Клетка туралы ілімінің тарихы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Клетка туралы ілімінің тарихы.

Клетка-тірі организмнің құрылымдық және функционалдық бірлігі. Барлық тірі организмдер клеткалардан тұрады.

Тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерпттеу жұмыстары микроскоп деп аталатын оптикалық аспаптың жасалуымен байланысып жүргізілді.

XVI ғасырдың аяғымен XVIІ ғасырдың басында табиғат тану ғылымдары саласында оптикалық аспаппен тәжірибе жүргізу қауырт дамыды. Оптикалық аспаптар жасағандардың алғашқылары голландтық шеберлер ағайынды Ганс және 3ахариус Янсендер еді.

Микроскопты алғаш рет ғылыми жұмысқа пайдаланған ағылшын ғалымы Роберт Гук сол кездегі барлық жаратылыс танушылар сияқты физика, химия, ботаниканы жақсы меңгерген білгір маман болатын. Оның 1665 жылы шыққан «Микрография немесе өте майда денелерді үлкейтіп көрсететін шыны арқылы зерттеу» деген еңбегінде микроскоптан көрінген ырғай, аскөк, қамыс өсімдіктері сабақтарының жұқа кесінділерін суреттеп, оған толық сипаттама берген. Ол тығын кесіндісіндегі ара ұясы іспеттес қуыстарға клетка деген ат берді. Уақыт өте келе бұл ғылыми терминге айналды.

Өсімдіктер анатомиясы туралы тұңғьш еңбек жазған ағылшын ғалымы Н. Грю және итальяндық ғалым М. Мальпиги еді. Бұлар бір-біріне қатыссыз өсімдіктер ұлпалары мен клеткаларының құрылымын зерттеп ол жөнінде М. Мальпиги 1671 жылы «өсімдіктер анатомиясы туралы мәлімет», Н. Грю 1682 жьілы «Өсімдіктер анатомиясының бастамасы» деген еңбектерін жазды. Ол кезде өсімдіктер клеткасының негізгі құрамдас бөлігі клетка қабықшасы болып табылады деген ұгам басым болды. Осыған қарамастан 1881 жылы Роберт Браун клетка ядросын ашып, оның клетка тіршілігі үшін аса маңызды рөл атқаратыны туралы келелі пікір айтты.

1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье және оның шәкірттері клетка ішіндегі сұйықтықты зерттеп, оны «протоплазма» деп атаған.

1834 жылы шыққан ботаника оқулығының авторы, орыс ғалымы П. Ф. Горянинов: «Барлық тірі дүние клеткалардан тұрады және клеткадан пайда болады» деп тұжырымдаған.

1838 жылы Матиас Шлейден пияз клеткасы ядросының ядрошығын ашты. Клетка туралы өзіне дейінгі мәліметтерді жинақтап және өз зерттеулерінің нәтижесін пайдалана отырьш ботаник М. Шлейден (1804 - 1881) және зоолог Теодор Шваннмен (1810 - 1882) бірге клетка теориясының негізін қалады. Клетка теориясының қағидалары Шлейденнің 1838 жылғы «Өсімдіктердің дамуы туралы деректер», Шванның 1839 жылғы «Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер» деген еңбектерінде баяндалады. Осы жылдан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.

Клетка теориясын Ф. Энгельс XIX ғасырдағы жаратылыстану ғылымындағы жаңалықтың бірі болды деп жоғары бағалаған.

1840 жылы орыс ғалымы Н. И. Ж е л е з н о в (1816 - 1877) традесканция өсімдігінің түгін зерттеп, ондағы ядроның бөлінуін байқаған.

Біртіндеп микроскоптық техниканың жетілдірілуіне байланысты тірі организмдердің клеткалық құрылымына көптеген жаңалықтар қосылды.

Орыс ғалымдары И. Д. Ч и с т я к о в (1874), Э. С т р а с -б у р г е р (1875) клетканың кариокинез немесе митоз жолымен, 1892 - 1894 жылы В. И. Беляев оңың редукциялық, яғни мейоз жолымен бөлінуін, 1898 жылы С Г. Навашин гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашты.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өсімдіктер клеткасын зерттеу қарқыңды дамыған кезең еді. Клетканың протопласт бөлімі митохондрия, Гольджи аппараты, т. б. клетка органеллаларының құрылысы, химиялық құрамы және қызметі туралы мәліметтер жинақталды. XX ғасырдың 50 жылдарында электрондық микроскоптың кең түрде қолданылуымен байланысты клетканың бұрын белгілі құрамдас бөліктерінің субмикроскоптық құрылымы зерттеліп, жаңа әсіре құрылымдарын ашу жүзеге асырыла бастады.

Клетканы тірі организмдердің негізгі құрылымдық және фукциональдық бірлігі ретінде ұзақ эволюциялық даму барысында қальщтасқан дедік. Олай болса, тірі организмдердің клеткадан төмен бірлігі бар ма?» деген заңды сұрақ туады. Қазіргі кезде денесі клеткаланбаған организмдердің «өкілдеріне» вирустар мен бактериофагтар жатады, Бұл құрылымы өте қарапайым тірі материяның алғашқы формалары ретінде шамамен 3 - 3, 5 млрд. жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі кезде белгілі тірі организмдердің төмендегідей сызбанұсқалық жүйесі келтірілген.

Клеткаланбаған организмдер. Бұларда клеткалық құрылым және жекеленген клетка органеллары болмайды. Олардың өкілдеріне вирустар жатады. Яғни вирустарда ядро, щитоплазма, клетка қабықшасы өзара жекеленбеген. Вирустар денесі белокты қабықшамен жабылған нуклеин қьшқылының бір молекуласынан тұрады. Сонымен қатар, вирустарда тірі организмге тән тіршілік ерекшеліктері тек тірі дене ішіңде ғана байқалады.

«Ядросыз» ордер. «Ядросыз» организмдерге клеткалық құрылыс тән, Алайда олардың клеткасы қоршаған ортадан клетка қабығы арқылы оқшауланып тұрады. Қабық қызметін көбінесе цитогоплазмалық мембрана атқарады. Ал ядросы белгілі бір пішінге ие болмайды. Соңдықтан ядролық заттар (ДНК) молекуласы цитоплазмада шашырап орналасады. «Ядросыз» организмдерге төменгі сатыдағы өсімдіктер - бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. «Ядросыз» организмдерді прокариоттар деп атайды. Бұлар - тіршілік орта жағдайларына бейімделген, кең таралған, сан жағынан көп организмдер. Соңдықтан ядросыз организмдерден жануарлар мен өсімдіктердің әр түрлі топтарының шығу және даму мүмкіндігі бар.

Ядросы бар бір клеткалы эукариотгар. Бұлар клеткалық құрылымы қалыптасқан бір клеткалы, автотрофты өсімдіктер. Өзінен бұрынғы организмдерден негізгі айырмашылықтары: біріншіден, оның ядросы цитоплазмасы және т. б. органеллалары морфологиялық, физиологиялық тұрғыдан анық жіктелген. Екіншіден, жынысты көбеюі арнаулы клеткалар-гаметалар арқылы жүреді (изогамия, гетерогамия, оогамия) .

Ядролық организмдерге көптеген бір клеткалық жасыл балдырлар, диатомды балдырлар, сары жасыл балдырлар жатады. Бір клеткалы эукариоттар әр түрлі тіршілік жағдайларына бейім болумен катар, олардан едәуір күрделі құрылысты колониялды, көп клеткалы организмдер дамиды. Осы тұрғыдан алғанда балдырлар үдемелі топқа жатады.

Кормофиттер (мүшелілер) . Бұларға тән негізгі ерекшеліктер -түрлі тіршілік әрекетін атқаратын 0арнаулы ұлпалардың болуы және өсімдіктер денесінің жеке мүшелерге жіктелуі. Кормофиттерге барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады.

Өсімдік клеткасының құрылысы.

Өсімдік клеткасы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар: клетканы сырт жағынан жауып тұратын біршама қатты және мықты көмірсутекті қабықша: протопласт (грекше протос - алгашқы, пластос - белгілі пішінге ие) - клетканың тірі бөлігі; вакуоль (латынша ваккус - бос деген сөзден алынған), ол әдетте клетка шырыны деп аталатын сұйық қосылыстармен толып тұратын кеңістік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цитология және гистология түсінігі
Балдырлар туралы
Цитология. Жасуша.Зақымдаушы әсерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы мен өлуі
Онкология
Өсімдік морфологиясы
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Генетика негіздері
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Адамның био-әлеуметтік табиғаты
Эволюциялық биология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz