәдениетінде қабылданған нақты нормаларды ұстанады.
Әрбір ересек адам басқа адамдардың сырт келбеті, киімі, сөйлеу мәнері
және м-ң бойынша оның көптеген әлеуметтік психологиялық сипаттамаларын:
темпераментін, жасын, әлеуметтік деңгейін, мамандығын анықтай аламыз.
Алайда мұндай нақтылық тек бейтарап жағдайларда ғана орын алады. Ал басқа
жағдайларда белгілі бір пайыздағы қателер кездесіп отырады. Мәселен, біз
үшін маңызды қайсыбір өлшем бойынша жоғары адаммен кездескенде біз оны
өзімізбен тең болғанынан едәуір жағымды бағаламаймыз. Ал өзіміз басым болар
адамдармен кездескенде керісінше оны жете бағалай қоймаймыз.
Амдарды қабылдаудағы сүйкімділік қателігі адам бізге сыртқы келбеті
бойынша ұнаған жағдайда, біз оны едәуір ақылды, жақсы, қызықты және т.б.
деп есептеуге бейім келеміз.
Қабылдаушыға қатысты қателік.
Бізбен жақсы қарым-қатынастағы адам, нашар қарым-қатынастағыларға
қарағанда жоғары бағаланады.
Басқарушы қарым-қатынас ең алдымен қатынасу ақпарат алмасу. Қарым-
қатынастың мазмұны әр мезгілше әрқилы болуы мүмкін.
Басқарудағы қарым-қатынас түрлері әрқилы топтастырылады.
Біріншісі, басқарудағы қарым-қатынастың ресми және биресми түрлері.
Екінші, үлгіде топтастыру барысындағы қарым-қатынасты даралық және
топтық деп бөледі. Оның даралық түрлеріне жұмысқа қабылданудағы, шығаудағы,
жауапкершілікті бөлудегі әңгімелесу және т.б. жатады. Оның топтың түріне –
мәжілістер, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу және т.б. жатады.
Басқарудағы қарым-қатынастың даралық және топтық түрлері бір-біріне
қатысушыларының, сонымен ұйымдастыру жүргізу формасымен мақсаттарымен
ерекшеленеді.
Үшінші, алғашқы екеуінің қоспасынан тұрады. Оның жақтастары басқарушы
қарым-қатынастың келесі топтарын көрсетеді:
1) даралық ресми;
2) даралық биресми;
3) топтық ресми;
4) топтық биресми.
Басқарудағы қарым-қатынастың ең алдымен қатынасу, әртекті хабарларды
жеткізу және қабылдау. Ақпараттық ағымдардың екі түрі бар:
1. көлденең ағымдар – қызметтегі орындары және қызметкерлердің
дәрежесі бойынша немесе жұмысшылардың топтары бойынша тең адамдардың
арасындағы қарым-қатынас. Олар жиі биресми сипатта жүреді.
2. тік ағымдар – нерархияың әртүрлі деңгелерінде орындалатын
жұмысшылардың немесе жұмысшылар тобының арасындағы қарым-қатынас (мәселен
басшы мен бағынушының арасында).
Тұлғаның органикалық бөлігіне айналған коммуникативті іскерліктердің
жиынтығы коммуниктативті мәдениет деп аталады. Басшының негізгі
коммуникативті іскерліктеріне:
1) Іскер әңгімені жүргізе алу ептілігі (жұмысқа қабылдауда, жұмыстан
шығаруда, кеңес беруде, еңбекті бөлуде, бақылауда және т.б.).
2) Мәжілісті жүргізе алу іскерлігі;
3) Көпшіліктің алдында сөйлей алу іскерлігі;
4) Кездесулерді жүргізе алу іскерлігі жатады.
Басшының коммуникативті іскерліктері бұл оның меңгерген басқарушы
қарым-қатынастың түрлері.
Коммуникативті іскерліктерді дамыту – үлкен күш пен уақыт ететін тым
күрделі міндет. Әрбір коммуникативті іскерлікті сатылап, біртіндеп меңгеру
қажет. Ондай құрамды бөліктер коммуникативті дағдылар немесе басқарушы
қарым-қатынас техникасының тәсілдер деп аталады. Басшы оларды қолдануда кез
келген коммуникативті актіні, өзара әрекеттестікті ұйымдастыра алады. Олар:

1. Қатынасты қалыптастыру тәсілдері: имидж, м-ң мәнері, қол алысу,
көзбен қатынасу, әңгімелесушілердің үстем басындағы орындары, сәлемдесулері
және т.б.
2. Қатынасты сақтап қалу тәсілдері: қызығушылық тудыру, серіктестінің
назарын билеу, өзі жайлы ағымды әсер қалыптастыру (жымию, адамдарды атамен
атау, комплимент айту).
3. Адамдардың серігіне қатысты өзінің агрессиясын төмендетуге
бағытталған коммуникативті кедергілерді жою.
4. Тиімді тыңдау тәсілдері: серігінің сөзіне назар аудара алу
іскерлігі, нақтылаушы және арқау болар сөздерді айтып отыру,
бастамашылдықты өзіне аудара алу іскерліктері.
5. Серігіне арналған мәселелерді (сұрақтарды) құрастыра алу және оған
ұсыну тәсілдері: тұйық, ашық, өкпелі сұрақтарды қол алу.
6. Қарым-қатынасты тұйық монологқа айналдырмай, диалогты қатынастың
орынды жүргізілуін болжайтын кері байланысты қалыптастыру тәсілдері.
7.Серігін белсендіру тәсілдері серігін мәселені белсенді талдауға
тарту қарым-қатынас стилдерін алмастырып отыру.
8. Білімдерді, эмоцияларды, ерікті компонеттерді қажет ететін
жеткілікті түрде ұзақ процесті қамтитын сендіру (үгіттеу).
9. Дәлелдеу және кері дәлелдеу ережелері: түсінікті, қисынды, сенімді,
баяндау, ұстанымдардың нақтылығы.
10. Қатынасты аяқтау тәсілдері: оған соңғы жағымды әсер қалдыру және
болашақтағы біріккен іс-әрекеттің жоспарларын анықтау жатады.
11. Манипуляцияға қарсы тұру тәсілдері.
Осылайша басқарудағы қарым-қатынас кез келген басшы үшін маңызды және
қажет б.т. Ол басқарудағы шешімдерге ғана бағытталып қоймай, адамға, оның
мүмкіндіктерін жүзеге асыруға да бағытталса толыққанды болады.

Басқару психологиясы
Басқару психологиясының пәні және әдістері

1. Басқару ғылым және өнер.
2. Басқару психологиясының пәні
3. Басқару психологиясының негізгі әдістері

Басқару бір уақытта көне өнер және жаңа ғылым болып табылады. Ғылым
ретінде басқару үнемі толықтырылып отыратын білімдер мен оларды алдын алу
әдістерінің жиынтығы болып табылады.
Басқарудың психологиялық тек өзіне тән пәні бар – ол басқару процесін
ұйымдастырудың заңдылықтарын және сол процестің барысында пайда болатын
адамдардың арасындағы қатынастарды зерттейді, зерттеу объектісінің
ерекшеліктеріне сәйкес келетін әдіснамалық негіздерді анықтайды, басқару
объектісіне белсенді ықпал ету жүйесімен әдістерін жасайды және зерттелген
процестерді болжау тәсілдерін анықтайды. Психологиялық құбылыстарды
сипаттау және оларды жүйеге келтіру, тәжірибелі (байланыстар) қорытындылар
мен ұсыныстарды құрастыру үшін олардың арасындағы себепті байланыстарды
анықтау және заңдылықтарды ашу – басқару психологиялық ғылым ретінде
негізгі міндет болып табылады. Сондай-ақ ғылым ретінде басқару жүйесіндегі
жұмыстың тиімділігі мен сапасын іс-әрекетінің ерекшеліктері мен
психологиялық жағдайларын талдайды.
Басқару процесі басшылар іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Оның негізгі
бағыттары: ұйымның басқару жүйесіндегі өзгерістерді және оның жағдайын
айқындау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психология негіздері
Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу
Жасөспірімдердегі өтпелі кезеңдегі психикалық процестердің даму сатылары
Әлеуметтік –психологиялық тренинг (ӘПТ) ұғымы,мақсат,міндеті,түрлері,принциптері
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Ойлау мен сөйлеудің генетикалық түп тамыры
Сөйлеу және оның мектеп жасына дейінгі балаларда дамуы
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Вольф Соломонович Мерлиннің өмірі туралы
Адамға қатысты түсініктер: индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарындағы көлемдік және мазмұндық айырмашылықтар жайлы
Пәндер