Балқаш қалалық әкімшілік сайтына қоршаған ортаны қорғау туралы дерек


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Балқаш қалалық әкімшілік сайтына
қоршаған ортаны қорғау туралы дерек
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Нұра-Сарысу департаментінің Балқаш қаласындағы инспекторлары 2007ж. 09 қаңтарда жарық көрген ҚР Экологиялық Кодексін, ҚР әкімшілік бұзушылық туралы Кодексін және басқа да заңдар мен актілерді басшылыққа ала жұмыс істейді.
Балқаш қаласында уәкілетті үш мемлекеттік экологиялық инспекторлар бар. Олар қала және солтүстік Балқаш аймағының экологиялық мәселелерін екі тілде жергілікті газет беттерінде көтеріп отырады. Жергілікті радио арқылы экологиялық тақырыптарға арнап хабарлар өткізіледі.
Инспекторлар «Балқаш экоорталығы», «ЭКОШ» қоғамдық ұйымдарының қатысуымен колледж студенттерімен көл жиегін, жағажайды, бақ ішін тазалау жұмыстарын жүргізді және Литвинов терегін отырғызуға ат салысты. Балқаш аймағының экологиялық проблемалары туралы қоғамдық және көпшілік тыңдаулар өткізді. Көктемде өткізілген тыңдауға мәжіліс депутаты Нығматулин Е. З. қатысты. Коммуналды қызмет көрсету органдарымен «Планетамызды қоқыстан тазалайық» атты семинар өткізілді.
Қоршаған ортаға аса ықпал ететін қаламызда үш кәсіпорын жұмыс істейді, олар ЖШС «Қазақмыс Корпорациясына» қарасты «Балқаш түстімет» өндірістік бірлестігі мен Балқаш жылуэлектр орталығы, «Балқашсу» мемлекеттік кәсіпорны.
ЖШС «Қазақмыс Корпорациясының» кәсіпорындарында Менеджменттің интеграциялық жүйемен жүргізілуін сертификациялауға (ИЖС) даярлайтын жұмыстар жүргізілуде. Балқаш мыс қорыту зауыты ИЖС сертификатын алды. Кен байыту фабрикасы мен жылуэлектр орталығы да ISO 9001, 14001 халықаралық стандартқа сәйкес құжат алу процедураларымен айналысуда.
Қала кәсіпорындарының қоршаған ортаны қорғау шаралары Балқаштың солтүстік жағалауында орын алып отырған атмосфералық ауаның ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, мыс кендерін пайдалану және қорыту кездеріндегі пайда болған көптонналық қалдықтар және Балқаш көлін қорғауға бағытталған.
Қалада қалдық су тазалауышы жоқ болғандықтан, әкімшіліктің сұранысы бойынша Республикалық бюджеттен 1 500, 0 млн. теңге бөлінді және құрылыс жобасын жасауға, құрылысты бастауға оның 10% биылғы жылға бөлінді. Жоба жасалып жатыр.
Облыстық бюджеттен Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы су қорғалу аймақтарын және жолағын жобалауға қаржы бөлінді. Жасалынып жатқан жұмыстар туралы қоғамдық тыңдаулар Қарағанды және Балқаш қалаларында өткізілді.
Атмосфералық ауаны қорғау
Кейінгі оншақты жыл ішінде Балқаш маңайын күкірт диоксідінен, шаң-тозаңнан, азот және көміртегі оксид, диоксидтерінен құралған түтін басып тұрды. Ол, бұрындары жұмыс жасаған күкірт қышқыл цехының тозығы жетіп және осы процесс кезінде өндірілетін күкірт қышқылына сұраныс тоқталған соң пайда болған құбылыс. Таза ауаның ластануы қала тұрғындарын, «Қазақмыс корпорациясы» мен «Балқашмыс» өндірістік бірлестігінің басшыларын да алаңдатпай қоймайтын. Қазіргі заң талабына сәйкес кәсіпорын өз еркімен газдан жанып кеткен үй маңындағы көк желекке келтірген зиян үшін төлем төлеу жөнінде жыл сайын қаулы шығарады және қаржы бөлініп, төлем өткеріледі.
Таза ауаны ластауды тоқтату мақсатымен 2005 жылдың қаңтарынан бастап Канада технологиясымен жаңа күкірт қышқыл цехын салу жұмысы басталды. 2008 жылдың бірінші жартысында құрылыс бітіп, 7 маусымнан бастап күкірт диоксиді залалсыздандырылып, одан күкірт қышқылы өндіріле бастады. Цех құрылысына 129 335, 07 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық қаржы жұмсалды. Цех жобалы қарқынмен жұмыс істегенде таза ауаға шығарындылар Қарағанды облысы бойынша 40%, республика бойынша 25% қысқартылады және санитарлық қорғау, селитебтік аудандарда ауа құрамындағы лас заттар мөлшерінің концентрациясы шектеулі рауаға сәйкес болады.
Қоршаған ортаны мониторингілеу зертханасының көрсеткіштері бойынша атмосфералық ауаның біршама тазарғанын көреміз. Өткен жылдың 3-тоқсанына қарағанда биылғы жылдың осы уақытында күкірт диоксидінің рауалы шектен асуы зерттелген сынама ішіндегі 11 оқиғадан 4-ке дейін төмендеген. Шектеудің 5 не 10 еседен артық өсуі тіркелмеген.
Ауаның күкірт диоксидімен ластануы проблемасынан басқа ауа ластанулары ұйымдастырылмаған атмосфералық шығарындылар түрінде болады. Олардың әсерінен «Балқаштүстімет» ӨБ өндіріс алаңында және қала ішінде оқтын-оқтын жоғары газдалғандық байқалады. Ұйымдастырылмаған шығарындылар қорыту агрегаттарынан шығарылады және экологиялық сараптама талаптарын дұрыс орындамау, тазалауыш қондырғыларды қолданбау немесе оның ережелерін бұзу, өндірістік процесс мониторингін жүргізбеу, өндіріс не тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз өртеу кездерінде орын алады.
Су ресурстарын қорғау
Балқаш қаласы ішерлік сапалы сумен Тоқырауын жер-асты су көзінен қамтамасыз етіледі. Төменгі Тоқырауын жер асты су көздері Тоқырауын алқабы сағаларында төрттік аллювиальдық бөлініп шығуларға сабақтасқан. Литологиялық сужинақтау кендері сирек, ұсақ жұмыр тас қоспалары және ірі құмдақтар арасынан, су линзасы бар сазды қабаттардан тұрады, оның сулы қабаты солтүстіктен оңтүстікке қарай 0, 5 метрден 12, 0 м-ге дейін ұлғаяды. Сулы қабаттың аумағы біркелкі емес, батыста-3, 2м; солтүстікте -5, 0 м; оңтүстікте- 52, 5 және ағыс бойымен өсе түседі. Негізгі су жинақтау қабаты құм-сазды және сазды төменгі төрттік шығуларда орналасқан, неоген мен палеоген борпылдақтарында сирегірек және палеозой фундаменттігінде кездеседі. Жер асты су қабатының тереңдігі бүйірлерде 5-6 м және су тартқыштар маңында 17-19 м. дейін. Су ұстағыш горизонттың суға толуы алқаптың солтүстігінен келетін сулардан, Тоқырауын өзенінің тасқын суларынан (10-15 жылда 1 рет), арнаға төмен жатқан горизонттан сүзілу арқылы бөлініп шығулардан тұрады.
Тоқырауын су кені 1967 жылы, өткен ғасырдан бастап игерілген және осы уақыт ішінде бұл стратегиялық әлеуметтік маңызды объекті жаңғыртылмады. Объектінің физикалық тозығы-80% құрайды. Жер астынан су алатын 41 тұтыну төтелі бар. Алынған су негізгі насос станса арқылы диаметрі 1000 мм, ұзындығы 23, 9 км. науамен «425 белгіде» орналасқан резервуарға әкелінеді. Хлорлаудан соң су таратушы 2 науа арқылы қалаға таратылады.
Кейінгі жылдары тереңдік насостардың жетіспеуінен Төменгі-Тоқырауын су алғышы резервсіз жұмыс жасауда, 41 төтелінің тек 24 ғана жұмыс істейді, оның 21- қалаға, 3-і Саяқ кентіне су айдайды.
Резерв болмаған соң ылғи бір төтелдер жұмыс жасайды, ол жер асты суының (Балқаш өңіріндегі жалғыз су көзі) гидрологиялық режімінің бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жұмыс жасау су құрамының минералдық және бактериологиялық қасиеттерінің төмендеуіне әсер етеді. Жұмыс істемеген төтелдер суға толады, су сүзгіш қасиеті төмендейді, мұның бәрін реттеу қосымша көп шығынды қажет етеді.
10 жылдан астам уақытта Тоқырауын су құбырларын автоматтандырылған басқару телемеханикасы жұмыс істемейді, бұл төтелге түсетін ауыртпалық пен гидрологиялық режімді реттеуге қажет.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін «Промводпроект» институты 997 210 мың теңгеге жобалау-сметалау құжатын жасады. Төтелдерді жаңалау жұмысы басталды, 2008 жылға бөлінген қаржы- 48 млн. теңге.
Магистралды науа 37 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. 2006 жылғы 11 маусымнан бастап Тоқырауын-Балқаш «Түтік оқшаулау» Қазақстан зауыты (ТОҚЗ) бұл жұмысты бастады. Ұзындығы 22, 5 км науаны күрделі жөндеуден өткізуге Республика қаражатынан 2006 жылы 350 млн. теңге, 2007 жылы 589 млн. теңге қаржы жұмсалды. Биылғы жылға қалған 389 теңгеге науа салып іске қосу жұмыстары жүргізілді. ТОҚЗ аталмыш жұмысты 14 тамызда аяқтады. Қосымша құбыр стансасы салынды, науа жұмысқа дайын.
Қалада сарқынды суларды тазартқыш жоқ, сулар қала сыртындағы санитарлық қорғау аймағынан 28 км. де орналасқан сайға төгіледі. Республикалық бюджеттен 2008 жылға тұрмыстық сарқынды суын тазалау құрылысының жобасына қаржы бөлінген. Жоба жасалуда.
Облыстық бюджеттен Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы су қорғалу аймақтарын және жолағын жобалауға қаржы бөлінді.
1995 жылдан бері «Балқаштүстімет» ӨБ сумен ағынсыз жабдықтау жүйесіне өткен. Барлық кәсіпорын сулары қалдық қоймасына түседі, арнайы екі тоғанда су тұнып, байыту фабрикасына қайта қолдануға алынады. Бұл шара Балқаш көлін ластамау үшін жасалған. Бірақ, су ластаушы оқшау көздері де кездеседі.
Жаңа күкірт қышқыл цехы іске қосылуымен бағалы металл және электролиз цехтарынан шығатын қышқыл сулар нейтралдау учаскесіне бағытталды, тағы бір қоршаған ортаны ластау көзі жойылды.
«Балқаштүстімет» ӨБ суларының көлге ықпалын анықтау үшін байқағыш төтелдер салынды. Бұл ҚР Экологиялық Кодексінің қоршаған орта мониторингі туралы талапқа сәйкес жасалған шара.
Су ресурстарын қорғау шаралары оларға антропогендік әсерді төмендетуіне бағытталған. Мұны Казгидрометтің Балқаш көлін мониторингілеу стансасының жұмыстарының көрсеткішінен көруге болады.
Біртіс айлағының жағасында «Қазақмыс Корпорациясының» кәсіпорындары, кемежай мекемесі, «Балқашбалық» АҚ және олардың су транспорты, саяжайлар орналасқан. 2007 жылмен салыстырғанда айлақ суының сапасы жақсарды. Су ластану орта көрсеткіші (ИЗВ) Біртіс айлағында 3, 6 -ға тең, бұл сапаның 4-сыныбына сәйкес - «ластанған», өткен жылы бұл көрсеткіш 5-сыныпқа- «лас». сәйкес болған. Су сапасы мыс пен мырыш иондарының азаюына байланысты өзгерді.
Торанғылық шығанағының жағасында, 300м. қашықтықта «Балқаштүстімет» ӨБ -нің қалдық қоймасы орналасқан. Су сапасы 3-сынып, ластану көрсеткіші-2, 6 сай «орташа ластану) .
Су ресурсына кәсіпорынның жер асты арқылы әсерін төтелдер арқылы қадағалап отырады.
Казгидромет көрсеткіштерін «Балық шаруашылығы» ғылыми-өндіріс орталығының Балқаштағы филиалы (БШ ҒӨО БФ) қолдайды, қазіргі жағдайда көлдің гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық ерекшеліктері антропогендік салмақты көтере алады.
«Балық шаруашылығы» ҒӨО ның көрсеткіштері бойынша көлдің биоэкологиялық күй-жағдайы нормаға сәйкес. Бірақ, 2006 жылы басталған көл деңгейінің төмендеуі судың тұздығының және кермектігінің өсуіне, Балқаш-Іле экологиялық жүйесіне зардап әкеледі. Бұл көл биотасының сандық және сапалық көрсеткіштері мен балық өндірісі жағдайының бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Балқаш көлінің гидрохимиялық режім пішімі көптеген антропогендік және табиғи факторлардан әсер алғанмен, негізгі қасиет 82 пайыз көлге су әкелетін Іле өзеніне байланысты. 3 жылда көл деңгейі 28 см. төмендеді, бұл көлдің морфометриялық қасиеттеріне өзгеріс енгізді. Осы уақытта судың аумағы 580 км 2 -қа азайды. Көл деңгейінің төмендеуі Қытай халық республикасының территориясында су қолданудың 4, 5 км 3 -ке көбеюіне байланысты болуы мүмкін, мұндай жағдай 80-жылдары көл деңгейінің белгілік мөлшерден күрт төмендеп кетуіне әкеліп соққан.
Көлге антропогендік салмақ жағада орналасқан өнеркәсіп комплекстерінің су мен биоценозды ластауы әсерінен ғана емес, Іле мен Қаратал өзендері арқылы көлге түсетін лас заттардың, әсіресе олардың құрамындағы микроэлементтердің шектеуден асап кеткен кең спектрі әсерінен болады.
«Балқаштүстімет» ӨБ көлге ықпал аймағы ластау көзінен 73 км-ге дейін оңтүстіктен батысқа дейін созылып жатыр. Ықпал аймағына Біртіс айлағы, Тораңғылық, Шұбар-түбек, кіші Сары-Шыған шығанақтары, жартылай Томар мен Қорыс мүйістері кіреді.
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің ауаны қорғау туралы жасаған шаралары солтүстік Балқаш аймағына антропогендік салмақты азайтуға зор әсер етеді.
Жер ресурстарын қорғау және қалдықтармен жұмыс істеу
«Балқаштүстімет» ӨБ-нің көптонналық қалдықтары, иесіз құрылыс қалдықтары және тұрпатсыз тұрмыс қалдықтары қаланың, әсіресе қалаға кірер жерлердің шырқын бұзады.
Әкімнің аппараттық жиындағы тапсырысы бойынша Қоңырат кеншінде кезінде бұзып, материалдарын алуға рұқсат етілген үйлердің орнын жинамай кеткен жеке тұлғалармен жұмыс жүргізілді.
Тексеру барысында 4 жеке тұлғаға айып салынды, бір кәсіпорын келтірген залалды төледі.
Кәсіпорындарды тексеру барысында территорияларда тұрмыс қатты қалдықтарын, құрылыс қалдықтарын орналастыру, жерге жанар-жағар майлар төгу сияқты келеңсіздіктер кездеседі. Мұндай кемшіліктер үшін 22 субъектіге 153 966 теңгеге айып салынды.
Ұйымдастырылмаған қалдықтар арнайы полигондардың жоқтығына байланысты жердің әр жерінен орын алады.
Күшті жел соққанда (6-7 бал) қаланы шаңды боран басып кетеді. Шаң шығатын көздің бірі «Балқаштүстімет» ӨБ-нің мыс байыту процессінде пайда болатын қалдығын жинаушы қойма. Қалдық жұмыс жобасына сәйкес су астына орналастырылуы керек, бірақ қойма қорғанының жобалы талапқа сәйкес емес екендігінен мұндай мүмкіндік жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz