Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1 АҚША ЖҮЙЕСІ ҰЛТТЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ АҚША АЙНАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ

  1. Ақша жүйесі ақша айналысын заңдық негізде ұйымдастыру формасы ретінде экономикадағы маңызы мен мәні
  2. Ақша жүйесінің типтері мен олардың даму тарихы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ

2. 1 Ақша жүйесінің негізгі элементтері және оның Қазақстандағы ерекшеліктері мен жүргізілу тәртібі

2. 2 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қалыптасуы мен даму мәселелері, жетілдіру шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Ақша жалпыға бірдей эквивалент болып табылатындықтан оның айналыс заңдылықтарын арнайы тәртәптеме негізінде ұйымдастыру және қадағалап отыру экономикалық қызметтердің жүргізілуі үшін ең маңызды функциялардың бірі болып табылады. Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.

Реттеуге алынатын ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Осы ақша қозғалыстарының түрлерін, олардың көлемін мемлекет белгілі бір заңдылықтармен белгілеп отырады. Себебі, ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты басқа бір елдің ақша айналысындағы ақша түрлерін әкеліп енгізе салуға болмайды және ұлттық экономиканың қауіпсіздігін сақтау үшін елден артық мөлшерде ақша түрлерін немесе бағалы металдарды алып кетуге тыйым салынады.

Сонымен ақша жүйесi - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі 1995 жылы 30 наурыздан бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң қабылданған күннен бастап осы уақытқа дейін қызмет етіп келеді. Осыған орай Ұлттық банк елдегі ақша жүйесін қалыптастырып, ақша бірлігін 1993 жылы 15 қарашада айналысқа шыққан ұлттық валютамыз теңге деп белгілеп, оның құрамын анықтады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ақша жүйесі: олардың түрлері мен элементтері » деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі ұлттық экономикада ақша жүйесінің тиімді ұйымдастыру жалпы шаруашылықтың дамуына, елдің сыртқы экономикалық қатынастарда беделінің сақталуын және ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді

Осы курстық жұмыстың мақсаты:

  • Ақша жүйесінің мәнін ашу және зерттеу;
  • Ақша жүйесінің негізгі элементтерін талдау
  • Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қалыптасуын, соңғы жылдарға анализ жасау
  • Ақша жуйесінің типтерін талдау және оларға сипаттама беру

Мен осы жұмысты орындау барысында келесідей мәселелерді және

міндетттерді қарастырмақшымын:

  • Ақша жүйесінің ақша айналысын ұйымдастырудың заңдық негізі ретінде ақша айналысының құрамы мен жүргізілуін қарастыру;
  • Ақша жүйесінің тарихи қалыптасқан типтерін, олардың өзгеру сипаттарын талдау;
  • Еліміздегі ақша жүйесінің негізгі элементтерін талдау және оларды бүгінгі таңдағы нақты өмірмен салыстыру;
  • Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қалыптасуын, оның заңдылықтарын және даму мәселелелерін талдау және соңғы жылдарға анализдер жасау болып табылады.

1 АҚША ЖҮЙЕСІ ҰЛТТЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ АҚША

АЙНАЛЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Ақша жүйесі ақша айналысын заңдық негізде ұйымдастыру формасы ретінде экономикадағы маңызы мен мәні

Ақша жүйесi - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.

Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ал осы ақша қозғалысын заңдылықтармен реттеу шаралары ақша жүйесін қалыптастырады.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.

Ақша айналысының объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшамен есеп айырысуын шектеу, есеп айырысуда қолма-қолсыз түрлерін чектердi, вексельдерді және төлем тапсырмаларын ендiру және дамыту болып табылады.

Сөйтiп айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң даму жағдайларына әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшерiне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейiне және т. б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:

  1. Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
  2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
  3. Ақша айналысы санының өсуi.

Ақша жүйесінде айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол ақша және банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.

Ақша жүйесін реттеудегі ақша айналысының негiзгi сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсiпорындар мен мемлекетке тиiстi және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының сандық өзгерiсiн талдау үшiн, сондай-ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн реттеуге байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi көрсеткiштер пайдалынады. [1, 64 б]

Ақша айналымының екi жағының бiрлiгi, олардың бiр түрiнiң екiншiсiне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етедi. Себебi ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткiшi. Белгiлi бiр мерзiм аралығында сандық өзгерiстердi талдау үшiн, сол сияқты ақша жиынының көлемiн және оның өсу қарқынын реттейтiн iс-шаралар жүргiзу үшiн әр түрлi көрсеткiштер (ақша агрегаттары) қолданылады.

Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:

М 1 - айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;

М 2 - оған М 1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;

М 3 - бұған М 2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;

L - оған М 3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады.

Қорыта айтқанда, әрбiр келесi ақша атрегаты өзiнен алдынғылардың барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды. Бiрақ оның алдынғыға қарағанда өтiмдiлiгi төмен.

Ақша жиыны нақты әр мемлекеттiң өзiне тән ақша-несие жүйесiмен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшiн - төрт, Швейцария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда - бес, Францияда - екi ақша агрегаты қолданылады.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгередi.

Ақша жиыны ақша жүйесінде бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:

  1. Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
  2. Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;
  3. Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке несие беруiмен;
  4. Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алуымен;

Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.

Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:

  • Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
  • Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
  • Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн несие беру арқылы;
  • Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
  • Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.

Осыдан барып ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша - несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:

  • Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
  • Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
  • Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;

Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.

Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.

Ақша жүйесi - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенің қолданысқа енуімен басталады. [2, 179б]

1. 2 Ақша жүй есінің типтері мен олардың даму тарихы

Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:

  • Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • Несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.

Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi -

биметаллизм және монометализмге тән.

Биметаллизм - бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:

Паралелдi валюта жүйесi, алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;

Қосарлы валюта жүйесi, бұл қатынасты мемлекет анықтады;

“Ақсақ” валюта жүйесi, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.

Биметализм XVI-XVII ғғ. Кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметіне қарама-қайшылық тудырады. Нәтижесінде жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм жүйесі келді.

Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын (алтын немесе күміс) ақша жүйесi.

Күміс монометализмі Ресейде 1843-1852 жж. Индияда 1852-1893 жж. қызмет етті.

Алтын монометализмі алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді.

Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:

Алтын монета стандарты , оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады. Бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталдың сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • Алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарады;
  • Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді, яғни елдің монета сарайында;
  • Толық ұнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз алтын монетаға ауыстырылды;
  • Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруғаболатын болатын.

Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық банктерде, олардың айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының болуын және оның монета айналысының резерві ретінде қызмет етуін талап етеді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшалардың алтын монеталарға еркін ауыстырылу қауіпін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатты, кейіннен көптеген елдерде (АҚШ-тан басқасы) осы себептерге байланысты тоқтатылды. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылды және оны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Алтын монеталар қазынаға сақтауға жіберілді.

1924-29 жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның келесідей екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.

Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды. Оның алтын монетадан айырмашылығы мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тиым салынады. Ұлыбританияда 12, 4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стирлинг, Францияда 12, 7 кг алтын құймасының бағасы 215 франтке тең болды.

Алтын девиз стандарты - Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi. [4, 57-61 б]

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ

2. 1 Ақша жүйесінің негізгі элементтері және оның Қазақстандағы ерекшеліктері мен жүргізілу тәртібі

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар.

Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

Ақша жүйесi келесi элементтерден тұрады:

1) Ақша бiрлiгiнiң атауы . ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.

Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

2) Ақша белгiлерiнiң түрлерi. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады[11] .

Төлем құралы Қазақстан Ұлттық банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады. [9]

3) Эмиссия тәртiбi. Қолма - қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктiң қолма - қолсыз ақша эквивалентiн алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырылады.

Банкноттар мен монеталарды шығару олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiн анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.

Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:

  • инвестициялық монеталар- инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар;
  • коллекциялық монеталар- коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
  • айналыстағы монеталар- қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.
  • Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.

Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. [8]

4) Ақша түрлерi. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номинал құны бар құнның белгiлерi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
ҚР ақша жүйесі жайлы
Төлем жүйесінің мәні, ақша аудару мен төлемдерді жүзеге асыру механизмдері
Төлем жіберуші банк
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Қазақстан Республикасының Президенті валютаны өзгертуге құқылы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ
Ақша жүйесі жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz