Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды.
Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес.

Абылай хан
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары
Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім
хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп,
Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының
баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер
Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр
(кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан шұбырынды жылдарында
жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген
өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған Сабалақ деп ат қойып,
түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан
Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда
Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ
даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу
қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс
бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен
көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте
араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майданда
ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын
тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің деуі осының дәлелі. Қай жылы туса
да, 1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің
жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр
жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең
беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі
ұмытылып, Абылай атанды.
Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа
қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине Абылай қатысқан алғашқы
соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай
жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай
шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-1733 жылдары болған
бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз
жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930-1931 жылдары бірнеше үлкен ұрыс
болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің
шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады.
Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ
арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген.
Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы
шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың
бірін Бұқар жырау Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп... деп
суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек,
Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады.
Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің
дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның
немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі
мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан
дәрежесімен шектеледі.
18 ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда
Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.Левшин: 1739 жылы Орта
жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларды биледі) ханның
орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік
жүргізген - деп жазды. Шоқан Уалиханов та осы пікірді қолдайды.
1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына
бірнеше мәрте соққы берді. 1742 жылы Абылай хан тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түсті. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы
күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау
қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, оны босатып алу үлкен
саяси мәселеге айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би
мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда
ара түсуге өтініш жасады. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
генерал-губернаторы И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да
дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші барып,
келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып
алды. Бұл жөнінде И.Неплюевтің Сыртқы істер алқасына жазған хатында
қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те
білдірді.
Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің
Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр
соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да
тиімді пайдаланды. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да
басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің қамқорына кіруге
келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау
мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербор мен
Бейжіңге елшіліктер аттандырды (1757-1777 жылдары Бейжіңге 10 елшілік
жіберген). Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ
хандығы мүддесін пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние
салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп,
бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс
Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ
жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану
үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан
келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтандар қатар аталса
3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз айында
Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан
болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған.
Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана
билік жүргізіп отыр, - деп көрсетті.
Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс
жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы
15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы
желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып,
бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700
қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде -
тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға
түсірді. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың
біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде
жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен
шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.
1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей Жәнібек,
Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен қатысты. Абылай бірде Қалдан Серенмен
бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы
өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді.
Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық
әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді.
Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында болған
қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан
басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-1755 және 1764 жылдары
қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа
батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы
себепті Абылай 1755-1765 жылдары Қырғыз ұлысына жорық жасап, Іленің сол
жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздардың Нарынқолдан Қордайға
тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес
жүргізді. 1765-1767 жылдары Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен
соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар
иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.
Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық
күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында Шаңды жорық деген атпен
белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере
көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында
қалмақтарға алғашқы соққы берді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған
қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары
Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел-жұртымен бодандыққа қабылдауды
сұрап, елші жіберді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери
кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың
қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысты. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге
келіп, тым құрыса олардың жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру
жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы
қарым-қатынасты ойлау жатты. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге
қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының
тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ
халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды.
Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел
бірлігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды
жазаға тарту жағында болды.
Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң
тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата
мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында
тегеуріні қатты болды. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан
еш тайынбады және көбіне үстем шығып отырды. Ол қазақ хандығының күшін
біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр
бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен
ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың,
Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан
көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақ
ордасының ұлы ханы болды. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың үш
жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жоңғария
хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде
танығанымен оның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы
Екатерина ΙΙ Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл
бір жағынан бөліп алда, билей бер саясатының көрінісі еді. И.Неплюевтің:
Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды
да болу мүмкін деген пікірі мұны аяғақтай түседі.
Ш.Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының
болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы
әрекеттерін, ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар
мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін тыйғандығын жазды. Шоқан:
Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет
құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен
серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігі мен
қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналған, - деп атап көрсетті.
Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін баса отырып, оған ақыл-кеңес айтумен
өткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының ханға Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің
басын құрадың деуінің негізінде тарихи шындық жатыр.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің
геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды
жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің
басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді.
Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған
кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық
белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне
барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен Қасірет
белдеуі (Горькая линия) бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш.Уәлиханов:
1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі
келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты
қойғанын, Көктің ұлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті, - деп
жазды. 1779 жылы қазанның 4-інде Орынбор әкімшілігіне жолданған патша
жарлығында: Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа
түсе алатын адам табу шаралары да қарастырылды.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін
сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол - Ақ толқын, Алабайрақ,
Бұлан жігіт, Дүние қалды, Жетім торы, Қайран елім, Қара жорға,
Қоржыңқақпай, Майда жел, Садаққаққан, Сары бура, Шаңды жарық,
т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарды өткізіп, Арыс өзені жағасында
қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің
ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың
артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай
қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде
сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға
айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты
Бұқар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар К.Жамантайұлы,
М.Айтбаевтың дастандарында, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың Қ.Жұмаділовтың,
т.б. ақын-жазушылардың туындыларында сомдалды. Оның ұлағаты өмірі мен ішкі,
сыртқы саясаты отандық және шет ел ғалымдарының назарын аударып келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты
даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вокзалының алдына ат
үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар
қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде
бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған Көшенділер
фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда
Абылай хан ордасы кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі
Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне
берілген.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыс
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері
және барысы
Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер;
ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын
онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға
бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай
хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек
салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери
шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары
болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің
қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді,
орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық
салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ
жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор
генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей
бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін
сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала
қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін
Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп,
Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой
көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық
саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша
әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды.
Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне
казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын
талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары
қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды
ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі
тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына
көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті
ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін
өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент
түрменсіне қаматты.
Қайырымды адамдардың көмегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата
мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол өз өмірін
қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы, күреске арнады. Ол
Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу- қазақтың үш жүзінің
күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес,
сонымен бірге дипломатиялық күш жігерді де талап ететін ой таразысынан
өткерді.
Кенесары Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да
тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп есептеді. Ол
патша әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы,
Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұры, Ақият, Тоқзақ сияқты
ата-бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып
алынып, бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерлерімізді басып алып,
әскери қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі
біздің келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті
болып отыр деп көрсетті.
Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сұлтандардың озбырлығы
туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: "1825-1840 жылдар
аралығында олар біздің ауылымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай
қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз
бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр болдық. Бірақ, олар бізге мұнда да
тыныштық бермеді. Сондықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы
күресін басқаруға шықтым”. Бұл хаттан Кенесарының патша үкіметіне ашық
қарсы шыққанын көреміз.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты- патшалық Ресейдің құрамына
қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін
бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату
еді. Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты- қоқандықтардың
тепкісіндегңі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ
хандығына қосу еді.
Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға
созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- бұқара халық болды. Олар
күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға
тырысты. Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар
көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы
артықшылықтарын қайта алу, екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық
мемлекет құруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың
арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың
арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары- Қыпшақ, Төртқара,
Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын
т.б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген,
егін еккен. Осыған орай жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және
орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде
аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай,
Қыпшақтың батыры- Иман, Табынның батыры- Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан,
Дулаттың батыры- Бұғыбай, Шапырашты руының батыры- Сұраншы т.б.,
Кенесарының інілері- Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі- Бопай көтеріліске
белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен,
қарғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық
әдіс-амалдарын қолданып тырысып басқа да, кейбір феодалдық топтарды, үш
жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің бастапқы
кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді:
патша өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп,
өздерінің саяси қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға
келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа
Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед
Жаңтөриндер, сұлтан Баймағамбет Айшуақов т.б. болды. Кенесары Жетісуға
өткеннен кейін көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абылай ханның
тұқымдары, яғни өзінің туысқандары- Әли мен Сыйықта ұстанды. Бірақ осыған
қарамастан, Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ
руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқармасына
қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек
Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана
көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
1838 жылы көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы
алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен
шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен
ауыз жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде
көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін
қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл тұста
Кенесарының аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ
даласында дүрілдеп тұрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам
жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді.
Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып,
бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп,
алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен
сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып,
олардан салық алынатын болды.
Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп
шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар,
ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарыны өз
қолында қалды. Хандық кеңеске негізінен азаттық қозғалысының мүдделеріне
адал, жеке басының батылдығымен, дипломатиялық қабілетімен көрінген
адамдар енді. Басқарудың арнайы қызметі хандық кеңес шешімдерінің,
үндеулерінің ауылдарда таратылуын, түсіндіруін және орындалуын қадағалап
отырды.
Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді
іске асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің
әскери күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар
жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатылды.
Опасыздық жасағандар тек өлім жазасына кесілді.
Кенесары Ресеймен тату көршілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бірақ Орта
жүзге билігін жүргізіп отырған Батыс Сібір губернаторы Горчаков, Орынбор
губернаторы Перовский Кенесарымен қарым-қатынаста екеуі екі түрлі
көзқараста болып, оның Ресей өкіметімен мәмлеге келуіне кедергі жасады.
Әсіресе, өркөкірек Горчаков Кенесарыны менсінбей, оның орыс әкімшілігіне
деген өшпенділігін қоздырды.
1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс
жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін
басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып
соғысты тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір
айтып кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен
қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен
өзара толық сеніділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ
жасақтарын зеңбіректерімен, оқ- дәрімен жабдықтап отырды.
1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына
Обручев келді. Кенесары мен Персовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын.
Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне
орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны
Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны құғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп,
Горчаковпен бірігіп, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін
тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша
Николай Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом,
Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы
есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайына
келтірілді.
Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 жылы 27 маусымда
басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен
Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып
шайқасты болдырмады. Бұл тұста екі жақта әскери дайындығын мұқияттап
жатты. Тамыз айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов,
полковник Гекке және Бизянков бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы,
Петропавл, Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа
аттанды. 1 және 7 қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің
арасында күшті шайқастар жүрді. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақта
жеңіске жете алмай, майдан шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді
ашық соғысқа бармай, байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан
тиісіп, жау әскерін мазалап берекесін кетірді. Тынымсыз жорықтан
шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні салқын,
жауын-шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары
Ор бекінісіне қайта оралды.
1844-1845 жылы жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған
ұлт-азаттық қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оғап
Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын
20 мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге,
оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі
жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша
әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберуі, барлау жұмысы ұйымдастырылды.
1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу
үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш
үлкен тобы шықты. Олардың алдына Кенесары жасақтарын қоршап, шешуші соққы
беру міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар
Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал
Жемчужниковтың әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын
біріктірмеуге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей,
оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің
алдынан шыққан оның шағын тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары
күші Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты.
Негізгі күшпен Ақмола бекінісіне шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы
44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844жылы 14 тамызда
Атбасар бекінісін тікелей шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша
әкімшілігін қатты састырды. Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников
әскерлеріне көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы
айтылған шайқастардан кейін Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып
бекінген еді.
Кенесарының 1844 жылғы шайқастарындағы табысы оның даңқын барлық
жерлерге жайды. Бұхара әмірі мен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс
жасауға ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім
сұрап, даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деді. Патша
әкімдері оған онша көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі
ұсынысты қабыл алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін
тұтқыннан босатты.
Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша өкіметі Долгов бастаған бір
топ адам жіберді. Олар Кенесары патша әкімшілігіне сөзсіз, ешбір шарт
қоймай бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. Кенесары бұл
мәселені ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстады. Елшілер бітім
болмайтынына көз жеткізіп, "кетеміз” дегеннен кейін Кенесары Орынбор
генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып, жіберді. Ол хатында
патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс-қамалдарын бұзып, қазақ
халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда, ғана Ресей бодан
болуға дайын екенін мәлімдеді.
1845 жылы Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады.
Ақши, Күрті, Жиренайғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада ол
Ұлы жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып, Қоқан хандығына
шабуыл жасауды, сөйтіп оның қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.
Кенесары Қытаймен мәмлеге келіп, онымен келіссөз жүргізу үшін Құлжаға
елші жібереді.
1845 жылы қазан-қараша айларында Кенесары жасақтары қоқан хандығына
жорыққа аттанады. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алып, Ақмешітті
қазіргі Қызылорда қоршауға алды. Бірақ жорықты жалғастыруға осы жақта
жұқпалы індеттің күшеюі бөгет жасады. Ол кері оралып, Жетісу жерінде
өзінің келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды.
Бұл тұста патша әкімшілігі Кенесарының төңірегіне тор құрып үлгерген
еді. Ол қырғыз манаптарының және патшаға адал болып жүрген қазақтың бай
шонжарларының басын қосып, Кенесарыға еңсесін көтертпейтін ең соңғы соққы
беруге әзірленді. 1846 жылғы жазғы айлардың бірінде мың қаралы жасағымен
Кенесары қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне
бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және Жанғараш
тайпалар өкілдерінің құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы, Саяқ, Солто,
Шерік және басқа тайпалардың өкілдері қазақ ханының талаптарын орындаудан
бас тартты. 1847 жылы сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып
кірді. Қырғыздармен қақтығысу Ыстық көлінің тау шатқалы қойнауында және
Шу өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі
деген жерінде үш жақтан қоршалған қайырымсыз қатал қамауға түсті. Оны
қамаған қырғыз манаптарының жасағы, генерал Вишневскийдің ақ қалпақ киіп,
пулеметтен оқ жаудырып, зеңбірегінен от шашып келе жатқан офицерлері мен
солдаттары, Қоқан хандығының мыңнан астам сарбаздары еді. Кенесары қолы
өзінен күші он есе басым жаумен үш күн бойы соғысты. Жасақтағы жігіттер
арыстанша алысып, соңғы демі біткенше қарсыласты. Талай боздақтар осы
шайқаста жан тәсілім қылды. Үлкен ерлікпен жау тобын бұзып шыққан
Наурызбай тобы болды. Бірақ аз ғана адамымен Кенесарының жау қолына
түскенін естіген ол ағасын қимай, жау әскеріне өз еркімен келіп берілді.
Патша әкімдерінің кеңесі мен қырғыз манаптары екі батырдың да басын
шапты. Сөйтіп бәрі бітті.
Кенесары Қасымұлының көтерілісінде бірсыпыра қайшылықтар орын алды.
Олар: бір жағынан қазақтарды Қоқан хандығынан азат ету мақсатымен соғыс,
екінші жағынан, туыстас, қандас қырғыздармен ескі кек алу соғысы,
үшіншіден, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларынан қарсы
басып-шаншу саясаты. Кенесары тұсында қарт бурадай жарадық, жауды жасқап
жапырып, жауған қардай боладық, дұшпанның алдын орадық, Кене ханнан
айырылып, шіл боғындай тарадық, көрінгеннен қорғалап, кісі аузына қарадық
– деп Нысанбай жырау айтқандай, Кенесары мен Наурызбай өлгеннен кейін
ұлт-азаттық қозғылысы басылып, бостандыққа деген үміт үзіліп, қазақ жерін
қайтадан қара түнек қаптады.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау
саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Қазақ халқының феодалдық
хан мемлекеттігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Оның
жеңілу себебі, дамудың феодалдық саясатында тұрған қазақ халқының
бытыраңқылығы. Байтақ даланы жайлаған қазақ халқы үш жүзге және Бөкей
ордасына бөлінді. Осы елдің басын қосу оңай болмады. Жүздерге жіктенген
қазақ рулары көтерілісті негізінен өз жерлерінде қолдап, Қоқан және
Қырғыз жерлеріне басып кіруден өздерін алшақ ұстады. Кенесарының өзін
қолдамаған ауылдарға озбырлығы, ауыр жазаға тартуы да көтеріліс қатарын
әлсіретті. Екіншіден, ұлт-азаттық қозғалысын қазақтың бай-шонжарлары,
ауқаттылары қолдаған жоқ, қайта оны басуға патша әскерлеріне көмек
көрсетті. Үшіншіден, көтерілісшілердің жетілдірілген қару-жарағы болмады.
Төртіншіден, ұлт-азаттық қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел болып
қала беруіне көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары да, қырғыз манаптары
да мүдделі болды.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде үш
жүздің халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген
көтеріліс еді. Оның патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бұқаралық
сипатымен және қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл бағытымен
айқындалды. Біріншіден, бұл қозғалыс бұқараның азаттық үшін белгілі саяси
мектебі ретінде көзге түсті. Патшаның отарлау саясатына қазақ халқының
кейінгі жылдардағы қарсылығы осы көтерілістің негізінде өсіп дамыды.
Оның сабақтары отарлау саясатының қаншалықты озбыр, қанішерлік, халықтың
тәуелсіздігін аяқ асты етіп отырған саясат екенін түсінуге, оған қарсы
күресте өзінің еркі мен жігерін ұштауға көмектесті. Екіншіден, патша
өкіметіне тегеурінді қарсылық көрсетіп, оның отаршыл аппаратына ірі-ірі
соққы берген бұл көтеріліс халықтың күш-жігерін дұрыс ұйымдастыра
білгенде жеңіске жетуге болатынын көрсетіп берді. Сонымен бірге ол қазақ
халқының өсіп-өркендеуіне, ұйымдасып дамудың даңғыл жолына шығуына
феодалдық бытыраңқылықтың тұсау болып отырғанын да көрсетті. Үшіншіден,
Кенесары көтерілісі патша өкіметінің қазақ халқына құлдық қамытын
кигізіп, біржола езгіге салатын, отарлау саясатын ширықтыра жүргізетін
сәтін біраз кешеуілдетті. Көтеріліс отаршылдық саясатты қазақ даласына
енгізудегі соңғы тосқауыл, ақырғы қамал іспетті.
Одан кейінгі он жылдық ішінде болған 1853-1858 жылдардағы Есет
Көтібарұлының да, 1856-1857 жылдардағы Жанқожа батырдың да патша
өкіметіне, қоқандықтарға қарсы азаттық күресі Кенесары бастаған
қозғалыстай ауқымды бола алған жоқ.
Пайдаланылған әдебиет: Қазақстан тарихы. Мусин Чапай. Алматы, 2008
Көне ғасырдың халық ауыз әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан
ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл
қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз
алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры
мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз,
мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының
азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар (“Қобыланды
батыр”, “Алпамыс”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең
тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып
тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар (“Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз
Жiбек”, т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ.
Ауыз әдебиетi.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары
арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы
тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде
шығарылған “Алып Ер Тоңға”, “Шу” батыр, “Атилла”, “Көк бөрi” және
“Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады.
Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи
кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң
(“Күлтегiн”, “Тоныкөк”, “Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге,
негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы
сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол.,
дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — “Қорқыт
ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам
дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының
қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге
болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли
ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед
Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу
дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем
туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б.
iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң “Риторика”, “Поэзия өнерi
туралы”, ибн-Синаның “Даныш-намесi” (“Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң
“Хикметтерi” (“Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң “Диуани лұғат
ат-түрiк” (“Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң “Құтты бiлiгi”,
Иасауидiң “Диуани хикметi” (“Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың “Бақырғани
кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.
Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi
халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге
көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қ-на Батыс пен
Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер
қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.
Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң “Мұхаббат-наме”, Сайф
Сараидiң “Гулистан бит-турки”, (“Түркi тiлiндегi Гүлiстан”, Құтбтың
“Хосрау — Шырын”, Дүрбектiң “Жүсiп — Зылиха” дастандары ерекше мәшһүр
болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң “Қисса-сул әнбия” деп аталатын
прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi —
“Кодекс куманикус” атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген
туынды едi.
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа
жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар
бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан
мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы
бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi
тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның “Шежiре-и
Түрк” (“Түрiк шежiресi”), Қыдырғали Жалайыридiң “Жамиғ-ат тауарих”
(“Шежiрелер жинағы”), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың “Бабыр-наме”,
Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и Рашидиi” ерекше орын алады. Бұлар
ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем
туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың
аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi
қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың
батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей
ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этик.-дидактик.
мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-филос.
трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан
өзiнiң логик., тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.
Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы
мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары
ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк
жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, филос. ой-пiкiрлердi қоғамдық
дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қ. Жыраулық поэзия.
18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп
ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның
қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған
биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң
сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны
мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы
едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты
тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық
өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз
әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi.
Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын
(Тiлеуке Құлекеұлы) өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам
өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда
тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирик. “мен” көрiнiс тапты.
19 ғ-дан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын
жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым
қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар
сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға
кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық
нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи
оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей
империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер,
қанаудың күшеюi, халық тың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz